Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
385.96 Кб
Скачать

19. Найман және Керейт ұлыстары.

Наймандардыңкерейіттердің ертеректегі мемлекеттері — Орталық Азияның шығысында —Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар. Көшпелі мемлекеттіліктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тон болды. Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болган. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. X ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» қарағанда, жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ атаумен аталады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға дейінгі Орталық Азияаумағына қоныстанған. Қидандардың Ляо әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман» атауы пайда болады, ол, бәлкім, цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін. Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның одағы» деген баламасы бар, яғни найман деген монғол атауын да оларға Ляо әулеті кезінде монғол тілдес қидандардың бергені күмәнсіз. Найман тайпалар одағы XII ғасырдың бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады. Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжэндерді қуып шығып, қидандардың Ляо империясын қалпына келтірмекші болды. Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман билеушілері оның әскерлерінің қажеттері үшін оған мал әкеліп берген. X—XII ғасырдың басында наймандар Ляо империясына вассалдық тәуелділікте болып, оның батыс шетінде, яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Монголия жерінде тұрған. Жетісуда қарақытайлар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандардың жерлері солардың иеліктерімен көрші болды. Рашид ад-Дин наймандар жөнінде бір бөлігі «өте тау-тасты жерлерді», ал бір бөлігі жазира-жазықтарды мекендеген көшпелілер дейді. Деректемелердің көрсеткеніндей, кеш дегенде XI ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемдеріне дейінгі шығыстан батысқа қараған аумақты алып жатқан.

Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер XI ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Олар Тола өзенінің аңғарын, Орхон өзенінің орта ағысы ауданын және Онғын өзенінің аңғарын алып жатқан. Шыңғысхан шапқыншылығы қарсаңында керейіттер бүкіл қазіргіМонголия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, монғолдар да солардың қол астында болған. Наймандаркерейіттер,  негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Олардың өз малына жайылым іздеп, бір жерден екінші жерге жылына бірнеше рет көшіп жүруіне тура келді. Көші-қон шалғайлығы жер жағдайы мен мал санына байланысты болған. Қысқа пішен қоры жасалмады, бірақ көшіп-қону қыстыгүні малдың азықты өзі тауып, өз аяғынан жайыла алатындай етіп реттеліп отырылды. Деректемелер наймандар мен керейіттердің көшіп-қонуын екі түрге белуге мүмкіндік береді. Бір жағынан, азды- көпті үлкен топтар болып кешкен (күрен әдісі) және екінші жағынан, жеке әулеттер оқшауланып немесе шағын бірлестіктер болып көшіп жүрген. Шыңғысхан империясының құрылуына байланысты көшіп-қонудың күрен әдісі жойылып, әскери ұйымдык түрі ғана қолданылады. Наймандардың басты байлығы үйірлі жылқы болды, жылқы болмайынша далада шаруашылық жүргізу мүмкін емес еді. Көшпелі үшін жылқы қатынас құралы, соғыста және қаумалап аң аулағанда мінер аты болды. Көшпелілер оның етін жеп, сүтін ішті, терісі мен жүнін пайдаланды. Ірі қара да көлік ретінде пайдаланылды: күркелі арбаға өгіздер мен сиырларды жекті. Қой малы еті, терісі мен жүні үшін ұсталды. Бірақ наймандар, керейіттер бір ғана мал шаруашылығымен тіршілік ете алмайтын еді, ейткені тамақ жетіспеді. Бұл тапшылық алуан түрлі жабайы аңдар мен ішінара балық аулаумен толықтырылып отырды.

20) Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы. 1219-1224ж. 1219 жылы Ертіс өзенінің бойында әскерлерін тынықтырып, Балқаш көлінің оңтүстігі - Жетісу арқылы Отырар каласына жақындай түседі. Қалаға жақындағанда Шыңғысхан әскерлерін бірнеше түменге бөледі. (Он мың әскер бір түмен деп аталған). Отырар қаласын алуға Үгедей мен Шағатайды қалдырады. Жошы қалған түмендерімен Сыр өзенінің төменгі ағысындағы Жент және Янгикент қалаларын алуға аттанады. 1219 жылдың күзінде монғол әскерлері Отырар қаласына келеді. Отырар өмірі Ғайырхан 20 мың әскерімен қаланы қорғауға дайындалады. Отырарды қоршап алған монғол әскерлері бірнеше ай бойына қаланы ала алмайды. Алты айға созылған соғыстан кейін Отырар қаласы құлайды. Монғолдар қала халқын қырып, қаланы жермен-жексен етеді. Отырар қаласы құлағаннан кейін 1220 жылы Шағатай мен Үгедей Бұхара жолында Шыңғысхан әскерлеріне қосылып, Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды. Шыңғысхан бастаған монғол-татар әскерлері 1220 жылдың мамыр айында бүкіл Мауараннахр аймағын өзіне бағындырды. 1221 жылы Мерв, Хорасан қалаларын алып, Орта Азияны өзіне каратты, 1221 жылы көктемде Шыңғысхан Өмудария өзенінен өтіп, Ауғанстан мен Солтүстік Үнді жеріне барады. ХIII ғасырда Қазақстан мен Орта Азия жерінде монғол-татар үстемдігі орнайды. Қырғын соғыс пен ұзақ жылдарға созылған езгі жергілікті халықты күйзеліске ұшыратты. 1224 жылы Қазақстан арқылы арқылы Ертістегі Шыңғыс ордасына оралады.

Монғол шапқыншылығының Қазақстан халқына тигізген зардабы.

Монғолдар халыкты жаппай қырып-жою соғысын жүргізді. Қалалар мен елді мекендер, сәулетті сарайлар мен мешіттер, суландыру жүйелері әдейі киратылды, өңделген егістіктер караусыз калды. Мыңдаған колөнер шеберлері құлдыққа айдап әкетілді. Халық ашықты. Бұрын болып көрмеген қаталдық, жауыздық әрекеттерге жол берілді. Монғол шапқыншылығы жаулап алған елдерінің экономикалық және мәдени дамуына тежеу салды. Қазақстанның егіншілік және қалалық мәдениеті мешеу қалды. Марко Полоның айтуына қарағанда, монғолдар жаулап алған жерінде қалалардың «әскер енгізуге бөгет жасайтын қамал-қабырғалары мен қақпалары болуына рұқсат етпеді. Осылай ауыздықталған халық көнбіс келеді, бас көтере алмайды». Жетісу қалалары жаугершілік кезінде қиратылған жоқ. Бірақ Жетісудың үстімен өткен қисапсыз көп әскер атының тұяғымен, тонауымен-ақ бұл ауданның шаруашылығына орасан зор зиян келтірілген. Монғол үстемдігі орнағаннан кейінгі он жылдың ішінде қалалар қиратылып, егістік жер мал жайылымына айналдырылды. Монғол феодалдары үстемдік құрған бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мәдениеті гүлденген, отырықшы-егіншілік дамыған, халық тығыз қоныстанған Қазақстанның осы бөлігі бүрынғы экономикалық саяси және мәдени маңызынан түгелдей айырылды. Мұның әр түрлі себептері болды. Монғол шапқыншылығының бірқатар жағымды әсері де бар. Монғол билеушілері сауданың өркендеуіне, халықаралық катынастардың жақсаруына үлес қосты, байланыс және көлік қызметін жаппай енгізді. Бұрын бір-бірін білмейтін халықтар арасында сауда және мәдени байланыс орнатылды. Үлыстар арасында сауда керуендері, елшілік адамдары жүріп жатты, саяхатшылар жер түбіндегі алыс елдерге барып, Еуропаға бұрын белгісіз болып келген азиялык елдер мен халықтар жайлы мәліметтер таратты. Монғол феодалдары үстемдік кұрған бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мәдениеті гүлденген, отырыкшы-егіншілік дамыған, халык тығыз қоныстанған Қазақстанның осы бөлігі бүрынғы экономикалық саяси және мәдени маңызынан түгелдей айырылды. Мұның әр түрлі себептері болды.

Қазақстан аймағы монғол ұлыстарының құрамында

Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды. Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты. Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады.

21) Қазақстан XIII-XV ғғ. Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде

Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді.

«Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.

Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады.

Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.)

Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.

Алтын Орда өзін билеген хандары: Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді.

Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды.

Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады.

1380 жылы Куликов даласындағы зор шайқаста Алтын Орданың Мамай бастаған қалың қолын орыс князьдерінің жеңуі Алтын Орданың құлауын тездетті.

XIV ғ. аяқ шенінде, яғни 1391 – 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпестей етіп екі рет күйрете соққы берді. Осыдан соң ол бірте – бірте ыдырай бастады. XV ғасырдың басында Тоқтамыс хан мен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XV ғ бірінші жартысында онан бұлғарлар, казан (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моңғолдардан толық тәуелсіздік алды.

Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады.

22) . Ақ Орда

14-15 ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Бара

Күшейген кезі

Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.

Жаңа дәуір

1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.

23) Әбілхайыр хандығы

Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді.

Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.

Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.

Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды.

Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Орда Ежен хан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. 1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.

1450 жж. Әбілхайыр Мәуранахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқарға жорық жасайды.

1456—57 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады.

Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстан жеріне қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.

1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті

24) XIV-XV ғғ. Моғолстан құрамындағы оңтүстік-шығыс Қазақстан

1456 ж. Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне, Моғолстан жеріне таман қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и -Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»…

Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып қазақ хандығына келіп жатты. XV ғасырдың 50-жылдарының ортасынан 70-жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды. 1462-жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде, Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті.

25) Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.

Ноғайордасы ,Маңғытұлысы – АлтынОрдаыдырап, АқОрдаәлсірегенненкейінБат. Қазақстанжерінеіргелесаймақтапайдаболғанмемлекеттікбірлестік. НегізгіаумағыЕділменЖайықаралығыболғанымен, шығыстаЖайықтыңсолжағасына, солт.-шығыстаБат. Сібіройпатынадейін, солт.-батыстаҚазанғадейін, оңт.-батыстаАрал, Каспийт-недейін, кейдеМаңғыстауменХорезмгедейінгіалқаптықамтыды. Н. о. алғашындаосыбірлестіктіңнегізінқалағанмаңғыттардыңатымен“МаңғытОрдасы”аталған. “Ноғай” атауыбұданкейініректе, алғашорысжылнамаларында (1479), кейіншығысдеректерінде (1500) пайдаболған.Бұлатаудыңшығутегітуралыкөптегензерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысындаАлтынОрдаәскерініңқолбасшысыНоғайиелігінеқарағанұлысхалқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтандепсанайды. ТарихижазбадеректергеқарағандаН. о-ныңнегізінЕдігеқалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) АлтынОрдадағыбиліктітүгелдейөзқолынаұстағантұстаиелігіндегіноғайұлысыдараланабастады. КастилияелшісіР.Г. КлавихоныңжазбасындаЕдігеордасы 200 мыңнанастамжасақұстағаныайтылады. ОлАлтынОрданыөзіқойғанхандарарқылыбасқарып, “бектербегі” немесе “ұлыәмір” атағынаиеболған. ИбнАрабшахтыңайтуынша, оныңжиырмабаласыныңәрқайсысыжекеиеліктердебилікжүргізіп, әскерұстаған. Н. о-ныңдаралануы 13 ғ-дың 2-жартысындабасталып, Нұрәд-Диннің (1426 – 40) тұсындааяқталды. Орт. – Жайықөз-ніңтөм. саласы, Сарайшыққ. болды. АлтынОрдаыдырағаннанкейінпайдаболғанөзгедеордаларсияқтыН. о-ндаэтн. құрылымнангөрі, саясиқұрылымбасымеді. Басбилікті “бектербегі”, әміратқарды. Негізгібұқарасы “ұлысадамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қарахалық” депаталды. ХантағытекШыңғысханәулетініңғанаүлесіболсада, Н. о-ныңсаясиүстемдігі, экон. тіршілігімаңғытәмірлерінің, яғниЕдігеұрпағыныңқолындаболып, билікатаданбалағакөшіпотырды. 