
- •1. Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны. Аудиттің мақсаты, міндеттері және функциялары мен обьектілері.
- •2.Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.
- •4. Аудит жүргізудің циклдік және объектілік тәсілдері
- •5. Қр аудитордың қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер.
- •6.Аудиторлардың жауапкершілігі, міндеттері және құқықтары. Кәсіби этикалық кодексі.
- •7.Аудиттің стандарттары.
- •8.Аудит сапасын бақылау. Ішкі бақылау мен оның қызметтері. Ішкі бақылаудың элементтерінің құрылымы.
- •9.Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті.
- •10.Маңыздылықтың деңгейі мен ұғымының анықтамасы. Маңыздылықтың деңгейін анықтау талаптары.
- •12. Аудиторлық тәукелділік және оны бағалау. Аудиторлық тәуекелділіктің негізгі компоненттері және олардың байланысы: ажырамайтын тәуекелділік, бақылау тәуекелділігі, анықталмаған тәуекелділік.
- •13. Аудиторлық дәлелдеумен оның аудиттегі рөлі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар.
- •14.Аудиторлық дәлелдемелерді алу процесі. Аудиторлық дәлелдемелер жіктемесі.
- •15. Аудиторлық тексеру процедуралары. Аналитикалық(талдамалық) процедуралар.
- •16. Аудиторлық таңдау (іріктеу). Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі. Аудиторлық тексерістің таңдаулы негізгі қағидалары. Таңдап алуға статистикалық және статистикалық емес қарастырулар
- •17. Аудитті жүргізудің этаптары. Аудитті жоспарлау процесі. Клиентпен алдын ала танысу. Аудит жүргізу тәртібі.
- •19. Аудитті құжаттау. Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмыс құжаттары. Соңғы аудиторлық файлды қалыптастыру.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
Өндіріс процесі – к/о-ның шаруашылық қызметінің негізгісі, яғни өндіріске кеткен шығындардың есебі мен аудиті – бухгалтерлік ж/е аудиторлық тексерудің жауапты бөлігі. Шығындарды калькуляциялау жүйесін аудиторлық тексеру кезінде аудитор келесі 4 аспектіге көңіл бөлуі тиіс: - тыйым салынған қойманы сақтауға жауапты тұлғамен бірге физикалық бақылау-тексеру; - ТМҚ-ды берудегі құжаттар мен есептер; ТМҚ-дың ағымдағы есебі; өнім данасының өзіндік құнының есебі.
Өндіріске материалдарды шығару, еңбекақы төлеу б-ша шығыстар, еңбекақыдан әлеуметтік салыққа шегерімдер, үстеме шығыстар өзгермелі шығындар түрінде нег.өндіріс шотына жатқызылады ж/е шығындардың қалған бөлігі тұрақты шығындар түріндегі шығыстар шотында жүргізіледі. Есепті кезең соңында нег.өндіріс шоттары (Дт 8110) дайын өнімнің өзіндік құнына жатқызылып (Дт 1320), кезең шығыстары (Дт 7210, 7110) 5610 қорытынды пайда (қорытынды залал) шотымен жабылады. Бұл өзара байланыстың әрбір кезеңі к/о-ның есеп саясатындағы қабылданған ережемен тексеріліп отырады. Өндірілген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура б-ша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды калькуляциялық баптары б-ша жіктеу мен осы шығындардың функционалдық аудиті қызмет етеді. Функционалдық аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап ж/е шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға ж/е ТМҚ- дың тиімділігін арттыруға болады. ТМҚ-ды түгендеу мен оның қорытындысын талдау, заттарды сатып алу, өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалдық аудит кезінде жеке-дара б.т. Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта таразылау ж/е өлшеу жолымен тексеріледі. Материалдар мен шикізаттардың артық не кем шығуы к/о-да бұл құндылықтардың әр түрлі сатыдағы қозғалысында: қабылданғанда, сақталғанда, қоймадан цехқа беруде, өндіріске есептен шығаруда ж/е т.б. п.б.мүмкін. Ескерілмеген шикізат-мат-ң артығын жасыру мен иелену тәсілдерінің келтірілген тізбесі көптеген өндіріс к/о-да аудит өткізу іс-тәжірибесінде жиі кездеседі.
22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезең операцияларының нәт-рі б-ша дебиторлық қарыз, к/о-ның сату кезеңінен түскен пайда қалыптасып, қаржы нәт-сі анықталады. Бұл цикл үшін арнайы операциялар 8 түрде көрініс табады. Аудитор әрбір операциялар топтары б-ша тексеріс жүргізе алады. Олар: 1. Сатып алушылардың сұранысын өңдеу арнайы сатып алу туралы ұсыныс циклінің негізі б.т, соның нәт-де сату тапсырмасы дайындалады; 2. Үмітсіз қарыздардың сомалары өте көбейіп кетпеу үшін несие беру келісімі қарастырылады. Бұл тауар жүктеуді құптау болады.; 3. Тауар тиегенде әрбір тиелген тауар париясын шығаруға рұқсат деген қағаз дайын болуы керек, соның негізінде сатып алушыға арналған шот жазылады ж/е қорлар азайтылады; 4. Сатып алушыға шот жазу ж/е сауда тіркеуін жүргізгенде тасымалдау төлемі мен төлем шарты ескеріле отырып барлық жіберілген заттарға дұрыс шот сомасы жазылуы керек; 5. Түскен ақша қаражаттарын тіркеу мен өңдеу – ақшаның аударылғаны т-лы хабарлама олардың уақытында есептелуін ж/е депоненттелуін қ-сыз етуге көмектеседі; 6. Бағадан ж/е сатудан түскен жеңілдіктерді өңдеу – несие мемарандумы өкілетті адамдардың қолдауымен дер кезінде есепке алынуы тиіс; 7. Күдікті дт-қ қарыздарды есептен шығару – күдікті деп шешкен қарызды есептен шығару үшін оны мақұлдау қажет; 8. Күдікті қарыздарды жабу резерві – күдікті қарыздарға кеткен шығындарды, ешқашан өтелмейтін қарыздарды көрсетеді.
Бұл кезеңдегі шоттар байланысы келесідей болады: Дт 1210 Кт 6010, 3130, 6100, 6200, 6300, 6400 тиісті шоттарды; Дт 1030 Кт 1210, Дт 6020, 6030 Кт 1210; сату шығыстары 7110 шотының дебетіне жатқызылады, күмәнді дт-қ қарыздар б-ша резерв құрылады: Дт 7440 Кт 1290, күдікті қарыздар шығыстары: Дт 1290 Кт 1210 шоттары арқылы көрсетіледі.
Бұл циклдің шаруаш.операцияларын тексеру үшін аудитор ішкі ж/е сыртқы ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің дұрыстығына дәлелдеулер алады. Өткізу ж/е қаржы нәт-нің құрылу циклі аудитінің негізгі бағыттары: дайын өнімді кіріске алудың толықтығын, өткізуден алынған табысты ж/е өткізілген өнімнің өзінік құнын есептеудің дұрыстығын, с.қатар дебиторлық борыштардың п.б-ын анықтау. Сатып алушылардың шоттарға төлем жасауы б-ша ішкі бақылауға тексеру жүргізу үшін аудитор талдамалық есеп тіркелімдеріндегі әрбір сатып алушы б-ша ақшаның келіп түсуіне ішінара зерттеу жүргізеді ж/е банк үзінділерімен салыстырады, с.қатар тіркелімдердің жиынтығын бас кітаптың шоттарындағы мәліметтермен салыстырады.