- •2.Диатомды балдырлар (диатомовые водоросли) – Diatomophyta.
- •3.Pheophyta–Қоңыр балдырлар бөліміне жалпы сипаттама беріңіз. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •4. Эвгленалы, динофиттер балдырлар бөлімінің жалпы сипаттамасы. Өкілдері. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •5.Хризофиттер,ксантофиттер балдырлар .Жалпы сипаттама.
- •6. Қызыл балдырлар бөлімі (Красные водоросли) - Rhodophyta.. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •7. Б а л д ы р л а р (в о д о р о с л и) – a l g a e. Жасыл балдырлар бөлімі (Зеленые водоросли) - Chlorophyta.
- •8. Вольвоксты балдырлар класы (Вольвоксовые) –Volvocophyceae.
- •9. Хара балдырлар бөлімі. Классификациясы. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •10. Балдырлардың жалпы сипаттамасы. Цитологиясы, физиологиясы, биохимиясы
- •11. Ulothrichophyceae кл.–Улотриксті балдырлар класы. Көбеюі. Таралуы.
- •12. Экологиялық балдырлар топтары. Мысалдар.
- •13. Mycota бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Экологиялық топтары.
- •14. Саңырауқұлақтар бөлімі. Классификациясы. Көбеюі, қоректенуі.
- •15.Chytriodiomycota бөлімінің жалпы сипаттамасы. Морфологиясы. Систематикасы. Экология
- •16.Oomycota бөлімінің жалпы сипаттамасы. Морфологиясы. Систематикасы. Экология
- •17.Қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер класы (Сумчатые грибы или аскомицеты) – Ascomycetes.
- •18.Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes
- •19.Deuteromycota-Жетілмеген саңырауқұлақтар бөлімі.Практикалық маңызы.
- •20. Саңырауқұлақтардың экологиялық топтары. Мысалдар
- •21. Bryophyta – Мүк тәрізділер бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Классификациясы. Таралуы.
- •23.Бауыр мүктер класы (печеночные мхи) – Hepatіcopsіda.
- •24. Шымтезек мүктер кластармағы (сфагновые,или сфагниды)– Sphagnіdae.
- •25.Архегониялы жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Жалпы сипаттама.
- •26. Lycopodiophyta– Плаундар бөлімі. Жалпы сипаттама. Классификациясы. Құрылысы.
- •27.Equisetophyta – қырықбуындар тəрізділер бөлімі. Жалпы сипаттама.Классификациясы. Құрылысы.
- •28.Polypodiophyta –Папортник тəрізділер бөлімі. Жалпы сипаттама.
- •29.Ашық тұқымдылар, немесе қарағайлар бөлімі (голосеменные, или сосновые) - Gymnospermatophyta, Pіnophyta
- •30.Қос жарнақтылар, немесе магнолиопсидтер класы (Двухдольные или магнолиопсид) – Dіcotyledoneae, Magnolіopsіda.
- •31. Раушан гүлділер тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Систематика, экология. Практикалық маңызы
- •32. Талдар, шамшаттар, қайындар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Систематика, экология. Практикалық маңызы.
- •33. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер–Cormobionta. Жалпы сипаттама. 0Классификация, экология. Практикалық маңызы.
- •34. Магнолиялар, тұңғиықтар, бөріқарақаттар, сарғалдақтар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Магнолиялар тұқымдасы (магнолиевые)- Magnolіaceae
- •35. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегативтік жəне репродуктивтік органдары. Олардың қызметі.
- •36. Астрагүлділер тұқымдасы. Морфологиясы, экологиясы. Гүлдердің типтеры. Мысал келтіріңіз.
- •37.Алқалар, ерінгүлділер тұқымдастары. Морфологиясы, экологиясы. Гүлдері. Мысал келтіріңіз.
- •38. Қалақайлар, қалампырлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.
- •39. Көкнәрлер тұқымдасы (маковые) – Papaveraceae
- •40. Бұршақтар тұқымдасы (бобовые ,или мотыльковые) - Fabaceae, Papіlіonaceae
- •41. Балдырлардың талломының структуралық типтерінің (паренхиматозды, харофитты, пальмелоидты) жоба суреттін келтір. Мысал келтір.
- •42.Conjugatophyceae - Коньюгациялы балдырлар. Спирогираның құрылысы. Конъюгация. Жоба суреттерін белгілермен келтір.
- •43. Балдырлардың талломының структуралық типтерінің (амебоидты,
- •44.Осциляторияның сыртқы бейнесі. Жоба суретін белгілермен келтір.Трихомасының типін ата.
- •45.Анабенаның сыртқы бейнесі. Жоба суреттін келтір. Трихомасының типін ата.
- •46. Диатомды балдыр. Пиннулярияның жоба суретін белгілерімен келтір.
