Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Audit_shpor_new_dayyn.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
377.34 Кб
Скачать

27. Инвестициялау кезеңінің аудитi

Нақты инвестициялар (күрделі салымдар) – негізгі капитал мен материалды-өндірістік босалқы қорлар өсуіне салынатын салымдар. Қаржылық инвестициялар – табыс (мысалы, сыйақы, роялти, дивиденттер) алу, басқа пайдаларды не инвестицияланған капитал өсімін алу (мысалы, коммерциялық қатынастар нәт-де) мақсатында ұйым иелік ететін активтер. ҰМ қаржылық инвестициялар – мемлекеттік қааздарға (облигациялар ж/е басқа борыштық міндеттемелер), басқа ұйымдардың бағалы қағаздары мен жарғылық капиталына салынған, с.қатар басқа к/о-дарға берілген қарыздар. ҚМ инвестициялар – өз табиғаты б-ша оңай сатылатын, олар бір жылдан артық емес мерзімге сақталады деп болжанатын инвестициялар.

Қаржы салымдары есебінің аудиторлық тексерудің басты мақсаты – инвестициялық операциялардың заңдылығын, оларды бағалау мен б.е-н дұрыс қалыптастырылуын тексеру. Аудиторлық тексеру жүргізу бағдарламасы келесі бағыттарды қамтиды:

- баланста инвестициялардың дұрыс көрсетілгендігін тексеру;

- инвестициялардың аналитикалық ж/е синтетикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін тексеру;

- шаруашылықта қаржылай инвестициялардың дұрыс сыныпталуын тексеру;

- инвестициялаудың құнын анықтауды бағалау тәртіптерінің қолданылғандығын тексеру;

- нақты қолда бар құнды қағаздардың сақталу орнын анықтайтын бастапқықұжаттармен танысу;

- құнды қағаздардың сатып алу операцияларының б.е жазуларының дер кезінде ж.а-дығын тексеру;

- қарж.инвестициялардың қайта бағалану нәтижелерін, қайта бағалану жиілігін тексеру; - қаржылық инвестицияларды шығысқа шығару операцияларының б.е жазуларының дұрыс,дер кезінде ж.а-дығын тексеру;

- шаруашылықтың басқа да заңды тұлғаларға берген қарыздарының құжаттарымен танысу. Аудитор инвестициялық құнды қағаздардың қайда сақталатынын ж/е жыл бойы қандай өзгерістердің болғандығын анықтайды.Қаржылық инвестициялар мен бағалы қағаздар есебі келес ішоттарда жүргізіледі:

1110 Қысқа мерзімді берілген қарыздар

1120 Саудаға арналған қысқа мерзімді қаржылық активтер

1130 Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді инвестициялар

1140 Сатуға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

1150 Өзге қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

2010 Ұзақ мерзімді берілген қарыздар

2020 Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар

2030 Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

2040 Өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

5010 Артықшылықты акциялар

5020 Қарапайым акциялар

Инвестиция аудитінің жеке бағыты объектілер құрылысы б-ша жылжымайтын мүлікке қаражаттар салу, қаржыландырылатын, жалға алу ж/е сатып алу б.т.

Қысқа мерзімді қарж.инвестициялар бух.баланста көрсетіледі: - ағымдағы құны б-ша; - сатып алу ж/е ағымдағы құнының ең төмен бағасы б-ша. ҰМ қаржы инвестициялары бух.баланста есептеледі: - сатып алу құны б-ша; - қайта бағалау ескерілген құны б-ша; - порфель негізінде анықталатын сатып алу ж/е ағымдағы құнның ең төмен бағасы б-ша.

28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті

Міндеттемелер ұзақ ж/е қысқа мерзімді болып жіктеледі. Міндеттемелер аудитінде басты назар еңбекақы есептеу, бюджетпен есеп айырысулар, ұзақ ж/е қысқа мерзімді қарыздар, займдар, несиелер ж/е т.б жатады.

