Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BOTANIKA.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

38. Қалақайлар, қалампырлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.

Морфологиясы, экологиясы. Гүлдері. Мысал келтіріңіз.

Қалақайлар тұқымдасы(крапивные)-Urticacea-850дей түр жатады.Кішігірім ағаш,жартылай бұта,біржылдық көпжылдық шөптесін өсімдіктер.Тропикалық және қоңыржай климатты зоналарда таралған.БОР флорасында аз болғанымен,аса кең таралған түрлері өседі.Гүлдері дара қос жынысты,актиноморфты.Гүлсерігі қарапайым,тостағаншажапырақшалар түрінде болады,4-мүшелі.Гүл шоғыры –тирс.Андроцейі 4 аталықтан тұрады.Аналығы бір,екі жемісжапырақшадан тұрады.Тұқымбүрә 1.Жемісі-жаңғақша.Сүт жолдары болмайды.Қалақай туысы(крапива-Urtica) саны 40-тай.БОР 10түрі,Каз-да 3 түрі кездеседі.Тропикалық қоңыржай климатты аудандарда кең таралған өсімдіктер.Мал азығы ретінде құнды,кейьіреулері көкөністер ретінде тамаққа пайдаланылады,және талшық алуға қолданылады.Қосүйлі қалакайдың гүлінің формуласы:*P(₂+₂)A0 G (₂) *P₂+₂ A₂+₂ G 0

Қалампырлар (гвоздичный)Caryophyllaceae тұқымдасы солт. Ендікте кең ьаралған шөптесін өсімдіктер мен жартылай бұталар.2000-нан астам түрі бар 80туыс.БОР-дың флорасында 600-дей түр бар Қазақстанда 215түрі кездеседі.Бұтақтануы дихазиялы жапырақтары қарама-қарсы сиректеу кезектесіп орналасады.Қосалқы жапырақшалары болмайды немесе аздаған болады.Гүлдері дихазиялы немесе жалғыздан,актиноморфты,қосжынысты сиректеу даражынысты ,бір үйлі ,сиректеу екі үйлі болып келеді. Гүлсерігі қосарланған сиректеу қарапайым 5-мүшелі. Тостағанша жапырақшалары біріккен немесе бос жапырақшалары бірікпеген,4-5 тісті болып келеді.Күлте жапырақшалары тостағанш жапырақшалармен кезектесіп орналасады.Аталықтарының саны 10 немесе 5.Аналығы 1,ол 2-5 жеміс жапырақшаларынан тұрады,гүлтүйіні жоғары,бір ұялы.Жемісі- жоғарғы лизокарпты қауашақ,немесе шырынды жеміс.Негізінен жабайы өсімдіктер,мәдени жағдайда өсетіндірі аз.Қалампыр туысы(гвоздика- Dianthus)Көпжылдық шөптесін өсімдіктер,сиректеу жартылай бұта.Гүлдері жалғыздан болады немесе дихазиялы гүлшоғырын түзеді.Тостағаншасы түтік тәрізді,жоғарғы жағында тісі болады.Аталықтарының саны аналықтарының мойны 2.Дәндері көп .Гүлінің формуласы: *Са(5) Со5 А10 G(5).БОР-да 77түрі,Қазақстанда 29 түрі өседі.

