- •2.Диатомды балдырлар (диатомовые водоросли) – Diatomophyta.
- •3.Pheophyta–Қоңыр балдырлар бөліміне жалпы сипаттама беріңіз. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •4. Эвгленалы, динофиттер балдырлар бөлімінің жалпы сипаттамасы. Өкілдері. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •5.Хризофиттер,ксантофиттер балдырлар .Жалпы сипаттама.
- •6. Қызыл балдырлар бөлімі (Красные водоросли) - Rhodophyta.. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •7. Б а л д ы р л а р (в о д о р о с л и) – a l g a e. Жасыл балдырлар бөлімі (Зеленые водоросли) - Chlorophyta.
- •8. Вольвоксты балдырлар класы (Вольвоксовые) –Volvocophyceae.
- •9. Хара балдырлар бөлімі. Классификациясы. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •10. Балдырлардың жалпы сипаттамасы. Цитологиясы, физиологиясы, биохимиясы
- •11. Ulothrichophyceae кл.–Улотриксті балдырлар класы. Көбеюі. Таралуы.
- •12. Экологиялық балдырлар топтары. Мысалдар.
- •13. Mycota бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Экологиялық топтары.
- •14. Саңырауқұлақтар бөлімі. Классификациясы. Көбеюі, қоректенуі.
- •15.Chytriodiomycota бөлімінің жалпы сипаттамасы. Морфологиясы. Систематикасы. Экология
- •16.Oomycota бөлімінің жалпы сипаттамасы. Морфологиясы. Систематикасы. Экология
- •17.Қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер класы (Сумчатые грибы или аскомицеты) – Ascomycetes.
- •18.Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes
- •19.Deuteromycota-Жетілмеген саңырауқұлақтар бөлімі.Практикалық маңызы.
- •20. Саңырауқұлақтардың экологиялық топтары. Мысалдар
- •21. Bryophyta – Мүк тәрізділер бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Классификациясы. Таралуы.
- •23.Бауыр мүктер класы (печеночные мхи) – Hepatіcopsіda.
- •24. Шымтезек мүктер кластармағы (сфагновые,или сфагниды)– Sphagnіdae.
- •25.Архегониялы жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Жалпы сипаттама.
- •26. Lycopodiophyta– Плаундар бөлімі. Жалпы сипаттама. Классификациясы. Құрылысы.
- •27.Equisetophyta – қырықбуындар тəрізділер бөлімі. Жалпы сипаттама.Классификациясы. Құрылысы.
- •28.Polypodiophyta –Папортник тəрізділер бөлімі. Жалпы сипаттама.
- •29.Ашық тұқымдылар, немесе қарағайлар бөлімі (голосеменные, или сосновые) - Gymnospermatophyta, Pіnophyta
- •30.Қос жарнақтылар, немесе магнолиопсидтер класы (Двухдольные или магнолиопсид) – Dіcotyledoneae, Magnolіopsіda.
- •31. Раушан гүлділер тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Систематика, экология. Практикалық маңызы
- •32. Талдар, шамшаттар, қайындар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Систематика, экология. Практикалық маңызы.
- •33. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер–Cormobionta. Жалпы сипаттама. 0Классификация, экология. Практикалық маңызы.
- •34. Магнолиялар, тұңғиықтар, бөріқарақаттар, сарғалдақтар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Магнолиялар тұқымдасы (магнолиевые)- Magnolіaceae
- •35. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегативтік жəне репродуктивтік органдары. Олардың қызметі.
- •36. Астрагүлділер тұқымдасы. Морфологиясы, экологиясы. Гүлдердің типтеры. Мысал келтіріңіз.
- •37.Алқалар, ерінгүлділер тұқымдастары. Морфологиясы, экологиясы. Гүлдері. Мысал келтіріңіз.
- •38. Қалақайлар, қалампырлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.
- •39. Көкнәрлер тұқымдасы (маковые) – Papaveraceae
- •40. Бұршақтар тұқымдасы (бобовые ,или мотыльковые) - Fabaceae, Papіlіonaceae
- •41. Балдырлардың талломының структуралық типтерінің (паренхиматозды, харофитты, пальмелоидты) жоба суреттін келтір. Мысал келтір.
- •42.Conjugatophyceae - Коньюгациялы балдырлар. Спирогираның құрылысы. Конъюгация. Жоба суреттерін белгілермен келтір.
- •43. Балдырлардың талломының структуралық типтерінің (амебоидты,
- •44.Осциляторияның сыртқы бейнесі. Жоба суретін белгілермен келтір.Трихомасының типін ата.
- •45.Анабенаның сыртқы бейнесі. Жоба суреттін келтір. Трихомасының типін ата.
- •46. Диатомды балдыр. Пиннулярияның жоба суретін белгілерімен келтір.
- •47. Қоңыр балдырлар бөлімі. Ламинария өсімдігінің даму циклінің схемасын түз.
- •48. Саңырауқұлақтар бөлімі. Заманауи классификациялық жүйенің сызбанұсқасын түзіңіз.
