Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
385.96 Кб
Скачать

67)1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары

Жаппай репрессия толқыны Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда бір жылдың ішінде үш іс қарастырылды. Олар Үржар, Пресновка және Қарағандыдағы “контрреволюциялық ұлшыл-фашистік залалдық ұйымдардың” істері болды. Ең алғашқы іс Қарағандыдағы сот ісі болды. Ондағы айыпталушылар тізімінде округтік партия ұйымының хатшысы М. Гатаулин, мүшелері А. Асылбеков, Н. Нұрсейітов болды. Олардың негізгі кінәсі – батылдылығы мен принципшілдігі. Сонымен қатар Гатаулин 1932 жылы Сталинге жазылған “Бесеудің хаты” авторларының біреуі болып табылады. Олар 1937 жылы қарашада өткен сот процесінде өздерінің “Мәскеудегі “троцкистік орталықпен” қалай байланыс орнатып, олардың тапсырмасын Қазақстанда қалай жүзеге асырғандарын” мойындады.

Кейін халық жауларын түсті металлургиядан, темір жол транспортынан, жерхалкомынан, байланысхалкомынан және т. б. жерлерден анықтап, жауапқа тарта бастады. Партия кеңес қайраткерлерінің тізімін Н. Нұрмақов (БОАК президиумының жауапты қызметкері), Т. Рысқұлов (РКФСР ХКК төрағасының орынбасары) Мәскеуде ұсталып бастаса, кейін ол тізімді Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы А. Асылбеков, Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Н. Нұрсейітов жалғастырды. Өлкенің партия және кеңес қызметкерлерін айыптап жауапқа тарту шаралары нәтижесінде көрнекті қайраткерлер: К. Сарымолдаев, У. Кұлымбетов, Г. Тоғжанов, А. Лекеров, А. Розыбакиев, Ж. Садвакасов, И. Құрамысов және т.б. ұсталып ату жазасына немесе лагерлерге ұзақ мерізімге айдалды. Жаппай репрессия саясаты нәтижесінде қазақ халқының ең таңдаулы азаматтары, тіпті, олардың ішінде кеңес өкіметін орнатуға қатысқан А. Айтиев, С. Арғаншеев, Т. Рысқұлов, Н. Сырғабеков сияқты қайраткерлер де атылып кетті. Жалпы сталиндік қуғын-сүргін көлемі әлі толық анықтала қойған жоқ. Кей деректерде 1937-1938 жылдары қазақстандықтардың 44 мыңы түрмелерге түсіп, 22 мыңы атылды десе, басқа деректер 1930-50 жылдары 100 мыңнан астам адам репрессияға ұшырады, оның ішінде 20 мыңнан астамы атылғанын айтады. Сонымен, қорыта айтқанда, 20 жылдардың аяғы мен 30 жылдары әкімшіл-әміршіл большевиктік тәртіп қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласында үстем болды. Әсіресе, Қазақстанда бұл тәртіптің өте ұсқынсыз, қатыгез формалары ұжымдастыру мен 1937-1938 жылдардағы саяси репрессия кезеңдерінде күш алды. Кеңес үкіметі, яғни халықтың үкіметі, сол халықтың өзіне қарсы қуғын-сүргінді ұйымдастырып, жазықсыз ату-асу жазаларын қолданды. Елде большевиктер басшылығымен халыққа қарсы жаппай “үлкен террор” ұйымдастырылды.

68) 1945 ж. 22-маусымда, түнгі сағат 4-тер шамасында Германия опасыздықпен КСРО-ға хабарсыз соғыс ашты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да бар еді. Әскер қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір 5-ші адам майданға аттанды. Еңбек әскері құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді.

КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Белоруссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазқстандық қарсыласу қозғалысына қатысты.

