Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айка.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
385.96 Кб
Скачать

1930-32Жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.

66) . ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы мәдени революцияның мазмұны, қайшылықтары, онда большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуының салдары

Қазақстан өлкесінде мәдени құрылысты жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті: ұлт зиялыларының аздығы, ұлыдержавалық шовинизм, материалдық-техникалық базаның болмауы. 1924ж.сәуір – «сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды.1921-27жж. 200мың адам щқып сауатын ашты.1928ж. сауатты адамдар – 25%, оның ішінде қазақтар – 10% болд. 1926ж.мамыр – ҚАКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы қабылданды: 3 жылдық және 4жылдық мектептердің үлес салмағын арттыру, қазақ қыздарына арнап мектеп ашу. 1929ж.араб әрпі латын әрпімен, 1940ж.кириллицамен ауыстырылды. 1928ж. – комсомолдар бастамасымен Бүкілқазақстандық мәдени жорық басталды. 1930ж. 5мыңға жуық комсомол, соғысқа дейін бесжылдықтарда 65мың комсомол мәдени жорықтарға қатысты.1931жжелтоқсан -15-50жас арсындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей мінднетті білім беру енгізілді.ҰОС қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңдай адам оқыды.. 20-30жылдар – Қазақстан ғылымының қалыптасқан кезеңі. 1920ж. – Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. Қоғамның филиалдары Петропавл, Көкшетау, Орал, ОРда қалаларында ашылды. 1926ж. – Массон Әулиеатада қазба жұмыстарын жүргізді.. 1932ж. – КСРО Ғылым акдемиясының Қазақстандағы базасы құрылды.

20-30жж. Мәдениеттің жағымды жағы:

Саустсыздықты жою жоғарғы қарқынмен жүргізілді.

Бастауыш білім беру жүзеге асырылды.

Жоғарғы оқу орындары мен техникумдар ашылды

Зиялылрдың жаңа топтары қалыптасты

20-30жж. Мәдениеттің тиімсіз жағы:

Қызыл террор ұлттық зиялыларды жойды.

Жаппай идеологияландыру халық мәдениетіне зор нұсқан келтірді.

ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы сауатсыздықпен күрес. Халыққа білім беру жүйесінің қалыптасуы.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы он жылдықтағы қазақ халқының және Қазақстан ауыл-селоларындағы мәдени құрылыстағы оқиғалар мен іске асырылған өзгерістер туралы мәселе - тарихымызда әлі толық анықтала қоймаған күрделі мәселе. Мәдени құрылыс атауына ие болған бұл құрылыстың бір тармағы республикамыздағы сауатсыздықты жою болып табылады. Сауатсыздықты жою науқанына қатысушы топтың бірі Қазақстан жастары мен ұйымдары болды.

1920 жылы РКФСР ХКК-нің шешіміне орай өлкелік Халық ағарту бөлімдерінің жанынан сауатсыздардың есебін алуды ұйымдастырумен, педагог мамандарды даярлаумен, курстар мен мектептерді ашумен, оқу құралдарын басып шығарумен шұғылданатын сауатсыздық жөнінде комиссиялар құрылды. 1924 жылдың қаңтар айында Қазақстанда "Сауатсыздық жойылсын" ұйымын құру жөнінде жұмыстар жүргізілді. 1924 жылдың 17 ақпанда өткен алғашқы ұйымдастырушылық жиналыста Қазақстандағы сауатсыздықты жою ұйымы (СЖҰ) рәсімделді. Олардың негізгі мақсаты сауатсыздықты жою болғанымен олар жергілікті жерлерде жұмысшы, шаруа, малшылар қатарын социалистік құрылысқа тартумен және сауатсыз село халқын бар күш жігері мен қаражаттарын қоғамдық іске жұмсауға үйрету сияқты коммунистік идеологияның принциптерін насихаттаумен де айналысты.

1925 жылы 9 наурызда РКЖО-ның Қырғыз (қазақ) облыстық комитеті Қырғыз (қазақ) өлкелік РЛКЖО болып өзгертілді. Көп жылдар көсем атанған В.И.Лениннің атымен аталатын Жастар Одағы социалистік құрылыстардың барлық жұмыстарына, оны жүзеге асыруға, партияның тапсырмаларын бұлжытпай орындауға, оның ішінде сауатсыздықты жою науқанына қатысуға мәжбүр болды.

