- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Лекция № 1-2
- •Лекция № 3-4 Аймақтық үрдістерді сараптаудың дәстүрлі тәсілдері және оның методологиясы
- •Лекция № 5-6 Жалпы ғылыми (жалпы логикалық) тәсілдер
- •Лекция №7-8 Аймақтық талдау әдістері
- •Реалистік бағыт, неореализм сыртқы саясатта
- •Лекция Контент-анализ
- •13. Проблема метода в международных исследованиях
- •14. Специфика методологии международных исследований
- •15. Характеристика основных методов
- •18. Типология методов международных исследований
- •II. Экспликативные методы
- •III. Прогностические методы
- •16. Проблема выбора методов
- •17. Сочетание методов исследования
- •19. Наблюдение. Характеристика. Сфера применения. Основные достоинства и недостатки
- •20. Эксперимент. Характеристика. Сфера применения. Основные достоинства и недостатки
- •21. Контент-анализ. Характеристика. Сфера применения. Основные достоинства и недостатки
- •22. Ивент-анализ. Характеристика. Сфера применения. Основные достоинства и недостатки
- •23. Регрессионный анализ в международных и региональных исследованиях Статистический метод, который используется для оценки отношений между (двумя) переменными.
- •24. Индукция и дедукция в международных и региональных исследованиях
- •25. Дисперсионный анализ в международных и региональных исследованиях
- •26. Факторный анализ в международных и региональных исследованиях
- •27. Вычисление средних величин
- •28. Новейшие направления методологических поисков в современной теории мо
- •31. Основные этапы работы исследователя. Их характеристика
- •1) Формулирование теории
- •2) Подготовка плана исследования (или операционализация исследования)
- •3) Выбор методов исследования
- •4) Сбор информации
- •5) Анализ полученной информации
- •6) Интерпретация результатов исследования
- •«Аймақтық зерттеу әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша семинар сабақтарына және аралық бақылау сұрақтарына дайындалу мен рефераттар жазу үшін (әдістемелік) методикалық кеңес
- •16. Краснов б.И., Авцинова г.И., Сосина и.А. Политический анализ, прогноз, технологии. М.: Аспект Пресс. 2005.
- •«Аймақтық зерттеулер әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары
- •15. Сабақ тақырыбы: Аймақтық үрдістерді саяси талдауда үлгілеу әдісі (2 сағ)
- •Rgnl12019 «Аймақтық зерттеулер әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •«Аймақтық зерттеу әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша семинар сабақтарына және аралық бақылау сұрақтарына дайындалу мен рефераттар жазу үшін (әдістемелік) методикалық кеңес
Лекция №7-8 Аймақтық талдау әдістері
Аймақтанушы мамандар өз зерттеулерінде кең көлемде кешенді ғылыми әдісті қолданады. Олардың маңыздылары:
Жүйелік анализ (талдау ) Системный анализ.
Жүйелік талдау ғылыми әдістер мен практикалық тәсілдердің жиынтығы, ол әлеуметтік-экономикалық, саяси және технологиялық жүйелерді басқару процессінде, барлық сала қызметінде пайда болған күрделі және өте күрделі объектілерді зерттеу мен қайта жинап құрастыруда және әр түрлі проблемаларды шешуде қолданылады. Қазіргі уақыттағы күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе - аймақтар әлемнің субъектілері болып саналады. Мысалы, әлемнің әр түрлі аймақтары мен көршілес мемлекеттер.
Жүйелік талдаудың сипатты белгілері - жүйе қызметінің мақсатын анықтау мен реттеуден басталатын және қызмет барысында пайда болған аймақтық проблемаларды неғұрлым тиімді шешу жолдарын іздеу болып табылады. Сонымен бірге, аймақтық проблемаларды шешудің мақсаты мен мүмкін жолдарын табудың, оны жүзеге асыру мен оған қажетті ресурстардың сәйкестігі айқындалады. (Мысалы, Қырғызстандағы мемлекеттік дағдарыс кезінде Қазақстан көршілес елдің, аймақтың проблемасын шешу мақсатын қойды, оның мүмкін жолдарын іздеді, жүзеге асыру мен қажетті ресурстарды анықтады. Қырғызстанды қамтыған дағдарыстың, шиеленістің кең қанат жаймауы, Қазақстанға енбеуі қатаң қадағаланды және көршілес елге экономикалық көмек берілді)
Бұл әдіс жүйелі зерттеудің бір ретке келтірілген, логикалық негізделген тәсілі ретінде сипатталады және бұрыннан белгілі әдістерді қолдану мен проблеманы шешуде пайдаланылады.