Республикаға И.С.Арискиннің, А.Жұмағалиевтің, К.Ғ.Омаровтың, З.У.Хұсановтың есімдері кеңінен мәлім болды. Олар жолдарды бүлдірді, басқыншылардың гарнизондарына жазалау операцияларын жүргізген кезде күтпеген жерден шабуылдап, батыл қимылдар жасады. Қазақстандық саяси қызметкерлер Г. Акмолинский, Т.Жангельдин, Ж.Саин, Б.Оразбаев және басқалар партизандар мен тұрғын халық арасында үлкен жұмыс жүргізді. Г.Ахмедьяров, Қ.Қайсенов, Н.А.Морозов, С.А.Олексенко, С.О.Төлешев, В.И.Шаруда партизан отрядтары мен құрамаларының командирлері болды.

Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық, соның 97-і қазақ. Қазақстандықтардың ішінен 1-ші болып, 1941 ж. 22-шілдеде Кеңес Одағының батыры атағы 19-танк дивизиясының командирі генерал-майор К.А.Семенченкоға берілді, ең соңында (1990 ж. 11-желтоқсанда) мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Б.Момышұлына берілді, ол 1941 ж. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда өз батальонымен жау қоршауын 3 рет бұзып шықты. Соғысты Б.Момышұлы полковник атағымен, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады. Ерекше ерлік көрсеткен 4 жауынгер: ұщқыш-штурмовиктер Т.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский (37 жау ұшағын құлатқан) Кеңес Одағының батыры атағын 2 рет алды. Батырлардың қатарында пулеметші М.Мәметованың, мерген Ә.Молдағұлованың, атқыштар - С.Баймағамбетовтың, С.Лұтфұллиннің, Мин Сен Юрдың, зеңбірекшілер – С.Мүткеновтың, Н.К.Новиковтың, брон бұзушы П.К. Миллердің, минеметші Қ.Сыпатаевтың, атты әскер М.Қатаевтың, сапер П.И.Гончардың, торпеда катерінің командирі Б.П.Ущевтің, атқыштар дивизиясының командирі Ғ.Б.Сафиуллиннің есімдері бар. 110 қазақстандық Даңқ орденінің 3 дәрежесіне де ие болды.

1941 ж. маусымдағы шайқасқа Литваның Шауляй қаласының оңтүстігіне таман 219-атқыштар полкі қатысты, бұл полк 1919 ж. қазанда Қостанайда Қызыл Әскер қатарына өз еркімен келген шаруалардан жасақталған болатын.

312-Ақтөбелік дивизия Малоярославь түбінде жаудың үш-төрт дивизиясына қарсы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс ұрысын жүргізді. Жаңа 53-дивизия құрылып, өз жеңісін Вена түбінде аяқтады. 102-Шымкенттік дивизия Украинаның солтүстік-шығысында қорғаныс шебін ұстап тұрды. Панфиловшы 1075-атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі П.Б.Вихрев бастаған 14 жауынгер жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды. Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. П.Б.Вихревке Батыр атағы берілді.

Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Ленинград шайқасында ерекше ерлік көрсеткен қазақстандықтар:

Балтық флотындағы «Киров» Қызыл Тулы крейсерінде 156 қазақстандық шайқасып, ерліктері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды. Партия ұйымдастырушысы Сұлтан Баймағамбетов, А.Матросовтың ерлігін қайталап (жау дзодын кеудесімен жауып), Батыр атанды. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротасының бөлімше командирі Қойбағаров ұрыста неміс траншеяларына 1-ші болып кіріп, ержүректілік көрсетті. Артилериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С.Жылқышев батылдығымен ерекше көзге түсті. Ал 1942 жылы Арыстан Ахметов 19 жауынгермен әскери маңызы бар төбені қорғауда ерлік көрсетті. Жаралы болып, ессіз қалған Арыстанды жау әскері қолға түсіріп азапқа салды. Әскери мәлімет ала алмаған жау оның үстіне жанармай құйып өртеді.1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды.

