Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Аймақтануды зерттеу әд.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
232.36 Кб
Скачать

Реалистік бағыт, неореализм сыртқы саясатта

Реалистік бағыт халықаралық және аймақтық қатынастарда ХХ ғ. ортасынан бастап басты позицияда тұрды. Неореализм 1960-70 жылдары зерттеу тәсілі ретінде туып, саяси реализмнің қазіргі версиясының негізін қалады.

Саяси реализм зерттеуші ғалым Ганс Моргентау еңбектерінде жан жақты қарастырылады. Ол халықаралық жүйенің арсында туатын шиеленіс болмай қоймайтын жағдай. Сонымен қатар, мемлекеттердің халықаралық саясатта кей жағдайда мүделері бір бірімен сәйкес келмейтіндігі айқын, осындай жағдайда мемлекеттер өз мүдесін қорғау жолында міндетті түрде күреседі. Тәуелсіз мемлекеттерде сыртқы саясатын жүргізуде шектеу жоқ, мұның өзі мүделер қақтығысына әкеледі деп санайды.

Моргентаудың реализмінде халықаралық саясат ұғымы мемлекеттің сыртқы саясаты деңгейіне дейін тарылтты. Оның барлық зерттеу тәсілдері мен формалын билік үшін (оны сақтау мен нығайту үшін) күрес деп түсіндірді. Ол өз зерттеуінде ішкі және сыртқы саясатты бір бірімен байланыстармады. Халықаралық қатынас мемлекеттің сыртқы саясатының жиынтығы ретінде түсіндірілді.

1960-70 жылдары реализмді кемшіліктеріне байланысты сынау күшейді. Осы кезде сынға жауап ретінде реализмнің жаңа бағыты неореализм қалыптаса бастады. Оның ең танымал классиктерінің бірі болып Кеннет Уолц саналады.

Уолцтың концепциясының маңызды ерекшеліктеріне мемлекеттің сыртқы саясатының әр түрлі теорияларын мемлекет деңгейінде талдауы мен халықаралық саясат теорияларынын өза ара байланысын толық жан жақты талдауын жатқызуға болады. Оның пікірінше, халықаралық қатынастар элементтері «тіршілік ортасы» әсер ететін объект ретінде зерттеледі. Реалистік теория бәрінен бұрын қандай да болмасын жағдайдың, оқиғаның қашан, қалай не болатындығына емес, не болатындығын ғана түсіндіреді. Теория «ертеңнің» қашан болатындығын айта алмайды. Реальды, нақты өмірдегі жағдайды талдап, салыстыру, болжау әдістері бойынша не болуы мүмкін екендігін ғана айтады. Уолцтің саяси процессті мемлекет деңгейінде жүйелі талдауы (системный анализ) үш белгімен айқындалады. 1. Дедуктивті сипаты 2. Құрылымның ықпалы 3. Мемлекеттің ішкі саясаты мен өзіне тән ерекшелігі.

Лекция Контент-анализ

Контент-анализ (ағ. content- мазмұн) - саяси хабарламалардың мазмұнын объективті түрде, тексерілетін, өлшенетіндей сараптау түрі. Саяси хабарламадағы ақпарат көзі болып табылатын құжаттардың екі түрі болуы мүмкін:

а) ресми (мақала, комитеттер отырысының протоколдары)

б) жеке (күнделік, хаттар).

Контент-анализ жеке саясаткерді зерттеу мүмкіндігін де береді. Осы жердегі зерттеу қай сұраққа жауап беруі мүмкін: белгілі бір басылымда кандидаттың нақты қай қасиеттерін жиі атап өтілуі байқалады? Саяси жанжалдағы жақтардың жалпы бейнесі қандай? Орталық және аймақтық басылымдарда аталмыш көтерілістерін халыққа жеткізілу түрлерінің өзара айырмашылықтары қандай?

Ал контент-анализдің мақсаты: саяси қайраткерлердің әрекеттерін бағалау және болжам жасау.

Контент-анализ қалай жүзеге асады: мәтін мазмұнының белгілі бірліктерін жүйелі түрде айқындап, ерекшелеп, оны фиксацияға тұсіру.