- •49. Холобазидимициттер класстармағы. Шампиньонның сыртқы бинесі, жоба суретін келтіріңіз.
- •50. Телебазидимициттер класстармағы. Тат саңырауқұлағының даму циклінің сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •51. Euascomycetidae–Эуаскомицеттердің жемісті денесінің түрі. Жоба суретін белгілермен келтір. Мысал келтір.
- •52.Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes
- •53.Hepaticopsida –Бауыр мүктер класының негізгі өкілі–кəдімгі маршранцияның
- •54. Lycopodium clavatum –Шоқпарбас плаунның құрылысына тоқталыңыз.Көбеюі қалай жүреді.
- •55.Устица аппараты. Оның түрлері. Жоба суретін келтіріңіз.
- •56. Өткізгіш шоқтар. Шоқтардың түрлері. Жоба суретін келтіріңіз.
- •58. Кирказон өсімдігі сабағының анатомиялық құрылысының жоба суретін келтіріңіз.
- •59. Камелия жапырғының анатомиялық құрылысының жоба суретін келтіріңіз
- •60. Қарағай қылқанының құрылысы. Қабаттары. Жоба суретін келтіріңіз
12. Экологиялық балдырлар топтары. Мысалдар.
Ұсақ еркін жүзетін балдырлар плаектондардын құрамына кіреді, бірнеше рет дамып, суға түрлі түс береді. Бентос балдырлары су қоймасының түпке немесе басқа балдырларға бекиді. Қабыршаққа еніп тұратын, известкада кездесетін және (қызыл балдырларда) паразитті тіршілік ететін балдырлар бар. Ірі теңіз балдырлары су түбінде жиі су асты ормандарын құрайды. Көптеген балдырлар су бетінен 20-40 м тереңдікте мекендесе, тек кейбір түрлері ғана су мөлдірленгенде 200м дейін түседі. 1984 ж кароллиновая қызыл балдыр 268м тереңдікте табылып, фотосинтездеуші организмдер үшін рекод болды. Балдырлардың көпшілігі негізінен топырақтың беткі жағында және үстіңгі қабатында өмір сүреді, біреулері атмосфералық азотты сіңірсе, басқалары ағаш қабықтарында, үйдің жарларынд, заборларда өмір сүруге бейімделген. Микроскопиялық балдырлар полярлық аймақтарда және тау басындағы қарларға қызыл, сары түс береді. Кейбір балдырлар саңырауқұлақтармен (қыналармен) және жануарлармен симбиотикалық қатынасқа түседі.
13. Mycota бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Экологиялық топтары.
Биотехнологиядағы маңызы.
Бөлімнің құрамында 500-дей түр бар. Талломы клеткаларға дифференциацияланбаған жəне тұрақты формасы болмайтын көп ядролы, цитоплазмалық масса- плазмодий түрінде болады. Оның мөлшері (размері) үлкен- диаметрі бірнеше ондаған сантиметрге жетеді. Кілегейлілер гетеротрофты өсімдіктер, негізінен сапрофиттер, сиректеу паразиттеріде кездеседі. Сапрофиттерінің плазмодийі көп жағдайда сары, қызғыштау жəне басқада
түстерге боялған немесе түссіз болып келеді. Олар субстратпен қорек жəне су бар жерлерге қарай жылжып отарыды, бірақ ашық, күн түсетін жерлерден қашып жүреді. Көптеген түрлерінің спорангилері жастықша тəрізді эталий деп аталынатын жиынтық түзеді. Оның барлығына ортақ қатты қабықшасы болады. Эталилері мен спорангилерінің ішіндегі заттары мейоз жолымен бөлініп бір клеткалы спораларға айналады. Көптеген түрлерінің цитоплазмалық массасынан капиллиций деп аталынатын жіпшелер түзіледі. Бұл жіпшелер бойына суды көп жинайды (гигроскопичный) жəне эталидің немесе спорангилердің қабықшалары жарылған соң споралардың шашылуын қамтамасыз етеді. Споралары қолайлы жағдай туғанда өседі. Көп жағдайда əр спорадан бірден төртке дейін зооспора түзіледі жəне олар бөлінуге қабілетті болып келеді. Зооспоралар талшықтарын тастап миксамебаларға айналады. Миксамебаларда көбеюге қабілетті болып келеді. Жыныстық процесі миксамебалардың, кейде зооспоралардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Нəтижесінде олардан диплоидті миксамебалар пайда болады. Осы миксамебалардан диплоидты плазмодийлер түзіледі. Өмірлік циклында диплоидты фазасы басым болып келеді. Паразит миксомицеттердің спарангилері болмайды. Споралары миксомицеттердің осы тобының иесі болып табылатын өсімдіктердің клеткаларында жиналады.
14. Саңырауқұлақтар бөлімі. Классификациясы. Көбеюі, қоректенуі.
