
- •Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
- •3.Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •4. Басқа да банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •5.Қатаң есеп беру бланкілернің есебі.
- •6. Дебиторлық берешектер, олардың түрлері және бағалануы.
- •7.Күмәнді дебиторлық берешектер және оларды бағалау әдістері. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
- •8.Басқа да дебиторлық берешектердің есебі.
- •9.Жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі.
- •10.Алынуға тиісті вексельдер, оларды тану және бағалау.
- •11.Тмқ құрамы және оның құрамына енбейтін тмқ.
- •12.Тмқ. Бағалау әдістері.
- •13. Қорлардың есеп жүйелері.
- •14. Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі (бухгалтериядағы және қоймадағы есебі).
- •15. Негізгі құралдардың сыныпталуы және бағалануы.
- •16. Негізгі құралдардың кіріс операцияларының есебі.
- •17.Негізгі құралдарға күрделі жөндеу жүргізу операцияларының есебі.
- •18.Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының есебі.
- •19.Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •20.Материалдық емес активтер, олардың түрлері, сыныпталуы және бағалануы.
- •21. Материалдық емес активтердің кіріс және шығыс операцияларының есебі.
- •22. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •23.Меншіктік капиталдың түсінігі және құрылымы.
- •24. Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен қозғалысының есебі.
- •25. Резервтік капиталдың есебі.
- •26. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян). Қорытынды пайда (қорытынды залал).
- •27. Міндеттемелер және олардың жіктелуі.
- •28. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі
- •29. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •30. Еңбекақы, оның түрлері, нысаны және жүйесі.
- •31.Еңбекақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысу.
- •32.Орташа еңбекақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған күндеріне жәрдемақы есептеу есебі.
- •33.Еңбекақыдан шегерілетін шегерімдердің есебі.
- •34.Кірістердің (табыстардың) түсінігі.
- •35. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс.
- •36. Өнім сатудан түскен табыс.
- •37. Шығыстардың түсінігі. Шығыстардың өлшемі және тану критерийлері (белгілері).
- •38. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •39 Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •40. Бухгалтерлік баланс. Құрылымы және мазмұны.
- •41. Пайда және зиян туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •42. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •43. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •44. Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
- •45. Еңбекақы және оның түрлері, нысаны, жүйесі.
8.Басқа да дебиторлық берешектердің есебі.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық берешектер төмендегідей шоттарда есептеледі:
1420 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы»; 2170 «Есептелген пайыздар (проценттер)»; 1250 «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың берешегі»; 1280 «Өзге де дебиторлық берешектер».
Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі. 1420 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы» шоты ұйымның сатып алынған негізгі құралдары, материалдары тағы да басқалары бойынша жабдықтаушыларға төленген қосылған құн салығы сомасы жайлы ақпараттарды жинақтауға арналған. Салықтың бұл түрі барлық тауарлар мен қызметтерді қамтитын жанама салық болып саналады. Осыған орай бұл салықты сатып алушылар тауардың құнына қосып төлейді. Жанама салықтар бюджетке тауарларды сатып алатын заңды және жеке тұлғалардан түспейді, керісінше осы тауарларды сатушылардан түседі.
2170 «Есептелген пайыздар (проценттер)» шотында ұйымның шартта қаралған жалға берген негізгі құралдары, берген несиелері мен қарыздары, алған вексельдері үшін пайыз (процент) түрінде алатын сомасы, сондай-ақ салынған инвестициядан алатын дивидендтерінің сомасы есептелінеді. Бұл шотта есептелінген проценттер бойынша дебиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды табуға болады (ұсынылған заемдар, вексельдер, негізгі құралды жалға алу және т.б.). 1250 «Жұмысшылар мен басқа тұлғалардың берешегі» деп аталатын шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар жинақталады. Бұл шотта жұмысшылар мен басқа да тұлғаларға аванс ретінде (қарызға) қызметтегі іс-сапарлары үшін және басқадай шығындар ұшін берілген сомалар, сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлерден олардың кәсіпорынға тигізген зияндары үшін ұсталатын сомалар есептелінеді. 1280 Басқадай дебиторлық қарыздар. Бұл шотта жалгерлік бойынша келіп түсетін міндеттемелеріне, бюджетке артық аударылған сомаларына, шағым-талап сомаларына, ТМЗ кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемітулеріне, айыппұлдарына т.б. ақпараттарына шолу жасалынады.
9.Жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі.
Шаруашылық басқа ұйымдарға қысқа және ұзақ мерзімге жалға берген ұзақ мерзімді активтерін жалға бергенде 1260 қысқа мерз.жал, 2160 ұзақ мерзімді жал шоттарының дебетінде қаржылық немесе операцияондық жалдау ретінде көрсетіледі. Қаржылық жалдаудан көрсетілген дебиторлық берешектер 2160 шотының дб.де, 6130 шотының кр.де көрсетіледі. Операцияондық жалдауға берілген болса 1260 (2160) шотының дб.де 6260 шотының кр.де көрсетіледі.
Жалға берілген активтің қойылымы сыйақы ретінде: 1270(қысқа мерз.алынуға тиіс резерв) 2170(ұзақ м.а.т.р.) шоттарының дебетінде, 6110 шотының кредитімен байланыста көрсетіледі.
10.Алынуға тиісті вексельдер, оларды тану және бағалау.
«Алынуға тиісті шоттар» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжаттары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі. Кейбір жағдайларда жабдықтаушы сатып алушыға тиеліп жіберілген тауарлары үшін вексель алуы мүмкін. Алынған вексель анықталған мерзім ішінде белгіленген соманы төлеу бойынша жазбаша міндеттемені білдіреді. Вексель дегеніміз – оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы бола отырып, вексель құнды қағаздардың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді. Вексель белгіленген қатал нысанында жазылған жазбаша борышқорлық міндеттеме болып саналады. Вексель өзінің иесіне міндеттеменің мерзімі өткеннен кейін немесе мерзімінен бұрын вексельде көрсетілген соманы төлеуді талап етуге даусыз құқық береді. Вексельді толтырушы, яғни ол вексель бойынша төлем жүргізуге міндет алған заңды немесе жеке тұлға вексель беруші деп аталады. Ал вексель бойынша төлем алушы тұлға ремитент болып табылады.
Жасалу үлгісі және қолданылуы бойынша вексельдер жәй және аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді. Жай вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Аудармалы вексель – (тратта) кредитордың (транссангтың) қарызкерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналынады. Вексельдерді сонымен қатар пайыздық және пайызсыздық деп екіге бөлуге болады. Пайыздық вексельдердің атаулы құнында төленетін пайыз сомасы өз алдына бөлек көрсетіледі. Пайызсыздық вексельдерде пайыздық сома өз алдына бөлек көрсетілмейді, бірақ ол вексельдің жалпы сомасында қарастырылады.