
- •Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
- •3.Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •4. Басқа да банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •5.Қатаң есеп беру бланкілернің есебі.
- •6. Дебиторлық берешектер, олардың түрлері және бағалануы.
- •7.Күмәнді дебиторлық берешектер және оларды бағалау әдістері. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
- •8.Басқа да дебиторлық берешектердің есебі.
- •9.Жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі.
- •10.Алынуға тиісті вексельдер, оларды тану және бағалау.
- •11.Тмқ құрамы және оның құрамына енбейтін тмқ.
- •12.Тмқ. Бағалау әдістері.
- •13. Қорлардың есеп жүйелері.
- •14. Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі (бухгалтериядағы және қоймадағы есебі).
- •15. Негізгі құралдардың сыныпталуы және бағалануы.
- •16. Негізгі құралдардың кіріс операцияларының есебі.
- •17.Негізгі құралдарға күрделі жөндеу жүргізу операцияларының есебі.
- •18.Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының есебі.
- •19.Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •20.Материалдық емес активтер, олардың түрлері, сыныпталуы және бағалануы.
- •21. Материалдық емес активтердің кіріс және шығыс операцияларының есебі.
- •22. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •23.Меншіктік капиталдың түсінігі және құрылымы.
- •24. Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен қозғалысының есебі.
- •25. Резервтік капиталдың есебі.
- •26. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян). Қорытынды пайда (қорытынды залал).
- •27. Міндеттемелер және олардың жіктелуі.
- •28. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі
- •29. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •30. Еңбекақы, оның түрлері, нысаны және жүйесі.
- •31.Еңбекақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысу.
- •32.Орташа еңбекақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған күндеріне жәрдемақы есептеу есебі.
- •33.Еңбекақыдан шегерілетін шегерімдердің есебі.
- •34.Кірістердің (табыстардың) түсінігі.
- •35. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс.
- •36. Өнім сатудан түскен табыс.
- •37. Шығыстардың түсінігі. Шығыстардың өлшемі және тану критерийлері (белгілері).
- •38. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •39 Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •40. Бухгалтерлік баланс. Құрылымы және мазмұны.
- •41. Пайда және зиян туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •42. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •43. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •44. Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
- •45. Еңбекақы және оның түрлері, нысаны, жүйесі.
15. Негізгі құралдардың сыныпталуы және бағалануы.
Негізгі құралдар бұл компанияның меншігіндегі өндіріске немесе тауар және қызмет сату үшін басқа компанияға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаты үшін ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) пайдалануға арналған материалдық активтер. Яғни негізгі құралдар дегеніміз материалдық және материалдық емес өндірістік салаларда өндірістік және еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге пайдалану бағыттары бойынша қасиетін, қабілетін жоймай сақтап құнын өндірілген өнімге (жұмыс, қызметке белгіленген амортизациялау нормасы бойынша біртіндеп аударатын активтер).
Негізгі құралдар есебінің мақсаты: Активтердің танылу жағдайы; Баланстық құнды және амортизациялық аударымдарды анықтау;
Баланстық құнның басқадай өзгеруін анықтау және есебінің тәртібі.
Негізгі құралдар мынадай жағдайда актив ретінде танылуға тиіс: Компания активпен байланысты болашақта экономикалық тиімділік алатын болса;Компанияға активтің өзіндік құны сенімді бағаланса. Негізгі құралдар бұл компанияның меншігіндегі өндіріске немесе тауар және қызмет сату үшін басқа компанияға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаты үшін ұзақ мерзімге (бір жылдан жоғары) пайдалануға арналған материалдық активтер. Яғни негізгі құралдар дегеніміз материалдық және материалдық емес өндірістік салаларда өндірістік және еңбек құралы ретінде ұзақ мерзімге пайдалану бағыттары бойынша қасиетін, қабілетін жоймай сақтап құнын өндірілген өнімге (жұмыс, қызметке белгіленген амортизациялау нормасы бойынша біртіндеп аударатын активтер).
Негізгі құралдар өндіріске қатысы бойынша 1) өндірістік 2) өндірістік емес деп жіктеледі. Меншіктік сипатына қарай: Меншіктегі және жалдағы деп бөлінеді. Пайдалану сипатына қарай:
Қолданыстағы;уақытша, қолданыстағы жоқ қордағы деп бөлінеді.
Заттық құрамына қарай:
Мүліктік, мүліктік емес
Мүліктік – заттай крінісі бар санауға, өлшеуге болатын заттай активтер, ал мүліктік емес – ауыл шаруашылық жерлеріне салынған күрделі қаржыны, яғни заттық нысаны жоқ шығындарды жатқызуға болады.
Негізгі құралдарды көрсеткен кезде мынадай бағалау түрлері:
бастапқы құны,жойылу құны,амортизациялау құны,әділ құны,баланстық құны,қалдық құны
Бастапқы құны – негізгі құралдарды сатып алуға, салуға және жасап шығаоуға жұмсалған нақты шығындарын сатып алу барысында төленген салық сомаларын, мысалы орнату, құрастыру, сынақтан өткізу шығындарынан тұрады.
Жойылу құны – пайдалы қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды шығысқа шығарып, жою кезінде пайдалануға болатын жарамды материалдардың болжамдық құны.
Амортизациялау құны – негізгі құралдардың бастапқы құны мен жойылу құнының арасындағы айырмасы, яғни пайдалы қызмет ету мерзімінде амортизация түрінде есептеліп, өндіріске немесе айналымға аударылатын құны: АҚ = БҚ - ЖҚ
Амортизация – активтің пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде амортизациялау құнын жүйелі тарату.
Әділ құны – бір-бірін жақсы білетін мәмілеге келуге дайын тәуелсіз тараптардың негізгі құралдарды өзара айырбастауына мүмкіндік беретін ста құны болып табылады.
Баланстық құны – бұл бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте көрсетілген жинақталған амортизациялау сомасы шегерілгеннен кейінгі бастапқы немесе ағымдағы құны.
Қалдық құны – бұл өндірілген өнімге аударылмаған құн. Қалдық құнын анықтау үшін негізгі құралдардың бастапқы құнынан есептеліп жинақталған амортизациялық құны шегеріледі:
Баланстыққ = Бқ - ЕАс
Ққ = Бқ - жАс