ХХ ғасырда 30ж. контент-анализ алғаш рет Америка Құрама Штаттарында қолданылды: бұл уақытта ол бұқара ақпарат құралдарының насихаттық және жарнамалық жарияланымдарының мазмұнын зерттеу. Мысалы, зерттеуші Лассуэл екінші дүниежүзілік соғыстың материалдарын қолданып, контент-анализдің екі жақсы әрі оптималды жағын айқындады:

а) жүргізілетін зерттеудің субъективті әрі қоғамдық жағдайымен өзара әрекеттесудің арқасында оның технологиясы ақпаратты өңдеудің нәтижелерін бұрмаламайды;

ә) сараптама зерттеуші тікелей түрде қарастырмайтын объектілері жөнінде тұсінікпен қамтамасыз етеді;

Контент-анализді қолдану ортасы: бизнес, саяси сараптама және тәжірибе, оның ішінде әлеуетті министрліктер.

Контент-анализді қолданатын ғылым түрлері: саясаттану, психология, әлеуметтану, математика, журналистика.

ХХ ғасырдың екінші жартысында батыс саясаткерлері контент-анализдің жаңа әдістерін ұсына бастады. "Кездейсоқ емес байланыстардың сараптамасы" (Осгуд Чарльз), "Сөздер жүйесі" (Икер Ромеро), (Агрессияны сараптау" (Лоранц Конрад, австриялық зерттеуші, "Пікірлердің сараптамасы" (Вейсман Стэнли), "Дженерал Инквайрер (Гарвард университеті өзінің зерттеу жұмыстарының жинағын шығарды). Әсіресе өзекті жұмыстар Далер Говард пен Лаклер Генри зерттеушілерінің еңбектері болып табылады; олар канадалық және француз саясаткерлердің сөздеріне сараптама жұмыстарын өткізді; ал Рулоф Демиан және Фрай Дэниелдің жұмыстары шығыс - батыс қатынастарын сараптады.

Контент-анализге арналған еңбектерінің арасында "Стэнфорд жоспарын" айта кету аса маңызды: ол жұмыс халықаралық дағдарысына арналған (1914) жұмысында зерттеушілер жаулас жақтардың бір-біріне ұсынған құжаттарды сараптады. Оған сүйене отырып Циннес дағдарыс кезінде ішкі мемлекеттік ақпараттың позициясының логикалық моделін ұсынды.

Контент-анализдің қолданудағы шарықтау шегі болып ХХ ғасырдың 60-жылдары болып табылады. Осы кезеңді сараптамашылар "әдіснамалық жарылыс" деп атайды, өйткені осы жылдардан бастап есптеуіш электронды машиналар мен компьютерлік технологиясын қолдану кең тарады. Компьютерлік технология да контент-анализдің дамуына ықпал етті, оған дәлел ретінде келесі компьютерлік бағдарламаларды алуға болады:

а) Oasis автоматты жүйесі 2002 АҚШ-ында пайдаланысқа түсті. Ол сіз іздеген ақпаратты радио, теледидар бағдарламаларынан, электронды нұсқадағы құжаттық бетінен тауып алады. Бағдарлама отыз бес тілде жұмыс жасайды, жұмыс жасау форматтары: аудиоақпарат, мәтін, сурет, жалпы басылымдар - газет-журналдар (осы жерде: басылып шығарылатын және электронды басылымдар түрлері). Бағдарламаның жақсы жерлерінің бірі болып дауыстарды тану мүмкіндігі болып табылады: ол ер адам мен әйел адамның дауыстарын ажыратып қана қоймай, әңгіме екі немесе одан да көп адамдар арасында жүрсе, соны ды ажыратып, ақпаратты диалог ретінде ұсынады.

ә) fluent - мәтіндік құжаттағы бар ақпаратты іздеуге көмектесетін электронды бағдарламалардың түрі. Ол үшін сіз өзіңіз іздеген сөз немесе сөз тіркесін тересіз, бағдарлама бұл сөз/сөз тіркесін өз бетімен бірнеше тілде аударып, сол тілде табылған ақпаратты назарыңызға ұсынады. Мысалы, сіз "араб көктемі" жөніндегі ақпаратты іздесеңіз, ол "арабская весна", "arabian spring" және т.с.с. сөз тіркесі бар мақалаларды тауып алады.

б) text date mining бағдарламасы бұйымдар көрсеткішін автоматты тұрде құрастырады. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында осы бағдарламаны заңсыз қаржылық операция мен наркотрафикті бақылау үшін қолданылады екен.

