Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tarikh_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.61 Mб
Скачать

Тарих сұрақтар

  1. Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі.

  2. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі ескерткіштері.

  3. Қола дәуіріндегі Қазақстан.

  4. Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштері, кезеңдері және негізгі ерекшеліктері.

  5. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы.

  6. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы.

  7. Неолиттік төңкерістің мәнін ашып көрсетіңіз.

  8. Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбаша деректер (антикалық, қытай, ежелгі парсы).

  9. Сақ-сармат дәуірі: жазба деректер және археологиялық ескерткіштері.

  10. Хұн,Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері.

  11. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (551-603).

  12. Батыс Түрік қағанатының тарихы.

  13. Батыс Түрік қағанатындағы этно-мәдени үрдістер және халықаралық байланыстар(түрік-эфталит, түрік-иран және түрік-византия қатынастары).

  14. Түргеш қағанатының тарихы.

  15. Қарлұқ қағанатының тарихы.

  16. Қимак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы.

  17. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті.

  18. Қыпшақтардың этно-саяси тарихы (ІХ-ХІ ғғ.).

  19. Қарахан мемлекеті: этносаяси тарихы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, мәдени өркендеуі.

  20. Қыпшақ хандығы.

  21. VI-XII ғғ. Түркі тайпаларының мәдениеті.

  22. Көне түрік жазуының ескерткіштері.

  23. Түркі тайпаларының наным-сенімдері мен салт-дәстүрі.

  24. VI-XII ғғ. оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті.

  25. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әбу Насыр әл-Фараби, М.Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни және т.б.

  26. Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне қатысты деректері мен тарихнамасы.

  27. Монғол жаулауы қарсаңындағы Жетісудың, Орта Азияның және Дешті Қыпшақтың саяси жағдайы.

  28. Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулаудағы әскери тактикасы.

  29. Шыңғыс ханның Қазақстан мен ОртаАзияны жаулауы 1219-1224 жж.

  30. Монғол шапқыншылығының Қазақстан халқына тигізген зардаптары.

  31. Қазақстан аймағы монғол ұлыстары құрамында.

  32. Қазақстан XIII-XV ғғ. Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде.

  33. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.

  34. Көшпелі өзбектер мемлекеті құрамындағы Шығыс Дешті-Қыпшақ (Әбілхайыр хандығы 1428-1468жж.).

  35. XIV-XV ғғ. Моғолстан құрамындағы оңтүстік-шығыс Қазақстан.

  36. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.

  37. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы.

  38. XV-XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы туралы жазба деректер.

  39. Қазақ хандарының нығайюы. 1470-1500 жж. Қазақ хандығының Сыр бойы қалалары үшін күресі.

  40. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы.

  41. XVI ғ. 20-30 жж. Қазақ хандығының “уақытша әлсіреуі”.

  42. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы.

  43. Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы

  44. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы.

  45. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы.

  46. Мұхаммед Хайдар Дулатидың ² Тарихи Рашиди² еңбегі XV-XVI ғғ. Қазақ хандығы тарихының жазба дерегі.

  47. Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.

  48. Қазақтардың этникалық территориясының қалыптасу кезеңдерін атап өтіңіз.

  49. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз.

  50. Тәуке хан билігі тұсында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатының қандай ерекшеліктерін атап көрсете аласыз.

  51. Қазақ хандығының XVI ғасырдың екінші жартысындағы сыртқы саясатындағы қандай ерекшеліктерді атап өтіңіз.

  52. XV-ХҮIII ғғ. Қазақ хандығының саяси-әкімшілік құрылымы.

  53. XV-XVIII ғғ Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.

  54. XV-XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы.

  55. Қазақ-жоңғар қатынастары. 1723 ж. жоңғар шапқыншылығы.

  56. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Бұланты және Аңырақай шайқастары және оның маңызы.

  57. Қазақ-жоңғар соғыстарының кезеңдері. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі.

  58. XV-XVIII ғғ. жазба әдебиет өкілдері: Дулати, Қ. Жалайыр, Әбілғазы.

  59. XV-XVIII ғғ. ақын-жыраулар және олардың шығармашылығы.

  60. XV-XVIII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін атап өтіңіз.

  61. XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін атап өтесіз.

  62. XV-XVIII ғғ. қазақтардың рухани мәдениетінің ерекшеліктерін атап өтесіз.

  63. XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығында егіншілік пен қала мәдениетінің дамығанын көрсетіңіз.

  64. XV-XVIII ғғ. қазақ шаруашылығының негізгі саласы-көшпелі мал шаруашылығына сипаттама беріңіз.

  65. Ресей империясының құрамына кіру кезеңдері (XVIII ғ. бірінші ширегі - XIX ғ. ортасы).

  66. Ресей империясының құрамына кірудің бірінші кезеңіне сипаттама беріңіз(XVIII ғ. 30-40–ы жж.)

  67. Ресей империясының құрамына кірудің екінші кезеңіне сипаттама беріңіз(XVIII ғ. екінші жартысы)

  68. Ресей империясының құрамына кірудің үшінші кезеңіне сипаттама беріңіз XIX ғ. 20-50-і жж.

  69. Ресей империясының құрамына кірудің соңғы кезеңі (XIX ғ. 50-60-ы жж.)

  70. Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат.

  71. Е.Пугачев бастаған көтеріліске Кіші жүз қазақтарының қатысуы және оның себептері.

  72. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері.

  73. ХІХ ғ. басында Бөкей хандығының құрылуы.

  74. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері.

  75. 1822-1824 ж.ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар.

  76. ХІХ ғ. 20-жылдары Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы.

  77. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы.

  78. Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері.

  79. Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары.

  80. Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері.

  81. Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер.

  82. 1867-1868 жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардың көтерілістерінің барысы және нәтижесі.

  83. XIX ғ. аяғы - XX ғ. басында орыс шаруаларын Ресейден Қазақстанға қоныс аудару.

  84. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аударуының себептері, мақсаты, барысы.

  85. ХІХ ғ. Ресей ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі (А.Левшин, В.В. Вельяминов-Зернов, В.В.Бартольд және т.б.).

  86. ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері. «Зар заман» мектебі. Ақын-ойшылдар: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, т.б. еңбектері.

  87. Қазақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б., ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі мен маңызы.

  88. ХХ ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы.

  89. 1905 – 1907 жж. бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері.

  90. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының ұлт-азаттық қозғалыстағы орны мен рөлі.

  91. ХХ ғ. басындағы қазақ баспасөзі.

  92. Қазақстан Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында.

  93. 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің себептері, барысы, нәтижесі және маңызы.

  94. Қазақстан 1917 ж. Ақпан революциясынан кейінгі кезеңде. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімдері.

  95. Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.

  96. 1917 жылғы Қазан төңкерісі: мәні мен мазмұны. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнатылуы.

  97. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және оған Мұстафа Шоқайдың қосқан үлесі.

  98. 1917 ж. екінші жалпықазақ съезінің негізгі шешімдерінің мазмұны және оның маңызы. Алашорда үкіметінің құрылуы.

  99. Қазақстанның азамат соғысы жылдарындағы жағдайы.

  100. «Соғыс коммунизм» саясатының Қазақстанда іске асырылу ерекшеліктері.

  101. Қазақ АКСР-ның құрылуы және оның құрамына қазақ жерлерінің біріктірілуінің барысы және оның қиыншылықтары.

  102. 1921-1922 жж. Жер-су реформасы және оның нәтижелері.

  103. 1921-1922 жж. аштықтың себептері мен салдары.

  104. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың жүргізілу барысы, ерекшкліктері мен нәтижелері және мерзімінен бұрын тоқтатылу себептері.

  105. Түркістандағы ұлттық-мемлекеттік межелеу. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР құрамына біріктірілуі.

  106. 1924 жылғы ұлттық-территориялық межелеуден кейін ҚазАКСР-ның құрамына қандай қазақ жерлері кірді.

  107. ХХ ғ. 20-30-жылдары қазақ зиялыларына қарсы жүргізілген жазалау шаралары.

  108. Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары.

  109. Ұжымдастыру жылдары қазақ шаруаларын жаппай отырықшылыққа күштеп көшіру. Нәтижелері және салдары.

  110. Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары.

  111. 1929-1931 жж. күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер.

  112. 1931-1933 жылдардағы аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары.

  113. Т. Рысқұловтың Сталинге хаты. «Бесеудің хаты».

  114. Қазақстандағы социалистік индустрияландырудың ерекшеліктері, нәтижелері және олқылықтары.

  115. Қазақстанды индустриаландырудың нәтижелері.

  116. ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы мәдени революцияның мазмұны, қайшылықтары, онда большевиктік тұжырымдаманың үстемдік алуының салдары.

  117. ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы сауатсыздықпен күрес. Халыққа білім беру жүйесінің қалыптасуы.

  118. ХХ ғ. 20-30-жылдары ғылым ошақтарының пайда болуы. Ғалым кадрлардың қалыптаса бастауы.

  119. ХХ ғ. 20-30-жылдары әдебиет пен өнердің дамуы.

  120. 1937 – 1938 жж. Қазақстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары.

  121. Республика өмірін соғыс талабына сай қайта құру.

  122. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының майдандарындағы ерен ерліктері.

  123. Фашистік басқыншыларға қарсы соғыс жылдары (1941-1945 жж.) қазақстандықтардың ірі шайқастарға қатысуы және олардың ерліктері.

  124. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбектегі ерліктері.

  125. ХХ ғ. 30 – 40 жылдарында Қазақстанға кейбір халықтардың жер аударылуы, оның мақсаты, көлемі және салдары.

  126. Қазақстан – майдан арсеналы.

  127. Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық – саяси өмірі (1946-1965 жж.).

  128. «Бекмаханов ісі» - КСРО-дағы қоғамдық-саяси жағдайдың көрінісі.

  129. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру: экологиялық, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық салдарлары.

  130. Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуы (1946-1964 жж.).

  131. Қазақстан Хрущев реформалары кезеңінде (1956-1964 жж.).

  132. Қазақстан «кемелденген социализмнің» дағдарысы жылдарында (1965-1985 жж.).

  133. ХХ ғ. 60-жылдарындағы КСРО-дағы экономикалық реформалар және олардың аяқталмауы.

  134. 1965 – 1985 жж. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, ондағы дағдарыстық құбылыстардың мәні.

  135. Ауыл шаруашылығындағы тоқыраулық құбылыстар (1970-1985 жж.).

  136. Тоқырау жылдарындағы мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар.

  137. Кеңес қоғамын реформалауға бағыт. Қазақстан М.С. Горбачев реформалары кезінде (1985-1991 жж.).

  138. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері және салдары.

  139. КСРО – ның ыдырауы және ТМД – ның құрылуы.

  140. ҚР егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң.

  141. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

  142. Тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясы.

  143. 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы және қос палаталы парламентке сайлау.

  144. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар.

  145. Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар.

  146. Қазақстанның халықаралық аймақтық ұйымдарға қатысуы (ШЫҰ, ЕуразЭҚ және т.б.).

  147. Қазақстан халқының Ассамблеясы мен форумдары.

  148. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру және модернизациялау.

  149. Астана – Қазақстан Республикасының астанасы.

  150. Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы. ЕҚЫҰ-ның 2010 жылы желтоқсанда Астана қаласында өткен Саммиті және оның маңызы.

  151. Қазіргі Қазақстанның сыртқысаяси басым бағыттары.

  152. Қазіргі кездегі Қазақстан – Ресей қарым қатынастары.

  153. Қазақстан және Шанхай ынтымақтастық ұйымы.

  154. Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын анықтауы және белгілеуі.

  155. Қазақстан Республикасындағы қазақ тілінің мәртебесі.

  156. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сай ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындау және оны іске асырудың стратегиясы.

  157. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан халқына Жолдауының елдің келешегі үшін маңызы.

  158. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

  159. Қазақстанда президенттік институттың қалыптасуы.

  160. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: Парламент.

  161. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: Үкімет.

  162. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: Сот билігі.

  163. Қазіргі Қазақстанның мемлекеттік құрылымы: ҚР Конституциялық Кеңесі.

  164. 2007 жылғы мамырда ҚР Конституциясына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер.

  165. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауы.

  166. Н.Ә.Назарбаевтың 13 қазан 2009 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – де профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге оқыған дәрісі және оның негізгі бағыттары.

  167. Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар (1990-2011 жж.).

  168. «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.

  169. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: елдің келешегі үшін тарихи маңызы.

  170. «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасы және оның маңызы.

  171. Қазіргі Қазақстанның демографиялық дамуы.

  172. Қазіргі Қазақстанның көші-қон саясаты.

  173. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Қазақстан халқына Жолдауының мәні мен мазмұны.

  174. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшуінің негізгі кезеңдері. Проблемалары, қайшылықтары, жетістіктері мен нәтижелері.

  175. ҚР Президентінің Қазақстанның индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы.

  176. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы.

  177. Қазақстан Республикасының білім жүйесіндегі реформалар.

  178. Қазақстан – әлемдік қауымдастықта.

  179. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) және басқа да халықаралық ұйымдарға кіруі.

  180. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың ролі мен қызметі.

1.Ғылым ретіндегі Қазақстан тарихының мақсат, міндеттері және оны зерттеудің өзектілігі. Тарих тағлымын терең зерделеген халықтың ғана болашағы жарқын болатыны өмірде дәлелденген.Өйткені,бүгініміз бен болашағымыз өткеннің негізінде жасалған.Мемлекеттің өсіп өркендеуі,оның азаматтарының белсенді іс әрекетінсіз мүмкін емес.«Тарихсыз халық жоқ»деген бізге белгілі қағида бекер айтылмаса керек.Тарих тәжірибені зерделеу барысында тарихи сана,дәстүр мен мәдениет,ұрпақ сабақтастығы қалыптасады.Тарих адамзат өркениеті мен қазіргі заманғы ғаламдық мәселелердің диалектикасын түсінуге мүмкіндік береді. Тарих мынандай негізгі міндеттерді шешеді:гносеологиялық(Отанымыз бен халқымыздың өткені туралы білім береді) аксеологиялық(Әр адамның бойында тарихи оқиғаларға қатыстылық сезімін қалыптастырады,сондықтан ол азаматтық қасиеттердің негізі болып табылады)прогностикалық(Тарих,ол болашақтыңнегізі қаланған өткен заман,тарих аяқталмайды.тарихта үлкен мүмкіншіліктер бар,өйткені онда бұрын ашылмаған шындықтарайқындалады).Тарих қай халықтың бломасын қайталанбас ерекшелігін,нақтылығын дербес қарастыра отырып,олардың бүкіл адамзат қауымдастығының құрамдас бөлігі екенін көрсетеді,соған сәйкес әлемдік тарих жүйесіндегі орнын айқындайды.Жалпы алғанда тарих өзгермелі өмірден адамның өзіндік орнын табу жолының кілті.Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан нақты мысал бола алады.Өйткені,қазақстандық қоғам жүздеген ұлыстардың,сан алуан діндер мен өзіндік қайталанбас ерекшелігі бар мәдениеттердің тоғысқан қоғамы.Халық тарихы оқиғалар зердесі арқылы өзінің дүниетанымын,менталитетін қалыптастырады әрі өзінің қоғамда және ғаламдық деңгейдегі қауымдастықта алатын орнын айқындайды. Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бастау алатын,тарихи кезеңдер мен ғасырларды қамтитын өзіндік логикалық темірқазығы бар.Ол мемлекет құрушы қазақ ұлтының этногенезі мен Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ортақ тарихы.Қазақстан тарихын оқытудағы негізгі мақсат Отанымыздың тарихы,ол киелі Қазақ жерінде өмір сүрген барлық алдыңғы ұрпақтың,соның ішінде,әрқайсымыздыңата бабамыздың саналы қызметінің нәтижесі екенін ұғындыру,ал біздің өміріміздің мәні оған қомақты үлес қосу екенін әрбір азаматтың санасына сіңіру. Адамзаттың қалыптасуы мен дамуының ежелгі кезеңдері туралы тарихи білім ертедегі адамдар қалдырған мәдени ескерткіштерді зерттеу негізінде қалыптасады.Мәдени ескерткіштерді адамдардың еңбек құралдары,тұрақтары,тасқа жазылған бейнелер,жерлеу әдістері құрайды.Ежелгі Қазақстан аумағындағы ежелгі тұрғындар туралы жазба деректер кейін пайда болды.Оларға парсы,грек,латын,араб,түрік және қытай тілдеріндегі деректер кіреді.Бұл жазба деректерінде осы жерде мекен еткен тайпалардың тұрмысы,шаруашылық өмірі,саяси оқиғалары,көршілермен қарым қатынасы,ұлттық қалыптасу үрдісі жайлы мәліметтер беріледі.Тарих білімінің негізін деректер құрайды.Тарихи деректер ол қоғамда адамзат дамуының тарихын баяндайтын жазбаша құжаттар,айғақтық деректер.

2. Қазақстан территориясындағы тас дәуірі ескерткіштері. Қазақстан жерінен та­былған эне­олит ес­керткіштері Иманбұрлық, Сек­сеуілді -1, -2 және Пав­ло­дарға жақын жер­де, Ертіс өзенінің жағасы­на ор­на­ласқан Же­лезин­ка по­сел­кесінің маңынан та­былған оба­ны жатқызуға бол­ды. Төменгі па­ле­олиттік ес­керткіштер Қазақстан­ның Жам­был об­лы­сын­дағы Қара­та­удан 50-жыл­да­ры та­был­ды (мұны тапқан Х. Ал­пысба­ев). Бөріқазған, Тәңірқазған және Тоқалы 1,2,3, со­нымен бірге Шу өзенінің оң жағала­уын­дағы Қазанғап қоныс­та­ры белгілі. Бұл жер­лерден көбіне­се тас­тан жа­салған шапқыш­тар табылған. Ор­таңғы па­ле­олиттің ес­керткіштері Қазақстан­ның бар­лық ай­мағынан та­былған Оңтүстік және Шығыс Қазақстан­нан, Маңғыс­тау түбегінен мустье дәуірінің қоныс­та­ры та­былған. Бұларға Са­рысу өзені бойын­дағы Мұзбел, Ертіс өзені, Қанай ауылы­ның маңын­дағы қоныс­тар жа­тады. Қаз­ба жұмы­сы кезінде би­зон­ның, ақбөкеннің, арқар­дың, жа­байы жылқының, т. б. сүйек­тері, ал құрал­дардан қырғыш­тар, сүйір ұштықтар, пы­шақ тәріздес плас­ти­налар ұшы­рас­ты. Жоғарғы па­ле­олит ес­керткіштері Ор­та­лық және Шығыс Қазақстан­нан да та­былған. Бат­пақ – 8, Семізбұғы, Қара­бас – 3, Аг­ренсор – 2 осын­дай ес­керткіштер то­бына жа­тады. Не­олиттік ес­керткіштер­ден Есіл өңіріндегі – Ат­ба­сар мен Торғай үстіртіндегі Ма­хан­жар мәде­ни­етін, Ақмо­ла об­лы­сын­дағы – Ат­ба­сар мәде­ни­етін, Төлес мәде­ни­ет­терін, Оңтүстік Қазақстан­дағы – Қараүңгір, Аты­рау об­лы­сын­дағы – Шат­пакөл, Құлса­ры – 1–5, Шаңды­ауыл, Қызем­шек, Жы­ланқабақ, Қойқара, Са­рықамыс, Ша­ян­ды тұрақта­ры, Маңғыс­та­удағы Шебір – 7, Се­нек-1, -4, -5, -8, Үштаған-1, Се­мек-10, Ақтау қала­сы маңын­дағы Қосқұдық-1, т. б. тұрақтар­ды ай­туға бо­лады. Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік 1–3, Ма­ятас, Бөген, т. б.), Қара­та­удан (Соркөл, Ша­хан­та, т. б.), Қызыл­жар қала­сына жақын Есіл бойынан (Ми­чурин, Бо­голю­бов-2, Яв­ленко– 2), Ат­ба­сар маңынан (Тель­ман-7, -8а, — 9а, — 14а), Қараған­ды маңын­да Са­ры­арқадан (Әкімбек және Қараған­ды – 15), Көкше­тау маңын­дағы да­лалық Шағала­лы жағала­уынан (Ви­ног­ра­дов­ка – 2а, -12), Торғай ой­паңы ауда­нынан (Тұз, Дүзбай-6, т. б.), Қос­та­най қала­сы маңынан (Дач­ная және Ев­геньев­ка), Ба­тыс Қазақстан об­лы­сынан (Са­ры­ай­дын, Шәуші, т. б.), Екібастұз төңірегінен (Тал­дыөзек 21, Шідерті, т. б.), Маңғыс­та­удан (Шақпақата – 2, Қызыл­су – 1, т. б.) та­был­ды.

3. Қола дәуіріндегі Қазақстан. Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.

Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.

1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.

2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді.

Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді».

3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.

Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады.

Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндғргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.

4. Андронов мәдениеті: археологиялық ескерткіштері, кезеңдері және негізгі ерекшеліктері. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған.

Андровнов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған.

Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар.

Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта бастады. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған.

Андроновтықтар жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған.

Қола дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған.

Ыдысты жасау әдістері: а) таспалық әдісі; ә) қалыпқа салып пішіндеу әдісі.

Бұл әдістер б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған.

Андроновдықтарда үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған.

Киім тігуге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім т.б. киген.

Андронов кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық).

Кен өндіру әдістері: а) опыру әдістері; ә) отпен үгіту әдісі; б) ұңгіп қазу әдісі.

Андронов тайпалары өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған.

Қоғамдық қатынастар. Шаруашылықтың дамуындағы өзгерістер андроновтықтарда қоғамдық үйымдағы өзгерістерге жеткізді. Әлеуметтік жіне әскери саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшілер пайда болды.

Еркек-көсем, еркек–жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді өндіруге үстем дәреже алды; ол рулық қауымнның басшысы болды, туыстық әке жағынан есептеле бастады. Әр рудың өз аты болды. Мал, үй мүліктері; еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді.

Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қала дәуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер.

Дін және өнер. Қола дәуірінлегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген: 1. Адамдарды жерлегенде басын батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратқан. 2. Өліктің аяқ-қолын бүгіп қабірге жатқызған 3. Адам өлігін өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы да болған.

Андроновтықтар үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған.

Тасқа салынған сүреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы.

Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған.

Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде отбасылық және қауымдық топтық еңбектің кезінде өндірістік жабдықтарға және өндірістің өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап отбасылық меншік пайда болды.

5. Сақтар: жазба деректері, материалдық және рухани мәдениеті, қоғамдық құрылысы. САҚ МӘДЕНИЕТІ — ерте темір дәуірінде Қазақстан мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалар қалдырған археологиялық ескерткіштер жиынтығы. Бұл тайпалардың тарихы бізге сақ атауы негізінде көне парсы және грек жазба деректерінен жеткен. Археологиялық зерттеулер Қазақстандағы Сақ мәдениеті жөнінде (б.з.б. 7 — 3 ғ-лар) неғұрлым толығырақ деректер береді. 1930 жылдардың соңында басталған зерттеу жұмыстары іс жүзінде 1946 жылдан кейін ғана кеңінен өрістеді. Жетісу, Төменгі Сырдария, Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстанда Сақ мәдениеті ескерткіштері ашылды, көптеген қорымдар, ғұрыптық орындар, т.б. жәдігерлер қазылып, зерттелді. Жетісудағы Есік (Алтын адам) Бесшатыр обалары мен көптеген көмбелер, Сырдың төменгі ағысындағы Үйғарақ қорымы, Орталық және Солтүстік Қазақстандағы Тасмола мәдениетінің обалары, Шығыс Қазақстандағы Берел, Шілікті қорымдары, т.б. көптеген нысандар көне сақтардың тамаша ескерткіштері ретінде танымал. Кең байтақ аумақтарға тарағандықтан, әр өлкенің мәдениетін зерттеудің өзіндік жүйелері қалыптасқан.

Олардың жерлеу ғұрпы, мүліктік мәдениеттегі жергілікті ерекшеліктері мен өзара жақындығы да анықтала бастады. Беріге дейін сақтар тек қана бақташы, көшпелі тайпалар болған деген ескі көзқарастың әсерімен көп уақыт бойы бұлардың отырықшы орындары, яғни қоныстық мекендері зерттеулер аясынан тыс қалған. Ондаған жылдар бойы зерттелген жерлеу ескерткіштерімен (обалар) қатар, қазір жер-жерлерде сақ дәуірінің көптеген қоныстары да ашылды.

Талғар өңірінде ашылған 50-ге жуық қоныстың деректері мұнда сақ тайпалары егіншілікті де кеңінен өрістеткенін көрсетті. Қарқаралы өңіріндегі Қарақуыс, Едірей тауларымаңынан табылған 20-дан астам сақ қоныстары осы пікірді дәлелдей түседі. Мұндағы беткейлерде тау ықтасындарында орналасқан қоныстар кейінгі қазақ қыстауларына топографиялық тұрғыдан өте жақын орналасқан.

Қазбалар барысында көптеп табылған тас кетпендер мен дәнүккіштер Орталық Қазақстан сақтары егіншіліктің қыстақ маңында орналасқан түрін ұстанған деген пікірді негіздеді. Сақ ескерткіштерін зерттеуде әлемдік ғылымның бүгінгі қол жеткен әдіс-тәсілдерін қолданудың маңызы зор. Қазақ Алтайынан ашылып отырған Берел обаларындағы жасанды тоң қабатында сақталған жылқы денелері, шірімей жеткен ағаш бұйымдар, сондай-ақ бальзамдалған адам мәйітін зерттеу маңызды мәліметтер береді. Сақ мәдениеті ескерткіштерін тек зерттеу ғана емес, оларды сақтап қалу, қалпына келтіру мен консервациялау, музейлендіру шаралары қолға алынды. Б.з.б. 7 — 6 ғ-ларда қалыптасқан сақ өнерінің хайуанаттық нақышы дүниежүзілік адамзат өркениетінің тамаша жетістіктеріне жатады. Осындай атаумен белгілі болып отырған сақ қолданбалы өнерінің бұйымдары Қазақстанда, Сібір, Орталық Азия өлкелерінде, Еуропаның оңтүстігінде кеңінен тараған. Нақыштың негізгі құрамын жыртқыш аңдар мен басқадай жануарлар, сондай-ақ мифол. зооморфтық құбыжықтар түрінде жасалған бейнелер түзеді. Бұлар жекелеген бұйымдар немесе бұйымдар мен беттердегі бейнелер, аралас тұрған күрделі композициялар арқылы беріледі. Мазмұны бойынша мифологиялық, пішімі бойынша реалистік деп атауға болатын хайуанаттық нақышты қолдану бағыты бойынша декоративтік өнер болып табылады. Хайуанаттық нақыш дәстүрімен берілген қолдану тәсілдері көбіне металл қазандар мен құрбандық ыдыстарды, қанжарлар мен семсерлерді, қорамсақтар мен айбалталарды, ат әбзелдері мен айналарды, сондай-ақ тулар мен түрлі киімдерді әшекейлеуде пайдаланылған. Табиғат аясын ерекше құрметтеп, оны астарлы мағынада қабылдай білген сақтар арқар, таутеке, жолбарыс, қабан, бұғы, марал, түйе, жылқы, бұлан, бүркіт, сайғақ, қасқыр, қоян сияқты жануарлардың өздеріне етене таныс тұлғаларын тамаша шеберлікпен бейнелеген. Бізге жеткен бұйымдар, ең алдымен, қола, алтын сияқты металдардан, ішінара сүйек, мүйіз, темірден жасалған. Ағаш, тері, киізден жасалған аң бейнелері де бар.

Ғалымдар хайуанаттық нақыштың даму барысын үш кезеңге бөледі.

  • Ерте кезеңге (б.з.б. 8 — 7 ғ-лар) тән маңызды белгілерге жануарлардың қозғалыссыз немесе басын бұрып тұрған (түрегеп тұрған немесе жатқан) сәтте берілуі жатады.

  • Екінші кезеңде (б.з.б. 6 — 4 ғ-лар) хайуанаттық нақыш стилистик. қайта қалыптасуды бастан кешіреді. Статик., яғни қозғалыссыз, көбіне жалғыз тұрған бейнелердің орнына динамикаға толы бейнелер, олардың күрделі топтамалары келеді. Жануарлардың өзара айқасы немесе жырқыштардың шабуылы, әсіресе денесі бұралып берілген бейнелер осы кезеңге тән.

  • Үшінші кезеңде (б.з.б. 3 — 2 ғ-лар) өнердің дамуында саябырлау мен құлдырау байқалады. Хайуанаттық нақыш бірте-бірте ою-өрнекке айналған. Оның орнына атақты ғұн дәуірінің ескерткіштері келген.

Тарих, археология ғылымдарында сақтардың хайуанаттық нақышының шығу тегіне байланысты екі түрлі пікір бар.

С.Руденко, М.Артомонов сияқты ғалымдар бұл өнер, ең алдымен, Алдыңғы Азиядан бастау алған, оның сақтар арасында қалыптасуына сақтардың б.з.б. 7 ғ-да Алдыңғы Азияға (Мидия) жорық жасауы әсер еткен десе,

К.Ақышев, С.Киселев, С.Черников, т.б. зерттеушілер Алдыңғы Азия өнерінің сақтарға ықпалы болғанымен, бұл ықпал б.з.б. 6 ғ-дың соңына таман, ахемен әулеті дәуірі тұсында бой көрсеткенін айтады (дәл осы кезде сақтарға мүлдем тән емес арыстан, фантастикалық арыстан-грифон, ортада қасиетті ағаш немесе құдай бейнесі бар геральдик. композициялар, лотос түйіні немесе оның гүлі араласқан өсімдік оюлар расында да пайда болады). Олар хайуанаттық нақыштың шығу тегі жергілікті ортамен, далалық тайпалардың соңғы қола дәуіріндегі мәдениетімен байланысты деп санайды.

