Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Айка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
27.01.2020
Размер:
385.96 Кб
Скачать

XX ғасырдың басындығы Ресейдегі революциялар ж/е олардың Қазақстанға әсері

1)Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат міндеттері және оның зерттеулерінің өзектілігі. Тарих адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып үйренуден басталады. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға,арысқа, жүзге бөлінуі емес оныі тұтастығына,туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, елі жұрты барына талдау жасауға арнлған. Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды. Оның халқымыз,ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Яғни тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезіну қажет.. Сонда ғана адам өзінің толыққанды адаммын деп санай алады, Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып саналады. Оның негізгі міндеті-тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар: -Ғылымныңқазіргі даму ережесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру. -Пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру; - Тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру;

Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі

Тарих (араб сөзі-зерттеу,оқиғалар жөнінде әңгіме) адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталды. Қазақстан тарихы дүниежүзілік тарихтың құрамдас бөлімі болып саналатындықтан, еліміздің өткенін білуді жалпы адамзаттық даму тұрғысынан қарастырамыз. Тарихтың негізгі мақсаты-ұлттың руға, тайпаға, арысқа, жүзге бөлінуі үшін емес, оның тұтастығына, туыстығына ортақ тілі, ортақ діні, ортақ ділі, ортақ Отаны, елі, жұрты барына талдау жасауға арналған.Ұлттық сананы қалыптастыру, өткеннен сабақ, ғибрат алу, болашаққа үмітпен қарау, зерделеу болады. XXI ғасырдың Қазақстан азаматы, өзін Қазақ мемлекетінің өкілімін деп санайтын адам қазақ ұлтының тарихын білуге тиіс.Тарих уақытпен байланысты ұғым. Қай ғасырда, қай жылы, қандай оқиға болды. Оның халқымыз, ұлтымыз үшін қандай мәні бар-осы бізге аса қажет. Бүгінгі таңда ұлттың тарихын білу керек дегенде, ең алдымен мемлекетіміздің, ұлтымыздың қалай қалыптасқандығын тануымыз керек. Ұлттың тарихын білу керек деген сөзді өзіме жақындатып пайдалансам- өзімді -өзім тану деген сөз. Кімде-кім өзін сол ұлттың өкілімін деп таныса, санаса, сондай сезімді қалыптастырғысы келсе, онда сол ұлттың тарихы арқылы адам өзін-өзі тану керек.Яғни, тарихтың ішінде жүрген бір бөлшегі екенін сезінуі қажет. Сонда ғана ол өзінің ұясын тапқан құс сияқты, өзінің жерінде, елінде, өзіне тән үлкен тарихы, қоғамдық ортада жүргенін сезінеді. Сонда ғана адам өзін толық қанды адаммын деп санай алады. Ал енді қай ұлттың өкілі екенін білмей, айдалада лағып жүрген, қайда барарын білмей адасып қалған адам ешуақытта ешкімге жақсылық жасамайды. Қазақстан тарихының негізгі бөлшегі тарихи деректер болып табылады. Тарихи деректер-тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі. Деректану- тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізгі міндеті- тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және олардың шындыққа қатынасын зерттеу. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесі барысында пайда болды.Алғаш жазба деректер тек нақты тарихи фактілерді тануға көмектесетін құрал ретінде пайдаланып, зерттелді. Тарихи деректер қорының кеңеюі мен ғылыми айналымға жаңа деректердің біртіндеп енуіне байланысты, бір тарихи оқиғаның, құбылыстың не процестің әр түрлі дәрежеде, тіптен кейде қарама-қайшы дәрежеде бейнеленетіні көріне бастады. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттермен айқындалады. Олар:

ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және әдіснамалық саласынан білім беру;

пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;

тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.

Сонымен, теориялық-әдіснамалық, ақпараттық және әдістемелік мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады. Әдістемелік мәселелерді ашу деректерге шолу жасаумен қатар жүргізіледі, бұл жағдайда басты назар,негізінен,деректер жеткізген фактілер мазмұнына емес, әр түрлі деректердің ақпараттар беру ерекшелігін көрсетуге бөлінеді.

2)Қазақстан территориясындағы тас дәуірі ескерткіштері Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар. Адамның пайда болуы (антропогенез). Африка мен Азия территория-ларындағы негізгі антропологиялық жаңалықтар. Қазақстанның табиғат жағдайлары және ертеде өмір сүрген гоминиттердің ортасы. Тас ғасырын археологиялық дәуірлеу және оның хронологиясы. Казақстан палеолитін зерттеу тарихы. Х.А.Алпысбаев басқарған Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау отрядының жүмысы. Төменгі палеолит ескерткіштерінің табылуы. А.Г.Медоевтың Батыс Қазақстан мен Балқаштың Солтүстік жағалауында жүргізген жүмыстарының

маңызы. М.Н.Клапчук пен В.С.Волошиннің Орталық Қазақстанда жүргізген зерттеулері. Шульба археологиялық экспедициясы палеолит отрядының және Қазақстанның тас ғасырының ескерткіштерін Ж.Таймағамбетов басшылығымен зерттеген экспедиция жүмыстарьшың нөтижелері.

Қазақстан - Ресей бірлескен археологиялық экспедициясының кейінгі кезде Қазақстанда (1992-2002 жж.) ашқан палеолит ескерткіштері. Қошқорған, Шоқтас т.б. стратифицияланған ескерткіштер. Мезолит (орта тас ғасыры)

Плейстоценнен голоценге өту. Мұздықтың шегінуі. Оңтүстік Қазақстанның мезолит ескерткіштері. Материалдық мәдениетке сипаттама. Табиғат жағдайлары мен еңбек құралдарының әсерінен шаруашылықта

болатын өзгерістердің археологиялық деректермен дөлелденуі. Тұрмыста садақ пен жебенің пайда болуы. Тас еңбек қүралдары: микролиттер мен макролиттер. Тобыл, Нүра, Ертіс өзендері жағаларындағы ескерткіштер.

Еңбек қүралдарындағьі айырмашылықтар. Мезолиттің тарихи орны.

Неолит (жаңа тас ғасыры) Неолитке жалпы сипаттама. «Неолит революциясы». Дайынды иемденуден шаруашылықтың өндіруші

формасына өту. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің пайда болуы. Қазақстандағы неолит тұрақтары. Қараүңгір үңгірлік түрағы. Тасты ендеу технологиясы жөне керамикалар жасау. Батыс Қазақстан территориясындағы Келтеминар мөдениеті. Орталық Қазақстандағы Атбасар мәдениеті.

Торғай жырасындағы Маханджар мәдениеті. Неолит өнерінің көптүрлілігі: саз балшық ыдыстардағы өрнектер, жартастардағы суреттер т.б.

Матриархаттық-рулық қоғамның дамуы. Энеолит (мыстытас ғасыры)

Тастан жасалған еңбек құралдарымен қатар мысқұралдардың пайда болуы. Кетпенді егіншілік пен мал өсірудің таралуы. Орал-Ертіс өзені аралығындағы энолит. Ботай мәдениеті. Материалдық мәдениет. Қоныстар мен түрғын үйлердің сипаты. Шаруашьшық. Жерлеу дәстүрі. Маңғыстаудың

энолиттік ескерткіштері. Балшықтан ыдыс жасау тәсілдері. Мәдениеттің көрші территориялар мәдениетімен өзара байланысы.Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстанда Құдайкөл, Жаман айбат, Обалысай тұрақтары, батыс Қазақстанда -Маңғыстауда Шақпақата, Сарытас. Мезолит - Қазақстанда аз зерттелді. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары -Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда - Қызылсу және т.б. Жаңа тас ғасыры-неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық-2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).Энеолит - адамдар өміріне мыс құралдар енген дәуір. Ботай мәдениеті облысы, Ботай бекеті жанындағы қоныстың аты. Б.з.б. 3-2 мыңжылдық. Ботай мәдениетін зерттеген Зайберт В.В. Бұл жерден 158 тұрғын үй жұрты табылды, сазбалшық, сүйектен жасалған ыдыстар, әшекейлер табылды. 70000 жылқының сүйегі табылды.

3)Қола дәуіріндегі Қазақстан. Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі - мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы -2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу. Ескерткіштері - Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Шаруашылығы: Дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Тастағы суреттер. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер - жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды. ОңтүHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"стHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"ік ҚHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D2%A3%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"азақстан мен Жетісудан қHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D0%BB%D0%B0_%D0%B4%D3%99%D1%83%D1%96%D1%80%D1%96"олаHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D0%BB%D0%B0_%D0%B4%D3%99%D1%83%D1%96%D1%80%D1%96" дәуірі ескерткіштері аздау зерттелген. Оңтүстік Қазақстанда өткен ғасырдың 60-жылдары Таутары, Бесарық, Алакөл ойпатында Қарақұдық қорымы зерттелген еді. Олардың мерзімделуі — біздің заманымызға дейін XVI—XIII ғасырлар.. Өлікті жерден қазылған, бетін үлкен қақпақ тастармен жапқан қабірге жерлеген, өлікті өртеп барып қою ғұрпы басым болған. Өлген адаммен бірге қыш кұмыралар қойылған. Олар көбіне тарақ жүзді өрнекпен өрнектелген. Жетісудағы кола дәуірі қорымдарының үлгісі ретінде Қаракұдық кешенін алуға болады. Ондағы жер беті құрылыстары тақта тастардан шеңберлей немесе тіктөртбұрыштанып соғылады. Қабірдің екі түрі кездеседі: ірі қақпақ тастардан жасалған тас сандық және қабырғасы тақта тастардан каланған тас сандық (циста). Сонымен бірге қабірден қола айна, қола моншақтар, білезіктер, қыш ыдыстар табылған.