1942 ж. 17-шілдесінен Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 ж-дың күзінде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1943 ж. желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен Каспий теңізінен Александров-Гайға дейінгі 500 шақырым бойында шектесті. Орал қаласында ірі әскери-оперативтік байланыс торабы құрылды. Осы Сталинград шайқасында 1942 ж. 19-желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров Боковская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына құлатып, ерлікпен қаза табады. Жамбылдың ұлы Алғадай 19-гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетын басқарып жүріп, Синельниково қаласы маңында ерлікпен қаза тапты. Полковник Ғани Сафиуллин басқарған 73-гвардиялық дивизия жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын жойып жіберді. Минометші Қарсыбай Сыпатаев пен капитан А.А.Бельгин қуатты жарылғыш минамен жау танкісінің астына түсіп өшпес ерлік жасап, қаза тапқаннан кейін оларға Батыр атағы берілді. Ж.Сұраншиев «Ұшқыш партизан отрядының» құрамында жүріп, Лида қаласындағы астыртын жұмысқа қатысты. Және де рейхстаг терезелеріне алғашқылардың бірі болып Жеңіс туын тіккен офицер Р.Қошқарбаев пен оның досы Г.Булатов болды. Қазақстанның мыңдаған өкілдері Украинаны, Беларусьты, Балтық республикаларын, Молдованы азат етуге қатысты. Міне осындай көптеген қазақстандық азаматтар ерлік жасап, әр түрлі ордендер мен медальдармен марапатталды. 142 қазақстандық Солдат ерлігі орденінің толық иегері атанды. Жалпы Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны – 96638. Ал Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандықтар – 603 мың адам болды.

69) Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері

Ұлы Отан соғысы жағдайларында Қазақстанның майданды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі рөлі мен маңызы өсті. Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылығы елге соғысқа дейінгі соңғы бес жылда өндірілген өнімнен артық өнім тапсырды (астық - 5 829 мың тонна, ет - 734 мың тонна, жүн - 17,6 мың центнер, 3194 мың центнер сүт пен басқа да азық-түлік өнімдері және өнеркәсіп үшін қажетті шикізат). Малшылар да аянбай еңбек етті. Соғыс жылдары Қазақстан елдің шығысындағы негізгі мал шаруашылығы базасына айналды. Соғыс жағдайларында техниканың жоқтығынан миллиондаған бас малды жемшөппен, әсіресе қысқы жемшөптің қосымша қорларымен қамтамасыз ету аса қиын міндет болды. 1942 жылы колхоздар мен совхоздар етке 169,4 мың бас ірі қара мал (1941 жылмен салыстырғанда екі есе дерлік көп), 878,1 мың кой (1941 жылмен салыстырғанда 3 есе дерлік көп) тапсырды. Еттің көп мөлшерде тапсырылуына қарамастан республикадағы мал басының жалпы саны осы кезеңде 1 миллион басқа көбейді. Қазақстанның колхоздары, МТС-тер мен совхоздар майдан қажетіне 7 416 трактор (негізінен жаңасы), 110 мың жылқы жіберді. Тамақ өнеркәсібі өнімдерін шығару жоғарғы қарқынмен өсті. 1945 жылы 1940 жылмен салыстырғанда өсімдік майын өндіру 1,8 есе, консерві - 1,7 есе, кондитерлік өнімдер - 1,5 есе, макарон өнімдері - 1,3 есеге өсті. Экономикадағы бұл күмәнсіз табыстарға қажырлы еңбектің арқасында қол жетті. Еңбекке жарамды ер азаматтардың көпшілік бөлігі майданға аттанды. Өнеркәсіптегі әйелдердің үлес салмағы 50%, ал жеңіл және тамақ өнеркөсібінде 80-90%-ды құрады. Әскерге шақыру жасына дейінгі жасөспірімдер мен жастардың үлес салмағы Қазақстандағы бүкіл жұмысшылардың 35-40%-ын құрады. Еңбек тәртібі қатайып, жұмыс күні ұзартылды, мамандардың тұрақтамауы шектелді, 11 сағаттық 6 күндік жұмыс аптасы енгізіліп, қосымша демалыс жойылды. Тәртіп бұзғандар, кәсіпорыннан кетіп қалғандар 5 жылдан 8 жылға дейін түрмеге отырғызылып, жазаланатын болды. Экономиканы басқару әскериленді, төтенше өкілдер қызметі, азық-түлікті карточкалық жүйемен бөлу енгізілді. Қазақстан соғыс жылдары қорғаныс мамандарын дайындаудың орталығы болды. Республикада майданға жақын қалалардан көшірілген әскери училищелер орналастырылды. Ұлы Отан соғысы тарихының белгілі беттерінің бірі - Қызыл Армия үшін тау атқыштарын дайындайтын арнайы мектептің Алматыға жақын жерде ашылуы еді. Солтүстік Тянь-Шань тауларында орналасқан бұл мектептің беделі мен маңызы өте жоғары болды. Сталинград шайқасынан кейін, барлық майдандарда шабуылдар басталған кезде мектепке тау атқыштарын көптеп даярлау тапсырылды. Бастапқыда шақырылу жасына дейінгі жасөспірімдер, соңынан майдандағы офицерлер, тіпті Карпатқа, Татраға, Бескидке, Судетке, Трансильвания Альпісіне т. б. таулы аудандарға жіберілетін тұтас бөлімшелер оқытылды. Қазақстанның жұмысшы күшінің елеулі бөлігін арнайы қоныс аударғандар құрады. Соғыс басталған кезде олардан Еңбек армиялары құрылды. Оның құрамында 700 мыңнан аса (200 мыңы қазақтар) адам болды. Ұлан-ғайыр қажырлы еңбектің арқасында Қазақстан экономикасы КСРО-ның Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісін қамтамасыз етуге өзінің лайықты үлесін қосты.

