
- •49 XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз.
- •83.XIX ғ. Аяғы – XX ғ. Басында орыс шаруаларын Ресейден Қазақстанға қоныс аудару.
- •109. Ұжымдастыру жылдары қазақ шаруаларын жаппай отырықшылыққа күштеп көшіру. Нәтижелері және салдары.
- •122. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.
- •163. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: қр Конституциялық Кеңесі.
- •165. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауы.
- •166. Н.Ә.Назарбаевтың 13 қазан 2009 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰу – де профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге оқыған дәрісі және оның негізгі бағыттары.
- •169. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •170. «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •180.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың ролі мен қызметі.
166. Н.Ә.Назарбаевтың 13 қазан 2009 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰу – де профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге оқыған дәрісі және оның негізгі бағыттары.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері алдында оқыған дәрісі ешкімді де бейжай қалдырған жоқ. “Себебі, сан алуан. Негізгі түйін –дағдарыс себептері, одан кейінгі дүниеге интеллектуалдық көзқараспен, тың талпыныспен қадам басу. Нұрсұлтан Әбішұлы “Әр азаматтың денсаулығы, интеллектісі және білімі қандай болса, мемлекеттің әлемдік қоғамдастық жүйесіндегі жоғары бәсекелестікке қабілеті де соншалықты болмақ” деп, еліміздің келешектегі дамуында адами капиталдың, ұлт әлеуметінің атқаратын рөліне баса назар аударды. Бүгінде еліміз экономикалық қарқынды дамуымен де, саяси тұрақтылығымен де әлемдік қауымдастыққа кеңінен таныла бастады. Қазақстан тәуелсіздігін бекем бекітіп, саяси және экономикалық дербестікке қол жеткізді. Тәуелсіздіктің тағы бір маңызды сипаты –интеллектуалдық-идеологиялық еркіндік. Елбасы өзінің дәрісінде еліміздің осы талап тұрғысынан дамуындағы білім мен ғылымның, сонымен бірге, жастардың белсенділігіне айрықша мән берді. Шындығында, ел болашағын озық технологиялар мен инновацияларды терең меңгерген жас мамандарсыз, қазіргі студенттер мен мектеп оқушыларынсыз көзге елестету мүмкін емес. Сол себептен Елбасының жыл сайынғы жолдауларында бұл мәселеге айрықша ден қойылып, “Болашақ”, “Интеллектуалды ұлт–2020”, “Инновациялық даму” бағдарламалары қабылдануының астарында тәуелсіз еліміздің алдағы дамуына алғышарттар түзілгенін байқаймыз. Жас ұрпақтың білімді, саулығы мықты болуы үшін “100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасымен салынып жатқан білім ордалары мен емдеу мекемелерінің ұлттың әлеуметтік тұрғыдан еңсе тіктеуіне ықпал етіп отыр. Дағдарыстың да өтетін уақыты келеді. Сол кезде Қазақстанға қай тұрғыда дамуды таңдау қажет? Елбасы өз дәрісінде, міне, осы мәселеге кеңінен тоқталды. Әлемдік қауымдастықты дүрліктірген дағдарыс кезінде қазақстандық қоғамның алдында тұрған міндеттерді шешудің ұтымды жолдары, оның жаһандық экономиканы тұралатардай екпініне қарсы қажетті ресурстар мен нақты бағдарламалар жасақталды. Елдегі әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық өсім, осы жұмыстардың дер кезінде қолға алынғаны әлеуметтік қиыншылықтан сақтап қалды. Бұл қазір дәлелденіп отыр. Енді Қазақстанның дағдарыстан кейінгі дамуы Елбасының дәрісінде төрт бағытпен айқындалды. Еліміздің қуатты экономикалық өңірлерінің бірі саналатын Атырауда осы бағыттарды іске асырудың мол мүмкіндігі бар. Мәселен, өңірде жаратылыстану ғылымдары, экология, энергетика салаларын кең ауқымда дамытуға қажеттілік бар. Елбасы дәрісіндегі төрт бағыттың, яғни биохимия, экоэнергия, экология және адам жасын ұзарту бағытындағы жұмыстардың біздің өңірге де қатысты тұстары көп. Қазір қуатты өңірдің ірі кәсіпорындарында шетелдік мамандар жұмыс істеп жатыр. Уақытша табыс табуға келгендер Қазақстанда тұрақтамайтыны белгілі, сол себептен оларды бәсекеге қабілетті ұлттық мамандармен алмастыру міндеті тұр. Бұл міндетті отандық білім мен ғылым, дәлірек айтқанда, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында патриоттық сезімде тәрбиеленген білікті жастар ғана орындай алады. Өз елінің тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, өз Отанын сүйген азамат қана елі үшін қызмет етеді. Елбасының студенттерге Абайды қазақша түпнұсқасынан оқып, шығарманың мәнін терең ұғыныңдар деуінде ұлттық рухпен, ұлттық намыспен қанаттансын деген мақсат жатыр. Жалпы, Елбасының бұл дәрісі ел дамуына ерекше жол ашқан бағыт-бағдар деп бағалаймыз. Университет жастары бұрын дәрісті теледидардан көрсе, енді басылымдардан нақтылай оқып, соны орындау ісіне өз үлестерін қосу үшін талпыныс жасап жатыр. ТІЛЕГІ БІРДІҢ ЖҮРЕГІ БІР.
167. Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар (1990-2011 жж.). Үкіметтік емес ұйымдар. Үкіметтік емес ұйымдар - қазіргі уақытта елімізде барлық әлеуметтік маңызды салалардың жұмысын жүзеге асыратын 5000-ға тарта үкіметтік емес ұйым қызмет етеді. 2002 жылы Үкімет қаулысымен үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың Тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың мақсаты мен басымдықтарын және оларды жүзеге асырудың тетіктері мен деңгейін айқындады. 2003 жылы үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003-2005жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның мақсаты - Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың тұрақты дамуына жағдай туғызу және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау мен өзара іс-қимыл негізінде олардың қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешудегі рөлін арттыру болып табылады. Тиісті өңірлік бағдарламалар бекітілген. Бүгінгі таңда облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің жанында билік пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын орнықтыратын кеңестер, ал орталық атқару органдарында салалық үкіметтік емес ұйымдар қатысуларымен консультативтік-кеңестік органдар құрылып, қызмет етуде. 2003 жылғы 14-15 қазанда Мемлекетбасшысының қатысуымен тұңғыш рет Азаматтық форум - үкіметтік емес ұйымдар республикалық съезді өтті. Форумның ұйымдастырылуы мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарның қоғамдық өзекті проблемаларды шешуде әріптестік негізіндегі өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдірудің бірлескен қадамдарын әзірлеуге мүмкіндік туғызды. 2005 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың отандық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясының II Азаматтық форум өткізу туралы бастамасын қолдады. 2005 жылы сәуірде республикалық бюджет есебінен әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуының құқықтық негізін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" Заңы қабылданды, II Азаматтық форумга дайындық шеңберінде Үкімет II Азаматтық форумга дайындық жүргізу және өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетін қүрды. Сонымен қатар қүрамына ірі үкіметтік емес ұйымдар мен облыстық қауымдастықтар басшылары енген Форумга дайындық жүргізу жөніндегі қоғамдық ұйымдастыру комитеті құрылды.
168.«Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Мен «Болашақ» Президенттік бағдарламасының алғашқы түлектерінің бірі екендігімді әрдайым мақтан тұтамын. Бүгінде көп жылдардан кейін осы бағдарламаның өзім үшін де, жалпы елім үшін мән-маңызы ерекше екендігін түсіндім. Ол мен сияқты көптеген жас қазақстандықтардың өмірі мен тағдырын өзгертті. «Болашақ» бағдарламасының идеясы Елбасымыздың көрегендігін айғақтайтын, стратегиялық маңызды шешім болды, деп санаймын. Бұл бағдарламаның идеясын «болашақтықтардың» 2008 жылғы қаңтардың 30-ында Астанада өткен форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған болатын. Бағдарламаның негізгі мақсаты ? жаңа формациядағы қазақстандықтарды тәрбиелеу және Қазақстанды бәсекеге қабілетті адами капиталы бар елге айналдыру. «Бұл ? дер кезінде көтерілген қажетті идея,-деді М. Шегебаев. - Қазақстанға ХХІ ғасырда қалай жұмыс істеу керектігін білетін адамдар керек. Олар ? кәсіби, ішкі және халықаралық үдерістерді жақсы меңгерген, мемлекеттік мүддені жеке бастың мүддесінен жоғары қоятын отансүйгіш, басқарушы, менеджменттің алдыңғы қатарлы тәсілдерін қолдануға дайын адамдар болуға тиіс. Елбасы дәл осы туралы айтты». Бағдарламаның басты міндеттерінің тағы біреуі ? ұлттың зияткерлік әлеуетін көтеру. Президент атап көрсеткендей, білім берудің заманауи озық үлгісін, экономикалық өмірдің жетілдірілген нысандарын жұртшылық үшін қолжетімді болатындай етуіміз қажет. Қазақстанды шикізат ресурстарына тәуелсіз, индустриялық экономикасы бар мемлекетке айналдыру үшін жоғары білімді адамы ресурс қажет. «Болашақ» бағдарламасы бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірегейі болуға тиіс. «Таяу жылдарда біздерге мемлекеттік басқару үшін де, бизнес үшін де жаңа заманауи және әсерлі басқарушыларды қалыптастыру қажет болады. Қазақстанның алдына бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына ену міндеті қойылып отыр. Сонымен қатар, біз «Еуропаға жол» бағдарламасын жүзеге асыруға талаптанып отырмыз», ? деп қорытты М. Шегебаев.