
- •Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
- •3.Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •4. Басқа да банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •5.Қатаң есеп беру бланкілернің есебі.
- •6. Дебиторлық берешектер, олардың түрлері және бағалануы.
- •7.Күмәнді дебиторлық берешектер және оларды бағалау әдістері. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
- •8.Басқа да дебиторлық берешектердің есебі.
- •9.Жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі.
- •10.Алынуға тиісті вексельдер, оларды тану және бағалау.
- •11.Тмқ құрамы және оның құрамына енбейтін тмқ.
- •12.Тмқ. Бағалау әдістері.
- •13. Қорлардың есеп жүйелері.
- •14. Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі (бухгалтериядағы және қоймадағы есебі).
- •15. Негізгі құралдардың сыныпталуы және бағалануы.
- •16. Негізгі құралдардың кіріс операцияларының есебі.
- •17.Негізгі құралдарға күрделі жөндеу жүргізу операцияларының есебі.
- •18.Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының есебі.
- •19.Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •20.Материалдық емес активтер, олардың түрлері, сыныпталуы және бағалануы.
- •21. Материалдық емес активтердің кіріс және шығыс операцияларының есебі.
- •22. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •23.Меншіктік капиталдың түсінігі және құрылымы.
- •24. Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен қозғалысының есебі.
- •25. Резервтік капиталдың есебі.
- •26. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян). Қорытынды пайда (қорытынды залал).
- •27. Міндеттемелер және олардың жіктелуі.
- •28. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі
- •29. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •30. Еңбекақы, оның түрлері, нысаны және жүйесі.
- •31.Еңбекақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысу.
- •32.Орташа еңбекақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған күндеріне жәрдемақы есептеу есебі.
- •33.Еңбекақыдан шегерілетін шегерімдердің есебі.
- •34.Кірістердің (табыстардың) түсінігі.
- •35. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс.
- •36. Өнім сатудан түскен табыс.
- •37. Шығыстардың түсінігі. Шығыстардың өлшемі және тану критерийлері (белгілері).
- •38. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •39 Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •40. Бухгалтерлік баланс. Құрылымы және мазмұны.
- •41. Пайда және зиян туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •42. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •43. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •44. Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
- •45. Еңбекақы және оның түрлері, нысаны, жүйесі.
20.Материалдық емес активтер, олардың түрлері, сыныпталуы және бағалануы.
Материалды емес активтер дегеніміз – табиғи мәні жоқ, бірақ кәсіпорынға пайда әкелетін, яғни жұмыстар мен қызметтерді атқаруға, өнімдерді өндіріп, сатуға немес әкімшілік мақсатта пайдалануда құнды күші бар ұзақ мерзімді активтер.
Материалды емес активтер шоттар жоспарының 2 бөлімі, 2700 бөлімшесінде есепке алынады. Бұл шот активті, негізгі, мүліктік болып табылады.
Материалды емес активтерді анықтауға болады, егер де олар:
- кәсіпорынға болашақта пайда әкелсе;- басқа активтерге айырбасталынса, сатылса;- өзіндік құны нақтыланса (анықталса).
Материалды емес активтерге: патент, лицензия, жер, су, яғни табиғат ресурстарын пайдалануға құқық, авторлық құқық, тауар белгісі, өндірістік үлгі, ұйымдастыру шығындары, компьютерлік бағдарламалар, ноу-хау, гудвилл және т.б.
Материалдық емес активтер 4 топқа жіктеледі:
Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер; Коммерциялық қызметпен байланысты; Пайдалану құқығымен байланысты; Басқа да деп топтап мынадай 2 сыныпқа бөлеміз: Айырбастауға болатын, Айырбастауға болмайтын
Айырбастауға болатын материалдық емес активтер – ұйымның басқа активтеріне тәуелді емес, өз бетімен тіршілік ететін және жеке сатуға болатын материалдық емес активтер. Ұйымның қызметінде ең жиі және көп көрсететін айырбастауға болатын кейбір материалдық емес активтерге мыналар жатады: потенттер, өнеркәсіптік әрлемді тіркеу, авторлық құқық, сауда маркілері мен сауда атауы, франчайзингтер.