Бірінші кезекте жүйелік талдау әдісі әртүрлі элементтер мен құрамының өзара байланысы ішінара ғана айқындалған, белгісіздік факторының ықпалы күшті әлсіз құрылымдық жүйені зерттеу мен реттеуде қолданылады. (Мысалы, Қырғызстандағы шиеленіс жағдайында әр түрлі элементтер алаңға шықты, олардың құрамында ел келешегін ойлаған тұлғалармен қатар тонаушылар, мородерлар, қылмыскерлер және арандатушылар да болды, олардың өзара ішкі байланысы тұрақты болған жоқ, әрқайсысының өз мүдесі болды. Жалпы құрылымдық жүйе әлсіз болып, ертеңгі күн белгісіздік факторының ықпалында болды)
Жүйелік талдау әдісінің мақсаты аймақтық проблемаларда пайдаланылатын ресурстарды қолданудың сандық және сапалық сәйкестігі көзқарасы тұрғысында әрекет етудің әр түрлі вариантарын толық және жан жақты тексеру мен зерттеу негізінде шешімнің неғұрлым тиімді, дұрыс вариантын таңдауда нақты практикалық кеңес беру.
Жүйелік талдау методологиясын зерттеуші ғалымдардың пікірінше, оның маңызды міндеттері мыналар:
- проблеманы дұрыс және мүмкіндігінше айқын анықтау, оны құрылымы қалыптаспаған деңгейінен, құрылымы әлсіз деңгейіне көтеру;
- жүйені одан әрі талдауда және проблеманы зерттеу мен шешуде іс шаралар нобайын (үлгісін) белгілеу үшін іске қатысты, неғұрлым толық ақпарат жинау;
- толық көлемде жүйенің міндетін анықтау, оның проблеманы шешу мақсатында басқа жүйемен қара қарым қатынасы мен әрекет ету әдісін, оның құрамын айқындауын түсіну;
- келесі жолы шешім қабылдау үшін, ақпарат дайындау мақсатында және келешекте болуы мүмкін, әр түрлі сыртқы жағдайда жүйені дамытудың әр түрлі варианттарын жасау
- белгілі бір сыртқы саясат жағдайында және келешекте олардың өзгеру динамикасын есепке алып жүйені дамытудың бірден бір дұрыс жолын таңдау;
- әлеуметтік-экономикалық объектілердің негізгі даму мақсатын айқындау, оларды қызмет түріне және жүйеге байланысына қатысты детальды түрде қарастыру;
- жүйе қызметінің тиімділігі критерийін және критерилер тиімділігінің өзара байланысын анықтау;
- саяси үрдісте экономикалық жүйенің сатылы жүйелерінің өзара тиімділігін тексеру, пайда болған диспропорцияны, сәйкессіздікті және әлсіз буынды анықтау мен оны түзету шараларын белгілеу;
- күрделі кешенді жобаны жасаудағы басшылықты ретке келтіру, басқарудың негізгі функцияларын айқындау және осы негізде басқарудың ұйымдық құрылымын негіздеу;
Баланстық әдіс (Балансовый метод)
Бұл әдіс аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешенінің әр түрлі салалары арасында үйлесімді немесе қайшылықты қарым қатынасты зерттеуге және мүмкіндік береді. Баланстық әдіс көп жағдайда ішкі аймақтық және аймақаралық байланыстарды талдауда қолданылады. Ішкі аймақтық байланыстар аймақ ішіндегі микробайланыстарды қалыптастыру мен дамыту, олардың үйлесімділігін зерттейді және тиімді жол, бағыт ұсынады. Мыс: Қазақстанның ішкі жағдайында солтүстік өңірлердің бидай өндіруі, оңтүстіктің көкөніс өндіруі және бірін бірі қажетті өнім түрлерімен қамтамасыз етуін, өзара қалыпты байланыс орнатуды қарастырады. Сонымен қатар, Орталық Азия аймағы тұрғысындада бір бірімен байланыс жолдары мен тиімділігінің бағытын зерттейді. Аймақаралық байланыс макро байланыс тұрғысында басқа аймақпен байланыс жасау жолдары, қажеттілігі, сұраныс пен ұсыныс т.б. зерттеу нысанасы болады. Баланыстарды (мыс:салалық, аймақтық, аймақаралық) тұрғыда жасау мен зерттеу аймақтың кешенді даму деңгейін көрсетуде, олардың дамуының диспроциясын анықтауда қолданылады.
