Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Аймақтануды зерттеу әд.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
232.36 Кб
Скачать

Лекция № 5-6 Жалпы ғылыми (жалпы логикалық) тәсілдер

Адам өзінің танымдық қызметінде оның ішінде, ғылыми зерттеу бағытында да саналы түрде, немесе кездейсоқ болса да әр түрлі әдістерді қолданады. Ғылыми танымда методологиялық талдау процессі зерттеудің әдістері мен тәсілдерінің екі түрін айқындайды.

Бірінші, тұтастай адамның танымына тән әдістер мен тәсілдер және оның негізінде ғылыми да және күнделікті таным қалыптасады. Оған анализ, синтез, индукция, дедукция, абстрактілеу, қорытындылау және басқалары жатады. Оларды шартты түрде жалпы логикалық әдістер деп те атайды;

Екіншіден: ерекше әдістер мен тәсілдер бар, олар тек қана ғылыми танымға байланысты ғылыми зерттеу әдістері.

Олар өз кезегінде, екі негізгі топқа бөлінеді: эмпирстік білім құру, қалыптастыру әдісі және теориялық білім құру әдісі. Біз бұл мәселені де талдаймыз.

Бірінші ғылыми танымның жалпылогикалық әдістері мен тәсілдеріне тоқталып өтелік. Жалпылогикалық әдістер негізінде біртіндеп, бірінен соң бірін, қадам сайын сатылап зерттеу нысананың маңызды ішкі белгілерінің, оның элементтерінің байланыстары және олардың бір бірімен өзара байланыстары мен іс әрекеттері ашыла түседі. (Мысалы, Египеттегі Мүбаракты биліктен кетіру неге туып отыр, себептері қандай). Бұл қадамды жүзеге асыру үшін тұтас нәрсені, мысалы бір саяси жағдайды немесе оқиғаны практика жүзінде не ойша оның құрамдас бөлімдерге бөліп тастаймыз. Одан кейін оның әрқайсысын жеке жеке олардың сипаты мен белгілерін, өзара байланысын, аталған тұтас оқиғаға не саяси жағдайға қандай деңгейде қатысы бар, қандай роль атқарады соны зерттейміз. Содан кейін, олардың әрқайсысы жөнінде түсінік қалыптасқан соң, яғни танымдық мәселе шешілгеннен соң, оларды тұтас бір мәселе ретінде біріктіреміз. (Мысалы, Египетте үкіметке қарсы халықтың жаппай наразылығы басталды. Мүбәрактың биліктен кетуін талап етті. Бұл оқиға не себептен болды. Оны бөліп бөліп, жіктеп қараймыз. Мүбәрактың 1981 жылдан бері 30 жыл билікте отыруы себеп пе. Халықтың тұрмыс жағдай төмендеді ме. Соңғы жылдардағы халықтың табыс деңгейі қандай. Египеттің әлемдік экономикадағы ықпалы, орыны қалай. ЕвроОдақпен жақындасуының себебі болуы мүмкін бе. Европаға араб елдері мұнай жіберіп отырған Суэц каналын бақылап отыруының себебі бар ма. АҚШ осы оқиғаға қатысы бар ма. АҚШ Египетті әлсіретіп Европаға мұнай жіберуді азайту мақсатын ұстануы мүмкін бе. Египеттегі халық наразылығына АҚШ барлау ұйымының қатысы болуы мүмкін бе – міне осы сұрақтар жеке жеке талданып соңынан тұтас мәселені ашу үшін біріктіріледі.) Оқиғаның тұтас бейнесін жасаған соң одан нақты ғылыми негізделген түсінік пен ұғым қалыптастырамыз. Бұл міндет анализ және синтез операциясы, әдісі арқылы жүзеге асырылады.

Анализ – тұтас мәселені толық, жан жақты түсіну үшін оны құраушы элементтерге бөліп тастап зерттеу. (Олардың әрқайсысының белгілері, өзара қатынасы, сипаты, әр жақтың әсері, ықпалы т.б)

Синтез – бұрын бөлшектеніп тасталғандарды біріктіру, жинақтау, мәселенің біртұтас бейнесін құрау (Тараптардың әсері, ықпалы, олардың әрқайсысының белгілері, ерекшеліктері, өзара қатынасы, сипаты т.б)

Бұл танымдық операциялардың объективті алғы шарттары нақты объектінің құрылымдық белгілері (структурность) олардың элементтерінің топтарға бөлінуі, жіктелуі және оларды біріктіру мен ажырату мүмкіндігінің болуы.

Анализ бен синтез (кейбір ғылыми әдебиеттерде анализді талдау, синтез ұғымын жинақтау немесе біріктіру деп алады) ғылыми зерттеуде танымның қарапайым тәсілдері, оның фундаментінде, іргетасында адамның ойлау процессі, ақыл ойы жатыр. Сонымен қатар, анализ бен синтез зерттеудің барлық деңгейінде, түріне сай келетін универсальды (әмбебап) әдіс.