Алабұталар тұқымдасы (Chenopodіaceaе) – тұзға төзімді шөптесін бұта немесе ағаш тәрізді (сексеуіл) өсімдіктер. Жер шарында кең тараған, 100 туысы, 1500-дей түрі белгілі. Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарында жиі өседі. Елімізде 47 туысы, 218 түрі кездеседі. Көпшілігінің сабағы бунақты болып келеді. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Түссіз ұсақ гүлдері гүлшоғырына топтасып масақша құрайды. Жемісі – жаңғақ. Тұқымы сақиналы болады. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктердің көпшілігін мал жейді (изен, ебелек, сораң, т.б.), сондай-ақ отын (ақ және қара сексеуіл) ретінде пайдаланылады, қолдан да өсіріледі. Жас өскіндері аскөк ретінде тамаққа, ал тұқымын балықшылар балыққа жем ретінде пайдаланылады. Сабын жасау үшін ел арасында оның күлін қайнатып сақар алады. Көптеген түрінен медицинада дәрі-дәрмек дайындайды. А. т-ның 4 түрі: Хива сораңы, жалпақжапырақты сораң, Регель тарбақайы, Торғай бұйырғыны – сирек кездесетін өсімдіктер. Олар қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Олар жершарының барлық кеңістіктерінде, негізінен субтропикалық климаты құрғақ және топырағы тұзды болып келетін елдерінде көптеп өседі (Орта Азияда, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Оңтүстік Америкада, Орталық Австралияда). Гүлдері ұсақ, көріксіз, циклды немесе гемицикдды, актиноморфты, 5-мүшелі (гинецейден басқасы), қосжынысты немесе даражынысты болып келеді. Соңғы жағдайда редукцияға ұшыраған не аталық не болмаса аналық жыныс органдарының іздерін көруге болады. Гүлсерігі қарапайым, тостағанша жапырақша түрінде болады, аталық гүлдері кейде редукцияға ұшыраған. Андроцейі 5 аталықтан, гинедейі ценокарпты 2-3 (4-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, кейде жартылай төменгі, 1-ұялы. Жемісі 1-тұқымды-жаңғақша, тұқымша, қалған тостағаншаларымен қоршалған болып келеді.

Қызылша туысы (Веіа). Туыстың құрамында 13 түрі бар, оның 5-уі БОР-дың территориясында, ал Қазақстанда 1 ғана түрі өседі. Олар жерортатеңізі жағалауында Европаның батысы мен оңтүстігінде, Алдынғы Азияда және Орта Азияда өседі.

қант крізылшасы (свекла обыкновенная) екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы өсімдік тамыр мойнының айналасында топтасып жертаган түзетін жапырақтар береді және тамыр жеміс түзеді, ал екінші жылы тамыржемістен сабақ кетеді, оның басында гүлшоғыры тирс түзіледі. Қызылшаны өндірістік мақсатта қант алу үшін, көкөністік және малға азық болатын өсімдік ретінде көптеп себеді. Кейде олар жабайы өсімдікке айналып кетеді де, арамшөп ретінде өседі (өсіресе Закавказьеде).

Алабұта туысы (марь. Дүние жүзі бойынша 250-дей түрі бар, БОР-дың флорасында 60 түрі, ал Қазақстанда-20 түрі кездеседі. Біржылдық, екіжылдық

Гүлдері негізінен қосжынысты, 5-мүшелі болады. Бірқатар түрлері арамшөп ретінде кең тараған: ақ алабүта (марь белая — және дуал алабүтасы (марь стенная). Ақ алабүтаның гүлінің формуласы мынадай.

Көкпек туысы (лебеда). Түрлерінің жалпы саны 230-дай, БОР-дың флорасында 30 түр, ал Қазақстанда 25 түрі өседі. Боз көкпек (лебеда седая — Асапа) — жартылай бүта, ол Орта Азияның жартылай шөлдеріңде ландшафт түзетін өсімдік. Бақ көкпегі (лебеда садовая) мен жылтыр көкпек (лебеда лоснящаяся) біржылдық арамшөптер болып табылады. Жылтыр көкпектік гүлінің формуласы мынадай

Тарандар (гречишные-Polygonaceae)тұқымдасы 900-дей түр 40 туыс.Шыққан жері Орталық және Оңт. Америка ,солт. Ендіктің қоңыржай климатты областарында .Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы ,сиректеу топтасын орналасады.Буын аралақтарының түб жағын түтік тәрәздә жапырақ қынапшасы – раструб жауып тұрады.Гүлдері ұсақ ,гемицикді немесе циклді ,әдетте қосжынысты. Гүлдері қарапайым 3-6 ,сиректеу 5 мүшелі,әдетте бос орналасады,әртүрлі –жасыл,ақ,қызыл түсті.Аналақтарының саны 6-9(3-8)жеміс жапырақшаларынан тұраы.Гүлтүіні төмен.Жемістері 1-дәндә – 3-2 қырлы жаңғақшалар,кейде қанатты болып келеді.Таран туысы (горец-polygonum) 280-дей түрлері бар,БОРдың 160 түрі, Кз 52 түр.Өмірлік формалары бұталар ағаштар лианалар шөптесін өсімдіктер.Қызыл таспа -бйіктігі 10-нан 40 см дейін жететін бір жылдық щөптесін өсімдік,сабақтары жерге төселіп өседі немесе жатағын болып келеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]