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.

Қазақстан – май­дан ар­се­налы (1941–14–945 жж.)

Соғыс­тың алғашқы күнінен бас­тап Қазақстан май­дан ар­се­нал­да­рының біріне ай­нал­ды (ар­се­нал – күш-қуат, қару-жа­рақтар қой­ма­сы).

Қараған­ды шах­терлері ерен еңбек етті, төрт жыл ішінде олар 34млн тон­на көмір өндірді, бұл шах­та­ның бүкіл өмір бойы өндіргенінен 3 млн. тон­на ар­тық еді. Орал-Ембі мұнай­лы ауда­нының кәсіпо­рын­да­ры сұйық отын шығару­ды 39 пайызға арт­тыр­ды, электр қуатын өндіру екі есе дерлік өсті.

Көмір өнеркәсібі

1941 жығы 27 қара­шада БК (б) П ОК «Қараған­ды көмірін ти­еу ту­ралы» шешім қабыл­да­ды. Мұнай өнеркәсібі

Әске­ри-ша­ру­ашы­лық жос­парға сәй­кес Еділ бойы, Ба­тыс Сібір, Қазақстан мен Ор­та Азия аудан­да­рын­да қара және түсті ме­тал­лурги­яны, отын-энер­ге­тика­лық өнеркәсіпті, темір жол транс­пор­тын же­дел да­мыту қолға алын­ды. Ембіде мұнай көздерін бар­лап өндіру, Қараған­ды мен Маңғыс­та­уда шах­та­лар, бірқатар электр стан­са­лары мен балқаш мыс қоры­ту за­уытын­да от пен мыс та­зар­ту це­хы құры­лыс­та­рын са­лу белгіленді. Қазақстан­дағы отын-энер­ге­тика комп­лексі мен түсті ме­тал­лурги­яны да­мыту нұсқауы бойын­ша КСРО-ның соғыс ке­зеңіндегі ха­лық ша­ру­ашы­лық жос­па­рының құрам­дас бөлігі ретінде қарас­ты­рыл­ды. Соғыс­тың алғашқы бір жа­рым жы­лын­да 12 жаңа шах­та іске қосыл­ды.

