Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mezh.u_p.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
145.15 Кб
Скачать

49) Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек берудің түрлері

Құқықтық көмек беру дегеніміз мемлкеттердің біл-біріне әр түрлі істерді қарауда бір-бірімен ынтымақтастықта болуы, халықаралық қылмыскерлерді ұстауда, тергеуде, басқа мемлекетке ұстап беруде, жазасын өтеуде өзара көмек көрсетуі болып табылады.

Қылмыстық істер бойынша тергеу немесе сот жүріп жатқан кезде айыпкер, сотталушы, жәбірленуші, куәгерлер немесе іс бойынша дәлелдер мен құралдар басқа мемлекеттің аумағында болуы мүмкін. Осыған байланысты халықаралық қылмыстық құқықта мемлекеттердің құқық қорғаушы органдарының құқықтық көмек көрсету институты белгіленген. Бастапқыда бұл aut dedere aut punire (не ұстап беру не соттау) халықаралық әдет-ғұрпы негізінде жүзеге асырылды. Қазіргі кезде көптеген екіжақты және аймақтық келісімдер қабылданған.

Мұндай құқықтық көмек көрсетудің ережелерін унификациялау үшін БҰҰ БА 1990 ж қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің Типтік келісімін қабылдады. Бұл құжатта сұраныстың мазмұны және оны орындау, құжаттарды алудың, ұсталған тұлғаларды тергеу үшін алудың тәртібі, айғақтарды, т.б. ақпараттарды алудың тәртібі көрсетілген.

Экстрадиция (фр. extradіtіon – беру, табыстау) – мемлекеттің өз аумағындағы қылмыскерді қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатымен немесе сол адамға қатысты шығарылған шетел сотының үкімін орындау үшін оны басқа мемлекетке беруі

Қылмыскерді ұстап беру яғни экстрадиция мәселесі мүдделі мемлекеттердің суверенитетін қамтитын болғандықтан өте күрделі процесс болып табылады. Экстрадициялық процедура өте ауқымды және ұзақ себебі онда бірнеше мемлекет қатысады және сол мемлекеттердің ішіндегі ведомстволар қатысады. Жалпы қылмыскерді ұстап беру туралы сұраныс басқа мемлекетке жазбаша түрде жасалады және ол өте құпия болып табылады. Ал одан кейінгі материалдарды, далелдерді беру дипломатиялық каналдар арқылы жүзеге асырылады. Сол себепті мемлекеттер бір-бірімен немесе аймақтық деңгейде келісімдер жасаған. Мысалға Қазақстан Еуразия аймағындағы көпшілік дерлік мемлекеттермен мұндай келісімдер жасаған.

Сонымен қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру институты халықаралық қылмыстық құқықтағы ең маңызды институттардың бірі десек те болады. Қазіргі дамыған заманды мемлкеттердің өзара құқықтық көмек көрсетуінсіз елестету мүмкін емес.

50. Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру қағидалары

Қылмыстылық жағдайы мен онымен күрес проблемалары мамандардың ғана емес, сонымен қатар маман емес көпшiлiктiң де назарын осы салаға аударып келедi. Бұл мәселе криминология құзiретiне кiредi. Ол қылмыстылықты мемлекетте немесе оның жеке аймағында белгiлi бiр нақты кезеңiнде жасалған барлық қылмыстардың жиынтығын сипаттайтын қоғамдағы әлеуметтiк құбылыс деп айқындайды. Қылмыстылық бұл — болып, өзгерiп тұратын құбылыс, яғни ол қоғамның белгiлi бiр даму сатысында пайда болады, әлеуметтiк-экономикалық құрылымдар мен нақты саяси жүйелердiң тарихи ерекшелiктерiне сәйкес түрлi елеулi өзгерiстерге де ұшырап отырады. Мемлекеттiң қылмыспен күрестегi рөлі қандай? Ол көбiне-көп превентивтi, репрессивтi және тәрбилеу сипатындағы iшкi мемлекеттiк шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, мұндай шаралар оң нәтижелерге жету үшiн аздық етедi. Қылымыспен күресте үлкен рөл мемлекеттер ынтымақтастығына берiлiп келедi.

Халықаралық қылмыстық құқық кодификациясына Халықаралық Әскери трибунал Жарғысымен (ол туралы 7 тараудың 7.7.-бөлiмiнде егжей-тегжейлi баяндалған болатын) баға жетпес үлес қосылды.

Халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көздер жүйесi, тұтастай алғанда халықаралық жария құқық институттарының жүйесiн қайталайды, тек реттеу затының ерекшелiгiне байланысты сәл-пәл өзгерiстерi болуы мүмкiн. Мысалы, халықаралық жария құқықтың негiзгi қайнар көздерi – екi тарапты және көптарапты шарттар болып табылады. Мұндай шарттық нормалар әмбебапты және аймақтық сипатта. Ерекше орын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының аясында қабылданған шарттарға берiледi. Осы салада кодификациялық жұмыстың толық аяқталмағандығын айтып өтумiз керек. Сондықтан, халықаралық қылмыстық құқыққа қатысты құқықтық нормаларды халықаралық құқықтың басқа салаларынан да табуға болады. Мысалы, өлiм жазасын алып тастау туралы Конвенциялық нормалар, азаптауды болдырмау және тыйым салу туралы, кәмелетке толмағандарды, әйелдер мен балаларды түрмеде қамауда ұстау ережелерiн “Халықаралық жария құқықтағы адам құқықтары” деген саладан кездестiруге боладыМемлекеттердiң қылмыстық iстермен күрестегi халықаралық ынтымақтастығы — бұл халықаралық қауымдастыққа қатысушылардың iс жүзiндегi мүмкiндiктерiн үйлестiруге және келiсуге деген мемлекеттердiң объективтi сұранысы болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастықтың қажеттiлiгi бiрқатар объективтi факторлармен негiзделедi. Оларға: бiрнеше немесе көптеген мемлекеттердiң мүдделерiне қол сұғатын белгiлi бiр санаттағы қылмыстардың ерекше сипаты; Қылмыстық әрекеттердiң алдын алу және бұлтартпау жөнiнде және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетудегi әрекеттерiн бiрiктiру қажеттiлiгi жатады.

Мемлекеттердiң қылмыстық iстермен күресудегi халықаралық ынтымақтастығының алғашқы сатыларында нақты қылмыстың түрлерiмен күресуде және бiрiккен әрекеттер, құқықтық көмек көрсету мәселелерi бойынша жеке шешiмдер қабылдау басым болды. Ал, қазiргi кезде мұндай ынтымақтасу аталмыш проблемаға кешендi тұрғыдан қарауға негiзделген. Ол мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерiн шешуге бағытталған көптарапты конвенциялар жасау;

әмбебап халықаралық ұйымдар мен БҰҰ органдар жүйесiнiң және арнайы ұйымдардың қызметiне негiзделген халықаралық ынтымақтастық нысандарының шарттық және институционалдық үйлесуi, мысалы Интерпол;

мемлекетаралық ынтымақтастықтың анағұрлым икемдi және тиiмдi нысандары ретiнде екi тарапты ынтымақтастықты пайдалану;

ынтымақтастықтың материалдық және iс жүргiзу аспектiлерiне негiзделген халықаралық-құқықтық және iшкi мемлекеттiк нормалар мен тетіктердi келiстiру арқылы.

.

Халықаралық қылмыстық құқық ұлттық құқықта қабылданған құқықтық санкцияларға сүйенедi. Соған орай, халықаралық сипаттағы қылмыстарға қатысты юрисдикцияларды мемлекеттердегi қылмыстық соттар жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]