Андронов мәдениеті. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті-ғылымда Андронов мәдениеті деп аталды. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған оңт.Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең- Андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 ж Б.В.Андрианов жүргізген. Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі хронологиямен, уақыт межесін анықтау ісімен байланысты, зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын үш кезеңге бөледі: 1) Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі)-б.з.б. ХVIII-XVIғғ 2) Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) - б.з.б XV-XIIIғғ 3) Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) - б.з.б ХІІ-VIIIғғ Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды. Андронов мәдениетінің негізгі ерекшеліктері мынадай: *Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі *Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал және егін шаруашылығы болып бөлінуі; *Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі-көшпелі мал шаруашылығына көшті; *Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады; Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дәуірінде халық тығыз қоныстанған аймақ болған. Таңбалы мен Қаратау сияқты тастағы суреттердің аса үлкен шоғыры тек Жетісу мен Қазаұстанның оңтүстігінен табылды.Жетісудың орта қола дәуіріне Таңбалы, Қарақұдық қорымдары жатады. Қазақстанның оңтүстігінен, Қаратаудан Таутары қорымы ашылып аршылды. Сырдарияның төменгі жағынан, Арал алқабынан қола дәуірінің бірегей ескерткіші - Түгіскен кесенесі ашылды.

4)Сақтар

Б.з.б І мыңжылдықтағы Қазақстан территориясын мекендеген көшпелілер-сақтар. Сақ тайпалар одағы б.з.б VII-IV ғасырларда құрылды. Бұл сақтардың материалдық мәдениеті мен қоғамдық құрылысы жағынан оңт.Сібір тайпалары және Ресейдің еуропалық бөлігінің далалық аймақтарын мекендеген киф тайпаларымен ұқсастығы болды. Сақ тайпаларының негізгі 3 тобы болды: *Парадарайа (Теңіздің ар жағындағы сақтар) *Тиграхауда(Шошақ бөрікті сақтар) *Хаумаварга(Хаома сусынын дайындайтын сақтар). Қоғамдық құрылысы: Сақ қоғамында халықтың 3 тобы болған.Олар: жауынгерлер, абыздар, қауымшыл сақтар Осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге қызыл және сары-қызыл, абыздарға-ақ, қауымшыл сақтарға-сары мен көк түстер тән еді. Сақ көсемдері мен патшалары жауынгерлер тобынан сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. сақ әйелдері қоғамдық өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да елдермен бірдей қатысып, ерлік көрсетіп отырған. Б.з.д VI-V ғасырлардың өзінде-ақ сақтардың қоғамдық құрылысының сол заманғы прогрестің неғұрлым жоғары сатысына

көтерілгендігін, оған экономикалық және саяси алғышарттардың болғандығын көрсетеді. Мәдениеті: Сақ мәдениеті- орт.жіне Алд.Азияның мәдениеті мен өнер жетістіктерінің бірі болды. Сырдария,Іле,Талас,Лепсі және т.б өзендер аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар шоғырланған. мысалы: Жуантөбе қорымы-300 обадан,Берікқара қорымы-500 обадан, Кетпен-Төбе алқабында700 обадан тұратын қорымдар табылған. Сақтар Алтай,Сібір, Шығыс және Еуропа халықтарымен сауда байланысын жасады.Шығыс Қаз. мен Жетісу аралығында ішкі сауда қалыптасқан. Б.з.б 7 ғасырдан бастап Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуропаның оңтүстігінде "аңдық стиль" деп аталатын өнер пайда болды. Басты тақырыбы-аңдар мен аңыздағы қиял-ғажайып бейнелерді суреттеу. "Аңдық стиль" дәстүрімен сақтар Алдынғы Азия мен Иранға жасаған жорықтары кезіде танысқан. Осы жерден алғаш рет "өмір ағашы" атанған арыстан бейнесі тараған. Жылқы- күн және отпен байланыстырылды. есік қорғанынан табылған патшаның бас киімінде бейнеленген қанатты аттар-күннің қозғалысын білдіреді. Қабан бейнесі- күн күркіреу құдайы. Сақтарда зергерлік өнер жоғары дәрежеде жетілдірілді. Әсіресе ағаштан ойып жасалған бейнелер мен бұйымдарды алтынмен аптау ісі кең тарады. Зергерлік өнердің тамаша туындылыры Есік және Шірік-Раббат қоныстарынан табылды. Жазба деректері: Сақ бірлестігі туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) Антик дәуірінің авторлары(гректер)-Геродот,Страбон,Ксенофонт,Птоломей және т.б. 2) Ахеменидтер әулетінен(көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы т.б.) Парсы жазбалары "Сақ" атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды "Азиялық скифтер" деп атайды. Парсы сына жазбаларында хаомаварга сақтары ең ірі тайпа немесе тайпалар тобы деп айтылған, олар грек деректерінде амюрьгий сақтары деп аталды.

Сақ тайпаларының атауы әр елде әртүрлі аталған: *Гректер-Азиялық скифтер; *Парсылар-Құдіретті еркектер; *Ирандықтар-Жүйрік атты турлар ;

Сақтар археологиялық ескерткіштері

Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Шырыққабат апасиактардың («су жағасын мекендеген сақтар») астанасы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбеде орналасқан. Қаланың орнынан көптеген дуал, мұнара құрылыстар табылған.Сақтардың археологиялық ескерткіштерінің бірі Бабыш молда қаласы.Алматы облысындағы Есік қорғаны – б. з. б. VI­II-IIIғғ. сақ моласы. Бұл молада әрі жауынгер, әрі малшы, әрі абыз адам жерленген. Ол алтын адам деп аталған. Онымен бірге қаружарақ, басқа да шаруашылық құралдар көмілген.Ежелгі грек тарихшысы Геродот сақтар жайлы көп тарихи деректер қалдырған.

Сарматтар археологиялық ескерткіштер

Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.Екінші кезеңде (орта - Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы қабырға қойылатын антропоморфты — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ.Өлген адамдары іші көмкерілетін тар қабырларға жерленген.

5)Ұлы жібек жолының тарихи-мәдени маңызы Ұлы «Жібек Жолы» —ежелгі және орта ғасырларда Шығыс пен батысты байланыстырып, жерорта теңізінен қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін керуен жолының жүйесі. Үлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз(620-630ж.ж) Б.з.б ІІІ-ІІ ғ.ғ - жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған. Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып дамыды. Олар -Лазурит жолы -Нефрит жолы -Дала жолы Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған,. «Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. .Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері. Саудадағы басты тауар-жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Кейін бұл жол арқылы Үндістан,Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.Ұлы жібек жолымен ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Сондай-ақ бұл жолдың бойымен дін таралды. Буддизм-Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңт.Қаз және Жетісуда кең тарады. Жібек жолымен ІІІ ғасырда Иранда пайда болған манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы "Екі негіздің қасиетті кітабында" жазылған. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды.

Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы

Ұлы Жібек жолы туралы алғашқы мәліметті будда діндары Сюань-Цзяннің қолжазбаларынан білеміз (629-630жылдар). Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырлар жібек жолымен алғашқы сауда байланысы жасалған.Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны қақ жарып өтетін кеуен жолының жүйесі (ұзындығы 7 мың шақырымнан астам). Бұл жол Орта Азия мен Қазақстан территориялары арқылы өтіп, бірнеше сауда жолдары қалыптасып, дамыды:

Лазурит жолы: Бадахшан тауы – Иран- Месопотамия – Мысыр – Сирия – Қытай.

Нефрит жолы: Жаркентдария – Шығыс Түркістан – Қытай.

Дала жолы (б.з.б. І мыңжылдықтың ортасы): Қара теңіз жағалауы – Дон – Оңтүстік Орал – Ертіс, Алтай – Зайсан көлі (Геродот дерегі).

Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтіп, төрт тармаққа бөлінді:

Батыстан шығысқа бакғытталатын жол

Іле бағыты

Еуропа бағыты

Орталық және Шығыс Қазақстан бағыттары

Ұлы Жібек жолының VI-VII ғ.ғ. ең гүлденген бағыты - Қытайдан Жетісу және Оңтүстік Қазақстан арқылы батысқа баратын жол.

Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар:

Құлан қаласы – (қытайша Цзюйлень) қазіргі Луговое селосының орны.

Іленің оң жағалауында қазіргі Көктал поселкесінің орнында Ілебалық қаласы болған.