Соғыс жыл­да­рын­дағы ірі құры­лыс­тар

1941 жылғы шілде­де Шығыс Қоңырат мо­либ­ден кен ор­ны­ның, Балқаш мыс қоры­ту за­уытын­дағы мыс та­зар­ту және ұса­тып-үгіту цех­та­рының құры­лыс­та­ры әске­ри маңызы бар екпінді құры­лыс деп жа­ри­ялан­ды. Қысқа мерзімнің ішінде су кор­пу­сын – ар­на­улы мо­либ­ден це­хының құры­лысын аяқта­ды. 1941 жыл­дың 7 қара­шасы­на қарай еліміздің ме­тал­лурги­ялық за­уыт­та­рына қажетті алғашқы мо­либ­ден өнімі шығарыл­ды. Бұл құры­лысқа Орал мыс кеніштерінің бұрғыла­ушы­лары келді. Ақша­тау мо­либ­ден-воль­фрам ком­би­натын са­лу аса ірі екпінді құры­лысқа ай­нал­ды.

Темір жол

Рес­публи­ка көлік қаты­насы ұжым­да­ры да өз жұмыс­та­рын соғыс уақыты­на бейімдеп, қай­та құрды. По­ез­дар қозғалы­сы ауыс­па­лы гра­фик­ке көшірілді. Бірінші ке­зек әскер­лер мен әске­ри жүкке берілді, жо­ла­ушы та­сымал­дауға шек­теу қойыл­ды. Түркістан-Сібір темір жо­лын­да ша­ру­ашы­лық жүктерін та­су жы­лына 2,5 есе өсті. Бүкіло­дақтық жа­рыс жеңімпаз­да­рының қата­рын­да 1942 жылғы ма­усым­да Түрксібтің Шар бөлімі де бол­ды. Бұл ұжымға ең жоғарғы наг­ра­да – МҚК-нің ауыс­па­лы Қызыл Туы тап­сы­рыл­ды.

Се­ло еңбек­керлерінің ерлігі

Қазақстан­ның кол­хозшы ша­ру­ала­ры соғыс­тың жеңіспен аяқта­лу­ына қомақты үлес қос­ты. Рес­публи­каның кол­хоз-сов­хозда­рына жыл сайын 300 мыңға жуық қала халқы еңбек етті. Жау ба­сып алған аудан­дардан көшіп кел­ген ша­ру­алар еңбек­те ерліктің үлгісін көрсетті.

Қазақстан еңбекшілері та­ры өсірудің ше­бері – Шығанақ Бер­си­евті, атақты күрішшілер – Ыбы­рай Жақаев пен Ким Ман Сам сияқты үздік шыққан жаңашыл­дар мен ас­тықтан мол өнім алу­дың май­тал­манда­ры Мұни­ра Са­тыбал­ди­наны, Ан­на Дац­ко­ваны, Нүрке Ал­пысба­ева­лар­ды және т. б. орын­ды мақтан етті. Ақтөбе об­лы­сы Ойыл ауда­нының озат та­ры өсірушісі Ш. Бер­си­ев та­рының қуаңшы­лыққа төзімді, жоғары өнімді, жергілікті ауа райына икемді сор­тын өсіріп шығар­ды. Ол 1942 жы­лы әр гек­тардан – 175ц, ал 1943 жы­лы – 202ц. өнім жи­нады. Қызы­лор­да­лық күріш өндіруші Ы. Жақаев 1943 жы­лы әр гек­тардың өнімін 192ц. жеткізді.

