
- •Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
- •3.Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •4. Басқа да банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •5.Қатаң есеп беру бланкілернің есебі.
- •6. Дебиторлық берешектер, олардың түрлері және бағалануы.
- •7.Күмәнді дебиторлық берешектер және оларды бағалау әдістері. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
- •8.Басқа да дебиторлық берешектердің есебі.
- •9.Жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі.
- •10.Алынуға тиісті вексельдер, оларды тану және бағалау.
- •11.Тмқ құрамы және оның құрамына енбейтін тмқ.
- •12.Тмқ. Бағалау әдістері.
- •13. Қорлардың есеп жүйелері.
- •14. Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі (бухгалтериядағы және қоймадағы есебі).
- •15. Негізгі құралдардың сыныпталуы және бағалануы.
- •16. Негізгі құралдардың кіріс операцияларының есебі.
- •17.Негізгі құралдарға күрделі жөндеу жүргізу операцияларының есебі.
- •18.Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының есебі.
- •19.Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •20.Материалдық емес активтер, олардың түрлері, сыныпталуы және бағалануы.
- •21. Материалдық емес активтердің кіріс және шығыс операцияларының есебі.
- •22. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •23.Меншіктік капиталдың түсінігі және құрылымы.
- •24. Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен қозғалысының есебі.
- •25. Резервтік капиталдың есебі.
- •26. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян). Қорытынды пайда (қорытынды залал).
- •27. Міндеттемелер және олардың жіктелуі.
- •28. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі
- •29. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •30. Еңбекақы, оның түрлері, нысаны және жүйесі.
- •31.Еңбекақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысу.
- •32.Орташа еңбекақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған күндеріне жәрдемақы есептеу есебі.
- •33.Еңбекақыдан шегерілетін шегерімдердің есебі.
- •34.Кірістердің (табыстардың) түсінігі.
- •35. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс.
- •36. Өнім сатудан түскен табыс.
- •37. Шығыстардың түсінігі. Шығыстардың өлшемі және тану критерийлері (белгілері).
- •38. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •39 Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •40. Бухгалтерлік баланс. Құрылымы және мазмұны.
- •41. Пайда және зиян туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •42. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •43. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •44. Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
- •45. Еңбекақы және оның түрлері, нысаны, жүйесі.
11.Тмқ құрамы және оның құрамына енбейтін тмқ.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, жолдағы тауарлар, аяқталмаған өндіріс , басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, және басқа да материалдары тауарлы-материалды құндылықтар (ағымдағы активі) болып табылады.
Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық процесінде ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін өнімге өз құнының бір бөлігін қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.
Материалдарды есептеудің негізгі міндеттері:
• Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
• Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
• Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
• Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
• Материалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
• Дайындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.
Шикізат дегеніміз - ауыл шаруашылығымен пайдалы қазбалар өнімнің (астық, көмір, кең т.с.с.) атайды. Ал материалдар өндеуші өнеркәсіптердің (мата, қант, ұн т.с.с.) өнімі болып табылады.
Материалдар дегеніміз - өндірістік немесе басқа шаруашылық процесінде еңбек заттары ретінде пайдаланатын әрбір циклда бүтіндей тұтынылатын және өзінің құнын өндірілетін өнімнің орындалатын жұмыстын және көрсетілетін қызметтің құнына толығымен қосылатын активтер.
Сатып алынған шала фабрикаттар, құрастырмалы бұйымдар, бөлшектер дегеніміз - кәсіпорынның өндірістік циклында тұтынылатын және өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрайтын одан арғы өңдеу, жинақтауды қажет ететін басқа кәсіпорынның өнімдері.
Отын дегеніміз - көлік-құралдарын пайдалануға өндірудегі техникалық қажеттіліктерде, электр қуаты өндіруге, ғимараттарды жылытуда арналады.
Ыдыс және ыдыстық материалдар - әр түрлі материалдарды, өнімдерді орау, тасымалдау, сақтау үшін пайдаланатын заттар, сонымен қатар ыдыстарды дайындауға, жөндеуге кете материалдар мен бөлшектер және т.б.
12.Тмқ. Бағалау әдістері.
