- •7)Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
- •19. Найман және Керейт ұлыстары.
- •26. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •39)Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •1930-32Жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
- •67)1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •72. 1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73. 1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •74. Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •75. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •79. Астана - Қазақстан Республикасының жаңа елордасы
- •80. Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары
- •81. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесі
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •85. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта
- •88. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •89. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •90. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
Еліміз тәуелсіздік алғалы қол артқан қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жетістік пен мемлекеттілікті баянды етпекке, әрі келешектегі ел тұтқасы жастардың санасын дамыту үшін тек материалдық игілікті ғана мансұқ ету жеткіліксіз. Олардың бойына ата-баба дәстүрі мен ел-халқының тарихын қастерлеуге, ал ең бастысы, отансүйгіштікті нығайту үшін ұлтының рухани-мәдени құндылықтарын сіңіру қажет. Бүгінде мұндай тоқтамға, яғни өз тамыры мен өткеніне, ана тіліне, ата дініне, діліне әлемнің біраз мемлекеті бет бұра бастады. Оның жолын әркім өзінше танып, өзінше бағамдауда. Солардың қатарында әлемдік қауымдастықтың назарына ілігіп, бірқатар беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып үлгерген Қазақстан орта мерзімді мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы талпынуда.«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы инновациялық технологияларды қолдануды зерделеу қажеттігі туындады. Себебі мәдени мұраны келешекте жеткізіп, сақтауда тек қана гуманитар ғалымдардың еңбегі жеткіліксіз. Ақиқатында, нақты және жаратылыстану ғылымы әлеміндегі соны жаңалықтарды гуманитарлық салада қолданып, тиісінше тұтынбаса, оның өміршеңдігі мен қоғамға пайдасы аз болар еді. Мәдени мұраға кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізетін Батыс университеттері мен мемлекеттік емес компанияларда компьютермен жарақтандырылған арнайы орталықтар жұмыс істейді. Олар мұрағаттар мен жәдігерліктерді, көне жазбалар мен ескерткіштерді дәлме-дәл, әрі терең зерттеуде аса зор қызмет етеді. Ендеше, бұл тәсіл «Мәдени мұра» бағдарламасын сәтті, әрі кешенді және өркениетті негізде жүргізу үшін бізге ауадай қажет. Отандық ғылымға жаңадан ғана еніп жатқан элекронды тахеометрлер (лазерлік теодолиттер) құрылғысынсыз Батыста сапалы құжатнаманы жинақтау процесін түсіну мүмкін емес. Демек, мемлекеттік бұл іске ғарыштық байланыс пен әртүрлі үлгідегі және модификациялы электронды тахеометр, сандық бейнекамера, сондай-ақ дүние жүзінде кеңінен қолданылып отырған жаһандық позицияландыру жүйесінің (GPS) қабылдағыштары сияқты арнайы құрал-жабдықтар аса қажет.
84. ҚР Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы. Стратегия 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттің тұтас және кешенді экономикалық саясатын қалыптастыратын және индустриялық-инновациялық дамудың нақты бағыттарын ұсынатын жалпы жүйелік құжат болып табылады. Стратегия экономиканы жеделдете жаңғырту мен әртараптандыру, жоғары технологиялар индустриясын құру және экономиканың экспорттық-шикізаттық бағыттылығынан арылу мен Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін үздіксіз арттыру мақсатында қолда бар әлеуеттік артықшылықтарды пайдалану жолымен елдің орнықты дамуына қол жеткізуге бағытталған. Мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі мәні орнықты экономикалық даму мақсатында экономиканың шикізаттық емес секторында Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік мамандануын дамыту болып табылады. Елдің 2030 жылға дейінгі дамуының ұзақ мерзімді стратегиясын айқындаған Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы" атты 1997 жылғы 11 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы мемлекетті дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарын жария еткен негіздік құжат болып табылады. Стратегия Қазақстан Республикасы Президентінің "Елдегі жағдай және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы", "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында (Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы)" және "Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан" атты Қазақстан халқына жолдауларына сәйкес әзірленді. Стратегия мемлекеттің қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген, экономика құрылымындағы постиндустриялық және үдемелі инновациялық даму жағына қарай сапалы өзгерістерді қамтамасыз етуі тиіс мемлекеттің экономикалық және ұйымдастырушылық-құқықтық қызметі негізгі бағыттарының жиынтығын білдіреді. Стратегия қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін оны іске асырудың тетіктерін сапалы жаңа толықтыру және жаңа экономикалық жағдайларды ескере отырып, экономиканы одан әрі жаңғырту, экономиканың барлық салаларын және адами капиталды қарқынды дамыту жөніндегі мемлекеттің күш-жігерлер жиынтығы талап етіледі.
