Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржылык есеп дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
140.46 Кб
Скачать

22. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістері және есебі.

Материалдық емес активтерге де негізгі құралдар сияқты амортизация есептеліп есепті кезеңде өндірілген өнімнің, қызметтің құнына таратылады. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу негізгі құралдарға амортизация есептеген сияқты амортизациялау нормасы анықталып, амортизация есептеу әдістері бойынша жүзеге асырылады.

Материалдық емес актиртердің амортизациялау есебі бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарының 2740 «Өзге де материалдық емес активтердің амортизациясы мен құнсыздануы» шотында жүргізіледі.

Амортизация сомасын есептеу үшін, активтің пайдалы қызмет көрсететін мерзімін анықтау қажет. Пайдалы қызмет ету мерзімі деп пайдалыныстағы МЕА мекемеге табыс әкелеін кезеңді айтады. Оны 2 түрлі жолмен іске асыруға болады.

- Біріншіден, пайдалы қызмет көрсету мерзімін, активтің жұмысқа жарамды уақытымен аныктауға болады.

- Екіншіден, оны өндірілген өнім көлеміне сәйкес, есептеп шығаруға болады немесе соған сәйкес, ұйымның активті пайдалану арқылы табыс табатын мерзіміне сәйкес анықтауға болады.

Егер активтің пайдалы қолдану мерзімі келісім шартпен анықталған болса, сол мерзімге сәйкес амортизация да есептелетін болады.Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу үшін, негізгі құралдардың амортизациясын есептеу тәсілдері қолданылады. Олар:

а) бірқалыпты (түзу сызықты); Бастапқы құн – жойылу құны / пайдалану мерз.

б) қалдықты азайту тәсілі; Пайдалану мерз / әр жылға бөлу

в) өндірісті тәсіл. Бастапқы құн – Жойылу құны / Өндірістік күшке

МЕА үшін қолданылатын әдіс активте жасалған, күтілетін болашақ эконом\қ пайданы тұтынудың есептеу кестесі негізінде таңдап алынады ж\е осы болашақ экон\қ пайданы тұтынудың есептік кестесінде өзгерістер болғаннан басқа жағдайларда кезеңнен кезеңге кезектілік тәртібімен қолданылады. МЕАдің амортизациясының талдамалы есебі бекітілген типтік нысандағы «МЕА б\ша амортизация\қ аударымдар\ң сомасын есептеудің әзірлеме кестесінде» жүргізіледі.

МЕАдің есептелген амортизациясының сомасына жасалған есептеулерге сәйкес оларды пайдалану орнына бай\ты тиісті бух.жазба келесідей:

Дт 7110 «Өнімдерді сату ж\е қызметтер көрсету б\ша шығыстар», 7210 «Әкім\к шығ\р», 8410 «Үстеме шығ\р»

Кт 2740 «Өзге МЕАдің аморт\сы».

Есептелген аморт\я сомасының азаюы МЕАдің есептен шығарылуы нәтижесінде туындайды.

23.Меншіктік капиталдың түсінігі және құрылымы.

Ұйымның меншікті капиталы бұл міндеттемелердің шегерілгеннен кейінгі активі:

ƩА = ƩМ + ƩК

ƩМК = ƩА – ƩМ

Меншікті капиталдың бухалтерлік есебінің мақсаты – ресурстардың сақталуы мен дұрыс пайдалануына бақылау жасау. Осы мақсатқа жету үшін, бухгалтерлік есеп келесі нысандарға бақылау жасауды қамтамасыз етуі керек:

• жарғылық капиталға қатысушылардың үлестерін уақытында және толық қабылдап алу;

• мерзімінде, толық және дәл көрсетілген жарғылық капиталдың немесе оның әр түрлерінің жалпы сомаларының өсуі немесе кемуі жайлы өзгерістерді айқындап отыру;

• меншіктік акцияларды сатудан (эмиссиялық кіріс) түскен табыстарды алу;

• инфляцияға байланысты негізгі құралдарды, инвестицияларды және басқа да активтерді қайта бағалаудан кейін капиталдың сомасын уақытында және дәл анықтау;

• резервтік капиталдың уақытында және дұрыс құрылуы мен оны дұрыс қолдану;

• алдыңғы есеп беру жылы мен есеп беру жылында пайда болған бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал) сомаларын дұрыс анықтау және көрсету.

Меншікті капиталды есепке алу үшін бухалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының 5-ші «Каптал мен резерв» бөлімінің шоттары арналған, онда меншікті капиталдың жеке түрлеріне тиісті келесі кіші бөлімдер қарастылырған:

5000 «Жарғылық капитал»

5100 «Төленбеген капитал»

5200 «Сатып алынған меншікті үлес құралдары»

5300 «Эмиссиялық кіріс»

5400 «Резервтер»

5500 «Бөлінбеген кіріс (жабылмаған залал)»

5600 «Қорытынды пайта (қорытынды залал)»