Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Аймақтануды зерттеу әд.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
232.36 Кб
Скачать

«Аймақтық зерттеу әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша семинар сабақтарына және аралық бақылау сұрақтарына дайындалу мен рефераттар жазу үшін (әдістемелік) методикалық кеңес

1. Берілген тапсырмамен жұмыс бастау үшін тақырыпқа немесе қарастырылып отырған мәселеге қатысты ақпараттар жинаудан бастау керек. Ол үшін ғылыми-танымдық әдебиеттер, интернет материалдары, оның ішінде электоронды ресурстар жиналып ол – ақпараттық қор ретінде қолданылуы қажет.

2. Ақпараттар қоры қалыптасқан соң – жинақталған материалдарды сұрыптау басталады. Тақырыпты толық ашуға мүмкіндік беретін негізгі материалдарды және тақырыпты игеруде жанама көмек беретін қосымша материалдарды айқындау керек.

3. Тапсырмаға сәйкес мәселенің өзектілігін, актуальдылығын айқындап нені қарау және қалай қарау керек деген сұраққа жауап беру керек.

4. Тақырыптан, тапсырмадан ауытқуға болмайды.

5. Тапсырманы баяндау тәсілімен ғана емес анализ және синтез тәсілдеріне сүйеніп жазу керек.

6. Такырыпқа қатысты SWOT анализ тәсілін қолданып, мәселенің немесе белгілі бір мемлекеттің сыртқы саясатын, ұстанған позициясын талдағанда оның күшті немесе тиімді жағы қандай, әлсіз немесе тиімсіз жағы қандай, мүмкіндігі мен қауіпі қандай деген сұрақтарға жауап іздеу керек.

7. Тақырыпқа қатысты (семинар жұмысында, реферат жазғанда, аралық бақылау сұрақтарына жауап бергенде) контент-анализ әдісін қолдана білген жөн. Бұл арада осы мәселеген қатысты БАҚ-ы (СМИ) материалдарында не айтылды, кім жариялады, қандай мақсатта жарияланды, кім қандай позиция ұстанып отыр, тапсырыс беруші кім осы сұрақтарды түсіне білу керек.

8. Басқа да дәстүрлі және модернистік әдіс тәсілдермен бірге халықаралық қатынастарды зерттеуде кең қолданылатын ивент анализ әдісін, белгілі бір оқиғаны талдау әдісін қолдану керек.

9. Материалдарды пайдалану процессінде оларды көшіріп алуға, плагиатқа баруға болмайды. Ол материалдарды тақырыпқа қатысты айтылған ой пікірлерді талдап өз өй пікіріңді дәлелдеу, баяндау, жеткізу мақсатында қолдану керек және алынған дәйексөзге (цитатыға) талапқа сай сілтеме (сноска) көрсету қажет.

10. Студент міндетті түрде тапсырмаға сәйкес өз ой қорытындысын жасауға міндетті. Бұл арада саяси үрдістерді талдау, болжау т.б. әдістерді қолдану міндетті түрде.

Автор, құрастырушы _________________Даркенов Құрманғали Ғазезович

(күні, қолы) (толық)

Факультеттің ОӘК ұсынылған _______20___ж., хаттама №_____

Факультеттің ОӘК төрағасы__________Т.А.Ж.

(күні, колы)