- •Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
- •3.Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •4. Басқа да банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •5.Қатаң есеп беру бланкілернің есебі.
- •6. Дебиторлық берешектер, олардың түрлері және бағалануы.
- •7.Күмәнді дебиторлық берешектер және оларды бағалау әдістері. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
- •8.Басқа да дебиторлық берешектердің есебі.
- •9.Жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі.
- •10.Алынуға тиісті вексельдер, оларды тану және бағалау.
- •11.Тмқ құрамы және оның құрамына енбейтін тмқ.
- •12.Тмқ. Бағалау әдістері.
- •13. Қорлардың есеп жүйелері.
- •14. Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі (бухгалтериядағы және қоймадағы есебі).
- •15. Негізгі құралдардың сыныпталуы және бағалануы.
- •16. Негізгі құралдардың кіріс операцияларының есебі.
- •17.Негізгі құралдарға күрделі жөндеу жүргізу операцияларының есебі.
- •18.Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының есебі.
- •19.Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •20.Материалдық емес активтер, олардың түрлері, сыныпталуы және бағалануы.
- •21. Материалдық емес активтердің кіріс және шығыс операцияларының есебі.
- •22. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •23.Меншіктік капиталдың түсінігі және құрылымы.
- •24. Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен қозғалысының есебі.
- •25. Резервтік капиталдың есебі.
- •26. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян). Қорытынды пайда (қорытынды залал).
- •27. Міндеттемелер және олардың жіктелуі.
- •28. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі
- •29. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •30. Еңбекақы, оның түрлері, нысаны және жүйесі.
- •31.Еңбекақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысу.
- •32.Орташа еңбекақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған күндеріне жәрдемақы есептеу есебі.
- •33.Еңбекақыдан шегерілетін шегерімдердің есебі.
- •34.Кірістердің (табыстардың) түсінігі.
- •35. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс.
- •36. Өнім сатудан түскен табыс.
- •37. Шығыстардың түсінігі. Шығыстардың өлшемі және тану критерийлері (белгілері).
- •38. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •39 Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •40. Бухгалтерлік баланс. Құрылымы және мазмұны.
- •41. Пайда және зиян туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •42. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •43. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •44. Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
- •45. Еңбекақы және оның түрлері, нысаны, жүйесі.
33.Еңбекақыдан шегерілетін шегерімдердің есебі.
Шегерімдер есептеу әдісі бойынша танылады, оған сәйкес жұмыстар орындалғанда, қызметтер көрсетілгенде тауарлар жөнелтілгенде оларды сату мақсатында және мүліктерді кіріске алғанда табыстар мен шығындар төлем уақытына байланыссыз есепке алынады. Шегерімдерді жылдық жиынтық табысты алуға байланысты шығыстарды растайтын құжаттары болған кезде салық төлеуші жүргізеді. Бұл шығыстар болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады.
Еңбек ақы-бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал. Шаруашылық субъектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субъект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Еңбек ақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Еңбек ақының номиналды және шынайы түрлері болады. Номиналды еңбек ақы дегеніміз жалдамалы еңбектің қызметкері өзінің күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алатын ақша сомасы. Номиналды еңбек ақының мөлшеріне қарап табысының деңгейі жайында айтуға болады, бірақ тұтынудың деңгейі мен адамның әл-ауқаты жайлы айту мүмкін емес.
Шынайы еңбек ақы - алған ақшаға сатып алуға болатын өмірлік игіліктер мен қызметтердің жиыны. Ол номиналды жалақыға тікелей қатынаста және тұтыну заттары мен ақылы қызметтердің бағасы деңгейімен кері қатынаста болады.
Еңбек ақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да еңбек ақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болады
34.Кірістердің (табыстардың) түсінігі.
