- •49 XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз.
- •83.XIX ғ. Аяғы – XX ғ. Басында орыс шаруаларын Ресейден Қазақстанға қоныс аудару.
- •109. Ұжымдастыру жылдары қазақ шаруаларын жаппай отырықшылыққа күштеп көшіру. Нәтижелері және салдары.
- •122. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.
- •163. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: қр Конституциялық Кеңесі.
- •165. Қр Президенті н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауы.
- •166. Н.Ә.Назарбаевтың 13 қазан 2009 ж. Әл-Фараби атындағы ҚазҰу – де профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге оқыған дәрісі және оның негізгі бағыттары.
- •169. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.
- •170. «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы және оның маңызы.
- •180.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент н.Назарбаевтың ролі мен қызметі.
122. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.
Соғыс жылдары Қазақстанда Қазақстанда 12 атқыштар және 4 атты әскер дивизиясы,7 атқыштар бригадасы және 50-ге жуық жеке полктер мен батальондар жасақталып,майданға аттандырылды.Қазақстан аумағында жасақталған әскери құрылымдар соғыстың алғашқы күндерінен бастап ерлікпен шайқасты.Әсіресе,Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтар үлкен құрметке ие болды.Мәскеу бағытындағы негізгі жолдардың бірі-Волоколамск тас жолын қорғауда Алматыда жабдықталған 316-атқыштар дивизиясы генерал-майор Панфиловтың басшылығымен теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Қысқа уақыт ішінде дивизия жауынгерлері жаудың танк,моторлы және екі жаяу әскер дивизияларын талқандады.Мәскеу түбіндегі шайқаста,әсіресе Саяси жетекші Ключков басқарған бөлімше -28 панфиловшылар жаудың 50 танкісіне тойтарыс беріп,асқан ерлік көрсетті.1941 ж.17 қарашада дивизияға 8-гвардиялық деген атақ беріліп,кейінірек Қызыл Ту,Ленин ордендерімен,ал Риганы жаудан азат еткені үшін екінші дәрежелі Суворов орденімен марапатталды.Бұл шайқаста ерлік көрсеткен 28 жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбіндегі шайқаста өз батальонмен жау қоршауын үш рет бұзып шықты.Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен,9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.Белгілі орыс жазушысы А.Бектің *Волоколамское шоссе* повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне айналды.Сөйтсе де,Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігі өз дәрежесінде мойындалмай,тек 1990 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Қазақ қыздары да соғыс ауыртпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді.Алғашқы кезден соғысқа сұранып,әскери комиссарияттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды.Қазақ арулары түрлі әскери болып,ерен ерлік үлгісін көрсетті.Қолдарына қару алып,майданға аттанған қазақ жұлдыздары-Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын паш етті.Авияция саласын меңгерген қазақ қызы-Х.Доспанова Кеңес Одағының батыры Раскова басқарған әйелдер авияциясының құрпмында авияция штурманы болып 300-ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004ж Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. Шығыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті.Шығыс Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды.Олар-Андреев,Беда,Брилин,Абилов,Кутурга т.б.
Словакия аумағын жаудан азат етуге 4- Украина майданы құрамында қазақстандық 8- атөыштар дивизиясы қатысты.Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8- атқыштар дивизиясының құрамындағы 62- артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен,151- Кармат полкі 3- дәрежелі Кутузов орденімен,310- атқыштар полкі 3- дәрежелі Суворов орденімен марапатталды. Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2,8,5- әуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты.Шайқастардағы ерлігі үшін Батеньков пен Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.Қорыта келе,Ұлы Отан соғысына тартылған қазақстандықтар санына тоқталайық.Соғыстың алдында Қазақстанда 6,2млн адам тұрды.Соғыс жылдары қолына қару алып,майданға 1,9млн адам аттанды. Майдандағы ерлігі үшін 520 қазақстандықтың,оның ішінде 100-ден астам қазақтың Кеңес Одағының Батыры атағын алуы-ортақ Отанын қорғауда қазақ ұлтының суырылып алға шыққанын көрсетеді.
123.Фашистік басқыншыларға қарсы соғыс жылдары (1941-1945жж)қазақстандықтардың ірі шайқастарға қатысуы және олардың ерліктері 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия әскері Кеңес одағына тұтқиылдан,соғыс жарияламастан басып кірді.Кеңес халқының Ұлы Отан соғысы,яғни Отанын шетел басқыншыларынан азат ету соғысы басталды.Германия КСРО-ға қарсы барлық қарулы күшінің 70%-5,5 млн адамнан тұратын 190 дивизия ,4300 танк,5 мың ұшақ шоғырланды.Батыс шекаралық округтердегі Қызыл Әскер күштерімен салыстырғанда Германия әскери күші адам ресурсінен екі есе,танктен үш есе,ұшақтан 3 есе,артиллериядан-1,3 есе басым болды.Брест қорғаушылары алғашқы ұрыстың өзінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті.Брест шекаралық отряды жауынгерлердің құрамында жаудың алғашқы соққысына Мүсірепов,Лобанов,Абдрахманов,Иманқұлов,Наганов,Батталов және басқа қазақстандық жауынгерлер қарсылық көрсетіп,айрықша ерлікпен көзге түсті.*Барбаросса* жоспары жүзеге аспағаннан кейін 1942ж Германия Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа жоспар қабылдады.Бұл жоспар бойынша фашистер негізгі күшін Сталинград пен Кавказды басып алуға бағыттады.Сталинград пен Кавказды басып алу операциясына фашистер құпия дайындалып,оған *Блау* деген ат қойды.Фашистер бұл жерлерді жаулап алуға үлкен мән берді.Өйткені фашистерге басып алған мемлекеттер аумағынан мұнай тасу қолайсыз болғандықтан ,Кавказ мұнайына үлкен үміт артты.Сонымен қатар Сталинград қорғаныс өнеркәсіптері көп орналасқан шикізат көзіне бай орталық болды.Сондықтан фашистер бұл бағыттағы соғыс қимылдарының сәтті аяқталуына үлкен мәнт берді.
Н.Әбдіров,минометші К.Сыпатаев пен Р.Рамазанов Сталинградты қорғаудағы ерліктері үшін Ұлы Отан соғысы батыры атағына ие болды.Сталинградта қаланы жаудан қорғауда ерлік танытқан қазақстандықтар құрметіне *Казахстанская*аталған көше бар.Бірнеше айға созылған Сталинград шайқасы 1943 ж басында жаудың жеңілуімен аяқталды.1943ж фашистер Кеңестер Одағын басып алу мақсатында жаңа операция жоспарланды.Бұл операцияға *Цитадель*деген ат беріп,жан-жақты дайындалды.Осы жылы Германияның әлсірегенін сезген бұрынғы одақтастары бастапқы міндеттерінен бас тартып,дүниежүзілік соғыстан шығу жолдарын іздеу үстінде болды.Сондықтан Германия бұл операцияның сәтті аяқталуына бар күшін салып,одақтастарын сақтап алуға тырысты.*Цитадель*операциясына фашистер 900000 әскер қатыстыруды жоспарлады.5- шілдеде басталған Курск шайқасы шілденің аяғында Кеңестер әскерінің жеңісімен аяқталды.Курск иіні мен Днепр шайқастарына көптеген қазақстандық әскери құрылымдар қатысты.Тек Курск иініндегі шайқастағы ерлігі үшін 123 қазақстандық Ұлы Отан соғысы Батыры атағына ие болды.
1944ж Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін,ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды.Осы жылы Кеңес үкіметі *Берлин*операциясын бастайды.Бұл операцияның мақсаты-неміс фашистерін Кеңестер Одағы аумағынан қуып,Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды.Германияны жеңгеннен кейін,Кеңестер Одағы әлемдік билікке талпынып,социалистік мемлекеттер жүйесін құруды жоспарлады.
124.Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы ерліктері.Қазақстандықтар жау тылындағы партизан қозғалысына белсене қатысты.1941ж КСРО ОАК мен БКП(б) ОК-нің 1941 ж 29 маусымындағы дерективасында жау басып алған аумақтарда жау армияларының бөлімшелерімен күресу үшін партизан отрядтарын құру көзделді.Осы жылдың 18 шілдесінде БКП(б) ОК*Германия әскерінің тылында күрес ұйымдастыру* туралы қаулы қабылданып,партизан қозғалысын ұйымдастырды.1941ж жазынан бастап жау тылында жабдықтала бастаған партизан ұйымдары құрамындағы жауынгерлер саны 1943ж соңында 1 млн жетті.1942ж мамырында Қызыл Армия мен партизан қозғалысының ұштасуын қадағалайтын Орталық,кейінірек республикалық және облыстық партизан қозғалысы штабтары құрылды.Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқастан қазақстандықтар құрамына тоқталайық.Украина аумағындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты.Атап айтсақ,М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ,Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың партизан отрядында 70 қазақстандық болды.Қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті.Мысалы,1942ж Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының командирі сайланып,Украина аумағында жаумен шайқаста үлкен ерлік көрсетті.Сонымен қатар Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев,Талдықорған облысынан П.С.Шленский,Қызылордадан-Байдаулетов,Шымкент облысынан-Ж.Омаров,алматылық-А.С.Егоров және т.б қазақстандықтар әртүрлі партизан құрылымдары қатарында шайқасты.Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке *Халық Қаһарманы* атағы берілді.
Белоруссия аумағын жаудан азат етуге де қазақстандық партизандар үлкен үлес қосты.Тек 1941ж Брест облысындағы Старосельск орманында 9 қазақстандық партизан жаумен шайқасты.Белоруссия аумағында ерлікпен шайқасқан отандас партизандар:Озмитель,Омаров,Қайсеитова,Салықов,Сыдыкова,Булаев,Данияров,Темірханов,Жұмабаева және т.б Смоленск облысында құрылған партизан бірлестіктерінің құрамы 45 ұлт өкілдерінен тұрды.Соның ішінде 2-Кляжнянск партизан бригадасында 19,С.Лазо атындағы партизан полкінде 40,ерекше партизан бірлестігі *Тринадцать*құрамында 48 қазақстандық болды.Жаумен шайқаста көрсеткен ерліктері үшін қазақстандық пратизандар әртүрлі мемлекеттік марапаттарды иеленді.А.С.Егоров пен Ф.Ф.Озмительге Кеңес Одағының Батыры атығы берілді.Соғыстан кейінгі жылдары орталық партизан штабының шешімімен тәжірибелі партизандарды шетел мемлекеттері аумағын аттандырды.Оларға партизан отрядтарын ұйымдастыру тапсырылды.Осы мақсатпен Қ.Қайсенов Румыния мен Чехословакияны,ал А.С.Егоров Словакияны,С.О.Төлешов,А.Г.Акимин-Польшаны жаудан азат етуге ат салысты.Жүздеген Қазақстандық соғыс тұтқындары Франция,Италия,Бельгия,Греция және т.б Еуропа мемлекеттері халықтарының азаттық күресіне белсенді қатысты.Соңғы мәліметтерге сай,тек Франция,Бельгия,Италия аумақтарындағы партизан құрылымдары қатарында 180 қазақстандық болды.
125. ХХ ғ. 30 - 40 жылдарында Қазақстанға кейбір халықтардың жер аударылуы, оның мақсаты, көлемі және салдары.ХХ ғ. 30 - 40 жылдарында Қазақстанға кейбір халықтардың жер аударылуы, оның мақсаты, көлемі және салдары. 30-жылдары Қазақстанға өзге ұлттарды қоныс аударту кеңінен жүргізілді. Өлке аумағына елдің орталық аймағынан халық көптеп келе бастады. Бұл кезеңнің қоныс аудару саясатын үш бағытқа бөлуге болады: өндірістік, ауыл шаруашылық және күштеп жазалау тәртібімен қоныс аударту. 1928-32 жылдары РКСФР-дің басқа республикаларынан елімізге 100 мыңға жуық шаруашылық көшіп келді. Ашық және ресми түрде жүргізілген жоспарлық қоныс аударудан басқа 30-40 жылдары әлеуметтік, кейін ұлттық белгі бойын¬ша күштеп қоныс ауда¬ру ісі кеңінен жүргізілді. Ұжымдастыру науқаны басталысымен арнайы қоныс аудару бұқаралық сипат алды. 1930 жылы көктем¬де Қазақстанға 0,5 млн. «арнайы қоныс аударушы-лар» келді. 1937 жылы қазақстанға жапон барлау қызметімен байланысы бар деп айыпталған 95мың 903 адамнан тұратын корей диаспорасы қиыр Шығыстан көшіріліп қоныстандырылды. 1939-1941 жылы Батыс Беларуссия мен Батыс Украинадан, балтық жағалауындағы Кеңестік республикалардан поляктарды қоныс аудару (депортация) жүзеге асырылды. Санақ бойынша да портация алдына 1939 жылы Қазақстанда 54,7мың поляк, 3,6мың латыш, 808 литвалықтар және т. б. тұрған.1941 жылы 28 тамызда фашистермен байланысы бар деген айыппен 349713 неміс, 1944 жылдың ақпанында ингуштер мен чешендер, наурызда башқұрлар, қарашада түрік месхетиндер Қазақстанға күштеп қоныс аударушылар болды. Ішкі істер халық комиссариаты мен КСРО мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің ресми құжаттары күштеп қоныстандыру себептерін фашистік режимді қолдаушыларға, бандитизмнің пайда болуына қарсы жасалған әрекет деп түсіндіреді. Жалпы алғанда Қазақстанда 30 -50-жылдары қоныстанушылар саны, ГУЛАГ тұтқындарын санамағанда, орта есеппен 1560мың адамға жетті. 1939-1959 жылдар аралығында халықтың өсуі 3210234 адамды құрады. Бұл кезеңде қазақ халқының тағдырына зор қауіп төнді. Тоталитарлық режим Қазақстанды қоныс аударушылар лагеріне, ГУЛАГ, концлагерьлер еліне айналдырып жіберді. Қазақ халқы сталиндік саясат құрбандарын құшақ жая қарсы алды. Олармен азық-түлігімен бөлісті, қайғысына ортақтасты, өздері аш-жалаңаш отырған қазақтар бақытсыздарға балашағасының аузынан жырып көмек көрсетті.
