
- •1. Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны. Аудиттің мақсаты, міндеттері және функциялары мен обьектілері.
- •2.Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.
- •4. Аудит жүргізудің циклдік және объектілік тәсілдері
- •5. Қр аудитордың қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер.
- •6.Аудиторлардың жауапкершілігі, міндеттері және құқықтары. Кәсіби этикалық кодексі.
- •7.Аудиттің стандарттары.
- •8.Аудит сапасын бақылау. Ішкі бақылау мен оның қызметтері. Ішкі бақылаудың элементтерінің құрылымы.
- •9.Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті.
- •10.Маңыздылықтың деңгейі мен ұғымының анықтамасы. Маңыздылықтың деңгейін анықтау талаптары.
- •12. Аудиторлық тәукелділік және оны бағалау. Аудиторлық тәуекелділіктің негізгі компоненттері және олардың байланысы: ажырамайтын тәуекелділік, бақылау тәуекелділігі, анықталмаған тәуекелділік.
- •13. Аудиторлық дәлелдеумен оның аудиттегі рөлі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар.
- •14.Аудиторлық дәлелдемелерді алу процесі. Аудиторлық дәлелдемелер жіктемесі.
- •15. Аудиторлық тексеру процедуралары. Аналитикалық(талдамалық) процедуралар.
- •16. Аудиторлық таңдау (іріктеу). Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі. Аудиторлық тексерістің таңдаулы негізгі қағидалары. Таңдап алуға статистикалық және статистикалық емес қарастырулар
- •17. Аудитті жүргізудің этаптары. Аудитті жоспарлау процесі. Клиентпен алдын ала танысу. Аудит жүргізу тәртібі.
- •19. Аудитті құжаттау. Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмыс құжаттары. Соңғы аудиторлық файлды қалыптастыру.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
19. Аудитті құжаттау. Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмыс құжаттары. Соңғы аудиторлық файлды қалыптастыру.
«Құжаттау» деп аталатын ХАС - «аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметтерді құжатпен рәсімдеуге тиісті» делінген. Аталмыш құжатқа сәйкес аудитті жалпы түсінуді қамтамасыз ету үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде толық және аяқталған болуға тиісті.
Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты – аудитордың аудитті нормативтік-құқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізілгендігіне сенімді болуы. Жұмыс құжаттарының маңызы төменгілерден тұрады:
-Олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңіне көмектеседі;
-Олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;
-Оларда аудиторлық қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесінде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.
Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзім, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынған дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды пікірлер туралы ақпарттарды көрсетуге тиісті.
Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:
-Жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;
-Жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;
-Сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұнына төмендегі факторлар әсер етеді:
-Көрсетілетін қызметтің сипаты;
-Аудиторлық қорытынды есептің нысаны;
-Клиент бизнесі;
-Ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;
-Аудитті орындау процесінде қолданылатын әдістеме.
Жұмыс құжаттарының мазмұны. Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі болып табылады.
Жұмыс құжаттарына төмендегілер кіреді:
1Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылым туралы ақпараттар;
2.Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардың көшірмесі;
3.Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процесінің негіздемесі;
4Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;
5.Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақытын және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;
6..Ассистенттер орындаған жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;
7.Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағандығы туралы көрсетулер;
8.Аудиторлардың сарапшыларымен, кеңесшілерімен және үшінші жақтың басқа да өкілдерімен өткізген әңгімелерінің көшірмесі;
9.Аудитордың өз клиентіне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;
10.Клиенттен немесе оның өкілдерінен алынған хаттар;
11.Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;
12.Шоттардың, экономикалық субъект қызметінің көрсеткіштері мен тенденцияларының талдауы, тексеруші баланстар;
13.Өткен есепті кезеңдердің қаржылық қорытынды есебінің, сонымен бірге сол қорытынды есеп бойынша жасалынған аудиторлық қорытындылардың, анықтамалардың, актілердің және т.б. көшірмелері;
14.Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша аудитор жасаған қорытынды пікірлер.