Контент-анализдің түрлері:

а) бағытталған (сандық/мазмұнды) - бәсеке жақтардың көшбасшылары үшін бейбіт түрде жағдайды шешу қаншалықты маңызды деген сұраққа жауапты олардың ресми сөз айтуларында іздеу. Жауабы - 47. Сараптаманы күрделету үшін оның қаншасы жалпы түрде, қаншасы нақты, аталмыш мәселеге қатысты айтылғанын іздестіруге болады.

б) бағытталмаған (сапалық/құрылымды) - анықтап қана қоймай, саясаткердің айтылып кеткен позициясында белгілі бір ұғымның сол жүйедегі басты және басты еместігін, оның қолданылуының нұсқа, детальдерінің деңгейін, эмоционалдық өңін зерттеу.

Манекин өзінің еңбектерінде екі түр жөнінде келесіні жазып шықты:

а) сайлау компаниясы кезінде әр кандидатқа газетте неше колонна бөлінді немесе орталық басылымдарда Африканың мәселелері жөнінде бір жылда неше мақала жазылынды, бұл сан бес-он жыл ішінде өзгеру тенденциясын мысалға келтірді.

б) ішкі-сыртқы оқиғалар, олардың инициаторлары, бағалық пікірі ( өолдау-қолдамауы, қолайлы-қолайсыздығы, тиімділігі мен тиімсіздігі; мемлекеттік партияларының көшбасшыларының мақсаттары, саяси әрекеттерінің объектілері, оған қол жеткізу жолдары (әскерлік акция, экономикалық қысым немесе саяси ықпал) сияқты құбылыстарды мысалға алды.

Контент-анализдің екі түрінен сапалық анализдің маңызы зор: ол қарапайым, арзан әрі дәйекті; бізге керек ақпараттың нобайысы болып табылады.

Дегенмен, контент-анализдің екі түрі болса да, оларға бірдей деңгейде төрт белгі сай:

а) негізділік/дәлелділік

б) дәйектілік

в) әділдік/шындық

г) жүйелік.

Контент-анализді қолданудағы кезеңдер:

1. Ақпаратты іздеу (оны іздеуде бірнеше талап орындалуы тиіс: ақпараттың типі айқындалады, авторын білу маңыздылығы, ақпарат жария болған кезі - мысалы, мақаланың шығу датасы). Зерттеуші іздейтін ақпарат бірлігі - лексикалық символ болып табылады: ақпаратты сөз немесе бір толық сөйлем ашуы мүмкін. Ол сөзді таңдаудағы талаптар:

а) белгілі бір ойды білдіру қажет

б) көп мағыналы болмауы тиіс

в) сөздің идентификациялануы еркін жүруі тиіс.

2. мәтінді құрастыру;

3. Янис коэффичентінің формуласы жүзеге асуы тиіс, яғни жағымды және жағымсыз бағаларды санау және оларды тең ету.Бұл әдіс кейін менеджментте кең таралды, бірақ оны менеджментте "бутерброд жүйесі" деп атайды.

4. сараптаманың негізгі бөлімі болып табылады:осы бөлімде сұраққа жауап тауып, анализдегі акценттер қойылады. Кейін аналитикалық қорытынды жасалынады.

5. верификацяи кезеңі: барлық ақпаратты өңдеу, сынды түрде қайта құрастыру ретінде немесе басқа орындаушылардың зерттеу процесін қайталау арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Бұл кезеңдерді Дридзе өзінің "Текстовая деятельность в структуре социальной коммуникации" кітабында суреттеген еді.

Саяси контент-анализ жасауда ең бірінші жасалынатын қадам - аймақтағы жалпы жағдайды білу. Аймақтағы жалпы жағдайды келесі салалар суреттейді: географиялық, экономикалық, демографиялық, тарихи және мәдени. Осы саладағы ақпарат жалпы мемлекеттік статистиканы құрайды. Оған қол жеткізу көздері: газет, журнал, арнайы жинақтар және дерекқор (база). Ақпаратпен бөлісу көздеріне қарай олар бірнеше мақсатпен шығуы мүмкін: ақпараттау, суреттеу, насихаттау, өзін-өзі ақтау, дезинформация.

Саяси контент-анализ кезеңдері:

1. ақпарат іздеу:ақпарат көзінің типі - пресса, теледидарлық бағдарлама, радиодағы сұхбат, жарнамалық немесе насихаттаушы материалдар);

ақпарат типі - мақала, плакат, мәлімдеме, үнпарақ;

коммуникация үрдісіне қатысушы жақтар: жіберуші мен қабылдаушы;

мәлімдеменің өлшемі: мысалы, төрт-бес бет;

мәлемдеменің шығу жиілігі: әр күн/апта/ай/жыл сайын;

мәлемдемені тарату әдісі: пошта, қолма-қол және т.б.

