
- •Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
- •3.Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •4. Басқа да банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •5.Қатаң есеп беру бланкілернің есебі.
- •6. Дебиторлық берешектер, олардың түрлері және бағалануы.
- •7.Күмәнді дебиторлық берешектер және оларды бағалау әдістері. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
- •8.Басқа да дебиторлық берешектердің есебі.
- •9.Жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі.
- •10.Алынуға тиісті вексельдер, оларды тану және бағалау.
- •11.Тмқ құрамы және оның құрамына енбейтін тмқ.
- •12.Тмқ. Бағалау әдістері.
- •13. Қорлардың есеп жүйелері.
- •14. Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі (бухгалтериядағы және қоймадағы есебі).
- •15. Негізгі құралдардың сыныпталуы және бағалануы.
- •16. Негізгі құралдардың кіріс операцияларының есебі.
- •17.Негізгі құралдарға күрделі жөндеу жүргізу операцияларының есебі.
- •18.Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының есебі.
- •19.Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •20.Материалдық емес активтер, олардың түрлері, сыныпталуы және бағалануы.
- •21. Материалдық емес активтердің кіріс және шығыс операцияларының есебі.
- •22. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •23.Меншіктік капиталдың түсінігі және құрылымы.
- •24. Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен қозғалысының есебі.
- •25. Резервтік капиталдың есебі.
- •26. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян). Қорытынды пайда (қорытынды залал).
- •27. Міндеттемелер және олардың жіктелуі.
- •28. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі
- •29. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •30. Еңбекақы, оның түрлері, нысаны және жүйесі.
- •31.Еңбекақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысу.
- •32.Орташа еңбекақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған күндеріне жәрдемақы есептеу есебі.
- •33.Еңбекақыдан шегерілетін шегерімдердің есебі.
- •34.Кірістердің (табыстардың) түсінігі.
- •35. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс.
- •36. Өнім сатудан түскен табыс.
- •37. Шығыстардың түсінігі. Шығыстардың өлшемі және тану критерийлері (белгілері).
- •38. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •39 Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •40. Бухгалтерлік баланс. Құрылымы және мазмұны.
- •41. Пайда және зиян туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •42. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •43. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •44. Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
- •45. Еңбекақы және оның түрлері, нысаны, жүйесі.
31.Еңбекақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысу.
Еңбекке ақы төлеу өндіріс циклінің бір бөлігі болып табылады және кәсіпорын ресурстарының маңызды бөлігін құрайды. Сол үшін еңбек ресурстары мен еңбекақы қорының тиімділігін тексеріп тұру кәсіпорын үшін өте маңызды.
Қызметкерлермен есептесуді тексеру үшін қажет ақпарат көздері ретінде штаттық кесте, жарғы, бұйрықтар, жарғылықтар, келісім-шарттар, азаматтық құқықтық сипаттағы келісімдер, жеке қамсыздандыру бойынша келісім–шарттар, ссуданы беру бойынша, тауарды несиеге сату, жұмыс уақытын қолдану, есептеу табелі, наряд, жолдама қағаздары, уақытша еңбекке жарамсыздық қағаздары, атқару қағаздары, есептеу және төлеу карточкалары, авнстық есеп берулер және соған қосыла берілетін алдыңғы құжаттар, мүлікті инвенторлар, мүлік актілері құжаттарын пайдалануға болады.Тексеруден соң аудитор тексеру бағдарламасын дайындауды соған сәйкес қызметкерлермен есептесудің әртүрлері бойынша операцияларды, бөлшек тексеруді іске асырады.
Негізінде еңбекақыны есептеуде жүргізілген алғашқы құжаттар, құжаттардың нормативті талаптарына сәйкес дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі.
3350 «Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу» шотын тексере отырып, қызметкерлерге тиісті демалыс ақысын және көп жылғы сіңірген еңбекақысының бекітілген тәртіп бойынша құрылған қор есебінен төленетін еңбекақысы сомасының, әлеуметтік сақтандыруға және зейнет ақысымен қамтамасыз етуге жіберілген қаржы есебінен шығарылған жәрдемақы сомасының, кәсіпорын табысы сомасының, ал дебет бойынша еңбекақының, сыйлық ақшаның, уақытша еңбекке жарамсызға арналған жәрдемақының төленген сомаларының, сонымен қатар кәсіпорындардың өз қызметкерлеріне еңбекақысы жөніндегі қарызын сальдо шоты көрсететін орындаушы құжаттар бойынша есептелген салықтар мен төлемдердің сомасының, еңбекақысы сомаларының қамтып көрсетілетінін білуге тиіс.
Көбінесе осы шот бойынша аналитикалық есеп деректер синтетикалық есеп деректеріне сәйкес келе бермейді. Бұл сальдо есеп айырысу-төлем тізімдерінің қорытынды сомаларымен берілген есеп бойынша тексеру арқылы анықталынады.
Кадрлар есебі үшін жеке карточкалар, ғылыми жұмысшылар үшін ғылыми жұмысшының есеп карточкалары алғашқы құжаттар болып табылады. Жұмыс уақытының есебі бойынша негізгі алғашқы құжаттар- жұмыс уақытын пайдаланудың есебі мен еңбек ақыны есептеу табелі және жұмыс уақытын пайдалануды есептеу табелі болып табылады. Табель жұмысшылардың барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалануын есептеу үшін, сондай- ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің бекітілген жұмыс күні режимін сақтауына бақылау жасау үшін, олармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу және атқарылған уақыт туралы деректер алу үшін қолданылады. Табельді табель толтырушы немесе мастер бір данада толтырады және еңбекақы есептеу үшін бухгалтерияның есеп айырысу бөліміне жіберіледі.
