
- •Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
- •3.Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •4. Басқа да банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •5.Қатаң есеп беру бланкілернің есебі.
- •6. Дебиторлық берешектер, олардың түрлері және бағалануы.
- •7.Күмәнді дебиторлық берешектер және оларды бағалау әдістері. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
- •8.Басқа да дебиторлық берешектердің есебі.
- •9.Жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі.
- •10.Алынуға тиісті вексельдер, оларды тану және бағалау.
- •11.Тмқ құрамы және оның құрамына енбейтін тмқ.
- •12.Тмқ. Бағалау әдістері.
- •13. Қорлардың есеп жүйелері.
- •14. Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі (бухгалтериядағы және қоймадағы есебі).
- •15. Негізгі құралдардың сыныпталуы және бағалануы.
- •16. Негізгі құралдардың кіріс операцияларының есебі.
- •17.Негізгі құралдарға күрделі жөндеу жүргізу операцияларының есебі.
- •18.Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының есебі.
- •19.Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •20.Материалдық емес активтер, олардың түрлері, сыныпталуы және бағалануы.
- •21. Материалдық емес активтердің кіріс және шығыс операцияларының есебі.
- •22. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •23.Меншіктік капиталдың түсінігі және құрылымы.
- •24. Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен қозғалысының есебі.
- •25. Резервтік капиталдың есебі.
- •26. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян). Қорытынды пайда (қорытынды залал).
- •27. Міндеттемелер және олардың жіктелуі.
- •28. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі
- •29. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •30. Еңбекақы, оның түрлері, нысаны және жүйесі.
- •31.Еңбекақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысу.
- •32.Орташа еңбекақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған күндеріне жәрдемақы есептеу есебі.
- •33.Еңбекақыдан шегерілетін шегерімдердің есебі.
- •34.Кірістердің (табыстардың) түсінігі.
- •35. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс.
- •36. Өнім сатудан түскен табыс.
- •37. Шығыстардың түсінігі. Шығыстардың өлшемі және тану критерийлері (белгілері).
- •38. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •39 Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •40. Бухгалтерлік баланс. Құрылымы және мазмұны.
- •41. Пайда және зиян туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •42. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •43. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •44. Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
- •45. Еңбекақы және оның түрлері, нысаны, жүйесі.
18.Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының есебі.
Кәсіпорындар өздерінің пайдалануындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құралдарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің балансыннан негізгі құралдарды есептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі құралдарды іске жарамсыздылығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөндеудің тиімсіздігін немесе мүмкін еместігін анықтау үшін, сондай-ақ негізгі құралдарды есептен шығаруға қажетті құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комиссияның құрамында мынадай қызметкерлер болуы тиіс:
• Кәсіпорын басшысы немесе оның орынбасары (комиссияның төрағысы ретінде);
• Бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қызметкері;
• Негізгі құралдардың сақталуына жауапты адам;
• Негізгі құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;
• Мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер көлік құралын есептен шығаратын жағдайда);
• Тағы да басқа жұмысшы-қызметкерлер болуы мүмкін.
Бұл жоғарыда аталған адамдардың құрамында құрылған комиссия ұйымда мынадай жұмыс пен міндетті атқарады:
• Есептен шығарылатын негізгі құралдарды толық тексеріп, сонымен қатар оның техникалық құжаттары мен төлқұжаттарында көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен танысу арқылы объектіні қалпына келтіруге болатындығы немесе болмайтындығын, яғни ол негізгі құралдардың алдағы уақытта пайдалануға жарайтындығын немесе жарамайтындығын анықтайды;
• Объектіні есептен шығарудың нақтылы есебін анықтайды (сапалық тозғандығы,табиғи тозғандығы, апат болғандығы байланысты, дұрыс пайдаланбағандықтан, ұрланғандықтан немесе жоғалғандықтан, қайта құруға байланысты, табиғи апаттар жағдайынан және тагы да басқа жағдайлардан);
• Негізгі құралдар белгіленген уақыттан бұрын, яғни тиісті белгіленген пайдалану мерзімінен бұрын істен (есептеп) шығарылатын жағдайда оның себебін анықтайды. Олардын істен шығарылуына кінәлі тұлғаны (адамдарды) заңдарға сәйкес тиісті жауапқа тарту керектігі жөнінде ұсыныс жасайды;
• Есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерін, детальдарын, материалдарын анықтап, олардың бағасын белгілейді;
• Есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерінің, материалдарының, сонымен қатар олардың ішінде қымбат және түсті металдардың дер кезінде жинап алынуын, олардың саны мен салмағын дұрыс анықтап, тісті орындарға(қоймаларға)тапсырылуын қадағалап отырады.
Кәсіп орындарда негізгі құралдарды есептен шығу үшін «Негізгі құралдарын есептен шығару актісі» немесе «Көлік құралдарын есептен шығару актісі» толтырылады.
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Дебит |
Кредит |
1 |
Негізгі құралдар тозығы жетіп есептен шығарылса |
7410 |
2410 |
2 |
Негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталып есептен шығарылса |
7410 |
2410 |
3 |
Негізгі құралдар сатып-өткізілсе, табыс мойындалса
|
ХХ |
ХХ |
|
1210 |
6210 |
|
|
1210 |
3130 |
|
4 |
Негізгі құралдар басқа кәсіпорынға сыйға тартса |
7310 |
2410 |
5 |
Негізгі құралдар басқа кәсіпорынның жарғылық капиталына салымдар ретінде салса |
7410 |
2410 |
6 |
Активтердің шығуынан шеккен шығыстар қорытынды залалға жойылса |
5610 |
7410 |
7 |
Активтерді сатып-өтуізу кірістері кәсіпорын табысына (қорытынды пайдаға) жойылса |
6210 |
5610 |