- •7)Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
- •19. Найман және Керейт ұлыстары.
- •26. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •39)Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •1930-32Жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
- •67)1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •72. 1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73. 1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •74. Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •75. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •79. Астана - Қазақстан Республикасының жаңа елордасы
- •80. Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары
- •81. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесі
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •85. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта
- •88. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •89. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •90. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
85. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
Кеңестік тоталитарлық жүйеден қалған осындай этникалық мәселелер жағдайында Тәуелсіз Қазақстан өзінің этникалық топтар саясатын екі түрлі бағытта жүргізді. Бірі — осы мемлекетті құрушы негізгі ұлт болып есептелетін қазақтардың этникалық мәдениетін, тілін, ділін қайта жандандыру болса, екіншісі — Қазақстанда өмір сүріп жатқан басқа этностардың мәдени, тілдік құқықтарын қамтамасыз ету.Қазақстандағы этникалық топтар саясатын зерттеуші ғалымдар осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың бүгінге дейінгі даму барысын екі кезеңге бөледі.Бірінші кезең—1991—1995 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңді этноұлттық басымдылықтар кезеңі деп атауға болады. Бұл кезеңде мемлекетті құрушы негізгі ұлт ретінде қазақ этносына, оның тіліне, оның мәдениетіне біраз артықшылық берілді. Сондықтан да 1990 жылғы 25 қазанда жарияланған «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі» жөніндегі Мәлімдемесінде қазақ халқы мемлекет құрушы ұлт деп танылды. 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөніндегі конституциялық заңда қазақ ұлтының өз мемлекеттілігін анықтауға құқы бар екені көрсетілді. 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында да Қазақстан мемлекеттілігінің ұлттық сипатына ерекше мән берілді. Ол бойынша да Қазақстан өзін-өзі таныған, өз болашағын өзі анықтайтын қазақ ұлтының мемлекеті деп танылды.Екінші кезең: Қазақстанның ұлт саясатының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған жаңа Конституциядан басталады. Бұл Ата Заңда енді Қазақстан халқын титулды және титулсыз ұлт деп бөлу жойылды. Бұл заң бойынша ендігі жерде Қазақстан мемлекеті ұлттық негізде емес, жалпыазаматтық негізде құрылатындығы баяндалды.
Осы конституциялық заңға негізделген еліміздің ұлт саясаты азаматтық қоғамның қағидаларына сүйене отырып, Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық қауымдастық құру мақсатын көздейтін саясатқа айналды. Бұл — Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаған адамдар қауымдастығын бірте-бірте Қазақстан ұлты деп аталатын саяси-азаматтық бірлестікке айналдыру. Бұл — этностық мәдениеті, діні, тілдері түрлі болғанымен, «Мен қазақстандықпын!» деген елдік сананы қалыптастыру.
86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта
2012 жылдың 3 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қорынан ұйымдастырылған «Қазақстан және әлемдік қауымдастық» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Көрменің ашылу салтанатына облыс әкімі Н.Ноғаев, ҚР Тұңғыш Президенті Музейі директорының орынбасары К.Ақтаева, облыс әкімдігі аппаратының, Орал қаласы әкімдігінің, мәдениет басқармасының, білім департаментінің өкілдері, облыстың құрметті азаматтары, еңбек ардагерлері, БҚО жастар Мәслихатының депутаттары және баспасөз-ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Көрменің мақсаты – әлемдік қауымдастықтағы еліміздің алатын орны мен рөлін, Тәуелсіздіктің 20 жылдығында қол жеткізген табыстарымызды Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қызметі арқылы көрсету. Қазақстандық басшылықтың маңызды шешiмдерiнiң бiрi ретінде тек Орталық Азия аймағының ғана емес, сонымен қатар жалпы әлемдік деңгейдегі қауiпсiздiктiң тиімді жүйесiн қамтамасыз етуге бағытталған өзінің айқын сыртқы саяси ұстанымын нақтылауы болды. Осы тұрғыда назар аударатын бір жайт – Қазақстан өз тәуелсiздiгін жариялағаннан кейін Кеңес одағының ядролық қару-жарақ қоймасы мен жаппай қырып-жою қаруларының (ЖҚЖҚ) едәуір бөлігін мұрагерлікке алды. Осындай жағдайда жас мемлекеттің алдында атом қаруын сақтай отырып, әлемдегі төртiншi ядролық держава болу немесе кеудемсоқтықтан бас тартып, ядросыз әлемге қадам басу секілді өте үлкен таңдау тұрды.
