
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Лекция № 1-2
- •Лекция № 3-4 Аймақтық үрдістерді сараптаудың дәстүрлі тәсілдері және оның методологиясы
- •Лекция № 5-6 Жалпы ғылыми (жалпы логикалық) тәсілдер
- •Лекция №7-8 Аймақтық талдау әдістері
- •Реалистік бағыт, неореализм сыртқы саясатта
- •Лекция Контент-анализ
- •13. Проблема метода в международных исследованиях
- •14. Специфика методологии международных исследований
- •15. Характеристика основных методов
- •18. Типология методов международных исследований
- •II. Экспликативные методы
- •III. Прогностические методы
- •16. Проблема выбора методов
- •17. Сочетание методов исследования
- •19. Наблюдение. Характеристика. Сфера применения. Основные достоинства и недостатки
- •20. Эксперимент. Характеристика. Сфера применения. Основные достоинства и недостатки
- •21. Контент-анализ. Характеристика. Сфера применения. Основные достоинства и недостатки
- •22. Ивент-анализ. Характеристика. Сфера применения. Основные достоинства и недостатки
- •23. Регрессионный анализ в международных и региональных исследованиях Статистический метод, который используется для оценки отношений между (двумя) переменными.
- •24. Индукция и дедукция в международных и региональных исследованиях
- •25. Дисперсионный анализ в международных и региональных исследованиях
- •26. Факторный анализ в международных и региональных исследованиях
- •27. Вычисление средних величин
- •28. Новейшие направления методологических поисков в современной теории мо
- •31. Основные этапы работы исследователя. Их характеристика
- •1) Формулирование теории
- •2) Подготовка плана исследования (или операционализация исследования)
- •3) Выбор методов исследования
- •4) Сбор информации
- •5) Анализ полученной информации
- •6) Интерпретация результатов исследования
- •«Аймақтық зерттеу әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша семинар сабақтарына және аралық бақылау сұрақтарына дайындалу мен рефераттар жазу үшін (әдістемелік) методикалық кеңес
- •16. Краснов б.И., Авцинова г.И., Сосина и.А. Политический анализ, прогноз, технологии. М.: Аспект Пресс. 2005.
- •«Аймақтық зерттеулер әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары
- •15. Сабақ тақырыбы: Аймақтық үрдістерді саяси талдауда үлгілеу әдісі (2 сағ)
- •Rgnl12019 «Аймақтық зерттеулер әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша аралық бақылау сұрақтары
- •«Аймақтық зерттеу әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша семинар сабақтарына және аралық бақылау сұрақтарына дайындалу мен рефераттар жазу үшін (әдістемелік) методикалық кеңес
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
____Аймақтану_________ кафедрасы
(кафедраның атауы)
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық
университеті» ШЖҚ РМК
халықаралық қатынастар
факультетінің деканы
Сомжүрек Б.Ж
________________2012ж.
5В050500 Аймақтану мамандығының білім алушылары үшін
RGNL12019 Аймақтық зерттеулер әдістері мен әдіснамасы
(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы)
ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК ҚҰРАЛЫ
Астана 2012
RGNL12019 «Аймақтық зерттеулер әдістері мен әдіснамасы» пәні бойынша
глоссарий
1. плюрализм - бірнеше көзқарастардың болуы немесе екі тенденция, бағыт арасындағы бәсекелестік
2. вестернизация – батыста қалыптасқан теорияларға тәуелділік, қандай да болмасын процессті, оқиғаны батыстық көзқараста қарау, талдау мен бағалау;
3. изоляционизм немесе оқшаулану - Батысты сынау, ресейлік концепцияларға сүйену, халықаралық, аймақтық мәселелерді ресейлік өзіне ғана тән ерекшелікпен түсіндіру.
4. модернистер, бұрынғы көзқарастарға модернизация жасаушылар, қайта құрушылар жаңалық енгізушілер
5. анализ – тұтас мәселені толық, жан жақты түсіну үшін оны құраушы элементтерге бөліп тастап зерттеу
6. синтез – бұрын бөлшектеніп тасталғандарды біріктіру, жинақтау, мәселенің біртұтас бейнесін құрау
7. абстрактілеу – ойлаудың ерекше тәсілі, зерттеліп жатқан құбылысты, саяси процесті немесе мәселені белгісі мен сипатыннан ажыратып ойша дерексіздендіріп қарастыру.
8. қорытындылау (обобщение) – ой қорытындысы негізіндегі әдіс, нәтижесінде тұтас біріккен объектінің ортақ қасиеті мен белгілері қалыптасады
9. Индукция - жалпы шешім жекеленген ой пікір, көзқарас негізінде қорытындыланып шығарылатын талдау тәсілі мен зерттеу әдісі. Индукцияның негізі – тәжірибе, эксперимент және бақылау болып табылады.
10. дедукция – жалпы білім, ой-пікір негізінде жекеленген мәселелерге қорытынды жасап талдау тәсілі. Дедукция индукциядан ойдың, пікірдің қозғалысы барысының қарама қарсылығымен айқындалады. Дедукция жалпы білімге сүйеніп жекелік сипатта шешім қабылдайды.
11. Аналогия – бір объектінің, саяси процестің бір белгілерінің келісі объектінің белгілерімен ұқсастықтары негізінде салыстырып талдаудың таным тәсілі.
12. Модельдеу – бұл объектіні, оргинальды оның көшірмесін жасау және зерттеу жолымен қарастыру.
13. Жүйелік талдау – ғылыми әдістер мен практикалық тәсілдердің жиынтығы, ол әлеуметтік-экономикалық, саяси және технологиялық жүйелерді басқару процессінде, барлық сала қызметінде пайда болған күрделі және өте күрделі объектілерді зерттеу мен қайта жинап құрастыруда және әр түрлі проблемаларды шешуде қолданылады.