126. Қазақстан –майдан арсеналы.Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор.1939ж санақпен салыстырғанда 1942 ж Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған.Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар,әйелдер мен балалар басты.1944ж колхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі-20%,әйелдер-58%,жасөспірімдер-22% болды.Яғни,майданды азық-түлікпен,шикізатпен іс жүзінде әйелдер,балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.Соғыс жылдарында колхоздар мен совхоздар майданға тек азық-түлік емес,сонымен бірге тірі мал,тіпті,ауылшаруашылық техникасын жіберіп отырды.1942-1943ж республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор,1184 жүк машиналары,30318 жылқы майданға жіберілді.Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды.Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100млн.пұт астық тапсырылды.Бұл көрсеткіш 1940ж салыстырғанда 24млн пұтқа артық.Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен,кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан.Әйелдер балаларын балабақшаға тапсырып,күні-түні жұмыс істеп,колхоз жұмысын белсене атқарды.1942ж 450мың гектар тың және тыңайған жер жыртылып,егін салатын жер ауданы 17%-ке өсті.Осы жылы Қазақстанда 6809 колхоз болды,оларда еңбекке жарамды 4912001 ерлер,593407 әйелдер еңбектенді.Нәтижесінде 1942ж Қазақстанда егін жақсы шығып,республика бойынша 84,3 млн.пұт астық жиналды.Батыс Қазақстан,Оңтүстік Қазақстан,Жамбыл,Алматы,Қарағанды,Семей облыстары астық жинау жоспарын 102,2-тен 114,9-ке асыра орындады.Соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орнына жұмыс істеу қозғалысына,жұмыс өнімділігін арттыру барысында мемлекет тарапынан ұйымдастырылған әртүрлі жарыстырға қазақстандық малшылар да көптеп тартылды.Сандық көрсеткіш бойынша 1942 ж соңында мал басы 1,5млн немесе 1942 ж басындағы көрсеткіштен 17%-артты.Мал басын өсіруден Қызылорда,Қарағанды,Павлодар облыстары алда болды.Қазақстандықтар соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ,техника да жіберіп тұрды.Мысалы,Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Мәскеу түбіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды.Шымкет комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап,жиналған 11650мың сомға жасалған 45 танк 1942 ж қыркүйегінде *Қазақстан комсомолы*деген жазумен Сталинград майданына жөнелтілді. 1943ж Алмты қаласында С.Луганскиймен кездесу ұйымдастырылып,бұл кездесуден кейін Алматы жастары 400мың ақша жинап,батырға жаңа ұшақ сыйлады.Сондай-ақ соғыс жылдары жинаған қаржыға И.Павловқа,Н.Добровольскийге арнайы ұшақтар,Кеңес Одағының батыры Қ.Сыпатаев атындағы суасты қайығы жасалынды.Сонымен қатарқазақстандықтар қоршауда қалған қалаларға қамқорлық көмек көрсетті.Қазақстан жаудан азат етілген Орал облысының 10 қаласын,35 ауданын,Ленинград облысының 12 қаласын,Калинин облысыныңаудандарын қалпына келтіруге кірісті.Қазақстан комсомолдары қамқорлыққа алған Сталинградта трактор зауыты мен *Красный октябрь*зауытын қалпына келтіру жұмыстарына 1943ж 1439 қазақстандық комсомол аттанды.Жауды жеңуге республиканың зиялы қауым өкілдері де үлкен үлес қосты.Соғыс жылдары Қазақстанға 20 ірі ғылым институттары көшіп келді.Осы жылдары Қазақстанда Вернадский,Обручев,Мешанинов,Бах,Греков атақты ғалымдар жұмыс істеді.Соғыс жыдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы,Қ.Аманжоловтың *Ақын өлімі туралы аңызы*,М.Әуезовтың *Абай жолы* эпопеясының бірінші кітабы,Ғ.Мүсіреповтың*Қазақ солдаты*,Ж.Жабаевтың*Ленинградтық өрендерімі* дүниеге келді.Соғыс жылдары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық бөлімінде астрономиялық обсерватория,тіл,әдебиет пен тарих,топырақтану мен ботаника,зоология және өлкетану институттары ашылды.Қ.Сәтбаев бастаған қазақстандық ғалымдар қара,түсті және жиі кездесетін металдарды ,тау пайдалы қазбаларын,су және гидроэнергетикалық ресурстарды соғыс қажетіне қолдану бағытындағы ғылыми жұмыстар жүргізді. Соңыс жылдары Қазақстанға жоғры оқу орындары көшіріліп, көптеген орыс-қазақ, қазақ-украина мектептері, балалар үйі мен интернаттар ашылды. Сонымен бірге соғыс жылдары Алматы мемлекеттік шет тілдер институты, Шымкент технологиялық иниституты, Қазақ мемлекеттік консервоториясы, Қазақ мем-к Қыздар Педогокикалық Иниституты ашылды. Кеңес халқының Ұлы Отан Соғысындағы жеңісі адамзатты фашизм қаупінен құтқарды. Қазақ халқының бұл жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап, *Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшн!* деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлықпен көтеріп, патреотизм үлгісін танытты.
127.Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж) Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшілік-әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті.Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты.Адамның табиғи құқығынан шектеу,ұлттық мүддені ескермеу,мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады.Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды.Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды.Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып,мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты.Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКПб Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы *Звезда*және *Ленинград* журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады.Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.1948ж *космополитизммен*,яғни шетел мемлекеттерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды.Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай,Шәңгерей,О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып,ал кейінгі кеңес әдебиетшілері-Б.Кенжебаев,Т.Нұртазин,Ә.Қоңыратбаев ұлтшылдар ретінде қудаланды.Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев*Едіге батырға*алғысөз жазғаны үшін *ұлтшыл*атанса,М.Әуезов 1945ж жарық көрген *Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі*еңбегінде Абайды *феодалдық ақындар Шортанбай,Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегіні үшін* қудаланды.Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін,Мәскеуге қоныс аудару мәжбүр болды.Сонымен қатар 1946ж А.Мәметованың *Абай Құнанбаев*атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кінә тағылып,басылымнан алынды.Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады.1953ж Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады.Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих,археология,этнография институтын,Кеңестік жазушылар Одағын *ұлтшылдардан*тазалау саясаты тоқтатылды.1953ж мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар ,жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі,Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегіндегі алғашқы пікірлер айтыла бастады.Кезінде ОГПУ,НКВД-ні басқарып,әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді.*Үштіктер*,*Бестіктер*,*Ерекше кеңес* жойылып,ГУЛАГ МҚК-не берілді.Л.П.Берияның қылмыстық іс әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды.Бірақ бұл-әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын.1956ж 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның XX сьезі өтіп,онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды.КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп,талдау жасауға тырысты.Н.С.Хрущевтың XX сьездегі *Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерлеу*туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989ж жарық көрді.Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты.Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстаға берілді.Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп,тікелей Мәскеуге бағындырылды.Ақмола-Целиноградқа,Батыс Қазақстан-Орал облысына айналды.Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында,әсіресе,зиялылар мен жастар арсында түрлі наразылықтар туғызды.Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып,бүркемеледі.Осылайша Теміртаудағы толқу-тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды.1963ж Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов,С.Ақатаев,М.Тәтімов,М.Әуезов бас болып *Жас тұлпар*атты ұйым құрды.Мақсаты-қазақ жастарының ұлттық санасын ояту.Н.С.Хрущев мемлекеттің *коммунизмге өтуіне байланысты* жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін,1961ж Конституциялық комиссия құрылды.Конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады.ҚазКСР Жоғары Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды.Конституция тәуелсіз деп көрсетілгенімен,құқық қорғау,прокуратура органдары да орталыққа бағынды.Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді.Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді.Дауыс беру тек іс жүзінде жүргізілді.Депутатарды халық таңдамады,жергілікті әкімшілік органдар*тағайындады*.Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды.Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964ж қазан айында аяқталды.КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И.Брежнев сайланса,ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды.Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1-хатшысы болып Д.А.Қонаев сайланды.
128. *Бекмаханов ісі*-КСРО-дағы қоғамдық-саяси жағдайдың көрінісі.Мәскеу және Ленинградта *Ленинградтық іс*,*Дәрігерлер ісі* жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы *Бекмахановтың ісі*ұйымдастырылды.Е.Бекмаханов соғыс жылдары А.П.Кучкин,А.М.Панкратова,Б.Д.Греков және тағы басқа кеңес тарихшылармен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын.Кітап 1943ж баспадан жарық көрді.Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан,көп ұзамай сынға алынып,әсіресе,кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды.Е.Бекмахановтың 1947ж жарық көрген *Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында* деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады.1950ж *Правда* газетіндегі *Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін* деген мақалада Е.Бекмаханов еңбегі айыпталды.1951ж 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті *Правда* газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап,*Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады*.Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып,барлық ғылыми атақтарынан айырылып,1952ж 4 желтоқсанда 25 жылға сотталды.
129.Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру:экологиялық,экономиялық және әлеуметтік-демографиялық салдарлары. 1954 жылдан бастап тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған дамуын қамтамасыз ету үмітімен Қазақстанға тікелей қатысты тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны басталды.Қазақстан басшылығы бұл бастаманы қолдай алмады.Осыған байланысты 1954ж 11 ақпанда өткен Қазақстан КП ОК-нің Пленумында бірінші хатшы Ж.Шаяхметов,2-хатшы Л.И.Афонов босатылып,олардың орнына орталықтан жіберілген Р.К.Понаморенко және Л.И.Брежнев сайланды.Жергілікті жердің қазақ басшылары сынға ұшырап,үш айдың ішінде тың өлкесіндегі алты облыстың 1- хатшылары ауыстырылды. Бұрынғы Кеңестер Одағы,оның ішінде Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны 3 кезеңнен тұрады.1)1954-1955жж. 2)1956-1958жж. 3)1959-1965жж. Тың игеру жылдарында негізінен солтүстік облыстарда жүздеген совхоз орталықтары салынды.Әміршіл-әкімшіл басшылыққа совхоздар тиімді болғандықтан,тың игерудің алғашқы жылында ғана 300 жаңа совхоз ұйымдастырылса,1955ж соңына қарай олардың саны 631-ге жетті.Ал 1958ж ақпан айынан бастап колхоздар совхоздарға,МТС-тар жөндеу станцияларына айналдырыла бастады.Тың игерудің тек алғашқы кезеңінде республикаға өзге республикалардан 640мың адам көшіріліп әкеленіп,Қазақстанда 18млн га.тың жер,немесе бұрынғы Одақтағы жыртылған жерлердің 60,6%игеріліп,республикадағы егістік көлемі 22,4 млн гектарға жетті.Осының арқасында 1956ж алғаш рет миллиард пұт астық алып,Ленин орденімен марапатталды.Қазақстанның әр азаматына өндірілетін астық 2 мың кг жетті.Оған қоса тың астығы сапалы болғандықтан негізінен экспортқа шығарыла бастады.Орталық басшылық 1956 жылдың ақпан айында өткен КОКП-ның XX сьезінде Қазақ КСР-нің алдына жаңа міндет-астық өндіруді 5 есе арттыру міндетін қойды.Осыған сай 60-жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жыртылған тың және тыңайған жер көлемі 25млн гектар,а жетті.Бірақ та тың игерудің алғашқы жылдарында қол жеткен табыс одан әрі ұштасып кете алмады.Өйткені,жаңадан игерілген тың жерлер 60өжырлардың ортасына қарай өз мүмкіндіктерін сарқи бастаған болатын,осының салдарынан әрбір гектардың жоспарланған 14-15 ц.астық орнына 1954-1958ж 7,4ц. жиналса,1961-1964ж-6,1ц.,ал 1964ж-3,1ц.ғана астық алынды.Осы кезден бастап еліміз АҚШ,Канада,Франциядан астық сатып алуға кіріседі.Қазіргі таңда экономистер тың және тыңайған жерлерді игермей-ақ,астық өндіру кезіндегі астықты аудандардағы әр гектардан 1ц.өсірсе,бұл тың игеру нәтижесімен теңескен болар еді,-деген пікірде.Оның үстіне тың игеру жылдарындағы қоныс аудару саясаты елдегі демокрафиялық жағдайы одан әрі күрделендіріп ,бұрынғы Кеңестер Одағының Еуропалық бөлігі үшін де,Қазақстан үшін де тиімсіз сипатта болды.Өйткені,сол кездің өзінде-ақ Одақтың Еуропалық бөлігінде жылдан-жылға селолық жерлерде тұрғындар саны азайып,ал біздің республикамызда керісінше,өсіп отырған болатын.Осы ерекшеліктер ескерілмей,онсыз да саны кеміп отырған еуропалық аудандардан тек 1954-1962ж ғана Қазақстанға 2млн.астам адам көшіріліп әкелінді.Осының нәтижесінде бір жағынан Ресейдің,Украинаның және т.б республикалардың бірқатар аудандарында мыңдаған селолар бос қалды.Екінші жағынан 20-30-жылдары жергілікті тұрғындарға қарсы бағытталған қуғын-сүргін салдарынан күрт кеміген қазақ халқы,енді тыңгерлердің көптеп келуіне байланысты,1959ж санақ бойынша алатын үлесі 30%-ке дейін төмендеп кетті.Тың игеру жылдарында жаппай қоныс аудару науқаны рухани,ізеттілік саласына да үлкен зиян алып келді.Қазақ тіліндегі мектептер саны 700-ге кеміп,қазақ тілінде шығарылатын әдебиеттердің,баспасөздің саны күрт төмендеп кетті.3 мыңнан астам елдімекенніңаты өзгертіліп,тарихи ұлттық санаға шек қойылды.Тарихта бұрын болып көрмеген көлемді жерді жырту орны толмас экологиялық апаттарға,мал жайылымдардың күрт қысқаруына алып келді.Тың игерудің алғашқы жылдарында жердің құнарлы бет қыртысы шаң-боранға ұшырап ұшып кетуі салдарынан 18млн.га астам жер эррозияға ұшырады.Қалыңдығы 1 см.қара топырақтың қалыптасуы үшін,кем дегенде 2-3 ғасыр уақыт керек еді.Жайылым азаюы салдарынан ұзақ мал өсіру қарқыны 3 есе азайды,жылқы 1916ж 4340мың болса,1961ж-1158 мыңға дейін,ал түйе 1928ж санынан 8 есе кеміді.Тың игеру барысында орын алып отырған кемшіліктердің бірқатары КОКП ОК 1965 жылдың наурыз,1966ж.мамыр пленумдарында ашылып,оларды жоюдың шаралары белгіленді.Ауыл шаруашылығының берік негізін жасау,жоспарларды жақсарту,колхоздар мен совхоздарда шаруашылық есепті енгізу,еңбектің моральдық және материалдық қызығушылығын ұштастыру міндеттері қойылды.1966-1970ж республика ауыл шаруашылығын дамытуға 5,5млрд сом қаржы бөлінді.Осының арқасында 8- бесжылдықта ауылшаруашылық өнімі 54% өсіп,Қазақстан Кеңестер Одағының өзіндік ерекше ауылшаруашылық ауданына айналды.Мемлекеттік өорға республикадан әрбір 4- тонна жүн,12- тонна ет және 5- тонна астық түсті.