Сақ мәдениеті дәуірінен жеткен сәнді бұйымдардағы асқақ дүниетанымдық рухта берілген бейнелер мен әшекейлер Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінде, бүгінгі өнерде, ел өмірінің басқа да салаларында қолданылады. Ғылымда С. м-нің мемл. қалыптасу деңгейінде тұрғандығы жайлы мәселе айқындалып келеді. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпби қолданғандығынан хабардар етеді. Сақ мәдениетіне байланысты “Далалық өркениет” деген ғылыми ұғым тарих, археология салаларында кеңінен қалыптасты.

6. Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени маңызы. Жол бұдан 3-4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған;ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында, Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды. «Жібек жолы» іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі сорабы өзгермеген:жол шығыста Чаң-аннан (қазіргі Ши-ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир үстіртінен асып, Орталық Азияны, Батыс Азияны кесіп өтіп, Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 km асады.Ерте кездегі «Жібек жолы» Шинжәңнан 3 айрыққа бөлінген, Тянь-Шань тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш өңіріне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Крораннан (Лулан) шығып Күнлүн тауының батысын қапталдап Жаркентке барады, онан ары жүргенде адырлардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға, Еуропаға дейін созылады. Кроранның батыс солтүстігіндегі Көншы өзенінің батысын бойлап, Иіңпанды, Күшарды басып Қашқар Жаңашар ауданына баратын жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да адырлардан асып, Еуропаға дейін барады.Кейін тағы 3 айрық жол пайда болды:Юймынның батыс солтүстігінен басталып, қазіргі Құмыл, Тұрпан, Жемсары сияқты жерлерді басып, бұрынғы дала жолына тұтасатын жол, бұл кейінірек «солтүстік жол» деп аталды. Тұрпаннан шығып, Тянь-Шань тауының оңтүстігін қапталдап, батысқа беттеп, Қарашәр, Күшәрді басып, бұрынғы солтүстік жол айрығымен тұтасатын жол кейінгі кездері «Орта жол» деп аталды. «Оңтүстік жол» бұрынғысымен ұқсас.7 ғасыры кейін, теңіз қатынас-тасымалы дамығандықтан, «Жібек жолы» біртіндеп екінші орынға түсті, бірақ 13 ғасыры дейін шығыс пен батыс қатынасының маңызды жолы болып келді. 19 ғасыры басында, Иcпанияның елшісі Қытайдың 800 түйелік сауда керуенін өз көзімен көріп тұрып Самарқанның жағдайы туралы былай деп жазады:Төңіректің төрт бұрышынан келген тауарлар Самарқанға жиналыпты… Қытайдың торғын-торқалары көз жауын алады.Қытайдың торғын-торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай-ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн әдиял сияқты тауарлар мен орта жазықтың темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдолы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материялдары, сондай-ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Сіләм діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс-күйіс адамзаттың материялдық мәдениетін байытты. Шығыс пен батыстағы халықтар Жібек жолы арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех-Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде - Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай-ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Ӏле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Ӏле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Монғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік-батыста - Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Қүмкент, Аба - Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды.Ұлы Жібек жолы көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы - Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалары болып отыр.

7. Неолиттік төңкерістің мәнін ашып көрсетіңіз . Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды.

Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.

Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.

Тұрақтар. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.

Неолит дәуірі – 5-3 мың ж.Неолит дәуірінде Аналық рулық қауым (матриархат) қалыптасты. Ең ірі жаңалығы Неолит төңкерісі адамдар өн –діруші шаруашылықпен айналыса бастаған. Дән үккіштер Неолитке жатады. Неолит дәуірінде кетпенді ойлап тапқан.Бұл дәуірде адамдар аңдарды қолға үйрете бастаған, ең алғашқы ит үйретілді. Неолит адамдары саз балшықтан жасалған,отта күйдірілген мықты қыш ыдысы “Керамика” үйренген.( Геометриялық өрнек пайдаланылған).

Неолит дәуірінде тас қалақтардан сына дайындай білді. Оны жұмыр тастан жасаған. Неолит дәуірінде “Микролит” дайындауды меңгерген. Неолит адамдары енді жаппай отырықшылыққа көшу басталды, қыш ыдыстары жасалынды, кен кәсібі мен тоқмашылық қолға алынды.Өлген адамдарды өртеп, қабірге әшекей заттары мен тас қаруларын, тамақпен бірге қойылған. Солт. ҚазақстандағыЖелезника ауылынан Неолит қабірі табылған. Мәйіт өртелінген (Кремация) түрінде садақ жебелерімен үш қыш ыдысымен табылған.Тас өңдеудің жаңа әдістері тегістеу, бұрғылау, ұнтақтау пайда болды.

Неолит тұрақтары.

1. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағы.

2. Қостанай облысындағы Ботай тұрағы.

3. Қарақұдық тұрағы.

Неолит дәуірінде шығыс Қазақстаннан Үсті-Нарым ескерткіші табылды.

8. Ежелгі Қазақстан тарихы бойынша жазбаша деректер (антикалық, қытай, ежелгі парсы). Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, оң алдымен, деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді. Ежелгі Қазақстан тарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.Басты деректемелердің бірі Зороастризмнің киелі "Авеста"1 деген ісітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған "Авеста" жырларының авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан.Шамамен алғанда, адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар, абыз Заратуштра, біздің заманымызға дейін IX ғасырда өмір сүрді. Табиғи дарынының арқасында арийлердің батыр ұлдары жайлы жырлап, отыз жасында жаңа дінді ойлап табады. Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Aуғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жипағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады. "Авестаның" сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын әнұрандар (гимндер) бар.Басында Айға, Күнге, отқа, суға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді. Заратуштра уағыздарының Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихын, мәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс ирандық көшпелі тайпалар "турлар" деген жинақ атаумен беріледі. Сонымен қатар "Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалар туралы да айтылады.Tурлар мен арийлер арасындағы шым-шытырық оқиғалар Әмудария мен Сырдария, Каспий мен Арал, Еділ мен Кама өңірлерінде өрбиді. Бұл "әнұрандағы" кейіпкерлер доңғалақты арбаларға мінген. Олардың қарулары — садақ пен жебе, найза, айбалта, кәсібі — мал өсіру (өгіз, жылқы және түйе), тамағы — ет пен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қой әкелетіндігі баяндалған."Авестадағы" Құдай әнұрандары Орталық Азия мен оның солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстанның баұташы-егінші тайпаларының рухани өмірі туралы құнды материал береді. Арийлердің Құдайға құрбандық шалып, оның атына мадақтау айтатын жерлері археологиялық деректермен де расталып отыр Қытай жазба деректері Қытайдың Батыс аймақтарды бағындыруға ұмтылуы сол өңірдегі халықтар жөнінде материалдар жинаудан басталды. Қытай жазба деректері өзінің көлемі жағынан және жүйелі жазылғандығымен ерекшеленеді. Қазақстан тұрғындары туралы алғашқы анық мәліметтер император У-ди (біздің заманымызға дейін 140—87жылдары) Батыс өңірге жіберген тұңғыш Қытай елшісі Чжан Цяннан алынды. Қытай жазбаларындағы "Батыс өңір" деген жерлер қазіргі Шыңжаң (Шығыс Түркістан) және Қазақстан мен Орталық Азияның біраз бөлігіне қатысты қолданылды. Чжан Цянь екі рет Батыс өңірде болып қайтты.Чжан Цянь бастаған елшілікке ғұндарға қарсы Жетісудағы үйсіндермен одақ жасау міндеті жүктелді. Ол елшілік барысында жергілікті халықтың шаруашылығына, әскери күштеріне, қару түрлеріне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне дейін пазар аударып, жазып алып отырды. Әулеттердің тарихын жазушылардың ішінде У-ди императордың басты жылнамашысы "Қытай тарихының атасы" Сыма Цянды (біздің заманымызға дейін 145—86 жылдары) бөліп көрсетуге болады. Оның "Тарихи жазбалар" ("Шицзи")деген еңбегінің "Сюнну туралы хикая" және "Давань туралы хикая" деген екі тарауында ғұндар туралы мәліметтер бар. Мазмұны жағынан Геродоттың Қара теңіздің жағалауындағы скифтер туралы баяндауларына ұқсас.

9. Сақ-сармат дәуірі: жазба деректер және археологиялық ескерткіштері. Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ,сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дәңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады.

Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде еуропеоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайкыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды.Монғолоидтік белгі Солтүстік, Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды жайлаған сақтарға қарағанда басым болған. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірлері сақтарында да монғолоидтік сипаттар біршама мол, ал Арал маңын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер аздау. Б.з.д. V—III ғасырларда Батыс Қазақстанда өмір сүрген савроматтардың кейбір бас сүйектері Жетісу сақтарынікіне ұқсас, оларда да монғолоидтік сипат бар.Сақтардың бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік нәсілдің белгілері әлі де басым. Ғалымдардың есептеуінше, сақтардың бет пішінінде монғолоидтік нышандар басым болды. Сонымен қатар мына мәселеге назар аудару қажет. Өткен ғасырдың 40—50-жылдарында Қазақстан мен Орталық Азияға монғолоидтік нәсіл тек ғұндардың осы өңірлерге енуімен байланыстырылған, ал XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Г.Ф.Дебецтің, Т.А.Трофимованың, О.Исмағұловтардың деректері бұл өңірдің антропологиялық жағынан монғолдануы ғұндар заманынан бұрын басталғанын көрсетті.Монғолоидтік нәсілді Қазақстан жеріне әкелушілер Орталық Азиядан батысқа қарай қоныс аударған монғол тектес, түркі-монғол тілдес тайпалар еді. Б.з.д. III ғасыр мен б.з. III ғасырлары аралығында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жерінде көне үйсін тайпалары өмір сүрді. Жетісу жерінде Сарытоғай, Таңбалытас қорымдарынан табылған кейбір бас сүйектер нәсілдік тегі жағынан таза монғолоидтерге ұқсайды. Үйсін дәуіріне жататын Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жерінен табылған антропологиялық материалдар да монғолоидтік нәсілдің бұрынғыдан да көбейе түскендігін көрсетеді.Тағы бір айта кететін мәселе, монғолоидтік белгілер ер адамдар бас сүйегінде кездеседі. Орталық Азиядан Қазақстан жеріне осы кезеңде келгендер жаулап алушылар болса керек.Ғүндардың араласуы нәтижесінде жергілікті сақ-үйсін этностың топтардың антропологиясында монғолоидтік нәсіл белгілері күшейе түсті. Сонымен ғұн-үйсін заманында қазақ жерін жайлаған этностық топтардың антропологиялық бет пішінінің мөлшермен 1/4 бөлігі монғолоидтік болды.Жалпы ғұндар Қазақстанның ежелгі тайпаларының антропологиялық тұрпатына ғана емес, сонымен қатар тілінің түркіленуіне де қатты әсер етті. Өкінішке орай, Қазақстан жерінде ғұндардыңархеологиялық рткіштері аз анықталып, нашар зерттелген. Сондықтан антропологиялық материалдар да жоқтың қасы

Сар­маттар

Сар­маттар ту­ралы де­рек­тер өте аз. Бұл тай­па­ның аты б. з. б. III ғ. бас­тап та­рихқа кірген. Сар­мат тай­па­лар одағы Ба­тыс Қазақстан өңірінде өмір сүрген. Б. з. б.III — б. з. -дың IV ғасы­ры ара­лығын­да То­был мен Ду­най ара­лығын ме­кен­де­ген тай­па­лар. Олар алғашын­да б. з. б. VI­II ғасыр­да «сав­ро­мат­тар» деп аталған. Б. з. б. II ғасыр­дан бас­тап Оңтүстік Орал­ды, Еділ бойын, Қазақстан­ның ба­тыс аумағын қоныс­танған. Б. з-дың IVғ. ғұндар­дан жеңіліп ба­тысқа қарай қоныс аударған. Жа­уын­гер сар­мат тай­па­лары дах (дай) – мас­са­гет, ис­се­дон­дармен ту­ыс­тас бо­лып кел­ген. Сар­маттар тілі иран тілінен түрік тіліне ауысқан. Сар­маттар­дың құра­мын­да рок­со­лан­дар, алаңдар, аорс­тар, си­рак­тар т. б. тай­па­лар болған.

Мәде­ни­еті. Сар­маттар мәде­ни­еті 3 ке­зеңді қам­ти­ды.

ер­те сар­маттар мәде­ни­еті (про­хор)

ор­та сар­маттар мәде­ни­еті (сус­лов)

кейінгі сар­маттар мәде­ни­еті.

Сар­маттар қыш ыдыс­тар, сақина, білезік сияқты әше­кей зат­тар жа­саған. Б. з. II-IV ғғ. Сар­маттар­дың аса ірі ар­хе­оло­ги­ялық ес­керткіші – жер­леу орын­да­ры (Ба­тыс Қазақстан об­лы­сының Шыңғыр­лау ауда­нын­да) та­былған. Олар кейінгі сар­маттар мәде­ни­етіне жа­тады. Қабірге қасын­да түрлі әше­кей зат­та­ры бар әйел жер­ленген.

III-V ғғ. зер­герлік өнер­ге түсті ме­тал­дардың ішінен ал­тынды көп қол­данған. Осы кез­де Қазақстан жерін ме­кен­де­ген тай­па­лар­дың ара­сын­да зер­герлік өнер­де «по­лих­ромдық стиль» кең та­рады. Қазақстан­да б. з. VII – V ғғ. бұл стильдің екі түрі да­мыды: бе­зендіру, зер­леу әдістері. Сон­дықтан да «по­лих­ромдық стиль» б. з. 1-мыңжыл­дықтың ба­сын­да ту­ды де­ген бол­жам бар.

Ша­ру­ашы­лығы. Көшпелі мал ша­ру­ашы­лығымен, оты­рықшы өмір сүріп егіншілікпен ай­на­лыс­ты. Сар­мат тай­па­лары Еура­зи­яның са­яси–эко­номи­калық және мәде­ни өмірінде еле­улі рөл атқарған одақтар мен мем­ле­кет­тер құра­мына кірді.

Сақтар

Ар­хе­оло­ги­ялық мәлімет­тер бойын­ша сақ тай­па­лары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. ме­кен­де­ген. Сақ тай­па­лары әр түрлі аталған. Сақтар­ды ежелгі грек ав­торла­ры «Ази­ялық скиф­тер», пар­сы ес­керткіштерінде «Құдіретті ер­кектер», Иран жаз­ба­ларын­да «Жүйрік ат­ты тур­лар» деп атаған. Сақтар­да негізінен әске­ри қоғам бол­ды. Сақтар­дың эт­номәде­ни аре­алы­на көпте­ген тай­па­лар кіреді. Олар­дың нақты са­нын белгілеу мүмкін емес, грек де­рек­терінде – да­илар, мас­са­гет­тер, ис­се­дон­дар, т. б., пар­сы де­рек­терінде – сақ-ха­омо­вар­га, сақ-тиг­ра­ха­уда, сақ-па­рада­райа деп ата­лады

Сақтар­дың ант­ро­поло­ги­ялық типі еуро­пе­оид­ты бол­ды. Со­нымен қатар моңғоло­ид­тық эле­мент­тердің етек жа­юы күшейді. Ба­тыс Қазақстан­дағы сав­ро­мат-сар­маттар сақтарға ту­ыс­тас келді.

Сақтар­дың қоғам­дық құры­лысы. Алғашқы қауым­дық қаты­нас­тар ыды­рап, әске­ри де­мок­ра­тия құры­лысы­ның пай­да бо­ла бас­таған ке­зеңі.

Бүкіл тай­па мүше­лері сай­лаған тай­па көсемі – бас қол­басшы бол­ды. Олар тай­па­ны да басқарып отыр­ды. Әр көсем өз тай­па­сының қару­мен, азық-түлікпен қам­та­масыз етілуін қадағала­ды, тай­па аты­нан келіссөз жүргізіп не­месе келісімге келіп отыр­ды. Тай­па одақта­рының көсем­дері ру мен тай­па ара­сын­да жайылым және көшу­ге қажетті жер бөлу ісімен ай­на­лысып, осы жер­лерді пай­да­лану ере­жесін анықта­ды. Со­нымен қатар олар жер да­уын шешіп, ру­лар мен тай­па­лар ара­сын­да қақтығыс ту­ып кет­пеуін қадағала­ды. Сақ әйел­дері қоғам­дық өмірге бел­се­не қатыс­ты және ер­кектер­мен бірге соғыс­ты. Тіптен олар­дың кейбіре­улері тай­па көсем­дері бо­лып та сай­лан­ды

Әске­ри де­мок­ра­тия тап­тық қоғамға өту ке­зеңі бол­ды. Де­мек, сақтар мем­ле­кет құру ісінің та­бал­ды­рығын­да тұрды. Бұл құбы­лыс оты­рықшы ха­лықтарға қараған­да, көшпелілер­де кешірек пай­да бол­ды.

Сай­ла­нып қойылған көсем­дердің қолы­на аза­мат­тық және әске­ри билік шоғыр­ланды, әске­ри жа­сақтар құрыл­ды. Сақ бірлестігін хан басқар­ды. Әрбір тай­па бірлестігің өз ха­ны бол­ды. Хан мұра­герлік жол­мен сай­лан­ды. Егер хан өлсе, оның ор­ны­на ұлы, ал кәме­лет­ке тол­маған не­месе мүлде бол­маған жағдай­да хан­ның ең сенімді әйел­дерінің бірі ел басқар­ды.

Хан ел­ба­сы, ел мен жердің иесі, бас қол­басшы са­налған. Хан­ның жа­нын­да ірі-ірі тай­па бас­шы­лары және әйгілі ба­тыр-қол­басшы­лар­дан тұра­тын хан кеңесі жұмыс атқарған.

Маңызы бар мәсе­лелер ха­лық жи­налы­сын­да талқыла­нып, оған әйел­дер де қатыс­ты. Малға же­ке меншік пай­да бол­ды. Соғыс негізінен тай­па көсем­дері үшін пай­да­лы еді. Осы­лай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқын­дар құлға ай­нал­ды­рылып, үй ша­ру­ашы­лығын­да жұмыс істеді. Бұл ке­зеңдегі құлдар­дың көбі ер адам­дар бол­ды.

Сақ қоғамын­да өмір сүрген адам­дардың үш то­бы ерек­ше­ленді: жа­уын­герлер, абыз­дар және басқа қауым адам­да­ры (мал­шы­лар мен егіншілер). Әрбір қоғам­дық топ­тың дәстүрлі өз түсі бол­ды. Жа­уын­герлердікі – қызыл, абыз­дардікі – ақ, өзге­лердікі – са­ры және көк.

Ша­ру­ашы­лығы. Сақтар, негізінен, мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыс­ты. Мал ша­ру­ашы­лығының 3 түрі бол­ды:

*көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы Ба­тыс және Ор­та­лық Қазақстан­да өріс ал­ды.

*қыс­тық және жаз­дық қоныс­тарды қажет ететін жар­ты­лай көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы — Ал­тай, Тянь-Шань та­ула­рын­да, Жетісу, Шығыс Қазақстан­да көп та­рады.

*оты­рықшы мал ша­ру­ашы­лығы (жар­ты­лай егіншілікпен ай­на­лысқан). Ша­ру­ашы­лықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстан­дағы Сыр­да­рия, Ке­лес, Шу өзен­дерінің аңғарын­да да­мыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте көп өсірді, ал ірі қара (си­ыр) са­ны аз бол­ды.

10.Хұн,Үйсін, Қаңлы мемлекеттік-саяси құрылымдарының басты белгілері. Үйсіндер мен қаңлылар (б.з.б.II-б.з.Vғ.ғ).

Б.з.б. II ғ. Қытай жазба деректемелерінің хабарына қарағанда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Жазба деректер бойынша үйсіндерді алғаш рет тарих ғылымына таныс еткен Н.В. Кюнер мен академик Н.Я. Бичурин. Бұлардың аудармаларын және басқа да деректерді пайдалана отырып академик В. Бартольд өзінің атақты «Жетісу тарихының өчеркі» атты еңбегінде үйсіндердің қысқаша тарихын жазды. Үйсін тайпаларының тарихи өмір тіршілігін қалыптастыруда, археологиялық материалдарды жазба деректермен салыстыра отырып, зерттеуде еңбек еткен ғалымдар академиктер Ә. Марғұлан мен А. Бернштам болды. Қазіргі кезде сақ-үйсіндер тарихымен ұзақ жылдардан бері айналасып жүрген К.А.Акишев. Ол үйсін тайпалардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік–экономикалық жағын бір жүйеге келтіріп, үйсіндер мемлекеттік дәрежеде таптық құрылыста өмір сүрген деген қорытындыға келді. Үйсін деген сөз Қытай деректері арқылы белгілі. Сөздің мағнасы осы уақытқа шейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді. Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан деп, екінші біреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталары, олар түрікше сойлеген деп есептеді. Бірақ, қалай болсада, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі «үйсін» деп аталады.

Үйсіндердің саяси құрылымы.

Біздің заманымыздаң бұрын II ғасырда 177 жыл шамасында үйсіндердің мемлекеттік бірлестігі қалыптасты. Олардың ордасы қызыл алқап (Чигучен) Ыстық көлдің жағасына орналысты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.

Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды. Олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен шектеседі. Шығысында хундармен ортақ шекара болды, ал Онтүстігінде олардың иелігі Ферганамен ұштасып жатты. Үйсіндердің мемлекет басшысы Гуньмо (Ұлы бек) деп аталды. Өкімет билігі атадан балаға мұрагерлік жолмен ауысып отырды. Гуньмоға бағынышты ұсақ ру басшылары кіші гуньмолар (бек) деп аталды. Бұлардан басқа жоғарғы және төменгі лауазымдар, қызмет адамдары және «вассал» князъ, тархан, хоубай деген әлеуметтік атаулар болған. Басты өндіруші тап құлдар мен қарапайым шаруалар болды. Қытай тарихшысы Сюй-Сунаның қалдырған дерегіне қарағанда үйсіндер көшпелі мемлекет болған. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Үйсіндердің Гуньмолары Қытай ханшаларына үйленіп отырған. Үйсіндерде жоғары деңгейде тұрған әскери үйым болды. Әскерлері жақсы қаруланған салт аттылардан тұрды. Мәселен, Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжыньцянь үйсіндер иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған (қаруланған) 30 мың атты нөкері жене оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.

Шаруашылығы.

Үйсіндердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Сонымен бірге олар егін шаруашылығымен де айналысты. Жерге жеке меншік орнап, ол мұрагерлік жолмен атадан балаға қалып отырды. Үйсіндер жылқы, қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген. Тұтыну бұйымдардың ішінде күнделікті тұрмысқа қажетті қыш ыдыстар көп кездеседі. Олар формасы жағынан алуан түрлі. Тамақ ішуге керекті түрлі аяқ – табақ, тостағандар болса, азық-түлік сақтайтын, су таситын, айран, сүт сақтайтын түрлері болған. Үйсіндер қорғасын, мыс, алтын кендерін білді. Археологиялық қазбалар нәтежесінде табылған әйелдің тәжі тәріздес әшекейлі баскиімі Қарғалы диадемасы – үйсіндердің өнері мен діни нанымнан мәлімет беретін құнды ескрткіш. Ол 2300 биіктіктегі тау шатқалынан табылған.

Қаңлылар.

Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар.

Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады. Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған. Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.

Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы.

Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған.

Шаруашылығы.

Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан.

Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты.

Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.

Қаңлылар қоғамында әр түрлі кәсіптер,қол өнер, сауда және ақша айналысы дамыды.

Олардың қоныстарында ондаған тұрғын үй мен қора – қопсылар болды. Қоныстарда тұрғын үйлерде болсын, қора-қопсыларда болсын дән, астық сақтайтын ұра, еденді сылайтын балшыққа, шикі кірпішке қосылған сабан, толып жатқан дәнүккіштер, астық, бақша дақылдарын сақтайтын қыш кеспектер табылды. Жерді тас кетпендермен өңдеген, сүйектен жасалған егіншілік құралдары да пайданылған.

Қаңлылардың діні.

Қаңлылар табиғат күштеріне, ата-баба аруағына сиынған. Әр жылдың маусым айында барлық тайпалар жиналып, ата-бабаларына шектік беріп отырған. Олардың бір бөлігі будды дінін қабылдады. Көп құдайға табынушылық болды. Сонымен қатар қаңлылар жұлдыздар арқылы түрлі болжамдар жасап отырған.

Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.

Сонымен қаңлы тайпаларында сонау ерте кезден бастап мемлекеттік дәрежесіне дейін көтерілген тайпа бірлестіктері болды деп айтуға болады. Ғундар. Ғунну державасынның құрылуы. Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді. Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған. Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр. Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады. Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді. Сонымен Қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қарағанда, б.з.б IV-III ғасырларда Қытайдың Солтүстігінде Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықты мекендеген күшті ғұн тайпаларының бірлестігі құрылды. Олар өздерімен көрші жатқан халықтарын басып алумен қатар Қытай жерінде дүркін-дүркін шабуыл жасап тұрған. Бұл жағдай Қытай патшасының наразылығын тұғызып отырды. Сөйтіп, ғұндар мен Қытай өкіметінің арасында бір-біріне алма-кезек жасалған ұрыс–талас, соғыстар олардың ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам уақытқа созылған. Жылнамалар бойынша, ғүн тайпаларының бірігіп саяси күшейген кезі б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарды. Олардың аман қалғандары Монголия, Маньчжурияға дейін қашып бас сауғалауға мәжбүр болады. Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары және жоғарғы Енисей жеріне дейін шабуыл жасап, Қытайдың хань әулетінің негізін салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді. Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта ағысына дейінгі аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде «Ғұн державасы» пайда болды. Ғұндардың саяси, қоғамдық құрылысы. Мемлекеттің басында ұлы Сенгир (Шаньюй) тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған. Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Сонымен бірге, Шаньюй ол территорияны сақтауға, қорғауға міндетті болды. Оның соғыс жариялауға, бітім жасауға, армияны басқаруға құқысы болды. Жоғарғы сот билігі де Шаньюйдің қолында шоғырланды. Ғұн мемлекетінде Шаньюйден кейінгі екінші орында оның балалары және жақын туыстары тұрды. Бұданбасқа Шаньюйге туменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құралды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды. Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болған. Мұның негізгі тез жүретін атты әскер болды. Атты әскердің қаруы садақ пен жебе еді. Олар садақтарының сыртын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған. Әсіресе, ұшқыр, ауыр ұңғырлы сауыт бұзар жебені темірден жасаған. Ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға ыңғайлы. Ондай семсерлер Қазақстанда Ақтөбе Шаушықұм, Жамантоғай қорымдарынан табылған.

11. Бірінші Түрік қағанатының тарихы (551-603). Этникалық ортаның өзгеруіне байланысты біздің заманның 1-ші ғасырында Еуроазия далаларында басымдық түркі тілдес тайпаларға ауысты. Бірінші түрік қағанаты мемлекетінің құрылуымен Қазақстанның орта ғасырлық тарихы басталады. 1968 жылы Монғолияда Орхон алқабында түркі руналық жазуның ескерткіші табылды, әзірше бұл түркі қағанаты дәуірінің алғашқы ескерткіші. Бұл жазулар кағандардың билеушілерінің қорған- жерлеу орындарында қойылған. Қағандар билеушілері – Таспара, Бильге және оның ағасы Күлтегін. Міне, осы түркі жазуларынан біз түркі империясы – түркі елі (мемлекеті) туралы білеміз. Ерте ортағасыр дәуірінде Римнің құлауынан оңала алмай жатқан Еуропаға қарағанда Орта Азияда күрделі өзгерістер болды. Санаулы онжылдықта Ұлы Дала кеңістігінде Рим империясының аумағынан кем емес мемлекет құрылды. Дала империясы – түркі қағанатының тууы - түркі әлемі туралы ұғым туғызды, Қазақстан тарихында және басқа да Еуроазия елдеріндегі ежелгі түркі деп аталатын жаңа дәуірді ашып берді. Түркілер тарихы - Қытай жылнамашыларының жазып алған ежелгі түркі аңызына сүйенсек, Шығыс Тянь Шань – Турфаннан басталады. Бұл аңызға қарасақ түркілер ата- бабалары жау тайпаларымен түбімен жойылған, тек бір ғана 10 жастағы ер бала аман қалған, оны бір қасқыр өлімнен аман алып қалып, өзі асырыған, кейіннен оған әйел болып, 10 ер бала туған. Олардың бәрі Түрфан әйелдеріне үйленген. Осы Тарланның Ашина есімі бір немересі жаңа тайпаның көсемі болып, оған өз есімін берген. Кейіннен Ашина руының көсемдері өз туысқандарын Алтайға шығарады, онда олар жергілікті тайпаларды игеріп, түркі есімін қабылдайды. Сондықтан да қасқыр - көптеген түркі халықтарының ең қасиеттейті хайуаны. Сол қасқыр терісі - ішінде қолдары мен аяқтары шабылған адам жатқан қасқыр фигурасы каған стеласындағы барельефте бейнеленген. Аңыз түркілердің шығу тегін Шығыс Тянь-Шаньмен, Қытай жылнамашылары сияқты байланыстырады. Қытай жылнамашыларының айтуынша кейінгі ғұндар тайпасы ІІІ-IV ғасырда солтүстік Тянь-Шаньға қоныс аударған және Турфан аймағына ығыстырылып, онда 460 жылға дейін мекендеген. Сол жылы оларға монғол тілді жуань – жуань (авар) тайпалары шабуыл жасап, олардың иеліктерін құртып, ғұн тайпаларын Алтайға ығыстырған. Сол тайпалар ішінде Ашина ұрпақтарының тайпасы да болған. Ашина Алтайға қоныс аудармай тұрып жергілікті халықпен араласып кеткен. Олар күштерін жинап аварларды талқандады. 551 жылы түркі билеушісі Бұмын “қаған” титулын алды, яғни ол император дегенді білдіреді. VI ғасыр ортасында тарихи аренаға жаңа тұлға – Түркі қағанаты келді. Мұған қаған (553-572) 553 жылы Оңтүстік Батыс Манчжуриядағы моңголдардың қидан тайпаларын және Енисайдағы қырғыздарды жаулап алып, түрік елінің Орта Азияның Оңтүстік Сібірдегі өктемдегін біржола орнықтырды. Бірінші Түрік қағанаты атанған осынау мемлекеттік құрылым 630 жылға дейін сақталған. Қытай жылнамаларының айтуына қарағанда әлгі қағанат Ұлы Қабырға сыртында жатқан елдердің баршасының зәресін алған. Шығыстан Корей шығанағына дейіңгі он мың км жуық, Оңтүстіктен Алашан Гоби шөлдеріне, солтүстіктен Байкалға дейінгі бес-алты мың км жуық жердегі ұланғайыр кеңістік осы державаның табанында жатты. Ол аздай-ақ Қытайдың Солтүстігіндегі Ци және Солтүстік Чжу мемлекеттерін де өзіне қаратып алды. Міне оның қуаттылығы осындай болған. Түріктердің Батысқа қарай жасаған жорықтары да жемісті болған. 5 ғасырдың 60-шы жылдарының соңына қарай түрік қағанаты сол заманғы ірі де іргелі мемлекеттер – Византияның, сасанидтік Иранның және Қытайдың саяси, сондай-ақ экономикалық қарым-қатынастары жүйесіне кіреді де, Қиыр Шығыс Жерорта теңізі жағалаундағы елдерді жалғастыратын сауда жолдарына бақылау жасау үшін күрес жүргізеді. 555-558 жылдары түркілер Жетісу мен Қазақстанның Сырдария, Арал, Орал және Жайыққа дейінгі далаларын иеледі. Түркілердің батысқа қозғалысы тек жаулап алу болған жоқ, сонымен бірге ол Орта Азия түркілер тайпаларының қоныс аударуы және олардың Солтүстік Шығыс Орта Азия аймақтарына, алдымен қазақ далаларына қоныстанулары болды.

