Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Audit_shpor_new_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.

Экологиялық аудит міндетті ж/е бастамашыл болып бөлінеді. Бастамашыл эк.аудит жетекшілердің, аудиттелініп отырған субектінің, шешім қабылдайтын басқа да тұлғалардың шешімі б-ша жүрг. Міндетті эк.аудит келесі жағдайларды жүргізіледі:

- қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық міндеттемелерді іске асыру;

- банкротқа ұшырау процедураларын іске асыруда;

- міндетті экологиялық сақтандыру жүргізу мақсатында;

- инвестициялаудың шарттары б-ша қарастырылғанда;

- инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды дайындау мен негіздеу кезінде ж/е т.б.

Экологиялық аудит мақсаты:

- к/о қызметінің заңдық ж/е нормативтік құжаттарға сәйкестігін қ-сыз ету ж/е тексеру;

- аудит жүргізу саласын анықтау;

- к/о-дағы қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін бағалау;

- қандай да бір үрдістерді, материалдарды пайдаланумен, қалдықтардың белгілі бір түрлерінің пайда болуымен б-ты қалыптасқан тәуекелділікті бағалау;

- ресурстарды пайдалануды оңтайландыру;

- экологиялық талаптар орындалмаған жағдайда жауапкершілік деңгейін белгілеу;

- тәуекелділікті төмендету ж/е айыппұл салуды қолданудың алдын алу;

- болашақ шығындарды болжау;

- жағдайды түзету б-ша жұмыстардың құнын бағалау;

- белгілі бір к/о-ның экологиялық мәселелерін шешу саласында алдыңғы қатарлы шаралар мен ұзақ мерзімді саясатты қолдану ж/е т.б.

Операциялық аудит – жүйенің жұмысын жетілдіру мақсатымен басқарудың әртүрлі кезеңдеріндегі ұйымдастыру қызметін тәуелсіз ж/е жүйелі түрде бағалау. Мұнда басты назар ішкі бақылау жүйесі жұмысының ж/е к/о қызметтері жұмысының сенімділігіне аударылады. Операц.аудитте қаржылық қорытынды есептерді интерпретациялаудың дамыған әдістері – коэффиценттерді талдау, көлденеңінен, тігінен, трендтік ж/е факторлық талдау кеңінен қолданылады. Осы аудит тұрі мен қаржылық қорытынды есеп аудитіарасында үш негізгі айырмашылық келтіріледі: аудиттің тағайындалуы, қорытындылардың ұсынылуы, операциялық аудит саласына қаржылық емес салалардың қосылуы. Аудиттің тағайындалуы. Қаржылық қорытынды есеп беру аудиті кезінде аудитор есеп пен қаржылық қорытынды есептегі шаруашылық операцияларының дұрыс көрсетілгендігіне басты назар аударады. Ал операциялық аудит кезінде тиімділік пен өнімділік назарға алынады. Қаржылық қорытынды есеп беру аудиті өткен шаққа, ал операциялық аудит шаруаш.қызметтің болашағына бағытталады. Қорытындылардың ұсынылуы. Қаржылық қорытынды есеп беру аудиті кезінде аудитордың қорытындысы араларында акционерлер мен банкирлер кездесетін көптеген пайдаланушыларға жеткізіледі; операциялық аудиттің қорытндысы бірінші кезекте әкімшілікке тапсырылады.Операциялық аудит саласына қаржылық емес салалардың қосылуы. Операциялық аудит қандай да бір шаруашылық жүйедегі тиімділік пен өнімділіктің аспектілеріне б-ты болып келеді, сондықтан ол кең түрде қолданылады. Операциялық аудиттің негізгі үш түрі бар: функционалды, ұйымдастырушылық және арнайы.

20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті

Сатып алу кезеңі шоттарының ж/е ауд-қ тексеру бағыттарының өзара қатынасы активтердің келіп түсуін бейнелейтін шоттардың дебетіне жабдықтаушылар ж/е мердігерлермен есеп айырысуларды сипаттайтын шоттар кредитінің шаруашылық операцияларын тексеру, с.қатар аудиттің сәйкестігі және мәні б-ша тексеру сияқты екі түрлі типтік тестті қолдану арқылы ж.а. Сынақ-сәйкестікке тексеру құжат толтыруда қабылданған тәртіпті орындаудың эк-қ нормативтерінің нақты берілгендерге сәйкес келуіне бағытталған. Сатып алу кезеңінің аудитінде келесі бастапқы бухгалтерлік құжаттарды толтырудың дұрыстығына баса назар аударылады: сенімхат, берілген сенімхатты тіркеу журналы, кіріс ордері, ТМҚ-ды қабылдау актілері, ТМҚ-ды дайындау, сақтау ж/е өндіру үдерісінде жетіспеушіліктер мен жоғалтып алулар туралы акт, ТМҚ-дың сынуы, бүлінуі, бұзылуы т-лы акт, қоймадағы ТМҚ-ды есепке алу карточкасы, ТМҚ-дың түгендеме тізімдемесі ж/е т.б.Мәнділігі б-ша тексеру бақылау сауалнамасы, құжаттар мен жазулардың талдануы, ТМҚ-ның бақылануы мен олардың сақталуы т-лы мәліметтердің алынуы әдістерін қарастырады. Ол келесі кезеңдер б-ша тест арқылы тексеруді қарастырады: - тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатып алу, тексеру ж/е қабылдау; бухг.есепте шаруаш.операциялардың тіркелуі; - шикізат, материалдар мен тауар қажеттіліктерін анықтау. Сатып алу кезеңінің шоттарының өзара байланысын қарастырғанда келесі шоттар тексеріледі: 2710, 2730, 2410, 2210, 2310, 1310-1330, 1350, 1420 шоттарының дебеті, 3310, 3390 шоттарының кредиті; 2710, 2730, 2410,2210, 2310, 1310-1330, 1350, 1420 шоттарының дебеті, 2110 шоттарының кредиті; 2410 шотының дебеті, 2930 шоттарының кредиті. ТМҚ-ға сатып алу циклінің функционалдық аудиті қарж.есептіліктің мәліметтерін ж/е белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы т-лы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатты рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстар қозғалысының сақталуын ж/е ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей ж.а-тын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Сатып алу кезеңі аудитінің басты бағыттары мыналар: 1. Есеп айырысу жағдайы т-лы есептің заңдылығы мен дұрыстығын тексеру; 2. Есеп айырысу- қаржылық тәртіптің сақталуы; 3. Кредиторлық берешектің нақтылығын анықтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]