Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BOTANIKA.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

25.Архегониялы жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Жалпы сипаттама.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің денесі жапырақтарға және сабақтарға бөлінеді.Олардың басым көпшілігінің тамыры болады.Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жыныс органдары :Аталығы -антеридий және аналығы- архегоний барлық уақыт та көп клеткалы.Осы жағынан олар төменгі сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің бір клеткалы жыныс органдарынан айқын айырмашылығы болады.Антеридий онша үлкен болмайтын сопақтау немесе шар тәрізді денешік, оның сыртын бір немесе бірнеше қатар жыныссыз клеткалар қаптап жауып тұрады ( антеридідің қабықшасы). Архегонии – үлкен болмайтын бутулка немесе колба тәрізді денешік. Архегоний төменгі, кеңейген бөліктен- құрсақтан және жоғарғы жіңішке- мойыннан тұрады. Архегонидің сыртын жыныссыз клеткалар қоршап тұрады. (архегоний қабықшасы ) олар архегонидің ішіндегі заттарды кеуіп кетуден сақтап тұрады. Архегониді құрсағында аналық гамета – жұмыртқа клеткасы, ал жұмыртқа клеткасының үстінде құрсақтың канал клеткасы орналасады. Аса жақсы жетілген жабық тұқымды өсімдіктер мен кейбір ашық тұқымдылардың (Gnetum, Welwitschia - ларда) архегонилері болмайды. Архегонилерде гаметалардың саны азайған, бірақ олар біршама үлкейген және қозғалу қабілетінен айырылған. Алғашқыда гаметалардың гаметалардың барлығы ұрықтануға қабілетті болған ., кейіндеу олардың біреуі ғана ең ірісі – жұмыртққа клеткасы ұрықтанатын болған. Қалғандары ұрықтану қабілетінен айырылып жаңа қызмет атқарған. Дәоірек айтқанда олар сперматазойдтты жұмыртқа клеткасына өткізіп откан. Осылайша құрсақ және мойын канал клеткалары қалыптасқан. Антеридийлер мен архегонийлердің гомологтігі, олардың арғы тегінің бір екендігін көрсетеді.

26. Lycopodiophyta– Плаундар бөлімі. Жалпы сипаттама. Классификациясы. Құрылысы.

Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялылар тармағы – Cormobіonta

archegonіatae

Плаун тəрізділер бөлімі (плауновидные) – Lycopodіophyta

Жалпы сипаттама.Плаун тəрізділер өте ертеде пайда болған өсімдіктердің бірі. Олар эволюцияның ұсақжапырақтылар линиясын түзеді. Қазіргі кездегі өкілдері көпжылдық мəңгі жасыл шөптесін өсімдіктер, ал жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштарыда болған. Плаундардың спорофиттері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сабағы мен тамырының камбиі болмайды. Жапырақтарының тілшелері болмайды. Спораларының мөлшері бірдей. Гаметофиттері қосжынысты, 1-15 жылдың арасында пісіп жетіледі.

Көптеген түрлері жойылып кеткен. Қазіргі кездегі флорада кластың екі туысы бар. Оның ең көбі жəне кең таралғаны плаун (Lycopodіum). Плаундардың шаруашылықтағы маңызы шамалы. Оларды мал жемейді. Плаундардан дəрі алынады. Плаундардың спорасы ертеден медицинада қолданылып келген, оның құрамындағы май ешуақытта кеппейді (тоңбайды).

Оларды жас баланың тақымына себетін ұнтақ (детская присыпка) ретінде пайдаланады. Кейде мұндай спораларды қалыпқа құйылған заттың қабырғаларын жылтырату жəне олардың сырт формасын əдемі көрсету мақсатында пайдаланады.

Классификациясы. Бұл болім екі кластан тұрады: плаундар класы (Lycopodіopsіda) жəне полушниктер класы (Іsoetopsіda).

Плаундар класы (плауновые) – Lycopodіopsіda Бұл класқа тең споралы плаун тəрізділер жатады. Плаундар класына мынадай үш қатар жатады: астероксилондар қатары (Asteroxylales), плаундар қатары (Lycopodіales), протолепидодендрондар қатары (Protolepіdodendrales). Бұлардың біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатары ертеде жойылып кеткен фикустар тұқымдасынан (Drepanophycaceae) жəне осы кластың қазіргі кезге дейін жеткен плаундар тұқымдасынан (Lycopodіaceae) тұрады.

Құрылысы. Спорофитінің жер беті бұтақтары болады, оны ұсақ, кейде тіптен қабыршақ тəрізді жапырақтары (микропиллия) қаптап жауып тұрады. Олар нашар дифференцияланған, 1-2 тарамдалмаған жүйкелері болады. Буындары мен буынаралықтары нашар жетілген. Спорофиттің жер асты бөлігі тамырсабақ түрінде берілген, одан көптеген қосалқы (придаточные) тамырлары кетеді. Жерасты жəне жербеті өстері жоғарғы ұштары арқылы бұтақтанады. Өстің жоғарғы ұшында спорангилері жиналып масақ түзеді, сиректеу олар сабақта спора жетілетін аона түзеді. Спорангилерді

жекелей алып қарар болсақ, олар жапырақтардың (спорофиллдердің) үстінгі жағында орналасады. Споралардың мөлшері (размері) бірдей немесе əрқилы болып келеді. Басқаша айтқанда тең споралы да жəне əртүрлі споралы да түрлері болады. Гаметофиттері жердің астында жетіледі, ұзындығы 2-20 мм-ден аспайды, сапротрафты қоректенеді. Ұрықтануы сумен байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]