- •49 XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз.
- •83.XIX ғ. Аяғы – XX ғ. Басында орыс шаруаларын Ресейден Қазақстанға қоныс аудару.
- •109. Ұжымдастыру жылдары қазақ шаруаларын жаппай отырықшылыққа күштеп көшіру. Нәтижелері және салдары.
- •122. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.
- •163. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: қр Конституциялық Кеңесі.
- •165. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауы.
- •166. Н.Ә.Назарбаевтың 13 қазан 2009 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰу – де профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге оқыған дәрісі және оның негізгі бағыттары.
- •169. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •170. «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •180.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың ролі мен қызметі.
169. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
Жылдар жылжып, уақыт өткен сайын Тәуелсіздігіміздің мәні жарқырай ашылып, маңызы арта түскенін бүгінгі өмірдің өзі көрсетіп отыр. Қол жеткен табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы сан рет айтылды да, жазылды да. Мен оларды тағы да қайталап жатудан аулақпын. Тек олардың қатарында еліміздің рухани әлемін дамуында бірден-бір үлес болып табылатын, ұлттық мәні зор «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын қосар едім. Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.Осы орайда “Мәдени мұра” бағдарламасы - мәдениетке деген мемлекеттік көзқарастың соны стратегиялық ұстанымын айқындаған маңызды жоба болды. Ол жаңадан қалыптасып жатқан қазақстандық қауымдастықтың әлеуеті мен гуманистік бағыт-бағдарын танытты.Бұл Бағдарламаны қабылдағанда біздің алдымызға қойған басты мақсатымыз - халқымыздың өскелең рухани-мәдени сұранысын қанағаттандыру болатын.Бағдарламаны жүзеге асырушы Қоғамдық кеңестің алдына бірнеше міндеттер қойылды.Ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс-жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігі міндеттелді.Екіншіден, қазақтың тарихи-мәдени ескерткіштерінің көпшілігі кең сахарамызда шашыла орналасқаны белгілі. Олардың біршамасы бұған дейін тиіп-қашып жөнделсе де, қалпына келтіру, жаңарту жұмыстары жүйелі түрде қолға алынбаған еді.Оның өзіндік себептері де бар болатын.Кеңес заманында көне тарихты қопарудың қажеті жоқтай жасқаншақтап, коммунистік идеологияның жымысқы саясатынан аса алмадық. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қолымыз қысқа болды.Осы жағдайды жан-жақты ескеріп, бағдарлама аясында жер-жерде шашыла орналасқан еліміздің аса маңызды деген тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштеріне зерттеулер жүргізіп, оларды ғылыми негізде қайта жаңғырту жұмыстарын қолға алу туралы тапсырма берілді.Үшіншіден, қазақ шын мәнінде бір дүниесімен мақтанар болса, ол - фольклорымыздың байлығы ғой. Ежелден сөз өнерін қасиет тұтқан елміз. “Қазақ халқының фольклоры жүз томнан асады” деген әңгімені біз естігелі қанша заман болды! Сөйте тұра, осы шаруада да істен гөрі сөз көбірек болды. Ертегісі бар, батырлар жыры бар, айтысы мен дастаны бар оннан астам кітапты анау бір жылдары шығарғанымыз есімізде. Сосын оның аяғы да құрдымға кетті.Осыған байланысты мамандарға ауыз әдебиетінің бар байлығын жарқырата шығарып, қазақтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін зерделеудің тұтастай жүйесін жасау міндеттелді. Ұлттық әдебиет пен жазуымыздың көп ғасырлық тәжірибесін қорытып, том-том етіп оларды кітап түрінде тарату жүктелді.Төртіншіден, кеңес дәуірінде баяғыда қазақ тіліне көп шығармалар аударылған сияқты көрінетін және әлемдік классиканы түгел аударып тастағандай сезінуші едік.Сөйтсек, бұл шаруада да тындырғанымыз шамалы болып шықты.Аударма саласында мүлдем жүйе болған жоқ. Әлемдік классика да үзіп-жұлып қана аударылған. Әйтеуір, орыстың классикалық әдебиеті ғана біршама қамтылыпты. Содан кейінгі аудармалардың баршасы дерлік кеңес әдебиетінің туындылары.Сондықтан, әлемдік көркем әдебиеттің де ең үздік туындыларын жүйелі түрде ана тілімізге аудару қажеттігі туды. Оған қосымша әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениеттің озық үлгілерін қазақшалау негізінде гуманитарлық білім берудің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау ойластырылды. Сайып келгенде, осының бәрі мемлекет болып қалыптасуымыз үшін, ұлт болып топтасуымыз үшін қажет жағдай. Әлемдік ғылым мен мәдениеттің озық жетістіктерін бойымызға сіңіре отырып, қазақстандықтардың рухани кемелденуі, өркениет көшінен кейін қалмауы ең негізгі мақсат етілді.Өздеріңіз білесіздер, кейінгі жылдарда Қазақстанның Ресейдегі жылы, Ресейдің Қазақстандағы жылы деп атаудың арқасында біз Абай бабамыздың ескерткішін Мәскеудің дәл ортасына орнатқыздық. Бұл да үлкен жетістік болып табылады.Ал рухани-мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу - мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс.Әлемдік ғылым мен білімнің асыл қазыналарын қазақшалау арқылы біз мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесін негізгі мақсат етіп қойдық. Келешекте мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының бағдарламаларын осы «Мәдени мұра» кітаптары негізінде қайта қарап, толықтыру мәселесі де ойластырылуы қажет.Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік. Рухы биік халықтың іргесі де берік, әлеуеті де қуатты, ынтымағы да жарасты болмақ деп есептеймін.Мінеки, бұдан төрт жыл бұрын менің халыққа Жолдауымда айтылған, содан кейін қабылданған және бүгін мәресіне жетіп отырған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасының алдына осындай мақсаттар мен міндеттер қойылған болатын.Менің Жарлығымен құрылған Қоғамдық кеңес, оған төрағалық еткен Иманғали Тасмағамбетов, Мұхтар Құл-Мухаммед және мәдениет, ақпарат, білім министрліктері өткен үш жылда орасан зор қызмет атқарды.