12.Батыс Түрік қағанаты (603 - 704). - Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекетіАумағы Алтай, Сібір жерінен бастап, Әмудария мен Еділ өзендерінің төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Саяси ахуалдарға байланысты шекара өзгеріп тұрғанымен Батыс Түрік қағанатының негізгі аумағы ежелгі үйсін жері, Жетісу өңірі болған. Негізгі астанасы Шу бойындағы Суяб.Батыс Түрік қағанатының халқы “он оқ елі” (он оқ бұдұн), “бес арыс дулу”, “бес тайпалы нушеби” деп те аталған. Негізгі тайпасы теле.. Батыс Түрік қағанатының мемлекет басшысы - қаған жоғары билеуші әрі әскербасы саналды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді, ру басшыларын тағайындады. Қарапайым халық “қара бұдұн”, ал әлеум. құрылымның ең төм. сатысының тәуелді тобы “тат” деп аталған.Негізін қалаған Тардуш(Дато). Батыс Түрік қағанаты Шегуй (610—18) мен Түн жабғу (618—30) қағандар тұсында күшейіп, мемлекеттің шекарасы кеңейе түскен. Шегуй қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Шегуйдің інісі Түн жабғу қаған мемлекеттің батыстағы шекарасын кеңейту саясатын жалғастыра отырып, өзінің қысқы тұрағын Суябқа көшіріп, ал Мыңбұлақ деген жерді жазғы қонысына айналдырған.Шегу мен Тон қаған кезінде салық жинаущыларға-селиф деген атақ берілген.Ешбар Елтеріс қаған- он оқ қара будун жүйесін енгізді. Дулу мен нушебилер арасындағы 638 жылғы қантөгістен соң, олардың арасындағы шекара Іле өзені арқылы өтіп, қағанат оң және сол қанатқа бөлінді. Тайпааралық соғыстар 17 жылға (640 — 57) созылды, бұл қытай әскерлерінің баса-көктеп кіруіне қолайлы жағдай туғызды. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — “қуыршақ қағандарды” тағайындап отырды. Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 ж. Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшлік (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. Соңғы қағаны –Үшлік.704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды.

13.Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар. Қағанаттың орталығы Жетісу. Астанасы Суяб (Ақбешім) (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы Мыңбұлақ (Түркістанның төңірегі).Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды (он оқ будун). Тайпа екіге бөлінеді:Дулу – Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан бес тайпаНушиби - Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген бес тайпаҚоғамдық құрылымыҚағанатты түріктің ашина (көкбөрілер) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған ең жоғарғы билеуші, әскер басы және бүкіл жердің иесі.1.Қаған

  1. Шад, жабғу, елтебер (ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер)

  2. Бек (ру, тайпа басқарушысы)

  3. Тархан, бұйрықтар (сот қызметін атқарушылар)

  4. Тұдын (салық жинаушы)

  5. Қара бұдын (қарапайым халық)

  6. таттар (құлдар)Халқы – үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шығылдар яғмалар.Алғашқы қағаны Тардуш (Дато). Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап, өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны дп жариялады. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді.

Қағанаттың күш-қуаты Жеғұй және Тон-Жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқарыстан мен Ауғанстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солт-батыс Үндістанға дейін созды. Салық жинауға жергілікті адамдарды қойып, оларды селиф деп атады. Көрші мемлекеттерге соғыс ашудағы басты мақсаттардың бірі құл иелену. Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Түркістанға абысты жорықтар жасады.Батыс Түрік қағандары жаулап алған аймақтардың саяси жүйеcіне өзгерістер енгізбей, т ек салық жинаумен шектелді. 16 жылға созылған (640-657ж) тайпааралық соғыстардың қағанатты әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды 659ж.Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді. 704 ж Түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды.

14.Түркеш қағанаты.Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын.Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түркештер бірінші орынға шықты.Уақыты 704-756.Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқықағаны-Үшлік.(704-706).Территориясы:Жетісу,Іле,Шу,Талаc алқаптары.Астанасы-Суяб,жазғы ордасы-Күнгіт қаласы.(Іле өзені бойында).Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа(түтік) бөлінді.Әр түтікте жеті мың әскер болған.Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді:1)Сары түркештер(шулық),ордасы-Суяб қаласы.(Шу өзені бойында).2)Қара түркештер(ілелік),ордасы-Тараз қаласы(Талас өзені бойында).Араб тарихшысы Әл-Идриси дерегі:Түркеш нағыз түрік мағынасындағы сөз.VIIIғ.басы(705ж)-Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды.706ж.-түркештер соғдылармен одақтасып,Бұхар маңында арабтарды жеңді.709ж.-араб қолбасшысы Кутейбтің екі одақтастықтың арасында алауыздық туғызуының салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартты.Нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған(сары түркеш)бүкіл Орта Азияны бағындырды.708ж. сары түркеш пен қара түркеш арасында шиеленіс күшейді.711ж. қара түркештер шақыруымен келген Шығыс түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түркеш әскерін жеңді.Сақал қаған тұтқынға түсіп,қағанат күйреді.Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп,билікке Сұлу қаған(қара түркеш)келгесін қайта нығайды.Билік қара түркештерге көшіп,Орда Тараз қаласына ауыстырылды. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізді:Батыста-арабтармен,шығыста-Таң патшалығымен.Сұлу қаған Қытаймен одақтасып,бар күшті батысқа бағыттады.723ж.-түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп,арабтарға соққы берді.Арабтар Сұлудың батылдығына байланысты оны Сүзеген деп атаған. 732ж.-арабтар түркештерді ығыстырып,Бұхарды қайтара жаулады.736ж. Сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып,Тоқарыстанға дейін барды да,жеңіліскеұшырады.Осы кезде сары түркештер мен қара түркештер арасында күрес қайта өршіді.738ж. қолбасшы Баға-Тархан Сұлуды өлтіріп,оның ұлына қарсы соғысты бастады.Түркештер арасындағы алауыздық 738-748ж.арабтарға Оңт.Қазақстан мен Орта Азияны басып алуға жағдай жасады.Осының салдарынан түркештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмайды.Түркілердің қиын жағдайын қытайлар да пайдаланып қалды.748ж.-қытайлар Суяб қаласын жаулап алып,қиратты.751ж.Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас(Талас бойы).Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлар жеңілді.Атлах шайқасының тарихи маңызы:Қытай әскері Жетісуды,Шығыс Түркістанды тастап шегінді.Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай ығысты.Алайда,ішкі қақтығыстан және араб-қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді.756ж. қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.

15.Қарлұқ қағанатының тарихы. Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол "бұлақ" деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде "үш қарлұқ" атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты. Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты. 940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.

16.Қимак мемлекетті: этносаяси тарихы және шаруашылығы. . Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер 9 ғасырдың ақыры мен 10 ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (9 ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін ш-мен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайгалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хаканының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.

17. Оғыздар мемлекеті: этно-саяси тарихы, шаруашылығы, мәдениеті. Этносаяси тарихы:Оғыздар ата-бабаларының қоныстанған жерлері Ыстықкөл маңы.Қазіргі кезде оның жағасында “9 Оғыз”деп аталатын демалыс үйі бар.Оғыз тайпасының өзегі жетісуда қалыптасты.8 ғасырдың ортасында оғыз тайпалары Жетісудан Шу өзеніне қарай қоныс аударды.9 ғасырдың басы-Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларынқоныстанды.9 ғасырдың аяғы-Жайық пен Еділ аралығын мекендеді.IX-X ғасырлар Оғыз мемлекеті қалыптасты(Сырдарияның орта және төменгі ағысы,Арал өңірімен Батыс Қазақстан далалары).X ғасырда батыста Хазарияға дейінгі жер,солтустік Каспий маңы,орталық, оңтустік-шығыс Қарақұм және Арал маңындағы Қызылқұм аймағы «оғыз даласы»(Мафазфт-Әл-Гуз) деп аталды.IX ғасырдың аяғы 11ғасырдың басыындағы оғыздардың территориясы:Сырдариямен Еділ аралығы.Астанасы-Янгикент(Жаңа Гузия).Билеушісі-жабғу.Орынбасары-күл-еркін.Әскер басы-Сюбашы.Басқарушылардың ұрпақтары-иналдар.Оларды атабектер(тәрбиешілері) жас кезінен басқару ісіне тәрбиеледі.IX-Xғасыр басында Сырдария жабғуының тұрақты тұрде салық жинау жүйесі жұмыс істеді.Оғызмемлекеті жайлы алғашқы дерек Әл-Якуби(9ғ.) жазбасында берілген.Оғыздардың тайпалары:Қалаж,жағра,жарұқ,қарлұқ,баяндұр,имур,қарабұлақ.М.Қашғаридың дерегі бойынша оғыз одағында 24 тайпа болған.Мүлік теңсіздігінің негізі-жеке меншік мал.Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орны болды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғысы орыс кінәздарымен бірлесіпЕділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.10-11 ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.

18. Қыпшақтардың этносаяси тарихы (IX-XI ғғ.)Қыпшақтар туралы мәлімет алғаш рет 201 жылы көрсетіледі (кюсше,цзюше).Толық мәліметтер 760 жылы ежелгі түрік жазуларында кездеседі (кибчак,қыпчақ).Орыс жылнамашылары (XI-XIIIғ.) -половецтер,сорочиндер;венгрлер- палоцылар,кундар;Батыс Еуропа саяхатшылары (XIIIғ)- командар,кумандар деп атаған.Қыпшақ/р этникалық қауымдастығының дамуын 3 кезенге бөлеміз:1)VII-VIIIғғ. VIIҒғ/ң ортасында Алтайдың солт.мен Ертісті жайлаган қыпшақ/р қимақ бірлестігінің негізін құрды. 2)VIII-XII. VIII ғ/да қыпшақ/р этнос болып қалыптасып,Алтайдан Ертіске,Оңт. Орал тауларынан Еділге қоныстанды.Үш этносаяси бірлестіктер -қимақ,қыпшақ, құмандар қимақ мемлекетінің билігінде болды.3)XI-XIII ғғ.Қыпшақ хандарының билігінің күшеюі. XI Басы қимақ қағанаты құлаган сон әскери- саяси басымдық қыпшық тайпасының қолына көшті.Қыпшақтар оғыздарды Сырдың төменгі ж/е орта ағысына,Арал,Каспи маңы далаларынан ығыстырды.XI ғғ.2 Ширегі «Оғыздар даласынын» орнына «Дешті Қыпшақ» атауы пайда болды.XI Ғғ ортасы- қыпшақтар Еділден өтіп,1054 жылы орыс жерін одан әрі Дунай өзеніне дейінгі аралықта қоныстанды.Қыпшақтың этникалық бірлестігі Еділ өзені бойында 2-ге бөлінді: Батыс Қыпшақ половец/р даласы тайпа. Шығыс Қыпшақ Дешті Қыпшақ даласы, тайпа Қыпшақ/ң кең даласы.Қоғамдық құрылысы-әскери мемлекет.Мемлекет басшысы –Хан.Ханнан кейінгі ;тархандар,басқақтар,ру-тайпа көсемдері,байлар.Қоғамдық құрылысы-әскери мемлекет.Мемлекет басшысы –Хан.Ханнан кейінгі ;тархандар,басқақтар,ру-тайпа көсемдері,байлар.Негізгі тайпалары-оғыз,қимақ,қарлұқ,жілік т.б.негізгі тайпа Елбөрі.Хандар елбөрілерден сайланды

19,Қараханидтер мемл.:оның этносаяси тарихы,әлеумет/к экономика/қ дамуы,мәдени өркендеуі. Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Қарахан әулетінің атасы Сатұқ Боғра хан (915-955) болып есептеледі. Қарахан мемлекетінің негізін салушылардың бірі Сатұқ Боғра хан Білге Күл Қадыр ханның немересі. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның інісі мұсаға көшті, ол 960ж. Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. 942 ж. дүниеге келген Қарахан қағанаты Шығыс Түрркістан, Жетісу, Талас, Сырдария, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның орталығы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы болды. Қарахан мемлекетінің саяси тарихы екі әулеттің арасындағы, Әли Арслан хан( Мұса ханның баласы) мен Хасан Боғра хан (Сүлеймен ханның баласы) арасындағы өзара күреске толы. Xiғ. 30ж. мемлекет екіге бөлінді: Жетісу ж/е Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы Баласағұн болды. Мауараннахр жері Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Бұхар қаласы, кейіннен Самарқанд болды. Қарахандарда X-XIIғ сәулет өнері дамыды: Бабаджа Хатун, Айша Бибі, Қарахан, Аяққамыр, Алаша хан, Әулие ата, Сырлытам мазарлары, Талас өзеніндегі тас көпір, Тараз моншасы.Ежелгі түрік жазуының орнына араб графикасы келді. Түрік тіліндегі мұсылман әдебиеті шыға бастады:Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу Білік» шығармасы,М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат түрік» шығармасы. Қарахандықтар кезеңі саяси эканомикалық, әлеуметтік, мәдени өнер жоғарғы деңгейде дамыған жаңа кезең.«Құтадағу білік»- «Қайырымды білім» поэмасы блып табылды. Оны Қарахан мемлекетінің билеушілерінің бірі Сатұқ Боғра ханға арнап Баласағұнның тұрғыны Жүсіп Хас Хаджиб жазды. «Құтадағу Білік» 6320 теттен тұрады және 24 беттің қосымшасы бар. Бұл тек әдеп морал трактаты ғана емес, терең филосифиялық шығарма, онда идеалдық қоғамның нормаларын, бұл қоғамдағы әр түрлі тап өкілдерінің мінез құлық ережелерін суреттейді. Білім билеуші үшін де, халық үшін де игілікке қол жеткізудің бірден бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнына арқау болған.Ал М.Қашғаридің «Диауани лұғат ат түрікінде» тарихи мәдени, этнографиялық және лингвистикалық материалдар жинақталып, кеңінен қамтылған. «Түркі тілдерінің сөздігі» -XI ғасырдағы түркі халықтарының дүние танымының ерекшелігін этникалық құндылықтары мен мінез құлық нормаларын сипаттайтын түркі мәдениетінің ескерткіші, онда ата бабаларымыздың бұрынғы мұралары толық қамтылған

20. Қыпшақ хандығы. Қыпшақ хандығы – шамамен 11 – 13-ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қимақ (кимек) қағандығы ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшті. Олар 11-ғасырдың 2-ширегінен бастап Арал мен Каспий өңірлерін жайлаған оғыз тайпаларын ығыстырды. “Оғыздар даласының” (Мафадат әл-ғұз) орнына Дешті Қыпшақ атауы орнықты. 11-ғасырдың ортасынан бастап қыпшақтар Еділден өтіп, батысқа қарай жылжиды. Кейіннен олар Византия империясы мен Болгария жеріне әлсін-әлсін шабуыл жасап, 1071 – 80 ж. Дунай өзеніне келіп жетті. Кейбір рулары басқа түркі тайпаларымен бірлесе отырып, Кіші Азияға тарай бастады. 11 – 12-ғасырларда Алтай мен Ертістен бастап Карпат пен Дунайға дейін созылған даланы мекендеген халықтардың бәрі қыпшақтар деп аталды. 12-ғасырдың ортасынан олар Сырдария бойындағы қалалар үшін Хорезммен соғысты. Қыпшақ ақсүйектерінің бір бөлігі Хорезм шаһына қызмет етті, сондықтан 13-ғасырдың басында хорезмдіктер Сыр бойына толық иелік етіп, Торғай, Ырғыз, Есіл, Нұра өзендерін жайлаған қыпшақтарға жорық жасай бастады. Шыңғыс хан шапқыншылығы қарсаңында қыпшақтар ыдырау алдында тұрды. Таққа тек бөрілі руынан шыққандар мұрагерлік жолмен сайланды. Олар ежелгі түркі дәстүрі бойынша 2 қанатқа бөлінді. Кейіннен Шыңғыс хан әскерлері ретінде Дешті Қыпшаққа Орталық Азиядан келіп сіңген түркі-моңғол тайпалары (керей, меркіт, найман, уақ, жалайыр, қоңырат, т.б.) мен Жошы хан ұрпақтары жергілікті қыпшақтармен араласып, біртұтас халыққа айналды. Сондықтан көп ұзамай Алтын Орда халықтары “Қыпшақ ұлысы”, “Қыпшақ тілдес халықтар” деген жалпылама атаумен аталып кетті. 13-ғасырдың аяғында Алтын Орданың құрамындағы қыпшақ тайпаларының этникалық негізінде құрылған автономиялық бірлестік – Ақ Орда күшейе бастады. 14-ғасырдың аяқ кезінен бастап, Ақ Орданы мекендеген қыпшақ тайпалары “өзбек” деген жалпылама атаумен аталды. 15-ғасырдың орта тұсынан бастап “өзбек” терминін “қазақ” атауы ығыстырып шығарды.

21. VI-XII ғғ. Түркі тайпаларының мәдениеті. Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті. Сөйтіп, “халықтардың ұлы қоныс аударуы” Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек. Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды –феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. “Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен. Батыс түрік қағандығы яки қағанаты – Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы – қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды. Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі–қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім.Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар – ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім. Қыпшақ қоғамы – ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Европада- қумандар, ал Ресейде - половецтер деп атаған. Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды.

22. Көне түрік жазуының ескерткіштері.Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.Табылған аймақтары:Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, академик В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғасырдың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғасырлар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, А.М.Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді.Иссык жазба ескерткіш— сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (б. з. д. 5—4 г.). 1970 ж. Ӏле өңірінің тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және оның түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылған. Оның сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. Ескерткіштің құндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін, екіншіден, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:Могoилян жазба ескерткіш — Орхон өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғасырдың соңы). Ескерткіш Құтлұғ(Қабаған) қағанның баласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапқан Н. М. Ядринцев, алғаш рет оқыған В. В. Радлов. Жазуда Могилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктің жорықтары баяндалған.Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енисей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Моңғолияда 1909 ж. тапқан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударып, 1913 ж. жариялаған. Бұл еңбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі ұйғыр мемлекетінің ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халық (ұйғыр, оғыз, тоғыз, татар, қырғыз, түркеш, түрік, соғды, қыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әңгіме оғыз тайпасының өкілі атынан баяндалады.Орхон ойма жазулары — Моңғолияның Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінің құлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады. Оған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады. Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерді ашып жариялаған — Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.

23. Түркі тайпаларының наным-сенімдері мен салт-дәстүрі. Халықтың діні, наным-сенімдері мен көзқарастары оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор болып табылады. Дін – руханияттың өзекті саласы. Дін тарихын білмейінше белгілі бір аймақты мекендеген халықтардың тұрмысын, өмірін, мәдени болмысының қыр-сырын терең тану мүмкін емес, яғни кез келген ұлттық мәдениеттің рухани бастауларын, оның менталитеті мен дүниетанымын ұғыну үшін мәдени тұтастықтағы діни жүйелерді терең зерттеп, зерделеудің маңызы ерекше. Ежелгі руханиятта дін оның негізгі құрамдас бөлігі екендігін ескерсек, айтылған тұжырымның маңыздылығы арта түседі. Себебі дін өткен тарихи дәуірлерде мәдениеттің барлық салаларын қамтып жатты.Көптеген мәдениеттанушылар дінді мәдениеттерді бір өркениетке біріктіретін фактор ретінде қарастырады. Н. Данилевскийдің, К. Ясперстің, А. Тойнбидің, О. Шпенглердің, П. Сорокиннің еңбектерінде тарихи-мәдени типтердегі діни ерекшеліктер бітім құрастырушы және мәдени айрықшалықты білдіретін нышан ретінде баяндалады. Үлкен өркениеттердің қалыптасуында ұлттық діндердің тар шеңберден шығып, рухани-мәдени тұтастықты құрауы, дүниетаным мен адами қасиеттердің жаңа мазмұндарын қалыптастыруы ерекше маңызды.Алайда, өркениет ағымына қосылған этностар мен этностық топтар өркениетке ор­тақ дінді, оның рәсім-рәміздерін қабылдағанмен, олардың наным-сенімдері мүлдем жоғалып кетпейді. Олар халықтың әдет-ғұрпында, дүниетанымдық рәміздерінде, дүниені түйсінуінде, сезінуінде сақталады. Сол себепті қазақтардың діни көзқарасында Алла мен Тәңірі ұғымдары синонимдер ретінде қолданылады. Әрине, қазақ мәдениетінде қалыптасқан архетиптік наным-сенімдерден исламдық діни жүйеге ауысу бірнеше ғасырларға созылды және бұл қарым-қатынас тұтастану бағытында өтті.Ислам діні мен араб мәдениетінің қазақ халқының руханиятына тигізген игі әсерін, тарихтағы үйлестіруші қызметін теріске шығаруға болмас, алайда қазақтарды өзіндік халық, этнос ретінде қалыптастырған, руханиятының өзегін құрап, тұрақтандырған архетиптік наным-сенімдерін ұмытпаған жөн, оларсыз мәдениетімізді толыққанды түсіну мүмкін емес. Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мөдениеттің жалпы атауы. Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен Алтай өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жөне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстаты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген (ғылымда этносқа қатысты "түркі"терминін қолдану қалыптасқан, біз соған арқа сүйейміз). Орталық Азияны мекендеген көптеген тайпалық одақтардан біріккен феодалдық мемлекет Түркі қағандығы өмір сүрген. Түркі қағандығының әлеуметтік-саяси және қоғамдық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алған. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады. Көне түркілер аспан денелерінің қозғалысына карап ауа райын, жыл маусымдарының қандай болатынын күні бұрын анықтай алған. Көне түркілер геометрия, математика ғылымдарынан біршама хабардар болған, оны су жүйелерін салуға, күрделі ғимараттар, карауыл төбелер тұрғызуға, т.б. пайдаланған. Олар металды, түрлі минералдарды еріту әдістерін, шөптердің емдік қасиеттерін білген. Емдеудің неше түрлі әдістерін де жетік меңгерген. Ежелгі түркілер, негізінен, қос күшке - Көкке және Жерге сиынатын болған. Көк Тәңірінің рақымымен елді билеген қағандар "Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген" деп аталған. Ежелгі түркілер үшін Көк пен Жер-Судан кейін тұрған құдіретті күш әйел, ошак басы құдайы Ұмайға табынған. Түркі халықтарының мәдениетінде персонификациялабаған, шексіз аспан әлемімен қатар аспан шырақтары, құтты мекен, отсуға да бас игенін білдіретін деректер кездеседі.

24. VІ-ХІІғғ оңтүстік ж/е оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті. VІ-ХІІғғ оңтүстік ж/е оңтүстік-шығыс Қазақстанның қалалық мәдениеті – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қ.аласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қ-ның орнында болған.Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар – Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15 га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында 6 – 9 ғ-лардың бірінші жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететін осындай қала жұрты бар. Қазақстанның оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында – ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Жетісудың оңт.-батысында, керісінше, бұған толық мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда 7 – 10 ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты қала жұрттарымен сәйкестендірілді.Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7 – 9 ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Солт.-шығыс Жетісу төрткөлдері үш топқа бөлінеді.Біріншісіне:•Антоновка, Дүнгене, Шілік; Екіншісіне:•Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген; Үшіншісіне:•Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан. Бірінші топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енеді.Бұлар – көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңд. 2 – 3 метрге дейін жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді. Бұл қалалар жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка – Қаялыққа, Дүнгене – Екі-Оғызға баланады. Олардың ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған – Антоновка. Бірінші топты құрайтын төрткөлдер ірі қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екінші топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейін жетеді. Үшінші топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлер дуалдар іргесіне, ішкі жағында орналасады, ішкі аулалар бар. Іле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бірнеше қаланың жұрты бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйіскен тұсына салынған.Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениеті Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетеді. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейінгі Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Іле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбі қирап, біржола жойылып кеткен.

25. Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әбу Насыр әл-Фараби, М.Қашқари, Қожа Ахмет Иассауи, Ж.Баласағұни және т.б. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Замандастары жазған шежірелер бойынша алғанда, оның арғы аталарының есімдері таза Түркі тілінде келтіріледі. Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы.Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институттының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Германи Вамбери (1932 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук Каласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы (1890- 1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған.

26. Қазақстан тарихының моңғол дәуіріне қатысты деректері мен тарихнамасы. Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азияның территориясына жасаған жорықтары еді. Бұл жорық оларға Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорықтарына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият дайындалған еді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған монғол отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан хан Қойлықтағы қарақытай наместнигін өлтіруге бұйрық беріп, өзі Шыңғыс ханның қол астындамын деп жариялайды. Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Найман басшысы Күшліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргенен кейін монғол қолбасшысы Жебе жаршылар арқылы хабарлатып, әскерлерге бейбіт тұрғандардың мүлкіне тиісуне тйым салынсын, ал мұсылмандарға найман билеушілерінің тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету правосы қайтарылсын деп бұйрық береді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік қазақстан емн орта Азияға жол ашылды. Басып кіруге «Отырар опаты» деген жағдай себеп болды. Шыңғыс хан Орта Азияға Омар-Қожа Отрари, Жамал Марағи және бақа көпестер басқарған сауда керуенін жіберді. 500 түйесі бар керуенде монғол жансыздарынан қоса есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп дадамы бар керуен 1218 жылы Отырарға келеді. Отырар әміршісі Қайыр хан Иналшық көпестерді жансыз тылшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды.Шыңғыс хан Қайыр ханды қолыма бер деп талап етеді, бірақ хорезмшах бұл талапты орындамай, елшілерін өлтіріп тастайды. Осының өзі Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. Шыңғыс хан орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 120-150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Жорық 1219 жылы қыркүйек айында Ертіс жағалауынан басталды. Отырырға таяғанда монғол басшылары өз күштерін былай бөлген еді: Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түмендер Отырарды қоршау үшін қалдырылды. Жошы бастаған басқа бөлік Сырдария бойымен төмен кетті. Үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысына қалаларды бағындыру үшін жіберілді. Шыңғыс ханның өзі мен кіші баласы Төле негізгі күштерімен Бұхараға аттанды.Отырар билеушісі Қайыр хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Оның басқаруында, Нисавидің деректері бойынша, не бары 20 мың әскер болған, ал Жувейнидің деректері бойынша хорезмшах оған «сыртқы әскерден» 50 мың әскер берген. Қоршауға алынғанға дейін ол Отырарға Қараджа хаджиб басқарған 10 мыңдық отряд жіберген еді. Отырар бес ай бойы дерлік қоршауда болды. Тек Қараджа хаджиб еңсесі түсіп, «Суфи хан» қақпасы арқылы қаланы тастай қашып, өз отрядымен монғолдарға берілгенде ғана монғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа хаджиб өлтірілді. Алайда Отырар сонда табандылықпен қорғана береді. «Арыстан тәрізді» әскерлер отрядымен Өайыр хан берік қамалға бекініп алды, монғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт берді. Ол 1220 жылдың февралінде алынды. Қайыр хан қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына әкелінген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Отырар қамалының қабырғасын жермен жексен етіп Шағатай мен Үгедейдің монғол отрядтары Шыңғыс ханға келіп қосылды, бұл кезде ол Самарқанд пен Бұхараның арасындағы жолда болатын. Сырдария жағалауындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды, соның өзінде бірқатар қалалардың қорғанысында қалалардың төменгі тұрғындарының арасынан шыққандар басшылық роль атқарды.Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы Сығанаққа келіп, оның тұрғындарымен келіссөз бастады. Өзінің өкілі ретінде ол соғысқа дейін-ақ монғолдаға қызметке берген мұсылман көпесі Хасан қожаны қалаға жіберді. Ол тұрғындарды ұрыссыз берілуге азғыруға тиіс болатын, бірақ «жауыздар,тобырлар мен қаңғыбастар» бұған ашынып сатқынды өлтірді де, қарсылық көрсетуге әзірленді. Монғолдар қаланы жеті күн, жеті түн қоршауға алып, ақырында оны шабуылмен алды да, «кеңшілік пен аяушылық қақпасын» жауып тастап бүкіл халықты қырып тастады.

