
- •Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
- •3.Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •4. Басқа да банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
- •5.Қатаң есеп беру бланкілернің есебі.
- •6. Дебиторлық берешектер, олардың түрлері және бағалануы.
- •7.Күмәнді дебиторлық берешектер және оларды бағалау әдістері. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
- •8.Басқа да дебиторлық берешектердің есебі.
- •9.Жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі.
- •10.Алынуға тиісті вексельдер, оларды тану және бағалау.
- •11.Тмқ құрамы және оның құрамына енбейтін тмқ.
- •12.Тмқ. Бағалау әдістері.
- •13. Қорлардың есеп жүйелері.
- •14. Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі (бухгалтериядағы және қоймадағы есебі).
- •15. Негізгі құралдардың сыныпталуы және бағалануы.
- •16. Негізгі құралдардың кіріс операцияларының есебі.
- •17.Негізгі құралдарға күрделі жөндеу жүргізу операцияларының есебі.
- •18.Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының есебі.
- •19.Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •20.Материалдық емес активтер, олардың түрлері, сыныпталуы және бағалануы.
- •21. Материалдық емес активтердің кіріс және шығыс операцияларының есебі.
- •22. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістері және есебі.
- •23.Меншіктік капиталдың түсінігі және құрылымы.
- •24. Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен қозғалысының есебі.
- •25. Резервтік капиталдың есебі.
- •26. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян). Қорытынды пайда (қорытынды залал).
- •27. Міндеттемелер және олардың жіктелуі.
- •28. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі
- •29. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
- •30. Еңбекақы, оның түрлері, нысаны және жүйесі.
- •31.Еңбекақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысу.
- •32.Орташа еңбекақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған күндеріне жәрдемақы есептеу есебі.
- •33.Еңбекақыдан шегерілетін шегерімдердің есебі.
- •34.Кірістердің (табыстардың) түсінігі.
- •35. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс.
- •36. Өнім сатудан түскен табыс.
- •37. Шығыстардың түсінігі. Шығыстардың өлшемі және тану критерийлері (белгілері).
- •38. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
- •39 Қаржылық есептіліктің құрамы және оларға қойылатын талаптар.
- •40. Бухгалтерлік баланс. Құрылымы және мазмұны.
- •41. Пайда және зиян туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •42. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •43. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
- •44. Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
- •45. Еңбекақы және оның түрлері, нысаны, жүйесі.
1. Ақша қаражаттары және олардың баламаларының түсінігі.
2. Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
3. Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.
4. Басқа да банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі.
5. Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.
6. Дебиторлық берешектер, олардың түрлері және бағалануы.
7. Күмәнді дебиторлық берешектер және оларды бағалау әдістері. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі.
8. Басқа да дебиторлық берешектердің есебі.
9. Жалдау бойынша дебиторлық берешектердің есебі.
10. Алынуға тиісті вексельдер, оларды тану және бағалау.
11. ТМҚ құрамы және оның құрамына енбейтін ТМҚ.
12. ТМҚ. Бағалау әдістері.
13. Қорлардың есеп жүйелері.
14. Қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебі (бухгалтериядағы және қоймадағы есебі).
15. Негізгі құралдардың сыныпталуы және бағалануы.
16. Негізгі құралдардың кіріс операцияларының есебі.
17. Негізгі құралдарға күрделі жөндеу жүргізу операцияларының есебі.
18. Негізгі құралдарды шығысқа шығару операцияларының есебі.
19. Негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері және есебі.
20. Материалдық емес активтер, олардың түрлері, сыныпталуы және бағалануы.
21. Материалдық емес активтердің кіріс және шығыс операцияларының есебі.
22. Материалдық емес активтерге амортизация есептеу әдістері және есебі.
23. Меншікті капиталдың түсінігі және құрылымы.
24. Жарғылық капиталдың қалыптасуы мен қозғалысының есебі.
25. Резервтік капиталдың есебі.
26. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян). Қорытынды пайда (қорытынды залал).
27. Міндеттемелер және олардың жіктелуі.
28. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың есебі.
29. Салықтар бойынша міндеттемелер есебі.
30. Еңбекақы, оның түрлері, нысаны және жүйесі.
31. Еңбекақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысу.
32. Орташа еңбекақы есептеу, кезекті демалыс ақы есептеу, ауырып қалған күндеріне жәрдемақы есептеу есебі.
33. Еңбекақыдан шегерілетін шегерімдердің есебі.
34. Кірістердің (табыстардың) түсінігі. Табыстардың өлшемі және тану белгілері.
35. Негізгі және негізгі емес қызметтен түскен табыс.
36. Өнім сатудан түскен табыс.