Іле аңғарындағы үлкен қала – Екіоғыз (Эквиус) қазіргі Дунгановка селосының орны. Вильгельм Рубрук бұл қалада ирандық көпестердің сауда орындары болғанын айтады (1253ж.).Сырдарияны бойлай жүретін керуен жолындағы ең ірі қалалар – Отырар мен Шауғар. Отырар – көптеген керуен жолдары түйісетін қала. Шауғар (Қара тау) VIIIғ. Деректерінен белгілі.Орталық және Шығыс Қазақстан бағытындағы «Хан жолы» деп аталатын соқпақ бағыты: Тараз қаласы – Талас өзені –Мойынқұм, Бетпақдала – Атасу өзені.

Тауар тасымалы

Саудадағы басты тауар жібек. Жібек алтынмен теңеліп, халықаралық валютаға айналған. Жалақы мен қарызды жібекпен төленген. Ұлы Жібек жолымеен алғашқыда Қытайдың жібегі Батыс елдеріне жеткізілген. Кейін бұл жол арқылы Үндістан, Иран, Византия, Араб халифаты, Еуропа, Ресей тауарлары тасылды.

Ұлы Жібек жолы арқылы тасылатын тауарлар: жасмин суы, мускат жаңғағы, женьшень, питонның өті, пілдер, мүйіз тұмсықтар, арыстандар, арғымақтар, түйелер, тотықұстар, сұңқарлар, т.б.

Мәдениет пен діннің таралуы

Ортағасырлық Азияда әлемнің төрт патшалығы туралы тұжырым болды:

Пілдер патшалығы немесе Үнді философиясы мен ғылымның дамуы мен даналық патшалығы – Үндістан

Бағалы тастар патшалығы немесе аңдар мен ерлер патшалығы – Иран мен Византия

Сәйгүліктер патшалығы немесе жыртқыштар аңдар патшалығы – Түрік қағанаты

Адамдар патшалығы немесе мемлекеттік басқару және өнеркәсіп патшалығы - Қытай.

Бұл тұжырым Самарқан төңірегіндегі Кушаниядағы сайрайдың қабырғасына салынған суреттерден байқалады.

Ұлы Жібек жолы арқылы ән мен би өнері, әдебиет туындылары тараған. Қытайда көп тараған Шығыс Түркістан мен Қазақстанның әуендері болды. Византияда түрік акробаттарының өнері көрсетілген. Бағдатта наурыз мерекесінде халифтың алдында маскалы ойын сауық өткізілген. Сырдариядағы Кедер қаласынан X-XI ғасырларға жататын саздан жасалған маска табылды.

Ұлы Жібек жолының бойымен дін таралды.

Буддизм – Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан және Жетісуда кең тарады. Буддитзмді таратуда соғдылар үлкен роль атқарды (б.з. II-IIIғасырлар). Исфиджабқа жақын жерден жер асты храмы (VII-VIIIғ.ғ.), Ақбешімнен екі будда храмдары (VII-VIII ғ.ғ.) табылды.

Христиан діні - Сирия, Иран, Аравиядан келіп, Қазақстанда бұл діннің несториандық бағыты тарады (VII-VIII ғ.ғ.).

Қарлұқ жабғуы арқылы түріктер христиандықты қабылдап, Тараз, Меркеде христиан шіркеулері салынған (VIII-IХ ғ.ғ.).

Манихейлік дінді соғдылықтар таратты. Бұл дін туралы «Екі негіздің қасиетті кітабында» жазылған. Манихейлік ғимараттар Баласағұн мен Шілікбалықтан табылды. Тараздан манихейлердің көк тәңірісі болып есептелетін әйел бейнесі мен ай суреті салынған қола медальон табылды (ай – манихейлік жұлдыз сәулелі құдайдың символы).

Зороастризм діннің белгісі – от мұнарасы (Қостөбе мен Қызылөзенде). Отырардан еденге қаланған құрбандық шалынатын ошақтар табылды.

Ислам діні VIII-IX ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда кең тарады. Ислам діні алғаш рет қарлұқтар арасында таралған (760ж.). Қарахандықтар 960 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады. XI-XII ғасырларда бұл дін қыпшақтар арасында кең тараған.

ІХ-Х ғасырларда жерлеу дәстүріне өзгеріс енгізіліп, мұсылмандық сипат пайда болды.

Ең алғаш мұсылман бейіттері Отырардан, Боран қала жұртынан табылды. Х-ХІІІ ғасырларда исламның таралуымен мешіттер, кесенелер тұрғызу басталды. Ең алғашқы мешіттер Кедер мен Күлтөбеде салынған.

Ежелгі кесенелер: Бабаджа хатун, Айша Бибі, Қарахан кесенелері. Сырдарияның төменгі ағысындағы Сырлы Там кесенесі.

Ортағысрлық Жібек жолының маңызы:

Отырықшы және көшпелі мәдениеттің өзара қатынгасы күшейіп, бірін бірі байытты.

Қалалар көбейді

Сыртқы байланыс дамыды

|Сауда өркендеді

Ұлы Жібек жолы екі мың жыл бойы жұмыс істеген. XV ғасырда су жолы пайда болғаннан кейін керуен жолы тоқтады.

6) Ғұндардың тарихы

Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.Мөде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.Үйсін Үйсін мемлекеті - Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д. 2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) «уйсін мемлекеті» деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Мықты ел болған.Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң (батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болды.Қытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады. Үйсіндер және қаңлылар (Б.з.б. II –б.з. V ғғ.). Сақтардың мәдени – тарихи мұрасын қабылдап жалғастырған үйсіндер мен қаңлылар және савраматтар-сарматтар. Үйсіндер мемлекеті Жетісуда, қаңлылар мемлекеті Сырдарияда. Соғыс жүйесі. Соғыс және мемлекеттік ұйымдардың негізгі – рулық-тайпалық

құрылым. Үйсіндер мен қаңлылардың Қытаймен, ғұндармен, Орта Азия мемлекеттерімен саяси және этномәдени байланыстары.

Ғұн,Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.

Сақтардан соңғы Қазақстан аумағында және көрші аймақтарда үлкен мемлекет құрып дәуірлеген халық — ғұндар еді. Б.з.д. IV ғасырда-ақ Қытай мемлекеті ғұндарды өздерінің "солтүстік-батыстағы күшті бәсекелесі, жауы" деп есептеген. Бұл күндері түркі тілінде сөйлегендігі дәлелденіп отырған ғұндар басында тайпалық одақ болып, одан күшті мемлекет құрды. Ғұндардың мемлекеттік тарихы жөнінде жазба деректер жеткілікті. Олардың саяси-қоғамдық кұрылысы жөніндегі деректер, негізінен, қытай жылнамаларында мол сақталған. Ғұндарда мемлекеттіліктің негізі б.з.д. III ғасырлардан бастады. Ғұндар мемлекеттілігін толық калыптастырып, оның саяси жүйесін құрушы ірі саяси тұлға — Мөде тәңірқұты (қытай деректері Маодун деп атайды) болды. Ғұндардың саяси жүйесі өте күрделі болды. Мемлекеттің басында тәңіркұты тұрды. Ғұн тарихын көне қытай тілінен қазақ тіліне аударушы ғалым Қ.Салғараұлының пікіріне сүйенсек, бұл сөз бүгінгі қазақ тілінде де бар. "Тәңірқұты" елдің қарулы күшінің бас қолбасшысы болды. Мөдеге дейін тәңірқұтын сайлау тәртібі болатын. Оның үстіне, жекелеген аймақтарды (24 аймақ болған) ру ақсүйектері басқарып отырған. Олардың әрқайсысында 2 мыңнан 10 мыңға дейін әскері болған. Сондықтан мемлекеттің ішіндегі аймақтардың белгілі бір дербестігі де бар. Мөде тәңіркұтынан бастап мемлекет толығымен бір орталыққа бірікті. Ендігі жерде елбасын сайлау кағаз жүзінде ғана жүрді. Тақ мұрасы алғашында ағадан ініге, кейін әкеден балаға өтіп отырды. Ғұндарда үш ақсүйек тайпа болды. Соның ішінде си люанъ-ди тайпасынан ғана патша сайланды. Елдегі ақсүйек үш тайпа тек өз арасында ғана қыз берісіп, қыз алысты. Мемлекеттік ірі қызметтерде осы үш ақсүйек тайпа өкілдері тағайындалды. Ғұндардың мемлекеттік басқару аппараты өте үлкен және күрделі болды. Тәңірқұтынан кейінгі мемлекеттік лауазым елдің Шығыс жөне Батыс бөліктерін басқаратын хандар болатын. Әдетте, Шығыс бөлікті басқаратын кіші ханның мәртебесі артығырақ болды. Ол орында тәңірқұтының тағын болашақта мирас етуші ханның үлкен баласы отырды. Елдің оң, сол бөлігінің әрқайсысында азық-түлікке жауап беретін уәзірлер, қолбасшылар, әскербасылары, малжанның есебін жүргізушілер, тәртіп сақшылары болды. Мемлекет әбден күшейген кезде ғұндар елі үшке бөлініп басқарылды. Олар Шығыс, Батыс және сол екеуінің ортасында орналасқан тәңірқұтының өз ордасы еді. Ғұндар еліндегі осы үш аймақ 24 әкімшілікке бөлінді. Олардың әрқайсысына мыңбасылар, жүзбасылар, онбасылар, билер, кіші бектер, т.б. лауазымды қызметкерлер тағайындалды. Егер жоғары лауазымдарға тек тәңірқұтының туыстары тағайындалатын болса, ал орта, төменгі басшылықтарға өзге ғұн тайпаларынан шыққан аса қабілетті адамдар тартылды. Ғұндардың діні тәңірлік дін болды. Олар патшасын "Көк тәңірінің өзі жаратқан адамы" деп түсінді. Ғұндар көшпелілердің алғашқы мемлекетін құрды. Көшпелі мемлекеттің негізгі белгілері осы ғүндар дәуірінде қалыптасты. Құрылтай жиналысы дүниеге келді. Ғұндардың өзінің әдет-ғұрпына негізделген заң ережелері болды. Онда жер-су мәселесіне ерекше мән берілді. Ғұндар мемлекетінде, Қытай деректеріне қарағанда, тұрақты ғұн әскерінің саны 300 мың болған. Ресми іс қағаздарын жүргізіп, мөр басу рәсімі қалыптасты. Ғұндар мемлекеті б.з.д. III ғасырдан б. з. V ғасырының жартысына дейін өмір сүрді. Әрине, басқа көшпелі империялар сияқты олар бірде күшейіп, бірде әлсіреп отырды. Б. з. IV ғасырынан бастап ғұндардың бір бөлігі Еділден асып Еуропа жеріне қарай аяқ басты. Содан былайғы 200 жылдың ішінде олар Еуропаның жартысын жаулап алып, өз билігін орнатты.[1]