Жалдағы меншіктік капиталды жақсартуға жұмсалған қаржы. Жалдағы меншікті жақсарту құны жалға алушы және жалға беру туралы шаруашылық келісімшарты бойынша белгіленеді. Жалдағы меншікті жақсарту, егер жалдағы мүлік жалдаушыға тиесілі болмаса да материалдық емес активтер ретінде танылады.
Айырбастауға жатпайтын бірыңғай сәйкестендірілген материалдық емес активтер кейбір айырбастауға жатпайтын материалдық емес активтер мынандай 2 сипатқа ие:
Олар ұзақ мерзімді аванстық төлем болып табылады
Оларды басқа жаққа сату мүмкін болғанымен иелік етушіге ешқандай да құқық бермейді. Бұндай материалдық емес активтерге гудвилл, ұйымдастыру шығындары жатады. Материалды емес активтер 3 бағамен бағаланады:
Бастапқы құн – материалды емес актвитерді сатып алу кезінде кеткен шығындар
Баланстық құн – матераилды емес актвитердің бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастау. Сатып – өткізу құн – матераилды емес активтерді сатып алу кезінде сатушы мен сатып алушы арасында келісілген құн
Материалдық емес активтер сатып алынған кезде сатып алу құны бойынша бағаланады. Сатып алу құнына активтерді сатып алуға байланысты барлық шығындары енеді.
Сатып алу құны бұл барлық төлемдердің ағымдағы нарықтық құны немесе активті алуға байланысты ең төменгісі анықталады.
21. Материалдық емес активтердің кіріс және шығыс операцияларының есебі.
МЕА оны иемденуге кеткен, оны сатумен байланысты баж және басқа да қайтарымсыз салықтарды және активті дайындауға кеткен басқа да тікелей шығындарды қоса алғандағы нақты құны бойынша кіріске алынады. Тікелей шығындарға МЕА иеленуге кеткен кеңестік және ақпараттық қызметке төленген шығындар, рәсімдеу шығындары, патенттік төлемдер, МЕА иеленуге кеткен басқа да шығындар жатады. Басқа актив түріне айырбастаған МЕАдің бастапқы құны ретінде берілген құндылықтардың әділ құны танылады, ол қосымша төлемдерге түзетілген. Ұқсас актив түріне айырбасталған МЕАдің бастапқы құны ретінде берілген активтердің таза баланстық сомасы танылады, ол қосымша төлемдерге түзетілген. МЕАрдің келіп түсуінің есебі:
1.МЕА жарғылық капиталға салымдар ретінде қабылданғанда:
Дт 2730 «Өзге МЕА»
Кт 5110 «Төленбеген капитал».
2.МЕА жабдықтаушылардан қабылданды, сол жерде ҚҚС есептелді:
1.Дт 2730 Кт 3310 2.Дт1420 Кт 3310 ҚҚС 12%
ҚҚС есепке алынғанда:
Дт 3130 Кт 1420
Егер де 3 жылдан астам уақытқа сатып алынса:
1.Дт 2730 Кт 4110 «Жеткізушілер мен мердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек»
2.Дт1420 Кт4110 ҚҚС 12%
ҚҚС есепке алынғанда:
Дт 3130 Кт 1420
3.Сатып алынған МЕА б/ша жабдықтаушылардың шоты өтелінді:
Дт 3310, 4110, 3390, 4170
Кт 1010 «Кассадағы ақша қаражаттары», 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары», 1060 «Өзге ақша қаражаттары».
Бюджетке төленетін ҚҚС анықтайтын болсақ:
Дт 3130 «Қосылған құн салығы» (сату бойынша)
Кт 1420 «Қосылған құн салығы». (сату бойынша)
4. МЕАді сыйақы ретінде ж/е мемлекеттік субсидия ретінде қабылданды:
Дт 2730 Кт 6220, 6230
Есепті жыл соңында кірістер жиынтық табысты көбейту үшін келесі бух/к өткізбе есептен шығарылады:
Дт 6220, 6230 Кт 5610 «Қорытынды пайда».
