
- •1. Халықаралық қылмыстық құқықтық түсінігі мен қайнар көздері
- •2 .Халықаралық қылмыс пен күрес түсінігі және маңызы
- •3 .Қылмыспен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тарихы
- •4 .Халықаралық қылмыстық құқықтың анықтамасы
- •5 .Халықаралық қылмыстық құқықтың пәні
- •6 .Халықаралақ қылмыстық құқықың қайнар көздері
- •7.Қылмыспен күрестің халықаралық тетіктері
- •8.Қылмыспен күрестің институционалдық жә.Е келісім шарттық нысыны. Бұұ шеңберіндегі қылмыспен күрес
- •9.Қылмыстың алдын алу және құқықбұзушылармен айналысу жөніндегі бұұ Конгрестері
- •10Қылмыспен күрестің тетіктері.
- •11. Интерполдың құқықтық жағдайы
- •12. Қр интерпол қызметіне қатысуының құқықтық негіздері.
- •13.Халықаралық қылмыстардың және халықаралық сипаттағы қылмыстардың түсінігі түрлері
- •14Халықаралық қылмыстың анықтамасы,негізгі топтары.
- •15.Халықаралық қылмыстардың заңды құрамы
- •16.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың анықтамасы, олардың негізгі топтары
- •17.Халықаралық сипаттағы қылмыстардың заңды құрамы
- •18.Халықаралық сипаттағы қылмыстармен күресудің халықаралық құқықтық негіздері
- •19, Құлдық және құл саудасымен халықаралық құқықтық күрес
- •20.Құлдық және құл саудасы халықаралық сипаттағы қылмыс ретінде
- •Құлдыққа ұқсас институттардың (жағдайлардың) және әдеттердің (обычай) түсінігі
- •Мемлекеттердің құлдық және құл саудасымен күрес саласындағы халықаралық міндеттемелері
- •Құлдықпен күреске байланысты қр заңнамасы
- •Есірткінің заңсыз айналымымен халықаралық құқықтық күрес
- •Қазіргі замандағы есірткінің заңсыз айналымы түсінігі мен сипаты
- •Есірткінің заңсыз айналымымен күрес саласындағы халықаралық келісімдер
- •Есірткі бизнесімен күрестің негізгі тенденциялары
- •29..Есірткінің заңсыз айналымымен күресіндегі халықаралық ынтымақтастыққа қр қатысу мәселелері
- •31. Қаржы саласындағы халықаралық сипаттағы қылмыстар мен халықаралық құқықтық күрес
- •32.Қаржы саласындағы халықаралық сипаттағы қылмыстардың түсінігі мен түрлері
- •33.Қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастырумен (легализация) халықаралық құқықтық күрес
- •38.Апартеид және нәсілдік кемсітумен халықаралық құқықтық күрес
- •39.Әскери қылмыстармен халықаралық құқықтық күрес
- •40.Адамзатқа қарсы қылмыстармен халықаралық құқықтық күрес. Экоцид және биоцидпен халықаралық құқықтық күрес.
- •41.Халықаралық қылмыстармен күрес саласындағы қр заңнамасы
- •42.Жеке тұлғалардың халықаралық қылмыстық жауапкершілігі
- •43) Халықаралық қылмыстық юрисдикциясын жүргізу үшін аd hoc трибуналдарын құру тәжирибесі
- •44) Халықаралық трибуналдардың құқықтық мәртебесі
- •45) Халықаралық Қылмыстық Соттың құқықтық мәртебесі
- •46) Халықаралық Қылмыстық Сот арқылы жеке тұлғаларды қылмыстық жаупкершілікке тарту процедурасы
- •47) Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру
- •48) Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру институтының түсінігі мен маңызы
- •49) Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек берудің түрлері
- •50. Қылмыстық істер бойынша құқықтық қөмек беру қағидалары
- •51. Сот және тергеу тапсырыстарын орындау тәртібі
- •53. Халықаралық құқықтағы экстрадиция (ұстап беру) институты
- •54. Халықаралық құқықтағы экстрадиция институты түсінігі мен маңызы
- •55. Экстрадиция түрлері
- •56. Экстрадицияның негізгі қағидалары
- •1. Өзінің мемлекетінің азаматтарын ұстап бермеу;
- •3. Ұстап берілген қылмыскер тек ұстап беру жүзеге асқан қылмыс бойынша ғана жазаланады;
- •4. Саяси негіз бойынша іздестіріліп жүрген адам ұстап беруге жатпайды;
- •57.Экстрадиция туралы Үлгілі (типовой) келісім
- •58. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап берудің тәжирибелік мәселелері
- •59. Қылмыспен күрес саласындағы тмд мемлекеттерінің ынтымақтастығы
- •60. Қылмыспен күрес саласындағы тмд мемлекеттерінің ынтымақтастығының халықаралық құқықтық негіздері
- •61. Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар жөніндегі Минск Конвенциясының жалпы сипаттамасы
- •62.Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар жөніндегі Кишинев Конвенциясының жалпы сипаттамасы
- •63. Қылмыспен күрес саласындағы тмд мемлекеттерінің екі жақты ынтымақтастығы
- •64.Қылмыс жасағаны үшін қамауға алынған адамдармен айналысуда халықаралық ынтымақтастық
- •65. Халықаралық пенитенциарлық құқық халықаралық қылмыстық құқықтың құқықтық институты ретінде түсінігі мен жүйесі
- •66.Қамауға алынған адамдармен айналысуда мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың тарихы
- •67.Қамауға алынған адамдармен айналысудың бұұ халықаралық құқықтық стандарттарының түсінігі мен құқықтық табиғаты
Есірткінің заңсыз айналымымен халықаралық құқықтық күрес
Есірткіні заңсыз өндіру және айналымға шығару мәселесі Орталық Азия мемлекеттері және олардың көршілері үшін ғана емес, бүкіл әлем қауымдастығының алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі болып келеді. Бұл ең алдымен лаңкестік, экстремизм және сепаратизм сынды «үш қауіпті күшпен» тығыз байланыста болып, бейбітшілік және тұрақтылықты сақтауда, адамзаттың дамуына кері әсер етуші бірден бір фактор санатына қосылғаны айқын.