Баланстық тәсілдің мазмұны аймақ территориясына әртүрлі өндіріс орындарын орналастыруды, оны отын-энергетикалық, еңбек және су ресурстарымен, шикізатпен қамтамасыз ету есебін экономикалық жағынан негіздеуде, дәлеледеуде қолданылады.
Жасалып жатқан немесе талданған баланыстар қатарына, оның ішінде аймақтық баланыстар қатарына жататындар:
- Экономиканың жоспарланған немесе есепті кезеңіндегі деңгейін, ұдайы өндірістің масштабы мен қарқынын, сонымен қатар, жалпы мемлекеттік маңызды пропорцияны сипаттайтын халық шаруашылығы-жүйесінің экономикалық көрсеткіштер таблицасының балансы. Баланстың көмегімен барлық бөлімдер мен көрсеткіштердің, маңызды құрылымдық пропорцияның өзара байланысы мен бірлігі қамтамасыз етіледі. Бұл тұтыну қоры мен ұлттық табыстың қорлану қоры арасындағы, өндірістің өндіріс құралдарын өндіру мен тұтыну заттары арасындағы, ақшалай табыс пен оның ақылы қызыметпен және тауармен қамтамасыз ету арасындағы арақатынас;
- Негізгі қорлар баланысы – негізгі қордың жоспар бойынша немесе есеп бойынша қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі; қордың құрылымы және көлемі, олардың қозғалысы, негізгі қордың өсу қарқыны және арақатынасы жөніндегі мәліметті алу үшін есептелінеді.
- еңбек ресурстарының балансы – қолдағы бар еңбек ресурстары мен оларды пайдаланудың арақатынасын сипаттайтын, қызметкерлерге сұранысты және оны қанағаттандыру көзін салыстыруға мүмкіндік беретін жүйе көрсеткіші.
- Ауылшаруашылығы балансы –ауыл шаруашылығы өндірістің қарқыны мен азық түлікті тұтынуды, қолда бары мен саланың ресурстық потенциалын пайдаланумен сипатталатын, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың негізгі экономикалық көрсеткіштері жүйесі.
- пайдаланылатын жерлер баланысы – жер категориясы бойынша жерді пайдаланушылар мен қолданыстағы жердің түрлерін оның ішінде суландырылған және құрғатылған қолдағы бар және пайдаланылатын жерлердің өзгеруін сипаттайтын жүйе көрсеткіші;
- салааралық баланс – халық шаруашылығындағы өндірістік байланыстардың экономикалық-математикалық моделі. Оның көмегімен негізгі халық шаруашылығы пропорциясын детальдау, нақтылау салалық және салааралық қатынастарда қамтамасыз етіледі, табиғи нақты және бағалық көрінісінің арақатынасы қарастырылады.
- төлем балансы – елдің өз ішіндегі, шетелге төлемінің және шетелден төлемнің белгілі бір кезеңде (айда, кварталда, жылда) түсу арақатынасын сипаттайтын жүйе көрсеткіші.
- өндіріс қуатының балансы – белгілі бір өнеркәсіп өнімі түрлерін шығаруда қолдағы бар, қозғалыстағы және қолданыстағы өндіріс қуатын сипаттайтын жүйе көрсеткіші.
- жұмыс уақытының балансы – жұмыс уақыты қорын тиімді пайдалану есебінен еңбек өнімділігін арттыру резервін айқындау және қызметкерлер санын анықтау мақсатында қолданылады.
Сонымен қатар, басқа да баланс түрлері кең қолданылады. Олар: сауда, есептесу, құрал жабдық айналысы, халықтың ақшалай табысы, кірісі мен шығысы т.б.
Жүйелеу әдісі. Метод систематизации
Жүйелеу әдісі зерттеу мақсатына байланысты белгілі бір ортақтығы мен ерекше белгілері бойынша таңдап алынған критерилер жиынтығымен сипатталатын зерттелетін құбылысты жіктеп, бөлшектеп талдаумен тікелей байланысты.