5. Жасалған н\е қайта жарақталған МЕАдің өзіндік нақты құнын анықтау үшін жұмсалған материалдық, еңбек ж\е басқа шығындарды тікелей 2730 «Өзге МЕА» шотына н\е талдамалы шоттарда н\е 8110 «Негізгі өндіріс» шотында есепке алуға болады. Шығындарды МЕАді өз.құныны енгізгенде келесідей бух.тізбе беріледі:
а) Дт2730
Кт 1310 «Шикізат ж\е материалдар», 3310, 3390, 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді кред\қ берешек», 3150 «Әлеу\к салық», 3210 «Әлеу\к сақтан\у бойынша міндеттеме\р».
б) Мемлекеттен, заңды ж\е жеке тұлғалардан тегін алынған, сондай ақ мекеме өз күшімен жасаған н\е қайта жарақтаған МЕАді өндірісте пайдалануға жарайтын қылпына келтіруге сыртқы Кәсіпорындардың көрсеткен қызмет\рі үшін төленетін сомадан есептелетін ҚҚС сомасына келесі бух.жазба беріледі:
Дт 1420 Кт 3310, 3390
МЕА есептен шыққан жағдайда немесе активті қолдану тоқтатылған жағдайда Қоғамның балансында көрсетілмейді. МЕА шығысқа шығарудан алынған қаржылық нәтиже баланстық құн мен шығысқа шығарудан түскен таза түсім арасындағы айырма ретінде анықталады, және табыстар мен шығыстар туралы есептілікте өзге де шығыстар бабында көрсетіледі. Таза баланстық құн бастапқы құн мен жинақталған амортизация арасындағы айырма ретінде анықталады.
МЕА есептен шығарылған кезде:
1. Басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салым:
а) МЕАдің баланстық құнына:
Дт 7410 «Активтердің істен шығуы б\ша шығ\р»
Кт 2700, 2730;
ә) бұрын есептелген тозу есептелінді:
Дт 2740 «Өзге МЕАдің аморт\сы» Кт 2730;
б) МЕА сатылды, табыс мойындалды:
Дт 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ҚМДтБ»
Кт 6210 «Активтердің шығуынан алынатын кірістер»;
в) ҚҚС сомасына (айырмашылықтан)
Дт 7210 «Әкім\к шығ\р» Кт 3130;
г) жыл соңында барлығы жиынтық кірістің кемуіне
Дт 5610 Кт 7410.
Жиынтық кірістің артуына
Дт 6210 Кт 5610.
2. Моральдық жағынан тозуына және кәсіпорынға пайда әкелу қабілетін жоғалтуына байланысты
МЕАдің есептен шығарылуы:
а) материалдық емес активтердің баланстық құнына Дт 7410 Кт 2730;
ә) бұрын есептелген тозудың сомасьна Дт 2740 Кт 2730;
б)жыл соңында Дт 5610 Кт 7410.
3. Сатуға байланысты МЕАді есептен шығару:
а) МЕАдің баланстық құнына Дт 7410 Кт 2730;
ә) бұрын есептелген тозудың сомасына Дт 2740 Кт 2730;
б) сатылған активтердің келісім кұнына (ҚҚС-сыз) Дт 1210 Кт 6210;
в) ҚҚС сомасына Дт 1210 Кт 3130;
г) ҚҚС бюджетке төленген Дт 3130 Кт 1030;
ғ) сатып алушы шотты төлегенде Дт 1030, 1050, 1010, 1020 Кт 1210;
д)жыл соңында Дт 5610 Кт 7410 зиян шеккенде Дт 6210 Кт 5610 кіріс.
4. Өтеусіз беру:
а) баланстық құнға Дт 7410 Кт 2730;
ә) МЕАдің баланстық құнына Дт 2740 Кт 2730;
б) ҚҚС сомасына Дт 7210 Кт 3130;
в) жыл соңында Дт 5610 Кт 7410, 7210 (зиян).