Есірткі саудасы және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жазылмас дертті емдеумен пара-пар. Ол адамдардың әлеуметтік болмысын, дінін, жынысын және нәсілін талғамайды, оның шекарасы да, бұл дерттен айығу жолдары жақын арада табыла қоймайтыны таңға таңба басқандай.
Қазіргі таңда есірткі бизнесі - халықаралық лаңкестікпен тікелей байланысты, өйткені есірткіден түскен қаражат көздері кең ауқымды сипаттағы лаңкестік актілерді өткізу үшін, алуан-түрлі қару-жарақты сатып алуға жұмсалады. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, дүниежүзінде 8 миллион адам героин, 13,3 миллионы –кокаин, 141,2 миллионы – марихуана, 280 миллион адам синтеттикалық есірткіні қолданады. Бір жағынан, бұл, пайдасы жағынан асып түспесе, кем түспейтін қаражат көзі. Мәселен, есірткі саудасының жыл сайынғы айналымы 400 миллиард АҚШ долл., ал бұл өз кезегінде бүкіл әлемнің сауда айналымының 8 пайызына тең көрсеткіш[1]. Мәселен, Қазақстан Республикасында 2011 жылдың ішінде жалпы салмағы 276 кг 68 гр, соның ішінде героин – 48 кг 930 гр, гашиша – 8 кг 16, опиум – 2 кг 242 гр және марихуананың – 213 кг 676 гр есірткі заттарының заңсыз айналымы тәркіленген болатын
Көптеген сарапшылардың пікірінше, есірткі саудасы мен лаңкестікті бөліп-жарып қарастырауға болмайды. Бұл пікірді Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (ары қарай - АӨСШК) 2004 ж. 4 маусымда қабылданған Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы сұхбатқа қолдау көрсету декларациясындағы мынау мәлімдеме: «Терроризмнiң ұлттараралық сипатын, сондай-ақ оның ұйымдасқан қылмыс, есiрткi айналымы және адамдар саудасы, сондай-ақ қару-жарақтың заңсыз айналысы сияқты қауiпсiздiкке төнетiн басқа да қауiп және қатерлермен тығыз байланысты екенiн ескере келiп...» растайды. Яки, халықаралық лаңкестік және есірткі бизнесі бір - біріне өзара тәуелді, мақсаттары тек пайда табу, жағымсыз салдарлары бірнеше ұрпаққа жететін ең ірі мәселелердің бірі. Әрине, бұл мәселені шешу мақсатында алуан-қилы қадамдар жасалғанмен де, оларды тек тежеуші фактор ретінде қалып отыр.
Айта кететін бір жайт, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саяси мәселе болып отыр. Сондықтан да, көп жылдар бойы халықаралық қауымдастық есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте, оны түбегейлі тоқтату мақсатында көптеген іс-шаралар атқарып келеді. Әрине, соның ішінде, біршама халықаралық құжаттарға қол қойылды және де көптеген конференциялар, семинарлар (Бірікке Ұлттар Ұйымы (ары қарай - БҰҰ), ,Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ары қарай - ШЫҰ), Ұжымдық Қауіпсіздік Шарты Ұйымы (ары қарай - ҰҚШҰ), АӨСШК шеңберінде) өткізілуде және де маңызды қадамдар жасалуда. Мәселен, есірткінің заңсыз саудасымен күрес шеңберінде жасалған ең бірінші халықаралық құжат 1912 ж. Гаага конвенциясы[4] есірткіні сату және қолдану заңнама шеңберінде қадағаланады және тек медицина мақсатында ғана өндіріледі деген. Содан кейінгі жылдарда есірткінің заңсыз айналымымен күрес жөнінде тағы тоғызға жуық халықаралық-құқықтық актілер қабылданды. Оның ішіндегі ең маңыздыларының бірі 1936 ж. Есірткі заттарын заңсыз саудалауға тиым салу жөніндегі конвенциясы маңызды актілердің бірі болып табылады
Бүгінгі әлем қауымдастығының назарында аса маңызды болып отырған бұл қауіп-қатер халықаралық және аймақтық ұйымдар шеңберінің күн тәртібінде тұр. Бұл қауіп-қатерді болдырмауда мемлекетер мен халықаралық және аймақтық ұйымдардың ықпалдастығы жайында сөз қозғай отырып, тарихының түп тамыры алысқа кетпеген, құрылғанына биыл 20 жыл болатын жас ұйым - Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті атап өтуіміз абзал.
Қорытындылай келе, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев мәлімдегендей: «Ұжымдық дипломатияның барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, біз халықаралық лаңкестік, діни экстремизим, ұйымдасқан қылмыс, есірткі тасымалы және заңсыз миграцияға қарсы бар күш-жігерімізді жұмылдыруымыз қажет»[21]. Сондықтан АӨСШК қызметінің курсын нақты таңдау, механизмдерін жетілдіру негізінде ғана бұл форумның жемісті де нәтижелі жұмыс атқаратына сенімдіміз.