Табыстардың өлшемі және тану белгілері. "Табыстар дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі" Ықшамдалған түрде бүл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бүл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" (. Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезе-гінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жат-қызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйым-дар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызме-тін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Табыстардың өлшемі және тану белгілері Алынған табыс сомалары әр түрлі әдістер бойынша еспке алынады
1. Жеткізілуіне байланысты есепке алу әдісі
2. Мәмілені іске асыру кезеңдері бойынша есептеу әдісі
3. Өндіріс бойынша есепке алу әдісі
4. Құнын бөліп төлеу әдісі
Табыстар есебі шоттар жоспарының алдынғы бөлімінің пассивті шоттарында (реттеуші шоттарды есепке алмағанда ) жүргізіледі. Табыс сомасының пайда болу және көбеюі пассивті шоттардың кредиттік айналымында , ал дебеттік айналымында табыстар сомасының есептен шығарылуы көрсетіледі. Тауарлы - материалды қорларды сату нәтижесінде алынған табыстар сатып алушыға меншік құқығы толық берілгенде және сатумен байланысты шығындарды бағалау мүмкін болған жағдайларда танылады.
ҚР да есептеу қағидасын (принцип начисления ) қабылдағанға дейін кассалық тәсіл қолданылып келген. Кассалық тәсіл бойынша табыс сомасы ақша қаражаттары сатушының шотына нақты келіп түскенде ғана танылып есепке алынады. Халықаралық стандарттарға көшуге байланысты барлық ұйымдар 1996 жылдан бастап есептеу принципін қолданады. Есептеу принципі бойынша табыс сомасы нақты келіп түскенде емес алған пайда болған кезде танылады. Тауарлы – материалдық қорларды сату нәтижесінде алынған табыстарды дұрыс тану үшін сату жөніндегі келісімнің шарттарын толық зерттеген жөн. «Сату кейінге қалдыру схемасы бойынша » сатқан жағдайда товарды тасымалдап жеткізу сатып алушының өтініші бойынша кейінге қалдырылады.
Сатып алушы меншік құқығын иеленген жағдайда да сатушы табыс сомасын ғана алады. Белгілі шоттар бойынша тауарларды тиеп жөнелткен жағдайда табыс төмендегідей түрде танылуы мүмкін
1. бекіту және тексеру
Мұндай жағдайда сатуша тауарды жеткізіп, орнатып, тексеруден өткізгеннен кейін ғана табыс сомасын тани алады.
2. Консегнацияға сатқан жағдайда сатушы табыс сомасын тауарды алушы 3-ші жаққа сатқаннан кейін тануына болады.
Сонымен қатар шотты толық төлеп біткеннен кейін сатып алушы тауарды тасымалдап жеткзеді . Мұндай жағдайда сатушы тауарды жеткізіп бергеннен кейін табысты кіріске алады.
Толық немесе жартылай алдын ала төлем жааған жағдайда табыс сомасы сол тауармен байланысты барлық тәуекел мен түсімдер сатып алушыға өткеннен кейін танылады.
Құнын бөліп төлеу шарты бойынша табыс срмасы есепті кезеңдегі кезекті төлем мөлшерінде табыс ретінде есепке алынады.
Жылжымайтын мүлікті сатқан кезде табыс сомасы меншік құқығы сатып алушыға өткен кезде ғана табыс танылады.
Қызмет көрсетумен байланысты табыстар келесі шоттар орындалғанда танылады:
1. мәмленің есепті кезең соңына аяқталатындығын дәл анықтау мүмкін болғанда
2. мәмлені жүзеге асырумен байланысты шығындарды дәл бағалау мүмкін болған жағдайда
Қызмет көрсетуден алынған табыстарды танудың 4 әдісі бар :
1. нақты орныдау әдісі
Бұл бір әрекетті орындау нәтижесінде алынатын табыс. Мысалы : шаштараздың табысы, стомотологтың табысы т.б.
2. пропорционалды орындау әдісі
Бұл әдіс қызметтің көрсетілуі бір кезеңнен астам уақытты қамтыған жағдайда алынатые табысты тану әдісі. Мысалы: банктердің ипотекалық төлемдерді өңдеу нәтижесінде алынатын табыс, оқытушының табысы.
3. қызмет көрсетудің аяқталуына байланысты табысты тану әдісі. Бұл әдіс бойынша сериялық өндірісте немесе бір типтес емес операцияларды орындаудың ең соңғы кезеңінде табыс танылады. Мысалы: жүк тасымалдаушы ұйым, жүкті қораптап, тиеп тасымалдап, сатып алушыға жеткізіп бері операцияларды , толық жүзеге асырғаннан кейін ғана табысты тани алады.
4. инкассалық әдіс. Бұл әдіс бойынша нақты ақша сомасы сатушы ұйымға келіп түскеннен кейін ғана танылады.