15 ғ-дыңорташенінденоғайларСырдарияныңортаағысындағықалалардыбасыпалып, Шығ. ДештіҚыпшақтыңсаясиөміріндеЕдігініңұрпақтарыУақасби, Мұсамырза, Жаңбыршы, т.б. бастырөлатқарды. Ұлыстарменру-тайпаларарасындабилікүшін, жайылымдықжерүшінүздіксізкүресжүрді. Халқыныңнегізгікәсібікөшпелімалш. болды. Н. о-ныңқұрамынаенгентайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейінненқазақхалқыныңэтн. құрамынқалыптастырудаүлкенрөлатқарды. Ш.УәлихановН. о. менҚазақхандығыхалқыныңтуыстығытуралы “бауырласорда” депатаған (қ. Қазақ-ноғайқарым-қатынастары). 15 ғ-дыңаяғындаН. о. орысмемлекетіменсаясижәнесауда-экон. байланыстарорнатып, ноғайбилеушілеріМәскеуменҚазанбазарларынажылсайынмыңдағанжылқыменқойөткізіптұрды. 16 ғ-дың 2-жартысындаҚазанменАстраханхандықтарынРесейжаулапалғаннанкейінН. о. әлсіреп, бірнешеұлыстарға, ордаларғабөлінді. Солт. КавказдаКішіНоғайордасы, Жем, ОйылжағалауларындаАлтыұлысордасықұрылды. ИсмаилмырзаныңқарамағындағытайпаларҮлкенНоғайордасынқұрып, 1557 ж. Орысмемлекетінебағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды.Үлкен Ноғай ордасы, Үлкен ноғайлар — 16 ғасырдың 2-жартысында Ноғай Ордасының ыдырауы нәтижесінде құрылған мемлекеттік құрылым. Үлкен Ноғай ордасы Еділ (Волга) өзеннің Каспий теңізіне құятын төм. ағысының сол жағалауынан Жайық өзеніне дейінгі аралықта көшіп-қонып жүрген ұлыстардан құрылған. Үлкен ноғайлардың билеушілері өздерінің Мәскеу мемлекетіне тәуелділігін бірнеше рет мойындады (1555 — 63, 1564, 1567). 1600 ж. Борис Годунов патша Үлкен ноғайлардың тәуелділігін ресми түрде бекітіп, Естерек (Иштерек) мырзаға князь атағын берді. 17 ғ-дың бас кезінде Үлкен Ноғай ордасы бір жағынан Мәскеу мемлекетінің, екінші жағынан Еділ бойына қоныстанып қалуға тырысқан қалмақ тайпаларының қысымына ұшырады. 1634 ж. қалмақтардың кезекті шабуылынан кейін Үлкен Ноғай ордасы ыдырап кетті. Үлкен ноғайлардың бір бөлігі Жайық өз-нен өтіп, қазақ, қарақалпақ халықтарына келіп қосылды, қалғандары Еділ өзенәнің оң жағалауына қоныс аударып, Кіші ноғайлармен бірге көшіп-қонды; қ. Ноғай Ордасы, Кіші Ноғай ордасы.Кіші Ноғай Ордасы, Қазы ұлысы – 16 ғ-дың 2-жартысында Ноғай Ордасынан бөлініп шыққан мемлекет. Негізін мырза Қазы (1577 ж. ө.) қалады. Ғасырдың екінші жартысында ноғай ордасынан бөлініп шыққан мемлекет. Ноғай ордасының әлсіреуі және Қазан мен Астрахан хандықтарын ресейдің басып алуы нәтижесінде ноғайлар бөлшектене бастады. Бір бөлігі ресейге қарады, Еділ-Жайық, жем өзендерінің аралығында орналасқан Ноғайлар Қазақ Ордасына қосылды, қалғандары батысқа (Қырым хандығы иелігіне) шегінді. Еділдің оң жағасы мен азов теңізінің жағалауына келіп орналасқан Ноғай Ордасы үлыстарынан xvi ғ. 50-жылдарының соңында қүралған кіші ноғай ордасының негізін мырза қазы қалады. Xvii ғ. Ортасына дейін кіші ноғай ордасы Қырым хандығы мен түркияға бағынышты болды. Xvii ғ. Алғашқы жартысында ұсақ ордаларға бөлшектеніп, қара теңіздің солтүстігіндегі жазықты алып жатгы. Xvii ғ. Ортасынан бастап Кіші Ноғай Ордасының кейбір ұлыстары үлкен ноғай ордасымен бірге каспий даласын (еділден терек өзеніне дейін) жайлады. 1770 ж. Едиссан, Буджак ордалары ресейдің қол астына қарады. Xviii ғ. Соңы, xix ғ. Басында ноғайлардың бірсыпырасы азов жағалауындағы ескі қонысына (доннан кубанға дейінгі) келіп орналасты. Қалған бөлігі 1812 жылғы бухарест бітім шарты бойынша түркия жеріне ауысты. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркіхалықтарыныңұлтболыпқалыптасуындаН. о-накіргентайпалардыңүлесіөтемол. Оларданасаүлкенмәденимұрақалды. Ноғай Ордасы туралы тарихшылар арасында, әсіресе, Орданың географиялық орналасулары мен этникалық құрылымдары жөнінде түрлі пікірлер бар. Оған негізгі себеп – қазақ тарихшыларының ноғайлар туралы нақты да, көлемді зерттеулерінің жоқтығы. Бұл бағытта, тек А.И.Исиннің «Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы байланыстары туралы» зерттеуі маңызды. Ал, Ресейде Ноғай мәселесіне өткен ғасыр ауқымында М.Ғ.Сафарғалиев, А.А.Новосельский, Н.А.Баскаков, В.М.Жирмунский, Е.А.Поноженко, М.Г.Худяков, М.И.Ахметзянов, Д.М.Искаков, М.А. Усманов, Р.Г.Кузеев, Т.Юлдашбаев, С.Мажитов, Чулошников, В.Б.Вино-градов, Ахмедов, Б.А.Кочекаев, А.И.Сикалиев, Б.Ишболдин, Д.Девиз және В.В.Трепаловтың зерттеулері нәтижесінде ноғайлар Ордасының тарихы жүйелі ғылыми пайымдаулар мен тұжырымдарды иеленді. Әрине, жоғарыда айтқанымыздай ноғай-маңғыттардың этникасымен көрші ұлыстар мен халықтармен байланыстарының көмескі жақтарыда жетерлік. Қалай дегенмен де, жоғарыда аттары аталған ноғайтануға елеулі еңбек еткен тарихшылар да, аттары аталмаған тарихшылар да Ноғай Ордасының этникалық негізі-ХІІ-ХІІІ ғасырларда Орталық Амур өлкесімен Алтай тауларының баурайларын жайлаған Нечин бахадур бастаған көшпелі маңғыт тайпалары екендігін бірауыздан мойындайды. Шежіреде: Нечин бахадур – Құйылдар – Жедай Ноян т.б. кете береді. Сонымен қатар, маңғыт тайпалары Шығысхан жаулаушылығына ерікті-еріксіз түрде араласып, осы жорықтар негізінде терістік Қытайға енген, одан кейін Мауренаhр және ХІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі Шыңғыстың Орталық Азияға жорықтары тұсында түстік Қазақстанға келгендегі туралы парсы және қазақ, араб тарихшыларының (әбд ар Раззах Самарханди, қадір әлі Жалайри, Әбілқазы, Уәлиханов, Муин аддин Нтанзи, Ибн Арабшах) жазба деректері сақталған. Жалпы Ноғай Ордасының құрылып, нығайып-қалыптасуына Едіге бидің ерекше рөл атқарғаны белгілі. Осы тарихи тұлғаның тегі туралы белгілі Шығыс танушы Д.Девиздің 1994 ж. жарық көрген «Исламизация и исконная религия в Золотой Орде. Баба-Тюклес и обращение в ислам в исторической и этнической традиции» - атты еңбегінде өте қызықты деректер кездеседі.   Автордың пайымдауынша, Баба Тюклес Едіге бидің бабасы, яғни атасының әкесі деген шежірелік тұжырым бар. Демек, Ноғай Ордасының негізін қалап, кеңейткен тарих тұлғаның арғы тегі арабтық қожалардан шыққан деп айтуға негіз бар. Өйткені, Баба Тюклес қазақ және қарақалпақ тайпаларының арасында Түкті – Баба деген атпен белгілі болған қасиет иесі. Түкті – Баба Сарайшықта мәңгілік топырақ бұйырған қожа Ахмет Ясауи шәкірті Сейт бабамен қатар аты аталып, Алтын Орданы Өзбек хан (1312-1342), әз-Жәнібек хан тұстарында (1342-1357 жж.) исламдандыру барысындағы ең басты тұлға. Бұл туралы ХVІ ғасырда өмір сүрген Өтеміш қажы ибн Маулан Мухаммад Достының «Шыңғыс-Наме» - атты еңбегінде нақты деректер бар. (106-107 бб.) Сондықтан да, маңғыт тайпаларының Мауреннаhрдан Еділ-Жайық бойына қоныс аударулары Бердібек ханның (1357-1360) жылдарындағы тақ үшін таласы тұсында, яғни, Хызыр ханның басшылығымен жүзеге асқанға ұқсайды. Өйткені, өз тұстарында Өзбек