Үйсіндер. Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын. Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты. Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д.2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады. Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан. Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. Деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1,2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған. Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған. Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.

Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тай­па­лық бірлестігі құрыл­ды. Мем­ле­кет аты алғаш Қытай жыл­на­масы «Шы Жи»-Да­уан Ле­жу­ан­да («Та­рихи жаз­ба­лар»-Ферғана та­ра­уы) жа­зылған «Қаң жүй го» де­ген ата­удан алынған. Қаң жүй- қаңлы (орыс әде­би­етінде «кан­гюй»), го — «мем­ле­кет» де­ген мағына­ны білдіреді.

Ғалым­дардың көпшілігі қаңлы­лар­дың түркі тілдес ха­лық болған­дығына күмән келтірмейді.

Қаңлы мем­ле­кетінің б. з. б I ғасы­рын­да дәуірлен­ген ке­зеңінде халқының са­ны 600 мың адам­ды құрап, әскерінің са­ны 120 мыңға жет­кен.

Қаңлы­лар ас­та­насы – Би­тянь қала­сы. Бай­ла­ныс жа­саған ел­дер – Қытай, Рим, Кав­каз т. б. Қаңлы бей­ле­ушісінің же­ке иелік ше­кара­сы Кас­пийдің солтүстік жағала­уына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысы­ның екі ара­сын­да билік құрған сар­мат-алан тай­па­лары­ның одағы түгел­дей қарап, тәуелді болған. Қаңлы мем­ле­кеті өз ал­ды­на дер­бес са­ясат ұста­нып, көрші ел­дердің сырт жа­ула­рына қар­сы той­та­рыс бе­руіне көмек­тесіп отырған. Қаңлы пат­ша­сы өзі ме­кен­де­ген солтүстік өңірді (Та­лас өзенінің ай­мағы) же­ке басқара­ды.

Қаңлы тай­па­сын­да билік мұра­герлік жол­мен әке­ден ба­лаға беріліп отырған. Бар билік ақсақал­дардың, ру бас­шы­лары мен көсем­дердің қолын­да болған.

Ша­ру­ашы­лығы. Тай­па халқы негізінен мал ша­ру­ашы­лығымен және су­ар­ма­лы егіншілікпен ай­на­лыс­ты. Бас­ты бай­лығы мал бол­ды. Көбіне­се жылқы, қой, оған қосым­ша си­ыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілер дәнді дақыл­дар ек­кен және бау-бақша өсіру­мен де ай­на­лысқан. Жерді тас, ме­талл кет­пендер­мен өңдеді, сон­дай-ақ сүйек­тен жа­салынған егіншілік құрал­да­ры да пай­да­ланыл­ды. Жи­налған өнім жер­ден қазылған ұра­лар­да не­месе қыш құмы­ралар­да сақтал­ды. Көпте­ген бөген­дер мен тоған­дар тұрғызыл­ды.

Аң аулау мен ба­лық аула­удың қосалқы маңызы бол­ды. Елік, арқар, киік және су құста­ры — үй­рек, қаз аулан­ды. Ет, ба­лық және дәнді дақыл өнімдерімен қатар та­маққа жа­байы ал­ма, алмұрт, өрік, до­лана, пісте жемістері, тау жу­асы пай­да­ланыл­ды.

Мәде­ни­еті. Қаңлы­лар­да қолөнер кәсібі өте жоғары дәре­жеде өркен­де­ген. Қаңлы­лар­дың тегі хұн, түрік тілдес ха­лықтар болған­дықтан, олар өз тілінде, яғни түркі тілінде сөй­ле­ген.

Қаңлы­лар­дың тұрғын үй­лері көшіп-қонуға қолай­лы киіз үй­лер және то­пырақ пен ағаш­тан, тас­тан жа­салған тұрғын үй­лер, адам­дар жиі ор­на­ласқан елді ме­кен, қала­лары болған. Ар­хе­олог­тардың мәлімдеуіне жүгінсек, «қазіргі оңтүстік Қазақстан­дағы ежелгі ор­та ғасыр­дағы көпте­ген қала­лар­дың ірге­тасы со­нау кан­гю­лер (қаңлы­лар) дәуірінде пай­да болған» де­ген пікір бар.

Қаңлы жұрты пай­да­ланған киіз-те­кемет, кілем-сыр­мақ қатар­лы төсеніш және үй қабырғала­рына ілінетін тұс бұйым­дар, ки­етін — ки­мешек­тер өздері өсіріп отырған мал өнімдері мен мақта ма­мықта­рынан жа­сала­тын болған. Олар қой жүнінен киіз те­кемет­тер, төсеніштер жа­са­умен қатар, киізден қал­пақ, ке­бенек-шек­пендер жа­сап ки­ген. Қара­пайым ха­лық қой терісінен тон сияқты сырт киімдер тігіп ки­ген. Ал жоғарғы жіктегілер түлкі, қасқыр, ілбіс және басқа да аңдар терісінен қым­бат бағалы ты­мақ, ішік, тон сияқты киімдер тігіп ки­ген.

Қаңлы елінде заң мен діни на­ным­дар өза­ра ұштас­ты­рылып атқарылған.

Қаңлы­лар — отқа та­быну, дінге сыйына­тын ар­на­улы ке­сене­лер салған. Та­биғат күштеріне, ата-ба­ба аруағына си­ынған. Со­нымен қатар қаңлы­лар жұлдыз­дар арқылы түрлі бол­жамдар жа­сап отырған. Қаңлы­лар­да му­зыка­лық ас­паптар болған, би би­леген.

Ар­хе­оло­ги­ялық ес­керткіштері. Мар­дан – күйік қоры­мы – Сыр­да­рия өзенінің жағасын­дағы қаңлы­лар­дың жер­леу ес­керткіші. Бұл қорым Мар­дан-күйік қала­сының іргесінде орын теп­кен. Мұнда 50-ден ар­тық мо­ла бар. Қабірге өлікпен бірге ыдыс­тар, әше­кей бұйым­дар, қару-жа­рақ көмілген. Қаңлы тай­па­лық бірлестігі б. з. б. I ғ. ор­та­сын­да ыды­рады.