37. Шығыстардың түсінігі. Шығыстардың өлшемі және тану критерийлері (белгілері).
38. Қаржылық есептіліктің мақсаты.
39. Қаржылық есептіліктің құрамы және оған қойылатын талаптар.
40. Бухгалтерлік баланс. Құрылымы және мазмұны.
41. Пайда және зиян туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
42. Меншікті капиталдың өзгерістері туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
43. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік. Құрылымы және мазмұны.
44. Түсініктеме хаттың құрамы және ашылуы.
45. Еңбекақы және оның түрлері, нысаны, жүйесі.
1.Ақша қаражаттарының және олардың баламаларының түсінігі. Ақша-қаражаттары (өте жоғары өтімді активтер) жалпы қабылданған айырбастау мен бақылау құралы және қалған барлық баптардың есебі үшін негіз болып табылады.
Ақша-қаражаттары басқа активтерге қарағанда орынсыз жұмсалуға және пайдалануға жиі ұшырайды, осындай мәселелерді болдырмау үшін ақша-қаражаттар есебі бойынша ұйымның басшыларынан мынандай 2 мәселе талап етіледі:
Лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің тарапынан рұқсат етілмеген операцияларды болдырмау үшін бақылау құралдарын қосудың қажеттігі;
Нақты ақша-қаражаттардың және олармен жасалған операцияларды дұрыс, толық басқаруды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттың берілуін.
Отандық стандарттарда ақша-қаражаттарына мынадай анықтама берілген: «Ақша-қаражаттары — кассадағы және банктегі шоттардағы ұлттық және шетел валютасындағы нақты ақша».
Ал №7 халықаралық стандарт есеп стандартында ақша-қаражаттарға, олардығ баламаларына, ақша-қаражаттарының қозғалысына, яғни ағымына мынадай анықтама берілген:
Ақша-қаражаттары — нақты ақшаны және талап етілгенге дейінгі салымды қамтиды.
Ақша-қаражаттарының баламасы — қысқа мерзімді, жоғары өтімді белгілі бір ақша-қаражаттар сомасына жеңіл айналатын тәуекелділіктің өзгеруіне шамалы ғана ұшырайтын салымдар.
Ақша-қаражаттарының ағыны — ақша-қаражаттарының және олардың баламаларының келіп түсуі және жұмсалуы.
Ақша-қаражаттарының сақталуын және олардың есептелуін дәлме-дәлдігін қамтамасыз ететін қатаң ішкі бақылау болу керек. Ішкі бақылау мынадай қызметтерді атқаруы тиіс:1 Ақшаға есеп жеке жүргізуді және сақтауды;
Нақты есеп айырысуды жүргізген барлық операциялардың есебі;
Кассада тек қана күнделікті ішкі қолма-қол нақты ақшаға жасалатын операцияларға қажетті ақшаның сақталуы;
Кассадағы ақша қалдықтарына дүркін-дүркін тексеру жүргізіп санау;
Табыс әкелмейтін ақша-қаражаттарының дер кезінде қайтаруын қамтамасыз ету;
Ақша-қаражаттарына физикалық бақылауды.
Ақша-қаражаттарының баламасы өзінің экономикалық мәні бойынша халықаралық тәжірибеде ақша-қаражаттарға теңестіріледі. Оларға қысқа мерзімді, жоғары өтімді инвестициялар жатады. Олардың белгілері:
Олар белгілі бір ақша-қаражаттар сомасына жеңіл айналдырылады;
Олардың өтелу мерзімі соншалықты қысқа болғандықтан, пайыздық қойылымның өзгеруіне байланысты онша елеулі тәуекелділікке ұшырамайды;
Негізгі соманы жоғалтудың мүмкіндігін жоққа шығару. Әдетте бұндай анықтама бастапқы өтелу мерзімі үш айдан аспайтын инвестицияларға ғана сәйкес келеді. Мұндай инвестицияларға депозиттік сертификаттар, банктің акцептелген вексельдері, мемлекеттің құнды қағаздары немесе акционерлік қоғамдардың жоғары сапалы құнды қағаздары жатады. Кейбір жағдайларда қызмет көрсететін банк мекемелерінің алдында жасалған операциялардың нәтижесінде міндеттеме туындайды.
Овердрафт бұл ұйымның меншігіндегі активті шоттағы қалдық сомадан асып түсетін сомаға жасалған төлемнің нәтижесінде пайда болып қысқа мерзімді міндеттеме ретінде көрсетілетін активті шоттағы кредиттік қалдық. Мұндай келісімнің нәтижесі банктегі ағымдағы шот бойынша қалдықтың оңнан теріске өзгеруінде олып табылады.
Кассадағы ақша қаражаттарының есебі.