- •47. Қоңыр балдырлар бөлімі. Ламинария өсімдігінің даму циклінің схемасын түз.
- •48. Саңырауқұлақтар бөлімі. Заманауи классификациялық жүйенің сызбанұсқасын түзіңіз.
- •49. Холобазидимициттер класстармағы. Шампиньонның сыртқы бинесі, жоба суретін келтіріңіз.
- •50. Телебазидимициттер класстармағы. Тат саңырауқұлағының даму циклінің сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •51. Euascomycetidae–Эуаскомицеттердің жемісті денесінің түрі. Жоба суретін белгілермен келтір. Мысал келтір.
- •52.Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes
- •53.Hepaticopsida –Бауыр мүктер класының негізгі өкілі–кəдімгі маршранцияның
- •54. Lycopodium clavatum –Шоқпарбас плаунның құрылысына тоқталыңыз.Көбеюі қалай жүреді.
- •55.Устица аппараты. Оның түрлері. Жоба суретін келтіріңіз.
- •56. Өткізгіш шоқтар. Шоқтардың түрлері. Жоба суретін келтіріңіз.
- •58. Кирказон өсімдігі сабағының анатомиялық құрылысының жоба суретін келтіріңіз.
- •59. Камелия жапырғының анатомиялық құрылысының жоба суретін келтіріңіз
- •60. Қарағай қылқанының құрылысы. Қабаттары. Жоба суретін келтіріңіз
32. Талдар, шамшаттар, қайындар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Систематика, экология. Практикалық маңызы.
Шамшаттар тұқымдасы (буковые) – Fagaceae Тұқымдаста 900 түр бар (8-9 туыс). Мəңгі жасыл немесе жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар. Олар негізінен қоңыржай климаты жəне субтропикалық елдеріңде, кеңінен таралған. Жапырақтарының түсіп отыратын, қосалқы жапырақшалары болады. Жапырақтары тұтас немесе қауырсынды қалақты жəне кезектесіп орн. Гүлдері ұсақ, көріксіз, дара жынысты немесе қос жынысты, актиноморфты, дихазиялы, жиналып сырға, масақ немесе шоқпарбастар түзеді. Кейде дихазиялары бір гүл қалғанға дейін редукцияға ұшырайды. Аналық гүлді плюска қоршап тұрады. Гүлсерігі 6- мүшелі, бос орналасқан, аналығы 3-6 ұялы, соған сəйкес аналықтың мойныда (столбик) сонша болады, гүлтүйіні төменгі. Аталық гүлдің гүлсерігінің түп жағы біріккен болып келеді жəне əртүрлі түске- сарыға, қоңыр- қызылға, жасылға боялған. Гүлсерігінің саны не 3+3, не болмаса 5-7, аталықтарының саны гүлсеріктерінің санымен бірдей (кейде көптеу) болады. Емен туысы (дуб - Quercus). Дүние жүзі бойынша 300 түрі бар; БОР-дың флорасында 19 түрі, ал Қазақстанда 1 ғана түрі кездеседі. Ссолт ендіктің қоңыржай климатты елдерінде, сиректеу субтропикада кеңінен таралған. Ағашы əртүрлі ағаш бұйымдарын жасауға жəне құрлыс материалдары ретінде аса құнды болып табылады. Жалпақ жапырақты орманның негізгі компоненті. Діңі жуан болып келетін, биіктігі 40м. дейін баратын, əдетте бөрікбасы жан-жаққа тармақталып тұратын үлкен ағаш. Гүлінің формуласы: * P 6 A 0 G (3) ; * P (6-8) A 6-10 G 0. Жемісі жаңғақ. Кəдімгі емен (дуб черешчатый, или обыкновенный - Q.robur). Европада кеңінен таралған. БОР- дың Европалық бөлігіндегі, жалпақ жапырақты ормандардың, ең құнды, орман түзетін ағашы болып саналады, ареалының оңт-батыс бөлігінде, қыстық жəне жаздық формалары болады. Жартас емені (дуб скальный- Q.petraea) негізінен Кавказда жəне батыс Украинада Карпат тауының етегінде өседі. Түкті емен (дуб пушистый- Q.pubescens) Қырымда өседі. Емен ағашының көпшілікке танымал түрінің бірі тығын емені (дуб пробковый- Q. suber), ол Жерорта теңізінің батысында кең таралған. Еменнің бұл түрін өзінің табиғи ареалынан тыс жерде де, тығын алу мақсатында мəдени жағдайда өсіреді. Шамшат туысы (бук - Fagus). Барлығы 10 түр; БОР-да 3 түрі бар. Олар солт ендіктің қоңыржай климатты зоналарында өседі. Құнды ағашынан басқа, жаңғақ тəрізді жемісі малға жем болады. Гүлдерінің формуласы:* P6 A0 G(3) ; * P(6-8) A 6-10 G 0 . БОР- дың территориясында, Карпат тауында жəне оның Украинаға қарайтын Европа бүгі (бук европейский- F.sylvatіca). Кавказда, Қырымда шығыс бүгі (бук восточный- F.orіentalіs) өседі. Қайыңдар тұқымдасы (березовые)- Betulaceae Тұқымдастың құрамында 130 түр бар (6 туыс). Табиғи жағдайда, олар солт ендіктің тропикалық емес облыстарында өседі. БОР-да 64- түрі, ал Қазақстанда 17 түрі кездеседі. Өмірлік формалары: жапырақтары қысқа қарай түсіп отыратын ағаштар мен бұталар. Гүлшоғы сырға тəрізді тирс, дара жынысты (бір үйлі өсімдік). Гүлдері ұсақ, дұрыс жəне бұрыс гүлдер, көп жағдайда гүлсеріктері болмайды. Жемісі тұқымша, қанатша түрінде болады. Қайың туысы (береза- Betula). Түрлерінің жалпы саны 60, БОР-да 40, ал ҚР 15. Олар климаты салқын, қоңыржай, кейде тіптен ылғалы жеткіліксіз облыстарда кең таралған ағаштар мен бұталар. Гүлдерінің формуласы: * P0 A0 G(2) ; * P2 A2 G0 . Аталық жəне аналық гүлдері дихозияда 3-тен орналасып сырға түзеді. Жемісі- қанатша. Қотыр қайың (береза повыслая, или береза бородавчатая- B.verrucosa) Европа мен Азияның орманды зонасында өседі. Тас кайың (береза каменная- B.ermanі)- қиыр шығыста өседі, тоз (пробка) қабатының түсі сары болады. Даур қайыңы (B.dahrіca)- Забайкальеде өседі, тоз қабатының түсі қара- қошқыл болып келеді. Орманжаңғақ туысы (лещина- Corylus). 8 түрі бар; БОР-да 7 түрі, ал Қазақстанда 1 түрі өседі. Қысқа қарай жапырақтары түсіп отыратын ағаштар мен бұталар, бір үйлі, жапырақтары кезектесіп орналасқан, тең бүйірлі болмайды, қосалқы жапырақшалары түсіп отырады. Гүлдерінің формуласы: * P4 A0 G(2) ; * P0 A4 G0 . Аталық гүлі бір гүлден тұратын дихазия түрінде болады, олар ұзын, жұмсақ сырға түзеді. Аналық гүлі екі гүлден тұратын дихазия, ол жапырақтың қолтығында пайда болатын бүршіктермен қоршалып тұрады. Гүл асты жапырақшалары бірігіп, жемістің айналасында плюска түзеді. Кəдімгі орманжаңғақ (лещина обыкновенная- C.avellana) биіктігі 5м дейін баратын үлкен бұта, БОР-дың европалық бөлігінде кең таралған, құнды жаңғақ беретін өсімдік. Ағаш тəрізді орманжаңғақ, немесе аю жаңғақ (лещина древовидная, или медвежий орех- C.сolurna)- биіктігі 20-25м. жететін ағаш, өсетін жерлері Алдынғы Азия, Кавказ; солтүстікке қарай, мысалы Украинада сəндік ағаш ретінде отарғызады. Талдар тұқымдасы (ивоцветные)- Salіcaceae Бұлар бұталар мен ағаштар, негізінен солтүстік ендіктің қоныржай климатты елдерінде кең таралған. Тұқымдастың кейбір түрлері қиыр солтүстікте жерге төселіп өсетін, аласа формалар түзеді (карликовая форма). Жапырақтары кезектесіп орналасатын, жай жапырақтар. Қосалқы жапырақшалары кейде ерте түсіп қалып отырады. Аталық жəне аналық гүлдері бөлек жетіледі (дара жыныстылық), əдетте əртүрлі особьтарында (екі үйлілік). Гүлсерігі болмайды. Аталық гүлдерінде 2-ден 30-ға дейін, кейде оданда көп аталықтары (тычинки) болады; аналық гүлдерінде, екі жеміс жапырақшасынан тұратын, бір аналық (пестик) болады. Гүлтүйіні бір ұялы. Тұқымбүрі көп. Жемістері екі жақтауынан қақырап ашылатын қауашақтар. Тұқымының түп жағында бір топ талшығы болады, эндоспермі болмайды. Талдар тұқымдасына 400-дей түр жатады, олар үш туыстың қурамына кіреді: терек (тополь- Populus, 25-30 түр), тал (ива- Salіx, 350-370 түр) жəне чозения (Chosenіa, 1түр). Терек туысы-Populus. БОР-дың флорасында 30 түрі, ал Қазақстанда 18 түрі кездеседі. Аталық гүлі бірнеше аталықтан (тычинки) тұрады, олардың түп жағын қиғаш воронкаға ұқсас- бокал тəрізді орган- диск қоршап тұрады. Ол не редукцияға ұшыраған гүлсерігі, не болмаса гүл тұғырының жалпайып өсуінен пайда болған мүше. Аналық гүлініңде түп жағында, жалғыз аналықты қоршап тұратын, екі парокарпты біріккен жемісжапырақшадан түзілген, бокал тəрізді диск болады. Гүлінің формуласы: * P0 A0 G (2) ; * P0 A 12-20 G0 . Бұл туысқа көктерек (осина- Populus tremula), қара терек (тополь черный, немесе осокарь- Populus nіgra) жəне т.б. жатады. Терек/ң ағашы негізінен сіріңке жасауға, əртүрлі үйге қажетті ағаш бұйымдарын жасауға пайд; қағаз өнеркəсібінде де, сиректеу құрлыс материалдары ретінде де пайд. Сонымен бірге көшелерді, канал жағаларын қөгалдандыруға арн сəндік өсімдік. Теректер желмен тозаңданады. Тал туысы (ива- Salіx). Саны жағынан ең көбі. Тек БОР-да 170-тей түрі жəне көптеген гибридтік формалары кездеседі, ал Қазақстанда 46 түрі өседі. Талдың гүлдерінде кейде гүлдің түп жағынан қоршап тұратын дисксі болады. Көптеген түрлерінде ол екі шырындықпен (нектарник) алмастырылған. Шырындықтардың біреуі жабындық жапырақшалар жағынан, ал екіншісі сырғаның өсіне қараған жағынан орналасады. Кейбіреулерінде тек бір ғана шырындық сақталған. Аталық сырғасында 1-ден бірнешеуге дейін аталықтары болады. Аналық сырғаларында аналығы 2 мүшелі парокарпты жəне 2 аузы болады (рыльца пестика). Талдар жапырақтары шықпас бұрын, немесе олармен бірге гүлдейді. Талдар насекомдармен тозаңданады, сиректеу желмен тозаңданады. Көптеген түрлері будандасуға бейім, соған байланысты бір түрмен екінші түрдің шекарасы, барлық уақытта айқын бола бермейді. Шыбықтарынан карзеңке, балық аулауға қажетті жабдықтар тоқуға болады. Өзен жағасында жəне кішігірім аралдарда өсетін қадама талдардан киіз үйдің керегелері мен уықтарына қажетті материалдар дайындайды. Қабығында иілік заттар болады. Талдар өте оңай тамыр береді жəне вегететативтивтік жолмен көбейеді. Сондықтанда оларды құмды бекіту мақсатында өсіреді. Халық медицинасында қабығын маляриядан емдеуге пайдаланады. Жақсы бал өсімдік. Чозения туысының(Сhosenіa), жоғарыда айтылғандай жалғыз ғана түрі бар. Ол Ресейдің Қиыр Шығысында, Жапонияда, Корея түбегінде, Қытайда өседі. Чозения тал туысына өте жақын. Талдар тұқымдасы - Populus жəне Salіx (бұларға жанасып тұратын чозениямен бірге) бір-біріне жақын туыстар. Бұлардың арғы тегі болып табылатын форманың гүлі қос жынысты. Мұны ешкі талдың (ива козья- S.caprea) жəне теректің Гималайлық түрінің (тополь сизый- P.glauca) гүлдерінде кездесетін, қосжынысты гүлге ұқсас, ауытқушылықтың болуы дəлелдейді. Salіcaceae ертеде пайда болған тұқымдас, олардың қалдықтары бор дəуірінің төмеңгі қабаттарынан белгілі; бор дəуірінің үстіңгі қабаттарында Salіcaceae өте жиі кездеседі; неогенде олар солт ендіктің қоңыржай климатты зонасының барлық жерінде ддамыған. Неогендік түрлері қазіргі кезде тропикада кездесетін талдар тұқымдасының өкілдеріне өте ұқсас. Палентологиялық мəліметтерге сүйенсек, талдар тұқымдасының ертегі жабықтұқымдастармен, олардың арғы тегі болып табылатын формаларымен генетикалық тұрғыдан тікелей байланысы болған деген пікірді мақұлдауға итермелейді.. Кейбір ботаниктер бұл тұқымдасты жыңғылдар тұқымдасымен жақындастырады. Себебі соңғы тұқымдастың өкілдерінің дəндерінде, топтасқан талшықты түктердің болуы, тұқым бүрінің, гүл түйінінің түбінде орналасуы жəне басқа да белгілері талдар тұқымдасымен ұқсас.