27. Монғол шапқыншылықтары қарсаңындағы Жетісудың, Орта Азияның және Дешті Қыпшақтың саяси жағдайы. Дешті Қыпшақ даласы Моңғол шапқыншылығына дейін өркениеттің дамыған орталығы болған. Қазақ даласының жерінде негізгі мекендегендер көшпелі қыпшақ, қаңлы, дулу тайпаларының мекені болды. Қыпшақ хандығының билігі Хорезм шахына өтіп, Қарахан аулетінің билігі құлаған кез болатын. Қазақ даласының солтүстігі көшпелі халықтар болса, оңтүстігінде Хорезм шахы тағайындаған кіші хандар Жібек жолы бойындағы қалаларда билік етті. Шыңғысхан керуенмен саудагерлер жіберіп Қазақ даласындағы бай, сәулетті қаллардың бар екенін біледі. Жібек жолы қалаларының жалпы экономикалық маңыздылығын байқайды. Батысқа, яғни жаңа әлемге шығатын жолдың негізгі қақпасы ұлан байтақ қапшақ даласы екенін ұғады. Моңғолдардың қазақ даласына енуіне алғаш себеп болған бытыраған найман тайпаларының Қыпшақ даласын паналауы болды. Моңғолдар шапқыншылығы алдында Жібек Жолы бойындағы Тараз, Алмалық, Испиджаб, Сауран, Атлас, Сығанақ, Отырар, Йасы, Бұхар, Үргеніш, Ферғана, Ташкент қалалары өркениет, сауда, экономикалық, мәдени орталықтар болған, бұл қаллардан Шығыстын кез-келген ісем жібегін, Кара теңіз елдерінің өзгеше тауарларын кездестіруге болған болатын. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді. Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол 1219 ж Орта азияны бағындыруға аттанды. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді. Сонымен, 1219—1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Шыңғыс хан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай «монғол атының тұяғы тиетін жер», оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына — Амудың төменгі жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.

28. Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулаудағы әскери тактикасы. Шыңғысхан Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жанжақты әзірленді. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәліметтер алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс қимылдың бағдарламасын жасады.Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жы­лы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенінде моңғол жансыздарын қосып есептегенде барлаығы Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Оты­рарға келіп жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырды. Шыңғыс­хан Хорезм шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бұл талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген елшілерді өлтіруге әмір берді. «Отырар апаты» деп аталатын бұл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын тездетті.Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың қолды бастап шықты. Хорезмнің шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді.1219 жылы қыркүйекте Шыңғыс ханның 111 мың әскері Отырар қаласын қоршайды. Бұл қалың қолды Шыңғыс ханның ұлдары Шағатай, Үгедей басқарады. Бір айдың ішінде Шыңғыс хан әскері Отырарды алады. Әйгілі кітапхана өртеніп, халық көптеп қырылады. Қайыр ханның денесіне ерітілген күміс құйып,азаптап өлтіреді. 1219–1220 жылдары Шыңғысханның ұлдары Бұхара, Самарқан, Сығанақ, Сауран, Баршынкент, Жент, Үзгент қалаларын бағындырады.1221 жылы Шыңғыс хан әскері Хорезмді, Орта Азияны жаулап алады. Осыдан кейін Шыңғыс хан әскерлері парсы, Ауғанстан, орыс, Дешті-Қыпшақ жерлерін жаулап алады. 1224 жылы Ертістегі Шыңғыс хан ордасына қайта оралады. 1219–1224 жылдар аралығында Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алып, өз империясының құрамына қосады.1238 жылы Бұхарада Махмұд тараби бастаған көтеріліс Шыңғыс хан қол астындағы халықтар көтерілісінің ең ірісі болады. Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кіналы немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т.б. әдістерді қолданды.

29. Шыңғыс ханның Қазақстан мен ОртаАзияны жаулауы 1219-1224 жж. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын. Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі. Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.

30. Монғол шапқыншылығының Қазақстан халқына тигізген зардаптары. Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті. Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» - деп жазды. Қалалардың қирауы. Жергілікті халықтың қарсыласуын басу үшін Шыңғыс - хан жаппай қырып жою және күштеу, тұтас бір қалалардан түк қалдырмау тәсілдерін қолданды. Шыңғыс-ханның Орта Азияға баратын жолында жатқан Оңтүстік Қазақстанның Сырдария бойындағы қалалары мен қоңыстары бұл тәсілдің алғашқы құрбандары болды. Моңғол әскерлері отпен өртеп, қылышпен қырып өзіне жол ашып отырды. Араб және парсы деректемелері түрлі елдердің халқын моңғолдар түгелдей дерлік қырып тастаған 30-ға тарта қалаларының атын келтіреді. Мәселен, моңғолдарға дейінгі уақытта 200-ге тарта елді мекен қалалар болса, XIII-XIV ғғ., 20-ға жуық қана қала қалған. Тіпті жуас қала атанған Баласағұнның өзі түп орнымен жоқ болып кеткен. Оны Мұхаммед хандардың мына сөзінен де көруге болады: «Баласағұнның өзі тұрмақ, оның орны қайда екені белгісіз». Оның ішінде оңтүстік Қазақстаннан Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент, Ашнас сияқты ірі қалалар қиратылып құрып кетті. Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы. Моңғол феодалдарының үстемдігі орнағаннан кейін туған ауыр зардаптарының әсері ешбір ұрыссыз – ақ басып алынған Жетісу жерлеріне күшті тиді. Бірақ, жазба деректемелер мен археологиялық мәліметтер Жетісудағы қала мен отырықшы – егіншілік егісінің едәуір бүлінгенін, егістік үшін игерілген жерлердің өлкеде моңғол үстемдігі орнығаннан кейін алғашқы ондаған жылдарда – ақ жайылымға айналдырғанын дәлелдейді. Француз королі IX Людовиктің моңғол ханы Мөңкеге жіберген елшісі Рубрук моңғол шапқыншылығынан кейін 30 жылдан астам уақыт өткен соң, 1253-1255 жылдары Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатып, егіншілік егісінің бұзылғандығы туралы, Жетісу қалаларының, оның ішінде Іле аңғарындағы қалалардың ғайып болғандығы туралы алғашқылардың бірі болып дәлелдемелер қалдырып кеткен. Ұлыстар құрылғаннан кейін Жетісуға моңғол көшпелілердің қалың топтарының келіп қоңыстануы салдарынан егіс танаптары, өңделетін жерлер күрт азайып, экономиканың көшпелі мал шаруашылығы секторы отырықшылық сектор есебінен күшейе түсті. Елді мекендерді қирату, егістікті малға таптату, бау – бақшаны, ирригациялық жүйелерді жойып жіберу, отырықшы – егіншілікпен шұғылданатын халықтың қырылып, босып кетуі, оның көрші қалалармен және егіншілікпен шұғылданатын өлкелермен, соның ішінде, Оңтүстік Қазақстанмен экономикалық байланысының күрт азаюы – осының барлығы Жетісудағы шаруашылықтың құлдырауына және қалалардың өмір сүруінің экономикалық негізінің әлсеруіне әкеп соқты. Тоқырау мен материалдық жағынан ғана әсерін тигізіп қоймай, Қазақстан жеріндегі халықтардың қоғамдық жағынан рухани мәдениетінің дамуына үлкен кесел келтірді. Өйткені моңғол қоғамының даму деңгейі Қазақстандағы дамудың деңгейінен әлдеқайда төмен еді. Әскер күшіне сүйенген, жаулаушылыққа сай құрылған көшпелі әскери феодолизмнің шапқыншылығы Қазақстан жеріндегі әлеуметтік – экономикалық формацияның дамуына тәжеу жасады. Әсіресе, жаңадан халық болып қалыптасып келе жатқан халықтың құрамының шырқын бұзып, қазақ мемлекеттігінің пайда болу процесін екі ғасырға кешеуілдетті. Бұл шапқыншылық Қазақстан жеріне алым – салықтың ауыр зардабын, қайғы – қасіреттің, золық – зомбылықтың күшін орнатты. Қорытып айтқанда, Шыңғыс – хан бастаған моңғол басқынщылығы жаулап алынған елдер үшін өзінің кеселді зардабы жағынан ең ауыр апат болды. Ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты.

31. Қазақстан аймағы монғол ұлыстары құрамында. 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы. Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды. Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында орналасты. Сонымен, Қазақстанның барлық жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен ( далалық ) бөлігі – Жошы ұлысының, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының, Жетісудың Солтүстік Шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.

32. Қазақстан XIII-XV ғғ. Алтын Орданың құрылуы, гүлденуі және құлдырау кезеңінде. Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді. «Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады. Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады. Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.) Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті. Алтын Орда өзін билеген хандары: Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді. Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады. 1380 жылы Куликов даласындағы зор шайқаста Алтын Орданың Мамай бастаған қалың қолын орыс князьдерінің жеңуі Алтын Орданың құлауын тездетті. XIV ғ. аяқ шенінде, яғни 1391 – 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпестей етіп екі рет күйрете соққы берді. Осыдан соң ол бірте – бірте ыдырай бастады. XV ғасырдың басында Тоқтамыс хан мен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы одан әрі қажытты. XV ғ бірінші жартысында онан бұлғарлар, казан (1445 жылы) мен Қырым (1449 жылы) бөлініп шықты. XV ғ ортасына қарай Астрахань, Сібір хандықтары, Ноғай Ордасы құрылды. 1480 жылы орыс князьдіктері моңғолдардан толық тәуелсіздік алды. Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады.

33. Ақ Орда Қазақстанның этникалық территориясындағы алғашқы мемлекет.Ақ Орда14-15 ғасырлар Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар Ақ Орда хандары - Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Қойыршақ, Барақ.

Күшейген кезі.Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.

Жаңа дәуір.1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.

34. Көшпелі өзбектер мемлекеті құрамындағы Шығыс Дешті-Қыпшақ (Әбілхайыр хандығы 1428-1468жж.). Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік-батыс бетінде бірнеше тәуелсіз феодалдық иеліктер құрылып, олардың арасында билік үшін күрес толассыз жүрді. Ноғай Ордасы мен Әбілхайыр хандығының пайда болуына әкелді.Осындай жағдайда Жошы әулетіндегі Шайбанның ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайыр саяси өмір сахнасына шықты. Орталық және Солтүстік Қазақстан тайпаларын билеп отырған топтардың қолдауымен ол 1428 ж. Тура өңірінде (Батыс Сібір) хан болып жарияланды.Оның хандығының құрамына Қият, Маңғыт, Шынбай, Найман, Қарлұқ, Үйсін т.б. тайпалар кірді.Шығыс Дешті-Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген «көшпелі өзбектер мемлекетінің» яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста Жайық, шығыста Балқаш жерлеріне дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертіс орта ағыстарына дейінгі жерлерді қамтыды.Әбілхайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде елдің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Орда Ежен хан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. 1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.1450 жж. Әбілхайыр Мәуранахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқан пен Бұқарға жорық жасайды.1456—57 жж. ойраттармен болған шайқастарда жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр елдің бірлігін қамтамасыз ете алмады.Оған наразы Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған халықтың бір бөлігі Моғолстан жеріне қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы (Талас) өзендерінің бойына орнықты.1468 ж. Әбілхайыр көп жорықтарының бірінде қайтыс болып, «Көшпелі өзбектер мемлекеті» ыдырап кетті.

35. XIV-XV ғғ. Моғолстан құрамындағы оңтүстік-шығыс Қазақстан. 1456 ж. Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне, Моғолстан жеріне таман қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа 40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и -Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»…Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет «Қазақстан» деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып қазақ хандығына келіп жатты. XV ғасырдың 50-жылдарының ортасынан 70-жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың адам көшіп барды. 1462-жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң, бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде, Жетісуды мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті. Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті.

36. Батыс Қазақстан территориясы Ноғай Ордасы құрамында.Ноғайордасы ,Маңғытұлысы – Алтын Ордаыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспийт-недейін, кейде Маңғыстаумен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. Алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған.Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ныңнегізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектербегі” немесе “ұлыәмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұрәд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшыққ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзгеде ордалар сияқты Н. о-нда этн. Құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Басбилікті “бектербегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қарахалық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болсада, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. Тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дыңорташенінденоғайларСырдарияныңортаағысындағықалалардыбасыпалып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақасби, Мұсамырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі малш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. Құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. Мен Қазақхандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. Орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. Байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеумен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды.

37. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының шығуы Шығыс Дешті Қыпшақтың, Жетісудың ж/е Түркістанның кең байтақ жерінде етек алған әлеуметтік-экономикалық ж/е этно-саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Қазақ хандығы өзінің ең жоғары қуаттылығына XVIғ. бірінші ширегінде, әсіресе Қасым хан тұсында жетті. Бұрындық пен Қасымнаң өзара қарсыласуының кезінде-ақ Мұхаммед Шайбани қазақ жеріне бірнеше жорықтар жасады. Қазақ сұлтандары да Түркістанның оңтүстік өңірінің қалалары мен Маураннахрға шапқыншылықтар жасап отырды.Қасым қайтыс болғаннан кейін,20-жылдары Жошы әулеті сұлтандарының өзара талас-тартыстары Қазақ хандығын уақытша әлсіретіп тастады. Өзара тартыста Қасымның мирасқоры Мамаш хан қазаға ұшырады. Хандық тыныс-тіршілігінің қолайсыз факторына өзбек ж/е моғол әкімдерінің қазақтарға қарсы одағын да жатқызуға болады. Сырдария бойының қалалары қолдан кетті, Түркістан уәлаяты Шайбани Убайдаллах сұлтанның қол астына өтті. Қазақ ханы Таһир(1523-33жж.) Ноғай Ордасымен шайқаста сәтсіздікке ұшырады, Сырдария бойы қалаларын қайтарып алмақ болған оның әрекетінен түк шықпады.Сөйтіп, хандықтың шекаралары хандардың тек әскери ж/е дипломатиялық қабілетіне н/е соғыстағы жеңістері мен жеңілістеріне ғана емес, сонымен бірге, негізінен алғанда,сыртқы саяси ахуалға да байланысты өзгеріп отырды. Оның үстіне қазақтардың бір бөлігі қалып қойып, көрші мемлекеттер мен солардың әкімдеріне бағынышты болды. Түркістан аймағында тұрған қазақтар өзбек ханы Бараққа, оның ұлы Баба сұлтанға бағынды. Өзге басқарушылардың билеп-төстеуіне, әсіресе, далалық кеңістіктердің көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын халқы жиі өтіп тұрды.Тәуке хан билік еткен кезеңде (1680-1718) Қазақ хандығының нығайтылуы, қазақтардың қырғыздармен ж/е қарақалпақтармен одақтасуы жоңғарлардың қазақ жерлеріне шабуылын уақытша бәсеңдетті. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігінің бірте-бірте сөнуінің басты себептерінің бірі болды. Жоңғарлардың шапқыншылығы маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бейбіт халықтың шаруашылығына үлкен зиянын тигізді.

38. XV-XVIII ғ. бірінші ширегіндегі Қазақ хандығы туралы жазба деректер. "Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісумен Шығыс Дешт і— Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұлеңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық жағдайы, ортағасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандыққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тонеме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің немереағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулати Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды. Ол сол кездегі саяси оқиғалармен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуымен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым –қатынасы жайында кеңінен сөз болады.

«ТАРИХИРАШИДИ» – «Рашидтің Тарихы» – 1499 – 1551 жж.өмір сүрген тарихшы, мемлекет қайраткері. Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің еңбегі. «Тарихи Рашиди» 1541 – 46 жж. аралығында Кашмир өлкесіндежазылған. Еңбекте 14 ғ. ортасынан 16 ғ. 40-шы жылдарына дейінгі Моғолстанның, Шығыс Түркістанның тарихы баяндалады. Сондай-ақ, «Тарихи Рашидиде» 14 – 16 ғ. Қазақстан, Орта Азия, Ауғанстан, Солтүстік Үндістан, Тибет тарихына қатысты құнды көптеген мәліметтер бар. Сондай-ақ, Орта Азияда Темір әулетінің құлап, Шайбанилық әулеттің орнығуы, Сұлтан Сайд ханның Қашқарға баруы мен онда билікке келуі, моғол хандарының көрші аймақтарға жорықтары, моғол хандарының Қазақ хандығымен, Шайбанилар әулетімен қарым-қатынастары және т.б. көптеген мәселелер қарастырылады. «Тарихи Рашиди» еңбегінің орта ғасырлық Қазақстан тарихы үшін маңызы өте жоғары. Алғаш рет бұлеңбекте 15 ғ. Ортасында Қазақ хандығының Шу өзені бойымен Қозы басы тауы аралығында құрылғандығы, 15 ғ. Ортасынан 15 ғ. 30-шы ж. Аяғына дейінгі Қазақ хан дығының қысқаша саяси тарихы баяндалады. Орыс тілінде «Тарихи Рашидидің» деректерін бірінші рет ХІХ ғ. ортасында В.В. Вельяминов-Зернов өз еңбегінде қолданады. «Тарихи Рашидидің» орыс тіліндегі толық ғыл. аудармасы 1996 ж. Ташкентте, 1999 ж. Алматыда жарыққа шықты.

Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) - ХVI-ғасырдың ортасымен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қоластында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл).Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді. Қазақелінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбектіде Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұлеңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді. Қадыр Әлінің бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Бай ұзақ Албани: "Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғүлама тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, В.В.Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалады", — дейді "Тарихи таным" атты кітабында. (195-бет). Ораз мұхаммед пен Қадыр Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мүхтар Мағауин "Аласапыран" атты романында кең және көркем баяндаған. Бұл романы үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі. Соңғы кездері Қадыр Әлінің еңбегін әл Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік үлттық Университетінің профессоры М. Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр. Бай ұзақ Албани былай дейді: "Ол жырақта жүрсе де, қазақ хандарының саяси-әлеуметтік жағдайлары, Қазақстанда рулық-патриархалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қаршылар, бектер мен хафиздерт.б. жайында деректі мәліметтер жазып қалдырды. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшынт.б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі "Жамиат-тауарих" шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғыс хан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмір баянына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. Аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақ жерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар.

39. Қазақ хандығының нығаюы. 1470-1500 жж. Қазақ хандығының Сыр бойы қалалары үшін күресі. XV ғасыр мен XVІ ғасырдың арасында (1500 жыл) Мұхаммед Шайбани ханның Дешті –Қыпшақтан ығысып жаулап алуы Орта Азия тарихындағы, әсіресе қазақ пен өзбек үшін елеулі оқиға болды. Бұл ең алдымен қазақ хандығының жерін кеңітіп, беделін арттырып, ерікті елдігін нығайтты. Бұрынғы дәуірлерде бытыранқы болып келген қазақ тайпаларының басын бір жерге қосуға, қазақтың этникалық территориясын біріктіруге, сонау қола ғасырдан басталған қазақтардың халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқтатуға мүмкіндік берді. Бұрын Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығында қолданылған «өзбек- қазақ» деген жалпы атау бір-бірімен ажырады. «Қазақ» термині бірте-бірте Шығыс Дешті –Қыпшақ пен Жетісада қалыптасқан халықтың тұрақты атына айналды. «Өзбек» термині Мұхаммед Шайбаниге еріп кеткен тайпалардың этникалық атауы ретінде Орта Азияда ғана қолданылатын болды. Әбілхайыр ханның өлімі, Өзбек ұлысындағы терең дағдарыс Жәнібекпен Керейге Сырдарияның ортаа ғысы өңіріне, Түркістанға қайта оралып, ендігі уақытта бұл аймақты жаңа мемлекеттің орталығына айналдыру үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік береді. 1470 жылдан бастап Сыр өңірінде қазақ жасақтары көріне бастайды.Осы кезден бастап Шығыс Қыпшақ даласының далалы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет ету XV ғасырдың 70—80-жылдары, алдымен, Жәнібек пен Керей хандардың, содан соң олардың мұрагері Бұрындық ханның негізгі қызмет арқауына айналады. Бұл жігерлі де мақсатты әрекет XV ғасырдың соңы және XVI ғасырдың алғашқы онжылдықтарындағы қазақ хандарының қызметінде өз жалғасын тапты. Қазақ билеушілерінің Түркістан мен оның төңірегіндегі қалалық орталықтар үшін мұндай табанды күрес жүргізуінің өз себептері бар-тын.Орта Сыр өңірі қалалары ерте кезеңдерден дәстүрлі экономикалық, саяси және рухани орталық міндетін аткарып келді. АлАқ Орда мен Әбілхайыр хандығы кезеңінде көшпелі мал шаруашылығы аудандары мен отырықшы егіншілік жазираларын жалғастырып жатқан бұл өңірдің стратегиялық маңызы арта түспесе, кеміген емес-тін. Сондықтан да қазақ хандарының жаңа калыптасып келе жатқан мемлекеттің болашағын тікелей Түркістан мен оның өңіріндегі Отырар, Сығанақ, Сауран, Сайрам, Созақ сияқты қалалармен байланыстыруы толық негізді шешім болатын.Қазақ хандары мен көшпелі өзбектер ханы Мұхаммед Шайбани арасындағы Сыр бойындағы қалалар үшін күрес XV ғасырдың 80—90-жылдары ымырасыз және тынымсыз соғыс жағдайында өтті. Бұл талас барысына Әмір Темір мұрагерлері мен Моғол хандары да мүдделілік танытып, ауық-ауық араласып отырды. Дегенмен Қазақ хандығын билеген Бұрындық ханның бұл соғысты XV ғасырдың соңына қарай жеңіспен аяқтау мүмкіндігі болған жоқ. Шайбанилықтар тынымсыз күрестен соң Әмір Темір мұрагерлерін ығыстырып, Отырар, Йасы (Түркістан), Арқұқ және Үзгентті алды. Кезінде Сырдың сол жақ бетіндегі Аркұк, Үзгенттен басқа Сығанақ, Созақ жәнеАққорғанды (1446 жылы) Әбілхайыр ханның иемденгені болмаса, өзге қалаларды атасынан қалған мұра санауға Мұхаммед Шайбанидың ешқандай да негізі жоқ еді. Ал Ташкент пен Сайрамда бұл кезде моғол ханы Сұлтан Махмұд билік кұрды.Қазақ хандары Сығанақты, Сауранмен қоса Түркістанның солтүстік жақ бетін, Қаратаудың Созақ және басқа елді мекендерімен бірге солтүстік және оңтүстік беткейін, Сырдың төменгі ағысын, Арал жағалауын иемденді.XV ғасырдың соңғы онжылдықтарында шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы күрес Түркістан мен Қаратау өңірі үшін ғана жүргендей көрінгенімен, шын мәнінде, бұл күрес қазіргі Орталық және Оңтүстік Қазақстанның далалы аймақтарын мекендеген халықтарды өз биліктеріне қарату үшін болған талас еді. Сондықтан да Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысы өңірлерін билеген қазақ хандары осы аймақтарға жаткан дала халқын да біртіндеп өзіне қарата бастайды. Мұхаммед Шайбани болса, бұл мезгілде Түркістанның тек оңтүстік бөлігін ғана иемденіп, одан әрі ұзап шыға алған жоқ.

40. Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы. Керей мен Жәнібек хандардан кейін Керейдің ұлы Бұрындык (1473/1474-1511ж) хан болған. Егер Жанiбек пен Керей хандар Казак хандыrынын, ipre тасын қалыптастырып, онын аумаrын ұлrайта бастағандығымен көрінсе, ал Бұрындық ханның аты Сырдария өзенi бойындағы калаларды Әбілқайыр ұрпағынан өздерiне карату жолында болған ұрыстардан көрінген. Алайда ханның ел iшiнде беделi болмағандықтан және қаталдығының нәтижесінде Самарқанға көшiп кеттi. Бұдан кейiн Бұрындықтың кезiнде оның әскери қолбасшысы болған Жанiбек ханның баласы Қасым сұлтанның ел iшiнде беделi күштi болған. Қасым ханның кезiнде хандыктын саяси жағынан болсын, алеуметтiк- ¬экономикалык жағынан болсын дамығандығы белгiлi. Тiптi алыс жакын жаткан елдерге Қасымның аты айгiлi болып, қазақ хандығы куатты, iргелi елге айналған. MiHe сол Қасым 1411 жылы хан болды. Қасым ханның тұсында Казак хандығының дамығандығын сол кездегi орта ғасырлык тарихшылардың өздерi де атап өткен. Маселен, атақты Бабыр ханның айтуына қарағанда қазақ султандары мен хандарының бiр де бiреуi бул халықты дал Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Онын қарамағындағы аскер саны 300 мыңга жуық едi- дейді. Ал тарихшысы М.Х.Дулати Касымнын букiл Дештi Кыпшак даласына билiк жургiзгенiн, оның халкы санының миллионнан астам болғандығын айтады. Жошыдан кейiн бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. Хан өз мемлекетінің коғамдык өмiрiнде карама-карсы кайшылыктарды болдырмау үшiн түрлi заң шығарушы заңгер де болған. Онын шығарған заңдары "Касым ханның қасқа жолы" деген атаумен осы күнге дейiн ел аузында айтылып келедi. Бірақ ол жазбаша түрде сакталмаған. Осы заң арқылы ол елді мін шығармай басқарған. Хан өзінің заң жинағымен ел iшiндегi жағдайды бiраз түзеп, хандык өкіметін баскаруды күшейтiп алады. Қазақ хандығының нығаюына және бiр себеп ол Шайбаниліктердің Азияға карай бiржола ауып кетуімен және кетпей қалған ру-тайпалардың барлығы ендi қазақ хандығына өзiнiң жерiмен косылып халкының санының өсуіне, шекарасының кеңеюіне де үлкен үлес косқан.СоныменҚасым хан XVI ғасырдын басында ұлан байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлiгiн өзінің қол астына қаратты. Алгашкы кезде ханның саяси-акiмшiлiк және сауда-экономикалық орталығы Сырдарияның бойындаrы Сығанак каласында болған. Қасым хан өзінің өмірінің сонгы кезiнде астанасы Сарайшык каласында билiк жүргiзген. Сарайшық сол кездегі ең маңызды қала қатарынан болған. Қасым хан тұсында Казак хандығынын нығаюы және оның күшеюi мемлекеттiң беделiн арттырып. сырткы саясатта айтарлыктай табыстарrа кол жеткiздi. Орта Азия хандарымен. Едiл бойындағы елдермен, Батыс Сiбiр хандығымен, Ресеймен сауда-саттық, жане дипломатиялык байланыстар жасаған. Қасым хан тұсында Моroл хандығының Жетiсуғе жүргiзген билiгi барган сайын әлсiрей бердi. Бүл кезде Моғoл хандығы мен өзбек хандығы арасында кескiлескен соғыстар болып жатты. Моғол ханы Саид хан 1514 ж Шығыс Түркістанға көшіп кетуі, Қасым ханның Жетісудағы билігін нығайта түсті.

XVI ғасырдың басында қазақ ханы Касым ханның сырткы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы калаларды каратып алу жолындағы күрес болды. Бул күресте Қасым хан Мауереннахр билеушiсi Шайбани хан мен және оның ұрпактарымен токтаусыз күрес жургiздi. Сырдария бойындағы шурайлы жерлер мен калаларда билiк жургiзу үшiн күресін жалғастыра бердi. Өйткенi калалар қазақ хандығының экономикасын көтеруде жанды мәселелердің бiрi болды. Мұхаммед Шайбани хан қаза болғаннан кейiн, хан ұрпақтары арасында хандык билiкке өзара талас басталды. Осы жаrдайды пайдаланған Касым хан шабуылға шыrғып, Сайрамды өзiне қаратты. Осыдан соң Ташкенттi билеп тұрган Шайбани ұрпағы Сүйiнiш қожаға қарсы аттанды. Бірақ Ташкент каласының түбiндегi ұрыс сәтсіз болып, хан кайта оралады. Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректерiнде 1518 жылы қайтыс болган. Алайда, орыс деректерiне қараганда Қасым хан 1521 жылы кыста Сарай каласында қаза болған.Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсiз, дербес мемлекет есебiнде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгiлi болды. XVI ғасыр Қазақ хандығының дәуiрлеу кезеңі болды. Жер көлемi ұлғайды. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сыр бойындағы қалаларды косып алды. Онтустік шығыста Жетiсу жерінің басым бөлiгi Шу, Талас, Қаратал, Iле өзендерінің алкабы қарады. Солтүстік және солтүстiк шығыста Ұлытау мен Балкаш көлiнен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейiн жеттi. Солтүстiк батыста Жайык өзенiнің алабын қамтиды. Miнe осындай кең-байтақ қазақ жерiн қамтып жаткан Қасым ханның халкының саны да бiр миллионнан асқан. Мұндай деректер жазба деректерде де хабарланrан. Сонымен қазақ хандығы көркейіп бүкіл әлемге танымал болды.

