- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Лекция № 1-2
- •Лекция № 3-4 Аймақтық үрдістерді сараптаудың дәстүрлі тәсілдері және оның методологиясы
- •Лекция № 5-6 Жалпы ғылыми (жалпы логикалық) тәсілдер
- •Лекция №7-8 Аймақтық талдау әдістері
- •Реалистік бағыт, неореализм сыртқы саясатта
- •Лекция Контент-анализ
- •13. Проблема метода в международных исследованиях
- •14. Специфика методологии международных исследований
- •15. Характеристика основных методов
- •18. Типология методов международных исследований
- •II. Экспликативные методы
- •III. Прогностические методы
- •16. Проблема выбора методов
- •17. Сочетание методов исследования
- •19. Наблюдение. Характеристика. Сфера применения. Основные достоинства и недостатки
- •20. Эксперимент. Характеристика. Сфера применения. Основные достоинства и недостатки
- •21. Контент-анализ. Характеристика. Сфера применения. Основные достоинства и недостатки
- •22. Ивент-анализ. Характеристика. Сфера применения. Основные достоинства и недостатки
- •23. Регрессионный анализ в международных и региональных исследованиях Статистический метод, который используется для оценки отношений между (двумя) переменными.
- •24. Индукция и дедукция в международных и региональных исследованиях
- •25. Дисперсионный анализ в международных и региональных исследованиях
- •26. Факторный анализ в международных и региональных исследованиях
- •27. Вычисление средних величин
- •28. Новейшие направления методологических поисков в современной теории мо
- •31. Основные этапы работы исследователя. Их характеристика
- •1) Формулирование теории
- •2) Подготовка плана исследования (или операционализация исследования)
- •3) Выбор методов исследования
- •4) Сбор информации
- •5) Анализ полученной информации
- •6) Интерпретация результатов исследования
- •«Аймақтық зерттеу әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша семинар сабақтарына және аралық бақылау сұрақтарына дайындалу мен рефераттар жазу үшін (әдістемелік) методикалық кеңес
- •16. Краснов б.И., Авцинова г.И., Сосина и.А. Политический анализ, прогноз, технологии. М.: Аспект Пресс. 2005.
- •«Аймақтық зерттеулер әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары
- •15. Сабақ тақырыбы: Аймақтық үрдістерді саяси талдауда үлгілеу әдісі (2 сағ)
- •Rgnl12019 «Аймақтық зерттеулер әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •«Аймақтық зерттеу әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша семинар сабақтарына және аралық бақылау сұрақтарына дайындалу мен рефераттар жазу үшін (әдістемелік) методикалық кеңес
Лекция № 1-2
Кіріспе. Аймақтық зерттеулер әдістері мен әдіснамасы пәнінің халықаралық
қатынастарды және аймақтық мәселелерді зерттеудегі маңызы
Аймақтық зерттеулер әдістері мен әдіснамасы қазіргі өзгермелі әлемде халықаралық, аймақтық және мемлекетаралық қатынастарда туған мәселелерді зерттеуде қолданылады. Аймақтық проблемалардың туу себептері, олардың алдын алу мен шешу жолдары, шешім қабылдау мен қабылданған шешімге ықпал етуші күш, позитивті және негативті ахуал, күштер ара салмағы мен өзгеріске түсу мүмкіндігі, аймақтық және ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық мүдде т.б. зерттеу объектісіне айналады. Аймақтық немесе мемлекетаралық қатынас зерттеу нысанасы болумен қатар, әр алуан зерттеу әдістер мен тәсілдері қолданылады. Нысананың әр алуандылығына байланысты зерттеу әдістері де әр түрлі. Мысалы, анализ, синтез көптеген зерттеу процесінде қолданылғанымен, SWOT анализ, контент анализ немесе ивент анализді қолданудың өзіндік ерекшелігі бар. Олар зерттеу объектісіне байланысты...
Лекция № 3-4 Аймақтық үрдістерді сараптаудың дәстүрлі тәсілдері және оның методологиясы
1. Дәстүрлі және ғылыми тәсілді қолданушылар және олардың позициясы
2. Идеализм және реализм тәсілдері
3. Дәстүрлі тәсіл және сипаттама
Қазіргі кезеңде халықаралық және аймақтық зерттеулерде кеңінен қолданылатын бірнеше методологиялық бағыттар, әдіс, тәсілдер бар. Зерттеу бағыттары негізінде казіргі уақытта бірнеше зерттеу бағыттарын ұстанған көзқарастар жүйесі қалыптасты. Мысалы, Россия ғалымдары арасында да бірнеше көзқарас ұстаным бар. Олардың казіргі заманауи тенденцияларына тоқталсақ: плюрализм - (бірнеше көзқарастардың болуы немесе екі тенденция, бағыт арасындағы бәсекелестік. Келесі, вестернизация – батыста қалыптасқан теорияларға тәуелділік, қандай да болмасын процессті, оқиғаны батыстық көзқараста қарау, талдау мен бағалау; ал изоляционизм немесе оқшаулану - Батысты сынау, ресейлік концепцияларға сүйену, халықаралық, аймақтық мәселелерді ресейлік өзіне ғана тән ерекшелікпен түсіндіру.