Персоналмен еңбекақы б-ша есеп айырысулар аудиттің негізгі ақпарат көздері: Есеп саясаты, Қаржылық есептілік, бас кітап, бухг.есеп регистрлері, ұжымдық келісім-шарт, жұмыскерлерге сыйақы беру ж/е оларды марапаттау т-лы ереже, штаттық кесте, азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт, контракт, кадрды есепке алу ж/е парағы, беттік карточка, жұмыс уақыты есебінің табелі, есеп-айырысу ведомосы, төлем ведомосы, өнімділік нормасы, өндіру ведомосы, кесімді еңбекақы бағамы, орындалған жұмыстар актісі, еңбекке жарамсыздық қағазы, орындау қағазы ж/е т.б.

Несиелер мен займдар баптарын тексеру кезінде аудитор келесі мәселелерді қарастырады: несие қандай мақсаттарға жұмсалған ж/е бұл мақсаттардың несие алу шарттарының талаптарына сәйкестігін; несиені қ-сыз етуге не кепілдік құрамына енген субъектінің активтерін, несиенің толық ж/е дер кезінде өтелгендігін, несие қойылған пайыздың өнімнің өзіндік құнына дұрыс енгізілуін, басқа мекемелерден, ұйымдардан алынған займның заңдылығын ж/е негізділігін, олардың уақытылы толық ж/е дер кезінде сөндірілгендігін.

Бюджетпен есеп айырысу аудиті келесі бухг.шоттарды зерттеуден басталады: КТС – Дт 7710 Кт 3110, мерзімі кейінге қалдырылған КТС – Дт 7710 Кт 4310, ҚҚС – Дт 1420 Кт 3130, Акциздер – Дт 1210 Кт 3140, Әлеуметтік салық – Дт 8110, 8310, 7210, 7110 Кт 3150, Жер салығы – Дт 7210 Кт 3160, Мүлік салығы – Дт 7210 Кт 3180, Көлік құралдарына салынатын салық – Дт 7210 Кт 3170, Жеке табыс салығы – Дт 3350 Кт 3120, Өзге де салықтардың есептелінуі 3190 шотының кредитінде көрініс табады.

Капиталдың аудиті. Келесі құжаттар капиталдың аудитін жүргізген кезде негізгі ақпарат көздері ретінде қарастырылады: Қаржылық есептілік, Есеп саясаты, Бас кітап, бухг.есеп регистрлері, К/о жарғысы, Құрылтай келісімшарты, Құрылтайшылар жиналысының хаттамасы, Мемлекеттік тіркеу т-лы куәлік, Бағалы қағаздарды тіркеу кітабы (тізімдемесі), Акционерлер тізімдемесінен үзінді, Мемлекеттік органдарға (салық, статистика ж/е т.б.) тіркеу т-лу куәлік, Шаруашылықтың белгілі бір түріне лицензиялар мен рұқсаттар, Эмиссиялар проспектісі, Директорлар кеңесі мәжілісінің хаттамасы, Акционерлер жиналысының, директорлар кеңесінің шешімдері.

Сәйкестікке тексеруді аудиторлар төмендегі бағыттар б-ша жүргізеді:

- жарғылық капитал т-лы мәліметтерді, олардың дұрыстығына көз жеткізу үшін құрылтай құжаттарымен ж/е Жарғымен салыстыру. Мүмкіндігі болған жерде барлық өзгерістерді хаттамалармен ж/е далпы жиналыстардың шешімдерімен салыстыру;

- хабарланған борыштар б-ша мәліметтерді әлі салынбаған сомалармен салыстыру, төленбеу себептерін зерттеу;

- акционерлік капиталдың акционерлер тізімдемесі (реестрі) б-ша сомаларының баланста көрсетілген сомаларға сәйкестігін тексеру;

- акционерлер – әкімшілік мүшелерінің тізімдемелерін (реестрлерін) зерттеу, бастапқы ж/е ақырғы сальдоларды акцияларды сатып алу б-ша операциялардың нәтижелерімен салыстыру;

- к/о-ның есеп саясатына сәйкес резервтік капиталдың есептелуі мен пайдаланылуының дұрыстығына бақылау жасау;

- шығарылған ж/е айналымдағы акциялардың саны т-лы клиенттен жазбаша куәлік алу;

- акционерлердің тізімдемесін (реестрін) қарап шығу ж/е акциялардың үлкен санын ұстаушыларды анықтау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]