Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BOTANIKA.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

5.Хризофиттер,ксантофиттер балдырлар .Жалпы сипаттама.

Ксантофиттер.Бұл бөлімге 2,5 мыңдай түр жатады.Олардың талломы көп клеткалы жіп тәрізді, клеткаланбаған және т.б болып келеді.Ксантофиттер негізінен тұщы суларда, сиректеу тұзды суларды мекендейді.Бұл жерлерде олар планктондардың, кейде бентостардың да маңызды компоненттер бірі болып табылады.Сонымен бірге сары-жасыл балдырлар топырақта да және тастың бетінде де өседі.Олардың клеткаларының қабықшалары протопектинді целлюлозасы аз болады.Ядросы көп жағдайда біреу, ал клеткаланбаған түрінің ядросы көп болады. Хроматофорында хлорофилден басқа, таломға сары жасыл түс беретін каротинойдтар болады. Перенойдтары болмайды. Артық қор заттар ретінде шыны майы, кейде лейкозиннің және валотиннің түйіршіктері жиналады. Вегетативтік көбеюі клетканың бөлінуі арқылы немесе таломдардың бөлшектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық процесі негізінен изогомиялы сиректеу оогамиялы болып келеді. Зооспораларымен сперматозойдтарының ұзыгндықтарфы әр түрлі екі талшығы болады: оның біреуі қысқа,түзу, жылтыр, ал екіншісі ұзын және қауырсынды болып келеді. Классификациясы. Бұл бөлім мынадай 6 класстан тұрады. Ксантомонадалылар класы(xanthomonodophyceae) , ксантоподалылар класы (xanthopodophyceae),ксант()окапсалылар класы (xanthosapsophyceae),ксантококкалылар класы (xanthococcophyceae), ксантотрихалылар класы (xanthotricxophyceAE), ксантосифондылар класы (xanthosiphonophyceae). Осы 6 класстың ең үлкені және теориялық тұрғыдан маңыздысы Ксантосифондылар класы.

6. Қызыл балдырлар бөлімі (Красные водоросли) - Rhodophyta.. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.

Қызыл балдырлардың түрлерінің жалпы саны 4 мыңдай болады. Олар тропикалық жəне субтропикалық елдердің теңіздерінде, кейде климаты қоңыржай болып келетін облыстарда да көптеп кездеседі. Тек аздаған түрлері ғана суы тұщы бассейндар мен топырақта өседі.

Классификациясы. Қызыл балдырлар бөлімі 2 класқа бөлінеді: бангиевалылар класы (Bangіophyceae), флоридеялылар класы (Florіdeophyceae). Олардың əрқайсысында 6-дан қатар бар. Бангиевалылар класы саны жағынан көп болмайды. Онда 20-дай туыс, 70- тей түр бар. Аса кең тараған туыстарына порфира (Porhyra), комсопогон (Comsopogon)

жəне тағы басқалар жатады. Қызыл балдырлардың негізін флоридеялылар класы түзеді, онда 49 тұқымдас бар. Бұл класқа леманеа (Lemanea), батрахоспермум (Batrachospermum), полисифония (Polysіphonіa) жəне көптеген басқа туыстарының өкілдері жатады.

Көбеюі. Қызыл балдырлар вегетативтік, жыныссыз жəне жыныстық жолдармен көбейеді. Қызыл балдырлар вегетативтік жолмен өте сирек көбейеді. Көп жағдайда үзілген таллома өліп шіриді. Сиректеу үзілген талломаларда арнайы өсу бүршіктері пайда болады, олардан келешегінде жаңа особьтар жетіледі. Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Қызыл балдырлардың споралары спорангияның ішінде бір-біреуден (моноспоралар) немесе төртеуден (тетраспоралар) пайда болады. Споралар спорангияның қабықшасының жыртылуының нəтижесінде босап сыртқа шығады да қабыққа оранады, содан соң судың түбіне шө- гіп, өсе келе жаңа таллом (гаметофит) береді. Жыныстық көбеюі оогамиялық жолмен жүзеге асады. Аналық жыныс органы карпогон қысқа бұтақтардың қолтығында бір-бірден өседі. Карпогон -колба пішінді, ол кеңейген түпкі бөлімнен жəне жоғарғы жіңішке түтік тəрізді мойны трихогинадан тұрады.

Қарапайым түрлерінің трихогинасы болмайды. Антеридий жəне карпогон сыртқы құрылысы жағынан айырмашылығы жоқ əр особьтарда дамиды. Антеридийден босаған аталық гамета (спермация) судың ағынымен карпогонға келіп трихогинаға жабысады да, қабықпен қапталады, содан соң трихогина арқылы карпогонның кеңейген бөліміне өтіп, жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады.

Құрылысы.Қызыл балдырлардың талломы ұзындығы 2м. дейін жететін көптеген бұтақтанған жіпшелерден, сиректеу пластинка немесе жапырақ тəрізді құрылымнан тұрады. Талломының өсуі диффузды (арнайы маманданған өсу зонасы болмайды) немесе төбелік клеткалары арқылы жүзеге асады (өсу зоналары өсімдіктің тарамдалған талломының төбесінде жинақталған). Ең қарапайым түрлерінің талломы бір клеткалы, немесе колониялы болып келеді. Өмірлік циклінде қозғалмалы талшықты формалары болмайды. Хроматофорлары көп жағдайда диск тəрізді болып келеді, пиреноидтары болмайды. Қор заттары ерекше багрянкалы крахмал түрінде жиналады. Кейбір түрлерінің пектинді-целлюлозды клетка қабықшалары, клетка аралық заттармен бірге, көп мөлшерде шырыштанатыны сонша, олардың талломы түгелдей шырышты кескінге (консисиенцияға) келеді. Сондықтанда мұндай балдырларды агар алуға қажетті шикізат ретінде пайдаланады (анфельция- Ahnfeltіa, гелидиум- Gelіdіum, грацилярия Gracelarіa туыстары). Ал екінші бір түрлерінің клетка қабықшаларының сыртын известь қаптап, əртүрлі ою- өрнек түзеді. Мұндай известтен тұратын ою- өрнектер талломға ерекше мықтылық береді (литотамнион-Lіthothamnіon, литофиллум-Lіthophyllum туыстары).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]