41. XVI ғ. 20-30 жж. Қазақ хандығының “уақытша әлсіреуі”.Қасым ханнан кейін, Қазақ хандығы үшін XVI ғасырдың 20-30-жылдары "уақытша әлсіреу" кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің тағы бір белгісі - саяси бытыраңқылық. Өйткені, осы тұста Қазақ хандығында бірнеше хан бір мезгілде бірнеше аймақта билік етеді. Оңтүстік-Шығыс бөлікте — алдымен Тақыр, одан кейін Бұйдаш хандар билікте больіп, негізінен, моғоддармен, қалмақгармен қарым-қатынаста болса, батыс бөлікте - Ахмет хан ноғай тайпаларымен күрес жүргізеді. Ал оңтүстік бөлікте Тоғым хан билеуші болып, негізінен, Мауераннаһрдағы және Хорезмдегі шайбанилар әулеттерімен катынастар жасайды."Уақытша өлсіреу" кезеңіндегі саяси бытыраңқылықта бір мезгілде Қазақстанның үш өңірінде үш билеуші билік етеді. Бұл XVIII ғасырдағы үш орданың пайда болуына алғы шарт-тар әзірлеген деп білеміз. Хақназар ханның ішкі және сыртгқы саясаты Қасым ханнан кейін Қазақ хандығы біртіндеп әлсірей берді. Сұлтандар мен басқа да феодалдардың өзара ала ауыз-дық қырқысында хандықтьщ мұрагері Мамаш хан 1523 жылы мерт болды да, өкімет Қасым ханның немересі Тақыр ханның қолына көшті. Жаңа хан ала ауыздықтарды тыя алмады. Сыр-дария бойындағы Шайбани әулетімен арадағы феодалдық со-ғыс сәтсіз аяқталып, Тақыр ханның Ноғай Ордасымен ара қатынасы шиеленісе түсті. Осының барлығы ішкі берекесіздікті күшейтті. Феодалдық қанауға, ала ауыздық со-ғыс ауыртпалығына, Тақыр ханның қаталдығына шыдай алма-' ған бұқара халық көшіп кете бастады. Тақыр хан Қазақстан-ның үлкен бөлігінде өз үстемдігінен айрылып, тек Жетісуда ғана билік құрып қалды. Мұнда қырғыздармен бірге сұлтан Сағид ханның Тянь-Шань мен Жетісудағы өз билігін қалпына келтірмек болған әрекеттеріне тойтарыс беріп отыруына тура келді. Осындай күрделі жағдайлармен бетпе-бет келген Хақна-зар хан (1538-1580 жж.) Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгерте бастады.

42. Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді. Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, Хақназар ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алып, Жайық өзенінің сол жағындағы территорияны қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасы Исмаил орыс патшасы IV Иванға менің немерелерім, туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылып кетті деп хабарлады* (Вельяминов –Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах, ч.2, с.333). Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 60-шы жылдарында да жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының және Жалым ханзаданың қазақ ордалары және олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған.

XVI ғасырдың ортасында ауыр дағдарысқа ұшыраған Ноғай ордасы ішкі феодалдық қайшылықтар мен қырқыстардың және халық бұқарасының феодалдық үстемдікпен қанауға қарсы күрестерінің нәтижесінде бордай тозып, 1569 жылдан соң мемлекет ретінде өмір сүруден қалды. Бұрын Ноғай ордасына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұл Қазақ хандығының қазақ тайпаларының және қазақтардың этникалық территориясын біріктіру жолында Хақназар ханның жасаған жеңісті қадамдарының бірі еді. Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің Қазақ хандығына қосылуы хандықтың Батыс – солтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды. Орыс мемлекеті мен Қазақ хандығы арасындағы кең өңірді алып жатқан Ноғай ордасының ыдырауы, оның бір бөлігінің орыс патшасына бағынуы, шығысқа қарай кеңейіп келе жатқан орыс мемлекетінің шекарасын қазақ хандығына жақындата түсті. 1563 жылы Сібір хандығының билігін тартып алған Көшім хан ендігі жерде Қазақ хандығына дұшпандық позиция ұстады. Оның үстіне моғол билеушілері мен Қазақ хандығы арасында да қақтығыстар болып отырды. Осындай күрделі жағдайлармен есептескен Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Сырдария бойындағы Қазақ хандығының үнемі жауласып келген МауараннахрдағыШайбани әулетімен одақтастық байланыс орнатуға ұмтылды. Орта Азиядағы ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға бағытталған әскери қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп, Шайбани Әулетінен шыққан Бұхара ханы Абдолла екінші мен Қазақ ханы Хақназар қастаспай дос болып, өзаракөмектесу жөнінде «анттастық шарт» жасады, Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы маңызды болды. Сонымен, Хақназар хан тұсында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дәуірлей түсті.

43. Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы . Хақназар хан қайтыс болғаннан кейін орнына Жәдік сұлтанның баласы Жәнібек ханның немересі жасы 80ге келген Шығай отырады(1580-82)Қазақ ішінде беделді хан болды.Ол қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстанған бағытты жалғастырды.Ол шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.1582ж Бұхара ханы Абдолла қазақ ханы Шығай ж\е оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп,Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды.Баба сұлтан жеңіліп Дешті Қыпшақ даласына қашты,өзбек,қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға,Ұлытауға дейін қуды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп,басын Абдоллаға әкеледі.Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла оған Самархан өлкесіндегі Африкент уәлаятын береді.Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа Тәуекел(1582-1598) отырады.1583ж Тәуекел Бұхара ханы Абдолламен жасасқан шартты бұзды. Себебі:Абдолла Түркістаннан 4 қала беруі туралы уәдесінен бас тартуы,Абдоллахтың Баба сұлтанға көмек берген қазақ сұлтандарын жазалауы,басты себеп Абдолла Тәуекел хан беделінен, батырлығы мен баатылдығынан қорқа бастайды, яғни Тәуекел ханнан өзінің бақталасы ретінде қауіп төнгенін сезді.Өйткені кезінде бүкіл Мәуераннахрды Тәуекелдің көмегімен Шабани мемлекетінің қол астына біріктірген болатын.Тәуекел хан да Жошы ұрпағы болғандықтан, бүкіл Орта Азияны билеуіне толық құқығы болды.Тәуекел сыртқы саясатында хандықтың оңтүстігіндегі қалаларда билікті нығайтуға күш салады.Сыр бойындағы қалалар үшін Абдолламен күресті бастайды..Абдолланың негізгі күштері Мәуераннахрдың оңтүстік аймақтарына шабуыл жасайды. Ташкенттке бірінші жасаған шабуылы сәтсіз болды.1588ж Абдаллах ханға қарсы халық көтерілісі болады.1598ж Орта Азияға жаңа жорық бастайды. Осы кезде ойраттардың бір бөлігі Тәуекелге тәуелді болды.Ол өзінің Мәскеуге жолдаған грамотасында өзін «қазақ пен қалмақ патшасы» деп атаған.1597ж Бұхар хандығында ішкі тартыс басталады,онда Абдолланың ұлы Абдылмомын әкесіне қарсы шықты.Осы қырқысты пайдаланып, Тәуекел Ташкент қаласының түбінде Абдолланың әскерін талқандады.Бұл жеңіс қазақ хандығының беделін арттырды. 1598ж наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылмомын хан болды.Осы орайды пайдаланған Тәуекел жүз мың әскермен Мәуераннахрға басып кіріп,Ахси,Әндіжан,Ташкент,Самарқан қалаларын басып алды.Бірақ Бұхараны қоршау кезінде хан жараланып, Ташкентке қайтып келіп қайтыс болады. Сөйтіп, ол өз мемлекетінің солтүстік-батыс шекарасындағы бейбіт жағдайды ж\е Орта Азиядағы шайбанилықтардың алауыздығын, бұл әулеттің Аштарханилықтардың жаңа әулетімен ауыстыртырылғанын пайдалып, сырдариялық қалалар үшін ұзаққа созылған күресті табысты тәмәмдады. Абдолла ұрпақтарының өзара билікке таласы нәтижесінде Шайбани әулеті өмір сүруін тоқтатты.Тәуекел хан Ақши,Искандер,Мүнши,Ташкент,Самарқанды жаулады.Самарханда 20мың әскермен інісі Есімді қалдырады.Өзі 70-80мың әскермен Бұхараны 20күн қоршады.Тәуекел хандықтың сыртқы жағдайын жақсартуда орыс мемлекетімен дипломатиялық қатнас орнатты.1594ж Тәуекел Ресейге достық келісім ретінде Құлмұхаммед бастаған тұңғыш ресми елшілігін жібереді.Мақсаты:Ресей мем. Көмегімен Абдоллаға қарсы күресті жандандыру,Сібір ханы Көшімге қарсы одақ құру,1588ж орыс әскерлері ұстап әкеткен өзінің немерре інісі,Ондон сұлттанның баласы Оразмұхаммедті тұтқыннан босату,керуен саудасын кеңейту.1595ж Мәскеуден Степанов бастаған елші келді.Тәуекел Орта Азияға жорығында тек қарулы күшке емес,Орта Азия халықтарының белгілі бір әлеуметтік топтарына сүйенді.Негізінде дін иелері қолдады.Шайбани ұрпақтарының өзара қырқысуынан шаршаған Орта Азия халқы Тәуекелді қолдады.Мәуераннахр қазақ ханд. Қолына толығымен көшпеді.Ташкент ж\е оның аймағын қазақтар 200ж биледі.1598ж Сібір хандығы жойылды.Хандықтың қол астына қараған қазақ тайпалары Қазақ хандығына бірікті.

44. ХVIIғ Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы Есім хан(1598-1628)ж қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» атпен әйгілі, бұл атақ оған 1598ж ағасы Тәуекел ханмен бірге Мәуераннахрға жасаған жорықта ерлігімен көзге түскені үшін берілген.Есім Шығайдың баласы.Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім\шартын жасасып,Орта Азия қалаларымен бейбііт,экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.Қазақ ханд бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді.Саясатының ерекшелігі:Барлық қалалармен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды.Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200ж қазақтардың иелігінде болды.Оңтүстік Қ\ғы отырықшы,егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.Бұхар ханымен бітімге келіп,Орта Азия қала\н бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.Қазақ хандығының әскери қуатын арттыруға көңіл бөлді.Сұлтандар мен төрелерге еркіндік,билік берді. Қазақ хандығын бір орталыққа бағындыруды басты мақсат етті. «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағында:Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті.Әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаны ауырлатты.Ескі құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтады.ХҮІІғ хандықтың ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды.Ташкентте(Келді Мұхаммед сұлтан),Әндіжанда(Абылай сұлтан),Жаркентте(Абақ хан) билік жүргізді.Хандық іштей бөлшектеніп,феодалдық қақтығыстар күшейді.Үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті.Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады Есім хандығы(астанасы Түркістан),Тұрсын Мұхаммед хандығы(ордасы Ташкент).ХҮІІғ Қазақ хандығы мен Моғол хандығы арасында одақтық қатнас орнады.Есім хан моғолдардың Шалыш пен Тұрфан қалаларын билеген Әбд ар Рахым ханмен одақтасты.Тұрсын хан моғолдардың Жаркент пен Қашқар қалаларының әміршісі Әбд Латип ханмен одақтасты.Тұрсын(Жалым сұлтанның баласы)өз атынан ақша шығарып,салық жинап отырды.Есім хан ойраттардан хандықтың шекарасын қорғай жүріп,Тұрсын әрекеттеріне шыдамдылықпен қарады.Бұхардың ханы Имамкули екі ханның өзара жауластығын пайдаланып,Ташкентті алуға тырысты.1603-1624ж қазақ\бұхар соғысы болды.1603ж Айғыржар(Самарқан маңы) жеріндегі шайқаста қазақтар жеңеді.1611ж Ташкент түбіндегі шайқаста Бұхар ханы жуңіліп,келісімге келеді.1613ж Есім Самарқанға басып кіріп Бұхар ханның әскерін жеңді.1620-21ж 4-5-6соғыста Тұрсын хан бастаған қазақтар толық жеңіске жетті.1627ж ең соңғы 7шайқаста да жеңіске жетті.Есім ханның ұтымды қорғанысты шайқас тәсілі ұлы жеңіске жеткізді. 1627ж Тұрсын ханның бүлігі «Қатаған қырғыны» д.а.Есім қалмақтарға қарсы соғыста жүргенде Тұрсын Түркістанды басып алады.Осы кезде Есім хан Тұрсынды ж\е оны қолдаған қатаған руын өлтіреді.Шығыс Түркістандағы қатаған руы жазалаудан қашып,ұйғырларды паналады.1628ж Есім қайтыс болды.А.Йасауи кесенесіне жерленді.Ең жақын жорық жырауы Марғасқа.Кіші жүздегі ел басқарушы биі,әскербасы,батыры Жиембет жырау(Әмірің қатты Есім хан).

Жәңгір хан(1628-1652ж)

Есімнің ұлы сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңде хан тағына отырды.Оның өмірі ат үстінде Қазақ хандығы жауларымен күресте өтті.Жәңгір хан тұсында да Сыр бойындағы қалалар үшін Аштарханидтермен,Жетісудағы жайылым үшін қалмақтармен қақтығыстар тиылмады.Қалмақтар жақтан төнген қауіп зор болды. «Қалмақ» сөзі батыс монғолдардың түрікше аты.Олар өздерін «ойраттар»деп атаған.Қалмақтар бұл жылдары шығысында Хангай таулары,батысында Моғолстан оңтүстігінде Гоби шөлі,солтүстігінде Ертіс пен Енисейдің жоғарғы ағыстары арасында көшіп жүрген.1635ж бұл тайпалардың басын біріктіріп Батур қонтайшы Жоңғар мемл құрады.Осыған байланысты жоңғарлар күшейіп,қазақ жеріне жорықтар жасай бастады.Жәңгір хан тұсында үш ірі шайқас орын алды.Алғашқы 1635ж шайқаста Жәңгір қалмақтарға тұтқынға түсіп,қашып шығады.1643ж Орбұлақ(Жаркент маңындағы Қосқолаң тауы) шайқасы болды.50мың әскермен келген Батур қонтайшыға 600 сарбазымен Жәңгір қарсы тұрды.Сарбаздар құрамында Шапырашты Қарасай,Арғын Ағантай,Алшын Жиембет,Найман Көксерек,Қаңлы Сарпық т.б болды.Қосқолаң тауының арасында бекінген Жәңгір сарбаздары жоңғардың 10мың әскерін талқандады.Көмекке Самарқанның әмірі,қолбасшы Алшын Жалаңтөс 20мың әскермен келіп,жоңғарлардың ту сыртынан шабуылдады.Орбұлақ шайқасының маңызы:Қазақ әскерлері жанқиярлық ерліктің үлгісін көрсетті. Фермопил шайқасындағы 300 спартандық жауынгерлердің ерлігімен тепе тең шайқас болды.Жәңгір хан Жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру үшін Бұхара,Жаркент хандықтарымен, қырғыздармен одақтасты.1652ж Ресейден зеңбіректер сатып алған жоңғарлар қазақ жеріне қайта шабуылдайды.Ойсырата жеңеді.Осы шайқаста Жәңгір қайтыс болады.Жәңгірден кейін хандықтың әлеуметтік\экономикалық,саяси жағдайы нашарлайды.Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар,бақталастықтар өршіді.Қазақ сұлтандары ұлыстарды жеке\дара билеп,бір бірінен оқшаулана бастады.

45 Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы . Тәуке хан (Жәңгірдің ұлы) (1680-1715) тұсында хандықтың күш\қуаты өсіп,бірлігі артты. Билігінің ерекшеліктері:Хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып,бір орталыққа бағындырылды. Жоңғар шапқыншылығы бәсендеп, тыныштық орнады.Көрші елдермен достық қатнаста болуды көздеді(қырғыз, орыс,қарақалпақ) «Жеті жарғы» заңын жасады.Негізгі мақсаты: Билердің көмегімен хан билігін нығайту.Бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құру.Билер кеңесін ішкі ж\е сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін басқару жүйесіне айналдырды. Билер кеңесі мемлекеттің ішкі\сыртқы саясатына қатысты мәселелерді шешуде үлкен қызмет атқарды.Билер шешіміне хан қарсылық көрсетпеді, биліктің басым бөлігі халықтың қолында болды.«Билер кеңесінің»құрамына Төле би, Қазыбек би,Әйтеке би,Досай,Сырымбет,Қабек,Даба,Есейхан,Сасық би т.б дарынды кісілер енді.Билер кеңесі хандық билікті шектеу құқығына ие болған,соттық биліктерді де атқарған. Тәуке хан ел билеуде атақты қазақ билеріне арқа сүйеп,олардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін көтерді.Билер кеңесі мерзімді түрде Сырдарияның бойында орналасқан Әңгірен, Түркістан,Сайрам жерінде орналасқан Битөбе,Мәртөбеде шақырылған.Жыл сайын Ташкент маңындағы Күлтөбеде үш жүз өкілдерінің басын қосқан жиналысын өткізіп тұрған.Тәуке хан өзінен бұрынғы хандар тұсында ішкі тартыс салдарынан ыдырай бастаған үш жүздің басын қосты,жеке\жеке ұлыстарды билеген сұлтандардың бөлектенуіне тежеу салып,Қазақ хадығының ішкі бірлігін бекемдеуге барлық шараларды қолданып,оны едәуір күшейтті.Саясатыының басты бағыттары:Қоғамдағы саяси қайта құрулар жүргізу арқылы хандық өкіметті орталықтандыруға ұмтылды.Хандық кеңес пен билік кеңестің рөлін арттырды.Орта Азиямен сауданы дамытты.Бұхар хандығымен бейбіт қатнаста болды. Қырғыз бен қарақалпақтардың бір бөлігін басып алды.Қырғыздарды би Қоқым Қарашор арқылы,Қарақалпақтарды Сасық би арқылы басқарды.Тәуке ханның сыртқы саясаты көрші елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда\саттық қатнас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды.Ол 1687ж Бұхар ханы Субханқұлымен Ташкент жөнінде келіссөз жүргізіп, оны қазақтар иелігіне қалдырды.Бұхар хандығымен сауданы дамытуға күш салды.Нәтижесінде Қазақ мемлекеті мен Бұхар хандығы арасында бейбіт қатнас орнап,Бұхар саудагерлері қазақ жеріне кіріп сауда жасауға мүмкіндік алды.Жоңғарларға қарсы соғыста Бұхар хандығынан көмек болмады,тек саудамен ғана шектелді.Қырғыздардың басым көпшілігі бағынышты болды,олар соғысқа белсене қатысқан Тәуке хан Ресеймен қатнасты жандандырды.Осы жылдары шекара аудандарындағы орыс бекіністері мен қазақ ауылдары арасындағы қақтығыс шиеленіседі.Осындай келеңсіз әрекеттерді бибіт жолмен шешу үшін,сауда байланысын орнату мақсатында Тәуке 1687ж Тобыл қаласына Тәшім батыр бастаған елшілікті жібереді.Сөйтіп Ресеймен дипломатиялық, сауда байланысын орнатты.1686-1693жТәуке Ресейге бес елшілік жібереді.1694ж хан ордасы Скибин менТрощинді қабылдайды.Сөйтсе де қазақ\орыс арасы 17ғ соңы мен 18ғ басында барынша шиеленіседі. Себебі Ресей мен Жоңғар жақындасады. Қазақ мемлекетінің күшейгенін байқаған орыстар жоңғарлармен жақындасып, оларды қазақтарға қарсы қою саясатын жүргізеді.Тәуке тұсында Жоңғар мен қазақ арасы тұрақсыз болды. Тек 1653-1670ж аралығында жоңғарлардың қазақ жеріне шапқыншылығы бәсендеді.Себебі 1653ж Жоңғар қонтайшысы Батыр қайтыс болады,таққа талас жүріп жатты.1670ж Жоңғар тағына келген Ғалдан Бошокту қонтайшының тұсында оңт.Қ\ға шапқыншылықтар жиіленді.Ол 1681ж Шудан өтіп,Сайрамды алуға әрекет жасайды. 1684ж Сайрамды алады.Қала халқын тұтқынға айдпап әкетеді.ХҮІІғ аяғы мен ХҮІІІғ басы Жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін алып. Сарысуға жетті.1710ж үш жүздің өкілдері жауға қарсы күресу негізінде Қарақұмда жиналады.Бірыңғай халық жасағы құрылып жоңғарларды шығысқа дейін ығыстырды.1715ж Тәуке қайтыс болды.Мирасқоры Қайып елді билей алмады.ХҮІІ ғ аяғы мен ХҮІІІғ басында «Жеті жарғы» заңдар жинағы шығарылды. Заңда қаралған мәселелер:Жер дауы, үй іші мен бала тәрбиелеу,ұрлық\қарлық, барымта,бір халық пен басқа ру арасындағы дау, ұлтын жаудан қорғау,құн дауы,жесір дауы, ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді, құн төлеу-адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді. «Жеті жарғы» заңының маңызы: қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады.Ру мен тайпа арасындағы алауыздықтар, үш жүздің арасындағы қайшылықтар бәсеңдеді.Хандық биліктің заң негізінде күшеюі ел бірлігін сақтауға өз үлесін қосты.

46. М.Х.Дулатидың «Тарихи Рашиди» еңбегі ХҮ\ХҮІ ғғ Қазақ хандығы тарихының жазба дерегі. Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі М.Х.Дулатидың «Тарихи Рашиди» атты еңбегі.Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналғын.Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген.Абулғазы,Қыдырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды.Сонымен Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор.Қазақ хандығы-шаруашылықтың дамуы,өңдіргіш күштердің өсуі,феодалдық қатнастардың қалыптасу нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан байтақ жерін мекендеген көшпенді тайпалардың біріңғай этникалық топ қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы ХҮғ ортасында құрылды.Қазақ хандығының құрылуына 1457ж Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы себеп болды.Осы кезде Жетісуды билеген Моғолстан ханы Есенбұға қоныс аударған қазақтарды Әбілхайыр ханға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, жер берді.М.Х.Дулати «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі.Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді.Нәтижесінде Жәнібек пен Керей Моғолстанға көшіп барды.Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып,Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын бердіОлар барып орналасқан соң,Әбілхайыр дүние салады да өзбек ұлысының шаңырағы шайқалады,ірі шиленістер басталады.Оның үлкен бөлігі Керей хан Жәнібек занға көшіп кетеді.Олардың жанына жиналғандар саны 200мыңға жетті. Оларды өзбектер «қазақтар» деп атады.Қазақ сұлтандары 870ж (1465-66) билей бастады... »

47. Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үдерістердің негізгі кезеңдері. «Қазақ» этнонимі.Қазақ халқының өалыптасу үрдісі көне заманнан б.з.б ІІ\І мыңжылдықтан басталады.Қазақ халқының қалыптасу сатысының алғашқы кезеңінде тіршілік еткен сақ, сармат,үйсін, қаңлы тайпаларының маңызы ерекше.Антрополг Смағұловтың пікірі бойынша « сақ ,сармат,үйсін тайпаларының келбеттері андроновтарға ұқсас»Қ\ға шығыстан келген ғұн тайпаларының жергілікті тайпалармен араласу нйтижесінде моңғолойдтық белгілер біліне бастады. Қазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі түріктердің жаппай көшіп келуіне байланысты.Ежелгі сақ,сармат,үйсін,қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно\демографиялық жағдайды өзгертті.ХІІІғ басында Шыңғыс хан қысымына шыдыай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бүкіл үрдіске өз үлестерін қосты.ХІІІғ басында моңғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу барысын бұзды.Антропологиялық үрдістер жаңа өзгерістерге ұшырады.Моңғол тайпалары түркіленді,түрік тілінде сөйлей бастады.Қазақ жерінде түркіленген жаңа этникалық топтар пайда болды(маңғыт,барлас). Моңғол шапқыншылығы қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін 150-200ж кешеуілдетті.Этносаяси қауымдастық-белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындары.Ақ Орда,Моғолстан,Әбілхайыр хандығы,Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюықазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.Өазақ халқының этникалық қалыптасуында басты рөл атқарушы –Ақ Орда тайпалары.Қазақ халқының құрылуын жеделдеткен жағдайдын бірі-оның құрамына қыпшақ,үйсін тайпалар одағының енуі.Бұл этникалық топтар құрамында қыпшақ,қаңлы,арғын,қоңырат,дулат,маңғыт,жалайырлар болды. Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып,қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті. «Қазақ» этнонимінің шығуы: таихшы Бартольд :«өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам».М.Ақынжанов:«қас-сақ,нағыз сақ деген атаудан шыққан».ХІІ\ХҮғ түркі тілінде жазылған деректерде:«еркіндік аңсаушы,батыл»мағнасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақ. Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб\қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.(еркін,кезбе) Көне түрлі тіліндегі дерек:«қазақ оғлұм» сөзінен шыққан. Ежелгі Сбір тайпалары (берік,алып) деген мағнаны берген.Б.Көмеков: ХІІІғ хорасан түрікмендері арасында «қазақ» сөзі этникалық сипатта қолданылған.«Қазақ» сөзі көне түрік дәуіріндде пайда болып,ХІІІғ дейін «еркін адам» мағнасында қолданылған.ХІҮғ «қазақ» сөзі этникалық мағнаға ие бола бастады.ХҮғ ІІжартысында этникалық сипатқа ие болды.

48 Қазақтардың этникалық территориясының қалыптасу кезеңдерін атап өтіңіз. Этнос (халық,тайпа,ұлт) ұғымы жалпыға ортақ сыртқы кескін келбеті емес, тұрақтанған мәдениеті, мінез\құлқы бар белгілі бір топты құрайтын адамдар тобын айтуға болады. ХҮ\ХҮІғғ қазақ халқы мен оның этникалықтерриториясының құрылып, қалыптасуының сан ғасырлық процесі негізінен аяқталады,іс жүзінде ол қазақтар кейінгі ғасырларда мекен етіп келе жатқан жер шебімен сәйкес келеді.Орталық Азияның ХҮ\ХҮІғғ құрылған басқа да түрік тілдес халықтары сияқты,қазақ халқының да этникалық негізін,өткен замандарда әр тілде сөйлеген,толып жатқан тайпалар қалаған болатын.Олар:сақтар мен үйсіндерден, қаңлылар мен ғұндардан,түріктер мен түркештерден,қарлұқтар мен оғыздардан,қимақтар мен қыпшақтардан бастап наймандар мен арғындарға,керейлер мен қоңыраттарға, жалайыр мен дулаттарға дейінгі әртүрлі замандарда Қ\н жерін мекендеген басқа да көптеген тайпалар болатын.Қазақ халқының құрылуына себеп болған этногенетикалық процестердің бастау көзі мүлде ежелгі уақыттан алғашқы қауымқоғамының ыдырау дәуірінен шығады. Қ\н жеріндегі этногенетикалық процестердің дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді.Антропологиялық мәліметтерге қарасақ этникалық даму барысында ұзақ замандар бойына халықтың еуропатекті түрі тұрақтанып сақталып қалады да,кейінірек жүре келе моңғолтекті түрге қарай өзгере бастайды. Тілдік ахуал өзгермей тұрмайды,ежелгі тайпалардың иран тілі бірте\бірте сатылап, осынау территорияның кейінгі қоныстанушыларының тілі түрік тілігн орын береді.Қола дәуірінде мал өсірумен,егіншілікпен шұғылданған, бет бейнесі еуропатектес болып келетін андронов пен шығыс облыстарда-скифтерге туыс,көшпелі мал шаруашылықты сақ тайпалары,солтүстік пен батыс облыстарда-савромат тайпалары басады.Қазақстандағы ж\е Еуразия территориясының далалық аймақтарындағы этникалық процестің шешуші кезеңі б.з.б І мың жылд. Орта кезінен түріктердің батыс бағытына қарай қоныстануына байланысты.Қ\н мен көрші этностармен бірігіп түркілене бастады.Солтүстік Моңғолиядан Амударияға дейін ,Жетісуды қосқанда оңтүстік ж\е оңтүстік батысқа қарай оңтүстік шығысындағы Түркеш қағанаты VII-VIIIғ Шу,Іле арасын мекендег тайпаларды біріктірді.Жетісу жеріне Батыс Алтай мен Тарбағатай арасынада жатқан облыстан ауып келген қарлұқ тайпалары өздерімен бірге түріктілді: тухси,шігіл,дулу,халаджы,арғу,шарық ж.т.б тайпалар енеді ІХ\ХІғОғыздар мемлекеті Оңтүстүк Қ\ндағы Сырдария алқабының Қаңлы ж\е қаңғар\печенегтерді,арал-каспий алабының ас пен аландарын,Жетісуға жылжып барған түрік тайпаларының (қарлұқ,халаджи,шағра,шарық) басын біріктірген.Қ\ң солтүстік, шығыс ж\е орталық аудандарын VIII-XІғ Қимақ мемлекеті имақ,баяндүр,татар, еймүр тайпаларын біріктірді. Жаңа этникалық компанент қазақ жеріне қоныс тепкен моңғолдардың жалайыр,маңғыт,барлас,байриндер сияқты ру мен тайпалар келіп қосылды.Моңғол феодалдарының шұрайлы қоныс\өрістерді басып алуы жергілікті халықтың көшуіне әкелді. Қ\н жерін Шыңғыс аламандарының жаулап алуы жергілікті түріктердің моңғолойдтық түрге өзгеруіне әкелді.