Күнделікті нақты қолма-қол ақшаға жасалатын шаруашылық операцияларына жететіндей қажетті ақша-қаражаттарды ұйымның кассасында сақтайды. Қолма-қол ақшаны кассаға қабылдау бас бухгалтер қол қойған кіріс ордері бойынша жүргізіледі. Қолма-қол ақшаны қабылдаған кезде мөрмен расталған бас бухгалтер мен кассирдің қолдары қойылған түбіртек беріледі.
Кассадан қолма-қол ақша беру ұйымның басшысы мен бас бухгалтердің қолдары қойылған шығыс касса ордері бойынша жүзеге асырылады. Касса операцияларын жүзеге асыруға негіз болған кіріс және шығыс касса ордерлері бухгалтерияда кіріс және шығыс құжаттарын жеке тіркеу журналында тіркеледі.
Шығыс ордерімен ақша берілгенде алушының жеке куәлігін талап етеді. Қолма-қол ақша алуға берілген қолхат өз қолымен сиямен немесе басы домалақ қаламмен алынған соманы көрсете отырып жүргізілуі мүмкін. Ұйымның тізімінде жоқ әрбір адамға жеке шығыс ордері бойынша немесе жасалған шарттың негізінде жеке ведомосттар бойынша жүргізіледі. Қолма-қол ақша шығыс ордерінде көрсетілген тұлғаға ғана беріледі. Кассадан ақша берілу сенімхат бойынша жүзеге асырылғанда ақшаны алушының да, сенімхат берушінің де аты-жөні жазылады. Егер ақша беру ведомость бойынша жүргізілсе, алушының қойған қолының алдында сенімхат бойынша деген жазба жазылады. Еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы, шәкіртақы тарату ведомость бойынша жүргізіледі. Ведомосттің бірінші сыртқы титул парағына басшының және бас бухгалтердің қолдары қойылған ақшаны тарату және сомасы жазбаша көрсетілген қолма-қол ақшаны тарату туралы рұқсат жазба жасалады. Еңбекақы таратуға белгіленген мерзім ішінде алмай қалғандардың тұсында «депоненттелді» деген белгі соғылады. Кассир төлем ведомостін жазған кезде еңбекақыларын ала алмай қалған, яғни депонентке жатқызылғандардың тізімін жасайды. Ведомость бойынша нақты төленген сомаға шығыс ордерін жазып, кассалық кітапқа жазып, мөр басуы керек. Кассир күнделікті жұмыс күнінің соңында бухгалтерияға есеп беріп отырады. Кассирдің берген есбінің қызметін касса кітабы атқарады. Касса кітабының әрбір беттерінің саны нөмірленіп, басшының және бас бухгалтердің қолдары қойылып расталады. Кассалық кітап, яғни кассирдің есебі 2 дана етіп толтырылады. 1-ші данасы касса кітабында қалады, 2-ші данасы кіріс-шығыс ордері мен сенімхат, қолхаттар тіркеліп бухгалтерияға өткізіледі.
3.Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттарының есебі
Кәсіпорандар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Ағымдағы банктік шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк мекемесіне келесі құжаттарды табыс етуі тиіс:
- банк мекемесесінің атына шот ашу туралы өтініш;
- кәсіпорынның құру туралы шешімдердің көшірмесі;
- кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының қолтаңбалары қойылған, мөр таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және басқа құжаттар.
Ағымдағы банктік шотына келесілер кірістеледі:
- кәсіпорынның сатқан өнімі мен тауарларының, материалдық құндылықтары мен басқа активтерінің және басқа заңды немесе жеке тұлғаларға көрсеткен қызметтерінен түскен табыс сомасы;
-банктер мен басқа да банктен тыс мекемелерден алған несие, басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан алған қарыздарының сомалары.Ағымдағы банктік шотынан келесілер төленеді:
- кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алған мүліктері мен заттарының құны;
- бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге төленетін төлем сомасы;
Шаруашылық қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын жүзеге асыру үшін банк мекемелерінен ұлтық және шетел валютасындағы ағымдағы шоттар ашады. Ағымдағы шоттар ашу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1. Шот ашу туралы өтініш;
2. Ұйымның заңды тұлға ретінде құрылғанына және тіркелгеніне күәлік ететін құжат;
3. Ұйымның куәландырылып расталған жарғысының көшірмесі;
4. Төлем құжаттарына қол қойылған құқық берген тұлғалардың қолдары мен мөрлерінің үлгісімен карточка;
5. Ұйымның салық органында есепке қойылғандығы туралы анықтама;
6. Валюталық шот ашуға сыртқы істер министрлігінің келісімін білдіретін анықтама және басқа да құжаттар.