Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BOTANIKA.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

41. Балдырлардың талломының структуралық типтерінің (паренхиматозды, харофитты, пальмелоидты) жоба суреттін келтір. Мысал келтір.

Морфологиялық құрылымына қарай бір клеткалы қауымды,жіптесінді,паренхималық,жалған паренхималық,сифонокладалдық,сифоналдық болып келеді.Клеткалардың екі н/е бірнеше жазықтыққа қарай бөлінуінің нәтижесінде паренхиматозды өсуге әкеледі.

Пальмеллоид құрылымды орг-ң клеткалары кілегеймен қоршалған,бірақ бір-бірімен байланыспай,кілегей ішінде бос жатады.(2-сурет )Бұларды құрайиын орг-р клеткасы коккоид құрылымды келеді ж/е екі түрлі болады.Пальмеллоидты жағдайға ауысқан орг-ң белгілі бір формасы,мөлшері болмайды.Бұлар эволюциялық дамудың тұйық бұтағы.

2 сурет

3-сурет

Харафитті құрылымдылар тек қара балдырларына тән.Бұлар көп клеткалы мүшеленген,буын ж/е буын аралықтарына бөлінген күрделі құрылымды өсімдік.Талломы негізгі өркеннен,оның бұтақтарынан ж/е ризоидтан тұрады.Буын аралығы ж/е бүйірлік мүшелерге бөлінген өркендері ұзын ірі созылған клеткалардан тұрады.

4-сурет: Балдырдың морфологиялық құрылысының эволюциясының схемасы:

1-амебоидты,2-монадальды,3-пальмеллоидты,4-коккоидты,

5-сифонды,6-жіптесінді,7-әр түрлі жіптесінді,8-пластинкалы,9-паренхиматозды.

42.Conjugatophyceae - Коньюгациялы балдырлар. Спирогираның құрылысы. Конъюгация. Жоба суреттерін белгілермен келтір.

Тіркеспелі балдырлар класына негізінен микроскопиялық жасыл балдырлар жатады. Түрлерінің жалпы саны 4700-дей болады. Олардың көбісін (4000-дай түр) десмидиялылар қатары түзеді.

Талломы көп клеткалы жіп тәрізді немес бір клеткалы талшықсыз болып келеді. Жыныстық процесі тіркесу арқылы жүреді. Зооспораларымен гаметалары болмайды.

Негізгі өкілдерінің бірі көпклеткалы жіп тәрізді балдыр спирогира туысы (Spіrogіra). Ол сыртқы кілегеймен қапталған ашық-көк түсті матасқан жіптердің жиынтығы түрінде ақпайтын немесе жай ағатын сулардың қабаттарында жүзіп жүреді, немесе судың түбінде салынды түзеді. Спирогираның клеткалары ұзынша созылған цилиндр пішінді болып келеді. Клетка қабықшасы қалың және ол целлюлозадан тұрады. Клетканың ішінде спирал тәрізді бұралған, лентаға ұқсас хромотофоры болады. Оның ортанғы бөлігінде бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасқан пиреноидтары болады. Оларды айнала крахмал дәндері қоршап тұрады. Крахмал дәндері пиреноидтардың айналасында ғана болып қоймай, сонымен бірге храматофораның барлық жерін тұтас жауып тұрады. Клетка қуысын үлкен вакуоля толтырып тұрады. Клетканың ортасында цитоплазманың тарамдалған жіпшелерімен қоршалған үлкен ядро орналасады. Оның бір немесе екі ядрошығы болады.

43. Балдырлардың талломының структуралық типтерінің (амебоидты,

трихомды, коккоидты) жоба суреттін келтір. Мысал келтір. 41 мен байланысты.

44.Осциляторияның сыртқы бейнесі. Жоба суретін белгілермен келтір.Трихомасының типін ата.

Осциллятория-Oscillatoria жіптесінді,тармақталмаған көп клеткалы организм.Трихомасы бірқатар орналасқан цилиндр формалы клеткалардан тұрады да,жіптері жіңішке келеді.Осциллятория жіпшесінің өсуі клетканың көлденең бөлінуі арқылы болады.Ол жіптерінің өсетін ұшы аздап иіліп тұрады.Жіптері кілегейлердің біржақты бөлінуінің арқасында қозғалуға,екі жағына теңселіп тұруға ж/е жылжуға қабілетті келеді.Бұл туысқа жүз шақты барлық жерлерде тараған түрлері жатады.Олардың ішінде улылары болады.Осцилляторияның біраз түрлері су бетінде не су астындағы төсемікте,дымқыл топырақта көк-жасыл қабыршықтар түрінде трихомалары матасып жатады.Кейде ақпайтын суларда қалың қабатты қабық түрінде қалықтап тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]