1925 жылы 30 шілдеде қазақ саяси-ағарту басқармасының Қазақстан өлкелік партия комитетімен бірлескен, ауыл әйелдеріне арнайы қызмет ететін қызыл отаулар ұйымдастыру туралы қаулысы шықты. Қызыл отауларды ұйымдастыру және басшылық жасау жұмысы жергілікті партия, комсомол комиттеттері мен "Қосшы" одағына міндеттелді. Қызыл отау әйелдер арасында сауатсыздықты жоюда негізгі күш болды. Бұл мәдени-ағарту мекемесі клубтың, оқу үйінің, кітапхананың, дәрісхананың және әр түрлі мәселелерге кеңес беретін орталықтың да қызметін атқарды. Негізгі мақсаты кеңестік идеологияны насихаттау болды. Осы мақсатта әйелдер мәселесін жан-жақты сөз ететін баспасөз органдары - "Теңдік" газеті мен "Әйел теңдігі" журналы шыға бастады. Оның алғашқы редакторы Сара Есова болды.

Қазақ халқының сауаттығы туралы 1927 жылы қарашада болған VI Бүкілодақтық партия конференциясында Ф.Голощекин қазақ халқының 97 пайызының сауатсыз екендігін, яғни оның 3 пайызы ғана арабша хат таниды деп кемсіткені бар.1928 жылдың мамыр айында өткен БЛКЖО УІІІ съезі коммунистік партияның сауаттылық жолындағы нұсқауларын орындауда мәжбүр бола отырып, жастарды сауатсыздықты жою күресіне қатысуға бағыттады. 1928 жылдың 1 тамызынан бастап, сауатсыздықты жою айлығын өткізу туралы шешім қабылдады. Сауатсыздықпен күрес жөніндегі жергілікті комиссияларға көмек ретінде, сауатсыздықты жою жұмысына бір мың комсомолды жіберетін болды. Съезд әрбір сауатты комсомолға сауатсызды оқытуды міндеттеді.

Қазақстан комсомолы екіжылдық мәдени-ағарту жұмысын атқару мақсатымен, ауыл мен селоға 408 мәдени жауынгер мен қосымша 226 жастарды жұмылдырды. комсомолдардың бірінші негізгі міндеті ел ішіндегі ашылған қысқа мезгілді мектептерден оқып өздерінің саяси, мәдени сауатсыздықтарын жою керек.

1928 жылдың аяғына дейін, қазақтар араб әліпбиін қолданып келді, партия көсемдері араб әліпбиін ауыстыруды Кеңестік Шығыстағы революция деп бағалады. Жаңадан құрылып социалистік бағыт ұстаған кеңестік идеология араб әліпбиін ауыстыру идеясын қызу қолдады. Араб әліпбиінің қорғаушылары ретінде байлар мен мұсылман дін басыларының мүдделері ұлтшылдар деген атаққа ие болды. УІ шақырылған Қазақ АКСР ОАК ІУ сессиясы 1928 жылдың желтоқсанында бүкіл жерде латын әліпбиіне көшуді заңдастырды.

Ауылды жерлерде сауатсыздықты жою жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1931 жылы Мәскеу мен Украинадан Қазақстанға 114 мәдени бригада келді. Олар тек сауатсыздықпен ғана емес, жаппай орыстандыру мәселесімен де айналысты.Қазақстанның үкіметі де, орталықтағылар да республикадағы білім беру ісін қаржыландыруға немкетті қарады. Қазақстан халыққа білім беру ісіне жұмсалатын шығын жөнінен басқа кеңестік республикалардың бәрінен төменгі орында болды.

1928 жылы Қазақстанда жалғыз педагогтық жоғары оқу орны болған болса, 1932 жылы олардың саны сегізге жетті. Ал педагогтік техникумдар осы мерзімде 14-тен 29-ға, ал басқа техникумдар 16-дан 52-ге дейін өстіБірақ біржақты таптық идеологиямен улана бастаған және әртүрлі саяси-әлеуметтік дүрбелеңдерді әдейі қолдан жасаған тоталитарлық жүйе жағдайында адамдарды орта және жоғары оқу орындарына тарту үлкен қиыншылықтарға кездесті. Адамдар сауатының төмендігі жағдайды ауырлатып отырғанына қарамастан, Ф.Голощекин басқарған Өлкелік партия комитеті оқуға келетіндердің партиялық-әлеуметтік және ұлттық тегіне үңіліп, орта және жоғары оқу орындарына студенттер қабылдауды одан әрі қиындата түсті.

Қарастырып отырған 1920-1930 жылдар кезеңіндегі Қазақстан жастар ұйымдарының бар қызметі кейінгі жылдардағыдай, жастар күшінің төзімді екендігін көрсетті. Коммунистік партия басшылығы өз шешімдерін орындауға мәжбүр ете отырып, жастар мен олардың ұйымдарын барлық құрылыс учаскелеріндегі еңбекке пайдаланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]