32.Орташа еңбекақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған күндеріне жәрдемақы есептеу есебі.
Орташа еңбекақы есептеу. Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1394 қаулысымен (бұдан әрі - Ереже) айқындалады.
Ережеге сәйкес бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстемеақылар, сыйлықақылар және еңбекақы төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс істелген уақыт үшін жүргізіледі.
Орташа жалақыны есептеуде Ережеге қосымшасына сәйкес тұрақты сипаттағы емес төлемдер ескерілмейді.
Қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.
Орташа күндік (сағаттық) жалақы барлық жағдайларда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс уақыты теңгерімін негізге ала отырып, тиісінше бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына бөлу жолымен анықталады.
Егер есеп айырысу кезеңі жұмыспен толық өтелмесе, онда орташа күндік (сағаттық) жалақы жұмыс істелген уақыт үшін есептелген жалақының сомасын осы жұмыс істеген уақытқа сәйкес келетін бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасының жұмыс күндері (сағаттары) санына тиісінше бөлу жолымен анықталады.
Есеп айырысу кезеңі – төленуі тиіс ақымен (төлеммен) байланысты оқиғаның алдындағы ұзақтығы он екі күнтізбелік айға тең кезең, не егер қызметкер жұмыс берушіде он екі күнтізбелік айдан кем жұмыс істеген болса, орташа жалақыны есептеу үшін пайдаланылатын нақты жұмыс істеген кезең.
кезекті демалыс ақы есептеу анана бөлу арқыл«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» заңына сәйкес жеке еңбек келісім шартымен жұмыс істейтін жұмысшыларға олардың жұмыс орындарын және орташа еңбек ақыларын сақтай отырып, төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі.
Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын беру дағдайы мен тәртібі жеке және ұжымдық еңбек шартында қарастырылады. Жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы демалыс уақытына келетін мейрам күндерін қоспағанда қабылданған жұмыс режимі мен кестесіне байланыссыз күнтізбелік күнмен есептеледі. Жұмыстың бірінші жылы үшін кезекті демалыс жеке еңбек шарты бойынша бір жыл болғаннан кейін беріледі.
Жыл сайынғы кезекті еңбек демалысын (негізгі және қосымша) немесе пайдаланбаған демалыс уақытына өтемақыны төлеу үшін орташа күндік еңбек ақы есептік мерзімге есептелген еңбек ақы сомасынан анықталады.
Жеке еңбек шартын бұзу кезінде, егер қызметкер жұмыс берушіде бір жылдан кем жұмыс істеген болса, онда пайдаланбаған кезекті демалысы үшін төлем оның жұмыстан шығатын айына келетін орындалған жұмыс уақыты үшін (1 күннен - 1-күнге дейін) есептелген еңбек ақысы сомасынан есептеледі.
Демалыс уақыты мен демалыс уақытын пайдаланбағаны үшін төлемдер және өтемақылар былай есептелінеді:
- егер есептік мерзім толық орындалса, онда есептік мерзімде есептелген еңбек ақы сомасын 12-ге және жыл ішіндегі орташа айлық күнтізбелік күндер санына бөлу арқылы;
- егер есептік мерзім толықтай орындалмаса, онда орындалған жұмыс уақыты үшін есептелген еңбек ақы сомасын есептік мерзімде орындалған жұмыс уақытына келетін күнтізбелік күндер санына бөлу арқылы;
- егер есептік мерзімде жұмысшының еңбек ақысы болмаса, онда 12 ай үшін есептелген еңбек ақы сомасын немесе жұмыс берушіде нақты орындалған жұмыс уақытына есептелген еңбек ақысын осы орындалған жұмыс уақытына тиісті күнтізбелік күндер санына бөлу арқылы анықталады.
ауырып қалған күндеріне жәрдемақы есептеу есебі. Ұйымдарда жұмыстан заңсыз босатылып, бұрынғы жұмысқа қайта орналасқан жұмысшылар мен қызметкерге сот органдарының шешімдерімен босатылған күннен бастап үш айға дейінгі жұмысқа шықпай қалған уақытына орташа еңбекақысы мөлшерде төленеді.
Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін уақытқа жәрдемақы төлеу.
ҚР-ның заңына сәйкес қайтыс болған жұмысшы қызметкерлерді жерлеуге арналған әлеуметтік көмек заңда белгіленген мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. “Азаматтардың еңбекке уақытша жарамсыздығы’’ туралы заң негізінде 14 жасқа толмаған сырқат баланы күту үшін еңбекке жарамсыздық парақшасы оны күтімге алу қажет болатын уақытқа дейін беріледі, алайда оның ұзақтығы 10 күнтізбелік күннен аспауы керек. Егер бала 10 күн аралығында сырқатынан айықпаса, және әрі қарай күтімді қажет ететін болса, онда ата-анасының біреуіне немесе күтетін адамға еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама беріледі. 3 жасқа толмаған ауырған баланың біреуіне еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша баланың ауырған күндерінің бәріне жәрдемақы дайындалады. Бірақ бұл жоғарыда айтылған төлемдердің барлығы Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есепті көрсеткіштің он еселенген мөршерінен аспауы тиіс.