49 XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз.

Есім хан(1598-1628)ж қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» атпен әйгілі, бұл атақ оған 1598ж ағасы Тәуекел ханмен бірге Мәуераннахрға жасаған жорықта ерлігімен көзге түскені үшін берілген.Есім Шығайдың баласы.Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім\шартын жасасып,Орта Азия қалаларымен бейбііт,экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.Қазақ ханд бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді.Саясатының ерекшелігі:Барлық қалалармен қоса Түркістан аумағы Қазақ хандығына қосылды.Осы кезден бастап Ташкент қаласы 200ж қазақтардың иелігінде болды.Оңтүстік Қ\ғы отырықшы,егіншілік аймақтар Қазақ хандығының жері болып есептелді.Бұхар ханымен бітімге келіп,Орта Азия қала\н бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды.Қазақ хандығының әскери қуатын арттыруға көңіл бөлді.Сұлтандар мен төрелерге еркіндік,билік берді. Қазақ хандығын бір орталыққа бағындыруды басты мақсат етті. «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинағында:Әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті.Әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаны ауырлатты.Ескі құқықтық ғұрыптар мен заңдарды сақтады.ХҮІІғ хандықтың ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды.Ташкентте(Келді Мұхаммед сұлтан),Әндіжанда(Абылай сұлтан),Жаркентте(Абақ хан) билік жүргізді.Хандық іштей бөлшектеніп,феодалдық қақтығыстар күшейді.Үш жүздің әрқайсысы жеке хан сайлауға көшті.Оңтүстікте іс жүзінде екі хан билігі орнады Есім хандығы(астанасы Түркістан),Тұрсын Мұхаммед хандығы(ордасы Ташкент).ХҮІІғ Қазақ хандығы мен Моғол хандығы арасында одақтық қатнас орнады.Есім хан моғолдардың Шалыш пен Тұрфан қалаларын билеген Әбд ар Рахым ханмен одақтасты.Тұрсын хан моғолдардың Жаркент пен Қашқар қалаларының әміршісі Әбд Латип ханмен одақтасты.Тұрсын(Жалым сұлтанның баласы)өз атынан ақша шығарып,салық жинап отырды.Есім хан ойраттардан хандықтың шекарасын қорғай жүріп,Тұрсын әрекеттеріне шыдамдылықпен қарады.Бұхардың ханы Имамкули екі ханның өзара жауластығын пайдаланып,Ташкентті алуға тырысты.1603-1624ж қазақ\бұхар соғысы болды.1603ж Айғыржар(Самарқан маңы) жеріндегі шайқаста қазақтар жеңеді.1611ж Ташкент түбіндегі шайқаста Бұхар ханы жуңіліп,келісімге келеді.1613ж Есім Самарқанға басып кіріп Бұхар ханның әскерін жеңді.1620-21ж 4-5-6соғыста Тұрсын хан бастаған қазақтар толық жеңіске жетті.1627ж ең соңғы 7шайқаста да жеңіске жетті.Есім ханның ұтымды қорғанысты шайқас тәсілі ұлы жеңіске жеткізді. 1627ж Тұрсын ханның бүлігі «Қатаған қырғыны» д.а.Есім қалмақтарға қарсы соғыста жүргенде Тұрсын Түркістанды басып алады.Осы кезде Есім хан Тұрсынды ж\е оны қолдаған қатаған руын өлтіреді.Шығыс Түркістандағы қатаған руы жазалаудан қашып,ұйғырларды паналады.1628ж Есім қайтыс болды.А.Йасауи кесенесіне жерленді.Ең жақын жорық жырауы Марғасқа.Кіші жүздегі ел басқарушы биі,әскербасы,батыры Жиембет жырау(Әмірің қатты Есім хан).

50. Тәуке хан билігі тұсында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатының қандай ерекшеліктерін атап көрсете аласыз. Тауке ханның ішкі саясаты. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды. Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайын нашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді. 1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді. Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді. Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды. Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді. Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды. XVII ғасырдың аяғында қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы өте шиелінісе түті. Халық басына қиын да қилы заман орнады. Сыртқы душпандар жиі торуылдай бастады. Ал қуатты сұлтандар өздерінің иілігіндегі ұлыстарды жеке – дара билеп, дербестенуге бой ұрды. Сондықтан Тәуке елдің ауыз бірлігін нығайтатын шаралар қарастыра бастады.

51. Қазақ хандығының XVI ғасырдың екінші жартысындағы сыртқы саясатындағы ерекшеліктерді атап өтіңіз.Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды. Тахир хан (1523-1533 жж.). әскери – саяси істеріне олақ, дипломатиялық дарыны жоқ, қол астындағыларға қатал,қытымыр адам болды.Ол сыртқы саясатта дос пен қасты айырмай төңіректің төрт бұрышымен түгел жау болу оны жеңіліске ұшыратты. Қазақ хандығымен үнемі дүшпандасып жатқан Шайбани әулетімен ғана емес, қазақ хандығының сенімді одақтасы болып келкен Ноғай ордасындағы маңғыт мырзаларымен де, Моғолстан хандарымен де жауласты. Хақназар хан (1538-1580 жж.) тұсында соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады, қазақтардың орта Азия халқымен сауда – саттық қарым-қатынасы, экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Мұның өзі Қазақ хандығының ішкі жағдайын жақсартуға, халқының шаруашылық өмірінің оңалуына тиімді болды. Сонымен қатар Қазақ хандығы нығайып, қайта дәуірлей түсті.

52. XV-ХҮIII ғғ. Қазақ хандығының саяси-әкімшілік құрылымы. XVI ғасырда хандар сайланып қойылатын болған. Ханталапай – хан сайлаудағы ханның байлығын бөлісіп алу дәстүрі. Хан – азаматтық , әкімшілік, соттық және әскери билікті қолына жинақтаған мемлекет басшысы. Ханның тұрақты әскері болмады. Қажетті жағдайда рулық-тайпалық жасқты жинап отырды. Жоғарғы қолбасшы, яғни хан шайқастарда жауынгерлерді басқарып, ауыртпалықтарды бірге көтерген. Төлеңгіттер немесе қарашалар – ханның жасағы, ханды қорғады, жорыққа шықты, малын бақты.Құқық түрлері: Меншік құқығы. Мал жайылымына, егістік жерлерге , су қорларына меншік болды. Малға жеке меншігін қорғау үшін феодал барымта алуға, сотсыз ауыр жазалар қолдануға құқылы болды. Міндеттеме құқығы. Сатып алу, келісу, қарыз алу, жалдану,зат сақтап беру, керуенмен жүк тасу келісімдері болды. Асар – маусымдық жұмыстар кезінде өз руластарынан көмек сұрау құқығы. Жылу – жұт кезінде немесе табиғи апаттан малынан айрылып қалғанда туыстарынан, ру мүшелерінен көмек сұрау құқығы. Неке және отбасылық құқық. Ері өлген әйел әмеңгерлік жолмен туыстарына тұрмысқа шыққан. Үлкен балалар енші алып, отау болып шығатын болған. Әкенің мал-мүлкі кенже баласына мұра есебінде қалдырылып, кіші бала қара шаңырақ иесі саналған. Қылмыстық құқық. Айыпты адам өлім жазасына бұйырылып, мұны ру орындаған. Кекті айып төлеумен де ауыстыратын. Әйелді зорлау, алып қашу ауыр қылмыс саналып, айыптыға өлім жазасы берілген. Мал мен мүлікті ұрлау ауыр қылмыс саналған. Ұрыға 25-60 рет дүре соққан. XV-XVI ғасырларда қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы 7 сатыдан қаланды. Ауыл -> ата аймақ -> ру-> арыс-> ұлыс-> жүз-> хандық Ауыл- туыстас адамдар, бірнеше отбасы.(ауылнай.ауылбасы ата-аймақ – 7атадан қосылатын бірнеше ауыл.(ақсақал ру –10 немесе15аймақ(рубасы, рубиі арыс- бірнеше ру(би ұлыс -бірнеше ру(сұлтан. сұлтандар хандар мен ақсүйектердің әулетінен болады.10мыңдай жасақтары болған.жүз -бірнеше ұлыс.(хан). Жүздер 15-16 ғ тайпалар одағы негізінде қалыптасқан.Жүздің басшысы ,қызметі би атағының ең биік деңгейі.Жүздің биі – ордаби. Хандық –үш жүз(қаған.ұлы хан. Хандар Шыңғыс әулетінен сайланған. Кез-келген даудан кейін жауапкердің есебінен кесілген мал мен мүліктің 10%-ы ханға тиесілі болған. Төре тұқымының ішкі әулеттік даулары хан алдында шешілген. Қарапайым қазақтың дауын төре шешкен. Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі – Құрылтай(Мәслихат) Хан көтерудің 2 жүйесі қатар қолданылды: мұрагерлік, сайлау.

53. XV-XVIII ғғ Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы. XV-XVIII ғғ дәстүрлі қазақ қоғамы әлеуметтік, таптық жікке бөлінген қоғам еді. Қазақта байлар, орта шаруа және кедейлер табы болды. Қазақ қоғамының жоғарғы мемлекет басшысы хан болды. Қазақ хандары Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарады. Ханның қолына әскери және азаматтық билік шоғырланды. Хан елдегі барлық әскерлердің бас қолбасшысы болып есептелді. Сұлтандар – ханнан кейінгі жоғарғы мемлекеттік билік сұлтандардың қолында болды. Сұлтандар ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан сайланады. Сұлтан деген құрметті атақ тек Шыңғыс ханнан тараған ұрпақтарға ғана берілді. Сұлтандар ханның тапсыруымен белгілі ру-тайпалардың және олар көшіп-қонған жайылымдардың егесі болды. Сұлтандар жергілікті әкімшілік билікті жүзеге асырды. Сондай-ақ олар әскери биліктің де, сот билігінің де тізгінін ұстады. Хан сарайында, ұлыстардың мекемелерінде, ауылда, жиындарда билік айтып, ел арасында дау-дамайды шешетін, сөзге шешен , іске шебер, сауатты адамдар – билер болып табылады. Қазақ халқы қай кезде де ортақ тілді, от ауызды, қара қылды қақ жарған әділ билерін, шешендері мен ақындарын ел билеген хандарынан бетер қадір тұтқан. Хан билігі бүкіл елге қатысты жоғары саяси билік болса, ру, тайпа көлеміндегі нақты билік сол рулардан шыққан беделді ру ақсақалдарының қолында болды. Олар ру ішіндегі, рулар арасындағы жер дауы, жесір дауы мәселелерін шешіп отырды. Ру ақсақалдары елдің дәстүрін, салтын бұлжытпай орындауды қадағалаушылар болды. Ру ақсақалдарының ішінен ел ішіндегі билер сайланды. Ру ақсақалдарының өзінің кеңесі болды. Кеңеске ел ішінде өмірлік тәжірибесімен, ақылымен, білім-біліктілігімен ерекше беделге ие болған әр кіші рудың ақсақалдары кірді.Көшпелі қазақ қоғамында ел қорғаған батырлардың орны ерекше болды. Олар елін, жерін жаудан қорғады, жастарды соғыс өнеріне тәрбиеледі. Көшпелі қазақ қауымында абыздардың, жыраулардың, бақсы-балгерлердің де өз орны болды. Абыздар мен жыраулар елдің рухани мәдениетін, оның елдік идеясын жасаушылар болды. Олардың ақылына, сәуегейлік көріпкелдігіне ел билеушілері, тіпті ханның өзі де құлақ асып санасты. Дәстүрлі қоғамда ел ішіндегі ем-доммен бақсы-балгерлер, шөппен емдейтін емшілер, сынықшылар айналысты. Қазақ қоғамындағы ең ауыр жағдай құлдар мен күңдер басында болды. Олар өз қожайындарына экономикалық жағынан да , бас бостандығы жағынан да толық тәуелді еді. Әдетте, құл мен күң байлардың шаруашылығында жұмыс істеді.

54. XV-XVIII ғғ. қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысы. Шаруашылығы XVI-XVII ғасырларда қазақтарда шаруашылықтың үш саласы анық байқалады:Көшпелі.Жартылай көшпелі.Отырықшы.Малдың негізгі түлігі қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз болып, негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді. Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды. Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді:Көктеу көктемгі көш, малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді.Жайлау жазғы көш, мамыр айының басында басталады.Күзеу кұзгі көш, суық басталысымен көшеді.Қыстау қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата бастағанда көшеді.Егіншілік Сырдрияның орта саласы мен Жетісуда, Ертіс бойы мен Зайсан көлі маңында дамыды. Отырар, Түркістан, Сауран алқаптарындағы егістік жерлерді құбырлар арқылы суарып отырған.Малынан айрылып, көшуге мүмкіншілігі болмаған кедейлер егіншілікпен айналысқан,. Оларды жатақтар деп атаған. Қазақтар аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен айналысқан. Көшпелілер үй кәсібінде мал шаруашылғы шикізаттарын өңдеумен айналысты.

55. Қазақ-жоңғар қатынастары. 1723 ж. жоңғар шапқыншылығы. Қазақ халқына мәңгі жойылып, құрып кету қаупін төндірген жау жоңғарлар еді.XVII ғасырдың бірінші жартысында ойраттар мен қазақтардың арасындағы әскери қақтығыстар жиілей түсті. Ойрат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. XVI ғасырдың аяқ шенінде ойраттар төрт тайпалық бірлестіктен құралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа қарай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын бойлай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жағындағы шоростар еді.Қазақ және ойрат әміршілерінің арасында жайылымдық жерлер үшін қақтығыстар XV ғасырда басталған болатын. XVI ғасырдың аяғында ойраттардың шағын бір бөлігі сәтсіз шабуылдан кейін қазақ ханы Тәуекелге бағынышты болып шықты. 1635 жылы қонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Осыдан соң, егер XVI ғасырдың аяғында XVII ғасырдың басында қазақ хандығына бытыраңқы ойрат тайпалары қарсы болса, XVII ғасырдың екінші ширегінде күштердің ара салмағы жоңғар тайпаларының пайдасына өзгере бастады. Қазақ жоңғар қатынастары, әсіресе Батурқонтайшы (1634–1654 жж.) билік құрған кезде ерекше шиеленісе түсті. Одан кейін Ғалдан Бошакту (1670–1697 жж.) билеген кезде, оның мұрагері Цеван Рабтан (1697–1727 жж.) өкімет басына келгенде қазақ-қалмақ қатынастары қатты шиеленісіп кетті. 1698 жылы ойраттар мен қазақ хандары арасындағы қарулы қақтығыстардың жаңа кезеңі басталды. Жоңғарлардың әскер басшылары маңызды сауда жолдары өтетін және ірі сауда орталықтары орналасқан Оңтүстік Қазақстан жерін басып алуды көздеді.1710–1711 жылдары жоңғарлар қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. 1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандап жеңді.1723 жылдың көктемінде жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, толық қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері стратегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт – қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзенінің бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.Сөйтіп, Алатау баурайын жайлаған қаннен қаперсіз отырған қалың елге шабуылға шыққан қалмақ әскерлері қазақтардың қанын судай ағызды. Еркек кіндікті адамдарды қырып, әйелдерді, қыздарды байлап матап алып кетті. Бейғам отырған ел басқыншыларға ешқандай қарсылық көрсете алмады. Ұлы жүз бен Орта жүздің қазақтары Самарқанд пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға ағылды. Босқындардың біразы Алакөл маңына келіп паналады. Бұл кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. Яғни, қазақтар-дың табаны ағарғанша шұбырып, Алқакөлге жетіп азап пен аштықтан сұлаған жерлер еді дейді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы ды қайғылы, ән ұраны сияқты «Елім-ай» әні еді. Мұнан үш жүз жылға жуық уақыт бұрын шығарылған осы өлеңмен оның әні қазақтың басына түскен сол бір ауыр күндердің өшпес ескерткіші.

56. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. Бұланты және Аңырақай шайқастары және оның маңызы. 1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресте түбірлі бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің маңындағы ауыр шайқасқа даярлана бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тау ында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы шапырашты Наурызбай да қатысқан.Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.

57. Қазақ-жоңғар соғыстарының кезеңдері. Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі. 1738 – 41 жылдары қолбасшы Сары Манжаның 30 мыңдық әскерінің шабуылы – ойраттардың қазақ жеріне жасаған соңғы ірі шапқыншылықтарының бірі. 1745 жылы Қалдан Серен қайтыс болғаннан кейінгі Жоңғариядағы билік үшін өзара тартыс олардың саяси жағдайын әлсіретіп жіберді. Осыны пайдаланған Абылай хан басқарған қазақ әскерлері жоңғарларға шешуші соққылар беріп, Жетісу мен Шығыс Қазақстанды қайтарып алды. 1755 – 58 жылы жоңғарлар Цин әскерлерінің шабуылынан кейін тас-талқан етіліп, дербес ел ретінде өмір сүруін тоқтатты. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін 1757 – 58 жылы Қазақ хандығы өзінің жаңа көршісі Цин империясы әскерлерімен соғыс жағдайында болып, кейіннен бітімге келді. Қытайлар Жоңғарияны толық жаулап алды, ал қазақтар өздерінің ежелгі ата мекені Жетісу, Тарбағатай, Алтай өңірлерін иеленіп, шығыстағы шекарасын бекітті. Кейіннен 1771 жылы батыста бөлініп қалған қалмақтар да Еділ – Жайық арасындағы қоныстарын тастап, қазақ жері арқылы Жоңғарияға ауды (қ. Шаңды жорық). Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Сәмеке, Жолбарыс, Болат, Әбілмәмбет, Әбілқайыр сынды хандар қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін оятқан, әскери біліктілігімен танылған тарихи тұлғалар ретінде ел жадында қалды. Көрнекті мемлекет қайраткері, есімі жауынгерлік ұранға айналған, даңқты қолбасшы, дарынды дипломат Абылай хан бастаған еркіндік пен ерлік рухы биік, соғыс даласында тегеуріні мықты Қабанбай, Бөгембай, Баян, Наурызбай, Саурық, Бөлек, Малайсары, Шоқантай, Жауғаш, Сәмен, Өтеген, Райымбек, Қарасай, т.б. батырлардың өшпес ерлігі тәуелсіздікті аңсаған қазақ халқының тұтастығын, бірлігін сақтап қала алатындығын дәлелдеді.

58. XV-XVIII ғғ. жазба әдебиет өкілдері: М.Х.Дулати, Қ. Жалайыр, Әбілғазы. XV-XVIIIғғ. Қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тегі жағынан бір-біріне жақын тайпалардың негізінде шықты. XVғ. Қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілермен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.XV-XVIIғғ. қазақтар араб жазуын қолданды. Қадырғали Жалайридің «Жамиғат-Тауарих» шығармасы қазақ тарихының маңызды ескерткіші болып табылады. Автор өз кітабын «Жалайыр» деген атпен 1587ж. Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Шығармада Тәуекел ханның жиені Ораз-Мұхаммедтің өмірбаяны жазылады. Шығарма ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш шығарма болуымен құнды. Бұдан басқа түркі тілдес шығармалар тобы: «Шыңғыс-нама», «Бабыр-нама», «Темір-нама». Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж.) – 1546ж.парсы тілінде жазылған «Тарихи-Рашиди» еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен. Шығармада шайбанилық Әбілқайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер жазылған. XVIғ. 40жж. – Усман Кухистанидің «Тарихи-Әбілқайырхани», Шах Махмудтың «тарихи-шах Махмуд Бен мырза Фазил Чорас» шығармасы, XVIIғ. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» кітабы жарық көрді. Қазақ халқының көркем әдебиеті XV-XVIIғғ.бастап кеңінен өркендеді. Ауыз әдебиет – қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай», т.б. XV-XVIIғғ.өьір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар. Би-шешендер шығармашылығы: 16-18ғғ. Би-шешендер арасында мемл және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің щеберлігі жағынан ерекшеленетін өкілдер болды. Олар: Әйтеке би Бәйдібекұлы(1644-1700), Төле би Әлібекұлы(1663-1756), Қазыбек би Келдібекұлы(1665-1765).

59. XV-XVIII ғғ. ақын-жыраулар және олардың шығармашылығы. XV-XVIII ғғ. жазба әдебиет өкілдері: Дулати, Қ. Жалайыр, Әбілғазы.XV-XVIIIғғ. Қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тегі жағынан бір-біріне жақын тайпалардың негізінде шықты. XVғ. Қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілермен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.XV-XVIIғғ. қазақтар араб жазуын қолданды. Қадырғали Жалайридің «Жамиғат-Тауарих» шығармасы қазақ тарихының маңызды ескерткіші болып табылады. Автор өз кітабын «Жалайыр» деген атпен 1587ж. Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Шығармада Тәуекел ханның жиені Ораз-Мұхаммедтің өмірбаяны жазылады. Шығарма ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш шығарма болуымен құнды. Бұдан басқа түркі тілдес шығармалар тобы: «Шыңғыс-нама», «Бабыр-нама», «Темір-нама». Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж.) 1546ж.парсы тілінде жазылған «Тарихи-Рашиди» еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен. Шығармада шайбанилық Әбілқайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер жазылған. XVIғ. 40жж. Усман Кухистанидің «Тарихи-Әбілқайырхани», Шах Махмудтың «тарихи-шах Махмуд Бен мырза Фазил Чорас» шығармасы, XVIIғ. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» кітабы жарық көрді. Қазақ халқының көркем әдебиеті XV-XVIIғғ.бастап кеңінен өркендеді. Ауыз әдебиет қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай», т.б.XV-XVIIғғ.өьір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар. Би-шешендер шығармашылығы: 16-18ғғ. Би-шешендер арасында мемл және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің щеберлігі жағынан ерекшеленетін өкілдер болды. Олар: Әйтеке би Бәйдібекұлы(1644-1700), Төле би Әлібекұлы(1663-1756), Қазыбек би Келдібекұлы(1665-1765) .ХV-XVIIІғғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті. Тіл, дін, ақын-жыраулар шығармашылығы. XV-XVIIIғғ. Қазақ халқының өзіндік мәдениеті қалыптасқан. Қазақ тілі Қазақстан территориясындағы ежелден тұратын, тегі жағынан бір-біріне жақын тайпалардың негізінде шықты. XVғ. Қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілермен дербес тілге айналып, қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.XV-XVIIғғ. қазақтар араб жазуын қолданды. Қадырғали Жалайридің «Жамиғат-Тауарих» шығармасы қазақ тарихының маңызды ескерткіші болып табылады. Автор өз кітабын «Жалайыр» деген атпен 1587ж. Борис Годуновқа достықтың белгісі ретінде сыйға тартқан. Шығармада Тәуекел ханның жиені Ораз-Мұхаммедтің өмірбаяны жазылады. Шығарма ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш шығарма болуымен құнды. Бұдан басқа түркі тілдес шығармалар тобы: «Шыңғыс-нама», «Бабыр-нама», «Темір-нама». Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж.) 1546ж.парсы тілінде жазылған «Тарихи-Рашиди» еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен. Шығармада шайбанилық Әбілқайыр хандығы және Қазақ хандығының құрылуы туралы құнды мәліметтер жазылған. XVIғ. 40жж. Усман Кухистанидің «Тарихи-Әбілқайырхани», Шах Махмудтың «тарихи-шах Махмуд Бен мырза Фазил Чорас» шығармасы, XVIIғ. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» кітабы жарық көрді. Қазақ халқының көркем әдебиеті XV-XVIIғғ.бастап кеңінен өркендеді. Ауыз әдебиет қоғам өмірінің айнасы. Халық арасында көп тараған батырлық эпостар: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай», т.б. XV-XVIIғғ.өьір сүрген жыраулар: Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар Би-шешендер шығармашылығы: 16-18ғғ. Би-шешендер арасында мемл және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің щеберлігі жағынан ерекшеленетін өкілдер болды. Олар: Әйтеке би Бәйдібекұлы(1644-1700), Төле би Әлібекұлы(1663-1756), Қазыбек би Келдібекұлы(1665-1765)Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәден. Маңызды бір саласы қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуі қажет. Жеті атасын білмеген жетесіз делінді. Ру, тайпа, жүздерге жақсы ажыратқан адамдарды халық арасында құрмет тұтып, шежірешілер д.а. Сол сияқты 18ғ ақындар поэзиясы ғасыры» деп аталды. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте құнды мұралары ақын жыраулардың өлең жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл күйі салт санасы сол дәуірдің рухы бейнеленді. 18ғ танымал болған Ақтамберді,Тәттіқара, Үмбетей, Бұхар секілді жыраулар өз өмірінде қазіргі таңға дейін маңызын жоғалтпаған ұшан теңіз жыр шығару Бұхар жырау тәуелсіздікті сақтау, нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикалық өлең толғаулар шығарған, қазақ ханы Абылайды қолдап әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың бір орталыққа бағынған күшті мемл болуын армандаған. Ал Тәттіқара, Үмбетей, Ақтамбердінің жырлары халық арасында аз сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту жыры, жоқтауы белгілі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді бостандық жолындағы күресте қандай да болмасын қиыншылықтың алдында бас имеуге шақырды.

60. XV-XVIII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін атап өтіңіз. Қазақ қоғамын әлуметтік таптық топтарға бөлу негізіне әлауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар, оғландар немесе төрелер, билер, бектер сондай-ақ, қожалар жатты. Шыңғыс әулеттері қазақ рулары мен тайпаларының ешқайсысына жатпайтын, олар қоғамның басқарушы тобын құрады. Ал бүкіл өзге халық әлауқаттылық жағдайына қарамастан төменгі топқа қара сүйекке жатқызылды. Қарапайым халық қатарына шаруалар, малшылар, егіншілер мен қолөнершілер, жатақтар мен қала халықтары, ұсақ саудагерлер мен ауыл адамдары кірді.Хан өзінің қасынан ұлыс сұлтандары мен көшпелі тайпалар көсемдерінің кеңесін құрды. Олар хандық әмірінің соғыс, дипломатиялық мәселелерін, территориялық дау жан жалдарды және т. б. шешу үшін жыл бойы құрылтайға жиналып отырды. Мемлекеттік басқару жүйесі әдеттегі құқыққа (адат) негізделді. Адатпен бірге мұсылмандық құқық нормалары XVII ғасырдың соңында, Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» деген атпен бірыңғай жинақ түрінде жүйеленіп, толықтырылған болатын. ) 15-18ғ Қазақстанның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктері.Қазақ хандығы тұсында қазақ халқы негізгі екі әлеуметтік топтан тұрды: ақсүйектер және қарасүйектер.Ақсүйектер әлеуметтік тобына Шыңғыс хан ұрпақтары-сұлтандар, төрелер және Мұхаммед пайғамбардың үрім бұтақтары қожалар жатқан.Олар ешбір руға жатқан жоқ бірқатар ерекшеліктері болды., Қарапайым халық қарасүйектер деп аталдыХандарҚазақстанның аумағын Шыңғысхан бастаған монғолдар қолы жаулап алғаннан кейін хан тағына Шыңғысханның ұрпақтары болып табылатын төре тұқымынан таралғандар ғана отыра алатын еді.Қазақ қоғамының ең жоғары билеушісі үлкен ханмен қатар әр жүздің өз ханы болды, кейде бір жүздің өзін екі немесе одан да көп билеуші басқарды. Хан тағына отыратын адамды сұлтандар қатарынан сайлаудың өзіндік ерекше тәртібі болды. Ол үшін құрылтай жиналысы шақырылатын. Оған сұлтандар , билер, батырлар және рубасылары жиналатын. СұлтандарШыңғысханның бүкіл ұрпақтары сұлтандар деп аталды. Халық арасында оларды төрелер деп атады. Төрелер жеке әлеуметтік артықшылықты топты құрады.. Сұлтандардың айрықша артықшылық жағдайы қазақтардың дәстүрлі әдет заңында нақты кәрініс тапты. Сұлтандардың ісін билер соты қарай алмайтын. Олардың ісі тек хан сотында ғана қарала алатын. Сұлтанды өлтіргені үшін құнның мөлшері қатардағы жеті қарапайым көшпелілердің құнына тең болатын. Олар өздерінің қыздарын әдетте тек сұлтандар мен қожаларға ғана ұзататын. «Қара сүйектен» қыз алып некеге тұрғандар қарамандар деп аталатын. Сұлтандар жеке-жеке ауыл болып, көшіп-қонып жүретін.Қожалар.өздерінің арғы аталарын Мұхаммед пайғамбардың туыстарынан тараған деп есептеді. Қожалар көшпелі қо- ғамның рухани өмірінде өте үлкен рөл атқарды. Олар ислам дінін насихаттады, оның негізгі қағидаларын уағыздап түсіндірді. Қожалар ағартушылық қызмет те атқарды. Іс жүзінде барлық салттық жоралар - балаларды сүндетке отырғызу, неке қию, үйлену, қайтыс болған адамдарды жерлеу, аруақтарға арнап ас беру міндетті түрде солардың қатысуымен өткізілді. Қожалар қатардағы қарапайым қазақтарға қыз бермейтін, некесін қидырмайтын десе де болатыБилерҚазақ қоғамында әлеуметтік билікке ие топ билер болды. Олар қазақтардың барынша беделді бөлігі еді. Билер өздерінің тапқырлығымен, қызыл тілге ағып тұрған шешендігімен, дәстүрлі әдет-ғұрып құқықтарын жете білетіндігімен ерекше көзге түсетін. Бұл топтың өкілдері ру ақсақалдары мен қазыларының міндетін атқарды, руаралық және тайпааралық даулы мәселелерді шешіп отырды. 15- ғасырда қазақ даласында орасан зор беделге ие болған билер: Ұлы жүзден шыққан үйсін Төле би, Орта жүзден шыққан Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзден шыққан айыр тілді алшын Әйтеке би еді. Бұлардың сұлтандар мен хандарға ықпалы күшті болдыБатырларҚазақ даласына сыртқы жаулар жиі-жиі шабуыл жасап келді. Кіндік кесіп, кір жуған қасиетті туған елдің, Қазақ хандығының шекарасын қорғау үшін халық жасақтары құрылды. Ол жасақтардың жаумен шайқастарда ерекше көзге түскен қолбасылары, сондай-ақ қатардағы қарапайым қазақтар да батыр деген атаққа ие болды. Жекпе-жекте жауын жеңіп шыққан сарбаздарға да батыр атағы берілді.. Бұл атаққа әркім өзінің жеке басының ерлігімен ғана ие болатын. Батыр атағы мұрагерлікпен берілмейтін. Ондай атаққа қарапайым адамдар да, билер де, сұлтандар да, тіпті хандар да ие бола алатын. Еркін көшпелілер («Қара сүйектер»)атардағы қарапайым көшпелілердің негізгі бөлігін еркін қауымдастықтың «Қара сүйектер» деп аталатын қалың бұқарасы құрады. Олар жеке бастарының өз билігіне өздері ие еркін жандар болатын. Өз руының құрамында мал жайылымының ыңғайына қарай көшіп-қонып жүрді. Қаншама көп мал ұстаймын десе де, егіншілікпен немесе басқа да кәсіп түрлерімен айналысамын десе де ерікті болды. Соғыс кезінде олар қазақтардың атты әскерінің негізгі бөлігін құрады.ҚұлдарБас бостандығы жоқ,тәуелді адамдардың тобын қазақтар құл деп атады. Қазақстандағы құлдық патриархалдық (үй ішілік) сипатта болды. Қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты құлдықтың кеңінен әріс алуына мүмкіндік бермеді. Құлдарға мал бақтыру сенімсіз еді. Мәселен, Кіші жүзде құл болып жүрген ауғандықтар, парсылар, орыстар, башқұрттар және қалмақтар аз кездескен жоқ. Орта жүздеп құлдардың арасынан жоңғарлар, қалмақтар мен алатау қырғыздары басым еді, орыс құлдар да болды. Орыс құлдар негізінен қазақтар Тобыл губерниясының Есіл және Қорған округтарына, Орал мен Орынбор шекара желісіндеп бекіністерге шабуыл жасаған кезде қолға түскен тұтқындар еді. Олар Орта Азияның құл базарларына сату үшін көптеп жіберіліп тұрды. Қазақстанның көршілес елдермен шекарасында құл сататын бірнеше базар болды.