мәлімдемені тарату ортасы: аудан/облыс/республика/континент.

мәлімдеменің шығу уақыты: мысалы, сайлауға бір апта қалғанда.

2. мәтіннің құрастырылуы;

3. сараптау бірлігін анықтау - оның жеке элементі мен оның белгісін табу;

4. сараптау жұмыстары.

Лисовский мен Евстафьев өздерінің "Избирательные технологии: история, теория и практика" кітабында контент-анализбен байланысты келесі түсініктерді байланыстырды: Q-сұрыптау мен жұптық салыстыру. Q-сұрыптауда екі пункт алынады: біреуі - 1 (қолдаудың ең төмен көрсеткіші), екіншісі - 9 (қолдаудың ең жоғары деңгейі). Осы екі пункт арасындағы шкала арқылы пікірдің жалпы көрінісі шығады. Ал жұптық салыстыруда мысалы, объектіге берілген эфирдің уақыты, газет жолдары, сурет-иллюстрацияларының болу-болмауы, мәтіннің шрифті, газеттің қай полосада шығуы - осының барлығы мазмұнды ұсыну әдісін суреттейді, кейін осы әдіске сүйене отырып, зерттеуші объектісі жөнінде жалпы көріністі құрастырады.

Лекция SWOT-талдау: саяси жарнама 

Менеджмент саласының дамуы ХХ ғасырдың басында орын алып, басқаруды ғылыми түрде ұйымдастыруға болады деген түсініктер қалыптасты. Бұл менеджмент саласындағы жаңа кезеңді бастады. Дегенмен, менеджмент нақты ғылымдарға ұқсамайды. Себебі, басқару барысында нақты ұсыныстармен бірге, алдын ала болжау мен кейбір түсініспеушіліктер орын алады. Ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде стратегиялық менеджмент ұғымына қатысты бірнеше анықтамалар ұсынылады. Дегенмен, олардың барлығы төмендегі үш әдістердің бірімен байланыста болады: 1) ұйымдастырушылық өлшемдеріне назар аударатын әдіс (қоршаған ортаны сараптау); 2) ұйымның ұзақ мерзімді мақсаттары мен оған жету жолдарына сүйенетін әдіс (мақсаттары мен құралдары); 3) стратегияны орындау барысында қызметтік әрекеттерді басты мақсат тұтатын әдіс (қызметтік тәсіл) . Бірінші әдіс стратегиялық жоспарлау тәсілдерімен тығыз байланыста. Қолданылу барысында қоршаған ортаның ықпалы көп әсер етеді. Екінші әдіс бойынша ұйымның мақсаттары анықталу негізіндегі оған жетудің басты құралдарына сүйенеді. Ал, үшінші әдісте стратегиялық сараптама, таңдау және орындау қимылдарына мән беріледі. Сондықтан стратегиялық менеджмент бәсекелестік күнделікті орын алатын қоғамда пайдаланылады. SWOT-талдау әдісін саяси ғылымдарда осы уақытқа дейін А.А. Нұрмағамбетов пен Е.Қ. Алияров сынды т.б. ғалымдар қолданды. Әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды және жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, оның мүмкіндіктері бағаланып, орын алатын қатерлері туралы айтылады. SWOT-талдау жүргізу барысында автор жоғарыда аталған ғалымдардың ережелеріне сүйенді.

Сондықтан, SWOT-талдау барысында төмендегі нәтижелер анықталды:

  1. Жағымды жақтары (Strengths): жарнамалық қызметтің заңнамалық, нормативті-құқықтық негіздері қалыптасты, жарнама саясатын мемлекет қолдайды және реттейді, ел тұрғындарының компьютерлік сауаттылығының жоғарылығы және ақпаратты алудың жоғарғы деңгейде болуы, саяси жарнама билік пен халық арасындағы өзара байланысты орнатады, мемлекеттік БАҚ-тармен қатар, жеке БАҚ-тардың қалыптасуы, билік орындары мен саяси партиялар, халық саяси нарыққа дағдыланды, саяси жарнамалық ақпаратты алудағы және таратудағы мүмкіндіктердің тең дәрежеде пайдаланылады, қоғам саяси құндылықтарды байыпты қабылдайды, әлеуметтік-саяси реформалардың орындалуы хабарланады, азаматтардың саяси тұрақтылықты күшейту қызығушылығын тудырады, саяси лидерлердің қоғамдағы жоғарғы рөлі көрсетіледі, сайлау науқаны кезеңінде электорат тек тұғырнамамен танысып қана қоймай, олардың нақты ұстанымдарын ұрандар арқылы қабылдайды.