7)Түрік қағанаты – 551-603 жылдар

«Түрік» деген ат алғаш рет 542 жылы аталады. Қытайлар түріктерді сюнну ғұндар деп атаған, мұның өзі түріктердің ғұн тайпаларының жалғасы екенін көрсетеді. 546 жылы тирек (телэ) тайпалары Моңғолияның оңтүстік және орталық аудандарын мекендеген аварларға (жканьжуань) қарсы жорық жасайды. Осы кезде күтпеген жерден түріктердің қағаны Тумынның (Бумын) басқаруымен түріктер телэ әскерлеріне шабуыл жасап, жеңіп, 50 мың әскерін тұтқынға алады. Осыдан кейін түріктер күшейіп, енді бұрын өздері тәуелді болып келген аварларға (жуань-жуань) қарсы шығады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды жеңеді, авардың қағаны Анағұй өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап Бумын түрік қаған деген атағын алады. Бумын 553 жылы қайтыс болады.Бумын өлгеннен кейін, таққа оның інісі Қара-Ес­ке оты­рады. Ол Ор­хонның жоғарғы жағын­да авар­ларды екінші рет жеңеді. ҚараЕске­ден кейін, оның мұрагер інісі Еркінді-Мұқан деген атпен қаған болады. Оның ел билеген кезі 553–572 жылдар. Мұқанның тұсында аз уақыт ішінде (553–554 жж) түріктер шығыста қайлар, қидандар және оғызтатар тайпаларын, солтүстікте Енесей қырғыздарын, Жетісу жеріндегі түргенттерді өздеріне қаратты. Бұл жылдары түріктердің батысқа қарай жасаған жорықтары күшті болды. Оларды Тумынның басқа бір інісі Естемі жүргізді. Кейін тарихи деректерде оны Батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін қалаушы деп атайды. 563 жылы Түрік қағаны Силзибул (Естемі) Эфталит мемлекетін басып алуға кіріседі.571 жылы Естемі қаған Солтүстік Кав­казды ба­сып ал­ды, сөйтіп Керчь түбегіне (Бос­порға) шықты. Оның ба­ласы Түріксанф Керчті ба­сып алып, 576 жы­лы Қырымға ша­бу­ыл жа­сады. Бірақ Ес­темі өлген­нен кейін, 582–593 жыл­да­ры Түрік қағана­тын­да билік үшін қырқыс бас­талды. Өз ішіндегі ала­уыз­дық пен әле­уметтік қай­шы­лықтар қағанат­ты қат­ты әлсіретті. Ел­де мал індет­тері, жұттар мен ашар­шы­лық орын ал­ды. Түрік қағана­ты ше­кара­лары­на шығыс­тан Қытай­дың Сүй әулетінің (581–618 жж.) ша­бу­ылы күшейді. Бұл жағдай­лар­дың бар­лығы 603 жы­лы Түрік мем­ле­кетінің екі дер­бес қағанатқа – Шығыс және Ба­тыс қағанат­та­рына бөлінуімен аяқтал­ды.Этникалық ортаның өзгеруіне байланысты біздің заманның 1-ші ғасырында Еуроазия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталады.1968 жылы Монғолияда Орхон алқабында түркі руналық жазуның ескерткіші табылды, әзірше бұл түркі қағанаты дәуірінің алғашқы ескерткіші.Бұл жазулар кағандардың билеушілерінің қорған- жерлеу орындарында қойылған. Қағандар билеушілері – Таспара, Бильге және оның ағасы Күлтегін. Міне, осы түркі жазуларынан біз түркі империясы – түркі елі (мемлекеті) туралы білеміз.Ерте ортағасыр дәуірінде Римнің құлауынан оңала алмай жатқан Еуропаға қарағанда Орта Азияда күрделі өзгерістер болды. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем емес мемлекет құрылды. Дала империясы – түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуроазия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді.Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань – Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының ең қасиеттейті хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте бейнеленген.Аңыз түркілердің шығу тегін Шығыс Тянь-Шаньмен, Қытай жылнамашылары сияқты байланыстырады. Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы ІІІ-IV ғасырда солтүстік Тянь-Шаньға қоныс аударған және Турфан аймағына ығыстырылып, онда 460 жылға дейін мекендеген. Сол жылы оларға монғол тілді жуань – жуань (авар) тайпалары шабуыл жасап, олардың иеліктерін құртып, ғұн тайпаларын Алтайға ығыстырған. Сол тайпалар ішінде Ашина ұрпақтарының тайпасы да болған. Ашина Алтайға қоныс аудармай тұрып жергілікті халықпен араласып кеткен. Олар күштерін жинап аварларды талқандады.551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға – Түркі қағанаты келді.Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған.Қытай жылнамаларының айтуына қарағанда әлгі қағанат Ұлы Қабырға сыртында жатқан елдердің баршасының зәресін алған. Шығыстан Корей шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне, солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр кеңістік осы державаның табанында жатты. Ол аздай-ақ Қытайдың Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды. Міне оның қуаттылығы осындай болған.Түріктердің Батысқа қарай жасаған жорықтары да жемісті болған. 5 ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай түрік қағанаты сол заманғы ірі де іргелі мемлекеттер – Византияның, сасанидтік Иранның және Қытайдың саяси, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастары жүйесіне кіреді де, Қиыр Шығыс Жерорта теңізі жағалаундағы елдерді жалғастыратын сауда жолдарына бақылау жасау үшін күрес жүргізеді.555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.

8) Көне түрік жазуының ескерткіштері.

Б.З. I мыңжылдығының ортасында қазақстан тайпалары түркі тілінде сөйледі.

Олар үш топқа бөлінді(VI-VIII):

Бүлгар-хазар.

Батыс-түрік(оғыз)

қарлұқ. VIII-X ғасырларда батыс –түрік тілдер тармағынан қимақ-қыпшақ тілдер тобы бөлінді. Оңтүстік қазақстан халқы Монғыл-Қидан , Соғды ,араб тілдерінде де сөйлеген.IX-XII ғ.ғ.-түріктерде араб тілі кеңінен қолданылды. Түріктердің жазыуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды(VIғ.IIжартысы)

Ежелгі түрік жазуларының ескерткіштері- Солтүстік Монғолиадан , Орхон , толы , Селенгі , өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар, бұл жазулар белгілі қаған , күлтегін (732ж , 735ж.).Тоныкөк(716ж.)құрметіне жазелған.

Көне түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында Енисей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф.Страленберг тапқан.Жазу скандинавиялық руна жазуына үқсас болғандықтан руна жазуы деп атаған.

VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды . VIII-X ғасырдағы “Қорқыт ата ” Эпосы . Жүсіп Баласағұни XI ғ.“Құтты біліні ” Махмұт Қашқари XI ғ 1072-74 жылдары жазылған “Диуани лұғат ат-түрік ”. Қожа Ахмет Йассуи XI ғ. “Диуани Хикмет ”. сүлеймен Бақырғани .XII ғ. “Хакім ата ”. Ахмет Хүгенеки (Югнаки )XII ғ. “Хибат ул-хақайк”. Әбу Насыр Әл-Фарабй.IX-X ғ. “Ғылымдар энциклопедиясы”. Әбу Райхан Әл-Бируни.X-XI ғ. “Ежелгіхалықтардың хронологиясы”. Атты жазба деректер бар.

9) . Батыс түрік қағанатының тарихы

Батыс Түрік қағанаты - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (603 - 704). Аумағы Алтай, Сібір жерінен бастап, Әмудария мен Еділ өзендерінің төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Саяси ахуалдарға байланысты шекара өзгеріп тұрғанымен Батыс Түрік қағанатының негізгі аумағы ежелгі үйсін жері, Жетісу өңірі болған. Батыс Түрік қағанатының халқы “он оқ елі” (он оқ бұдұн), “бес арыс дулу”, “бес тайпалы нушеби” деп те аталған. Қағанаттың құрамына әр кезеңде қарлұқтар, Енисей қырғыздары, шығылдар (шігілдер), чомулдар (шөмекейлер), тухсилер, т.б. енді. Батыс Түрік қағанатының мемлекет басшысы - қаған жоғары билеуші әрі әскербасы саналды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді, ру басшыларын тағайындады. Қарапайым халық “қара бұдұн”, ал әлеум. құрылымның ең төм. сатысының тәуелді тобы “тат” деп аталған (қ. Тат). “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген көне мәтелге қарағанда түркі шонжарлары қарамағында таттар саны аз болмаған. Батыс Түрік қағанатында көшпелі мал шаруашылығы басым сала болды. Сонымен бірге Іле, Шу, Талас өзендері бойында егін ш. дамыды. Ежелден егіншілікпен айналысқан. Орталық Азия мен Шығыс Түркістандағы аймақтар да Батыс Түрік қағанатына қараған. Ұлы Жібек жолының Батыс Түрік қағанатын басып өтуі мұнда қалалық мәдениеттің өркендеуіне ықпал жасады. Құлан, Навакет, Суяб, Тараз, Меркі, Испиджаб қалалары сауда, қолөнер орталықтары ретінде әйгіленді. Қағанаттың халықаралық экономикалық және саяси байланыстар аясына тартылуына соғдылық көпестер үлкен рөл атқарды. Жетісуда егіншілік мәдениеті, құрылыс өнері, түрлі қолөнер кеңінен дамыды. Түркілер теңге соғуды игерді. Теңгелер түркі қағандары атынан соғылғанымен, олардағы сөздер соғды тілінде жазылды. Батыс Түрік қағанатында жазба мәдениет дамып, әдеби дәстүр қалыптасты. Батыс Түрік қағанатының халқы Көк тәңіріне, Ұмай анаға, Жер анаға, Су анаға тағзым етті. Қағанатқа Ұлы Жібек жолы арқылы әлемдік діндерді уағыздаушылар ене бастаған. Батыс Түрік қағанатында зороастра, несториан, манихей діндерін жақтаушылар да болған. Бұлардың қызметі халықты түрлі діндерге тартып, қағанаттың негізі—дәстүрлі діни наным-сенімді әлсіретуге, сол арқылы мемлекетті ыдыратуға бағытталған. Батыс Түрік қағанаты Шегуй (610—18) мен Түн жабғу (618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен. Шегуй қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Түн жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқа көшіріп, ал Мыңбұлақ деген жерді жазғы қонысына айналдырған. Жаңа жорықтар қағанат аумағын Әмударияның жоғарғы ағысы мен Гиндукушқа дейін жылжытуға мүмкіндік берген. Мұндай кең байтақ жерді берік ұстап тұру үшін Түн жабғу әкімшілік басқару реформасын жүргізген. Шығыс Түркістан мен Орталық Азиядағы жергілікті билеушілерге түркілік лауазымдар беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Сондай-ақ, қағанатқа бағынышты елдерге қатаң саяси бақылау орнату мақсатында қағанның қазынасына түсетін алым-салықты жинайтын өзі бекіткен бақылаушыларды (тудундарды) жіберіп отырған. Орталық Азияда өз ықпалын арттыру үшін Самарқан билеушісіне өз қызын тұрмысқа берген. Тохарыстанға өзінің ұлы Тарду шадты билеуші етіп қойды. Белсенді сыртқы саясат жүргізіп, 625 жылы Парсы еліне қарсы Византиямен келісімшартқа отырған. Түн жабғу император Ираклийдің Кавказға жасаған жорығына (628 — 29) қатысып, жаулап алған жерлерден Горе (Дербент) мен Тбилиси сияқты қалаларды өз үлесіне алады. Түн жабғудың әскери жетістіктеріне риза болған Ираклий Тбилиси қаласы түбінде оған өз тәжін кигізіп, қызы Евдокияны тұрмысқа беретінін мәлімдеген. 630 жылы түріктер Арменияға басып кірген. Бірақ қағанаттағы ішкі қайшылықтарға байланысты Кавказда көп тұрақтай алмай, кері қайтып кеткен. Толассыз жүргізілген жорықтар мен алым-салықтардың ауыртпалығына наразы болған халықтың бой көтерулерін сыртқы жаулар өз пайдасына пайдаланып отырған. Кейбір тайпалар Таң империясы қол астына өтіп кетіп отырған. Таң империясы оларға барынша қолдау көрсетіп, басшыларына шен-шекпен, мансап беріп, әскери күшке айналдырып, қағанатқа қарсы жұмсады. Шығыс түрік қағанаты Бесбалық қаласын басып алған соң, Ертіс бойындағы қарлұқтар, іле-шала дулулар орталық билікке қарсы көтеріліске шықты. Осы ахуалды пайдаланып, иеліктер арасындағы соғысты тоқтату керек деген желеумен ықпалды әскербасы Күлбагатур (Сыбихан Мохэду) 630 жылы Түн жабғуды өлтіріп, өзін қаған деп жариялайды. Көп ұзамай, 631 жылы дулу мен нушеби тайпаларының билікке таласы кезінде Күлбагатур өлтірілген. 630-34 жылдары қағандық Орта Азиядағы, Сырдария аймағындағы иеліктерінен айырылды. Дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды. Батыс түрік қағанатындағы этно мәдени үрдістер және халықаралық байланыстар түрік эфталит түрік иран және түрік византия қатынастары