61. XV-XVIII ғғ. қазақтардың материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін атап өтесіз. Қазақ халқының тіршілік тұрмысында қолөнер кәсібі үлкен маңызды орын алды. Өйткені мал шаруашылығы немесе егіншіліктің дамуы қолөнер кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ертұрман, ат әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар т. б. қолөнершілердің еңбегімен дайындалды. Бұл кездегі қазақтың қолөнер кәсіпшілігі қарабайыр шаруашылық еді. Үйде істелетін кәсіп бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттанды руға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді.Бұл кезде оңтүстік Қазақстан қалаларының, Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда саттық байланысы жанданды. Осының арқасында көшіп қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени әлеуметтік қарым қатынасы кеңейе түсті. XVI-XVI¬II ғасырларда «Ұлы жібек жолы» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т. б. қалалардың тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына, жеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді.Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен Отырардың архитектуралық комплекстері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет сипатымен, архитектуралық формаларының жинақылық әрі айқын шылығымен ерекшеленді.Ұлан байтақ кең далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан астындағы мал күзетінде өткізген қалың қазақ, әлемдегі табиғат құбылыстарын үнемі бақылап отырған. Осы бақылаудың нәтижесінде халықтың көпжылдық тәжірибелері қорытылып, жұлдызды аспан туралы астрономиялық түсініктер мен білімдер жинақталған. Және оның негізінде байырғы қазақ күнтізбесі қалыптасты. Қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын кеңейтті.

62. XV-XVIII ғғ. қазақтардың рухани мәдениетінің ерекшеліктерін атап өтесіз. XVI-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама-қайшылықтар еді. Сондықтан халықтың әсіресе көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.XVI-XVI¬II ғасырларда қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т. б. жыраулар.Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік-тұрмыстық дастандары да («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» т. б.) феодалдық рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық уклад «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Әдебиеттің бұл түрін шығарушылар негізінен XVI-XVI¬II ғасырларда қазақ қоғамында сот ісін жүргізумен ғана айналысқан жоқ. Билер хан кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. Сонымен бірге атақты билер тайпалар мен рулардың басшылары болып, ел басқарды, жиындарда солардың атынан сөз сөйлеп, айтыстартыстар кезінде олардың мүдделерін қорғады.Қазақтың атақты билері поэтикалық таланты зор және суырып салма айту мен шешендік сөз арқылы өзара айтыстың тамаша шеберлері болған. XVI-XVI¬IIғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы, шешендік өнерінің күшімен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663–1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765), және Әйтеке Байбекұлы (1682–1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған.Бұл кезде қазақ тіліндегі жазба әдебиеттері діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен Захир-аддин Бабырдың «Бабырнамасын», Камаладдин Бинайдың «Шайбанинамесін», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашидиін», Қожамқұл бек Бахидің «Тарихи Қыпшағын», Қадырғали «Жамиаттаварихын» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады.Бұл кезде Қазақ хандығы көршілес мемлекеттермен, Орта және Таяу Шығыс елдерімен үздіксіз араласып отырды. Мұның өзі араб мұсылман мәдениеті мен ғылымының таралуына әсерін тигізді. Қазақ жерінде мектептер мен медреселер ашылып, оларда оқу араб-парсы және түрік тілдерінде жүргізілді. Қазақтар жазуда араб әліпбиін тұтынды. Мектептер мен медреселерде ғылымның әр түрлі салалары "дін ілімі,математика, логика, философия) бойынша білім беріліп, Шығыстың ұлы ақындарының классикалық туындыларымен таныстырылды Мұның бәрі қазақ халқының жалпы дамуына, бүкіл қоғамның рухани өмірі мен мәдениетіне игі ықпал жасады.Сонымен, XVI-XVI¬II ғасырларда Қазақ қоғамында шаруашылықтың және мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді.

63.XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығында егіншілік пен қала мәдениетінің дамығанын көрсетіңіз. Егіншілік Сырдарияның орта саласы мен Жетісуда, Ертіс бойы мен Зайсан көлі маңында дамыды. Отырар, Түркістан, Сауран алқаптарындағы егістік жерлерді құбырлар арқылы суарып отырған.Малынан айрылып, көшуге мүмкіншілігі болмаған кедейлер егіншілікпен айналысқан,. Оларды жатақтар деп атаған. Қазақтар аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен айналысқан. Көшпелілер үй кәсібінде мал шаруашылғы шикізаттарын өңдеумен айналысты.Сауда. Ақша түрлері.Қазақ хандығының Орта Азия, Шығыс Түркістан, Орыс мемлекеттерімен сауда қатынасы дамыған. Ұсақ ақша саудасы қалпына келтіріліп, күміс жалатылған мыс дирхемдер негізгі айналым құралы болды. Отырарда ұсақ тиындар қызметін атқарған мыс фельстер соғыл¬ды.XV ғасырдың екінші ширегі Ұлықбек ақша реформасын жүргізіп, мыс теңгелерге тыйым салынып, оларды жоғары сапалы мыс динармен ауыстырды.XVI ғасырдың бірінші жартысы Оңтүстік Қазақстандағы ақша айналымында Темір мен Шайбан ұрпақтары шығарған мыс теңгелер пайдаланылды.XVI ғасырдың ортасы Қазақстан қалаларына ортаазиялық мыс теңгелердің ағыны азайып, Ташкентте, Йассыда соғылған мыс теңгелер келе бастады.Отырарда ішкі айналымға арналған жазусыз мыс теңгелер шығарылды. Күміс теңгелер ірі халықаралық саудада қолданылды.XVI-XVII ғасырларда соғылған мыс теңгелерге хандардың есімдері жазылған.XVII ғасыр Отырарда ақша шығаруда құлдырау кезеңі басталып, теңгелер Түркістан мен Ташкентте соғыл¬ды.XVII ғасырда Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы ақша айналымы теңге емес, жуан сымнан кесіп алу арқылы жасалған шағын мыс кесектер түріндегі ақшаның болуымен ерекшеленеді.

64. XV-XVIII ғғ. қазақ шаруашылығының негізгі саласы-көшпелі мал шаруашылығына сипаттама беріңіз.Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю процесі. жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде мемлекеттін орнығуьшен қатар жүрді. Қазак хандары Сыр бойындағы калалы әңірлерді езінін экономикалык және әскери базасы деп таныды.Оңтүстік Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға тән - кешпелі мал шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік деген екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды.Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдарға да негіз болған дәстүрлі экономикалық және саяси орталық болып саналды. Сондықтан, Қазақ хандығы үшін де бұл өңір экономикалык. мәдени және саяси орталық болуы керек болды. Мұнда кешенді шаруашылық өркендеп, көптеген қалаларда қолөнер, сауда дамыды. Өлкенің идеологиялық орталық ретіндегі ролі де жоғары болды. әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түссе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында орналасқан. Ертеден қалыптасқан тіршліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге Жетісудан басқа жерлерде көшіп-қону, табиғи жағрафиялық жағдайлары мен тарихи дәстүрлерге, саяси жағдайға байланысты.мал бағу ауыр еңбекті,төзімділікті және өмірге икемділікті талап етеды.Қыс сұралып қатты болғанда жылдары малдың жаппай қырылуы жҰт жиі кездеседі.көшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының өмірін көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Бұл сала қазақтарға ішіп-жейтін тамақ өнімдерін,киім-кешек пен аяқ-киім, үй-жабдықтары,көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскер жорықтар мен шайқастарда жылқының орнын ешнәрсемен алмастыруға болмайтын. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, ясы базарларына апаратын,соның ішінде арбалар, төсектер жеткізетін болған.Малшылар бұл өнімдерді айырбасқа қалалардан әр түрлі тауарларды: мақта,жібек,бұйымдар,дайын киімдер,орамалдар,бас киімдер,сондай-ақ әр түрлі үйге керек заттар алатын.көшпелілердің астық өнімдеріне-бидай,тары,арпаға,жеміс-жидекке сұраныс өте қатты болған. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен қатар халықта тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыған. Археологиялық зерттеулер ғ Отырар, Түркістан,Сауран маңындағы егістік жерлерге құбырлар арқылы су жіберіліп отырғанын дәлелдейді.Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт далалардың көгалды жерлерінде дамыды.

65. Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің кезеңдері (XVIII ғ. бірінші ширегі - XIX ғ. ортасы). Геосаяси тұрғыдан алғанда, Еуразиядағы екі ірі мемлекет Қытай мен Ресей арасында орналаса отырып, табиғи үдерістерге тұтасымен байланысты көшпелі Қазақстан отырықшы көршілерінің экономикалық және саяси тұрғыда тұрақты ниет нысаны болды.XVII-XVIII ғасырларда қытайлық богдыхандармен жіберілген жоңғарлық көшпелі тайпалар қазақ хандығына қарсы кеңауқымды соғыс ашады. Бүкіл далада қантөгіс соғыс болып, елдегі түрлі аймақтардағы экономикалық және әскери-саяси байланыстардың әлсіздігінен және рутайпалық бытыраудан әлсіреген қазақ елі 1723 жылы жеңіліс табады. Бұл қазіргі кезде тарихта «Ақтабан шұбырынды» трагедиясы ретінде белгілі.Қарсылық көрсете білген қазақ батырларының ержүректігі, Абылай ханның батылдығының арқасында, Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің дипломатиялық қабілеттері мен халықтың еліне деген адалдығы арқасында Қазақстан толық басып алудан және тұрғындарды қырып салудан аман қалды. Өз тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне кепілдік іздеп қазақ хандары сол уақытты Сібірден шығысқа қарай өз шекарасын белсенді ұлғайтып келген Ресей империясынан қорғаныс іздеді. Алайда, әскери көмекпен бірге бекініс-қалалары салынып, ішкі Ресейден халықтың жапай көшуі басталды, шаруашылық қажеттіліктер үшін жайылымдық жерлерді берілді, ресейлік әкімшілік-аймақтық бөліну үлгісі бойынша аймақтық бөліну басталып кетіп, ақыр соңында Қазақстанның жеке тәуелсіздігінен айырылуына әкеліп соқты.Халық жасағын басқарған Кенесары хан тарапынан, Сырым датұлының көтерілісі, Ұлы Жүз көтерілісі және басқа да отарлауға батыл қарсыласуларға қарамастан 1871 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретіндегі күшін жойды. 1850-1860 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанды Ресейдің басып алуы Қазақстанды отарлаудың соңғы кезеңі ретінде сол дәуірде оңтүстік Қазақстан аумағын алып жатқан Қоқан, Бұқар және Хива хандықтарына қарсы ресейлік әскери жорығынан кейін орын алды.Қазақстанның бұдан кейінгі тағдырының жалпы бейнесі қоғамдық прогресстің еуропалық үлгісімен, соның ішінде Ресейдің мемлекеттігі мен оның халқының тағдырымен байланысты болды.XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың көпшілігі отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналыса бастайды, бұл Ресейдің ішкі облыстарынан қоныс аударып келген орыс шаруаларына қазақтардың кең құнарлы жерлерін тартып алып беруімен түсіндіріледі. Қазақстанның экономикасы Ресейдің шаруашылық қызметі аясына біртіндеп кіре берді. Оның аумағында өндірістің, көліктің, сауданың көптеген салалары қарқынды дами бастайды. Ұлттық жұмыс тобын, зияткерлерді қалыптастыру жүргізілді.Жаппай әлеуметтік-экономикалық сараптаулармен бірге Қазақстанда этномәдени синтездеу әрекеттері және орыстың рухтандырушылығының үздік үлгілері түрінде еуропалық өркениет жетістігінің жергілікті жағдайына үйрену және өз халқы үшін қолайлы мәдени перспективадағы қазақтың шығармашыл зияткерлерін іздеу әрекеттері жүзеге асырылады. Осы іздеулерді өз қызметімен іске асырған керемет оқымысты Шоқан Уәлиханов (1835-1865) – ол батыс оқымыстылары арасында бірінші болып өз кезегінде сыртқы әлемге беймәлім Қашқариға барған және ұлы ауызша шығармашылығындағы шығарма – «Манас» эпосын жазған тамаша оқымысты-шығыс зерттеушісі. Қазақ мәдениетінің тарихында ұлы ойшыл-ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) ролі ерекше. Қазақтың әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтың жазба әдебиетінің классигі, ол тек дарынды ақын ғана емес, шығыс, орыс және еуропа әдебиеттері шығармаларының шебер аудармашысы.

66.Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің бірінші кезеңіне сипаттама беріңіз(XVIII ғ. 30-40–ы жж.) Геосаяси тұрғыдан алғанда, Еуразиядағы екі ірі мемлекет Қытай мен Ресей арасында орналаса отырып, табиғи үдерістерге тұтасымен байланысты көшпелі Қазақстан отырықшы көршілерінің экономикалық және саяси тұрғыда тұрақты ниет нысаны болды.XVII-XVIII ғасырларда қытайлық богдыхандармен жіберілген жоңғарлық көшпелі тайпалар қазақ хандығына қарсы кеңауқымды соғыс ашады. Бүкіл далада қантөгіс соғыс болып, елдегі түрлі аймақтардағы экономикалық және әскери-саяси байланыстардың әлсіздігінен және рутайпалық бытыраудан әлсіреген қазақ елі 1723 жылы жеңіліс табады. Бұл қазіргі кезде тарихта «Ақтабан шұбырынды» трагедиясы ретінде белгілі.Қарсылық көрсете білген қазақ батырларының ержүректігі, Абылай ханның батылдығының арқасында, Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің дипломатиялық қабілеттері мен халықтың еліне деген адалдығы арқасында Қазақстан толық басып алудан және тұрғындарды қырып салудан аман қалды. Өз тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне кепілдік іздеп қазақ хандары сол уақытты Сібірден шығысқа қарай өз шекарасын белсенді ұлғайтып келген Ресей империясынан қорғаныс іздеді. Алайда, әскери көмекпен бірге бекініс-қалалары салынып, ішкі Ресейден халықтың жапай көшуі басталды, шаруашылық қажеттіліктер үшін жайылымдық жерлерді берілді, ресейлік әкімшілік-аймақтық бөліну үлгісі бойынша аймақтық бөліну басталып кетіп, ақыр соңында Қазақстанның жеке тәуелсіздігінен айырылуына әкеліп соқты.Халық жасағын басқарған Кенесары хан тарапынан, Сырым датұлының көтерілісі, Ұлы Жүз көтерілісі және басқа да отарлауға батыл қарсыласуларға қарамастан 1871 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретіндегі күшін жойды. 1850-1860 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанды Ресейдің басып алуы Қазақстанды отарлаудың соңғы кезеңі ретінде сол дәуірде оңтүстік Қазақстан аумағын алып жатқан Қоқан, Бұқар және Хива хандықтарына қарсы ресейлік әскери жорығынан кейін орын алды.Қазақстанның бұдан кейінгі тағдырының жалпы бейнесі қоғамдық прогресстің еуропалық үлгісімен, соның ішінде Ресейдің мемлекеттігі мен оның халқының тағдырымен байланысты болды.XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың көпшілігі отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналыса бастайды, бұл Ресейдің ішкі облыстарынан қоныс аударып келген орыс шаруаларына қазақтардың кең құнарлы жерлерін тартып алып беруімен түсіндіріледі. Қазақстанның экономикасы Ресейдің шаруашылық қызметі аясына біртіндеп кіре берді. Оның аумағында өндірістің, көліктің, сауданың көптеген салалары қарқынды дами бастайды. Ұлттық жұмыс тобын, зияткерлерді қалыптастыру жүргізілді.Жаппай әлеуметтік-экономикалық сараптаулармен бірге Қазақстанда этномәдени синтездеу әрекеттері және орыстың рухтандырушылығының үздік үлгілері түрінде еуропалық өркениет жетістігінің жергілікті жағдайына үйрену және өз халқы үшін қолайлы мәдени перспективадағы қазақтың шығармашыл зияткерлерін іздеу әрекеттері жүзеге асырылады. Осы іздеулерді өз қызметімен іске асырған керемет оқымысты Шоқан Уәлиханов (1835-1865) ол батыс оқымыстылары арасында бірінші болып өз кезегінде сыртқы әлемге беймәлім Қашқариға барған және ұлы ауызша шығармашылығындағы шығарма «Манас» эпосын жазған тамаша оқымысты-шығыс зерттеушісі. Қазақ мәдениетінің тарихында ұлы ойшыл-ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) ролі ерекше. Қазақтың әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтың жазба әдебиетінің классигі, ол тек дарынды ақын ғана емес, шығыс, орыс және еуропа әдебиеттері шығармаларының шебер аудармашысы.

67. Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің екінші кезеңіне сипаттама беріңіз(XVIII ғ. екінші жартысы)Ресей имп-ы қазақ жерін отарлау саясатын барган сайын күшейтгі. Шекаралық өкімет бил-сі ИИ.Неплюевтің "бөліп ал да билей бер" принципіне нег/ген идеялары мен жоспарлары қолданысқа кірді. Қазак руларьшын Жайыкқа, Жайық калашыгы мен бекіністерге жақын жерлерде көшіп жүруіне тиым салу туралы 1742 жылы 19 қазанда жарлық шыюгы. Кейін ол 1756 жылы толыктырылып, түгел Жайық пен Еділ арасьшда кдзақтарга көшіп-қонуга тиым салынды.1760ж Өскемен бекісінен Телец көліне дейін бекіністер салына б/ы.1761 ж Өск/нен Зайсанға дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды.Осы алынған жер/ді шар.пен игерген кезде ғана бекітіп алуға бол\нын түсінген шекаралық өкімет орындары бұл ауд/ға ел қоныстандаруға белсене күш-жігер жұмс/ы.18ғ 60жж Алтайға Тобол губ-нан 2 мың шаруа мен әртектілер көшіріліп әк-ді.Сонымен бірге шек-лық өкімет органдары қаз-тың шек-қ ауд/дан ығыстырып тастау жөнінде шаралар қолд.ы. 1755ж Сыртқы істер алқасы Сібірдің өкімет орындарына қазақтар Ертістің оң жағына өткізілмесін деген нұсқау берді.1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністерінен 30 шақырымнан жақьгн жерде көшіп жүруіне мүлде тиым сальшды. Осылай Кіші және Орта жүз билеуші топтарының Ресей бодандыгын кабылдауы нәтижесінде солтүстік-батыс Қ. жері Ресей империясынын отарына айналды.

68.Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің үшінші кезеңіне сипаттама беріңіз XIX ғ. 20-50 жж. Ұлы жүзің Ресейге қосылуы - Ұлы жүз руларының Ресей қол астына қарауы. Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіші жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде император Анна Иоановнаға жолдама хат жолдады. Олар Әбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады. Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетгі. 1848 жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына алу туралы тілек білдірді. Бір жыл өткен соң патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат, Шапырашты, Ысты тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады. 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды өзіне қаратып әрі Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан — Перовск және Верный қалаларынан жорық бастады (Ұзынагаш шайқасы). 1864 жылы көктемде орыс әскері Әулиеатаны, 1865 жылы Ташкент, Перовскіден шабуылға шыққан орыс әскері Шымқорған, Жөлек бекіністерін алып, Сырдария мен Жетісудағы Ұлы жүз қазақтары түгелдей дерлік Ресей қол астына көшті.

69. Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруінің соңғы кезеңі (XIX ғ. 50-60-шы жж.) Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Қазақстанның оңтүстігін басып алу. Қазақстанның Ресейге қосылуына көптеген саяси-экономикалық аяғышарттар болды. Орыс үкіметі өзінің шекарасын Шығыста ұлғайтқысы келді. Ресейде мемлекеттік биліктің күшейуімен қатар Шығыс мемлекеттерімен, керші жатқан халықтармен сауда айырбас жасауға және өзге де қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік туды. Қазақстанның Ресейге бодандығы ХVIII ғ. 30-шы жылдары басталып, ұзақ және күрделі үрдістен кейін ғана XIX ғасырдың 60 жж. аяқталды. Қазақ жүздерінің қосылуы әртүрлі ішкі саяси жағдайда іске асты. Кіші жүздің көп және Орта жүздің кейбір аудаңдары Ресейге XVIII - XIX ғғ. басында қосылды. Патшалық империя Орта Азияға байланысты алға қойған стратегиялық мақсаттарына жету үшін Орта жүздің үлкен бөлігін және Оңтүстік Қазақстанның қалалық белігін еш аяушылық көрсетпей, қатаң әскери күшпен бағындырды. Ресей Оңтүстік Қазақстанды және Орта Азияны жаулап саясатын Ұлы Брятания империясымен болған бәсекелестікпен түсіндіреді. Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады: -Бірінші кезең XVIII ғ. 30-шы жылдарынан басталып 19 ғ. 20-шы жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында протекторат қарым-қатынасы орнады. Ресей бекіністері мен шептері қазақ жерінің солтүстік шекарасын жан-жақтан қоршады. Қазақ хандарының сыртқы шаруаларына орыс билігі тығыз араласты және бекітіп отырды. -Екінші кезең - вассалитет кезеңі, XVIII г. 60-шы жылдары аяқтадаы. Оның негізгі керінісі 1822 жылы қабылданган «Сібір қазақтары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақгары туралы Жарғы» осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшіи жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесіңде округтер мен бөлімдер ашылды. 0 круг басшылары - аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлыктарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды. Үшінші кезеңі таза бодандық, 1860-шы жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың ез кезегінде уездерге т.б. бнлінуі. Қазақтың саяси элитасы сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Қазақ шаруашылығы Ресейдің тауарлы-сауда қарым - қатнастарының орбитасына ене бастады. 130 жылға созылған қазақ - орыс жаугершілігі ақырьі Қазақстанның онтүстігіндегі қалаларды жаулап алумен аяқталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалыстары жеңіліспен аяқталып, Қазақстанның бүкіл территориясының Ресей билігіне өтуіне алғы - шарт болды. Отаршылдарға қарсы көтерілістер кейде партизандық, кейде ашық ұрыс түрінде болып отырды. Қазақтардың жеңілуінің бірнеше себептерін көрсетуге болады: ол алдымен Ресей империясының экономикалық ресурстары қамтамасыз еткен орыс әскерінің техникалық қуатталығы, көптеген сұлтандар мен билердің сатқындығы, үшіншіден Кенесары қозғалысы кезінде Ресейге көмектескен Қазақстанның онтүстік көршілерінің - Хиуа, Қоқан және қырғыз манаптарының саясаты. Кенесары өлгеннен кейін орыс әскерлері Жетісуды, кейін 60-шы жылдары оңтүстік қалаларды басып алды (Ташкент, Шымкент, Түркістан, т.б.). Ресей үкіметі өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқыяы Қазақсуандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзып, көпшелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен жеңілдік берді. 1867-1868 жж «Уақытша Ережеден» кейін шексіз билікті алған отаршылдық саясаты кең етек жайды. Сонымен қатар Қазақстаның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас және сауда қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие болды, қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік қатынастар пайда бола бастады.

70.Абылай хан мемлекет қайраткері, саясаткер және дипломат. АБЫЛАЙ (Әбілмансұр, Сабалақ)(1711-1781 жж.), ұлы мемлекет қайраткері, дипломат, саясаткер, үш жүздің басын қосушы ұлы хан. Ханның аты атасының атымен ұқсас. Әкесі Уәли мен атасы Абылай мұсылманның қасиетті орталықтарының бірі Түркістанды билеген. Абылай тарих сахнасына 18 ғасырдың 30-жылдарында көтерілді. Оның жасынан халқының азаттығы үшін ойраттарға қарсы күреске белсене қатысуы жергілікті тұрғындар арасында беделін көтерді. Көреген саяси қайраткер ретінде қалмақтармен қатерлі соғыстардан шаршаған қазақтардың шиеленіскен ахуалын біршама бәсендету үшін дипломатиялық жолдарды пайдаланып, қазақ-ойрат тартысының қарқынын басуға тырысты. Әбілкайырдың сыртқы саясаттағы, әсіресе Ресей тұрғысындағы шараларын толық құптамаса да, онын басты бағытының саяси астарын түсіне білді. 1740 ж. тамызда Орта жүздің ханы Әбілмәмбетпен, тағы да баска 120 старшынның қатысуымен Орынборға келіп, орыс үкіметінің қамқорына кіруге келісімін білдірді. Қазақ елшің тұтастығын сақтау мақсатында Цин империясымен де қарым-қатынастарын суытпады. Қарапайым сұлтан болса да Пекинге елшілік аттандырып, қазақтардың, хал-ахуалын Ресейден тәуелсіз жағдайда шешуге ат салысты. Кытай мемлекетімен қарым-қатынастарды бір жүйеге келтіру арқылы Ресей тарапынан саяси қауіпті бәсеңдетті. Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде ерекше күшеюі 1738-1741 ж. қалмақтардың жойқын шапқыншылығына қарсы күресте көзге түсті. Бір қақтығыста жекпе-жекте қалмақ қонтайшысы Қалдан-Сереннің (Цэреннің) баласы батыр Шарышты өлтірген 19 жасар Абылайдың ерлігі халық арасына тарап кетті. Қалдан-Серен (Цэрен) Абылайды өлтіру үшін қазақ даласына арнайы қарулы жасауыл аттандырды. Өзінің серіктерімен кездейсоқта қалмақтардың торына түскен Абылай ойраттардың қапасынан тек 1743 жылдың жазында құтылды. Оны бұгаудан босатуда басты орын алған Ресейдің өкілі майор К. Миллердің миссиясы нәтижелі аяқталды. Екінші жағынан, одан өрі атақты сұлтанды қапаста ұстау қазақтардың қарсылығын тудыруы мүмкін еді. Әбілмәмбет ханның Түркістан өлкесіне көшіп кетуі Абылайдың мемлекет қайраткері ретіндегі беделін арттыра тұсті. Шын мәнінде әлі ақ киізге көтерілмесе де, сұлтан мемлекетаралық қарым-катынастарда, қазақ жұртының өз ішінде хан ретінде танылды. 18 ғасырдын 40- жылдарында Абылайдың көш-конысы Есіл өзені бойында, Көкшетау өңірінде, Ертістің жоғарғы ағысында орналасты. Орта жүздің руларын бес саусағындай білген, шегедей кадағалап билеген Абылай тез арада Орталык Азиядағы ең беделді қайраткер ретінде белгілі болды. 1745 ж. Қалдан-Серен (Цэрен) дүние салғаннан кейін жонғария елі әлсіреп, ішкі әр түрлі топтардын әуресінен өзінің бұрынғы саяси куатынан айрылып қалды. Жоңғария әлсіреген сайын Абылайда Ресейден ығысып, Пекин сарайына жақындады. Кереген мемлекеттік қайраткер Ресейден төніп келе жатқан кауіпті дер кезінде түсінді. Сұлтанның ендігі саясаты жонғар-қытай тартысынан қазақ елін алыстау ұстап, елдің дербестігін толық қалпына келтіріп, Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған жерлерді кайтадан қайтару еді. Осы мақсат үшін қытай әскерімен соғыскан Абылай дипломатиялык айла-амалдарды ұтымды пайдаланып, өз максатына жетті.1771 ж. жасы келген Әбілмәмбет дүние салды. Қалыптасқан дәстүрге сай Орта жүздін ханы болып не Әбілмәмбетгін інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілфайз сайлануға тиіс еді. Алайда басшы сұлтандардың, старшындардын, тіпті Әбілфайздың өзінін қолдауымен үш жүздің өкілдері Абылайды тендесі жоқ қайраткер ретінде хан көтерді. Тарихи кұжаттарда аныкталгандай, Абылай бір жүздің емес, үш жүздің билеушісі ретінде танылды. Абылайдың беделінің өсіп бара жатқандығынан біршама сескенген Ресей императрицасы II Екатерина «Бөліп ал да, билей бер» деген саясат ұстап, Абылайды үш жүздің дара ханы ретінде танудан бас тартып, тек Орта жүздің ханы ретінде сый көрсетті. 1778 ж. акпан-мамыр айларында өзін үш жүздің ханы ретінде танытатын грамотаны алу үшін ұлы Тоғым бастаган елшілікті Петербургке аттандырды. II Екатерина тағы да ресми түрде Абылайды қазақ жұртының бас ханы ретінде бекітпеді. Хаңдықтың белгілері — алмас қылышты, кұндыз берікті, алтын зерлі шапанды, императрица берген басқа да сыйлықтарды Абылай қабылдаудан бас тартты. Ол сыйлықтар кейіннен Петропавл бекінісінде сақталынды.1778 ж. қыста II Екатеринаның талабымен Көкшетаудағы ханның аулына жіберілген капитан Бреховтың миссиясы сәтті аяқталды. Абылай Ресейдің сый-құрметінің астарын түсінді. Капитан Брехов Абылайды үш жүздін ханы, халық басын иген мемлекет қайраткері болғанын растады. Ырыктарына көнбей, өзінің хандық билігін күшейте бастағанынан қауіптенген Ресей мемлекеті оны биліктен тайдырудың жоспарын ойластырды. Сібір шекаралык шебінің командирі генерал-майор Огарев күш жұмсап, Көкшетау өңіріне әскер төгіп, хандыкты Абылайдан тартып алудың жоспарын ұсынды. Халықтың кең қолдауынын нәтижесінде ол залымдык пікір жүзеге аспады. Абылайдың хандық мемлекеті барлық билеудің, басқарудын жүйесі қалыптаскан біріккен феодалдық ел болды. Қырғыздарды, қоқандыктарды, еділ қалмақтарын, ойраттарды сан рет талқандауы оның ірі қолбасшылық, саясаткер қасиетін де айқындады. Ол бірнеше тілді білді, кытай тілінде жазды, еркін сөйледі. Абылай 69-дан аса бергенде,1781 жылдың 23 мамырында дүние салды. Түркістанда жерленді. Абылай қазақ тарихындағы ең ұлы қайраткерлердің бірі. Оның ел үшін, жер үшін жан аямаған күресі, жан тазалығы, батырлығы, дипломаттық өнері, көрегендігі қазақ елін сан рет әр түрлі қасірет, опаттан сақтап қалды. Абылай атымен көшелер, даңғылдар аталған, ескерткіштер орнатылган. Абылай ұлы тұлға, Абылай халықтын аңызына айналған қасиетті перзенті.

