
- •7)Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
- •19. Найман және Керейт ұлыстары.
- •26. Хііі-хү ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті.
- •39)Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері (1783-1797 жж.).
- •59. Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың жүргізілуі: себептері мен нәтижелері.
- •60. 1924 Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу.
- •1930-32Жж. Ашаршылық тарихқа «ұлы жұт» ретінде енді.
- •67)1937-1938 Жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары
- •72. 1965 – 1985 Жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
- •73. 1986 Жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.
- •74. Қр егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ кср-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.
- •75. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
- •79. Астана - Қазақстан Республикасының жаңа елордасы
- •80. Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары
- •81. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесі
- •82. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.
- •83. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •85. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.
- •86. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта
- •88. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан Қазақстан мемлекетінің мәселелері туралы.
- •89. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Ххі ғасырдың жаһандық мәселелері
- •90. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Еліміздің жаңа саяси бағыты
75. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды. сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев әні: Шәмші ҚалдаяқовҚазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады.Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президентiнің “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң,ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
76. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.Конституция құрылымы:
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
77.
Қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси
қозғалыстар мен ұйымдар
Қоғамдық
– саяси қозғалыстар – ол әлеуметтік,
экокномикалық, саяси және рухани тілегі
бір әрдайым қозғалыстағы көптеген
адамдардың бірлестік тобы.Қоғамдық
бірлестіктерді құру және жұмыс істеуінің
негізгі принциптері мыналар: еріктілігі,
мүшелерінің (қатысушыларының) тең
құқықтығы, өзін–өзі басқару, заңдылығы,
ашықтылығы.Басқа елдердегі сияқты
Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар
мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған
мақсаттарына қарай оларды былайша
топтастыруға болады:
1)
Экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға
жататындар "Невада-Семей" қозғалысы,
"Арал-Азия-Қазақстан" халықаралық
қоғамдық комитеті, "Табиғат"
комитеті, т.с.с.;
2)
Тарихи - ағартушылық қоғамдар: "Мемориал",
"Әділет", "Ақиқат" және т.б.;
3)
Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар:
"Атамекен", "Алтынбесік",
"Жерұйық" "Шаңырақ" және
т.с.с.;
Сонымен
қатар республикада ардагерлер, әйелдер,
жастар одақтары және т.б. көптеген
қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар.
Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына
қарамастан, еңбекшілердің белсенділігін
арттырып, Қазақстанның гүлденіп
өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін
қосқанда ғана мақсаттарына жетпек.Енді
соңғы мәліметтер бойынша, бір ғана
Қарағанды облысында 6 саяси партия, 8
саяси мақсаттағы қоғамдық қозғалыстар,
16 жастар ұйымдары, әйелдер ұйымдары, 13
ұлттық мәдени орындар, 2 табиғат қорғау
қозғалысы, 15 тәуелсіз кәсіподақ, 85 діни
бірлестікітер, 273 басқа да әр түрлі
ұйымдар мен бірлестіктер бар. Енді
барлық облыстардың қоғамдық қозғалыстары
мен бірлестіктерінің қанша екендігін
ескерсек, түсінігіміз кеңейе
түспек.Егемендік, тәуелсіздік алу
қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың
жұмысын түбірінен қайта құруға объективті
негіз қалады. Ұйымдар мен қозғалыстар
саяси процеске тартылды, өмірді өзгерту
және жақсарту олардың іс-әрекетіне де
байланысты деген түсінік әрбір адамның
санасына ене бастады. Бұл тоталитарлық
саяси режімнен демократиялык өмірге
енудің айғағы болды. Бұқараның іс-қимылының
артуына, көптеген саяси-қоғамдық ұйымдар
мен қозғалыстардың өмірге келуіне
жағдай жасады.Жеке ұйымдар мен
қозғалыстар.
"Азат" азаматтық қозғалысы.
"Азат" қозғалысы республика жерінде
өз жарғысына, Конституцияға сәйкес
жұмыс жүргізеді. Негізгі мақсаты - толық
саяси-экономикалық тәуелсіздікке қол
жеткізу, әлеуметтік әділеттілік жөне
демократия принциптерін іске асыру,
барлық азаматтардың материалдық және
рухани өмірін қамтамасыз ету.