Мал ша­ру­ашылғы өнімдерін өндіру мен қоғам­дық мал ба­сының өсу жос­парла­ры ой­дағыдай орын­да­лып отыр­ды. Мал­шы­лар ара­сынан көпте­ген рес­публи­каға та­нымал еңбек озат­та­ры шықты. Мы­салы, Жезқазған ауда­ны Аман­келді атын­дағы кол­хоздың шо­паны Ж. Мұқашев жыл сайын жүз қой­дан 180ге дейін қозы алып, аман өсірді. Аты­рау об­лы­сы «Жаңа та­лап» кол­хо­зының жылқышы­сы Ш. Шұғаипо­ва бір мыңнан ас­там жылқыны ешқан­дай шығын­сыз бақты. Қоғам­дық мал ба­сы Рес­публи­када соғыс жыл­да­рын­да 3млн. басқа жуық өсті. 1944 жы­лы Бүкіло­дақтық еңбек жа­рысын­да мал ша­ру­ашылығын өркен­де­тудегі ора­сан зор та­быс­та­ры үшін Ба­тыс Қазақстан об­лы­сының Жаңақала, Гурьев об­лы­сының Қызылқоға аудан­да­ры КСРО Қорғаныс ко­митетінің ауыс­па­лы Қызыл Ту­ын жеңіп ал­ды. Жал­пы соғыс кезінде Қазақстан­ның ауыл-се­ло еңбек­керлері өздерінің пат­ри­от­тық және еңбек па­рыз­да­рын ай­тар­лықтай өтеді. 1941–1945жж. олар май­дан мен ел­ге 5 829мың тон­на ас­тық, 734мың тон­на ет және басқа да азық-түлік, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

70) Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі

Республиканың соғыстан кейінгі қоғамдық саяси өмірінде Қазақ КСР-ның Мемлекеттік Гимнінің 1946 жылы 26-шы шілдеде енгізілуі зор оқиға болды. 1947 жылы 16 ақпанда Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің, ал 1948 жылғы 11 қаңтарда еңбекшілер депутаттары жергілікті Кеңестердің сайлаулары өткізілді. Сайлау Кеңестердің қызметін жандандыруға, олардың жұмысын бұқара халықтың саяси белсенділігін арттыруға бағытталды. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақстандағы еңбекшілердің бұқаралық ұйымдары кәсіподақ пен комсомол ұйымдарының белсенділігін арттырумен айналысты. Алайда, Коммунистік партия халық шаруашылығын дамытуға , әлеуметтік-мәдени міндеттерді орындауға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тартқанымен олардың қоғамдық өмірде , халықпен жұмыс істеудегі дербестігі шектелді. Өйткені бұл кезде Коммунистік партия басқарған кеңестік қоғамда әміршіл-әкімшіл жүйе өзінің шарықтау шегіне жетті. Сталиннің жеке басына табыну кеңінен өріс алды. Адамның бас бостандығын шектеу, оның құқығын есепке алмау, еңбекшілерді өндіріс құралдарынан аластату құбылыстары етек ала бастады. Ком­му­нистік пар­ти­яның билігі шексіз бол­ды. Қоғам­да то­тали­тар­лық, ав­то­ритар­лық жүйе үстем бол­ды. Осы­ның бәрі же­ке адам­ның ба­сына та­бынған­дықтан пай­да болған. Жоғары билік ба­сын­дағылар тез ара­да ком­му­низм­ге көшу ту­ралы жос­парлар­ды құрас­ты­ра бас­та­ды. Ком­му­низмнің те­ориялық негізі жа­сал­ды. Мұның бәрі И. В. Ста­линнің көре­гендігі ретінде бағалан­ды. Рес­публи­када осы­лай қияли уто­пи­ялық көзқарас пай­да бол­ды. Ком­му­нистік пар­тия қияли ком­му­нистік иде­оло­ги­яның мүддесін ха­лықтың өмірі мен тіршілігінен жоғары қой­ды. Адам мүддесімен ешкім са­нас­па­ды. 1953 жылы 5 наурызда Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық қайта құрулар басталды. Қазақстанның бюджетінің көлемі өсті.Мысалы, 1951-55 ж. өнеркәсіпке жұмсалған қаржы көлемі 1941-50ж. салыстырғанда 2,3 есе артты. 1954-56 жылдарда республика қарамағына 144 ірі кәсіпорын, 1959 жылы түсті металлургияның 29 кәсіпорындары берілді. Жергілікті Кеңестердің шаруашылық және халыққа білім беру, сауда, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы құқықтары кеңейтілді. Жоғары Кеңестің тұрақты комиссиялардың белсенділігі артты.Олардың саны үштен сегізге жетті. Өнеркәсіп және транспорт, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, сауда, халыққа білім беру және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиялар құрылды. Олардың құрамындағы депутаттар саны 35-тен 167-ге дейін өсті. Мұндай өзгерістер мемлекет басына Хрущевтің келуімен байланысты еді. Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Ақмола-Целиноградқа, Батыс Қазақстан- Оралға айналды. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық зиялылары мен жастардың наразылығын тудырды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Тайжанов, Ақатаев, Әуезов, Тәтімовтер бірігіп, «Жас тұлпар» ұйымын құрды. Мақсаты- қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Осы секілді ұйымдар кейінірек Алматы, Ақмола, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Семей қалаларында да құрылды. Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті шектеді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар және Қарағандыдағы ядролық сынақтар адам өміріне, экологиялық және қаржылық шығындар әкелді. 1963 жылғы дейін ашық ауада 113 жарылыс жасалып, 1964жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға дейін 343 сынақ жасалды. Хрущев мемлекеттің «коммунизмге » өтуіне байланысты Конституция жасауды ұсынғаннан кейін 1961 жылы комиссия құрылды. Бұл комиссияның жобалары 1977 жылы КСРО Конституциясын жасауда пайдаланылды. Дегенмен конституциялық заңдардағы талаптар іс жүзінде жүзеге аспады. Қазақ КСР Жоғары Кеңесі КСРО кеңесіне бағынды. Конституцияда тәуелсіз деп көрсетілгенімен, құқық қорғау, прокуратура органдары да орталыққа бағынышты болды. Депутаттарды халық таңдамады, жергілікті әкімшілік органдары тағайындап отырды. Тағайындалған депутаттар өз міндеттерін білмеді. 1964 жылдың қазан айында саяси қателікке толы Хрущев қызметі аяқталды.

71) . Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарлары

. Соғыстан кейінгі алғашқы жыл - ауыл шаруашылығы үшін аса ауыр кезең . төртінші бесжылдық жылдары Қаз\ нда астықтың орташа жылдық шығымы 1913 жылғы көрсеткішке тең болған . Ауыл шар\н дамыту жолындағы қиыншылықтар : жұмыс қолының жетіспеуі , жаңа техникамен қамтамасыз етудің мардымсыздығы , басқарудың әкімшілдік күштеуі , экономикалық заңдармен есептеспеу.

1946 жылғы 16қыркүйекте ауыл шар\нда қиын жағдайды жою туралы қаулы қабылданды . Қаулының нәтижелері мынадай : 1949 жылғы республика колхоздарына әр түрлі мемл-к ұйымдардың 214 млн сом қарызы , мал. техника және заңсыз алынған 540 мың га . жер қайтарылды . Әкімшілік басқару аппараты қысқартылды . Материалдық- техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін қосымша қаражат бөлінді . Мамандар дайындау жүйесі жөнге қойылды . МТС-тер қызметі 1946 ж-76% , 1950ж -95% ға өсті .

