Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржылык есеп дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
140.46 Кб
Скачать

6. Дебиторлық берешектер, олардың түрлері және бағалануы.

Дебиторлық берешек – кәсіпорынға (ұйымға, мекемеге) шаруашылық қарым қатынас жасаудың нәтижесінде басқа бір заңды немесе жеке тұлғаның берешек болған борышы. Бұл бір кәсіпорынның айналымдағы қаржысын екінші бір ұйым немесе жеке адамның пайдаланғандығын көрсетеді. Дебиторлық берешек – кейде қаржы тәртібін бұзудан, туарды, қаржыны талан-таражға түсіруден, күрделі құрылысқа байланысты қарыздардан т.б. құралады. Дебиторлық берешектердің өсуі кәсіпорынның қаржы жағдайын ауырлатады. Осыған байланысты экономикада қоданылып жүрген есеп айырысу – несие қатынастарының тәртібі. Дебиторлық берешектің өсіп кетпеуін қадағалап отырады. Дебиторлық берешек дер кезінде өндіріліп алынуға тиіс. Егер өндіру мерзімі өтіп кетіп, дебиторлық берешек шығыстан шығарылған жағдайда, бұл мерзімді өткізіп алған адамдар тиісінше жауапқа тартылады. Қазіргі кезде дебиторлық қарыздың халықаралық есеп жүйесіне өтумен байланысы келесі түрлерін бөледі: сатып алушы және тапсырыс беруші дебиторлық борыш, тәуелді бірлестік, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар, басқа да дебиторлық қарыз, болашақ кезеңдердің шығындары,берілген аванс бойынша дебиторлық қарыз.Дебиторлық қарыздар мерзіміне қарай екі түрліболып бөлінеді: 1. Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз 2. Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз. Қысқа мерзімді қарыздар- ұйымның бір жылға дейінгі қарызы, ал бір жылдан жоғары- ұзақ мерзімді қарыздар болып саналады. Дебиторлық борышты қалыпты өтеу мерзімі 5-90 күн болып табылады, бұл мерзімнен асып кесте дебиторлық борыштың өтелу мерзімі өтіп кеткен болып саналады.

Қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес, дебиторлық борыш тек өзімен байланысты кіріспен бірге танылады. Бұл кезде дебиторлық борыш бастапқы құны бойынша бағаланады, дебиторлық борыш сомасы күмәнді талаптар сомасына, ақша женілдіктеріне, сату женілдіктерінің сомасына және қайтарылған тауарлар сомасына шегеріледі. Нәтижесінде дебиторлық борыштың таза құны анықталады. Дебиторлық борыш есебі бухгалтерлік есеп жұмыс жоспарының «Қысқа мерзімді активтер» атты бірінші бөлімінің 1200-ші бөлімшесінде және «Ұзақ мерзімді активтер» атты екінші бөлімінде есептелінеді: Тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен бір жылдық есеп айырысу есебі 1210- Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі шотында жүргізіледі. Көрсетілген шоттың дебетінде клиенттің айдың басы мен айдың соңындағы қарыз сомасы және жыл ішінде алынатын сома, кредитінде сатып алушыдан келіп түскен сома бейнеленеді.

7.Күмәнді дебиторлық берешектер және оларды бағалау әдістері. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанмен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің етіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары "күмәнді қарыздар" деп аталады.

Егер күмәнді дебиторлық берешектердің туындауын ықтимал және өлшенуі мүмкін болса, онда болжамды күмәнді дебиторлық берешектерді бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуді қажет етеді.

Дт Кт

7440 1290

Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв алынуға тиісті шотқа контршот болып есептеледі.

Қаржылық есептілік жасаған кезде қандай шоттардың төленбей қалатыны алдын ала болжау мүмкін болмау болжанғанмен сәйкес келетіндей және оны жабатындай қажетті соманы есептеп шығару керек.

Күмәнді берешектерді есептеп шығарудың 2 әдісі қолданылады:

1. Таза несиеге сатылған пайыздық әдіс;

2. Дебиторлық берешектердің төлену мерзімі бойынша есебі әдісі (баланстық).

Бірінші әдістің мақсаты дебиторлық берешектің нәтижесінде пайда болған шығындарды дәл бағалау болып табылады.

Екінші әдістің мақсаты дебиторлық берешектердің таза құнын дәлме-дәл бағалау болып табылады.

Пайыздық әдісті қолданған кезде өткен бірнеше жылдың мәліметтеріне талдау жасай отырып келіп түспеуі ықтимал күмәнді дебиторлық берешектердің орташа пайызын анықтап, сол бойынша резерв құру.

Төлену мерзімі бойынша әдіс – дебиторлық берешектердің бухгалтерлік есептегі таза қалдығына негізделген әдістің негізгі ақшалай сомада алыну күтілген дебиторлық берешектердің таза өзіндік құнын бағалау болып табылады. Олар былайша бөлінеді:

1. 1 күн – 30 күн;

2. 31 күн – 60 күн;

3. 61 күн – 90 күн;

4. 91 күннен жоғары.

Күмәнді талаптар резервіне талап етілген қалдықты есептеп шығару үшін мынадай қойылымдар пайдаланылады:

1. Жалпы дебиторлық берешектерге негізделген бірыңғай аралас қойылым;

2. Әрбір алынуға тиісті шоттың мерзіміне жеке-жеке негізделген бірнеше қойылым.

"Күмәнді қарыздар бойынша резервтер" есебі №10 журнал-ордерде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің күдікті деп есептеген борыштары үшін 100000 (жүз мың) теңге көлемінде резерв құрғанда мынадай корреспонденциялар жазылады: күдікті қарыздар бойынша құрылған резерв сомасына; Д-т: Жалпы әкімшілік шығындар шоты К-т: Күмәнді қарыздар бойынша резервтер шоты

Кәсіпорындар мен ұйымдардың «сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:

2110 «Алынуға тиісті шоттар»; 302 «Алынған вексельдер»;

1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де берешектері». Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде берешектің сомасы жазылса, ал кредитінде берешектің азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық берешектер шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.