Президент Н. Назарбаевтың сол кезеңде жаппай қырып-жою қаруынан бас тарту туралы шешiмі әлемдік қауымдастық тарапынан үлкен қолдауға ие болған еді. Республика басшылығының өз еркімен ядролық қарудан бас тарту мен Семей ядролық полигонын жабу арқылы ядролық қарусыз, қауiпсiз әлем құру жолындағы табанды шешімі ЖҚЖҚ-дан өз бастамасымен бас тартқан ел ретінде құрметті алғашқы орынды иемденуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар тағы да атап өтетін өте маңызды бір жайт – ол бiздiң Елбасымыздың ұсынысы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясының 29-тамызды ядролық сынақтарға қарсы халықаралық әрекеттер күні етіп жариялау болды.
87. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың рөлі мен қызметі.
1991 жылғы 16 желтоқсан – республика жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында "ҚР-ң мемл-к тәуелсіздігі туралы" Заң қабылданды.Бұл құжаттың 1-бабында ҚР – тәуелсіз,демократиялық ж/ә құқықтық мемлекет болып сипатталды.ҚР:
-Ішкі ж/ә сыртұы саясатты өзі жүргізеді.
-Барлық мемлекеттермен халықаралық құқық қстанымы негізінде қарым-қатынас орнықтырады.
-Территория шекарасы біртұтас,бөлінбейді ж/ә қол тигізуге жатпайды.
Құжаттың 2-тарауында республика азаматтары тең құқылы деп көрсетілген.Егемендіктің бірден-бір иесі ж/е мемлекеттіліктің қайнар көзі – республика азаматтары.Басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері тұратын елдің заңы қайшы келмесе Қаз-ң азаматтығын қоса алу құқығы берілді.Республикадан тыс жерге кеткен қазақтардың елге оралуына қолайлы жағдай туғызылды.Мемлекеттің маңызды міндеттері:
1.Ұлттық мәдениетті,дәстүр мен тілді қайта жаңғыртып,дамыту.
2.Қазақстандық ұлт өкілдері мен қазақтардың ұлттық қадір-қасиетін нығайту.
Құжаттың 3-тарауында мемл/к өкімет органдарының құрылымы анықталған.Қазақстан Республикасы ж/ә оның атқарушы өкіметінің басшысы – Президент.
Құжаттың 4-тарауында мемл-ң экон-қ негіздеріне анықтама берілді:
-Меншіктің барлық түрлерінің кһптүрлілігі мен теңдігіне негізделетін дербес экон-қ жүйе құрылады.
-Жер мен оның қойнауы, су,әуе кеңістігі,өсімдік мен жануар әлемі,экон-қ ж/ә ғылыми-техникалық мүмкіндіктер республика меншігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы әлемдік қоңамдастықтың тең құқылы мүшесі болып жарияланды.Республиканың төл меншігі болып табылатын мәселелерді шешуге басқа елдің араласуы оның мемлекеттік тәуелсіздігіне қол сұққандық болып табылады.
1991 ж 16 желтоқсан – республиканың тәуелсіздік алған күні.Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік Республикасы таныды.Тәуелсіз Қаз-ң дипломатиясы тарихында алғашқы сенім грамотасын тапсырған – Түркияның Қазақстандағы Төтенше ж/ә өкілетті елшісі Арғын Өзпай.1991 жылдың соңына дейін Қаз-ң тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды.1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады: АҚШ, Қытай, Иран, Пәкістан, Канада, Швейцария т.б.
-1992 жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 106 мемлекеті танып,61 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.
-1999 жылдың басы – дүние жүзінің 150 мемлекеті танып,106 мемл-пен дип-қ қатынас орнатылды.
Қазіргі Қаз. Шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық ж/ә консулдықтар ашты.Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен халықаралық ,ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.1992 ж 2 наурыз – Қаз. БҰҰ-на мүше болып қабылданды.
Қаз-ң тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде республиканың мемл-к рәміздерін қабылдауды талап етті. 1992 ж 4 маусым – ҚР-ң мемл-к Туы мен Елтаңбасы қабылданды.Ту авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.Елтаңба авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков,Шот-Аман Уәлиханов. 1992 ж 6 маусым – Жоғарғы Кеңес сессиясының салтанатты мәжілісінде жаңа мемл-к рәміздерді ресми түрде таныстыру рәсімі өткізілді. 1992 ж 11 желтоксан – ҚР мемл-к Әнұранының мәтіні бекітілді.Мәтінін жазғандар – Мұзафар Әлімбаев,Қадыр Мырзалиев,Тұманбай Молдағалиев,Жадыра Дәрібаева.Әуенін жазғандар – Мұқан Төлебаев,Евгений Брусиловский,Латиф Хамиди(1944 жылгы нұсқасы сақталды). 1992 ж 15 желтоксан - Әнұран республикалық баспасөз беттерінде жарияланып,халыққа таныстырылды.