130 Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуы (1946-1964) Соғыстан кейінгі жылдарда мәдениеттің материалдық базасы әлсіз әлсіреді.Тек 1950 жылдар ішінде мәдениетті дамыту жағдайы біртіндеп түзеле бастады. 1946 жылдың маусым айында КСРО ҒАның Қазақ филиалының негізінде Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы республиканың ғылыми және мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды.Қазақстанда жаңа ғылым ордасын құруға көрнекті орыс ғалымдары Вавилов ,Бардин , Панкратова және басқалары ұйымдастырушылық көмек көрсетті.Академияның тұңғыш президенті болып ,көрнекті ғалым,Кеңестік Қазақстан ғылымын ұйымдастырушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сайланды.Өскеменде,Қарағандыда,Шымкентте ірі ғылыми орталықтар бой көтерді.Ғылым академиясына Қазақстан ғалымдары жемісті еңбек етті.Минералды шикізаттар мен табиғи кен орындарынынң табиғатта таралу заңдылықтарын ашып, металлогендік және болжамдық карта жасағаны үшін Сәтбаев бастаған бір топ ғалымдарға Лениндік сыйлық берілді.Соғыстан кейінгі жылдарда ағарту ісіне бөлінетін қаржының көлемі біртіндеп арта бастады.Мектептерге көмек көрсетілді,қор жасау үшін жексенбіліктер ұйымдастырылды,халық сирек қоныстандырылған аудандарда малшы балалары үшін мектеп интернаттар салынды.Жалпыға бірдей міндетті жеті жылдық білім беру ісі 1949 жылы қайта қолға алынды.1948 жылы республикада оқуға тартылай жүрген 15 жасқа дейінгі 200 мың бала болған еді. 1955 жылы олардың саны 16 мыңға түсті.1959 жылы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Мектептің өмірмен байланысын нығайту туралы және Қазақ КСРінде халыққа білім беру жүйесін одан әрі дамыту туралы» заң қабылданды.Жаңа заң бойынша, 1962-1963 оқу жылынан бастап жалпыға бірдей міндетті 8 жылдық білім беруге көшу,11 жылдық еңбек политехникалық мектептерін құру, жұмысшы жастар мектептерін көбейту ,мектеп интернаттар жүйесін кеңейту шралары көзделді.Соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанның жоғары білім жүйесінде педагогика мамандықтарын даярлау басым болды.Эвакуацияланып келген оқытушылар мен профессорлардың бірқатары елдеріне кеткен соң, педагог кадрлар жетіспеушілігінен қиындықтар туындады.1947 жылы КСРО Министрлер кеңесі қабылдаған «Қазақ КСРінде жоғар ыжәне орта білім беруді одан әрі дамыту шаралары» қаулысына орай жоғар ыжәне орта білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы молайды.Облыс орталықтарында бірнеше институттар мен техникумдар ашылды.Олар Ақмолада,Семейде,Өскеменде,Қарағандыда.1965-1966 оқу жылында 39 жоғар ыоқу орындарында 144,7 мың студент оқыды.Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде жоғары білімді мамандар даярлау 11есеге жуық өсті. 1965 жылы республика халық шаруашылығында 0,5 млннан астам дипломды маман жұмыс істеп жатты.Соғыстан кейінгі 20 жыл ішінде сабақ орыс тілінде оқытылатын мектептердің саны 1,5 мыңға артқанда ,қазақ мектептерінің саны кеміп , 3891-ден 2577 ге түсті.
131 Қазақстан Хрущев реформалары кезеңінде (1956-1964) жылы. КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. 1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды.1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады. Мемлекеттік дәрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші адамның колында болды. Одақтас республикалардың құқығын кеңейтуге бағытталған реформа толық жүзеге асырылмады. Бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынды экономиканың даму қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Осы жылдары салынған өнеркәсіптер: Ақтөбе хром заводы, Шымкент гидролиззаводы, Семей цемент заводы, Жезказған кен байыту фабрикасы, т.б. 1958 жылы жалпы өнім өндіруден Қазақстан КСРО-да 3-орынға шықты. 1956-1958 жылдар аралығында елімізде көлік және коммуникация жүйелерін дамытуға 146,4 млн. сом жұмсалды. Республикада темір жол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.Республикада электр энергиясы өндірісі де біршама жақсы дамыды. Дегенмен индустрияның дамуы болмаса, сапа жағы өзгеріссіз қалды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің 1957 жылғы мамыр айындағы сессиясы Н.С.Хрущевтің баяндамасы бойынша “Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру туралы” заң қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Өнеркәсіп пен құрылысты басқару ісінің негізіне территориялық принцип алынды. 1957 жылғы реформаның кемшіліктері : экономиканың жекелеген салаларына тұтастай басшылық жасауға мүмкіндік болмады, жекелеген салаларды техникалық жағынан қайта жабдықтау ісіне нұқсан келтірді, өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды. 1962 жылы Қазақстанда халық шаруашылығын ірілендіру мақсатында реформа жасалды: партия орындары өндірістік белгі бойынша қайта құрылды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды. Ауыл шаруашылығы 1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық саласына көп көңіл бөліне бастады. Колхоздарға біраз дербестік берілді, ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды, ауыл шаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді, аграрлық секторды техникамен жабдықтау біршама жақсарды, онда электр қуаты кеңірек қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан басқару жүйесі ауыл шаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді. Азық-түлік тапшылығын шешу, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді идеясы пайда болды. 1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы қабылдады. Тың игерудің салдары : Көптеген жылдар бойы тың жерлерді игеру партия көрегендігі, мемлекет жеңісі ретінде дәріптеліп келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады және айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды. Мал шаруашылығының дамуы артта қалды. Мал шаруашылығының азаюына байланысты ет, сүт өнімдерінің көлемі де азайды. 1956 жылы Отанға тапсырылған млрд. пұт Қазақстан астығы уақытында жиналмай қар астында қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 132.Қазақстан «кемелденген социализмнің» дағдарысы жылдарында (1965-1985) 196О жылдардың екініш жартысында КСРОда коммунизм құрылудың негізгі үш мақсаты орындалмайтыны белгілі болды.Билік иелері халықтың көңілін енді басқа жаққа аударуға тырысты. «Социализм кемелденіп ,өзінің толық дау мүмкіндігін алды.ә еген түсінік ал,а тартылды.Брежневтің 1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығына арнап салтанатты өткізілген мәжілісте «кеңес халқының өткен тарихи даму жолының басты қорытындысы кемелденген социалистік қоғам орнату болып табылады.» деп жариялауы партия теорияшыларына коммунистік болашақты белгісіз мерзімге сырғыта салу мүмкіндігін ашып берді.Сонымен қоса бұл тұжырым социализмнің толық жеңіске жеткендігіне күмән тудырмай және партия бағдарламасының ұрандарын пішінді түрде сақтап қалуға да жағдай жасап берген болатын. 1960 жылдардың ішінде саяси далада демократияландыру азайтылып,экономикалық реформалар жүргізу әрекеттерінен нәтиже шыпаған соң,қоғамның алға қарай даму қарқыны баяулап,бірқалыпты сылбыр қалыпқа көшті.
133 ХХ ғ. 60-жылдарындағы КСРО- дағы экономикалық реформалар және олардың аяқталмауы.60 жылдардың бірінші жартысында қоғамдық өзгерістердің ерекше белгісі,оның қайшылығ мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері, сондай ақ экономикалық дамудың белгілі бір табысты кезеңі болды.Сонымен қатар бұл кездегі қияли ,утопиялық жоспарлар , ішкі партиялық қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Хрущевтің өзінің жеке басына табынудың күрт күшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді.60 жылдардың басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері бірден бірге айқындала түстіӨнеркәсіпті басқаруда хааалық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне алып келді.Ауыл шаруашылығын ойдағыдай дамытудың орасан зор мүмкіндіктері жете пайдаланылмады.Республикада қоғамдық және жеке мүдделерді ұштастыру , колхоз ,совхоз еңбеккерлерінің егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдрін арттыруға деген материалдық ынталығы принципінің бұзылуына жол берілді.Жоспарлауда,ауыл шаруашылық дақылдарын орналастырула елеулі кемшіліктер орын алды.Таза жер көлемінің азайтылуы тың жердегі егіншілікті жүргізу жүйесіне зичнын тигізді.Осының салдарынан Қазақстанда асытқ өндіру төмендеп кетті.
Хрущев Қазақстанды сынақ алңы ретінде пайдаланып , көптеген тың тәжірибелерд оның ішінде келешегі жоққа тән тәжірибелерді республикада сынақтан өткізіп байқап көрді.Гидропоникалық әдіспен өсімдік өсіру,жүгерінні жаппай егу т.б. сияқты тәжірибелер Қазақстан шаруашылықтарында байқауда өтті.Көптеген қалалардың аттары өзгертілді.Ақмола: Целиноград атанды.Оңтісті Қазақстан Облысы : Шымкент,Батыс Қазақстан : Орал облысы болып өзгертілді.Оған Қазаұстанлда қарсы келетін адам болған жоқ.Сосын КОКП Орталық комитетінің Қазан Пленумы өтті.(1964)Онда Хрущевті КОКП Орталық комитетінің Бірінші хатшысы қызметінен босатты.Оның орнвына КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Брежнев сайланды.
134 1965-1985 жж Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы,дағдарыс құбылысы КСРО жоғарғы Кеңесінің сессиясы 1965 жылғы өнеркәсіпті басқару жүйесін өзгерту және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі кейбір басқару оргадары өзгеше құру туралы заң қабылдады. Көп ұзамай осындай қаулылар мен заңдарды Қазақстан Компартиясы ОК-нің XIV пленумы мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі де қабылдады. Қабылданған шешімдерге сәйкес 1965-1966 жылдары Қазақстанда халық шаруашылығы Қеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық – республикалық министрліктер құрылып, өнеркәсіптік, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза – қағаз және ағаш өңдеу, азық – түлік т.б. кәсіп орыңдары біріктірілді. 60 жылдардын басында өнеркәсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. Қазақстанда өнеркәсіпке жаңа техниканы енгізу жоспары жасалды. Ең алдымен өндірісті электрлендіру мәселесі қолға алынды. Қарағандыда іске кіріскен екінші МАЭС пен Бұқтырма су – электір станциясы техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 1985 жылы жаңа технологиялық процесті өндіріске енгізгені үшін Ащысай полиметалл комбинатына Лениндік сыйлық берілді. Екібастуз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар пайдаланылды. Ғылыми – техникалық жетістігі нәтижесінде Шымкенттегі М.И.Калинин атындағы заводта жұміс технологиясы жақсартілді. 1965 жылы Өзен кен орнында жаңа технология негізінде алғашқы мұнай өндірілді. 1965 жылғы шаруашылық реформасы нәтижесінде ғылыми – технологиялық процестерді өндіріске енгізу ісі өнеркәсіптегі жағдайды түбірімен өзгертті. Реформа еңбекпен өндірісті ұйымдастыруды жетілдіруге оң жол ашты. Кәсіпорындар қызметін жоғарыдан реттеуге шамадан тыс әуестенушілік доғарылды, олардың шаруашылық дербестігі ұлғая тусті. Пайда, баға, ақшалай сыйлық, несие тәрізді экономикалық тұтқалар қозғалысқа келтірілді. Әрбір жұмыскердің, тұтастай алғандағы кәсіпорынның материалдық мүдделігіне баса назар аударылды. 1966 жылы Қазақстанның Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркәсіп жұмыс жүргізудің жаңа тәртібіне көшті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді. 1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір және темір кенін өндіру, болат балқыту, қара металдар прокаттау жөніндегі үлес салмағы өсті. Республикада бұрын болмаған өнеркәсіп салалары өркендеді: титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен, көтергіш крандар өндірістері т.б.. Мұнай өндіру және химия өнеркәсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды. трикотаж фабрикасы алғашқы өнімін бере бастады. Бес жылдың ішінде республикада жеңіл өнеркәсіптің 14 кәсіпорны салынды. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кәсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кәсіпорындардың барлығы энергиямен қамтамасыз етілді. 80 жылдары одақ көлемінде өндіріске енгізілген ғалыми-техникалық жаңалықтардың 3% - ы Қазақстанға тиесілі болды. Тоқырау кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске кабілетсіз, қарабайыр (экстенсивті) әдіспен жұмыс істеді. Соның өзінде халық шаруашылығының дамуында кейбір келелі көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен, осы жылдарда өндіріс және ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кәсіпорындар 1971 жылы – 97, ал 1985 жылы – 610 дейін өсті. Бірақ шаруашылық реформа нәтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері: - КСРО-да ҒТП негізінде түбегейлі өзгерістер жүргізу қажеттігі сөз жүзінде мойындалғанымен, іс жүзінде бұрынғы басқару әдістерін қолдану жалғаса берді. - Мемлекетттік – монополистік меншік ҒТП – ты тежеп, экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік бермеді. - Өндірістік берлістіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда болуына әкеп тіреді. Өндіріс саласындағы кемшіліктер: - Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды. - Республика өндірісінде-көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рәсуа етілген. - Әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды. - Кәсіпорындар құқы шектелді. - Орталықтың өктемдігі күшейді және де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді. - Жоспарларға түзетулер енгізу сақталды. 1981-1985 жылдары әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді. - Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.
Нәтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды: 1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер. 2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану. 3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру. Нәтижесінде теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға құрғап қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 есеге өсті. Балық өнеркәсібі жойылды. Теңіз түбінен тұз бен шаң көтеріліп, Арал аймағының климаты күрт нашарлады. Адам өлімі, әсіресе балалардың шетінуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-ы әр түрлі сырқаттарға шалдықты. Экологиялық апат қазақ ұлтының генетиклық өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу проблемасын көтерді.
Осындай экономикалық дамудағы кемшіліктерге қарамастан 70-жылдары өнеркәсіп жетекші орын алды. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цехтар бой көтерді: 1. Лисаков кен-байыту комбинаты, 2. Шерубай – Нұра шахтасы, 3. Талдықорған аккумулятор заводы, 4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды. 1970-1985 жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом жұмсалды (32%). 1970-1985 жылдары өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина жасау, химия өнеркәсібі – 3 есе өсті.
135 Ауыл шаруашылығындағы тоқыраулық құбылыстар(1970-1985) 1965 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом бұл салаға тек қана 8-бесжылдықта бөлінді. Республикада 1893 шаруашылық дәнді дақылдар өсіруге мамандандырылды, 1285 шаруашылық қой өсірумен айналысты. 1967 жылдан бастап ауыл шаруашылық кәсіпорындар шаруашылық есепке көшіріле бастады. Бұл кезде ауыл шаруашылық саласына басқа республикалардан жұмысшылар келе бастады. 1968 жылы Қазақстанға армия қатарынан босатылғандар және басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.
70-80 жылдары ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның осұ қарқынын барынша ұлғайту, мамандыру мен шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 млрд. сомнан астам кұрделі қаржы жұмсалды. Жерді суландыруға, химияландыруға да орасан зор көлемде қаражап бөлінді.
Ауыл шаруашылығының мәселелерін тек күрделі қаржыны көбейту арқылы ғана шешуге тырысу күткендей нәтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 2-бесжылдықта – 0,4%.
1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – шошқа өлім – жітімге ұшырады. Ауыл шаруашылық кәсіпорындар солақай саясаттың кесірінен көптеген шығынға батып отырды.
1986 жылы еліміздегі барлық ауылшарушылық кәсіпорындар, шаруашылықтар өздерінің қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс ітей бастады.
70-жылдары республиканың бірқатар ауылшаруашылық қызметкелер шаруашылық жүргіздің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын.
Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» және «Ақши» совхоздарының директоры И.М. Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін еңбек ету жүйесін енгізеді, фермерлер усадьбаларын дамытуға әрекеттенді. Бюрократиялық жүйенің кесірінен И.М. Худенко қуғындалып, ақырында бас бостандығынан айырылады. Түрмеге түсіп, сонда қайтыс болады.
Колхоздардың дербестігін жоюға бағытталған қадамның бірі – ауыл шаруашылығын мамандыру, кооперациялау және агро-өнеркәсіптік интеграциялау туралы КОКП ОК-нің 1976 жылғы шешімі болды. Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркәсіптік бірлестіктерді күштеп біріктіру жұргізілді.
1982 жылы мамыр айында КОКП ОК-нің пленумы болып өтті. Онда Азық-түлік программасы қабылданды және агро-өнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеді екендігін мойындауға мәжбур болды. Пленум азық-түлік проблемасын шешудін бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу факторларына көшу деп тапты.
Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірісінің қулдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер айтарлықтай нәтиже бермеді. Өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды және шаруалардың түбегейлі мүдделерін, ауыл еңбеккерлерінің экономикалық мүдделерін қозғаусыз қалдырды. Колхоздар мен совхоздардың шаруашылық дербестігі бұрынғысынша жоғарыдан реттелді. Осының салдарынан ауыл шаруашылығындағы жағдайдың дағдарыстық сипаттары көбейе түсті. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, олар қалаларға, басқа жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда болды.
136 Тоқырау жылдарындағы мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар. Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық техникалық негізін нығайтуда біраз жұмыстар істелінді.Республика мәдени объектілердің құрылысы жаңа типтік жоба бойынша, мектеп пен мәдени мекемелердің алдына өмірдің өзі қойған жаңа талаптар ескеріле отырып жүргізілді.Жаңа баспалар құрылды.Олар : «Қайнар», «Жалын», «Өнер» баспалары.Селолық жерлерде алты мыңнан астам клубтармен мәдениет сарайлары қызмет етті.Оларда он екі мыңнан астам көркемөнерпаздар жұмыс істеді.1970 жылға қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлік енді.Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы болды.1976 жылдың аяғында республикада 10282 кино қондырғысы болып олар бір жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсетті.Халық ағарту ісі де бірсыпыра алға басты.Мысалы, республиканың жалпы білім беретін 10154 мектебінде 1970 жылы 3 миллион 140,8 мың бала оқыса 1977 жылы 9217 мектепте 3 миллон 266,1 мың бала оқыды.20 ғ. 60-80 жылдары қазақ әдебиеті І.Есенберлиннің, Нұршайықовтың, Мақатаевтың, Айбергеновтың, Сүлейменовтың, Шахановтың, Мырзалиевтің, Оңғарсынованың, Кекілбаевтың және басқалардың шығармалары арқасында елеулі табыстарға жетті.Сазгерлер Қалдаяқовтың, Хамидидің, Тілендиевтің, Еспаевтың, Жақановтың әндері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің алтын қорына кірді.«Ботагөз», «Аққан жұлдыз», «Менің атым Қожа» , «Қыз Жібек» , «Атаманның ақыры», «Бейбарыс сұлтан» кинофильмдері республика киноөнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды.Бірақ экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларында да салқынын тигізбей қоймады.Республика экономикасының орталық ведомстваға бағыныштылығы ,мәдени салалардың мәселелерін жете бағаламау, олардың дамуына қаржыны қалдық принцип бойынша бөлу көпұлтты Қазақстан мәдениетінің кең көлемде дамуына өзінің әсерін тигізді..Осы жылдар аралығында Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды.Жекелеген ғалымдар мен топтар өндірістік мәні ьар салаларда жетістіктерге қол жеткізді. Олардың кейбір еңбектері шет елдерге де мәлім болды.Ондай ғалымдарға Ахметсафин ,Айтхожин , Мрғұлан ,Букетов секілді ғалымдарды жатқыза аламыз.Қазақтар негізінен ауыл шаруашылығы ,медициналық және гуманитарлық ғылым салаларында жүрдіҒылыми техникалық прогресті жетілдіруге үлес қосатын жаратылыстану ғылым салаларында олардың үлесі тым аз болды.Ғылыми еңбектердің басым көпшілігі қазақ тілі мен әдебиетіне және оларды оқыту әдістемесіне қатыстыларынан басқасы түгел орыс тілінде жазылды.Ғылым академиясына қарасты Философия және құқық институты бола тұра,әлеуметтік психология эстетика ,кибернетика ,социология,демография ғылымдарының түрлі салалары бойынша халыққа қажетті зерттеулер жүргізілмеді.Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды.Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зеттреуге жұмылдырылды.Соның салдарынан көпшілік санасында Қазақ төңкерісіне дейін қазақ халқы тек көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған ,мәдениетке тек Кеңес билігі тұсында қол жеткізді деген ұғым қалыптасты.Өткен ғасырда өмір сүрегн мемлекет қайраткерлерінің :хандары мен билерінің ,ел қорғаған қолбасылар мен батырларының есімдері ұмытыла бастады
137. Кеңес қоғамын реформалауға бағыт. Қазақстан М.С. Горбачев реформалары кезінде (1985-1991 жж.). 1985 жылғы сәуір айында Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жөнінде шешім қабылдады.Бірақ бұл шешім тек сөз жүзінде ғана болды.Іс жүзінде ол Кеңес қоғамын ыдыратуды тездетті.Оны Қазақстанның партия,кеңес органдары қызметінен байқауға болады.Тоқырау жылдарында одақтың барлық ауқымында ,оның ішінде Қазақстанда да басқару ісінде жағымпаздық,парақорлық,рушылдық,жершілдік сияқты көптеген келеңсіз құбылыстар орын алғаны белгілі.Бұл жылдары ұлт саясатында,әлеуметтік экономикалық және кадр мәселесінде көптеген ауытқушылыққа жол берілді.Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні өзгеріп, сөз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кеің өріс алды.Михаил Горбачевтың реформаларына байланысты демократияландыру қадамдары кезінде қазақ қоғамында тәуелсіздік идеясы қайта жанданды. Айта кету керек, Орталық Азияның, соның ішінде Қазақстанның өз уыстарынан біртіндеп шығып бара жатқанын түсінген Мәскеу басшылары Ю.Андропов, одан кейін М.Горбачев бұл республикаларға қарсы науқан ашу, олардағы саяси элитаны жаппай ауыстыру арқылы Орталықтың бақылауын қайта қалпына келтіруге тырысты. Ал осындай кезде мәскеулік орталықтың республикамызға бірінші басшыны тағы да сырттан әкеліп таңуы - отқа май тамызғандай болып шықты. Тұмшаланып ұсталған өткір проблемалардың жиынтығы уақыты келгенде еріксіз сыртқа атқылады. Желтоқсандықтардың империялық Орталықтың алдына қойған негізгі мәселесі саяси талаптар болды. Ол шеруге шыққандардың көтерген транспаранттарынан анық байқалды: «Ешқандай ұлтқа артықшылық болмасын!», «Ұлт саясатында Лениндік принциптерді сыйлауды талап етеміз!», «Қазақстан жасасын!». Басқаша айтқанда, қозғалыс әлеуметтік талаптар ауқымынан шығып, айқын саяси сипат алды. Бұл 1917 жылы алаш автономиясы туын көтерген қайраткерлерден кейін, біраз уақыт салып ұлттық мемлекеттік тәуелсіздік мәселесінің қайта көтеріліп, ашық түрде қойылуы еді. Бұл бір қалалық немесе аймақтық құбылыс емес, жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Империялық озбырлыққа қарсы бас көтеру тек астаналық қала - Алматымен ғана шектеліп қалған жоқ, желтоқсанның 17-25 күндеріндегі Жамбыл, Шымкент, Талдықорған, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Көкшетау, Арқалық, Алға сияқты қалаларда, Шамалған, Сарыөзек сияқты елді мекендерде болып өткен толқулар наразылықтың жалпықазақстандық сипат алғанын айғақтайды. Алматыдағы толқуларға 30 мыңдай адам қатысқан. Қазақстандағы наразылықтың кең ауқым алуынан үрейленген империялық Орталық оны күшпен басу жолына түсті. Алматыға арнайы даярланған әскер күштерін әкелді. Бұған да қанағаттанбай, шерушілерге қарсы мыңдаған дружинниктердің қолына темірден жасалған сойылдар берді. Қарулы әскер мен дружинниктердің қолынан ондаған қазақ жастары қаза тапты. Қазақстанның тәуелсіздігі жолында өз өмірін құрбан еткен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және басқа да ұл-қыздарымыз халқымыздың жадында мәңгілік орын алатыны сөзсіз. Көтерілісті аса қатыгездікпен басып-жаншу әлем жұртшылығының ашу-ызасын тудырып, көптеген елдерде «желтоқсандықтарға» қолдау қозғалысы өрістеді. Қазақ халқы Желтоқсанның ызғарлы бір-екі күні ішінде саяси тәрбиенің үлкен мектебінен өтті, ұлттық сана-сезімін шырқау шыңға жеткізді. Қазақ жастарының ерлігі әлем жұртшылығына аян болып, ұлттық рухты биікке асқақтатты. Желтоқсан көтерілісінен көп ұзамай, қол жеткізген тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде Қазақстан ғасырларға бергісіз жолды еңсеріп, әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, абыройлы, айбынды елге айналды. Бұл - аңсаған азаттықты көре алмай кеткен ата-бабаларымызға, желтоқсан құрбандарына қойылған басты ескерткіш
138. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі:себептері және салдары 1986 жылдың 16 желтоқсанының Қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні – Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларында 17 мен 18 күндері болған бодандыққа қарсы жойқын құрылыс болды. Қайта құрылу, әділеттілік пен теңдік сөз жүзінде жарияланғанмен, бұл кезде тоқыраудың тоңы құрсап, демократия әлі орыныға қойған жок еді.Желтоқсан оқиғасы басталуының себебі: Г.В.Колбиннің республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы,орталықтың өктемдік әрекеттері мен қайта құру жарияланған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама қайшылықтар.М.С.Горбачевтің сұлу сөздеріне сеніп жүрген адал да аңғал қазақ жастары бейбіт шеруге шығып, беймәлім, ортақол жетекші Г.В.Колбиннің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайлауына келіспеушілік білдірді. олар “Орталықтың дәстүрлі әміршіл іс-әрекеттері мен қайта құрудың жарияланып жатқан демократиялық принциптері арасындағы айқын қайшылықтың” бетін тұңғыш рет айқара ашып, Мәскеудің екіжүзділігіне, Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тай салмай қарсы шықты. Әрине, күш мүлдем тең емес-тін. Бейбіт қарусыз жастар: темір таяқпен, саперлік күрекпен, адам аулайтын иттермен қаруланған, өрт сөндіру машиналары және бронетранспортерлермен жарақтанған әскерге қалай төтеп берсін. Империя дертімен уланған жазалаушылар мен Алматыдағы шовинистерден құрылған жасақшылар өрімдей жігіттер мен қыздарды аса қаталдықпен басып-жаншылды. Сөйтіп, баршамызға белгілі Желтоқсан құрбандарын – қаһармандарын айтпағанда, 99 адам нахақ сотталды.Партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді:8,5 мыңнан астам адам ұсталып,қаланың сыртына әкетілді.99 адам айыпталып,бас бостандығынан айырылды,46 сы кейін ақталды. 2 адам ату жазасына кесілді.Жоғары оқу орындарының 12 ректоры сөгіс алды.271 студент оқудан шығарылды. Қанға бөктіріліп басылған бодандыққа қарсы бұлқыныс – Желтоқсан оқиғасы да қалғып-мүлігіп жатқан күллі Кеңес Одағын оятты. Көп ұзамай Балтық бойы елдері бостандық жолындағы күресін бастады. Тбилиси, Баку, толқулары тұтанды. Ақырында Желтоқсанның жойқын желі Қазақстанның барлық түкпір-түкпіріне жетіп, құлдық бұғауын үзіп, отаршылдықтан босаған жаңа егеменді мемлекеттерді дүниеге келтірді. Желтоқсан оқиғаларына” “қазақ ұлтшылдығы” деген айдар таққа КОКП ОК қарары ( маусым, 1987 ) қазақ халқын қатты қапаландырды. Бұл жалған айыптудан құтылуға ұмтылу 1989 жылдың көктемінен бастаған Алматыдағы толқу себептерін тергеу жолындағы кең қозғалысқа өріс ашқан еді. 1990 жылдың 21- мамырында КОКП ОК бұл айыптауды қате деп тауып, “желтоқсан оқиғасына” баға беруде “қазақ ұлтшылдығы” айдарынан бас тартты.
139. КСРО ның ыдырауы және ТМД ның құрылуы1991 жылдың желтоқсаны ірі оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРОның ыдырауы.Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекетінің басшылары өзара келісіп,1922 жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз күшін жойғаны туралы жариялады.Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелердің тағы бірі келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы Кеңес Одағы құлады. Соның нәтижесінде Армения,Әзірбайжан, Беларусь,Грузия,Латвия, Литва,Молдава,Өзбекстан, Тәжікстан,Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа қол жеткізді.1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.
140. ҚР егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемндігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды. 1993 ж. қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді. 1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты болып келеді.1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ елінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда 17 баптан тұратын «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді. Өйткені Одақ пен коммунистік партияның билігі әлі де күшті болатын. 1990 ж. 16 қыркүйектеДекларацияныңжобасыалғашретбұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.ДекларациядаҚазақКСР-ініңмемлекеттікегемендігіжарияланып, елдіңсаяси-құқықтықтәуелсіздігініңбағдарламасыбаяндалды. Елаумағыныңтұтастығы, оғанқолсұғылмайтындығы, қазақхалқыныңжәнеҚазақстандағыбасқадаэтносөкілдерініңтөлмәдениетін, дәстүрін, тілінқайтатүлетумендамыту, ұлттыққадір-қасиеттінығайтумемлекеттіңасамаңыздыміндеттерініңбіріретіндеайтылды. Бұл құжат бойынша Қазақстан елі халықаралық қатынастарда дербес толыққанды объекті ретінде сыртқы саясатта өзінің мүдделерін айқындап, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға мүмкіндік алды. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканыңбасшысы, еңжоғарғыәкімшілік-атқарушылықбиліктіңиесіретіндетанылды. Жер, оныңқойнауы, су, әуекеңістігі, өсімдіктерменхайуанаттардүниесі, басқадатабиғиресурстар, халықтыңмәденижәнетарихиқазыналары, бүкілэкономикалық, ғылыми-техникалықәлеуетРеспубликаегемендігініңнегізінқұрайотырып, оныңерекшеменшігіндеболатыныкөрсетілді. Деклараңияда: "ҚазақКСР-іРеспублика үлесінесәйкес жалпы одақтықмүліктегі, оның ішінде алмас, валютақорларыменалтынқорындағыөзүлесінеқұқылы, республикааумағындаядролыққарудыңсыналуына, жаппайқырып-жоятынқарудыңөзгетүрлеріүшінсынақполигондарынсалуғажәнеолардыңжұмысістеуінетыйымсалынады" депжазылды. Декларация бойынша ҚазақКСР-інеөзішкіәскерлерін, мемлекеттікқауіпсіздікжәнеішкіістероргандарынұстауғақұқық берілді. Мемлекеттік егемендік туралы құжат республиканың егемендігін баянды еткен тұңғыш заңнамалық акт болды.Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.Сонымен, Мемлекеттік егемендік Декларациясы – егемендікті білдіретін құр мәлімдеме ғана емес, шын мәнінде, заңдық күшке ие маңызды құжат болып табылады. 1991 ж. 10 желтоқсанда Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясында «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы»«Қазақстан Республикасы» деп өзгертілді. Ал 16 желтоқсанда 7-сессияда « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Заңды қабылдау жөніндегі хабарды республика халқы қуана қарсы алды.Осы күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн жылда Тәуелсіздік күні мерекесі ретінде аталып өтіледі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін ең алғаш мойындаған мемлекет бауырлас Түркия елі болды. Қабылданған Заң бойынша Қазақстан тәуелсіз демократиялық құқықтық мемлекет ретінде анықталды. Заңда: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады", - деп жазылған. Тәуелсіздік жарияланғаннан соң, бұрынғы Қазақ Республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды. Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттың азаматтары біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Барлық азаматтар ұлтына, шыққан тегіне, қызметіне, мекеніне қарамастан тең құқықтар мен бостандықтарға ие болды. Көп ұзамай Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзінің жетекші елдері таныды. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүшелікке қабылданды. Сонымен, Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануы еліміз тарихындағы аса ірі маңызы бар оқиға болып табылады.
141. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды талап етті.Ел рәміздерін қабылдау - аса маңызды тарихи оқиға болды. Көп жылдар бойы Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатын анықтау мүмкіндігінен айырылған еді. Енді жаңа рәміздерді қабылдау тарихи сахнаға жаңа мемлекеттің, жаңа бейбітшілік сүйгіш державаның шығуын білдірді. 1992 жылы 4 маусымда Жоғарғы Кеңестің сессиясы республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Сол жылғы 11 желтоқсанда Республика Әнұранының мәтіні қабылданды. Ал 2006 жылы Әнұранның жаңа мәтіні қабылданды. Мемлекеттік Ту мен Елтанба жөніндегі арнайы заңда Қазақстан Республикасының азаматтары және Республика аумағындағы басқа да азаматтар Ту мен Елтаңбаны құрметтеуге міндетті екендігі атап көрсетілді. 1936 жылы бекітілген Қазақ КСР-інің мемлекеттік туы мен елтаңбасында Кеңес елінің идеологиялық бағытын бейнелеген және республиканың этникалық-мәдени ерекшелігін ескермеген рәміздер енгізілген еді. ҚР мемлекеттік Туы – көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек алтын түстес келеді. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік Туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Мемлекеттік Тудағы көгiлдiр түс қазақ халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен оның бейнесі, көлемдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы эталонының түрлі-түсті және сызба бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының негізі - шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ - мемлекеттің түп негізі отбасының бейнесі болып табылады. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Ал шаңырақ, киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар болса дала дүлдүлі, ер-азаматтың сәйгүлігі. Ол жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, қажырдың, тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ол - өлмес өмірдің бейнесі. Ал бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі іспетті. ҚРЕлтаңбасының авторлары - Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.
Ал 2006 жылы қабылданған қазіргі Әнұран сөзінің авторлары Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, аләнін жазған – Шәмші Қалдаяқов. Халық арасында ыстық ықыласқа, сүйіспеншілікке бөленген Шәмшінің «Менің Қазақстаным» әні XX ғасырдың ортасында, Хрущевтің әкімшілік реформалары кезінде шыққан. Бұл ән Қазақстан тұтас ел және жерінің бір шөкімін де өзгеге бермейді деген өжет дауылпаз ұран. «Менің Қазақстаным» әнінің рухы жаңа заманда Жаңа Қазақстанды орнатып жатқан халқымыздың рухани талап-тілегіне толық сай келеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны - Қазақстан Республикасының мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. Әнұран салтанатты рәсімдерде, мемлекеттік органдар өткізетін өзге де шараларға байланысты орындалады.
142. Тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясы.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы Жоғары Кеңестің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары —Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқалар. 1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады.1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елдің Негізгі Заңын - тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясын қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық қазақстандықтар еңбегінің жемісі болып табылады. Жаңа Конституцияның ерекшелігі - оның Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі деп жариялауы еді. Осылайша Қазақстан халықаралық нормалар мен демократиялық және құқықтық мемлекет құруға бағыт алғанын барша әлемге жария етті. Қазақстан Республикасының осы, алғашқы Конституциясы 4 бөлімнен, 21 тараудан тұрды. Конституцияның құрамдас бөлігі Қазақстанның қоғамдық даму ерекшелігін бейнелейтін өтпелі кезең жағдайларына арналған тарау. Өтпелі кезеңнің мақсаты бұрынғы және жаңа конституциялық заңдылыққа, мемлекет пен оның органдары мен институттарына қатысты кейбір жағдайларын байланыстыру, үйлестіруге тиіс болды. Конституция баптарының көпшілігі - Отанымызда ұлтаралық жарасымдылықты сақтауға арналған. Онда Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының тең құқықтылығын қамтамасыз етілетіні мәлімделді. Сондықтан да Негізгі Занның ең басты назар аударған нысаны - адам және оның өміріне байланысты мәселелер болды. Елдегі атқарылатын істердің бәрі Заң бойынша тек азаматтар мен қоғамның мүдделеріне сай жүргізілетін болып белгіленді. Қазақстандық және кеңестік іс-тәжірибеде тұңғыш рет адам құқығы мен бостандығының басымдылығы танылып, Қазақстан халқы дүниежүзілік қауымдастықтың ажырамас бөлігі екендігі белгіленді. Конституцияда тілге байланысты проблемалар өз шешімін тапты. Конституция бойынша республикадағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ал орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі деп жарияланды. Мемлекет өз тарапынан ұлтаралық қатынас тілін, олардың еркін қолданылу салаларын сақтау мен олардың еркін дамуына кепілдік берді. Мемлекеттік тілді немесе ұлтаралық қатынас тілін білмеушілік себептері бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге тыйым салынды. Негізгі Заңда Қазақстан Республикасының жері біртұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды деп атап көрсетілді. Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі Қазақстан халқы екендігі жарияланды. Мемлекеттік билік Конституция және республика заңдары негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының ең жоғарғы заңдық күші бар. Конституцияның орындалуына Республика Президенті кепіл болады.Конституцияның тұтастай тараулары мен баптары азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, қоғамға, оның негізгі құрылымына, отбасына, қоғамдық бірлестіктердің қызметін үйлестіруге арналды.Қазақстан азаматтары Конституцияны, республика заңдарын сақтауға, әрбір адамның ар-намысын, абыройын құрметтеуге тиіс. Бұған қоса республика азаматтары мемлекеттік рәміздерді - Елтаңба, Ту, Әнұранды қастерлеуге тиіс. Отанды қорғау - әрбір азаматтың абыройлы борышы. Республика азаматтары заңмен белгіленген салықтар мен алымдарды төлеуге міндетті. Ал үшінші бөлім мемлекет пен оның органдары мен институттарының құқықтық нормаларын айқындауға арналған. Төртінші бөлім Конституцияны сақтау кепілдіктеріне, Конституцияның тұрақтылығын қамтамасыз ету және оның ережелерін қорғауға арналған. Оқиғалардың бұдан кейінгі даму барысы көрсеткендей, республика Парламентінің Қазақстан Конституциясын қабылдауы тарихи маңызы бар оқиға болды. Конституция мемлекеттің өркениетті дамуының негіздерін қалап қана қоймай, адам құқықтарын қорғау ісінде сенімді кепілге айналды. Осы аса маңызды құжатты қабылдау арқылы Қазақстан әлемнің тарихи сахнасына тағы бір демократиялық мемлекеттің шыққанын мәлімдеді.
143. 1995 жылғы ҚР Конституциясы және қос палаталы парламентке сайлау.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде ҚР Президнті ұсынған Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады. Жаңа Конституция мынадай 9 бөлімнен тұрады: Жалпы ережелер; Адам және азамат; Президент; Парламент; Үкімет; Конституциялық кеңес; Соттар және сот төрелігі; Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару; Қорытынды және өтпелі ережелер. Жаңа Конституцияның 1-бабында Қазақстан өзін «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп жариялады. Қазақстан Республикасы өзін президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет деп мәлімдеді. Елдегі мемлекеттік биліктің бір ғана негізгі қайнар көзі халық болып саналады. Жаңа Конституцияда идеологиялық және саяси көптүрлілік жарияланды. Меншік проблемалары да жаңаша тұрғыдан қаралды - жерге жеке меншік енгізілді. Конституцияда: «Қазақстан Республикасында Мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады» деп көрсетілген. Конституция бойынша Парламент екі палатадан тұрады: жоғарғы палата-Сенат және төменгі палата-Мәжіліс. Ата Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Парламентінің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Конституциямен, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен және басқа да заңнамалық актілермен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі бірінші сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңа сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден аяқталады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланымдағы Мәжіліс депуттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттің өкілеттігі Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген жағдайларда және тәртіппен ғана мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, оның он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл.Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.Мәжіліс жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс сайлаған Төраға басқарады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
144. Қазақстан Республикасындағы Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.1990 жылдары Қазақстанда қоғамдық қозғалыстардан – ядролық жарылысқа қарсы "Невада-Семей”, азаматтық "Азат” және "Қазақстанның халық бірлігі” одағы, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді.Сондай-ақ республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар тіркелді. 1998 жылғы қарашада "Ақ жол” қоғамдық қозғалысы құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты: Президент Н.Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау. "Қазақстан-2030” стратегиясын жүзегег асыру. Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2001 жылғы қарашада "Қазақстанның демократиялық таңдауы” атты қоғамдық-саяси бірлестік құрылған. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді.Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.Қоғамдық ұйымдарға партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық одақтар жатады. Қоғамдық қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Қоғамдық қозғалыстың ерекшелігі ол үкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі. Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады.Экологиялық бағыттағы ұйымдар: «Невада-Семей» қозғалысы, «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат» комитеті, т.б. Ұлт мәселесін шешуге тырысқан топтар: Қазақстанның «Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық «Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі, т.б. Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал» , «Әділет , «Ақиқат» және т.б. Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен» , «Алтын бесік» , «Жерұйық» , «Шаңырақ» және т.б. Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар.Осылардың бәрі, өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердің белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына үлестерін қосқанда ғана мақсаттарына жетпек. Жеке ұйымдар мен қозғалыстар: «Азат» азаматтық қозғалысы. Бұл ұйым 1990 жылдың шілде айында Алматы қаласында құрылды, әр түрлі партия, кәсіподақ, әйелдер, ардагерлер, діни, жастар, т.б. ұйымдарды біріктіреді. Іс-әрекеттің нысаны мен тәсілдерінің негізі: мемлекеттік билік органдарын конституциялық жолмен қалыптастыру; баламалы заң жобаларын жасау; жоғарғы және жергілікті ұйымдардың қабылдайтын саяси шешімдеріне; жиналыс, митингі, шеру тарту ісіне қатынасу.«Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық комиссарының (министірдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады. Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.«Ақиқат» тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның мақсатының бірі – халықтың ескі әдет-ғұрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Қазақстанның әйелдер одағы. Бұл қоғамдық ұйым 1991 жылдың мамыр айында құрылды. Құрылу мақсаты - әйелдердің қоғамдағы саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани өмірдегі рөлін арттыру. Қазақстанның жастар одағы. Құрамында 500 мыңнан астам мүшесі бар. Одақтың негізгі мақсаты – жас азаматтардың еркін дамуына жағдай жасау, олардың экономикалық, әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын қорғау, іске асыру.Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің ұйымы. Бұл тіркеуден өткен қоғамдық ұйым. Негізгі мақсаты – Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін әлеуметтік бейімдеу, оларға медициналық көмек көрсету, олардың құқықтық және әлеуметтік қорғау, олардың отбасына моральдық көмек ұйымдастыру, соғыста қайтыс болғандардың атын, ерлігін мәңгілік есте қалдыру, жастарды патриоттық және интернационализм рухында тәрбиелеу. Ұйым соғыс ардагерлерімен үнемі кездесу ұйымдастырып, олардың тілек-мүдделерін зерттеп отырады. Беделі өте жоғары.Қазақстан Республикасындағы Кәсіподақ федерациясы кеңесі. Кәсіподақ федерациясы ерікті қоғамдық ұйым, кәсіпдақ мүшелерінің құқығын және мүддесін қорғайды.Федерация жұмысының негізгі бағыты – мүшелік ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтары мен мүддесін қорғау, еңбек, тұрмыс, мәдениет,спорт мәселелері туралы үкіметпен келісім жасау. Федерация кеңесі Парламенттің заң қабылдау мәселесіне қатысып, заң жобаларын жасайды.«Бірлесу» кәсіподағы республикадағы ғана емес,бұрынғы КСРО-дағы да бірінші тәуелсіз кәсіподақ ұйымы болды. «Бірлесу» қысқа мерзім ішінде сотта 50-ден астам одақ мүшелерінің мүддесін қорғады, 500-ден астам еңбекшілердің мекеме бастықтарына наразылығын жолдады, олардың басым көпшілігі қанағаттандырылды.«Невада-Семей» халықаралық ядролық соғысқа қарсы қозғалыс. Бұл еңбекшілердің еріктілік негізінде құрылған ұйымы. Қозғалыстың негізгі мақсаты- ядролық қаруды және соғысты адамзат өркениетінен аластау, ядролық сынақ жүргізілген аймақтар халқын экологиялық және әлеуметтік қорғау. Табиғатты, Адамды, Мәдениетті қайта жаңғырту.Осы қозғалыстың бастамасына сәйкес Қазақстанда ядролық сынақ жүргізуге тыйым салынады, «ядролық қарусыз ел» деп жарияланды.Бүкіл әлем халқы бұл бастаманы қолдады.«Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті. Бұл комитет 1987 жылы белгілі ақын М.Шахановтың бастамасымен құрылып, республика жұртшылығы оны мақұлдады. Оның мақсаты : Арал теңізі жағдайына, республикадағы экоклкгиялық дағдарысқа қоғамдық пікірді аудару, Арал теңізін қалпына келтіру туралы жобалар мен бағдарламалар жасау.
145. Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар. ХХ ғасырдың 90 жылдарынан басталған демократиялық өзгерістер еліміздегі партиялық жүйені түбірімен өзгертті. Елімізде 70 жылдан астам үстемдік құрған бірпартиялық жүйе орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. Бұл егеменді Қазақстанға демократиялық өзгерістердің нәтижесінде келген саяси плюрализмнің нақты көрінісі. Мұратымыз демократия құру болғандықтан, еліміздегі партиялық жүйені жетілдіру, оны дамыту басты міндеттердің бірі болып табылады. Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дүниеге келген жүздеген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар ұлттық идея төңірегінде топтасты. Бірақ партиялардың көбі ұйымдық тұрғыдан әлсіз, бағдарламасы бұлыңғыр, қолдаушы тобы аз болатын. Он сегіз жылдан астам уақыттан бері біздің еліміздегі партиялар саны да бірде азайып, бірде көбейіп өзгеріп отырды. 2004 және 2007 жылдардағы Парламент Мәжілісіне, 2005 жылғы Президенттік сайлаулар да партиялық алаңда біршама өзгерістер алып келді. 2006 жылы 4 шілде де кезектен тыс өткен IХ съезде «Отан» партиясы «Асар», кейін «Азаматтық» партияларымен бірікті. Осы өзгерістердің нәтижесінде партия аты да «Нұр Отан» болып өзгертілді. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы «Нағыз Ақ жол» партиясы ретінде Қазақстанның Демократиялық партиясынан бөліну нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірде дүниеге келді. 2006 жылы 10 қыркүйекте «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының негізінде Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) құрылды. 2009 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өткен он саяси партия қызмет жасауда. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады.Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды.1.«Отан» республикалық әлеуметтік-демократиялық партиясы: партия көшбасшысы – Елбасы Н.Назарбаев. Партияның басты мақсаты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта өңдеу өнеркәсібін, жоғары технологиялық ғылыми өндірістерді дамыған деңгейге жеткізуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған реформалық саясатын ресми түрде қолдау болып табылады. 2. «Асар» партиясы көшбасшысы «Хабар Агенттігі» ЖАҚ басшылар кеңесінің төрайымы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты – Дариға Назарбаева.Негізгі мақсаты – дамыған азаматтық қоғамдық институттары бар экономикасы мықты, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру.Саяси ортада «Асар» өзін орталықшыл мәтіндегі партия деп біледі, және егер өз мүдделеріне қажет болса, партия басшылықпен, басқа да партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен іскерлік қарым-қатынас орнатуға дайын. 3. Қазақстанның азаматтық партиясы еліміздің бірқатар ірі металлургиялық және тау-кен кәсіпорындарының еңбек ұжымдарының ұсынысымен құрылған. Бұл партияның негізгі мақсаттары - өндірісті дамыту, әрбір қазақстандық жанұяның әл-ауқатын жақсарту, Қазақстанның мемлекеттігін нығайту.Басқа да қазіргі таңдағы елдегі жүргізілген саясатты қолдауға негізделген партиялар сияқты ҚАП өз көшбасшысы деп Н.Ә. Назарбаевты таниды. Бұл партияның 1-хатшысы – А.Перуашев. 4. Қазақстанның аграрлық партиясы жерге деген жеке меншікті енгізу, ауыл инфрақұрылымының жақсаруын, аграрлық сектордың салық салуына қатысты өзгерістер енгізу мәселелерін қолдайды, агроөндірістік кешен қызметкерлерінің мүдделерін қорғайды. Партия жетекшісі – Мәжіліс депутаты, ҚР Парламентінің аграрлық мәселелер бойынша Комитетінің мүшесі, Р.Мадинов. 5. «Руханият» партиясы әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген тұрғындарға сүйенеді: әйелдер, мүгедектер, негізінен білім беру және денсаулық сақтау саласындағы интеллектуалдық еңбек қызметкерлері, сонымен қатар партия аталмыш тұрғындардың мүдделерін қорғайтынын хабарлады. Орталықшыл мәтіндегі партия болып табылады. Өз бағдарламасына сәйкес партияның басты мақсаты – әйелдер мен студенттердің ғылыми, шығармашылық, техникалық зиялыларын саяси өмірге қатыстыру. Негізгі мақсаты – халықтың тәлімдік, діни жаңғыруы. Партия жетекшісі – А.Жағанова. 6. Қазақстанның демократиялық партиясы. Мақсаты – демократия қағидаларына, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылыққа, бос нарықтық экономика мен заңның жоғарылығына негізделген хұқықтық мемлекеттікті нығайту. Төрағасы – М.Нәрікбаев. 7. «Ауыл» шаруашылық әлеуметтік-демократиялық партиясы: Партия төрағасы – экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒА академигі Г.Қалиев. Осы сияқты басқа да саяси партиялар жұмыс істеуде
146. Қазақстанның халықаралық аймақтық ұйымдарға қатысуы(ШЫҰ, ЕуразЭҚ және т.б.) Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді.Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктері, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай.1992 жылғы 2 наурыздағы БҰҰ Бас Ассамблеясыныц (БҰҰ БА) 46-сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға мүшелікке алу жәніндегі қарарға қол қойылды. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше мән бере отырып, Қазақстан БҰҰ-ның бейбітшілікке бағытталған қызметіне белсенді түрде қолдау көрсетті. 1996 жылы Қазакстан БҰҰ-ның, бейбітшілікті қолдайтын шараларына қатыса алатын резервтік келісімдер жүйесіне қосылған 51 - мемлекетке айналды.Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның төмендегідей құрылымдарымен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады: аз санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді.1993 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойды. Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды. Соғыс өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды бейбіт заттар өнімдеріне айналдыру жүзеге асырыла басталды.Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық "Бейбітшілік үшін әріптестік” бағдарламасы негізінде жүзеге асуда. Халықаралық терроризм белсенді әрекет жасайтын Батыс Еуропа, Таяу Шығыс аймағын айтпағанның өзінде ШЫҰ-на кіретін елдердің аумағында қазіргі кезде барлық сипаттары бойынша террористік деп танылған бірқатар ұйымдар бар. Олардың қатарында Өзбекстанның ислам қозғалысын (ӨИҚ) атауға болады.Қазақстанның оңтүстік облыстарында біздің еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірген «Хизбут-Тахрир» діни-экстремистік қозғалысы соңғы жылдарға дейін астыртын әрекет жасап келді. Осындай ықтималды қауіптің алдын алу және оның материалдық, идеологиялық негізін болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасы бірқатар нақты шаралар мен әрекеттерді жүзеге асыруға бел буды. Осындай қадамдардың бірі еліміздің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберінде қауіпсіздік, сепаратизм, территориялық тұтастықты қамтамасыз ету, ұлтаралық қылмыс пен терроризмге қарсы күрес шараларының белсенді қатысушысы ғана емес осы аталған мәселелерді мықтап дамытуда іргелі бастамаларды көтеруші ел ретінде белгілі. Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты Ұйымының (ҰҚШҰ) қызметтеріне белсенді атсалысуда. ШЫҰ ауқымында терроризмге қарсы қызметке жаңа серпін берген жайт ол –1999 жылы Қазақстан Республикасында «Терроршылдыққа қарсы күрес туралы» Заңның қабылдануы мен «Лаңкестік пен экстремизм көріністерінің алдын алу және оларды болдырмау жөніндегі шаралар туралы» президент Н.Ә. Назарбаев жарлығының жариялануы болды. Осы кездері Қазақстан Республикасы лаңкестікке қарсы бірлесіп әрекет ету мақсатында 12 мемлекетпен келісім жасады. Қырғызстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында «Аймақтық террорға қарсы құрылым»(АТҚҚ) құру жөнінде бастама көтерді. Бұл бастама 2000 жылғы 5 шілдеде қабылданған Душанбе декларациясында қуатталып, ресми түрде бекітілді. 2001 жылдың маусымында ШЫҰ тарапынан «Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес жөніндегі Шанхай Конвенциясына» қол қойылды. Бұл конвенция терроризм мен экстремизм көріністеріне қарсы күрестің бірлескен іс-шараларын жүзеге асыруға қажет халықаралық-құқықтық базаның негізін қалауға тиісті болды.
147. Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы орны мен рөлі.Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы кеңесші орган. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. наурыздың 1 құрылған. ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу.Ассамблея мынадай жұмыстармен айналысады:мәдени-ағартушылық — тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту және насихаттау;тәрбиелік — қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру;ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту;Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау. Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды тең арақатынас қағидасы бойынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықының кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктер, Ассамблея Кеңесінің мүшелері ұсынады. ҚХА-ның төрағасы — ҚР Президенті. ҚХА-н құру идеясын алғаш рет ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 ж. тәуелсіздіктің бір жылдығына арналған Қазақстан халықтарының 1-форумында ұсынған болатын.ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.Ассамблея Кеңесінің мүшелері жетекшілік ететін республикалық, аймақтық және қалалық Ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Әзірбайжан, айсор, юнан, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтарының жексенбілік мектептері бар. ҚХА Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен тығыз іскерлік байланыстар орнатқан. Осы ұйымның қолдауымен Ассамблея үлтаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау орталығын құрды.Қазақтардың мәдени - этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы 40 -тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсіністікте өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003, 2006, 2009 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өтті. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісінің куәсі болды. Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастар діндарлардың құқығы мен еркіндігін құрметтеудің демократтық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің теңдігіне, серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген.Құрбан айт пен Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған.
148. ҚР Қарулы Күштерін құру және модернизациялау.Президенттің 1992 жылдың 7 мамырында “Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы” Жарлыққа қол қоюы жаңа Қазақстанның мемлекеттілігін ресімдеудегі өзекті саты болды деп айтуға болады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі қысқа мерзім ішінде Жоғарғы Бас қолбасшымыздың дана саясатының, халықтың өз еркіндігі мен тәуелсіздігін сақтап қалуға деген ниетінің арқасында қазақ халқының тарихында тұңғыш рет тұрақты әскер құрылды. Ол егемен елімізбен бірге өсіп, заман талабына сай жарақтанып, бүгінде қазіргі заманның кез келген қауіп-қатеріне жауап беретін жинақы да ұтқыр армияға айналды. Құрылған күнінен бері Қарулы Күштер талай жауапты жұмыстарды абыроймен орындап келеді.Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің ішінде Қазақстанның әскери қызметшілері әлеуметтік жағынан ең жақсы қорғалған болып саналады.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ біздің шекараларымыздың өн бойында қауіпсіздік белдігінің іргетасы қаланды, ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің өңірлік негізі қалыптасты. 1993 жылы бірінші және 2000 жылы екінші Әскери доктринаның қабылдануы егемен Қазақстанның Қарулы Күштерін құрудағы сатылық кезеңдер болды. Елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық базасы жасалды. Қарулы Күштердің офицерлік діңгегі қалыптасып, нығая түсті.Бүгінде 2007 жылғы үшінші Доктринаға сәйкес біздің армия алдында жүйелі модернизациялау мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру міндеті тұр.Бүгінгі кезеңде армияны қазіргі заманғы ұрыс жағдайларына барынша жақындату жүйесіне көшіруге әзірлік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Міне, сондықтан қазіргі таңда әскерлердің оқу-тәжірибесін жетілдірудің басты тетігі жедел әскери дайындықты орындау міндетін жүзеге асыру болып табылады. Мәселен, 2010 жылы түрлі қару-жарақтар мен техникалардан 12 мың ату үдерістері атқарылып, әскери машиналарды жүргізудің 2 700-ге жуық жаттығулары орындалды.Кезінде Конфуцийдің өзі былай деген екен: “Соғысқа оқымаған, тәжірибесі жоқ адамдарды жіберу – оларды сатумен тең”.Армияның бейбіт кезеңдердегі әскери дайындығы жаттығуларда шыңдалатыны белгілі. Соңғы кездері біздің әскерлеріміздің мүмкіндіктері мен олардың нақты ұрыс жағдайларына барынша жақындатылған уақыттардағы іс-қимылдарға дайындықтары түрлі ауқымдағы жаттығуларда ұдайы тексеріліп келеді. Олардың ішіндегі аса маңыздылары – “Әскери достастық”, “Әуе күштері”, “Дала қыраны” жаттығулары болып табылады. Біздің әскеріміз туралы шетел сарапшылары мынада қорытынды берген: “Қазақстанның Қарулы Күштері бүгінде посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер әскерлерінің жетекші үштігіне кіреді және де Орталық Азия өңірінде үздігі болып табылады”.Қазіргі заманғы әскер құру – бұл техникалар мен қару-жарақтарды модернизациялау ғана емес, бірінші кезекте кәсіби армияның іргетасы – әскери кадрлардың жаңа генерациясын тәрбиелеу. Әскердің кадрлық әлеуетін жетілдірудің бөлінбейтін бір бөлшегі әскери қызметтің беделін арттыру мен әскери қызметшілердің әлеуметтік мәртебесін көтеру болып табылады.Біздің жастарымыз үшін әскер бүгінде қуатты адамгершілік және идеологиялық мектеп – аға ұрпақтың ерлік және өрлік дәстүрлеріне негізделген қазақстандық патриотизм мектебі ретінде көрінуде. Сондықтан жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу – баршамыз үшін маңызды да жауапты міндет.Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемллекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;маңызды әскери нысандарды күзету;елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.Өткенге көз жүгіртсек, біздің Қарулы Күштеріміздің жыл өткен сайын дәйектілікпен дамығанын және нығайғанын көруге болады. Олардың қалыптасуына көптеген офицерлер, генералдар мен жетекшілер, бүкіл Қазақстан қоғамы атсалысты.
149. Астана Қазақстан Республикасының астанасы.Астана 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 жылы Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 жылы қалаға Целиноград атауы беріледі. 1997 жылы тәуелсіз Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданады.1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертіледі. 1998 жылы10 шілдеде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсаукесері өтеді.Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие.1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озады.Қазір Астанада 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша 697 257 адам тұрады. Қазір қаланың аумағы 200 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағыөзен маңыжазықтығында орналасқан.Мәслихат жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығының негізінде құпия сайлау арқылы қала халқымен 4 жылдық мерзімге сайланады. Астана қаласы мәслихатының құрамына бір мандаттық аймақ бойынша сайланған 25 депутат кіреді. Депутаттар арасынан сайланып, өз қызметтерін босатылған негізде атқаратын қалалық мәслихат хатшысы мен тексеру комиссиясының төрағасынан басқа қалалық мәслихат депутаттары өз қызметтерін босатылмаған негізде атқарады. Сессияда қарастыруға енгізілетін мәселелерді алдын ала қарастыру, мәслихат шешімдерін жүзеге асыруға әрекет жасасу және бақылау қызметтерін іске асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған:әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет және қаржы мәселелері жөнінде; заңдылық, құқық тәртібі, депутаттың өкілдігі және этика мәселелері жөнінде; шаруашылық құрылысы, экология, халыққа көлік, сауда және тұрмыстық-тұрғын үй қызметтерін көрсету мәселелері жөнінде;әлеуметтік және ұлттық-мәдени даму мәселелері жөнінде. Соңғы кезде Астана өте серпінді дамуда. Елорда көшірілген кезден бастап қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 3,5 миллиард доллардан асты. 2007 жылға дейін Астананың құрылысына 238,6 миллиард теңге көлемінде қаражат жұмсау жоспарлануда. Астананың ойдағыдай дамып келе жатқанының белгілерін оның халқының жедел өсуінен байқауға болады. Елорданы көшіру жарияланған жылы мұнда небәрі 225 мың адам тұратын. 2004 жылы елорда тұрғындарының саны екі есе өсіп, жарты миллионнан асып кетті.1998 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді.Қаланың дәл жүрегінде орналасқан Бәйтерек мұнарасы жағаласындағы паркқа ұқсас ашық аланында ұдайы арнайы мерекелер өткізіліп отырады. 2010 жылы осы жерде Әкімшіліктің шақырумен Берлин қаласынан келген Аюлар достастығы көрмесінің таныстыру мерекесі өткізіле алынды. Осы көрмеде дүниенің 125 елінен 125 өнерпаздар жасап шығарған 125 көркемөнер уникаттары, бірбірімен татулықпен тыныш тұрып тұрған түрінде, көрсетілді.
Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, Мемлекеттік филармония, 2 сарай, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді. Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.Қалада ақпараттық инфрақұрылым қалыптасқан және оның дамуы жалғасуда.
150. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы. ЕҚЫҰ-ның 2010 жылы желтоқсанда Астана қаласында өткен Саммиті және оның маңызы. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға өз тәуелсіздігін алғаннан кейін көп уақыт өтпей-ақ, яғни 1992 жылдың қаңтар айында мүше болды. ЕҚЫҰ – Солтүстік Америка, Еуропа мен Орталық Азияның 56 мемлекетінің басын біріктіріп отырған әлемдік деңгейдегі іргелі ұйым. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселесі алғаш рет осы ұйымның Тұрақты кеңесінің 2003 жылы 18 ақпанда өткен жиналысында айтылды. Ал Қазақстанның төраға болуына қатысты шешім 2007 жылы желтоқсанда Мадридте өткен ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесінде қабылданды. Сөйтіп 2010 жыл еліміз тарихындағы жарқын парақтардың бірі болып қалмақ. Бұл оқиғаның саяси маңызы – ЕҚЫҰ тарихында тұңғыш рет бұл ұйымға ортаазиялық мемлекет төрағалық етуінде. Және Қазақстан – қазіргі таңда ТМД кеңістігінде бұл ұйымға төраға болған бірден-бір мемлекет.Иә, Президент Н. Назарбаевтың ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің биыл шілде айында Алатау баурайында өткен бейресми кездесуінде сөйлеген сөзінде айтылғандай, ұйым құрылған 1975 жылы, сол тұста әлі әлемнің саяси картасында орын алмаған Қазақстан тәрізді мемлекеттің 35 жылдан кейін оны басқаратыны, сірә, ешкімнің қиялында болмаған шығар.Әскери-саяси өлшем.Қазіргі таңда Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ретінде және серіктерінің белсенді қолдауымен құрлықтар мен өркениеттер арасындағы дәнекерлік дәстүрлерін қайта жаңғыртуда. Тарих үшін тым қысқа уақыт ішінде дүние жүзі мүлдем өзгеше сипат алды. Геосаяси ахуал жаңарып, халықаралық қатынастардың мәні өзгерді, трансұлттық қауіп-қатерлердің жаңа түрлері пайда болды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ның заман талабына сай болуы аса маңызды. Осыған байланысты біз артықшылықтарымызды айқындап, жаңа қауіп-қатерлерге төтеп беретін қарымта жауаптарымызды белгілеуіміз керек.Қазақстан төрағалығы ЕҚЫҰ-ның үш өлшемі аясында, төрт «Т»-дан тұратын – «траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (ашықтық) және «толеранс» (төзімділік) деп жария етілген ұрандар рухында барлық мәлімделген басымдықтар бойынша жүзеге асырылуда. Өз төрағалығы тұсында Қазақстан еуропалық қауіпсіздік ұғымы континенттік аядан әлдеқайда шығып тұратыны туралы тезисті дәйектілікпен және белсенді түрде ілгерілетуде. Соның нәтижесінде бүгінде ЕҚЫҰ еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік ұғымдарын нақты пайдалануда.ЕҚЫҰ-ның байтақ кеңістігіндегі күрделі әскери-саяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан өз төрағалығы тұсындағы қызметін дағдарыстық жағдайларды болдырмау және реттеу жөніндегі ЕҚЫҰ мүмкіндігін күшейтуге бағыттады. Бұл саясат ЕҚЫҰ Қырғызстандағы дағдарысқа кез болған жағдайда өзін-өзі ақтап шықты. Қазақстан ЕҚЫҰ жауапкершілігі аймағынан тыс пайда болатын қауіпсіздік мәселелеріне жаңа көзқараспен қарай бастағанын атап өту қажет, бұл Ауғанстанды бейбіт өмірге қайта әкелудегі ЕҚЫҰ-ның көмек көрсетуінің мүмкін жолдарын белсенді ізденісте, сонымен қатар ынтымақтастық бойынша ЕҚЫҰ-ның Азиялық және Жерорта серіктестерімен диалогтың күшейтілуінде көрініс тапты. ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемінің күшеюіне дем берген Қазақстандық төрағалықтың басқа ерекше элементі - басты халықаралық ұйымдарымен, соның ішінде БҰҰ, ЕО, НАТО, ТМД, КҚТКҰ (ОДКБ) және АӨСШК-мен интенсивті, іс жүзіндегі қайтарымға бағытталған диалог пен әрекеттесуді іске асыруы болып табылды.
151.Қазіргі Қазақстанның сыртқы саяси басым бағыттары. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
152. Қазіргі кездегі Қазақстан – Ресей қарым қатынастары. Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.
153. Қазақстан және Шанхай ынтымақтастық ұйымы. Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) 2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында алты мемлекет - Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы басшыларының келісуімен құрылды.
ШЫҰ негізгі қызметіне: ШЫҰ-на қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара сенім мен достастық қарым-қатынасты нығайту; білім, ғылым және технология саласындағы интеграциялық үрдістерді дамыту; білім беру, ғылым және мәдениет саласындағы көпжақты әріптестік байланысты дамытып, оған тың серпін беру жатады; ұйымға мүше мемлекеттердің саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет саласындағы әріптестік байланысын тиімді дамыту жатады. 1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді. 2006 жылы Қазақстан Бейжіңдегі Хатшылықтың жанындағы және Ташкенттегі Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның Атқарушы комитетіндегі өзінің тұрақты өкілдігінің аппаратын алғашқы құрғандардың бірі болды.2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі), Аймақтық лаңкестікке қарсы Ташкенттегі құрылымның Атқарушы комитетінің директоры болып Мырзақан Субанов (Қырғызстан өкілі) тағайындалды. ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда.2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері БҰҰ және оның арнайы мекемелер жұмысына белсенді қатысуда. Бұл ынытмақтастық мемлекетіміздің сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі. Осы бағыттың негізгі мақсаты халықаралық сахнада ҚР-ның ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік саласындағы стратегиялық мүдделерін, саясат пен экономикада әділетті әлемдік тәртіп пен орнықты даму ортасын құруды, әлемдік қауымдастық мүшелері арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіруді көздейді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдануымен ерекшеленеді. 1992 жылғы күзде БҰҰ Бас Ассамблеясының 47- сессиясына Қазақстан БҰҰ –ға мүше мемлекет ретінде алғаш қазақстандық делегация қатысты. Бұл сессияда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев халықаралық саясат жөнінде сөз сөйледі.1992 жылдан бері Қазақстан тек қана халықаралық қауымдастықтың мүшесі ретінде қабылданып қоймай, сонымен бірге онда өзінің лайықты орнын таба білді.1992-2007 жж ҚР Президенті Н.Назарбаев БҰҰ Нью Йорк қаласындағы штаб-пәтерін 5 рет ресми іссапармен барды және БҰҰ Бас Ассамблеясының жұмысына қатысты.Қазақстан мен БҰҰ арсындағы ынтымақтастықтың маңызды тарихи оқиғалары 2002 жылдың 17-18 қазанда БҰҰ Бас Хатшының Кофи Аннан және 2010 жылдың 6-7 сәуірде Пан Ги Мунның Қазақстанға ресми сапары болды. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Семей сынақ полигонын территорясына келуі маңызды оқиға болды. Семей полигонында Пан Ги Мун сөз сөлегенде өзге мемлекеттерге қазақ елінің үлгі болар істері көп және ҚР Президенті Н.Назарбаев ядролық қарудан бас тартып, полигонды жабу шешімі оның ерекше көшбасшылық қасиеттінің белгісі екенін айтты.Қазақстан БҰҰ мүше болғаннан бері БҰҰ –ң барлық негізгі шараларға, халықаралық форумдарға қатысты.
154. Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын анықтауы және белгілеуі. ҚР тәуелсіздік алғаннан кейін өз аумағын, мемлекеттік шекарасын анықтауға кірісті. Өйткені КСРО құрамында болған кезде Қазақ КСР-інің өз шекарасын басқаруға, оны басқа мемлекеттермен анықтауға құқығы болмады. КСРО-ның 1982 жылы 24 қарашада қабылдаған «КСРО мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының бірінші бабында КСРО шекарасы сызығы КСРО аумағының шебін анықтайтын белгі делінсе, екінші бабында «КСРО мемлекеттік шекарасы КСРО Жоғарғы кеңесінің, КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасын»ң шешімдерімен, сондай ақ КСРО халықаралық шарттарымен анықталады деп» белгіленеді. КСРО ның ыдырауынан кейін де бұрынғы одақтас республикада мемлекеттік шекараға қатысты басқа құжат болмағандықтан жаңа заңдар қабылданғанша 1982 жылғы «КСРО мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы қолданыста болды. Тек, 1993 жылдың 13 қаңтарында ҚР«Мемлекеттік шекара туралы» заң қабылдады. Кеінірек, 1870 жылы, Хабарасу хаттамамен шекаралық сызықтың нақты өтетін жері белгіленді және бұл 1869, 1870 және 1883 жылдары келісімшарт карталарында белгіленді. Бұл келісімшарттың шартты күшін жойматынын, немесе жоққа шығаруға жатпайтынын айта кетуіміз керек. Себебі Қазақстан өркениетті мемлекет ретінде халықаралық нормаларды ұстануы тиіс. Халықаралық тәжірибеге сай бұл құжаттар өздерінің күшін жоғалтпайды және еш уақытта өзінің іс әрекетін тоқтатпайды. Қытаймен шекараны белгілеуде пайда болған тағы бір мәселе, Хабарасу хаттамасының мәтінінің орыс және маньчжурлік тілдерінде әртүрлі оқылуы болды. Дау жер жөніндегі жағдайда кеңестік картадағы шекара сызығының негізсіз Қытайға қарай 15 шақырымға жылжытылуымен байланысты туындады. 1864 жылғы 25 қыркүйектегі Шәуешек хаттамасының мәтінінде бұл жердің Қытайға қарайтындығы жөнінде жазылған. Сондықтан оңтүстікке қарай ағатын Сарышілді өзенінің алабы заңды негізінде Қытайға кетуі тиіс болды. Қытай жаңа тарихи жағдайда 1864 жылғы 25 қыркүйектегі хаттаманы негіз ете отырып бұл жерлерге өзінің құқығын жариялады. Қазақсатан Қытай шекарасына қатысты жер мәселесі шамамен 900 шаршы шақырым жер жөнінде жүрді. Ең басынан ҚР барлық жерді беру жөніндегі келіссөздердің жүрмейтінін, 1864 жылғы Шәуешек хаттамасына ж\е басқа да құжаттарға сүйеніп, сондай ақ қалыптасқан жағдайларға қарап келісімді іздеу қажеттігін жариялады. ҚР мен ҚХР арасындағы ресми дипломатиялық қатынас 1992 жылдың 3 қаңтарынан орнығып, екі ел арасындағы достық және ынтымақтастық қарым қатынас жыл санап беки түсті.Алайда екі елдің арасында шешімі қиын шекара мәселесі тұрды. Шекаралық мәселені шешуге алғашқы қадамдар жасалды. Шекаралық мәселені шешуге алғашқы қадам Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылдың қазан айындағы алғашқы ресми сапарынан басталды. Бұл сапарда шекара мәселесіне қатысты ешқандай ресми құжатқа қол қойылған жоқ. 1994 жылы сәуірде Қытай үкіметі және төрағасының Қазақстанға сапары кезінде Н.Назарбаев пен Ли Пэн қазақ қытай мемлекеттік шекарасы жөніндегі келісімге қол қойды. 1994 жылы құжат бойынша шекара сызығы түгелдей анықталды. 1999 жылғы 1 қыркүйекте ҚР қаулысына сәйкес ҚР-ның Рырғыз Республикасымен, РФ, Өзбекстан Республикасымен және Түркіменстанмен мемлекеттік шекараларды межелеу туралы ҚР үкіметінің комиссиясы құрылды. Қазақстан тәуелсіздін алғаннан кейін өзінің оңтүстік мемелекеттік шекарасымен шектесетін Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан республикаларымен дипломотиялық қарым қатынас орнату негізінде республикалардың үкіметаралық комиссиялары мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізе бастады. Қазақстанмен шекарасы ортақ мемлекеттердің бірі Түркіменстанмен шекараны межелеу тез уақытта жасалып, жеңіл өтті. Шекара ұзындығы оңтүстікте Үстірт қыратынан шөл далаға дейін шамамен 426 шақырымды құрайды. 1932 жылы 27 желтоқсанда заңдық негіз ретінде шекараны межелеуге дайындау үшін КСРО ОАК Президиумы қаулысы және 1972 жылғы Түркіменстан КСР мен Қазақ КСР Президиумымен шекара сызығына сәйкес топографиялық картаның құжат парақтары қабылданды. Бүгінгі таңда Қырғызстан, Түркіменстан және Өзбекстан республикаларымен шекараны межелу мәселесі толығымен реттелді.
155.Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесі. Қазақстан Республикасы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданылуын өзінің тәуелсіз мемлекеттілігінің аса маңызды белгісі деп санайды және оның қолданылуы, қорғалуы мен дамуына қамқорлық жасайды. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабы 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде қазақ тілінің құқықтық мәртебесін анықтайды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде Қазақстан Республикасының барлық саяси, қоғамдық, ғылыми және мәдени саласында қолданылады.Осы Заңда мынадай ұғымдар қолданылады: Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу, білім мен бұқаралық ақпарат құралдарының, құқық қорғау органдары мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тілі.3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі .1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуге міндетті. 2. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне жағдай жасауға міндетті. 3. Қазақстан Республикасы қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы мен дамытуы үшін жағдай жасауға тиіс. 1996 жылы 4 қарашадан ҚР Президенті қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін айқындайтын «ҚР-ның тіл саясаты тұжырымдамасын» бекітті. 1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіледр туралы» Заң қабылданды. Аталған заңның І тарауының 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қазақ тілі» болып бекітіліп, орыс және басқа да ұлт тілдәрі туралы І тараудың 5, ІІ тараудың 8-15, ІІІ тараудың 16-18 баптарында айтылды. Осы заңды жүзеге асыру мақсатында 1998 жылды 14 тамызында қабылданған «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту туралы» Үкіметтің №769 қаулысында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу туралы айтылды. Мемлекеттік тілді дамыту және іс шараларды ұйымдастыру мен үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында бірнеше ресми органдар құрылды. Мәселен, 1998 жылы ҚР Үкіметі жанынан мемлекеттік терминологиялық комиссия, ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 9 қазанындағы №1545 Қаулысымен «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны ашылды. Қазақстандық зиялы қауым өкілдері де мемлекеттік тіл мәселесін дамытуға белсене араласты. Тіл тағдырының күрделі мәселеге айналуының бірнеше себептері бар. Оның басты себебі кеңес үкіметінің солақай саясаты. Басқаша айтқанда, коммунистік партияның «кеңес халқын» қалыптастыру желеуімен орыс тілінің мәртебесін үнемі нығайтып отыруы. Соның салдарынан қазақ тілінің мәртебесін үнемі нығайтып отыруы. Соның салдарынан қазақ қоғамында қазақ тілді және орыс тілді қазақтар деген екі түсінік қалыптасты. Бүгінгі ҚР да Елбасының тікелей араласуымен мемлекеттік тілді жан жақты дамыту және мемлекеттік тіл бүкіл қазақстандықтардың айналуы үшін қыруар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мемлекеттік тілді дамытуға мемлекет тарапынан 2005 жылы 133 миллион, ал 2006 жылы 560 миллион, 2007 жылы 3 миллиардтан астам, 2008 жылы 5 миллиардтан аса теңге бөлінді. Елімізде мемлекеттік тілді тиімді оқытуды арттыру мақстаында 16 аймақтық, 15 қалалық, аудандық қазақ тіліне оқыту орталықтар жұмыс істеді. Қазақ тілінің мемелекеттік мәртебесінің дамып, қалыптасуында Елбасының еңбегі орасан зор.
