
- •1. Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны. Аудиттің мақсаты, міндеттері және функциялары мен обьектілері.
- •2.Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.
- •4. Аудит жүргізудің циклдік және объектілік тәсілдері
- •5. Қр аудитордың қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер.
- •6.Аудиторлардың жауапкершілігі, міндеттері және құқықтары. Кәсіби этикалық кодексі.
- •7.Аудиттің стандарттары.
- •8.Аудит сапасын бақылау. Ішкі бақылау мен оның қызметтері. Ішкі бақылаудың элементтерінің құрылымы.
- •9.Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті.
- •10.Маңыздылықтың деңгейі мен ұғымының анықтамасы. Маңыздылықтың деңгейін анықтау талаптары.
- •12. Аудиторлық тәукелділік және оны бағалау. Аудиторлық тәуекелділіктің негізгі компоненттері және олардың байланысы: ажырамайтын тәуекелділік, бақылау тәуекелділігі, анықталмаған тәуекелділік.
- •13. Аудиторлық дәлелдеумен оның аудиттегі рөлі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар.
- •14.Аудиторлық дәлелдемелерді алу процесі. Аудиторлық дәлелдемелер жіктемесі.
- •15. Аудиторлық тексеру процедуралары. Аналитикалық(талдамалық) процедуралар.
- •16. Аудиторлық таңдау (іріктеу). Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі. Аудиторлық тексерістің таңдаулы негізгі қағидалары. Таңдап алуға статистикалық және статистикалық емес қарастырулар
- •17. Аудитті жүргізудің этаптары. Аудитті жоспарлау процесі. Клиентпен алдын ала танысу. Аудит жүргізу тәртібі.
- •19. Аудитті құжаттау. Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмыс құжаттары. Соңғы аудиторлық файлды қалыптастыру.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
17. Аудитті жүргізудің этаптары. Аудитті жоспарлау процесі. Клиентпен алдын ала танысу. Аудит жүргізу тәртібі.
Аудиторлық тексеруді жүргізудің этаптары – бұл шартты этаптар. Олар әдетте қатар, аралас, бірнешеуі бір кезде жүреді, ал жіктеу тек қана оқып үйрену үшін.
Аудит мынандай кезеңдерден бойынша жүргізіледі:
жоспарлау;
аудит объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;
аудит рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;
бақылау жүйелерін тексеру;
аудит рәсімін жүргізу;
аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.
Қаржылық есеп беруге аудит жүргізу масштабын анықтау кезінде үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуге болады.
1-кезең. Аудиттік процедураларды жоспарлау және даярлау |
2-кезең. Қаржылық есеп беру элементтерін тексеру |
3-кезең. Пікірдің қалыптастыру және тұжырымдаманы құру |
Аудитті жоспарлау кезеңдері.
Жоспарлау- бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезеңдердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау-бұл кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық құру емес. Әр клиент жеке тұлғамен бұны жоспарлау кезінде есте ұстауы керек.
Жоспарлау процесін келесідей кезеңдерге бөлуге болады: (300 ХАС)
1.Аудиторлық тексеруді алдын-ала жоспарлау;
2.Аудитордың жалпы жоспарын жасау;
3.Аудиторлық бағдарлама дайындау.
Аудит алдын-ала жопарлау мынадай сатылардан тұрады:
1.клиент бизнесімен танысу (310 ХАС) ж/е оны зерттеу;
2.аудит жүргізудегі аудиторлық ұйымның берген келісімхаты (оферта, келісімхат: аудторлық тексеру шарты, міндеті);
3.аудиторлық тексеру жүргізу үшін келісімшарт жүргізу (мерзім, ақпараттарды толық беру, топ мүшелерінің лауазымдық деңгейі).
Клиент бизнесін білу аудитордың кәсіби тұжырымдамасына негіз болады. Клиент қызметін түсіну және ақпаратты сәйкес пайдалану аудиторға көмектеседі:
Тәуекелділікті бағалау және проблеманы анықтауға;
Аудитті тиімді жоспарлауға және орындауға;
Аудиторлық дәлелдеулерді бағалауға;
Клиентке жақсы қызмет көрсетуді өамтамасыз етуге.
Клиенттің өндірістік және әкімшілік бөлмелерін қарау, оның бизнесі мен операцияларын дұрыс түсінуге көмектеседі. Себебі аудитор персонал қызметін бақылау және түрлі деңгейдегі басшылармен жеке әңгімелесу мүмкіндігіне ие болады.
Жалпы жоспарлауды аудиторлық тексеру көлемі, графиктері, мерзімдері, аудиторлық есепті дайындау және ұсыну тәртіптері көрсетілу керек.
