Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mezh.u_p.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
145.15 Кб
Скачать

45) Халықаралық Қылмыстық Соттың құқықтық мәртебесі

Халықаралық деңгейдегі қылмыскерлерді ұстап, оларды тергеу, олардың жасаған қылмыстары бойынша материалдарды жинақтау, бсқа мемлекетте болса оны қылмыс жасаған еліне қайтарып беру, ұстап беру , яғни экстрадиция мәселесі бойынша сұрақтарды шешу үшін, сондай-ақ халықаралық қылмыскерлерді жазалау мәселелерімен халықаралық деңгейде халықаралық қылмыстық айналысады. ЖАлпы халықаралық қылмыс жасаушы субъектілер міндетті түрде халықаралық деңгейде жауапкершілікке тартылады. Халықаралық жауапкершілік дегеніміз – халықаралық міндеттемелерді бұзғаны үшін немесе кінәсіз шығын келтіргені үшін туындайтын құқықтық салдар.

Жалпы халықаралық қылмыстық сот құрылғанға дейн халықаралық құқықта жауапкершілікке тартудың ad hoc механизмдері жүргізіліп келді. Яғни бұл механизмдерге әскери трибуналдар құру жатады. Осы кезеңге дейін халықаралық құқық тарихында 4 осындай трибунал құрылды. Олар:

  • 1945ж Германияның әскери қылмыскерлері үшін Нюрнберг трибуналы;

  • 1946ж Жапонияның әскери қылмыскерлері үшін Токио трибуналы (хал-қ шартпен құрылған);

  • 1993ж бұрынғы Югославия аумағында жасалған қылмыстар үшін құрылған трибунал;

  • 1995ж Руанда б/ша трибунал (БҰҰ Қауіпсіздік Кеңес резолюциясымен құрылған)

Мұндай трибуналдар да халықаралық қылмыскерлерді жазалау мәселесімен айналысты, бірақ олардың ерекшелігі – олар уақытша ғана жұмыс атқарды, яғни нақты жағдайға байланысты құрылып, сосын іс шешіліп болған соң олар қайтадан тарап кетті. Сол себепті жауапкершілікке атртудың тұрақты механизмі қажет болды. Осыған байланысты 1998 ж Рим статумен Гаагада халықаралық қылмыстық сот құрылды.

Бұл сот келесі 4 қылмыстар үшін: агрессия, адамгершілікке қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар, геноцид үшін Статутқа қосылған мемлкеттердің аумағында немесе азаматтарымен жасалған жағдайында істі қарастырды.

Халықаралық қылмыстық сот халықаралық деңгейде елеулі түрде әрекет етеін сот органы болғандықтан оның мемлкеттердің үсінен қарайтын күші болу қажет. Бірақ бұл сот осындай күшке ие ме деген сұрақ туындайды. Көптеген мемлекеттер мұндай мемлекет үстінен қарайтын соттың болуын қаламады. Соның ішінде АҚШ мемлекеті де бар. Дегенмен де халықаралық қылмыстық сот өз ісін тоқтатпай, сәлде болса халықаралық істерді шешуде өз үлесін қосып келеді. Халықаралық қылмыстық соттың ең басты құжаты 1998ж Рим статуты болып табылады. Рим статуты өз күшіне 2004ж енді. Жоғарыда айтып өткеніміздей халықаралық қылмыстық сот барлық мемлекеттерге емес тек осы статутқа қосылған мемлекеттерге ғана нұсқау беріп, қылмыстық істі қарай алады. Оның өзінің органдары бар.

46) Халықаралық Қылмыстық Сот арқылы жеке тұлғаларды қылмыстық жаупкершілікке тарту процедурасы

Жалпы халықаралық жауапкершілік дегеніміз – халықаралық міндеттемелерді бұзғаны үшін немесе кінәсіз шығын келтіргені үшін туындайтын құқықтық салдар. Халықаралық жауапкершілік халықаралық қылмыс жасалған жағдайда туындайды. Ал халықаралық қылмыс дегеніміз - бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жеке тұлға мен әлемдік қауіпсіздіктің маңызды мүдделерін қорғауға бағытталған халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын бұзу болып табылады. (Панов бойынша)

Халықаралық жауапкершіліктің негізгі екі түрі бар: саяси және материалдық. Енді мұндай жауапкершілікке негізінен мемлекеттер тартылады. Ал мемлекет атынан әрекет етіп отырған лауазымды тұлғалар қалай жауапкершілікке тартылады деген мәселе туындайды. Бұған жауап – халықаралық құқықта мұндай жеке тұлғаларды жауапкершілікке тартудың жолдары, әдістері, процедуралары бар. Мысалға халықаралық қылмыстық сот та тұрақты механизм ретінде жеке тұлғаларды жауапкершілікке тартумен, оларға жаза тағайындаумен және олардың жазасын өтеуін бақылаумен айналысады.

Ең алдымен айта кету керек Халықаралық қылмыстық сот Статутқа қосылған мемлкеттердің аумағында немесе азаматтарымен жасалған жағдайында ғана істі қарастырды.

Халықаралық қылмыстық соттың ең маңызды құжаты – 1998 ж Рим статуты. Осы статута соттың барлық қағидалары, істі қарау тәртібі жазылған. Статутта барлығы 128 бап юар және мынадай бөлімдерден тұрады:

  • Соттың құрылуы

  • Юрисдикция

  • Қылмыстық құқықтың жалпы қағидалары

  • Соттың құрамы және сот істерін басқару

  • Тергеу және қылмыстық іздеу

  • Сот процесі

  • Жазалау шаралары

  • Шағым беру және қайта қарау

  • Халықаралық ынтымақтастық және соттық көмек

  • Атқару

  • Мүше-мемлекеттер ассамблеясы

  • Қаржыландыру

  • Қорытынды еределер

Жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту процедурасы осы Рим статутында белгіленген. Ең алдымен рим статутына сәйкес хал- қылмыстық сот адамзат қоғамы үшін аса қауіпті деген 4 қылмысты ғана қарастырады, яғни соттың юрисдикциясына жататын қылмыстарға агрессия, геноцид, адамзатқа қарсы қылмыстар, әскери қылмыстар жатады.

Сот өз юрисдикциясын жүзеге асыруының мынадай түрлері бар:

  1. хал-қ қылмыс жасалған мемлкет істі осы соттың прокурорына береді;

  2. істі Қауіпсіздік кеңесі прокурорға береді;

  3. Прокурор өзі істі алып қарайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]