Тауарлы материалдық құндылықтар өзінің құнын 2 құнмен бағаланады:1. Ең төменгі бағамен 2. Сатып өткізудің таза құнымен Тауарлы материалды құндылықтардың құнының ең төмен бағасымен бағаланғанда сатып алынған тауарлы материалды құндылықтарына оларды сатып алумен байланысты шығындар кірістіріледі. Яғни материалды сатып алу шығыны орау, тиеу, сақтау немесе пайдалану, белгілі бір орындарға жеткізу, тиісті жағдайда қалпына келтіру, тасымалдау, дайындау, өнімдерді қайта өндіруге кеткен шығындар жатады. Сонымен қатар, салықта кеден төлемдері кіреді және де жабдықтармен делдал ұйымдарға төленген комиссиялық сыйақы және т.б. сатып алумен байланысты шығындар. Тауарлы материалды құндылықтардың сатып өткізудің таза құнына - сатып өткізумен байланысты шығындарды шегеріп тастағаннан кейін тауарлы материалдық құндылықтардың болжамдаған сатып өткізу бағасы пайда болады. Өндіріске жойылған немесе сатылған тауарлы материалды құндылықтардың нақты құнын бағалау мына әдістермен жүзеге асырылады:
1. Орташа өлшенген құн
2. ФИФО
3. Ерекшеліктеріне қарай бірегейлендіру
Есептік кезең ішінде тауарлы материалды құндылықтардың әр түрлі жабдықтардан, әр түрлі бағаммен сатып алынуы мүмкін.
1. Орташа өлшенген құн әдісі бойынша айдың соңына қалатын тауарлы материалды құндылықтардың өзіндік құнын анықтау үшін есептік кезең ішінде алынған барлық тауарлы материалды құндылықтардың бағаларын есепке алып орташа бағасын шығарады. Сонымен бұл әдіс кезең аяғында әр түрлі бағаммен сатып алынған тауарлы материалды құндылықтар құнның мейлінше нақтылай көрсетуге мүмкіндік туындайды. Тауарлы материалды құндылықтарды орташа өлшенген құн әдісі арқылы бағалауда орташа баға келесі жолмен анықталады: ай басындағы тауарлы материалды құндылықтар құнын, ай ішінде келіп түскендерінің құнын материалды құндылықтарының бірлігінің санына бөлу арқылы анықталады. Қоймада қалған тауарлы материалды құндылықтардың өзіндік құны бухгалтерлік есепте орташа бағаммен көрсетіледі. Мысалы:
Материалдық құндылықтар қалдығы және қозғалысы жайлы наурыз айындағы мәліметтер
Күні |
Көрсеткіштер |
Саны (дана) |
Бағасы |
Құны |
1 |
Наурыз айындағы қалдық |
500 |
150 |
75000 |
Наурыз айында келіп түсті |
|
|
|
|
02.03 |
1 партия |
100 |
155 |
15500 |
08.03 |
2 партия |
50 |
160 |
8000 |
22.03 |
3 партия |
180 |
165 |
29700 |
27.03 |
4 партия |
300 |
170 |
51000 |
Барлық ай ішінде келіп түскені |
630 |
|
104200 |
|
Барлығы |
1130 |
|
179200 |
|
Ай ішінде сатып өткізілгені |
700 |
|
111011 |
|
1 сәуірге қалдық |
430 |
|
68198 |
Орташа баға барлық құнмен барлық тауарлы материалды құндылықтарының сандарына бөлу арқылы табылады.
179200/1130=158,6
Ай соңында қалған материалдық құны орташа бағамен қоймада қалған қалдықтар санының көбейтіндісімен тең
430*158,6=68198
Ал ай ішінде сатылып өткізілген тауарлы материалды құндылықтардың сомасы есептелінген барлық құнынан қоймада қалған тауарлы материалды құндылықтардың құнын алу арқылы есептелінеді.
179200-68198=111011
2. ФИФО әдісі - тауарлы материалды құндылықтарды бастапқы құны бойынша бағалау. Тауарлы материалды құндылықтар ФИФО әдіспен бағалауда 1-ші болып келген 1-ші болып сатылады деген қағидаға негізделген. Бұл әдісте сатылатын өнім өзіндік құны бойынша есептен шығарылады. Ал соңында қалған тауарлы материалды құндылықтар соңғы бағамен бағаланады. 3Ерекшеліктеріне қарай бірегейлендіру әдісте әдетте бірін – бірі н алмастырмайтын арнаулы жобалар мен тапсырыстар үшін арнайы тауарлы материалды құндылықтардың бірліктерінің өзіндік құнын есептеуді көздейді. Бұл әдіс тауарлы материалды құндылықтарға түгендеу жүргізу партиялық есебі арқылы мүмкін болса қолданылады. Тәжірибеде бұл әдіс кең таралмайды.