
- •1. Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны. Аудиттің мақсаты, міндеттері және функциялары мен обьектілері.
- •2.Аудит постулаттары және концепциясы, компоненттері, қағидалары.
- •4. Аудит жүргізудің циклдік және объектілік тәсілдері
- •5. Қр аудитордың қызметті реттеуші нормативтік-құқықтық актілер.
- •6.Аудиторлардың жауапкершілігі, міндеттері және құқықтары. Кәсіби этикалық кодексі.
- •7.Аудиттің стандарттары.
- •8.Аудит сапасын бақылау. Ішкі бақылау мен оның қызметтері. Ішкі бақылаудың элементтерінің құрылымы.
- •9.Мәліметтерді электронды өңдеудің аудиті.
- •10.Маңыздылықтың деңгейі мен ұғымының анықтамасы. Маңыздылықтың деңгейін анықтау талаптары.
- •12. Аудиторлық тәукелділік және оны бағалау. Аудиторлық тәуекелділіктің негізгі компоненттері және олардың байланысы: ажырамайтын тәуекелділік, бақылау тәуекелділігі, анықталмаған тәуекелділік.
- •13. Аудиторлық дәлелдеумен оның аудиттегі рөлі. Аудиторлық дәлелдеулерге қойылатын талаптар.
- •14.Аудиторлық дәлелдемелерді алу процесі. Аудиторлық дәлелдемелер жіктемесі.
- •15. Аудиторлық тексеру процедуралары. Аналитикалық(талдамалық) процедуралар.
- •16. Аудиторлық таңдау (іріктеу). Аудиторлық тексерістің таңдаулы әдісі. Аудиторлық тексерістің таңдаулы негізгі қағидалары. Таңдап алуға статистикалық және статистикалық емес қарастырулар
- •17. Аудитті жүргізудің этаптары. Аудитті жоспарлау процесі. Клиентпен алдын ала танысу. Аудит жүргізу тәртібі.
- •19. Аудитті құжаттау. Аудиторлық құжаттардың масштабы, мазмұны, формасы және типтері. Аудитордың үлгілік жұмыс құжаттары. Соңғы аудиторлық файлды қалыптастыру.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
- •20.Сатып алу кезеңiнiң аудиті
- •21. Өндіріс кезеңiнiң аудиті
- •22. Қаржылық қорытындының қалыптасуы мен сату кезеңiнiң аудиті
- •23. Дебиторлық қарыздар аудиті
- •24. Ақша қаражаттарының аудиті
- •25.Есеп беруге міндетті тұлғалардың сомаларының аудиті
- •26. Ұзақ мерзiмдi активтердің аудиті
- •27. Инвестициялау кезеңінің аудитi
- •28. Міндеттемелер мен капиталдың аудиті
- •29. Аудитте талдау тәсiлдерiн пайдалану
- •30. Аудиттiң басқа да түрлері мен ілеспе қызметтері: Қоршаған ортаның аудиті. Операциялық аудит.
1. Аудиттің түрлері және мәні, мазмұны. Аудиттің мақсаты, міндеттері және функциялары мен обьектілері.
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкесітігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын үдеріс».
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:
1. Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері.
2. Өзін — өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі.
3. Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушіліктерге және кредиторға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі.
4. Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін. пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж.
5. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді.
6. Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.
Аудит – бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Алайда операциялық мазмұны жағынан бір — біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит – бақылаудың шығармашылық дамуы. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тесеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да, аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысынд аталғандардың және есептік, бақылаушы талдаманы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады. Белгілі ғалым Х.В.Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты — кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты — кемшіліктерді кеміту және жамандықты шектеу.
Әкімшілік құқығы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым — қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру мен бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдығын тесеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметті жақсарту бойынша ұсынстарды әзірлеу ісін де қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есептілікті жасау жағдайын тексеретін, кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.
Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс — әрекетінің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың ауқымды мәселелерін жан — жақты зерделеу қажет.
Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы, белгілі бір салалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқалар бойынша Бизнесті білу 310 Халықаралық аудит стандартында ашып көрсетілген. Осы арада бизнес аудитін озық ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.
Тұтастай алғанда аудитті және талдауды уақытылы жүзеге асыру шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қаржы — несие, материалдық — техникалық қамтамасыз етудің, өндірісті ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда бизнестің жағдайы мен дамуына субъектілердің өзінен басқа мемлекттік, қаржы, несие, ведомстволық, салық және басқа да органдар белсенді әсер етуі мүмкін.
Бизнесті басқару жүйесін нарықтық экономиканың шаруашылық тетігінің құрамадас бөлігі ретінде қарастыру қажет.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:
1. Теориялық: кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және түрін, оның бақылаушы-талдамалық қызметінің басқа да шектес ғылымдармен және салалармен өзара байланысын анықтау; аудиттің нұсқаларын, түрлерін және типтерін ғылыми жіктеу; аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен таңдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу.
2. Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау,бизнес жағдайын талдау, көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
3. Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің құқықтық-нормативтік және ақпараттық базаларының мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалық қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:
- бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен үдерістірінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу;
- шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептеудің озық әдістерін анықтау;
- қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;
- бақылаушы-талдамалық жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;
- бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын, ұйымдық құрылымын жетілдіру;
- бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭЕМ-ді және экономикалық- математикалық әдістерді қолдану, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.
Кәсіби аудиттің даму проблемалары мен осы аспектілердің өзара тығыз байланыстарын мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен үдерістердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді тереңдетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді.
Аудиттің мақсаты. Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық ееулі аспектілер б\ша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатты стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялар, көлік ж\е коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардң займы жүргізу б\ша сан алуан келісімшарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпараттарды алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Аудиттің маңызы. Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде б.т. Атап айтқанда:
Экономикалық субъектілердің(фирмалар, АҚ)
Салық қызметі түлғасындағы мемлекеттің;
Қаржылық сеп беруді әр түрлы пайдаланушылардың
Аудиторлардың меншік иесі мен мем.мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп ж\е қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорында басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге дейін заңталаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады. Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Соныдқтан ол аудиторға басшылыққа аударған ж\е оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүм.береді. Фирма қызметкерлерінің конструктивті ұсыныстр дайындауға мүм.береді.
Фирма қызметкерлерінің жан тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшты моральдық ынталандыру б.т. Барлық жазбалар мен есеп берушілер тәуелсіз адамдармен талданыладыдеп түсіну қызметкерлерді еспті мұқият ж\е анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы шаруашлық қызметі туралы есептемені құрауға мәжбүр етеді.
Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметті орындайды: 1.Қаржылық есеп берудің толықтылығы мен дұрыстығын дәлелдеуге арнналған дәлелдемелерді жинау ж\е бағалау. 2.Қаржылық есеп беру мәміметтерін есептің жалпы қабылданған стандартына сәйкес тексеру.
Аудиттің міндеттері. Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалыө субъектінің қаржы шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бух\к есп жүргізілуін қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдайтуралы ақпараттармен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде б.т. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажетболады.
Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатаркез келген экономикалық субъект қызметінің рентпабельділігін қамт.ету б.т. Аудиторлық жұмыс жоғары біліктілікті, аса көңіл бөлу мен кәсіпқойлықты талап етеді.
Сонымен қатар аудиторлық қызмет көрсетуді кеңейтуді кеңейту саласында маркетингтік жүйелерді жүргізу де аудиторлық фирманың міндеті б.т.
Аудит түрлері: 1.Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты: сыртқы,ішкі. 2.Заң талаптарына қатысты: міндетті, бастамашылық. 3.Аудит объектілері б\ша: банктік аудит, сақтандыру компанияларының аудиті, биржалар, инвистициялық институттар мен зейнетақы қорларыныңаудиті, жалпы аудит,мемлекеттік аудит. 4.Тағайындалуы б\ша: қаржылық есеп беру аудиті, салықтың аудиті, сәйкестің аудиті, операциялық аудит,арнайы аудит. 5.Жүзеге асыру мерзімі б\ша: бастапқы ж\е келісілген. 6. Тексеру сипаты б\ша: дәлелдеуші, жүйелі бағытталған,тәуекелге негізделген аудит.
Аудиттің функциялары
Аудитор орындайтын функциялар жүйесі үдайы даму үстінде болады, оған жаңа бағыттар, атап айтқанда, К.Ш. Дүйсембаевтің еңбегінде келтірілген функциялар мен қосалқы функциялар тізбесі қосылады (44, 32-6.). Кэсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде оның бақылаушылық, басқарушылық, ақпараттық, тэрбиелік және элеуметтік функциялары көкейкесті мэселеге айналып отыр. Оның үстіне, халықаралық стандарттар талабы мен оның даму тенденциясына сэйкес аудиттің жекелеген функциялары мен қосалқы функцияларының атауларын нақтылау үсынылып отыр.
Аудит ауытқудың, артық шығындар мен ысыраптың алдын алу үшін оңтайлы басқарушылық шешімдерді уақтылы анықтауы қажет. Бүл субъектілер қызметінің қаржылық жағдайы мен қаржылық нэтижелерін, іскер белсенділігін болжау ретіндегі аудиттің жаңа қосалқы функцияларының пайда болуымен шарт-тасылған. Тэуелсіз қаржылық бақылау қабылданған этикалық және қүқықтык нормаларды сақтау арқылы тәрбиелік және олеуметтік функцияларды орындайды.
Оған қоса, нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы кэсіби аудит кемшіліктерді анықтаудың, резервтерді ашудың және үлттық экономиканың нақты секторларында шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттыру бойынша үсыныстарды негіздеу-дің маңызды қүралына айналып отыр.