Тағы да бір кең қолданылатын жалпылогикалық әдіс бұл-абстрактілеу. Бұл ойлаудың ерекше тәсілі, зерттеліп жатқан құбылысты, саяси процесті немесе мәселені белгісі мен сипатыннан ажыратып ойша дерексіздендіріп қарастыру. Әр түрлі ұғымдар мен категорияларды, жүйені қарастыру. (Мысалы, Египеттегі жағдайға қайта оралсақ, онда халық наразылығы неге туды, кімдер итермеледі, ЕвроОдақ мемлекеттері, АҚШ қандай саясат ұстанып отыр мұның барлығын назардан тыс қалдырамыз да қандай жағдайда болмасын, қайтсек жағдайды қалыпқа келтіруге болады, шиеленісті қалай шешуге болады. Міне осы мәселе маңызды)

Объективті ақиқат нәрселер, құбылыстар, оқиғалардың т.б. тұтас құрылымының өздеріне тән қасиеті мен ерекщеліктері бар, олар бірін бірі толықтырады, немесе осы қасиеттерімен ерекшеленеді. Солай болғанымен олар белгілі бір ортақ қызмет, функция атқарып құбылысты, оқиғаны түсіндіреді. Мысалы, адамның бес саусағы секілді. Әр саусақ сыртқы пішіні, формасы әр түрлі болғанымен барлығы бірігіп бір ортақ функциональды қызмет атқарады. Зерттеудің әдістері де осылай ортақ бір мәселені шешуге, түсінуге жұмылдырылады.

Бірқатар объектілердің өзара қатынасы мен қасиетін, ерекшеліктерін абстрактілі түрде қарау, айқындау арқылы біз оларды бір топқа біріктіруге негіз қаланады. Аталған топқа кіретін әрбір объектінің жеке белгілері біріктіруге себеп болады.

Қорытындылау (Обобщение) – ой қорытындысы негізіндегі әдіс, нәтижесінде тұтас біріккен объектінің ортақ қасиеті мен белгілері қалыптасады. Мысалы, қайың, емен, қарағай деген ұғымдардан біз «ағаш» немесе «жапырақты ағаш» ұғымын қалыптастырамыз. Белгілі объекті тар ұғымнан кең, ауқымды ұғымға көшеміз. Халықаралық қатынастарда Сингапур, Гонконг, Индонезия, Оң Корея ұғымы – жаңа индустриалы елдер деген ұғымға өтуге мүмкіндік береді. Ал, Ресей, Қазақстан, Украина т.б – ТМД ұғымын тудырады.

Зерттеу процессі кезінде білімге сүйене отырып белгісіз объект жөнінде қорытынды жасау жиі кездеседі. Белгіліден, немесе бар білімге сүйеніп белгісізді тануға қадам жасағанда жекеленген белгілі фактілерге сүйеніп жалпы қорытынды жасауға тура келеді. Немесе, керісінше жалпы белгілі нысананы негізге алып жекелеген мәселелерге қорытынды жасаймыз. (Мысалы, Динара жақсы, білімді студент дегеннен 1 курс жақсы оқиды деп қорытынды жасауға болады, немесе керісінше жалпы 1 курс жақсы оқиды десек, жекеленген топ студенттерін жақсы деуге болады). Осы жағдайда бір көзқарастан екіншісіне өту логикалық операция индукция мен дедукция арқылы жүзеге асырылады.

Индукция - жалпы шешім жекеленген ой пікір, көзқарас негізінде қорытындыланып шығарылатын талдау тәсілі мен зерттеу әдісі. Индукцияның негізі – тәжірибе, эксперимент және бақылау болып табылады. Аталғандар негізінде жекеленген фактілер жинақталады. Бұл фактілерді зерттеу, талдау арқылы бірқатар құбылыстардың жалпы және қайталанатын белгілерлердің белгілі бір топқа жататындығын немесе кіретіндігін айқындаймыз.

Дедукция индукциядан ойдың, пікірдің қозғалысы барысының қарама қарсылығымен айқындалады. Дедукция жалпы білімге сүйеніп жекелік сипатта шешім қабылдайды. Мысалы, араб елдері ұғымына – Сауд Арабиясы, БАӘ т.б араб мем.кіреді. Мұсылылман мем. ұғымына Сауд Арабиясы, БАӘ, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан т.б. кіреді.

Сонымен, дедукция – жалпы білім, ой-пікір негізінде жекеленген мәселелерге қорытынды жасап талдау тәсілі. Дедукцияның басты ерекшелігінің бірі - міндетті жалпы пікірге сүйенуі. (Мысалы, террор болса оны мұсылмандар жасады деп мұсылмандар террористер деген қорытынды жасау деу т.б,)

Бізді қоршаған ортаның, саяси оқиғаның, құбылыстардың ерекшеліктерін, белгілерін зерттеуде оларды тұтастай, толық көлемде бірден түсіну, білу, айқындау мүмкін емес. Оларды біртіндеп, әрбір қадам жасай отырып бірнеше жаңа ерекшеліктерін, белгілерін түсіне бастаймыз. Кейбір саяси оқиғаларды, құбылыстарды қарастырғанда, олардың екінші бір бізге белгілі, айқын оқиғаларға ұқсастықтарын байқаймыз. Осындай ұқсастықтарды таба отырып, сәйкес келетін көптеген ортақ белгілерін, ұқсас жақтарын салыстырып зерттеу жүргіземіз. Осындай талдау процессін аналогия деп атаймыз. Аналогия – бір объектінің, саяси процестің бір белгілерінің келісі объектінің белгілерімен ұқсастықтары негізінде салыстырып талдаудың таным тәсілі. Мысалы, халықаралық жағдайдағы саяси оқиғалардың ұқсастығы. (Ирак немесе Ливиядағы саяси ахуалдың ұқсастықтары – мұнай, ішкі жағдайдың шиеленісуі, сыртқы күштер ықпалы, олар әлемдегі мемлекеттердің әлсіз буыны, үзілуі, шешілуі мүмкін).

Аналогияда ой қорытындысын жасау арқылы бір объектіден келесі объектіге ақпаратты көшіру модельдеу әдісінің негізін қалайды. Модельдеу – бұл объектіні, оргинальды оның көшірмесін жасау және зерттеу жолымен қарастыру.