Жұмыс құжаттарын дайындау тәртібі, олардың мазмұны, рәсімделуі-және сақталуына қойылатын талаптар "Құжаттау" 230 Халықаралық аудит стандартында көрсетілген. Жұмыс кұжаттарында аудитор аудиторлық жұмысты жоспарлау туралы, орындалған аудиторлық процедуралардың сипаты, мерзімі жэне көлемін, және аудиторлық дәлелдемелер негізінде жасалған қортытындыларды көрсету керек. Жұмыс құжаттарының көлемі аудитордың кәсіби ой-толғауына байланысты анықталуы керек. Дайындауға және сақтауға қажетті жұмыс құжаттардың көлемін анықтағанда аудитор бұрын аудит жүргізбеген аудиторға жалпы істелген жұмыс туралы қажет болатын деген ақпаратты ескеру керек. Ал басқа аудитор аудиттің бөлек аспектілері туралы түсінікті тек осы құжаттарды дайындаған аудитормен сөйлесу(обсуждение) барысында ғана анықтай алады.
Аудиттің жұмыс құжаттарына жатады: -ұйымның ұйымдастырушылық құрылым және ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары жөнінде ақпарат; - ұйымның кұрылтайшылық кұжаттары мен тексеріске маңызды заңдық кұжаттардың көшірмелері (келісішарттар, контракттар, протоколдар); -ішкі бақылау жүйесі мен ұйымның бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуын сипаттау; -аудитті жүргізудің жоспарлары мен бағдарламалары; -қолданған аудиторлық процедуралардың сипаты мен олардың нәтижелері; -ұйымның түсініктемелері, арыздары; - аудитті жүргізу нәтижелері бойынша ұйымның басшылыгына аудитордың жазбаша ақпаратының екінші данасы. Тексерілетін ұйым да, салықтық комитет және басқа да мемлекеттік мекемелердің өкілдері де аудиторлық ұйымнан жұмыс құжаттарын немесе оның көшірмелерін талап ете алмайды, Қазақстан Республикасының заңымен қаралган жагдайлардан басқа. Жұмыс құжаттарындағы ақпарат құпиялы түрде сақталады. Жұмыс құжаты өз уақытында құрылып, аудиторлық есеп кезеңіне рәсімделіп бітуі керек. Әр кұжаттың аудиторлық ұйыммен бекітіліп берілетін номері болуы. керек. Жұмыс кұжаттарының реквизиттерінің кұрамы: - құжат аты; - аудиттелетін ұйымның аты; - аудит жүргізілетін кезең; - аудиторлық процедуралардың жүргізу күндері немесе құжат кұрастыру күні; - құжат мазмұны; - құжатты құрған тұлғаның жеке қолтаңбасы немесе шартты белгісі. Құжаттарда көрсетілген мэліметтер қайдан алынғанына сілтеме көрсетілуі керек. Құжаттар аудиторлық ұйымның мұрағатында кемінде 5 жыл сақталуы керек.
Ыңғайлы болу үшін кейінгі жұмыста жұмыс құжаттарды әдетте екі типке бөлінеді: тұрақты құжаттардың картотекалары; ағымдағы құжаттардың картотекалары. Тұрақты құжаттардың картотекасында келесі аудитті өткізу процессінде пайдаланылатын ақпараттар сақталады. Әрбір аудит өткізу жағдайында бұл папканың мәліметтері қайта қаралуға және жаңартылуға тиісті. Ағымдағы құжаттардың картотекасы:жоспарланған жұмыстар туралы жазу үшін жүргізіледі; жүзеге асырылған процедуралармен, жүргізілген тестілермен, жасалынған қорытынды пікірлермен бірге, орындалған жұмыстар жөнінде егжей-тегжейлі ақпараттар алу үшін жүргізіледі.