Жүйе – бұл бір бірімен қатынаста және өзара байланыста болатын белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын көптеген элементтер. Жүйені көпшілік жағдайда құбылыстар мен процесті зерттеуде инструмент (құрал) ретінде қарастырылады. Оның міндеті аталған жүйені қоршаған ортадан бөліп алып, оның кіруі және шығуын, оның құрылымын талдап, қызмет ету механизмін көрсету болып табылады.
Жүйелеу әдісін классификациялау, типологиялау, шоғырланумен қатысты белгілі бір тәсіл ретінде қарастырады.
Экономикалық-географиялық зерттеу әдісі.
Метод экономико-географического исследования
Экономикалық-географиялық зерттеу әдісі құрамдас үш топқа бөлінеді: Аймақтық әдіс – аймақтың, территорияның қалыптасу және даму барысын, аймақтың даму үрдісінде қоғамдық өндірісті орналастыру мен дамытуды зерттейді. Салалық әдіс – экономика саласының қалыптасу жолдары мен қызмет етуін географиялық аспектіде қарастырып, сала бойынша қоғамдық өндірісті орналастыру мен дамытуды зерттейді. Жергілікті әдіс – жекеленген қалалар мен елді мекендерде өндірістің қалыптасу жолы мен дамытуды зерттейді.
Картографиялық әдіс (Картографический метод)
Аймақтық экономикада математикалық әдістерді қолданатын ғылыми зерттеу бағыты, аймақтық модельдеу немесе регионометрика деп аталады. Сонымен қатар, аймақты дәл осылай, тар шеңберде экономикалық тұрғыда картографиялық әдіспен де зерттейді. Картографиялық әдіс бұл – аймақтанудың арнайы зерттеу әдісі. Карта белгілі бір білім көздерінің бірі, өндіргіш күштерді әрбір аймаққа орналастыруда ақпаратпен байыту, толықтыру, таныстыру дерегі, бірінші кезекте аймаққа өндіріс орындарын орналастырудың ерекшелігін айқын көрсетеді. Картаның картасхема, картадиаграмма, картограмма арқасында аймақ территориясындағы әлеуметтік-экономикалық кешендерді, өндіріс орындары мен салаларды орналастыру ерекшеліктері жақсы қабылданып, жақсы есте сақталып қана қоймайды, аймақтың жекеленген бөліктерінің даму деңгейінің сандық көрсеткіштерін де сипаттайды. Картаны зерттеушілер арасында «территория образының моделі» деп атайды, картада шартты белгілер көмегімен объектілер, кешенді құрылыстар және олардың өзара байланысы көрсетіліп зерттеледі.
Таксонированиялық әдіс (Метод таксонирования)
Таксонированиялық әдіс белгілі бір аймақты, территорияны өзара сәйкесті, байланысты немесе иерархиялық бағынышты саяси-экономикалық таксонға бөлу процессін түсіндіреді. Таксондар – тең мағыналы немесе өзара бағынышты территориялар құрылымы, мысалы, белгілі бір экономикалық даму үрдісінде өзара байланысты ортақ мүделі әкімшілік аудандарға бөлінуі. Қандай деңгейде болмасын, экономикалық аудандарға бөлу, не жаңа экономикалық аудандар құру процесі таксонированиялау деп саналады. Таксонированияландыру нысандары ретінде аймақтар алынғандықтан, көпшілік жағдайда «аймақтандыру» ұғымы деп қолданылады.
Отандық және шетелдің ғылыми тәжірибесінде қоғамдық қызметте көпшілік жағдайда таксондар, немесе таксондық бірліктер деп аймақтың, территорияның халық орналасқан тұрақты экономикалық байланыс құрылымы қалыптасқан елді мекендер модулі – қалалар, селолық аудандар, стандартты метрополиялық бөліктер, сонымен қатар, олардың жоғары сатысындағы әкімшілік құрылымы – облыстар, өлке, провинция, штат т.б. аталады.