Халықаралық, аймақтық зерттеулерде классикалық теория дәстүрлі тәсіл (традиционный подход) кең қолданылады. Оның теориялық негізі идеализм, реализм - нақты жағдайға сәйкес тұтас халықаралық теорияны жасауға ұмтылады. Философия, тарих және құқыққа сүйеніп сергек ақыл ойды қолдануды ұстанады. Негізгі әдістері: бақылау (наблюдение), тарихи салыстыру (историческое сопостовление), заңды құжаттарға талдау (анализ юридических документов).
Реализм бағытын ұстанушылардың негізгі идеясы мен зерттеу нысанасы:
Ұлттық қауіпсіздік
өзінің қажетін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ресурстың деңгейі;
Ұлттық мүдені саяси, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік деп бөлуі;
Ішкі және сыртқы қауіптің көзін зерттеу;
Күштердің арасалмағы;
Халықаралық, аймақтық институттардың зерттеу бағыттары.
Реалистердің негізгі тәсілдері:
Жүйелі-тарихилық (жалпы тарих негізінде, әлемдегі қайшылықтар мен шиеленістерді зерттеуі)
Структалистік (құрылымдық) – дүние жөніндегі түсінікті тұтас әлем ретінде қарастырып, әлемнің даму тенденциясын зерттеу.
Геополитикалық (геосаяси)
Зерттеудің социологиялық әдісі
Саяси психология – шиеленісті зерттеу
Саяси экономия
Ғылыми тәсіл (научный подход) немесе «әлеуметтік-ғылыми» теория классикалық теория әдістеріне қанағаттанбаумен байланысты туды. Ғылыми талдау әдістері мен логикалық-статистикалық нақты дәлелдер негізінде аймақтық, халықаралық қатынастар теориясын қалыптастыру мақсатында пайда болды. Классикалық теория құндылықтарынан толық немесе ішінара бас тарту немесе теріске шығару арқылы ғылыми теорияның негізін қалаушылар өздерін модернистер, бұрынғы көзқарастарға модернизация жасаушылар, қайта құрушылар, жаңалық енгізушілер деп санады. Классикалық зерттеулердің белгілі бір маңызды нәтижелерін мойындағандарымен халықаралық, аймақтық зерттеуде ғылыми тәсіл нәтижесі классикалық теорияны ауыстырады деп санады. Ғылыми тәсілді жақтаушылар әр түрлі объектілер және күрделілігі әр түрлі деңгейдегі объектілер әр түрлі әдістер мен процедураны қажет етеді деген көзқараста болды.
Ғылыми тәсілді қолдаушылар:
пәнаралық байланыс тәсілін
объектіге міндетті түрде ғылыми тәсілдер мен процедураны қолдануды
алынған мәліметтер мен жасалған шешімдерді эмпризмік яғни тәжірибеге ғана негізделген тәсілдермен тексеруді қолдануды ұсынады.
Зерттеудің жаңа ғылыми әдістері:
жүйелі модельдеу
компьютерлік симуляцияны қолдану
ойындар теориясын зерттеу, түсіну;
әлеуметтік коммуникация теориясы;
саяси коалацияларды формальды талдау;
сыртқы саясатты формальды талдау;
қару жарақ бәсекесінің математикалық теориясы
Зерттеу нысанасы:
мемлекеттік құрылым
мемлекеттік құрылымдағы халықаралық-саяси шешімдерге ықпал етуші процесс;
мемлекеттік емес құрылымдарға мемлекеттің ықпалы;
халықаралық саясатқа, халықаралық қатынастарға ықпал етуші мемлекеттік емес ұйымдар;
классикалық теория негізін сынау
халықаралық қатынастар теориясын одан әрі дамыту мен жетілдіру;
Шетелдік зерттеушілер ғылыми тәсіл негізінде зерттеу нысанасы ауқымын кеңейтті:
қабылданған шешім процессін талдау – Грэм Аллисон;
халықаралық қатынастағы әлеуметтік коммуникация, шиеленіс және интеграция процессі – Карл Дойч, Анатоль Рапопорт, Кеннет Боулдинг.
