- •2.Диатомды балдырлар (диатомовые водоросли) – Diatomophyta.
- •3.Pheophyta–Қоңыр балдырлар бөліміне жалпы сипаттама беріңіз. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •4. Эвгленалы, динофиттер балдырлар бөлімінің жалпы сипаттамасы. Өкілдері. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •5.Хризофиттер,ксантофиттер балдырлар .Жалпы сипаттама.
- •6. Қызыл балдырлар бөлімі (Красные водоросли) - Rhodophyta.. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •7. Б а л д ы р л а р (в о д о р о с л и) – a l g a e. Жасыл балдырлар бөлімі (Зеленые водоросли) - Chlorophyta.
- •8. Вольвоксты балдырлар класы (Вольвоксовые) –Volvocophyceae.
- •9. Хара балдырлар бөлімі. Классификациясы. Классификациясы. Көбеюі. Құрылысы.
- •10. Балдырлардың жалпы сипаттамасы. Цитологиясы, физиологиясы, биохимиясы
- •11. Ulothrichophyceae кл.–Улотриксті балдырлар класы. Көбеюі. Таралуы.
- •12. Экологиялық балдырлар топтары. Мысалдар.
- •13. Mycota бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Экологиялық топтары.
- •14. Саңырауқұлақтар бөлімі. Классификациясы. Көбеюі, қоректенуі.
- •15.Chytriodiomycota бөлімінің жалпы сипаттамасы. Морфологиясы. Систематикасы. Экология
- •16.Oomycota бөлімінің жалпы сипаттамасы. Морфологиясы. Систематикасы. Экология
- •17.Қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер класы (Сумчатые грибы или аскомицеты) – Ascomycetes.
- •18.Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes
- •19.Deuteromycota-Жетілмеген саңырауқұлақтар бөлімі.Практикалық маңызы.
- •20. Саңырауқұлақтардың экологиялық топтары. Мысалдар
- •21. Bryophyta – Мүк тәрізділер бөлімі. Жалпы сипаттамасы. Классификациясы. Таралуы.
- •23.Бауыр мүктер класы (печеночные мхи) – Hepatіcopsіda.
- •24. Шымтезек мүктер кластармағы (сфагновые,или сфагниды)– Sphagnіdae.
- •25.Архегониялы жоғарғы сатыдағы өсімдіктер. Жалпы сипаттама.
- •26. Lycopodiophyta– Плаундар бөлімі. Жалпы сипаттама. Классификациясы. Құрылысы.
- •27.Equisetophyta – қырықбуындар тəрізділер бөлімі. Жалпы сипаттама.Классификациясы. Құрылысы.
- •28.Polypodiophyta –Папортник тəрізділер бөлімі. Жалпы сипаттама.
- •29.Ашық тұқымдылар, немесе қарағайлар бөлімі (голосеменные, или сосновые) - Gymnospermatophyta, Pіnophyta
- •30.Қос жарнақтылар, немесе магнолиопсидтер класы (Двухдольные или магнолиопсид) – Dіcotyledoneae, Magnolіopsіda.
- •31. Раушан гүлділер тұқымдасы. Жалпы сипаттама. Систематика, экология. Практикалық маңызы
- •32. Талдар, шамшаттар, қайындар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Систематика, экология. Практикалық маңызы.
- •33. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер–Cormobionta. Жалпы сипаттама. 0Классификация, экология. Практикалық маңызы.
- •34. Магнолиялар, тұңғиықтар, бөріқарақаттар, сарғалдақтар тұқымдастары. Жалпы сипаттама. Магнолиялар тұқымдасы (магнолиевые)- Magnolіaceae
- •35. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің вегативтік жəне репродуктивтік органдары. Олардың қызметі.
- •36. Астрагүлділер тұқымдасы. Морфологиясы, экологиясы. Гүлдердің типтеры. Мысал келтіріңіз.
- •37.Алқалар, ерінгүлділер тұқымдастары. Морфологиясы, экологиясы. Гүлдері. Мысал келтіріңіз.
- •38. Қалақайлар, қалампырлар, алабұталар, тарандар тұқымдастары.
- •39. Көкнәрлер тұқымдасы (маковые) – Papaveraceae
- •40. Бұршақтар тұқымдасы (бобовые ,или мотыльковые) - Fabaceae, Papіlіonaceae
- •41. Балдырлардың талломының структуралық типтерінің (паренхиматозды, харофитты, пальмелоидты) жоба суреттін келтір. Мысал келтір.
- •42.Conjugatophyceae - Коньюгациялы балдырлар. Спирогираның құрылысы. Конъюгация. Жоба суреттерін белгілермен келтір.
- •43. Балдырлардың талломының структуралық типтерінің (амебоидты,
- •44.Осциляторияның сыртқы бейнесі. Жоба суретін белгілермен келтір.Трихомасының типін ата.
- •45.Анабенаның сыртқы бейнесі. Жоба суреттін келтір. Трихомасының типін ата.
- •46. Диатомды балдыр. Пиннулярияның жоба суретін белгілерімен келтір.
- •47. Қоңыр балдырлар бөлімі. Ламинария өсімдігінің даму циклінің схемасын түз.
- •48. Саңырауқұлақтар бөлімі. Заманауи классификациялық жүйенің сызбанұсқасын түзіңіз.