Қазақ
мектебінің және тәрбиенің ұлттық
тұжырымдамасы жасалуы керек. Қазақстан
тарихы, қазақ тілі және әдебиеті барлық
оқу орындарында дербес пән ретінде
оқытылуы қажет. Басқару жүйесінде
тоталитарлық үстемдікке, әкімшіл-әміршіл
жүйеге қарсы күрес жүргізілуі
кажет."Әділет"
тарихи-ағартушылық қоғамы -
жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері
19 халық комиссарының (министрдің), 1938
жылы Алматы маңында атылғандардың
көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік
қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу
үшін қаржы жинады.Қазіргі уақытта
"Әділеттің" Астана, Қарағанды,
Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары
бар. Қоғам мүшелері 1500-ге жуық, негізінен
студенттер және қоғам
қайраткерлері."Ақиқат" тарихи-ағартушылық қоғамы 1988
жылы желтоқсанның 13-інде құрылды.
Қоғамның мақсатының бірі - халықтың
ескі әдет-ғүрпын қалпына келтіру, туған
өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және
басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту.
Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы
бірнеше мақалалар және кітаптар
жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам
мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Казақстан,
Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында
бөлімшелері бар. Қоғам жүмысына негізінен
зиялы қауым өкілдері мен студент жастар
қатынасады.^ Орыс
қауымы (русская община) Әділет
министрлігінде қыркүйектің 1-інде
тіркеуден өтті. 14 облыста бөлімшелері
бар. Жалпы саны 70 мың адамнан асады.
Қауымның іс-әрекеті жарғы және
бағдарламасына сәйкес орыс және басқа
да славян халықтарының рухани өркендеуінің,
олардың мәдениетін, білімінің барлық
дәрежесін дамытуға бағытталған,
Қазақстаңда азаматтық қоғам құруға
әсер етуі қаралған. Қауым "Русский
вестник" атты газет шығарады, жастарды
мүше етіп тартуға көптеген шара
қолдануда.^ Республикалық
қоғамдық славян қозғалысы "Лад"
1993 жылы
наурыз айында құрылды, 10 мыңнан астам
мүшесі бар, орталығы — Астана қаласында.
Қозғалыстың негізгі мақсаты - Қазақстан
Республикасында тұратын славян
халықтарының тілін, мәдениетін, рухани
өмірін гүлдендіру, республикада
демократияны, азаматтардың саяси,
экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары
мен бостандығын, бейбітшілікті, халықтар
достығын дамыту, нығайту.Қ
азақстанның
әйелдер одағы. Бұл
қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында
құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің
қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық,
рухани өмірдегі рөлін арттыру. Одақ
республикадағы реформаны жақтайды.
Соңғы 7-8 жылда бүл салада қыруар
ұйымдастыру жұмысын атқарды. Әйелдер
қозғалысының мәселелері туралы семинар,
мәслихаттар өткізді, ардагер әйелдерге,
көп балалы аналарға, балалар үйіне
материалдық көмекті үнемі ұйымдастырып
келеді. "Әйелдер қазіргі қоғамда"
деген халықаралық конференция өткізді.
Қазақстанның әйелдер одағы- Орталық
Азия елдерінің халықаралық конгресінің
мүшесі.Қазақстан
Республикасының әйелдер кеңесі 1991
жылы қазанның 21-інде тіркеуден өтті.
Басқарма және президиум мүшелері 1991
жылы тамыздың 20-да сайланды, ұйымның
Жарғысы бар. Бірнеше рет республикалық
пленумы өтті. 1992 жылы маусым айында
Тараз қаласында "Әйелдердің кәсіпкерлік
іс-қызметі туралы" конференция, Семей
қаласында акушер-гинекологтар-дың
республикалық съезін, 1993 жылдың қырқүйек
айында Орта Азия елдері әйелдерінің
халықаралық конференциясын
өткізді.Қазақстанның
жастар одағы. Құрамында
500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың
мүшелері - Қазақстанның мамандары мен
жас ғалымдарының ассоциациясы, жастар
кәсіпкерлігін дамыту "Асар"
ассоциациясы, спортшы балаларға көмек
беретін "Алтын шабақ" қоғамы.Қазақстанның
жастар одағы - дербес қоғамдық ұйым,
республиканың жастарын ерікті түрде
біріктіреді. Республика Конституциясына,
заңдарына негізделген жарғысы және
бағдарламасы бар.^ Ауғанстандағы
соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл
-тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі
мақсаты -Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін
әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық
көмек көрсету, оларды құқықтық және
әлеуметтік қорғау, олардың отбасына
моральдық-психологиялық, материалдық
көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс
болғандардың атын, ерлігін мәңгілік
есте қалдыру, жастарды патриоттық және
интернационализм рухында тәрбиелеу.
Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу
ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін
зерттеп отырады. Беделі өте жоғары.