18. Аудиттің бағдарламасын және жоспарды жалпы дайындау тәртібі. Аудиттің қорытынды этаптарындағы аудитордың жұмысы. Аудиторлық есеп (қорытынды). Аудиторлық есеп құрудың жалпы талаптары және оны дайындау тәртібі. Аудиторлық есептің нысандары. Аудитті жоспарлау кезеңдері.
Аудиттің жалпы жоспарын дайындау. Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын әзірлеу экономикалық субъекті туралы алдын ала деректерге және жүргізілген талдау рәсімдерінің нәтижелеріне негізделеді.
Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын әзірлеу барысында аудиторлық үйым жұмыс істеп турған экономикалық субъектінің ішкі шаруашылық бақылау жүйесінің тиімділігін бағалайды және ішкі бақылау жүйесінің өзіне бағалау жүргізеді. Сондай-ақ мәнділіктің қолайлы деңгейі мен аудиторлық тәуекелді белгілеу қажет. Оларды ескеру арқылы аудиторлық уйым аудит үшін маңызды салаларды анықтайды және қажетті аудиторлық рәсімдерді белгілейді. Жалпы жоспарда аудитті жүргізудің және оны жүргізудің кестесін жасаудың, есеп пен аудиторлық қорытындыны әзірлеудің мерзімдерін қарастыру қажет. Аудиттің жалпы жоспарының мағынасы кесте түрінде орындалады. Жалпы жоспарда мыналарды көздеу ұсынылады:
аудит маңызды болуы үшін нақты қандай салаларды зерттеу қажет;
қамтылуға тиіс елеулі сәттер қандай;
- қандай іріктемелері жоспарларды жасау қажет;
- аудиторлық топты қалыптастыру, оның саны және мамандарының біліктілігі; аудиторларды аудиторлық тексерудің нақты учаскелеріне бөлу;
- аудиттің әрбір сатысы үшін жумыс уақытының бюджеті;
- топтың барлық мүшелерін олардың міндеттемелерімен және аудиттің жалпы жоспарының ережелерімен таныстыру;
- басшының жоспардың орындалуын бақылауы;
- аудиторлық рәсімдерді нақты іске асырумен байланысты әдістемелік мәселелерді басшының түсіндіруі;
- нақты фактіні бағалау кезінде қайшылықтар туындағанда аудиторлық топтың айрықша пікірін құжатпен ресімдеу. Аудиторлық ұйым жалпы жоспарда ішкі аудиттің релін, сондай-ақ тексеруді жүргізу процесіне сарапшыларды тарту қажеттілігін белгілейді.
Аудитордың бағдарламасы – бұл аудитордың жалпы жоспарының одан әрі жұмыстың түрлеріне, жүргізілетін аудиторлық процедуралардың әдістері мен тәсілдерінің түрлеріне, тексерілетін құжаттар мен аудиторлық жұмысшы құжаттардың түрлеріне қарай нақтылануы болып табылатын құжат. Тексерудің бағдарламасы жоспарлаумен қатар жұмысты орындаушы тексеру тобының әрбір мүшелеріне берілетін тапсырма, нұсқаулар, сондай-ақ оны бақылайтын аудиторлық топ жетекшісі мен аудиторлық ұйым басшысының құралы болып табылады. Аудиторлық тексеру бағдарламасының тәжірибеде қалыптасқан мынадай түрлері бар. Субъектінің ішкі бақылау жүйесін және бухгалтерлік есеп жүйесін бағалау үшін ондағы мәнді қателіктерді анықтап бақылау тәуекелін нақтылау үшін және аудиторлық дәлелдемелер жинақтап, пікір қалыптастыру үшін бақылау тестілері жасақталынады.
Бақылау тестілері – бұл субъектінің ішкі бақылау және бухгалтерлік есеп жүйесінің ұйымдастырылуы және тиімділігі жөнінде аудиторлық дәлелдемелер алу үшін пайдаланылатын тестілер болып табылады. Бақылау тестілерін жазба түрде жасау міндетті емес, ол қашанда аудитордың ойында жүреді. Бірақ оқып үйрену үшін және жұмысын жаңа бастаған тәжірибесіз аудитор үшін бақылау тестілерін жазбаша жасау керек.
Аудиттің жалпы жоспары
Тексерілетін ұйым
Аудит кезеңі
Адам-сағат саны
Аудиторлық топтың басшысы
Аудиторлық топтың құрамы
Жоспарланатын аудиторлық тәуекел
Мәнділіктің жоспарланатын деңгейі
Аудит бағдарламасын жасау. Аудитті жүргізудің бағдарламасын әзірлеу аудиттің жалпы жоспарын әзірлеудегі сатыларды қамтиды. Бағдарлама аудиттің жалпы жоспарының жалғасы болып -абылады және аудиттің жоспарларын іске асыруға қажетті аудиторлық рәсімдердің егжей-тегжейлі тізбесін білдіреді.