- •49. Холобазидимициттер класстармағы. Шампиньонның сыртқы бинесі, жоба суретін келтіріңіз.
- •50. Телебазидимициттер класстармағы. Тат саңырауқұлағының даму циклінің сызба нұсқасын келтіріңіз.
- •51. Euascomycetidae–Эуаскомицеттердің жемісті денесінің түрі. Жоба суретін белгілермен келтір. Мысал келтір.
- •52.Базидиомицеттер класы (Базидиомицеты) – Basіdіomycetes
- •53.Hepaticopsida –Бауыр мүктер класының негізгі өкілі–кəдімгі маршранцияның
- •54. Lycopodium clavatum –Шоқпарбас плаунның құрылысына тоқталыңыз.Көбеюі қалай жүреді.
- •55.Устица аппараты. Оның түрлері. Жоба суретін келтіріңіз.
- •56. Өткізгіш шоқтар. Шоқтардың түрлері. Жоба суретін келтіріңіз.
- •58. Кирказон өсімдігі сабағының анатомиялық құрылысының жоба суретін келтіріңіз.
- •59. Камелия жапырғының анатомиялық құрылысының жоба суретін келтіріңіз
- •60. Қарағай қылқанының құрылысы. Қабаттары. Жоба суретін келтіріңіз
17.Қалталы саңырауқұлақтар немесе аскомицеттер класы (Сумчатые грибы или аскомицеты) – Ascomycetes.
Қалталы саңырауқұлақтарға 30 мыңдай түр жатады. Олардың мицелийлері субстратқа еніп жататын, бірнеше бөліктерге бөлінген (членистый) гифалардан тұрады. Субстраттың бетінде тек жыныстық көбею органдары орналасады. Қалталы саңырауқұлақтардың түрлерінің дені (көпшілігі) сапрофиттер. Олар негізінен топырақты мекендейді де, өсімдіктердің шірінділерімен және тағамдардың қалдықтарымен қоректенеді. Сонымен бірге бұлардың бірқатары өсімдіктердің, сиректеу жануарлардың және адамның паразиттері болып келеді. Кейбіреулері өмірлік циклын паразит ретінде бастап, сапрофит ретінде аяқтайды.
Көбеюі. Жыныссыз көбеюі конидиялары арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбеюі қарапайым түрлерінде мицелидің екі жіпшесінің (члеников) бірігіп кетуі арқылы жүреді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ, оның диплоидты ядросы бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде сегіз гаплоидты аскаспора пайда болады. Жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтарда жыныстық көбею органдары болады: аналық жыныс органы-архикарп және аталық жыныс органы - антеридий деп аталынады. Архикарп екі клеткадан тұрады: төменгі бүйірленген - аскогеннен және жоғарғы цилиндр тәрізді - трихогинадан. Антеридий – бірғана цилиндр тәрізді клеткадан тұрады. Осы екі органда (мүше) әдетте көп ядролы болып келеді. Антеридий трихогинаның үстінгі ұшына жақын орналасады, оның ішіндегі заттары архикарпқа құйылады, нәтижесінде екі жыныс клеткасының цитоплазмалары қосылады. Бірақта шығу тегі әртүрлі болып келетін ядролары аскогендік (аналық) және антеридиалық (аталық) қосылмайды, олар екеу-екеуден жақындасып дикариондар түзеді. Осы жағдайдан соң аскогеннен тарамдалған аскогендік гифалар кетеді. Олардың ішіне дикариондар өтеді де бөліну арқылы көбейеді. Әрбір аскогендік гифаның ішінде бір ғана дикарион болады. Жыныстық процестің аяқталу кезеңінде аскогендік гифаның ұшы жағындағы бөлігінде дикариондардың ядролары қосыладыда зигота түзіледі. Зигота бірден мейоз жолымен, содан соң митоз арқылы бөлінеді. Нәтижесінде сегіз (кейде төрт) гаплоидты клеткалар - аскаспоралар пайда болады. Аскогендік гифалардың ұш жағындағы аскаспоралары бар бөліктері кеңейіп өсіп аскаларға немесе қалталарға айналады. Сонымен жоғарғы деңгейде жетілген қалталы саңырауқұлақтардың өмірлік циклында үш түрлі фаза (кезең) алмасып келіп отырады: гаплоидты (циклдың көптеген бөлігі), дикарионды және өте қысқа диплоидты. Қалталардың арасында барлық уақытта жыныссыз гифалар - парафиздер болады. Олар қалталарды бір-бірінен бөліп тұру үшін қажет, сонымен бірге аскоспоралардың шашылуында қамтамасыз етуі мүмкін. Аскалар мен (қалталар) парафиздер гимениалды қабатты немесе гименийді түзеді. Аскомицеттердің гимениалды қабаты жалған ткань-плектенхимадан тұратын жемісті денелерінде орналасады.
Құрылысы қарапайым болып келетін қалталы саңырауқұлақтарда жемісті дене түзілмейді, қалта бұларда аскогендік гифалардан тұратын мицелидің кез-келген жерінен пайда болады.
Жемісті денесінің болуына немесе болмауына және олардың түзілу ерекшелігіне қарай қалталы саңырауқұлақтар (аскомицеттер) үш кластармағына бөлінеді: гемиаскомицеттер, эуаскомицеттер, локулоаскомицеттер.