Саңырауқұлақтардың 100 000-дай түрі белгілі. Бірқатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар балдырларға ұқсас, бірақ олардың клеткаларында хлорафилл болмайды. Саңырауқұлақ-тардың кейбіреулері бірклеткалы, алайда олардың көпшілігі көпклеткалы организмдер болып келеді. Саңырауқұлақтардың талломасы мицелий, немесе грибница деп аталынады. Мицелий гифа деп аталынатын жіңішке тарамдалған жіпшелерден тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың гифаларында көлденең перделер болмайды, сондықтанда олар тарамдалған үлкен бір клетка түрінде болады. Ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың гифалары көлденең перделері арқылы клеткаларға бөлінген болады. Қоректенуі. Саңырауқұлақтар гетеротрофты организмдер. Олардың көпшілігі өліп қураған өсімдіктердің қалдықтарымен қоректенетін сапрофиттер. Сапрофитті саңырауқұлақтар клетканың целюлозды қабықшасын жəне лигнинді бұзатын ферменттер түзеді. Сапрофиттердің аздаған түрлері ғана жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттері өзіне қажетті қоректік заттарды тірі организмдердің клеткаларынан сорып қабылдайды. Саңырауқұлақтардың 10 мыңнан астамы өсімдіктерде паразит ретінде кездеседі, ал бір мыңнан аздауы жануарлармен адамдардың паразиттері. Саңырауқұлақтардың көпшілігі өмірінің бір бөлігінде паразит ретінде, ал екінші бөлігінде сапрофит ретінде тіршілік етеді. Саңырауқұлақтардың балдырлармен, кейде тіптен жоғарғы сатыдағы өсімдіктерменде селбесіп өмір сүруі жиі байқалады. Оны симбиоз деп атайды.
Классификациясы. Саңырауқұлақтар бөлімі жеті класқа бөлінеді: хитридиомицеттер класы (Chytrіdіomycetes), гифохитромицеттер класы (Hyphochytrіomycetes), оомицеттер класы (Oomycetes), зигомицеттер класы (Zygomycetes), аскомицеттер класы (Ascomycetes), базидиомицеттер класы (Basіdіomycetes), жетілмеген саңырауқұлақтар класы (Deuteromycetes). Алғашқы төрт кластың өкілдері төменгі
сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың мицелийлері көлденең перделері арқылы жекелеген бөліктерге бөлінбеген, немесе мицелийлері мүлдем болмайды. Қалған кластардың өкілдері жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтарға жатады, өйткені олардың гифалары көлденең перделері арқылы бірнеше бөліктерге бөлінген (көп клеткалы) болып келеді.
Көбеюі. Саңырауқұлақтарда жыныс процесі редукцияға ұшыраған, соған байланысты оларда вегетативті жəне жыныссыз көбеюдің түрлері ерекше көп. Вегетативті көбеюі мицелийдің жекелеген бөліктері арқылы; артраспоралары (оидийлері) арқылы - клетка қабықшалары жұқа болып келетін гифаның оқшауланған
бөлігі; хламидоспоралары арқылы - қабықшалары қалың болып келетін клеткаларға ыдырайтын гифалар; бүршіктенуі арқылы - гифаларында келешегінде бөлініп түсетін домалақ өскіндердің пайда болуы арқылы көбею. Жыныссыз көбеюі əртүрлі споралардың көмегімен жүзеге асады: зооспорангияның
ішінде дамитын зооспоралары, спорангияның ішінде жетілетін спорангиоспоралары; ерекше гифалардың бүршіктенуінің нəтижесінде экзогенді жолмен пайда болатын конидийлері арқылы. Кейбір саңырауқұлақтардың өмірлік циклында жыныссыз споралардың түзілуінің бірнеше формалары кездеседі. Жыныстық көбеюі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда жыныстық көбеюдің бірнеше формалары болады: изогамия, гетерогамия, оогамия, зигогамия. Зигота барлық жағдайда біраз уақыт тыныштық кезеңін басынан өткізеді, содан соң өсіп зооспоралар немесе зооспорангиясы бар, немесе спорангиоспорасы бар қысқаша гифа береді. Өсер
алдында зигота мейоз жолымен бөлінеді. Көптеген төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың өмірі гаплоидты фазада (п) өтеді, тек зигота ғана диплоидты болады (2п). Жоғары дəрежелі саңырауқұлақтардың жыныстық процесінің формасы ерекше болып келеді: гаметангиогамия - сырт құрылыстары əртүрлі болып келетін жыныс
органдарының ішінде-гі гаметаларға бөлінбеген заттарының қосылуы; самотогамия - вегетативті гифаның екі клеткасының қосылуы; сперматизация - аналық жыныс органының қозғалмайтын клеткаларымен (спермациямен) ұрықтануы. Ядролар əдетте бірден қосылмайды. Қарама-қарсы жыныстық белгілері бар ядролары алдымен қосарланып жақындасып дикариондар түзіледі. Дикариондардың саны оларды түзетін
ядролардың синхронды бөлінуі-нің нəтижесінде көбейе түседі. Біраз уақыттар өткеннен соң дикарионның ядролары қосылады да диплоидты ядро түзеді. Енді диплоидты ядро мейоз жолымен бөлінеді де, гаплоидты ядролар береді. Олардың əрқайсысы жыныстық көбею спораларының ядросына айналады.