те, әз-Жәнібек те хал-қына өте беделді тұлғалар болған. Тақ үшін тартысқа түскен сұлтандар мен ақсүйектердің қай-қайсысының да қолдайтын нөкер-төлеңгіттері мен белгілі бір деңгейде ру-тайпалары болғандығы тарихи деректерден белгілі. Міне, осы үрдіс Хызыр ханның маңғыт тайпаларына арқа сүйеуін жоққа шығармайды. Мысалы, араб тарихшылары Натанзи мен Ибн Арабшах. Дәл осы жылдары Қият-Маңғыт Мамай Қырымға орнықты деген Өтеміс қажының дерегі де сақталған (108 б.). Бұл жылдар Қырым хандығының әбден күшейіп, тек түбекті ғана емес Днепр, Дон өзендерінің түстік далаларына да ықпал етіп, дәуірлеген кезеңі сияқты. Бұл кезең туралы жанамалы деректер қазақтың «Ертарғын» жырында да кездеседі. Қырым хандығының әлсіре-уінде Алтын Орда ханы Тоқтамыстың сыртқы өзімшіл саясаты, яғни, 1380 жылы шабуылы барысында Мамайды  талқандауы-Ноғай ордасының ыдырауын бастаған уақиғаға айналса, Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жойқын шабуылдары Ноғай Ордасының ыдырауын шапшаңдата түскені даусыз. Едігенің әкесі Балтышақ (Бертальд) – Орыс ханның ұлы Темір-Мәлік тұсында оған беклер-бек (бас уәзір) болып, барынша адал және өте абыройлы қызмет еткен, сондықтан да Тоқтамыс Темір-Мәлікті талқандап, Балтышақты өзіне қызметке шақырады, алайда беклер-бек келіспей өлтіріледі. Дәл осы жылдардан бастап Едігенің саяси қайраткерлігі басталып, оның қызметі Тоқтамыс ханға жағып, ол Едігеге не қызы, не қарындасы – Жаниханы ұзатады, одан белгілі тарихи тұлға Нураддин туылады. Едіге осылайша Тоқтамысқа қызмет етеді. Бірақ, көп кешікпей, Едіге мен Тоқтамыс арасындағы қайшылық Әбілғазының дерегі бойынша Орыс ханның немересі Темір-Құтылыққа байланысты туындап, Едіге Темір Құтылықпен бірге Ақсақ Темірге кетеді. Алайда, Ақсақ Темірдің Алтын Орда мен жалпы Дешті-Қыпшақ далаларына қарсы әрекеттері Едігенің жасырын-ашық түрде Ақсақ Темірге қарсылығын күшейтеді. Мәселен, ХІV ғасырдың ақырына таман басталған Ақсақ Темірдің Алтын Орда ханы Тоқтамысқа шабуылын алдын-ала Едіге маң-ғыттарға хабарлап, Ноғай Ордасының бір бөлегі осы кезеңде Еділ-Жайық аралығына қоныстанып, Сарайшыққа Едіге бастаған ноғайдың ақсүйектері орнығады. Ал, Сарайда Ақсақ Темір билігін мойындаған Құйыршық хан; Хажы-Тарқанды Темір Құтылық, Қырымда Ақсақ Темірден қашқан Тоқтамыс бекінген (Сафарғалиев. 174-176 бб.). Ноғай Ордасы мен маңғыт тайпасының біржолата ыдырауы осы кезеңдерге, яғни ХV ғасырдың басына сәйкес келеді. Тіпті кейбір рулары Тор-ғай, Есіл-Нұра өзендеріне дейін қашып көшкен. Маңғыт тайпаларының  рулары қазақ тайпа-руларына кірме ретінде сіңісіп кеткендері де жеткілікті. Мысалы, алысқа бармай-ақ, Беріш тайпасының Себек бөліміне Жаңбырша аталығы-шежірелер мен деректер бойынша – қара ноғай атымен себектермен бауырлас-қан. Біздің университеттің байырғы ұстаздарының бірі-физик, марқұм Жұмашев Мұхит – қара ноғаймын деуші еді. Махамбетше айтқанда: «Ежелгі дұшпан – ел болмас, етектен кесіп – жең болмас» - дегендей, 1401 жылы Едігенің ұлы Нураддин Еділден өтіп, Тоқта-мысқа шабуыл жасап, оны өлтіріп, атасы Балтышақтың кегін қайтарады (Арабшах). Ал, 1419 жылы Тоқтамыстың ұлы Қадірберді ханның қолынан Едіге Сарайшық маңында опат болады. Сүйегі-хижраның 822 жылы (Айни, Ш.Уәлиханов, Потанин, Ә.Марғұлан) Орталық Қазақстандағы Ұлытаудың, кейіннен Едігетау деп аталып кеткен қыратына жерленген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]