156.«Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы. Кез келген мемлекет түбегейлі трансформацияға шешім қабылдау кезеңінде өзінің дамуының негізгі бағыттарын айқындауға мәжбүр болады. Ең бастысы, қозғалыс бағыттарын белгілеп, негізгі басымдықтарға сәйкес міндеттерді анықтау мемлекеттік және ұлттық мүдде үшін қажет. Мұндай жүйелі бағдарламасыз алға қарай қозғалыс қиындай түседі. Ұзақ мерзімді даму бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы белгіленген мақсаттарға жету, мемлекет басшысына деген қоғамның сенімі экономика мен саяси жүйені модернизациялаудағы басты мүмкіндікке айналды. Қазақстан өзінің тәуелсідігін алғаннан кейін ақ кең ауқымды әлеуметік, саяси және экономикалық реформаларды жүргізе бастады. Елдегі өтпелі кезеңнің ауыртпалықтары азайып, кезеңдік реформалардың күрделі даму мерзімі аяқталар тұста дербес төл стратегиялық бағытымызды айқындау мақсаты қойылды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» даму стратегиялық бағдарламасын ұсынды. Бұрынғы Кеңес Одағы кеңістігінде Қазақстан бірінші болып мемлекеттік дамудың стратегиялық бағдарламасын жасады. Сол жылдардағы зейнетақы мен жалақының уақытында берілмеуі, жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы, қалаларда жылу берілмей, электр қуатының азаюы сияқты сан түрлі күрделі мәселе күмән туғызғанымен, стратегия өзінің қажеттілігін көрсетті. Бұл стратегияны дайындауда әлемдік өзгерістер ескерілді. Бүгінгі күні Қазақстанда орта тап құру үдерісі біршама нәтижелер беруде. Стратегиялық басты басымдықтардың негізгі тобы сыртқы және ішкі инвестицияларды көбірек тартуды көздейтін ашық нарыққа, қуат көздерін тиімді пайдалану мен инфрақұрылымды қайта құруға, экономиканы нарыққа, бәсекеге қабілетті етіп қайта жасақтау, азаматтарымыздың денсаулығын, білім беру саласы және әл ауқатын арттыруға бағытталды. Бұл арқылы қазақстанның көркеюінің нақты мүмкіндіктері, олардың жүзеге асуының ықтимал кескіндемесі жүйеленеді. Стратегиня жүзеге асыру мақсатында 1998-2000 жылдарға жоспарланған жеті басымдық пен 1998 жылдың Үкімет алдындағы сегіз нақты міндеті терең талданды. Экономикалық реформалар арқылы еркін нарықты құру, билікті демократияландыру шаралары жүзеге асырылды. Елбасы даму стратегиясын белгілеуде келешек мүмкіндіктеріміздің қандай екенін, оның қайтсежүзеге асатынын, қалай пайымдайтынын ортаға салып, халыққа сенім артты,Әуелі қоғамды қиын жағдайдан шығарып алудан кейін, қайта өрлеу жолында еңбектенуге шақырды. Бағдарламада Қазақстанның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық мәнді жеті негізіг ұзақ мерзімді басымдық белгіленгені мәлім. Осы бағдарламдан кейінгі жылдары Елбасының жасаған Жолдаулары осы бағдарламаның заңды жалғасы болып табылады.
157. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауының елдің келешегі үшін маңызы. Бұл стратегия ел үшін маңызыд және қоғамның барлық салаларына қатысты. Әсіресе, білім беру мен ғылымды дамыту бәсекеге қабілеттіліктің бірден бір белгісі. Алайда еліміздің алдына қойылып отырған міндеттің өзіндік қиындығы да бар. Әлемдік экономикалық форумның 2006 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан әлемнің дамыған елінен онша қашық тұрған жоқ, 56-орында. Мемлекеттің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі тығыз бағанда анықталады. Ол білімнің сандық жағы мен білім сапасын қамтиды. Сонымен қатар арнаулы ғылыми қызмет пен мамандар дайындау, кадр дайындау деңгейі, т.т. ескеріледі. Кез келген ел экономикасының қарқынды дамуын қамтамасыз ететін жоғары бірлікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау негізгі басымды бағыттардың бірі болып саналады. Содан да болса керек, ЮНЕСКО техникалық және кәсіптік білімге баса назар аударса, БҰҰ Декларацисы оны мыңжылдық даму мақсатына жатқызды. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруді алға қойған Қазақстан да осы бағытта елімізде 2008-2012 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдап, негізгі міндеттерді айқындады. Елбасы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында кәсіптік және техникалық білім берудің маңыздылығына ерекше мән беріп, оған жаңаша көзқарас қажеттігін баса айтып жүр. 2006 жылдың желтоқсанында өткен шетелдік инвесторлар Кеңесінің 16-отырысында Президент Үкіметке осы мәселеге қатысты мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді тапсырды. Бірінші басымдық индустрияны дамыту. Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілеттігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ ға кіру, экспорттық импорттық кредиттеуді дамытуды мемлекеттік қолдау, ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін академиялық орталықтар мен оқу орындарын құру, осы заманғы және бәсекеге қабілетті көлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске асыру, Алматыны қаржы және іскерлік белсенділіктің ірі өңірлік орталығы ретінде дамыту бағыттары белгіленді. «Қазақстан экономикасынтұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру» атты екінші басымдыққа қатысты қаржы несие саясаты, қадағалау тәртібі мен тиімді салық саясаты, экономиканың тиімділігі мен экономикалық қайтарым деңгейін арттыру, мемлекеттік активтерді тиімді басқару, нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жекеменшік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру, кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдау, шағын және орта бизнестің тұғырын кеңейту мен нығайту, өңірлік әлеуметтік даму мен кәсіпкерлік корпорацияларын құру есебінен экономикалық өркендеудің өңірлік «локомотивтерін» жасақтау, экономикны теңдестіре дамыту қажеттігіне сай келетін аумақтық даму, Астананы осы заманғы әлемдік стандарттарға сай келетін қала ретінде, Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту айрықша аталып көрсетілген.
158. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Бүгінгі күні бүкіл әлем қаржылық дағдарыстан экономикалық күйзеліске ұшыраған кезде Қазақстанда жүргізілетін дағдарысқа қасрсы сасаттың мәні айқындалған. Дағдарыстан жаңарып шығудың негізгі жолдары, әлеуметтік экономикалық салалар бойынша жүзеге асырылатын негізгі шаралар және оған қажетті қаржыны бөлудің нақты жоспары туралы айтылды. Мәселен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 280 млрд теңге, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға 120 280 млрд теңге қаражат бөлінетін болды. Жалпы ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсатта 2 трлн. 700 миллионнан астам қосымша қаржы қарастырылды. Жолдаудағы басты мәселе халықтың әл ауқатын көтеру. Бұған қатысты бірнеше маңызыды шешімдер қабылданған болатын. Жолдауда осындай дағдарыс заманында Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін шешудің бірнеше жолдары атап көрсетілген. Бұдан, әрине , дәстүрлі Жолдау ел өмірінде, оны жақсарту жолында жасалынып отырған нақты міндет пен іс шаралардың ұнамды көріністері болғаны танылады. Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары Қазақстанның қазіргі тарихындағы елеулі оқиғалар. Өйткені, ондағы қойылған міндеттер және жасалынған пайымдаулар мен тұжырымдамалар әр жыл сайын бір бірімен жалғастық тауып, мемлекеттің тұтастай дамуын жаңаша деңгейге көтеруді айқындап отырады. Нақты көрсеткіштерге негізделген мақсат міндеттер қойылады. Мемлекетіміздің жыл сайын барынша қуатты дамып, көркеюінің және халықтың хал ахуалының көтерілуінің басты кепілдігі болып табылады.
159. Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы. 1990 жылы сәуірде республиканың Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президентінің қызметі тағайындалды. Жоғарғы Кеңестің сол мәжілісінде тұңғыш президент болып Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. Қалай болғанда да, өкімет билігінің әлсіреп, экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға тұтқа болатын президенттік басқарылудың енгізілуі заңды құбылыс еді. Ол кезде мұндай шешімдердің қабылдануы да, оның іс жүзіне асырылуы да жылдам жүріп жатты және бұрынғы одақтас республикалар бірінің істегенін бірі қайталап отырды. Мемлекет басшылығына келген Н.Назарбаев КСРО ның келешегі туралы айтыстар жүріп жатқан кезде жаңарған федерация ұстанымдары негізінде одақты сақтап қалу үшін белсенді күрес жүргізді. Кейінірек Қазақстанның жетекшісі конфедерациялыққұрылым ұсынысын көтерді. Бірақ елде орталықтан іргені аулақтату үрдісі үстемдік ала берді. 159. Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы.Мемлекеттік биліктің институттарын қалыптастырудың негізгі міндеті жүйе ретінде қоғамның даму деңгейі мен саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайына сәйкес оның саяси және құқықтық рәсімдеуін таңдау болып табылады. Мұндай таңдау мемлекетті қалыптастыруда саяси және құқықтық негізін және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының сипаттамасын анықтайды. Ғылыми талдауда объективті қажетілік берілген мәселемен, сонымен қатар Қазақстан қатысты ауыспалы қоғамда басқару үлгісінің саяси және құқықтық табиғатын зерттеуде көрінеді. Бұл қазақстандық қоғамның басқарудың қазіргі заманғы және демократиялық үлгіні таңдаудағы бірінші тәжірибесі жөнінде сөз болып отырғаны анық. Бір жағынан, Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алғаннан кейін басталған кезеңде саяси реформаның негізгі мақсаттарының бірі – ауыспалы кезеңдегі қоғамның қажеттілігін толық жүзеге асыру үшін, мемлекеттік билікті ұйымдастырудың әдістерінің өзгеруі болды. Қазақстан Республикасында басқарудың президенттік үлгісінің дамуы және қалыптасу табиғатын зерттеу контекстінде мемелекет егемендігін алғандағы мәселелерді ашу және әзірлеу, бұл сұрақ әрқашан мемлекеттік құрылыс сұрақтарымен өзара тығыз байланысты.Қазақстан Республикасының президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттік биліктің және халық бірлігінің кепілі және рәмізі, тұрақты Конституция, азаматтар мен адамның бостандығы мен құқығы.Негізгі өзгерудің шешуші факторы президенттік институт республикасында қазақстан мемлекетінің барлық қалыптасу процесі табысты іс-әрекет болып табылады. Осыған байланысты басқарудың президенттік үлгісінің қазақстандық нұсқасы, шетел мемлекетінің конституциясының тәжірибесі есебімен қалыптасқан процесс, біздің елдің ұлттық дәстүрі актуалды болып отыр.Осыған байланысты кәсіби Парламенттің өкілеттігінің кеңеюін, Үкіметтің көтерілу деңгейін, жергілікті биліктің жауапкершілігі мен әсерлігі, қоғамдық институттар, соттың шын тәуелсіздігін қамтамасыз ету, баспасөзді ынталандырған, азаматтардың бостандығы мен құқықтық кепілдігі ретінде Президенттің ерекше рөлін белгілеу қажет.
160. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: Парламент.Парламент жоғарғы өкілді орган болып табылады, өйткені халық онда өз өкілдерін тікелей де, жанама да сайлайды және алқалы мекемеге біріккен оларға өз өкілдіктерін береді,олар оны халық атынан іске асырады. Халық атынан әрекет ете отырып,Парламент заң шығарушылық қызметті атқарады.Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін 2 Палатадан тұрады: Сенаттан және Мәжілістен.Сенат әр облыстан,республикалық маңызы бар қаладан және ҚР-ңастанасынан 2адамнан,облыстың,республиканың, өкілдікті органдарының депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 7 депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Президент тағайындайды. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі 6 жыл.Мәжіліс 77 депутаттан тұрады.67 депутат Р-ң әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушының саны тең бір мандатты аумақтығ сайлау округтері бойынша,10 депутат партиялық тізімдер негізінде сайланады. Мәжіліс депутатының өкілеттік мерзімі 5 жыл.ҚР-ң кемінде 5жыл азаматы болған,30 жасқа толған,жоғарғы білімі және кемінде 5 жыл тәжірибесі бар,тиісті облыстық, республикалық маңызы бар қалалық не республикалың астаналық аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.
Қызметтері:
1.ҚР-ң Президентінің ұсынысы бойынша конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді,конституциялық заңдар қабылдайды,оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді.
2.Республикалық бюджетті бекітеді және Үкімет пен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайды.
3.Соғыс және бітім мәселерді шешеді.Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген,өз депутаттарының арасынан палаталар депутаттары санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат және Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады.Сенат Төрағалығынакандидатураны ҚР-ң Президенті,ал Мәжіліске Паланың депутаттары ұсынады.Парламент сессиясы оның Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі.П-ң кезекті сессиялары жжлына 1 рет қыркүйектің 1-жұмыс күнінен маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі.Палатаның бірлескен және бөлек отырыстары оларға әр палата депутаттарының жалпы санының кемінде 2/3-і қатысқан жағдайда өткізіледі.Палаталар әр Палатада саны 7-ден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады.Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақұлданған заң жобасы Сенатқа беріліп,онда 60 күннің ішінде қаралады.Сенат депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен заң жобасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды Мәжіліске жібереді. Егер Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен ұсынылған өзгертулермен,толықтырулармен келіссе, заң қабылданады.
161 Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: Үкімет.Үкімет - мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы.Президенттік республикаларда Үкіметті президент, парламенттік республикаларда және монархияларда - премьер-министр басқарады. Үкімет бір партиялық немесе одақтасқан Үкімет болуы мүмкін. президенттік республикаларда президент жасақтайды, оның үстіне ол тағайындайтын Үкімет мүшелерінің әрқайсысын парламент (әдетте жоғары палата) бекітуге тиіс .Парламенттік елдерде Үкіметке парламенттің алдында (қос палаталы парламентте төм. палатаның алдында) алқалы жауапкершілік жүктеледі. Мұның мәнісі: парламентте көпшілік дауыстан айрылған жағдайда (мысалы, үкіметтік коалиция екіге жарылған кезде) Үкімет не қызметті доғаруға (Үкімет дағдарысы басталып, жаңа Үкіметтің жасақталуымен және парламентке сенім білдірілуімен аяқталады), не парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау тағайындау деген сөз. Федеративтік мемлекеттерде орт. (федералдық) Үкімет және мемлекеттік құрылым федерациясының құрамына кіретін Үкімет болады; қ. Қазақстан Республикасының Үкіметі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі.Үкiметке мынадай негiзгi конституц. өкiлеттiктер берiлген:ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;
ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.
Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.
ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.
Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.
ҚР Премьер-МинистрлерiС.А. Терещенко (1992 - 94);
Ә.М. Қажыгелдин (1994 - 97);
Н.Ө. Балғымбаев (1997 - 99);
Қ.К. Тоқаев (1999 - 2001);
И.Н. Тасмағамбетов (2001 - 03);
Д.К. Ахметов (2003 жылдың шiлдесiнен);
К.Қ. Мәсімов (2007 қантардан).
162 Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: Сот билігі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты — елдің азаматтық, қылмыстық және басқа да жергілікті сот істері бойынша заңда көзделген процессуалдық формада олардың қызметін қадағалап, сот практикасы мәселелері бойынша түсініктеме беретін жоғарғы сот органы.
Оның мәртебесі Қазақстан Конституциясы мен “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен соттар мәртебесі туралы” Конституциялық заң жазылған. Жоғарғы Сот Төрағасы, Жоғарғы Сот алқасының төрағалары мен соттары Республика Президентінің ұсынуымен Сенатта сайланады. Сот төрелігін Қазақстанда тек қана соттар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі — Қазақстанда конституцияны қадағалайтын ұжымдық орган. Ол 7 мүшеден құралған. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен екі мүшесін Президент, соған сәйкес Сенат пен Мәжіліс екі мүшеден 6 жыл мерзімге тағайындайды.
Конституциялық Кеңеске Президент, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, жалпы санының бестен бірінен кем емес Парламент депутаттары, Премьер-Министр, сот (Конституциямен бекітілген адамдар бостандығы мен азаматтардың құқықтық нормативтік актілері бұрмаланған жағдайда ғана) өтініш білдіруге құқылы.