Батыс түрік қағанатының этникалық, экономикалық-әлеуметгік саяси құрылысы "Түркі" сөзі (қытайша "туркюе") б.з. VI ғасырында бірінші рет (бір) көшпелі халықтың атауы ретінде пайда болды. Бұл ғасырда түркілер Монғолиядан және Қытайдың солтүстік шекарасынан Қара теңізге дейін созылып жатқан ұлы көшпелі империяның негізін қалады. Қыгайлар Тумынь деп атаған (түркі жазбасында Бумин) империяның негізін қалаушы тұлға 552 жылы дүние салды, оның ағасы Естеми (қытайша Шедеми) Батысты жаулап алған, 576 жылға дейін өмір сүрген. Бастапқыда ағалы-інілі екеуі бір-біріне тәуелсіз болған, түркілердің мемлекеті және батыс түркілердің мемлекеті деп атаған.Сексен жылдай өмір сүрген кезінде Түркі қағандығы дамудың биік сатысына көтерілді. А.Н.Бернштам бұл жөнінде мынадай қорытынды ұсынды: "Ертедегі түркілердің қоғамдық құрылысы феодаддық қатынастардың ең ежелгі формаларының бірі болып саналады. Түркі қағандығы Манчжуриядан Босфор — Киммерияға (Керчен шығанағы) дейін, Енисейдің жоғарғы ағысынан Амударияның жоғары ағысына дейін созылып жатты, яғни Түркі империясы ірі табыстарға ие болды. Осылайша Түркі қағандығы саяси және мәдени мұрасы арқылы Орта Азия мен Оңтүстік шығыс Еуропаға едәуір әсер еткен алғашқы еуразиялық империяны құрушылар болды. Қағандықтың Оңтүстік аймағын Бумын қағанның ағасы Естеми билеген кезде түркілер батыста өздерінің әскери қуатының биік шыңына жетті. Түркі империясы тұсында (VІ-VІІ ғғ.) Орта Азияның экономикасы мен мәдениеті гүлденіп өсті. Сауда, жер өндеу және қолөнер өте тез дамды. Жібек керуені Қытайдан Византияға қарай Бұхара, Самарқан, Ташкент, Қашқар, Турфан арқылы үздіксіз ағылып жатты. Түркі империясының құрылуы мен ыдырауы түркі халықтарының Батысқа қарай жылжуына алып келді. Шығыс пен Батыс мәдениеті араласып, бірін-бірі байытты.

10) түргеш қағанаты тарихы

Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, "сары" және "қара" деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты "сары түргеш" деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - "қара түргеш".)

Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.

Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.

Түргеш қағанатында Үш-елігтен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді.

Оның қазасынан кейін "сары" түргештер мен "қара" түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.

Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды.

11) Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

12) Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер 9 ғасырдың ақыры мен 10 ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (9 ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін ш-мен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайгалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хаканының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.

13) Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.

Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX-X ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Оғыздардың ата-ба­баларының әуелгі қоныстанған жерлері Ыстықкөлдің маңы. Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ он­дағы кангар-печенег бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура келеді. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір деректерде 24 тай­паға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.

965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақтасып хазарларды талқандады. 985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын күйрете жеңді. IX-X ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық институттардың тез ыдыра­уы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл – мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді

XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алым-салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілісі себеп болды. Бұл жағдай X ғасырдың екінші жартысында өкімет басына келген Әлихан­ның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған салжұқтар­дың көсемдері пайдаланды. Салжұқ көсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жент қаласын басып алды, бірақ оны ұзақ ұстап тұра алмады. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір кұшейді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады. Алайда, арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Аяғында келіп Жабғы мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлады. Оғыздардың бірсыпыра топтары осы­дан кейін Шығыс Еуропаға, Кіші Азияға қоныс аударды. Енді біразы Орта Азияға, Оңтүстік Қазақстандағы Қарахан әулетінің және Хорасанның салжұқ билеушілерінің қол астына көшті. Ал XI ғасырдың ортасында қыпшақтар талқандаған оғыздардың кейбір қалдықтары кейін келе Дешті Қыпшақтардың түркі тілдес тайпаларына сіңіп кетті.

Шаруашылығы. . Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдари­яның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшкен. Оғыздар негізінен жылқы, қой, ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Сондай-ақ оғыз бай-феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыздар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айна­лысты. Оғыз кедейлері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кәсіп қылған.

Мәдениеті.Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан тұрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырда­рияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды. Оғыздарда құмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді.

14) Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (IX-XI ғ.ғ)

XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, құман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, ұрандар, Шығыс Түркістаннан кел­ген баяттар, түргештер, қарлұқтар, шігілдер әсерін тигізді.

ІХ-Х ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі: қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді.Қыпшақ тайпалары - 11-12 ғ-да Орт.Азия мен Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа.ХІ ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орнығады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді.Қыпшақтардың ХІ ғ. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі М.Қашқаридің географиялық картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі Қыпшақ елі ішінде қаладыҚыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын еңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлімен Алакөл шұңқырының көлдері болады.Солт-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл мәдениеттің иелері қырғыздар мен хакастар және басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандығының солтүстік шекарасы қазіргі қазақ даласын Батыс Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен. Солтүстік Батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің халқымен этникалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасаған.Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда,

негізінен тұрақты болған, тек оң-батыс шекарада ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.ХІ ғ. екінші жартысында ХІІ бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарды. Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық - әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды.

Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жекеменшік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулердің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері – таңбалар басылған. Хисапсыз көп малы бар

ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін

меншіктеген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ

хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған. Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мухаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына ХІІІ ғ. бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешті қыпшақ еліне Мұхаммед Хорезмшах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғыс хан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады. Сұлтанмен айқасып қалғаннан кейін, монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, бұған ілесе қыпшақтардың Хорезмшахтармен ұзаққа созылған бәсекесі тоқтап қалады. Моңғол басқыншылығының дәуірі келіп жеткен еді.1219ж монғол шапқыншылығынан Қыпшақ мемлекеті құлап, оның жері моңғол ұлыстарының құрамына енді.