^ Адам
құқығы бюросы. Бұл
қоғамдық ұйым адам құқығын іске асыру
туралы қоғамдық бақылауды іске асырады,
республикадан тыс жерлерге қоныс
аударғысы келетін азаматтардың құқығын,
республикадағы демократияның іске
асырылуын қорғайды. Жұртшылық қауым
бұл ұйымды өте жақсы біледі, тиісті
көмектерін алып отырады.^ Республикалық
"Бірлесу" кәсіподағы және Қазақстанның
тәуелсіз кәсіподақ орталығы. Қазақстан
Республикасының "Бірлесу" кәсіподағы
1989 жылдың қараша айында үйымдастырылды.
Оның қүрылтайшысы - экономиканың
мемлекеттік емес секторының қызметкерлері.
Оларды мұндай ұйым құруға итермелеген
жағдай - еңбекшілердің еркін еңбегі
құқығына шенеулік тарапынан тыйым
салынуы, заң алдында өздерін қорғай
алмайтындығы, оларды әкімшіл-әміршіл
жүйеден қорғауы."Невада-Семей" халықаралық
ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Бұл -
еңбекшілердің еріктілік негізінде
құрылған ұйымы. Ұйым халықаралық "Невада
- Семей -Морура - Лобнор - Новая Земля"
ядролық соғысыңа қарсы бірлестікке
кіреді. Қозғалыстың негізгі мақсаты -
ядролық қаруды және соғысты адамзат
өркениетінен аластау, ядролық сынақ
жүргізілген аймақтар халқын экологиялық
және әлеуметтік қорғау, табиғатты,
адамды, мәдениетті қайта жаңғырту. Осы
қозғалыстың бастамасына сәйкес
Қазақстанда ядролық сынақ жүргізуге
тыйым салынады, "ядролық қарусыз ел"
деп жарияланды. Бүкіл әлем халқы бұл
бастаманы қолдады."Арал-Азия-Қазақстан"
халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл
комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың
бастамасымен құрылып, республика
жұртшылығы "оны мақұлдады. Оның
мақсаты: Арал теңізі жағдайына,
республикадағы экологиялық дағдарысқа
қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін
қалпына келтіру туралы жобалар мен
бағдарламалар жасау.
78.
Қазақстан
халқы Ассамблеясы
- 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан
Республикасының Президентінің Жарлығымен
Мемлекет басшысы жанындағы
консультативті-кеңесші орган.[1] Ел
Президенті Н.Ә.
Назарбаев Қазақстан
халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш
рет1992
жылы Тәуелсіздіктің
бірінші жылына арналған Қазақстан
халқының бірінші форумында жариялады.
Мұндай институтты құру қажеттілігі
саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан
құрылған, тәуелсіз, полиэтносты,
поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты
дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған
бастама мәдениет аралық диалогты
нығайтудың жаңа кезеңінің негізін
қалап, этносаралық қатынастарды дамыту
мәселелерін жоғары деңгейде шешуге
мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі
тың бағыт болып табылды. Он жеті жылдық
тарихында Ассамблея қарқынды дамып,
елеулі өзгерістерді бастан кешірді.
Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың
этносаралық толеранттылық және қоғамдық
келісімнің қазақстандық үлгісі
қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан
халқы Ассамблеясының институционалдық
құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы
әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының
маңызды күретамырына айналды. Бүгінде
Ассамблея ел Президенті Төрағалық
ететін конституциялық орган болып
табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін
айқындайды.Қазақстан
– тарихи тағдыры ортақ этностардан
құралған унитаралы мемлекет. Оларды
ортақ құрылымның аясына біріктірудің
сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын
құру болды.Асамблеяның басты мақсаты:
Қазақстандағы барлық этностардың рухани
тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын
қамтамасыз ету; өркениеттік және
демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік
ұлттық саясатта барлық этностардың
мүддесіне деген құрметке негізделген
ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру
болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда
кіші Ассамблеялар құрылып, олардан
сессияға 260 делегат сайланды. Сессия
1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында
өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени
орталықтың өкілдері енді. Сессияда
Қазақстан Президенті Н.назарбаев
баяндама жасап, Ассамблеяның
ұыймдастырушылық құрылымдары
белгіленді.Ассамблея құру идеясы қоғамды
топтастырушы күш ретіндегі тұжырымдама
негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея
мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық
саясатты жетілдіруге белсенді түрде
атсалысады. Ассамблея Президент жанындағы
ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық
бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы
орган ретіндегі мәртебеге ие. Ассамблея
құрылған кезден бастап ұлттық саясаттың
барлық бағыттары бойынша мемлекеттік
шешімдер қабылдауға қатысып келеді.