
26 Конкурс
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:
Макроэкономика және қаржы статистикасы департаментінің директоры, лауазымдық жалақысы – 25000 теңге. Үміткерге қойылатын талаптар:
- жоғары экономикалық немесе қаржылық білім бойынша жұмыс
өтілі 5 жылдан кем емес;
- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу;
- ғылыми дәрежесі болғаны дұрыс;
- компьютермен жұмыс істей білу (Word, Excell).
Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мынадай құжаттарды тапсыруы керек:
-өтініш;- сауалнама;- жеке іс парағы;
- диплом көшірмесі;
- денсаулығы туралы анықтама;
-еңбек кітапшасының көшірмесі;- 3 х 4 өлшемді фотосурет;
- мекенжайы туралы мәлімет;
- түйіндеме.
27Құттықтау хат
Құрметті әріптестер ме қонақтар! Сіздерді 25қазан-ҚР күні мейрамымен құттықтаймыз!
Көгінде көк байрағы желбіреген тәуелсіз елімізді әлемдік деңгейге көтеру,жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру мен көлік қызметін кемелдендіру мақсатында атқарылып жатқан әстеріңізге табыс пен сәттіліктер,отбасыларыңызға құтөбереке,игілікті қуаныштар тілейміз.
Әкімшілік.
28 Анықтама
Анықтама – белгілі бір мәселе бойынша мәтін немесе кесте түрінде хабар беретін құжат. Анықтаманың екі тобы болады: бірі қызметтік сипаттағы жағдайларды анықтап, мүдделі тұлғалар мен кәсіпорындарға беріледі, екіншісі атқаратын қызметі, жалақысы, тұратын жері т.б. мәліметтерді растайды.
АНЫҚТАМА
Осы анықтама азамат Әлібек Нұржанұлына берілді. Әлібек Нұржанұлы Алматы қалалық көлік департаментінде экономист болып жұмыс істейді.
Анықтама Бостандық аудандық салық инспекциясы үшін берілді.
Алматы қалалық көлік департаментінің бастығы А.Салықов
2005ж. 15 ақпан.
29 Телефонхат
Телефонхат – радио немесе телефон арқылы жеткізілетін жедел құжат. Бұл жағдайда бір мекеменің лауазымды адамы екінші мекеменің лауазымды адамымен тікелей сөйлесе алады. Жоғары лауазымды адам төмен лауазымды адамға тікелей тапсырма береді, ал төмен лауазымды адам сол адамға тапсырманы орындағанын хабарлайды.
Егер бірнеше мекеме бастықтарына қатысты жедел қаралатын мәселе болса, онда телефон хатты лауазымды адамның хатшысы бере алады, сондықтан телефонхатты қабылдаған адам өзінің аты-жөнін айтуы керек. Телефонхат арнайы журналға тіркеледі, содан кейін өзінің бастығына хабарлайды; сағат нешеде хабарлағанын журналға жазады. Телефонхат қабылдаушы алған хабарды уақытылы орындамаса, ол адам жауапқа тартылады.
Телефонхаттың құрылымы
- телефонхат алушының толық аты-жөні;
- негізгі мәтін 9-10 сөйлемнен аспауы керек;
- жіберушінің толық аты-жөні;
- ақпаратты телефон арқылы жіберуші;
- телефонхат жіберілген уақыт, айы, күні, жылы.
«Полиграфия» Күрті аудандық «Шұғыла» газетінің редакторы Ә.Нұриевке
Қабылдап алған - хатшы
Нарымбетова тел: 2-22-82.
өндірістік
бірлестігі
Хабарлаған – хатшы
Нұрымжанова
Тел: 92-58-47
ТЕЛЕФОНХАТ
00/00/00 № 16 12 сағ. 30 мин.
Алматы
15.04.10 ж. Са. 15. 30-да бірлестіктің акт залында Алматы облысының аудандық газеттері редакторларының бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша мәжілісі өткізіледі. Бірлестіктің мекен-жайы: Байзақов көшесі, 85-үй.
Бірлестіктің бас директоры И.С. Ақылбеков
30 Түсіндірме хат
Түсіндірме хат – негізгі құжаттың әртүрлі бөлек жағдайларының мазмұнын ( жобаның , бағдарламаның, есептің т.б.) немесе еңбек тәртібін бұзу себебін, қандайда бір тапсырманың орындалмауын түсіндіретін құжат.
ТҮСІНДІРМЕ ХАТТЫҢ деректемелері:
-мекеменің аты ( министрлік немесе басқару мекемесінің аты, құрылымдық бөлім) – құжат авторы:
-құжаттың түрі – ТҮСІНДІРМЕ ХАТ:
-күні, уақыты , нөмірі ( егер қажет болса):
-мәтінге бұрыштама:- мәтіні:-қол қою;
-орындалуы және іске асырылуы туралы мәлімет.
Есепті мерзімінде өткізбегені туралы(Бағалы қағаздар бөлімі) (лауазымы)
(аты-жөні)
ТҮСІНІКТЕМЕ
(күні.айы.жылы)
Бөлімнің (жыл) жылдың (тоқсан) тоқсанына арналған жиынтық есебін факс-модем байланысының бұзылуына және банктің (филиал) филиалындағы есеп беру мәліметтерінің болмауына байланысты белгіленген мерзімде өткізе алмадық.
(лауазымы) (аты-жөні)