1948 жыл – республика ауылдарын жаппай электрлендіру басталды . Өнім өндіруді арттыру мақсатымен ұсақ колхоздар біріктіріліп , ірі ұжымдық аруашылықтар құрылды . 1945жылы – 6737колхоз ,1952жылы -2047колхоз. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жоспарын артық орындағаны үшін қосымша ақы төленді . Мал саны өсіп , суармалы жер көлемі 16%-ға артты. Осыған қарамастан , ауыл шар\ғы халықтың азық түлікке деген телабын қанағаттандыра алмады. Ауыл шар\ның артта қалу себептері :

Шаруашылықты әміршіл төрешіл жүйесі , жергілікті жағдайлармен есептеспей , жоғарыдан жоспарлап , аппарат тарапынан бұйрық беру, “әскери коммунизм ” кезеңінің азық түлік салғыртын енгізуі , еңбекшілерді өндіріс құралдарынан , еңбек өнімнің нәтижесінен шектеу . Ауыл еңбеккерлері заң жүзінде колхоздарға телініп , олардың еңбегі басыбайлық сипатта болды .

1953 жылы қыркүйекте КОКП ның ОК пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап , оның даму болашағын анықтады . Азық түлік тапшылығын шешу , астық өндіруді арттыру мақсатындва тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды .

1954 жылғы қаңтар Қ-н компартиясының VII съезінде КОКП бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов қызметінен босатылды . Бірінші хатшылыққа П.К Пономоренко , екінші хатшылыққа Л.И брежнев отырды . 1954 жылғы қаңтар- наурыз - КОКП ОК Пленумы “Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру , тың және тыңайған жерлерді игеру туралы ” қаулы қабылдады .

Тың жерлер игерілетін аймақтар : Қ-н , Сібір, Урал , Солт. Кавказ , Еділ бойы , 1954-1955 жылдары 1млрд.100 млн. – 1млрд. 200 млн. Пұт астық алу белгіленді . Қазақстандағы тың жерлерді игеретін аудандар : Қостанай , Ақмола , Солт. Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстары . Тың игеруге басқа республикалардан адамдар көшіріліп әкелініп , оларға көптеген жеңілдіктер жасады . 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20млрд. Сом жұмсалды . 1954-1962 жылдары республикаға 2 млн. –ға жуық тыңгерлер көшіп келді. 1954 жылғы тамызда жыртылған жер көлемі : КСРО-да 13.4 млн.га , Қ-нда -6.5 млн. га .1954 жылғы 13 тамыз –“Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі игеру туралы ” қаулы қабылданды . 1956 жылғы егістік көлемі 28-30 млн. га. ға. Жеткізу міндеті қойылды . 1955 жылы жоспардағы 7.5 млн. орнына 9.4 млн . га жер жыртылды Тың жерлерді игеруге 10 мыңдаған мамандар келді . 1954 жылы көктем Қ-н тыңында 120- дан совхоз құрылды. 1954 жыл- тың жер астықтың жалпы түсімінің 40% -дан астамын берді . Тың игеру жылдары Қ-нда 25 млн. га жер жыртылды .

Алайда сырттан келушілер тым көп болып кетті . 1954-1962 жылдары -2 млн. адам келді . Қазақтар респуб. Тұрғындарының үштен бірінен де аз болып кетті . Ғалымдардың тың жерлерде осынша кең көлемде көп игеруі табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін деген болжамдары шындыққа айналды. Тың игерілген аймақтарда қазақ мектептері жабылып , қазақ халқының өз тілін ұмытуына әкеп соқтырды. Мал шығыны көбейді . Осыған байланысты 1955 жылы қаңтарда КОКП ОК Пленумы мал шаруашылығының ауыр жағдайын талдады . Сол бойынша малды бағып күтудің жаңа шаралары енгізілді . Нәтижесінде мал шаруаылығы деңгейі көтерілді . 1960 жылдары мал басы 37.4 млн-нан асты . Мал түқымы асылдандырылды . МТС тер жойылды. 1957-58 жылдары колхоз совхоздағы мал санын көбейту үшін тұрғындар меншігіндегі малды ала бастады . Бірақ бұл реформа да халықты азық түлікпен толық қамтамасыз етуді шеше алмады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]