- •7)Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
- •19. Найман және Керейт ұлыстары.
- •26. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •39)Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •1930-32Жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
- •67)1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •72. 1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73. 1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •74. Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •75. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •79. Астана - Қазақстан Республикасының жаңа елордасы
- •80. Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары
- •81. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесі
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •85. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта
- •88. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •89. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •90. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. Өнеркәсіптегі өзгерістер: Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды. 1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді. 2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді. 3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті. Өнеркәсіптегі өзгерістердің нәтижесінде Риддер қорғасын зауыты 1923 жылы одақтағы өндірілетін қорғасынның 40% -ын өндіре бастады, Доссор, Мақат мұнай кәсіпорындары іске қосылды, Шымкент сантонин зауыты ашылды, 1927 жылы Қарсақбай комбинаты мыс өндіре бастады. Өнеркәсіптегі өзгерістердің оң нәтижесімен қатар кемшіліктері де болды. Мысалы: Қазақстан шикізаттық бағытта ғана дамыды. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті. Ауыл шаруашылығындағы өзгерістер: 1. Әскери коммунизм саясаты кезінде енгізілген салғырт жойылып, оның орнына салық енгізілді (1921 жылы наурызда) 2. Түтін салығы мен күш-көлік салығының орнына бірыңғай заттай салық енгізілді. Салықтың мөлшері салғыртқа қарағанда 2,5 есе аз болды. 3. 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды. 4. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті. 5. Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. 6. Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды. 7. Жерді арендаға беруге рұқсат берілді. 8. Несие берілетін болды. 9. «Қосшы Одағы» құрылды. 10. 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады. Осы өзгерістердің нәтижесінде егіс көлемі ұлғайды, мал саны өсті және кедейлер азайып, орташалар саны көбейді. Байлар, кулактар шектетілді, сайлау, сайлану құқығынан айырды. Сауда: сауда еркіндігі еркіндігі қалыптасты. Оған дәлел: 1. 1921 жыл 24 мамырда «Айырбас туралы» декрет қабылданды. 2. Декрет бойынша айырбас жасауға рұқсат етілді. 3. Жәрмеңкелер ашыла бастады. Мысалы, Ақмола губерниясында «Атбасар» жәрмеңкесі, Ақтөбе губерниясында «Ойыл», «Темір» сияқты жәрмеңкелер, Бөкей губерниясында «Орда» жәрмеңкесі ашылды. Қазақ жерінде барлығы жеті өлкелік, он үш губерниялық және жетпіс бес жергілікті жәрмеңке ашылған болатын. 4. Жеке саудаға рұқсат берілді. Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы: 1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді. 2. Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. 3. Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді. 4. Өнеркәсіп артта қалды, дамымады. 5. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды. 6. Саяси өмірде демократия бұрмаланды. 7. Еркіндік мүлде болмады. 8. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды
