
- •2.Диатомды балдырлар (диатомовые водоросли) – Diatomophyta.
- •3.Pheophyta–Қоңыр балдырлар бөліміне жалпы сипаттама беріңіз. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •4. Эвгленалы, динофиттер балдырлар бөлімінің жалпы сипаттамасы. Өкілдері. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •5.Хризофиттер,ксантофиттер балдырлар .Жалпы сипаттама.
- •6. Қызыл балдырлар бөлімі (Красные водоросли) - Rhodophyta.. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •7. Б а л д ы р л а р (в о д о р о с л и) – a l g a e. Жасыл балдырлар бөлімі (Зеленые водоросли) - Chlorophyta.
- •8. Вольвоксты балдырлар класы (Вольвоксовые) –Volvocophyceae.
- •9. Хара балдырлар бөлімі. Классификациясы. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •10. Балдырлардың жалпы сипаттамасы. Цитологиясы, физиологиясы, биохимиясы
- •11. Ulothrichophyceae кл.–Улотриксті балдырлар класы. Көбеюі. Таралуы.
- •12. Экологиялық балдырлар топтары. Мысалдар.
- •13. Mycota бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Экологиялық топтары.
- •14. Саңырауқұлақтар бөлімі. Классификациясы. Көбеюі, қоректенуі.
- •15.Chytriodiomycota бөлімінің жалпы сипаттамасы. Морфологиясы. Систематикасы. Экология
- •16.Oomycota бөлімінің жалпы сипаттамасы. Морфологиясы. Систематикасы. Экология
- •17.Қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер класы (Сумчатые грибы или аскомицеты) – Ascomycetes.
- •18.Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes
- •19.Deuteromycota-Жетілмеген саңырауқұлақтар бөлімі.Практикалық маңызы.
- •20. Саңырауқұлақтардың экологиялық топтары. Мысалдар
- •21. Bryophyta – Мүк тәрізділер бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Классификациясы. Таралуы.
- •23.Бауыр мүктер класы (печеночные мхи) – Hepatіcopsіda.
- •24. Шымтезек мүктер кластармағы (сфагновые,или сфагниды)– Sphagnіdae.
- •25.Архегониялы жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Жалпы сипаттама.
- •26. Lycopodiophyta– Плаундар бөлімі. Жалпы сипаттама. Классификациясы. Құрылысы.
- •27.Equisetophyta – қырықбуындар тəрізділер бөлімі. Жалпы сипаттама.Классификациясы. Құрылысы.
- •28.Polypodiophyta –Папортник тəрізділер бөлімі. Жалпы сипаттама.
- •29.Ашық тұқымдылар, немесе қарағайлар бөлімі (голосеменные, или сосновые) - Gymnospermatophyta, Pіnophyta
- •30.Қос жарнақтылар, немесе магнолиопсидтер класы (Двухдольные или магнолиопсид) – Dіcotyledoneae, Magnolіopsіda.
- •31. Раушан гүлділер тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Систематика, экология. Практикалық маңызы
- •32. Талдар, шамшаттар, қайындар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Систематика, экология. Практикалық маңызы.
- •33. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер–Cormobionta. Жалпы сипаттама. 0Классификация, экология. Практикалық маңызы.
- •34. Магнолиялар, тұңғиықтар, бөріқарақаттар, сарғалдақтар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Магнолиялар тұқымдасы (магнолиевые)- Magnolіaceae
- •35. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегативтік жəне репродуктивтік органдары. Олардың қызметі.
- •36. Астрагүлділер тұқымдасы. Морфологиясы, экологиясы. Гүлдердің типтеры. Мысал келтіріңіз.
- •37.Алқалар, ерінгүлділер тұқымдастары. Морфологиясы, экологиясы. Гүлдері. Мысал келтіріңіз.
- •38. Қалақайлар, қалампырлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.
- •39. Көкнәрлер тұқымдасы (маковые) – Papaveraceae
- •40. Бұршақтар тұқымдасы (бобовые ,или мотыльковые) - Fabaceae, Papіlіonaceae
- •41. Балдырлардың талломының структуралық типтерінің (паренхиматозды, харофитты, пальмелоидты) жоба суреттін келтір. Мысал келтір.
- •42.Conjugatophyceae - Коньюгациялы балдырлар. Спирогираның құрылысы. Конъюгация. Жоба суреттерін белгілермен келтір.
- •43. Балдырлардың талломының структуралық типтерінің (амебоидты,
- •44.Осциляторияның сыртқы бейнесі. Жоба суретін белгілермен келтір.Трихомасының типін ата.
- •45.Анабенаның сыртқы бейнесі. Жоба суреттін келтір. Трихомасының типін ата.
- •46. Диатомды балдыр. Пиннулярияның жоба суретін белгілерімен келтір.
- •47. Қоңыр балдырлар бөлімі. Ламинария өсімдігінің даму циклінің схемасын түз.
- •48. Саңырауқұлақтар бөлімі. Заманауи классификациялық жүйенің сызбанұсқасын түзіңіз.
- •49. Холобазидимициттер класстармағы. Шампиньонның сыртқы бинесі, жоба суретін келтіріңіз.
- •50. Телебазидимициттер класстармағы. Тат саңырауқұлағының даму циклінің сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •51. Euascomycetidae–Эуаскомицеттердің жемісті денесінің түрі. Жоба суретін белгілермен келтір. Мысал келтір.
- •52.Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes
- •53.Hepaticopsida –Бауыр мүктер класының негізгі өкілі–кəдімгі маршранцияның
- •54. Lycopodium clavatum –Шоқпарбас плаунның құрылысына тоқталыңыз.Көбеюі қалай жүреді.
- •55.Устица аппараты. Оның түрлері. Жоба суретін келтіріңіз.
- •56. Өткізгіш шоқтар. Шоқтардың түрлері. Жоба суретін келтіріңіз.
- •58. Кирказон өсімдігі сабағының анатомиялық құрылысының жоба суретін келтіріңіз.
- •59. Камелия жапырғының анатомиялық құрылысының жоба суретін келтіріңіз
- •60. Қарағай қылқанының құрылысы. Қабаттары. Жоба суретін келтіріңіз
27.Equisetophyta – қырықбуындар тəрізділер бөлімі. Жалпы сипаттама.Классификациясы. Құрылысы.
Қырықбуындар жер шарының Австралиядан басқа жерлерінің барлығында кездеседі.
Құрлысы:Сыртқы құрылысы жағынан қырықбуындар өзінің ағаш тәрізді тегі каламиттерге жақын, бірақ мөлшері жағынан көп кіші. Қырықбуындардың жер беті сабағы бір жылдық тек аздаған түрлерінде ғана ол көпжылдық, мәңгі жасыл болып келеді. Бір түрлері жем- шөптік өсімдіктер ретінде аса құнды болып келеді (бұтақты қырықбуын- хвощ ветвистый- E.ramosіssіmum, теңбіл қырықбуын- хвощ пятнистый- E.varіegatum, қыстық қырықбуын- хвощ зимующий- E.hіemale). Бірақта көптеген түрлерінің эпидермисінің клеткаларының қабықшалары кремнеземнен тұратын оюлы безектермен (инкрустированы) қапталған. Бұл кремнеземнан тұратын оюлы безектер өсімдіктің жем- шөп ретіндегі құндылығын көп
төмендетеді (тіптен жоққа шығарады). Көптеген түрлері жайлымдар мен егіс алқаптарының, әсіресе қышқыл топырақтарда (дала қырықбуыны- хвощ полевой- E.arvense) күресуге бой беруі аса қиын арам шөптер болып келеді. Кейбір түрлері үй жануарларына улы болып келеді (батпақ қырықбуыны- хвощ болотный- E.palustre), еменді орман қырықбуыны- (хвощ дубравный- E.nemerosum). Қырықбуындар дәрілік өсімдіктер ретінде медицинада кеңінен қолданылады. Сабақтары наждакты қағаздың орнына пайдаланылады.
Классификациясы:Класс бір ғана қырықбуын (Equіsetum) туысынан тұрады. Түрлерінің жалпы саны 30-35 тей болады, бұрынғы одақтас республикалардың территориясында олардың 13-ші, ал Қазақстанда 8-і кездеседі. Олар негізінен ылғалы мол жерлерде өседі.
Қырықбуындардың қазіргі кезде кең таралған өкілдерінің бірі дала қырықбуыны (хвощ полевой - Equіsetum arvense). Бұл көпжылдық шөптесін өсімдік. Арам шөп ретінде егістікте және тыңайған жерлерде (залеждерде) өседі. Оның 1 метр тереңдікке дейін топыраққа еніп жататын жер асты бөлігі- тамырсабағы болады. Тамырсабақтың кейбір қысқарған жанама тармақтары түйнекке айналады. Олардың іші крахмалдың артық қорына толы болады. Тамырсабақтың буындарында жапырақтың қынапшасы (влагалищесі) топтасып орналасады. Сонымен қатар осы буыннан төмен қарай қосалқы тамырлары (придоточные корни) кетеді. Тамырының анатомиялық құрылысы алғашқы қалпында сақталады, ал қабығында үлкен ауа қуыстары болады. Жер бетіндегі сабақтары екі түрлі болады: ерте көктемде пайда болатын, спора түзетін және кейіндеу (жазда) пайда болып, күздің соңына дейін өсуін тоқтатпайтын спора түзбейтін сабақ. Қырықбуынның басқа түрлерінің жер бетіндегі сабақтары бірдей болады. Спора түзбейтін сабақтары (стерильный побег) әдетте топтасып бұтақтанады. Олардың түсі жасыл және қырлы болып келеді, буындарында түтікке (трубкаға) біріккен қара түсті жапырақтың қынапшалары (влагалище) орналасады. Олардың тіс- тіс болып иректелген ұштарында ақ түсті жолағы (белые кайма) болады. Иректелген тістері редукцияға ұшыраған жапырақ тақталары болып саналады. Жапырақтарының редукцияға ұшырауына байланысты фотосинтез процесі жасыл түсті сабақтарында жүреді. Сабақтың сыртын бір қабат эпидермис жауып түрады. Эпидермистің астында арқаулық (механикалық) және ассимиляциялық ұлпалардың бөліктерінен тұратын қабық қабаты орналасады. Оның астында ішінде үлкен- үлкен қуыстары бар негізгі паренхималық қабат жатады. Алғашқы қабық эндодермамен аяқталады. Орталық цилиндрдің ортасын, негізгі паренхималардан тұратын, өзек алып жатады. Өзектің клеткалары келешегінде ыдырап қуыс түзеді. Орталық цилиндрдің шет жағында орналасқан, өткізгіш ұлпалары шоқ түзеді. Шоқтары коллатералды, жабық, соңдықтанда сабақта тамыр секілді екінші рет қалыңдау болмайды. Яғни сабақтың алғашқы құрылысы оның өмірінің соңына дейін сақталады.
Спора түзетін сабақтары біршама жуан, түсі қоңырлау, хлорофилсіз, бұтақталмаған, биіктігі 15-30см. дей болып келеді. Олардың да буындары 8-9 иректелген тістері бар, түтік тәрізді болып келетін қынапшаларымен (влагалищелермен) жабылып тұрады. Спора түзетін масақтары сабақтың ұштарында жетіледі. Споралары түзілгеннен кейін сабақ солып құрайды. Спорофилдері (спорангифоры) алты бұрышты қалқаншадан және оны масақтың өсіне бекітіп тұратын аяқшадан, қалқаншаның астынғы бетінің шетінде орналасқан, қапшық тәрізді спорангилерден тұрады. Спораларының үлкендігі бірдей болады. Элатералары спираль тәрізді бұралған ленталардан тұрады. Олардың ұштары қасықтың сабы секілді жалпайған болып келеді. Топырақта спорадан хлоро-фил дәндері бар гаметофиттер жетіледі. Гаметофиттер тармақтал-ған жақтаулары бар, физиологиялық жағынан бір- бірінен айырмашылықтары бар пластинкалар. Аталық гаметофиттерінде антеридийлері пайда болады, ал олардың ішінде көп талшықтары бар спермотазоидтар жетіледі. Ұрақтануы сумен байланысты. Спорофиттің ұрығы тыныштық кезеңін басынан өткізбейді.
Сонымен бұл түрдің морфологиялық тең споралылығы, физиологиялық әртүрлі споралылығымен алмасып отырады.