Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржылык есеп дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
140.46 Кб
Скачать

38. Қаржылық есептіліктің мақсаты.

Қаржылық еептілік – компанияда жүзеге асырылған қаржылық жағдайды және операцияларды қсынуды құрылымдарға жіктеу болып табылады. Қаржылық есептіліктің мақсаты – экономикалық шешім қабылдаған кезде кең шеңбердегі тұтынушыларға пайдалы ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нәтиесі және ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттар ұсыну болып табылады. Сонымен қатар, қаржылық есептілік шаруашылық жүргізуші ұйымның басшыларының сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижесін көрсетеді. Бұндай мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржылық есептілік ұйымның мынадай көрсеткіштері туралы ақпараттарын қамтамасыз етеді:

Активтері

- Міндеттемелері

- Капиталы

- Пайда және зиянмен қоса кірістері және шығыстары

- Ақша-қаражаттарыныі қозғалысы

Бұл ақпараттар қаржылық есептілікте түсініктеме басқа да ақпараттармен бірге тұтынушыларға болашақта ақша-қаражаттарының қозғалысын болжамдауға көмектеседі.

39 Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.

Мемлекеттік ұйымдардың есептілігінен басқа қаржылық есептілікке енетін есеп беру нысандары:

1. бухгалтерлік баланс

2. пайда және зиян туралы есеп

3. ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп

4. капиталдағы өзгерістер туралы есеп

5. түсініктеме хат

Қаржылық есептіліктің нысандары, яғни құрамдас бөліктері өзара тығыз байланысты. Өйткені олар сол болған бір оқиғаның және операциялардың әр түрлі аспектілерін көрсетеді. Әрбір есептілік нысаны басқасынан өзгешеленген ақпараттар қсынғанымен олардың ешқайсысында бір оқиғамен шектелмейді және тұтынушыларға нақты қажетті бүкіл ақпаратты бере алмайды. Мысалы, кірістер мен шығыстар туралы есеп бухгалтерлік баланссыз ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есебінсіз және меншіктік капиталдың өзгерісі туралы есебінсіз ұйымның толық көрінісін бере алмайды.

Қазақстан Республикасының «бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес ұйымның қаржылық есептілігін мынандай ұйымдарға тапсырады:

- Құрылтайшы құжаттарына сәйкес меншік иелеріне;

- Қазақстан Республикасының статистикалық органына;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау органына.

Ұйымның есеп беру кезеңі болып күтізбелік жыл (1 қаңтар – 31желтоқсан) болып табылады. Жаңадан құрылған ұйым үшін бірінші есепті кезең – оның мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, сол күннің 31 желтоқсанына дейін. Ұйымның тіркеуге немесе оның заңды тұға мәртебесін алғанға дейінгі орын алған операциялары бірінші есеп беру кезеңінің қаржылық есептілігіне

енгізіледі. Ұйым жылдық қаржылық есеп беруді есеп беруден кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылады. Меншік иелері аралық қаржылық есеп беруді анықтауға және қаржылық есептілікті ұсынудың басқадай жиілігін, бірақ жылына бір реттен жиі емес, есеп беру жылынан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей белгілеуге құқыңы бар.

Жұртшылыққа жариялауға мүдделі ұйымдар (қаржылық ұйымдардан басқа) жылдың қаржылық есептілігін Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі бекіткен нысандардың тізіміне сәйкес басылымдарға жариялауға міндетті. Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша депозитарлар құрылуы және өкілеттік берілген орган белгіленген тәртіпте оған қаржылық есептілігін тапсыруға міндетті ұйымдардың тізімдері анықталуы мүмкін. Жариялауға мүдделі ұйымдар өздерінің қаржылық есептіліктерін депозитарға тапсыруға міндетті болады. Депозитар құрылған кезде ұйым өзінің қаржылық есептілігін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымынан кешіктірмей өткізуге міндетті.

Қаржылық есептілік нысандарында ешқандай да тазарту, өшіру болмауы керек. Қаржылық есептілікті құрастырған кезде қаржылық есептілікке қолдарын қойған тұлғалардың жіберілген қателері анықталған кезде түзетуші жазу жүргізіп түзету жүргізген күні көрсетіліп расталады.

Қаржылық есептілік нысандарын тапсырған кезде көрсетіледі:

1. Құрылтайшы құжаттарда тіркеліп анықталған тәртіпке сәйкес қаржылық есептілігін ұсынушы ұйымның атауы;

2. Орналасқан жері (мекен-жайын);

3. Мемлекеттік мүлікті басқару органы (кімге тапсырды);

4. Ұйымның меншіктік құқықтық нысаны.