Ұлттық мемлекеттер мен халықаралық қатынастар жүйесі арасындағы өзара байланыс – Дж.Розенау.
Дағдарыс жағдайындағы рациональды, тиімді тәртіп – Томас Шеллингтің сауда теориясы
Зерттеудің негізгі бағыттарын жүйелеу мәселесіндегі проблемалар:
Методологиялық концепциялардың, зерттеу техникасы, әдісі мен зерттеу объектісінің әртүрлілігі;
Модернизм өкілдерінің объекті мен зерттеу әдістерін жиі өзгертуі.
Модернизмнің кейбір үзілді кесілді әрекеттері зерттеу объектісінің ерекшелігін ішінара жоғалтты не фрагментациялады яғни толық түрде емес үзінді түрінде түсіндірді.
Негізсіз, жөнсіз ғылыми әдіс пен дәстүрлі тәсілді бір біріне қарсы қою, теориялық тәсілдерді теріске шығару мен кейбір жағдайларда одан бас тарту
Ғылыми теорияның әлсіз жақтары:
Зерттеудің субъективтік проблемасын шеше алмауы (зерттеуші факторын бейтараптандыра алмау)
Шектеулілігі: жүйенің теориялық әдісі, ойын теориясы, симуляция немесе контент-анализ халықаралық саясаттың көптеген маңызды сұрақтарына жауап бере алмады.
Пәнді қарау, тану, игеру методологиясының шектеулілігі
өлшеуге және тікелей байқауға болатын пән аспектілерінің шектеулілігі
ұғынуға, түсінуге мүмкіндік беретін концептуальды (тұжырымдамалы) шегі, жиегі мүмкіншілігінің шектеулілігі;
Халықаралық қатынастар ерекшелігін теріске шығару, нақты зертеу объектісінің фрагменттілігі (халықаралық қатынастар жөнінде біртұтас ұғым қалыптастырудың проблемалығы)
Классикалық әдісті қолданудың қажеттілігі (Томас Шеллингтің халықаралық саясат пен күш көрсетуге қатысты қорытындысы пікір сипатында болып, тексеру мүмкіндігі болмады)
Реальды – нақты жағдайды қарапайым түсіндіретін қисынсыз форманы қолдануы (Морган Капланның модельі)
Постмодернизмді айқындауда ғылыми қайшылық кездеседі. Зерттеушілердің бір тобы оны тәсіл ретінде қарастырса, екінші тобы постмодернизмді позиция, көзқарастар жиынтығы ретінде қарайды. Постмодернизмнің көрнекті өкілдері Полин Розенау, Жан Франсуа Лиотар, Жан Бодрияр.
Постмодернизмнің идеясы:
Қазіргі заманның қисынсыз, негізсіз сипаты жөніндегі теория (прогресс идеясын теріске шығару, оны үзік үзік даму идеясымен алмастыру, эволюция жоқ, алдын ала белгіленген тиімді тәртіп жоқ, қазіргі кезең ол идеал емес, ол дамудың бір варианты, нұсқасы ғана. Қазіргі заманды болмай қоймайтын құбылыс деп сануға болмайды деп санады.
Кездейсоқтық объективті жағдай ретінде қарастырылады, қазіргі қалыптасқан қоғамдық тәртіп пен жүйені адам арнайы түрде немесе кездейсоқ құрды, бірақ басқа да модельдің орнауы мүмкін еді деп санайды.
Реальность, нақты өмір әлеуметтік конструкция, ол адамның әлеуметтік қызметі процессінде құрылады.
Идеялар нақты өмірдегі ваккумнің орынын толтыру үшін, жасалып, өмірді конструктрлап, құрастырып адамның даму процессін, тәртібін, бағытын айқындайды деп санайды.
Бірдейлік, оны талап ету индивидумға, жеке тұлғаға таңылады, бұл әлеуметтік конструкциялау түрі, адаманың еркіндігін, өзіне тән ерекшелігін басып жаншады.
Постмодернизмнің әлсіздігі:
Әлемді, дүниені түсіндіру мүмкін емес, олардың айтуыншы ешқандай нақтылық, реальность және ақиқат та жоқ, оларды жасанды түрде жасау ғана бар (ақиқат пен жалғанның арасында шекара жоқ)
Постмодернизмді белгілі бір көзқарастар жүйесі мен зерттеу тәсіліне универсальды тұжырымдама ретінде қарастырсақ, оның нақты реальды негізі жоқ. (Себебі, ол нақты өмірді даму процессінде кездейсоқ не арнайы қалыптасқан дамудың, өзгерістің бір формасы ретінде қарайды
