Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржылык есеп дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
140.46 Кб
Скачать

41. Пайда және зиян туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.

Шаруашылық қызметтің сапасын сипаттаушы соңғы қаржылық нәтиже бухгалтерлің есепте пайда н/се зиян көрсеткішінде көрсету, яғни осы кезеңнің барлық кірістері ж/е шғыстары есептеледі.

Есептеу принципінде сәйкес кірістер мен шығыстар нақты келіп түсу н/се ақшасының төленген уақытына қарамастан, олардың орын алған есеп беру кезеңіне жатқызылады.

Кірістер және шығыстар туралы есеп ұйымның есепті кезеңінің нәтижесін сипаттайды. Онда шаруашылық және қаржылық қызметтерден кірістер және осы шығыстарды алуағ мүмкіндік туғызған шығыстар көрсетіледі.

Егер, кіріс жалпы шығыстардан асып түссе онда ұйымның қызметінің нәтижесі- табыс, ал ұйымның кірісінен шығысы асып түссе зиян көрсетіледі.

Табыс меншікті капиталдың артуын білдіргенімен ақшаның өсуі туралы түсінік туғызбайды. Ақшаның артуы басқа активтердің түрлерінің азаюының нәтижесінде н/се ұйымның міндеттемелерінің өсуінің есебінен болуы мүмкін. Мұндай жағдай меншік капиталға әсер етпейді. Зиянның артуы, яғни өсуі меншік капиталының төмендеуіне алып келеді.

Кірістер және шығыстар туралы есеп кемінде мынадай баптарды қамтуы тиіс:

1) негізгі қызметтен алынатын кіріс;

2) іске асырылған дайын өнімдердің (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өзіндік құны;

3) жалпы кіріс;

4) кезең шығыстары:

-іске асыру бойынша шығыстар;

-жалпы және әкімшілік шығыстар;

-сыйақы түріндегі шығыстар;

5) негізгі қызметтен алынатын кіріс (залал);

6) негізделмеген қызметтен алынатын кіріс (залал);

7) салық салуға дейінгі қарапайым қызметтен алынатын кіріс (залал);

8) корпоративтік табыс салығы;

9) салық салудан кейінгі қарапайым қызметтен алынатын кіріс (залал);

10) төтенше жағдайлардан алынатын кіріс (залал);

11) таза кіріс (залал).

Баланста ұйымның қызметінің нәтижесі (табыс, зиян) қысқартылып көрсетілмегендіктен нәтиженің қалай алынғандығы, қандай операциялардан, қандай факторлардың табыс алуға мүмкіндік бергендігі туралы ақпараттар жоқ. Осы және басқа да сұрақтарға табыстар және шығыстар туралы есеп жауап береді. Пайда және зиян туралы есепке мынадай сызықтық баптар енуге тиісті: шаруашылық жүргізуші ұйым пайда және зиян туралы есепте немесе оған түсініктемеде табыстарды және шығыстарды талдауға кірісудің және шығыстаудың немесе олардың ұйымның шеңберіндегі функциялардың сипатына негізделген жіктелуін пайдалана отырып ұсынылуы керек.

42. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.

Меншіктік капиталдағы өзгерістер туралы есепті кезеңдеменшікті капиталдың құрылымында және санында болған өзгерістер туралы ақпараттарды ашады. Аталған есеп қаржылық есептілікті тұтынушылардың үлкен қызығушылығын тудырады. Олар: акционерлер және қатысушылар. Меншіктік капиталдың өзгерісі туралы есеп меншіктік капиталдың құрылымы және оның саны бойынша көрсеткіштердің өзгерістері туралы ақпараттарды қамтып ашады.

Құрылымы бойынша есеп кесте болып табылады. Оның жолдарында меншіктік капиталға өзгерісті туындатқан операциялар ашылады, ал бағаналарында мешіктік капиталдың сыныптары көрсетіледі. Есептің жолдары бойынша көрсеткіштерінің жиынтығы нәтижесінде меншіктік капитал тарауына сәйкес қорытынды жиынтық көрсеткішінің сомасын береді. Меншіктік капиталдың өзгерісі туралы есепте мынандай баптар көрсетілуге тиісті:

- Кезеңнің пайдасы және зияны;

- Кезеңдегі әрбір кірістердің және шығыстардың баптары. Олар меншікті капиталда баптардың мәліметтерінің жалпы сомасы стандарттардың немесе түсініктеменің ерекшеліктеріне сәйкес тікелей пайдаланылады;

- Мерзімнің басталуына, есепті күнге бөлінбеген кірістің немесе залалдың сальдосын және мерзімдегі өзгерістерді;

- Меншіктік капиталға негізгі компания мен азшылықтың үлесі жеке көрсетілген кезеңдегі жалпы кірістің және шығыстың шамасы.

№8 халықаралық қаржылық есеп стандарты бойынша танылатын меншіктік капиталдың әрбір компоненттері үшін есеп саясатын өзгерту тиімділігі

Меншіктік капиталдағы өзгеріс туралы есепте немесе түсініктеме хатта көрсетіледі:

1. Капиталдың иелерінің пайдасына және таратылғандары көрсетілген меншік иелерімен операциялардың шамасы;

2. Есепті кезеңнің басындағы және аяғындағы бөлінбеген пайданың жинақталған қалдығы және кезеңдегі өзгерісі;

3. Әрбір өзгерістер жекелеп көрсетілген есеп кезеңінің басындағы және соңындағы салынған капиталдың сыныптарының және әрбір резервтің ағымдағы шамаларын салыстыру.

Ұйымның меншікті капиталындағы өзгерістер екі есепті кезеңдер арасында қаржылық есептілікте қабылданған және ашылатын бағалаудың нақты қағидатына байланысты есепті кезеңнің ішінде таза активтерді ұлғайтуды немесе азайтуды көрсетеді. Меншік иелерімен операцияларды қоспағанда, жарғылық капиталға салынатын салымдар және меншікті капиталдағы дивидендтер, жалпы өзгеріс сияқты есепті кезеңнің ішіндегі ұйым қызметінің нәтижесінде туындаған жиынтықты кірісті және залалды білдіреді.

Есеп тұтынушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуде үлкен тәжірибелік мәнге ие және ағымдағы есепті кезеңде меншіктік капиталдың иелерімен де операциялардың нәтижесінде және есепті кезеңнің табыстары мен шығыстарының нәтижесінде болған барлық өзгерістерді қамтып көрсетеді.