Аудитор аудиттің бағдарламасын қүжатпен ресімдеп, жұмыс барысында жумыс қужаттарында оларға сілтеме жасай алу үшін жүргізілетін аудиторлық рәсімнің әрқайсысына нөмір (код) тағайындайды. Аудиторлық бағдарламаның 2 түрі болады:
бақылау құралдарын тестілеу бағдарламасы - кәсіпорынның ішкі бақылау жүйесінің қызметі туралы ақпараттар жинау рәсімін қамтиды;
мәні бойынша аудиторлық рәсімдер бағдарламасы - (шоттардағы қалдықтарды тексеру), тікелей шоттардағы қалдықтар туралы ақпараттарды жинау рәсімін қамтиды.
Аудиттің мәні бойынша рәсімдер үшін бухгалтерлік есептің нақты қандай белімдерін төксеретініне сурау салып, әр бөлім бойынша аудит бағдарламасын жасау қажет.
Аудитті жүргізу шарттарының өзгеруіне және аудиторлық рәсімдердің нәтижелеріне байланысты аудиттің бағдарламасы қайта қарастырыла алады. Өзгерістердің себептері мен нәтижелерін құжаттау керек.
Аудиторлық қорытындыны (есепті) жасау және клиентке тапсыру тәртібі. Қорытынды жасау. Аудиторлық қорытынды есеп қаржылық қорытынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі жөніндегі аудитордың қорытындысын анық көрсетуге тиісті. Қаржылық қорытынды есеп дайындап тапсыру негізі ХАС-мен, сонымен бірге «дұрыстық» түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуымен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды « дұрыстық» түсінігімен пайдаланылатын контекс (мағына) жөнінде хабардар ету үшін аудиторлық қорытынды «ХАС» мен деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру негізін көрсетуге тиісті.
Аудиторлық қорытынды клиентке ұсынбай тұрып, аудиторлық ұйым жүргізген аудит нәтижесі бойынша жазбаша ақпараттар беру керек. Бұл құжаттың мақсаты тексеру жүргізілген кезде қолданылған әдістер туралы аудитордың анықтаған қателері мен бұрмалаушылықтары туралы және аталған кемшіліктерді жою үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы мәліметтерді клиентке жеткізу жүргізілген аудит нәтижесі бойынша жазбаша ақпараттарды аудиторлық ұйым тексерілген ұйымның басшылығына немесе меншік иелеріне берілуі керек. Осы жазбаша ақпараттарды әрбір ұйым өз қалауы бойынша рәсімдеуге құқылы бірақ жазбаша ақпараттарды жасау бойынша бірқатар жалпы ұсыныстар аудиторлық ұйымныі фирмаішілік стандарттарында көрсетілуі талап етіледі.
Аудиторлық қорытындының (есептің) мазмұны. « Аудиторлық қызмет туралы » заңның 15-ші бабында атап көрсеткендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қорытынды есеп жасалынады. « Қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп » деп аталатын Халықаралық аудит стандарттарында аудиторлардың шолу жасауы және халықаралық қорытынды есепке қатысты пікір білдіруге негіз болып табылытын алынған аудиторлық дәлелдеулер бойынша жазылған қорытындыларды бағалау қарастырады. Аудиторлық қорытынды есепте жалпы қаржылық қорытынды есеп беру бойынша анық жазбаша пікір білдіру болуға тиісті. Сондықтан білдіретін пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады: -Ескертусіз ( шартсыз ) аудиторлық қорытынды;
-Ескертулері бар ( шартты ) аудиторлық қорытынды;
-Аудиторлық қорытынды беруден бас тарту;
-Теріс аудиторлық қорытынды.
Аудиторлық қорытындының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: қорытынды есептің аты ( атауы ), адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, қорытынды бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың ( аудиторлық ұйымның ) мекен жайы, аудитордың қолы.
Аудиторлық қорытынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреттемесі болуға тиісті:
Қаржылық қортынды есепте ашылып көрсетілетін ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелдеулерді тестілеу негізінде тексеру жүргізу.
Қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық пайдаланған бухгалтерлік есеп жүргізу принциптерін бағалау.
Қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық жүргізген маңызды алдын-ала бағалауларды талдау;
Жалпы қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыруды бағалау.
Қорытынды есепке аудиттің қорытынды жасау үшін қолайлы негізді қамтамасыз ететіндегі туралы аудитордың пайымдауы (пікір) кіруге тиісті.