14. Баланыстық әдіс – аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешенінің әр түрлі салалары арасында үйлесімді немесе қайшылықты қарым қатынасты зерттеуге мүмкіндік береді. қатынасты таңдауға мүмкіндік береді. Баланстық әдіс көп жағдайда ішкі аймақтық және аймақаралық байланыстарды талдауда қолданылады.
15. Негізгі қорлар баланысы – негізгі қордың жоспар немесе есеп бойынша қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі; қордың құрылымы және көлемі, олардың қозғалысы, негізгі қордың өсу қарқыны және арақатынасы жөніндегі мәліметті алу үшін есептелінеді.
16. еңбек ресурстарының балансы – қолдағы бар еңбек ресурстары мен оларды пайдаланудың арақатынасын сипаттайтын, қызметкерлерге сұранысты және оны қанағаттандыру көзін салыстыруға мүмкіндік беретін жүйе көрсеткіші.
17. Ауылшаруашылығы балансы – өндірістің қарқыны мен азық түлікті тұтынуды, қолда бары мен саланың ресурстық потенциалын пайдаланумен сипатталатын, ауыл шаруашылығы өндірісін дамытудың негізгі экономикалық көрсеткіштері жүйесі.
18. пайдаланылатын жерлер баланысы – жер категориясы бойынша жерді пайдаланушылар мен қолданыстағы жердің түрлерін оның ішінде суландырылған және құрғатылған қолдағы бар және пайдаланылатын жерлердің өзгеруін сипаттайтын жүйе көрсеткіші;
19. салааралық баланс – халық шаруашылығыдағы өндірістік байланыстардың экономикалық-математикалық моделі. Оның көмегімен негізгі халық шаруашылығы пропорциясын детальдау, нақтылау салалық және салааралық қатынастарда қамтамасыз етіледі, табиғи нақты және бағалық көрінісінің арақатынасы қарастырылады.
20. төлем балансы – елдің өз ішіндегі, шетелге төлемінің және шетелден төлемнің белгілі бір кезеңде (айда, кварталда, жылда) түсу арақатынасын сипаттайтын жүйе көрсеткіші.
21. өндіріс қуатының балансы – белгілі бір өнеркәсіп өнімі түрлерін шығаруда қолдағы бар, қозғалыстағы және қолданыстағы өндіріс қуатын сипаттайтын жүйе көрсеткіші.
22. жұмыс уақытының балансы – жұмыс уақыты қорын тиімді пайдалану есебінен еңбек өнімділігін арттыру резервін айқындау және қызметкерлер санын анықтау мақсатында қолданылады.
23. Жүйелеу әдісі – зерттеу мақсатына байланысты белгілі бір ортақтығы мен ерекше белгілері бойынша таңдап алынған критерилер жиынтығымен сипатталатын зерттелетін құбылысты жіктеп, бөлшектеп талдаумен байланысты.
24. Аймақтық әдіс – аймақтың, территорияның қалыптасу және даму барысын, аймақтың даму үрдісінде қоғамдық өндірісті орналастыру мен дамытуды зерттейді.
25. Салалық әдіс – экономика саласының қалыптасу жолдары мен қызмет етуін географиялық аспектіде қарастырып, сала бойынша қоғамдық өндірісті орналастыру мен дамытуды зерттейді.
26. Жергілікті әдіс – жекеленген қалалар мен елді мекендерде өндірістің қалыптасу жолы мен дамытуды зерттейді.
27. Картографиялық әдіс бұл – аймақтанудың арнайы зерттеу әдісі.Аймақтық экономикада математикалық әдістерді қолданатын ғылыми зерттеу бағыты, аймақтық модельдеу немесе регионометрика деп аталады. Сонымен қатар, аймақты дәл осылай, тар шеңберде экономикалық тұрғыда картографиялық әдіспен де зерттейді.
28. Таксонированиялық әдіс белгілі бір аймақты, территорияны өзара сәйкесті, байланысты немесе иерархиялық бағынышты саяси-экономикалық таксонға бөлу процессін түсіндіреді.
29. Таксондар – тең мағыналы немесе өзара бағынышты территориялар құрылымы, мысалы, белгілі бір экономикалық даму үрдісінде өзара байланысты ортақ мүделі әкімшілік аудандарға бөлінуі.
30. Нұсқалық әдіс – көпшілік жағдайда аймақ территориясына өндіргіш күштерін орналастыру процесінде схема жасау барысында, алғашқы кезеңде жоспарлау мен жобалау кезеңінде қолданылады. Ол белгілі бір аймақта немесе оның аудандарында шаруашылықты дамыту деңгейінің әр түрлі нұсқаларын қарастырады
31. Индекстік әдіс – аймақтың әлеуметтік-экономикалық мамандану деңгейінің сандық көрсеткішін анықтауда қолданылады. Негізіне: локальдық, өндірістің жан басына шаққандағы және аймақаралық тауарлылық коэффициенті алынады.
32. Локальдық (жергілікті) коэффициент - аймақ территориясындағы өндірістің аймақ өндірісі құрылымының салалық үлесіндегі және мемлекеттің осы саласындағы үлесінің көрсеткіші
33. Өндірістің жан басына шаққандағы коэффициенті- аймақтың әлеуметтік-экономикалық кешеніндегі саланың мемлекеттің осы сәйкесті саласының ел халқының үлестік салмағына қатынасы.
34. Аймақаралық тауарлылық коэффициенті – аймақтан шығарылған белгілі бір өнімнің оның аймақтық өндіріске қатынасы көрсеткіші
35. Контент-анализ (ағ. content- мазмұн) - саяси хабарламалардың мазмұнын объективті түрде, тексерілетін, өлшенетіндей сараптау түрі.