  2. Жағымсыз жақтары (Weaknesses): саяси жарнамада манипуляциялық тәсілдерге ерекше мән беріледі, аталған сала бойынша мамандардың аздығы, заңнамалық құжаттарда саяси жарнама туралы тек үгіт ретінде көрсетіледі, жарнамада саяси нарықтың сегментация принциптеріне, яғни, географиялық, мінез-құлықтық, демографиялық себептеріне мән берілмейді, азаматтар саяси жарнаманы тек сайлауалды үгіт-насихат кезеңінде тікелей түрін қабылдайтындықтан, электораларалық кезеңдегі жанама (тікелей емес) әсерін байқамайды.

  3. Мүмкіндіктері (Opportunities): қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланыс шарттарын қамтамасыз етеді, сәтті орындалып жатқан саяси реформалар жаңа заңнамалық, нормативті-құқықтық негізін қалыптастырады, қоғам мүшелері саяси реформалардың жүргізілу маңыздылығын түсінеді, адамгершілік құндылықтарын үндейді, саяси жарнаманың қолдану салаларына мемлекеттік көмек, электораттың саяси мәдениетінің деңгейін көтереді.

  4. Қатерлері (Threats): жасанды саяси имидж дайындалады, саяси жарнаманы реттеудегі заңнамалық базаның әлсіздігі жөнсіз жарнаманы пайдалануға әкеледі, мамандарды дайындаудағы тиімді жүйенің жоқтығы, сайлау науқаны кезеңінде “лас” технологиялар қолданылады.

Халықаралық және аймақтық зерттеудегі салыстырмалы талдау

Зерттеу феноменіндегі жалпы және ерекшелікті айқындаудың негізгі принципі-индукция мен дедукцияны біріктіру, салыстыру арқылы өзгерісті, ұқсастық пен айырмашылықты, олардың себептерін айқындау әдісі, феноменнің, оқиғаның, үрдістің дамуына болжам жасау және түсіндіру әдісі.

Басты методологиялық бағыт–оқиғаны, фактілерді, жағдайды, үрдістер мен ұғымдарды салыстыру.

1.Салыстырмалы зерттеу этноцентризмнен алыс болуға мүмкіндік береді.

2. Салыстырмалы зерттеу феномендер арасындағы арақатынасқа қатысты болжамдар мен ұғымдарды, олармен байланысты теорияларды тексеру, талдап қорыту, қайта қарауға мүмкіндік береді.

Салыстырмалы талдау түрлері:

1. Сандық: құбылыстың шашыраңқы белгілерін зерттеуге бағытталады.

2. Сапалық: өзгерістерді салыстыруға бағыталады.

Салыстырмалы зерттеудің сипаты:

  • Статистикалық зерттеу;

  • Динамикалық зерттеу;

Салыстырмалы зерттеуді ұйымдастыруда қолданылатындар бірі-өзгермелілік ұғымы зерттеу үрдісінде зерттелуші феноменнің өзгермелі сапасын айқындайды

Салыстырмалы талдаудың негізгі проблемалары:

Салыстырылу проблемасы

Эквиваленттік проблемасы

Универсалдық проблемасы

Салыстырылатын жағдай санының аздығы проблемасы мен өзгеріс санының көптігі (салыстырмалы талдаудың негізгі кемшіліктерінің бірі).

Гэлтон проблемасызертелуші процеске сыртқы фактор ықпалы проблемасы

Өлшем проблемасы - салыстырмалы зерттеуді өлшеу;

Интерпретация проблемасы – бастапқы параметр мен өзгерісті таңдауда зерттеушінің субъективті позициясы сапалық талдау кезінде пайда болады,

Салыстырудың негізгі түрлері:

  1. Case-study

  2. Бинарлы салыстыру

  3. Аймақтық салыстыру;

  4. Жаһандық талдау;

  5. Кросс-темпоральы салыстыру