Қыпшақ хандығы

«Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 ж. Ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы

Ибн Хордабектің (ІХ ғ.) жылнамалық жағынан ҮІІІ ғ. жататын, түрік тайпаларының тізімінде көрсетіледі. 656 ж. Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін Алтай тауының солтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтардың едәуір мол топтары кимектердің басшылығымен тайпалар одағының өзегін құрайды. Алайда негізгі қыпшақ тайпаларының өзін-өзі билеуге ұмтылған талабы ҮІІІ ғ. соңында оларды Кимек федерациясынан бөлініп, олардан әрі, батысқа қарай көшуіне апарып соғады. Бірақ қыпшақтар түбірлі тәуелсіздікке жете алмайды. ІХ-Х ғғ. қыпшақтар тарихы кимектер тарихымен қоса өрледі: қыпшақтар кимек қағанатына саяси тәуелді болады, конфедерацияға, сосын Кимек қағанаты құрамына кіреді.Қыпшақ тайпалары - 11-12 ғ-да Орт.Азия мен Шығ.Еуропадағы саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа.ХІ ғ. екінші жартысында қыпшақтар Маңғыстау мен Үстірт жерлеріне орнығады, олармен бірге сол арада оғыз тайпаларының біраз топтары да көшіп-қонып жүреді.Қыпшақтардың ХІ ғ. орта кезінде батысқа қарай жылжуының бастапқы кезеңі М.Қашқаридің географиялық картасында бейнеленген, ол картада қыпшақтардың мекені ретінде Еділдің ар жағы мен Каспий теңізінің арғы бетіндегі солтүстік-батыс жерлері көрсетілген, ал Еділ өзенінің өзі Қыпшақ елі ішінде қаладыҚыпшақ хандары өз мемлекетінің шекарасын еңейте отырып, оңтүстікте Тараз қаласының маңына дейін жетеді, сөйтіп Қарахандармен шектесіп жатқан жерден Қанжек Сеңгір бекінісін салады. Қыпшақ билеушілері мен Қарахандар арасындағы табиғи шекара Балқаш көлімен Алакөл шұңқырының көлдері болады.Солт-шығыс бетте қыпшақтар өркениет пен мәдениеттің Саян-Алтай ошағымен байланысты болған, бұл мәдениеттің иелері қырғыздар мен хакастар және басқа да тайпалар еді. Қыпшақ хандығының солтүстік шекарасы қазіргі қазақ даласын Батыс Сібірден айырып тұратын орманды дала зонасы арқылы өткен. Солтүстік Батыс жағында қыпшақтар Еділ бойы мен Орал өңірінің халқымен этникалық мәдени және саяси қарым-қатынас жасаған.Қыпшақ тайпаларының этникалық территориясы өздерінің этникалық-саяси бірлестігі шебінің тұрғысынан қарағанда,

негізінен тұрақты болған, тек оң-батыс шекарада ХІІ ғ. 30-жылдарынан бастап Хорезмшахтар мемлекеті тым белсенді саясатты жүргізуге көшеді. Қыпшақ тайпаларының ХІ ғ. екінші жартысы мен ХІІІ ғ. бас кезінде бұлғарлармен және башқұрттармен өзара алыс-беріс жасап, аралас-құралас тұруы қыпшақ тілі мен мәдениетінің оларға ықпал етуі бағытында дамып отырған.ХІ ғ. екінші жартысында ХІІ бірінші ширегі біткенге дейін қыпшақ хандарының жағдайы бірсыпыра тұрақтанып, саяси бірлігі біраз жақсарды. Бұған қарағанда, қыпшақтың этникалық - әлеуметтік қауымдастығында өз билігін бүкіл хандыққа жүргізе алатын жоғарғы хандар болғанға ұқсайды.

Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және жіктік жағынан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі – малға жекеменшік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған. Жазба деректер хабарына сүйенсек, қыпшақтар еліндегі көптеген кісілердің бірнеше мыңнан жылқысы болған, ал кейбіреулердің жылқысының саны 10 мыңға жеткен және одан да көп болған деседі. Қыпшақ отбасының меншігіндегі малға ру-тайпа белгілері – таңбалар басылған. Хисапсыз көп малы бар

ақсүйектер жеке меншігіне заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бәрін

меншіктеген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ

хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған. Бүкіл мұсылман Азиясы ішінде бірінші орын алуға ұмтылған Хорезмшах Мухаммед (1200-1220 жж.) мемлекеті құрамына ХІІІ ғ. бас кезінде Сығанақ облысы да кіреді. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан, қыпшақ хандары Хорезмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра береді. Жент қаласынан солтүстікке қарай Дешті қыпшақ еліне Мұхаммед Хорезмшах талай рет жорық жасайды. 1216 ж. Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетіп, Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуалап келе жатқан Шыңғыс хан қолымен кездейсоқ соқтығысып қалады. Сұлтанмен айқасып қалғаннан кейін, монғолдар түн жамылып шегініп кетеді. Бұл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, бұған ілесе қыпшақтардың Хорезмшахтармен ұзаққа созылған бәсекесі тоқтап қалады. Моңғол басқыншылығының дәуірі келіп жеткен еді.1219ж монғол шапқыншылығынан Қыпшақ мемлекеті құлап, оның жері моңғол ұлыстарының құрамына енді.

15) . Қарахан мемлекеті:этносаяси тарихы, Әлеуметтік экономикалық дамуы мәдени өркендеуі. Х ғасырдың орта кезінде оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы – Баласағұн қаласы. Қарахан мемлекетінің құрылуы тарихында Қарлұқ конфедерациясы зор роль атқарды. Қарлұқтар мен бірге шікілдер мен яғма кірді. Қарахан мемлекетінің құрылуы Батыста Жетісудан

Испиджабқа дейінгі және Шығыста Қашқарға дейінгі ұланбайтақ аумақта болған саяси оқиғалар және Қарлұқ мемлекетінің ыдырауымен тығыз байланысты болды.Оғулшақтың немере інісі Сатұқ Боғраханды (915-955) Қарахан әулетінің негізін салушы деп есептейді. Исламды қабылдап, Саманилердің қолдауын пайдалана отырып, Сатұқ Боғрахан Оғулшаққа қарсы шығып, оны талқандады, сөйтіп Тараз бен Қашқарды бағындырды: 942 жылы ол Баласағұнда билеушісін құлатып, өзін жоғарғы қаған деп жариялады.Сатұқ өлгеннен кейін билік басына

Мұса қаған келді. Ол Қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Оның астанасы Қашқар болды. Мұса қаған қаза болған соң билік Әли-Арыстан қағанға өтеді. Ол Тараз бен Баласа

ғұнды да өзіне бағынышты қалалар есебінде жариялаған. Қарахан мемлекетінің

алғашқы саяси тарихы, Сатұқ ұрпақтарының ішіндегі ең күшті екі әулетінің Әли-Арыстан хан мен Хасан Бура ханның тұқымдарының арасында билік үшін ұзақ жылдарға созылған талас тартыстар басталды.Қарахан мемлекеті екі иеліктен тұрды:1)Шығыс хандық. Оның жері Оңтүстік

Шығыс Қазақстан мен Шығыс Түркістан, астанасы Баласағұн, кейде Қашқар қаласы

болып тұрған; 2) Батыс хандық. ОрталығыТараз, кейде Бұхар болған. Шығыс хандық

қарахандықтардың негізгі бөлігі болып саналған. Сондықтан да оның қағаны дәстүр бойынша ұлы қаған деп есептелген. Жетісу мен Шығыс Түркістанды ХІ ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Тұған хан билеп тұрды. Онымен Борға хан баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды.

1005 жылы Туған ханды Қадырхан Қашқардан тықсырып шығарды. 1017-1018 жылы Жетісу көшпелі тайпалар шабуылына ұшырап, көп ұзамай Туған хан дүние салды. Қадырхан күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді.1032 ж. Қадырхан иелігіне

Жетісу, Испиджиб пен Тараз өңірлері Шығыс Түркістан қарайды. 1056 жылы

Қадырхан баласы Иннал-тегін өкімет басына келеді. Иннал-тегіннің баласы Ибрахим болады. Осыдан кейін Шығыс қағанатының да он бес жыл бойы Қадыр ханның балалары Юсуар

Торғулхан мен Бограхан Харун басқарады.Екі қағанат арсындағы шекара Сырдарияны бойлай

өтеді. Орта Азия мемлекеттерімен қызу сауда жүргізеді. 1089 жылы Орта Азиядағы Салжұқ сұлтандығы шабуыл жасап Самарқант қаласын басып алады. Осы кезде Шығыс Қарахан қағанатына Шығыс Түрік қағанатының билеушісі Тоғырыл шабуыл жасап Қашқар қаласын

өзіне қаратты. Осындай шапқыншылықтан кейін ХІІ ғ. 1-жартыжылдығында Қарахан

мемлекеті іс жүзінде тарихи сахнадан шығып қалды.

Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі. Жүсіп Баласағұни есімі кең мәлім болды

16) VI-XII ғ.ғТүркі тайпаларының мәдениеті

Түріктердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы әдеттегі тамақ құрамы ет, сүт болған. Қолға ұстайтын малдан алып отырған, әсіресе қой малшысы. Көшпенділердің сүйікті жұмысы бұл аңшылық. Көсемдер жиі-жиі үлкен аңшылыққа шығып, оған барлық тайпалар еліктеп отырған.Көшпенділер өз ресурстарымен ғана өмір сүре алады. Мысалы, қой жүнімен киіз жасап. Өз салты бойынша киізді жасап киіз үй жасаған. Жүннен киім тоқыған, кілем және қанар тіккен. Әр түрлі мақсаттарда үй мал шаруашылығының терісі мен былғарысын пайдаланған. Ұсталар металлдардан бұйым жасай білген. Айта кететін болсақ бағалы металлдан және жүн мен былғарыдан жасаған.Түріктер бейбіт кездерде саудамен айналысқан. Жылқы, түйе, қой сияқты малдарын айырбастап отырған. Өздерінің қолдан жасаған бұйымдарын басқа заттарға айырбастаған. Азиядағылардың кең тараған төлемдері ол металлдан жасаған ақша болған Қытай мен Батыс Азия арасындағы негізгі сауда керуен жолдарын бақылай отырып өткен керуендеріне салық төлеткен.Ең үлкен қалалар – Суяб, Тараз, Испиджиб, Отырар. Бұл қалалар қол өнер орталығы болып есептелді. Мұнда бұйымдарға сұраныс көбейіп, отырықшылықпен және мал шаруашылығымен айналысушы халықтарды қанағаттандырған. Бұл кездегі қол өнердің дамығандығын археологиялық қазба материал арқылы көруге болды. Түріктердің дініндегі негізгі құдайын Тәңір деп санаған, аспан құдайы.Түрік жазба

ларының дәлелдеуінше ҮІІІ ғ. Монғолияда Ежелгі Түрік мифологиясында Умай құдай – анасы қағанның әйелінің қорғаушысы және жас сәбилердің анасы болған.Х ғ. ортасында Қарахан мемлекетінің құрылуы немесе олардың Орта Азияны басып алуы онымен Оңтүстік Қазақстан немесе Жетісу регионын жақындатты. Қалалардың көтерілуі жалғасты, қолөнер және сауда,

ғылым мен мәдениет дамыды. Қарахандардың Қазақстан мен Оңтүстік Азиядағы үстемдігі қалалардың дамуындағы маңызды кезең болады. Қалалардың өсуі негізінен көшпенділердің отырықшылыққа көшуінен болды.ІХ-Х ғғ. Іле құғырында бегінген елді мекендер пайда болады. Олардың кейбіреулері қалаларға, қолөнер немесе сауда орталықтарына айналды. Отырықшылық немесе қала мәдениеті Шығыс Қазақстанға, Ертіс бойына, Орталық немесе Батыс Қазақстанға таралды. Одан әрі қалалық қол өнер дамыды. Суару ыдыстарын өндіру басталды.Қаралып отырған кезеңдегіірі қалалардың біріне Тараз жатты. Осы кездерде мұнда құбырлары, қоғамдық моншалар салынады.Феодалдық қатынастардың дамуы ауыл қауымының натуралдық шаруашылығыныңтұйықтығының бұзылуына әкеліп қол өнер өнімдеріне сұранысты арттырды. Қалаларда халық санының өсуі қолөнершілер қабатының көбейуіне әкелді. Қолөнердің бұрқана өсуі барлық жерге тән еді.Бірқатар қалаларда темір ақшалар соғылды. Олардың Исфиджиб, Отырар, Тараз шығарды.Қазақстан қалаларының гүлденуі әлеуметтік-экономикалық алға жылжудың салдарынан, ең алдымен феодализмнің дамуынан болды.Көшпенділердің отырықшылануына Ислам дінінің де белгілі бір рөлі болды.Қоғамдық немесе ғибадат құрылыстарының архитектурасы Ислам канондарына сай немесе жалпы «Мұсылман Шығысы»

елдерінің архитектурасы бағытында дамыды

17) .VI-XII ғ.ғ оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті.

Орта ғасырларда әкімшілік, сауда-экономикалық орталық болған қалалар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда қалыптасты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы қалалардың бірнеше бөліктері болды.

Шахристан – қала билеушілері, ақсүйектер мен діни қызметкерлердің тұрағы.

Рабад – қаланың қолөнершілері мен саудагерлері тұратын бөлігі.

Цитадель – қаланың қорғаныс бөлігі, яғни қамал мен бекіністер.

VI-XII ғасырлардағы Қазақстан жеріндегі ірі қалалар: Мерке, Аспара, Суяб, Үзкент, Сауран, Құлан, Талкиіз, Қойлық, Тараз, Оты­рар, Қарнақ, Ашнас, Баршынкент, Сығанақ, Испиджаб, Весидж, Шауғар, Иасы (Түркістан), Баласағұн, Орда т. б. Археологтар Қазақстан жерінен 60-тан астам қала орнын анықтаған.

Қала әкімшілігі. Орта ғасырлардағы қалалардың көбі тәуелсіз өмір сүрген. Әр қаланың жеке билік жүргізетін билеушілері болған. Билеушілердің титулы әр түрлі, мысалы Кермикент билеушісі – кутеген-лабан, Барысханда – манап, Науакентте – ялан-шах, Семекнада билеуші инал-тегін деп аталған.

Қала халқы. Қалаларда халық біршама қоныстанды. Сонымен қатар қала халқы отырықшыға айналған көшпелілер есебінен көбейіп отырған. Испиджабта 40 мың, Отырарда 16 мың, Таразда 10 мың, Баласағұнда 10 мыңдай адам өмір сүрген (IX-XI ғасырлар)

Испиджаб. Қазіргі Шымкент қаласынан 12 шақырым жерде (Сайрам) орналасқан. Бұл қала V ғасырда аса ірі мәдениет және са­уда орталығы болды. Испиджабтың осындай сауда орталығы ретіндегі рөлі X-XII ғасырларда күшейді. XI ғасырда сауда айна­лымы үшін шығарылатын теңге сарайы Испиджабта орналасқан. Испиджаб IX-X ғасырларда Қарлұқ, Қарахан мемлекеттерінің құрамында болды. Сонымен қатар Испиджаб ірі діни орталық болған.

Тараз. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы ортағасырлық ірі қалалардың бірі Тараз болды. Тараз қарахандықтар мен қарлұқтар за­манында ерекше гүлденді. Бұл қала Талас деп те аталған. Тараз қаласында Бабаша хатун, Айша бибі, Қарахан кесенелері орна­ласқан. Тараз қаласы жайында араб саяхатшысы Әл-Макдиси: «Тараз – ірі бекіністі қала, бақтары көп, халқы тығыз, қала сыр­тында терең ор қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар. Қаланың орталық бөлігіне кірер қақпа алдында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы бетінде де тұрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдері бар. Мешіт базар арасына салынған», — деп жазған.

Түркістан (Иасы). Бұл қала алғашында Шауғар деп аталған. Қалада атақты ойшыл, ислам дінінің білгірі Қожа Ахмет Иассауи өмір сүрген (кейіннен Мәуереннахр билеушісі Ақсақ Темір Ахмет Иассауиге VII ғасырда мазар салдырған.) Қаланың Қазақстан мен Орта Азияның діни орталығы ретіндегі беделі өсе берді.

Сығанақ – Сырдария бойында орналасқан ірі сауда орталығы. VII ғасырда Сығанақ қаласы қыпшақтардың саяси орталығы бол­ды.

Баласағұн – ортағасырлық ірі қалалардың бірі. Бұл қала Шу өзенінің бойында орналасқан. Жалпы зерттеулер бойынша Ба­ласағұн қаласы V ғасырда пайда болған. Бір кездері Баласағұн қарлұқтар мен қарақытайлардың астанасы болған. Баласағұнда ұлы ақын, ғалым Махмұд Қашғари еңбек еткен және ақын Жүсіп Баласағұн туған. Баласағұн қаласы Ақтөбе деп аталған.

18) Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, М.Қашқари, А.Иассауи, Ж.Баласағұн және т.б.

Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Әл Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) - Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі.

Қожа Ахмет Яссауи. Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған. Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.

Жүсіп Баласағұни (1021-1075) Баласағұн қаласында туған. Ол түрік отбасынан шыққан, жас кезінен бастап жақсы білім алып, әдебиетпен шұғылданған, парсы-тәжік әдебиетін көп оқыған. «Құдатғу білік» деген 6250 беттен тұратын поэма жазған. Осы еңбекте ол ел басқарған әкімдерді жаман қылықтан сақтандырған. Бұл шығармада Жүсіп Баласағұн өз заманындағы өмір шындығын, қоғамдық сана және белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси тұжырымдамасы өзіндік бейнемен көрсетілген. Жүсіп өзінің еңбектерін Қарахан әулетінен шыққан Боғра-қара-хақанға тарту еткен. Осыдан кейін хан оны жоғарылатып, мемлекеттік бақылау қызмет басшысы етіп қояды. Оның бұдан арғы өмірі туралы деректер жоқ.

Махмұд Қашқари. Түркі тілдерін дүние дүзінде ең алғаш зерттеген-энциклопедист, ғұлама ғалым-Махмұд. Ол -Хұсайн ибн Мұхаммедтің баласы. Әкесі Барысханда туған, кейін қызмет бабымен Қашқарға барып тұрған. Шамалап айтқанда ол 1029-1038 жылдардың арасында дүниеге келген. Әкесі сол кездегі Орта Азияны билеген қаған тұқымынан, ақсүйек әулетінен шыққан. Махмұдтың ана тілі- Қарахан мемлекеті қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілерінің тілі. Оның өмірі мен қызметі жайында тиісті мәліметтер жоқ. Бізге жеткен бір-ақ еңбегі бар- «Диуани Лұғат аттүрік» (1070-1074 жж. Бағдатта жазылған).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]