Нұсқалық әдіс (Вариантный метод)
Нұсқалық әдіс – көпшілік жағдайда аймақ территориясына өндіргіш күштерін орналастыру процесінде схема жасау барысында, алғашқы кезеңде жоспарлау мен жобалау кезеңінде қолданылады. Ол белгілі бір аймақта немесе оның аудандарында шаруашылықты дамыту деңгейінің әр түрлі нұсқаларын қарастырады. Аймақ бойынша территориялық экономикалық тепе теңдікті сақтау мен дамыту жолдарын зерттеумен қатар, аймақта тұрақтылықты сақтау, тиімді саяси-әлеуметтік климатты қамтамасыз етудің әр түрлі нұсқаларын ұсынады.
Индекстік әдіс (Индексный метод)
Индекстік әдіс аймақтың әлеуметтік-экономикалық мамандану деңгейінің сандық көрсеткішін анықтауда қолданылады. Негізіне: локальдық, өндірістің жан басына шаққандағы және аймақаралық тауарлылық коэффициенті алынады.
Локальдық (жергілікті) коэффициент - аймақ территориясындағы өндірістің аймақ өндірісі құрылымының салалық үлесіндегі және мемлекеттің осы саласындағы үлесінің көрсеткіші
Өндірістің жан басына шаққандағы коэффициенті- аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешеніндегі саланың мемлекеттің осы сәйкесті саласының ел халқының үлестік салмағына қатынасы.
Аймақаралық тауарлылық коэффициенті – аймақтан шығарылған белгілі бір өнімнің оның аймақтық өндіріске қатынасы көрсеткіші
Әлеуметтік зерттеу әдістері
Методы социологических исследований
Қазіргі уақытта ең көп қолданылатын әдістердің бірі - әлеуметтік зерттеу әдістері. Олар сипатына, мазмұнына, зерттеу мақсатына сәйкес әр түрлі:
Стандартты немесе қалыпты интервью. Жекеленген субъектілерден (адамдардан) мнтервью алу арқылы қоғамдағы жағдайға немесе бір саяси, экономикалық, әлеуметтік процеске пікірін көзқарасын біледі.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешені саласы мен әр түрлі тарамдарының өкілдерімен жеке пікірлесу, әңгімелесу арқылы (индивидуальное собеседование) талдау жасау;
Аймақтың басшылығындағы элиталарымен, ғалымдармен, мамандармен т.б. интерьвью немесе көпшілік алдындағы сөйлеген сөздеріне контент-анализ жасау;
Әлеуметтанушылардың басты ақпараттық объектілері:
Демографиялық жағдай–туу, өлім, халықтың миграциясы, табиғи өсім моделінің жиынтығы
Психологиялық ахуал – адамдар тәртібіндегі өзгеріс мотиві мен ықпал етуші жағдай
Қоғамдық жағдай – ұйымдар, топтар, таптар мен әлеуметтік жіктер жөнінде ақпарат
Қарам қатынас ахуалы – адамдардың өзара қарым қатынасы мен олардың ұстанған позициясы мен әлеуметтік ролі туралы мәлімет
Мәдени танымдық ахуал – мәдениеттің өмірдегі нормалары мен құндылықтарымен байланысты
В социологические исследования активно внедряются математические и статистические методы.
Важное место в региональных исследованиях занимают методы сопоставления региональных уровней жизни населения и прогнозирования развития региональной социальной инфраструктуры. Для анализа уровня жизни населения регионов центральными экономическими органами разработана методика сопоставления на основе системы синтетических и частных показателей. В конечном счете основная цель территориального анализа уровня жизни населения заключается в выявлении фактически сложившихся различий в уровне жизни и достижении относительно равной степени удовлетворения потребностей населения всех регионов Российской Федерации. А уровень жизни населения непосредственно связан с развитием региональной социальной инфраструктуры.
Можно отметить также метод зонирования — выделение территорий, которые обладают однородностью по какому-либо фактору (например, количеству осадков, плотности населения, качеству почв, рельефу и т. д.); метод потенциалов развития — решение проблем подъема экономики регионов и выравнивания их уровней развития с помощью изучения природно-ресурсного потенциала, экономических и демографических факторов, т. е. регионы сравниваются по факторам, что отражается в соответствующих показателях; метод приоритетов — на основе анализа объективных данных определяется очередность развития элементов социально-экономического комплекса региона.
Таким образом, изучение региональных социально-экономических систем опирается на довольно широкий круг методов и способов, которыми активно пользовались и пользуются регионоведы.