71.Е.Пугачев бастаған көтеріліске Кіші жүз қазақтарының қатысуы және оның себептері. Ресейдегі Е.Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық тәртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен және үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар және қазақтар да қатысты. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып, шаруалар көтерілісіне қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Халық жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады. Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертіс өзендерінің оң жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс-қазақтарға беріп, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Ал Пугачев болса езілген халық бұқарасын «жермен қамтамасыз етуге» уәде берген еді. Кіші жүздің ірі ақсүйектері — Ералы мен Досалы, Айшуақ сұлтандар көтерілісті қолдады, тіпті 1773 жылы 17 қарашада Нұралының өкілі Зәбір молда Пугачевқа арнайы сыйлықты табыс етуге аттанды. Одан Пугачев Кіші жүз қазақтарының көмегі ретінде әскер жіберуін сұрайды.Нұралы, бір жағынан, Пугачевқа қылыш, шапан, арғымақ сыйлай отырып, екінші жағынан, Орынборға көтеріліс қимылдары туралы хабарлап отыруды да ұмытқан жоқ. Пугачев көтерілісі Жайық қалашығы ауданында басталды. Ол негізгі күшімен Жайық бойымен жоғары жылжиды. Форпост, қамалдар, соның ішінде Илецк қалашығы Пугачевқа ұрыссыз беріледі. Көтеріліс Қазақстанның солтүстік-батысын қамтып, өлкенің негізгі әкімшілік және әскери орталығы — Орынборды қоршауға тырысты. 1773 жылы 5 қазанда 2500 адам, 20 зеңбірекпен қамалды алуға ұмтылды. Оған башқұрт халқының батыры Салауат Юлаев, Оңтүстік Орал зауытының жұмысшылары қатысты. Орынборды қоршау кезінде тама, табын, жағалбайлы руларынан шыққан қазақ қолдары Пугачев жасағына белсенді қолдау көрсетіп, орыс бекінісіне шабуыл жасайды.Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалыны бас етіп, Пугачевқа көмек ретінде топ жөнелтті. Деректерге қарағанда, Орынборды қоршау кезінде 2 мыңға жуық қазақтар бекіністерді шабуылдауға қатысқан. Орта жүз руларынан келген топтар Орынборды қоршауға, Илецкіні алуға қатысты.1774 жылы Орынборды қоршау тоқтатылды. Енді Нұралы хан езінің патша үкіметін қолдайтындығын неғұрлым ашық көрсете бастады.Көтеріліс ошағы Кіші жүзден басқа жаққа ауысқаннан кейін де қазақтардың патша үкіметі бекіністеріне шабуылы тоқтамады. Тек 1774 жылы жазда осындай 240 шабуыл жасалынды. 1775 жылы қаңтар айында Нұралы хан патша үкіметінен қазақ жайылымдарына жазалау жасағын жіберуін сұрап өтініш білдірді.1775 жылғы ақпанда 300 орал-қазақ әскері, 500 башқұрттан тұратын Мансуров бастаған жазалау жасағы Гурьев пен Орал қаласынан шығып, Кіші жүздің ортасына бет түзейді. Осы кезде Сырым Датұлы халық көтерілісінің басшысы ретінде сахнаға шығады. Көтеріліс тоқтатылғаннан кейін II Екатерина Жайық өзенін Орал, Жайық қалашығын Уральск деп өзгерту жөнінде шешім қабылдатады.

72.Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің себептері, барысы, ерекшеліктері. Көтерілістің алғышарттары:-Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі.-Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы.-Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы.-Орыс помещиктері Жайық казак әскерінің қазақтарға зомбылығының күшеюі.1782-1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын казак әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды.•1782 ж-ғы 27желтоқсан- патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:-Су көздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді.-Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды.-Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды.Көтерілістің басты қозғаушы күші – қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты.Көтеріліс аумағы: Еділ - Арал теңізі.Көтерілісшілердің басты мақсаты:•Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру.•Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату.•Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы(1742-1802). Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А.Суворов граф Панинге жазған хатында «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.•1778 жыл- орал казактарымен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.•1783 жылдың күз - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кең арпалыс жолына түсуі басталды.•1783 жылғы желтоқсан Сырымды оралдық казактар тұтқынға алды.Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан 1784 жылы көктемде оны тұтқыннан босаттырды.•1784 жылғы маусым Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды.Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі төңірегінде шайқасты.•1784 жылғы қараша Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.Патша өкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты.•1785 жылғы 17 ақпан көтерілісті басу үшін генерал-майор Смирновтың тобы жіберілді.(300 казак, 2000 башқұрт)Кіші жүздің далалық аймақтарына тереңдей ене алмаған жазалаушылар қазақ ауылдарын шабуылдап, 66 қазақты тұтқынға әкетті.•1785 жылғы 15 наурыз көтерілісшілерге қарсы 1250 казак тобымен старшина Колпаков және Пономарев аттанды. Бұл кезде Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. Сырым сарбаздары шөлейтті, тақыр жерлерге шегінді. Жем бойына барудан жүрексінген Колпаковтың тобы Беріш және Адай руларын ойрандап, кері қайтты. Жазалаушылар мақсаттарына жете алмады. Премьер-майор Назаровтың басқаруымен Орал казактары 1785 жылдың наурызында Табын руына шабуылдады.Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың өзі Орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті.Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды.Нұралыны хандықтан тайдыру-көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі.•1785 жыл Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 ж күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қойды. Жүзді үш ордаға бөлу ұсынылды:-Байұлы.-Жетіру-Әлімұлы.Сырым үш орданың кеңесшісі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршылдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды.Нұралы 1786 ж көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады.•1790 ж- Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болды.Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О.А Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды. Иг-м жоспары бойынша Кіші жүзде қазақтарды билеуді Шекаралық сотқа шоғырландыру ұсынылды. П.Екатерина бұл жобаны уақытша бекітті.Сырымның мақсаты- хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындады.•1786 жыл- Орынборда шекаралық комиссия құрылды.•1787 жыл- Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды.Бұл тұста Сырым па та үкіметін қолдамады. Осы кезеңде Ресейде Романовтар әулетіне қарсылық басталып, И-м реформасы уақытша тоқтатылды.Көтерілістің уақытша өрлеіне түрткі болған оқиға- Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылдауы.Атаман Д. Донсков 1500 казактарымен қазақ ауылдарын ойрандап, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кетті. 1790 ж тамызда Төртқара руының өкілдері шетелдер коллегиясының мүшесі, граф А.А.Безбородкаға атаман Донсков үстінен шағым түсірді. Императрица II Екатерина 1790 ж 21 қазанда және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. Алайда ген-губернатор А.А.Пеутлинг бұл нұсқауды өзінше түсініп, Кіші жүз даласына жазалаушылардың бірінен кейін бірін аттандырып, көтерілістің өршуін тездетті. Бейбіт ауылдарды сақтау үшін 1791 ж наурызда Сырым Табын және Кердері руларына Мұғалжар тауларына қарай көшуді ұсынды.•Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:-Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.-Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғастыру.Батыр екінші жолды таңдады.Көтерілістің жаңа кезеңінің кеңеюіне 1791 ж Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлау әсер етті(1791- 1794).•1792ж-Сырым ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады.Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және батырдың жоспарын Орынбор әкімдеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғызуы да көтеріліске кері әсер етті. Сырымның көтеріліске Орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады. 1791 ж маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы орындалмады. Елек қонысы мен Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес уақытша бәсеңдеді.•1794-Ералы хан қайтыс болды.•1795ж-Есім хан болып сайланды.(1795-1797).1796-97 ж-рдағы қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.•1797 жылғы 17наурыз- Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтірілді.Хан өліміне Сырымның жеке басының қатысы болмады. Хан отбасының Орал казак әскерінен пана сұрауы, атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастыруына негіз болды.•1797 жылғы күз полковник Скворник тобы Сырымды қудалауды бастады. Жазалаушылар қатарында Байбақты, Алаш, Беріш, Адай т.б. руларының өкілдері, өлтірілген ханның балалары мен туыстары болды.Сырым тобы Ойыл өзені бойына кетіп, жазалаушыларға ұстатпады.Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді:-сұлтан, старшындардың бір бөлігі-Қаратайды(Нұралының ұлы) қалады. -Сырым тобы-хан сайлауда халық пікірін еске алуды талап етті.Барон И-м хан сайлауын тоқтатып, хандық кеңесті құруды ұсынды. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген хан кеңесі 4 адамнан тұрды және құрамына Нұралы ханның ұрпағы енгізілмеді. Осы арқылы патша үкіметі Сырымды өзіне жақындатуға тырысты.•1797ж-Төменгі Жайық бойындағы феодалдық топтар Қаратайды хан көтерді. Ол кіші жүзде патша саясатына қарсы топты басқарды.Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор әкімшлігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797ж күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: Айшуақ хан болып бекітілді.•1797ж- Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Хиуа хандығына өтіп кетті.•1802ж-Хиуада қайтыс болды.Жеңілу себептері:•Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық.•Руаралық қайшылықтар.•Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы.•Қару-жарақтардың аздығы.•Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.Тарихи маңызы: •Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалыс.•Руаралық қайшылықтардың басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.•Патша үкіметінің отарлау саясатының түпкі мақсаты ең шұрайлы Жайық өңірін басып алу екендігін дәлелдеді.•Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды.Көтерілістің нәтижесі:1801 ж патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.

73.ХІХ ғ. басында Бөкей хандығының құрылуы. Бөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845 жылға дейін өмір сүрді.-Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері:XVIII—XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады, Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді.-Біріншіден, шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тамшылық көрді. Патша үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. Мұның өзі орыс отаршылдығына қарсы жаңадан көтерілістер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшіп кету ықтималдығы пайда болды.-Екіншіден, қазақтар өздерінің бұрынғы ата қонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағында қалып қойған болатын. 1771 жылы Еділ қалмақтарының елеулі үлкен тобы Шыңжаңға көшіп кеткеннен кейін Еділ мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды.-Үшіншіден, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс күшпен басып-жаншылған соң оған қатысушыларға сұлтандар мен ханның тарапынан қатты қысым көрсетіліп, қуғын-сүргін жиілеп кетті.-Төртіншіден, Пугачев пен Датұлы бастаған көтерілістер аяусыз басып-жаншылғаннан кейін патша үкіметі бұрыннан белгілі«бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципі бойынша біртұтас Кіші жүзді әлсіретуге тырысып бақты, Әбілқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бірнеше топтың арасында тақ таласын шиеленістіре түсті.Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын. Бірақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан Кіші жүздің ханы болып шыға келді. Шыңғыс ұрпақтарының арасындағы қарым-қатынас шиеленice түсті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы Жайықтың оң жақ бетіне көшіп бару ғана еді.-Бөкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң жақ бетіне жаппай өтуі 1799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императорының атына хат жазып, өзінің қол астыңдағы қазақтардың бір бөлігінің Жайықтың оң жақ бетіне көшіп баруына рұқсат сұрап, өтініш жасады. Сөйтіп 1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы I Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілді.Бөкейдің өзіне Ресей императорының суреті бар алтын медаль тапсырылды. Көшіп барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70 мың шаршы шақырым шамасында болды. Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтар орналасқан бұл аймақ Ішкі Орда деп аталды. Ішкі Орда батысындаАстрахан, солтүстігі мен шығысында Саратов және Орынбор губернияларымен шектесті, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Каспий теңізі мен Жайық шекара шебіне барып тірелді.Әкімшілік тұрғысынан алғанда Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағынышты болды. Бірақ оның орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. 1801 жылы Жайықтың оң жағасына 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды. Олардың басым көпшілігі таяуда ғана болып өткен көтеріліске қатысқандар еді және қазақ қоғамының ең кедей бөлігі болып табылатын. Сырым Датұлы қазақтардың Жайықтың оң жағалауына қоныс аударуына қатты қолдау көрсетті.Ол тіпті халық арасында ата қонысқа көшу жөнінде ықпалды үгіт жүргізді. Жайықтың оң жағына көшіп барғандардың 15 мыңға жуығы кейінірек оның жақтастары болып шықты. Жайықтың оң жағалауына көшіп барушылардың саны бірте-бірте арта түсті.Мәселен, 1897 жылғы Ресей империясының Жалпыға бірдей алғашқы халық санағының көрсеткен нәтижесі бойынша, Ішкі Ордада 207 мың қазақ болды. Кейінірек қазақтардың Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағына өтуіне тыйым салынды. Сонымен қатар қазақтардың кең-байтақ қазақ даласына қайтып келуіне де рұқсат берілмеді. Далалық қазақтардың да Ішкі Ордаға өтуіне шек қойылды.1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Жартылай тәуелді жаңа мемлекеттік құрылым епдігі жерде Бөкей хандығы (Ішкі Орда) деген атқа ие болды. Патша үкіметі келешекте одан империяға толық тәуелді мемлекеттік құрылым жасамақ ниетте еді. Бұл ретте хандықтың жаңа билеушісі Жәңгірге үлкен үміт артылды.

74. Бөкей хандығындағы Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері. Еділ өзенінің Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ рулары мекендеді. Оны қазақтар қалмақ қыры депті. 1771 ж. бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі қазақ жері арқылы Жоңғарияға кетті. Ал екіншісі батысқа ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босапан жерге 1801 жылдан бастап патша ұрықсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазақ қоныс аударды. Мұның өзі ішкі (Бөкей) орданың құрылуына негіз болды. 1836 ж. ақпанда халықтың Жәңгір ханға қарсы күресі басталды. Бұған Исатайдың хан ордасына шақыртылуы себеп болды. Ол одан бас тартты. 1836 ж. 4 сәуірде Манаш қыстауына ханның Қарауылқожа бастапан жасағы келді. Көтерілісшілер қосынына Исатай бастапан 200-ге жуық жІгіттер келді. Нәтижесі екі жақтың тарап кетуімен аяқталды. Исатайдың даңқы арта түсті. Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Жәңгір Исатайдың басына 500 күміс ақша тікті. Исатайдың тобы қуғынна қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838 ж. қаңтарында Исатай жасағымен Үлкен Борсық құмындағы шекті руының қонысына келді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастаған әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтіліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. Махамбетті 1846 ж. өлтірді.

75.1822-1824 ж.ж. Сібір және Орынбор қазақтары туралы Жарғылар. ХІХ ғ. 20-30 жылдары орыс-ағылшын бақталастығының шиеленісуіне байланысты патшалық Ресей Орта Азия мен Қазақстанда өз ықпалы мен билігін одан əрі нығайту басты міндеті деп санады. Қазақстанның Ресей мен Орта Азия хандықтарының жəне Қытай аралығында геосаяси орналасуы Ресей тарапынан қазақ даласын отарлау үрдісін тездетті. Осы мақсатпен Ресей империясы 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы», 1824 ж. «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғыны қабылдады. Ресейдің хандық билікті жоюға асығуы соншалықты, олар əрбір мүмкіндікті пайдаланып, ел ішіндегі ықпалды адамдарды, хандарды, билер мен батырларды бір-біріне айдап сала отырып, алдау, күш көрсету сияқты шараларды қолданды. 1822-1824 жылдардағы Жарғының қабылдануымен Орта жəне Кіші жүзде хандық билік жойылды. Авторы Сібір əскери губернаторы М.Сперанский болған «Сібір қырғыздары туралы» (1822 ж.) Жарғы бүкіл Орта жүздің жерін қамтыса, авторы Орынбор əскери губернаторы П.Эссен болған «Орынбор қырғыздары туралы» (1824 ж.) Жарғы Кіші жүз территориясына таралды. «Сібір қырғыздары туралы» Жарғы бойынша Орта жүз территориясы «Сібір қырғыздарының облысы» аталып Батыс Сібір генерал-губернаторына бағынатын болды да орталығы алғаш Тобыл, 1839 ж. бастап Омбы болды. Хандық билік жойылғаннан кейін Оңтүстік-батыс Сібірде тұратын қазақтар ішкі округтерге біріктірілді, ал Орта жүздің қалған қазақтары сыртқы округтерді құрады. 1838 жылға қарай 7 сыртқы округ құрылды: Қарқаралы (1824 ж.), Көкшетау (1824 ж.), Аягөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Баянауыл (1833 ж.), Құсмұрын (1834 ж.), Көкпекті (1838 ж.). Əр округ болыстар мен ауылдарға бөлінді. Батыс-Сібір генерал-губернаторлығын генерал-губернатор басқарды, оған сібір қырғыздарының облысы бағынды. Округтердің басшылығында округтік приказдар тұрды жəне оларды сұлтандар жиналысында 3 жылға сайланатын аға сұлтандар басқарды. Округке 15-тен 20-ға дейін болыс кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды. Бір болыстың құрамында 10-нан 12-ге дейін ауыл болды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды, əр ауылда 50-ден 70-ке дейін үй болды. Қазақтарға тек қана өз округында ғана көшіп-қонуға рұқсат берілді, ал бір округтен екінші округке өту үшін жергілікті басшылардан рұқсат алуы керек болды. Жаңа əкімшілік бөлініс қазақтардың дəстүрлі жер қатынасын күйретті де – рулық қауым құлдырады. Сонымен қатар, оған аға сұлтандарға, болыс сұлтандарына, тілмаштарға, казактарға түрлі көлемде жер бөліп беру де əсер етті. Оларға өңдеуге, мал шаруашылығына,омартаға т.б. ыңғайлы жерлер бөлінді жəне егерде ол жерлер қойылатын талаптар бойынша дұрыс пайдаланылатын болса, онда оның иесі жерге меншік құқығын иеленуге де мүмкіндігі болды. Патша өкіметінің қарауы бойынша Орта жүз жері бөлініске түсіп, бір əкімшілік басқарудан екіншісіне өтіп жатты. Осылайша, Омбы облысы Тобыл губерниясына кірді, Семей жəне Өскемен уездері Том губерниясына берілді. 1822 ж. Жарғы бойынша сот істеріне де өзгерістер енгізілді, ол өзгерістер бойынша сот үш категорияға бөлінді: қылмыстық істер (мемлекеттік сатқындық, ұрлық, барымта, билікке бағынбау); арыз-шағымдар («қазақтардың əдет-ғұрып заңдары» бойынша билер шешетін екінші кезектегі істер); облыстық басшыға берілетін арыздар бойынша (қазақтардың сұлтандар мен билерге, болыстарға т.б.). 1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы» Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта жəне Шығыс болып үшке бөлініп,Орынбор генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды. 1824 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша орыс шенеуніктерінен жергілікті əкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді. Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі мүмкін болмай қалды. Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті, яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың əкімшілік-территориялық басқару жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей империясы Орынбор жəне Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші жəне Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады. Осы жəне одан кейін жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ жерлерін одан əрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды жəне жаңа заңдар қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.

76. ХІХ ғ. 20-жылдары Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы. Орта жүзде 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан қайтыс болғаннан кейін патша үкіметі жаңадан хан тағайындап жатуды қажет деп таппады. 1822 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторы М.М. Сперанский жасаған және Ресей императоры I Александрдіңжарлығымен бекітілген «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы жарғы» күшіне енді.Қазақстандағы жаңа реформаның ең басты мақсаттарының бірі Орта жүздегі хан билігін біржолата жою болатын. «Жарғы» өзінің мазмұны мен мақсаты жағынан Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарын іс жүзінде Ресей империясына қосып алып отарлауға бағытталған болатын. Сөйтіп Орта жүздегі әкімшілік, сот және аумақтық басқару жүйесі түбірімен өзгертілді.Кіші жүздегі хан билігінің жойылуы

Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әлі тоқтаған жоқ еді. Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айырылып тынған болатын.1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары (қазақтары) жөніндегі жарғының»жобасын жөнелтті.Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасауы жиі-жиі қайталанумен болды. Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобатолықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді. Жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы I Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігі де жойылды.Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді. 1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор губернаторына тікелей бағынатын басқарушы-сұлтандардың қолына көшті.Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтары да бағындырылды. Ондай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды. Басқарушы-сұлтандар казак станицаларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның өзі олардың патша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. Басқарушы-сұлтандардың атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын және патша үкіметіне әрқаиіан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, баскарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды.Осы уақытқа дейін қазақ елінің хандық билік түрінде көрінген мемлекеттік дербестігін жоюға даярлық жасап келген патша үкіметі XIX ғасырдың 20-жылдары мұндай мақсатты іске асыруға колайлы жағдай туды деп шешіп, іске кірісіп кетті. Патшалық билік бұл істі алдымен Орта жүзден бастады. Бөкей және Уәли хандар өлген соң, енді қайтып мұнда хан тағайындамау туралы шешім қабылдайды. XIX ғасырдың 20-жылдарының басында Батыс Сібір губернаторлытын баскарған белгілі мемлекет қайраткеріМ.М.Сперанскийдің басшылығымен "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" өмірге келді. Бұл заңдық құжат бойынша Орта жүзде хандық билік жойылды. Оның орнын аға сұлтандар басты. Орта жүздің жері жеке әкімшіліктерге бөлініп, "сыртқы округтер" аталып, Омбы облысына қарайтын болды. Сөйтіп, 1822—1838 жылдар аралығында Қарқаралы, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті, Көкшетау аталған округтер өмірге келді. Оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Оларға сондай-ақ полицейлік және соттық билік те берілді. Приказдың басында үш жыл мерзімге тек сұлтандар ғана сайлай алатын аға сұлтандар тұрды. Приказдың басқарушы аппараты төрт адамнан, яғни бар билікті колдарына ұстаған екі орыс шенеунік заседателі және беделді би мен старшындар сайлайтын екі қазақ заседателінен тұрды. Округтер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлінді. Болыстық бөлу аумақтық негізде емес, рулық негізде жүрді. Әрбір болыс белгілі бір рудың атымен аталатын болды. Мәселен, Қанжығалы болысы, Қаржас болысы және басқа болыстықтардың жеке әкімшілік ретінде жер көлемі анықталып, қазақ қожалықтарына басқа болысқа өз беттерінше өтуге шектеу қойылды. Бұл сол уақытқа дейін қалыптасқан жайылымды пайдалану жүйесінің бұзылуы еді. "Сібір қазақтары жөніндегі Жарғы" жергілікті әкімшіліктің сайлау арқылы анықталатындығын сырттай болса да сақталғандығын көрсетуге тырысты. Ал шын мәнінде билік орындары жергілікті әкімшілік қызметтерге өзіне тиімді адамдарды ғана жіберіп, тиімсіздерін кейін асыруды, сол сияқты округтік приказдың жұмысын оның құрамындағы орыс шенеуніктері арқылы реттей отырып, приказ аппаратына бекітілген шептік қазақ әскерін пайдаланды. Хандық билікті жойған отаршыл әкімшілік қазақ ақсүйектері мен билеуші тобын өзіне бірден қарсы койып алмау үшін алғашында олармен құйтырқы ойын жүргізді. Округтер мен болыстарды басқаруды міндетті түрде сұлтандарға беріп, бірақ бұл қызметтік орындарды иемдену құқын төре тұқымдарымен қатар өзіне ұнаған "қара" қазақтан шыққан ақсүйектерге де берді. Яғни, сұлтандық мансапты иемденетін кісіні анықтауды патшалық әкімшілік өз қолына алды. Сұлтандарға билік орындарының ісіне араласуға тыйым салынды. Заң аға сұлтан, болыстық сүлтандары және ауыл старшындарын "жергілікті шенеуніктерге" жатқызды. Сот жүйесі де өзгеріске ұшырады. Қазақ ішіндегі аса қауіпті деп саналған мемлекеттік сатқындык, кісі өлтіру, тонаушылық, барымта, сондай-ақ "билік орындарына бағынудан бас тарту" сияқты қылмыстық істер билер соты карамағынан алынып, олар патшалық заңы бойынша округтік приказда қаралатын болды. Ал ұрлық және басқаларды билер соты халықтың әдеттегі құқығы бойынша қарауға тиіс болды. Сонымен бірге билер сотының шешімі арызданушыны қанағаттандырмаса, ол облыстық әкімшілікке арыздануға құқылы болды. Ал бұл мәселені қарауда облыстық басшылық та қазақтың әдеттегі құкын негізге алуға тиістін.

77.Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің себептері, барысы, ерекшеліктері және оның тарихи маңызы. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жою, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жлғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиелінісуі К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көт-ң шығуына себеп болды. Көт-ң мақсаты қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көт-с бүкіл үш жүзді қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. Көт-ң басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Сонымен қатар ірі ақсүйектер де (80-нен астам сұлтан). Көт-ке әртүрлі ұлттардың өкілдері орыс, өзбек, қырғыз т.б. қатысып, көтерілісшілер саны 20-мыңға жетті. Көт-ке Кенесары қолын басқарған атақты батырлар Иман, Жоламан, Бұғыбай, Сұраншы, інісі Наурызабай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты. 1837 ж қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобын тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. 1838ж 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жібереді. 1841ж Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылады. Ендігі кезекте патша үкіметі көт-ке қарсы шаралар ұйымдасытыра бастады: 1842ж Орынбор ген-губ Обручев, Сібірден Сотников әскері жіберілді. 1843ж І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді, сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Генс, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды. 1843ж 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасты. 1843 ж 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844ж шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Осы жеңістің нәтижесінде Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. Кенесарының сонда қойған талабы, әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл, Нұра және Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845ж сәуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов және Герн келеді. Бірақ екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 ж қазан, қарашада көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қоған бекіністерін алады. Абылайдың баласы сұлтан сүйік Ресей билігін мойындаса, Үйсін, Жалайыр, Дулат руларының көпшілігі көтелісішілерді жақтады. 1847 ж сәуір Кенесары 10 мың әскермен қырғыз жеріне басып кіреді. әскерледің қырғыз ауылдарын тонауы көтерілісшілердің Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызады. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етеді. Сол жылы Кенесары Бишкек маңындағы Майтөбе шайқасында 32 сұлтанмен қаза табады. Тарихи маңызы; үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс, ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі, Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті, қазақ халқының ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байданыстылығын көрсетті.

78.Жанқожа Нұрмұхамедұлы басқарған көтеріліс: себептері, барысы, ерекшеліктері. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алғанҚылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды.Созақта тұратын, Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргенің үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен [[Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді.1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады. 1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері бұлармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскеріАтанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды. Патша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады.1856 жылы желтоқсанның соңғы күндерінде көтерілісшілер Қазалыны қоршауға алды. Қаратөбе манындағы Л. Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал- губернаторы В. А. Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, т.б. қаруларымен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Екі жақ Арықбалықтың тұсында кездесіп, бірнеше дүркін шайқас болды. Бақайшағына дейін қаруланған жазалаушы отрядқа көтерілісшілер қарсы тұра алмай, шегінуге мәжбүр болды. Екі күн бойы ізіне түскен жазалаушы отрядтың көзіне көрінбей, көтерілісшілер Қызылқұмға ойысып кетті.Жазалаушы отряд жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан- наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін Жанқожаға сатқындық жасаған рубасылар мен елағаларына ренжіп, Дауқара жаққа, одан Бұхар хандығы жеріндегі Ерлер тауына жалғыз кетіп қалады. Екі жылдан соң қайта оралып, Қызылқұмда жалғыз отырған Жанқожаны Елікей Қасымов бастаған казак отряды келіп өлтіріп кетеді.

79.Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алу барысы және оның салдары. 1850-1860 жылдардағы Оңтүстік Қазақстанды Ресейдің басып алуы Қазақстанды отарлаудың соңғы кезеңі ретінде сол дәуірде оңтүстік Қазақстан аумағын алып жатқан Қоқан, Бұқар және Хива хандықтарына қарсы ресейлік әскери жорығынан кейін орын алды.Қазақстанның бұдан кейінгі тағдырының жалпы бейнесі қоғамдық прогресстің еуропалық үлгісімен, соның ішінде Ресейдің мемлекеттігі мен оның халқының тағдырымен байланысты болды.XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың көпшілігі отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналыса бастайды, бұл Ресейдің ішкі облыстарынан қоныс аударып келген орыс шаруаларына қазақтардың кең құнарлы жерлерін тартып алып беруімен түсіндіріледі. Қазақстанның экономикасы Ресейдің шаруашылық қызметі аясына біртіндеп кіре берді. Оның аумағында өндірістің, көліктің, сауданың көптеген салалары қарқынды дами бастайды. Ұлттық жұмыс тобын, зияткерлерді қалыптастыру жүргізілді.Жаппай әлеуметтік-экономикалық сараптаулармен бірге Қазақстанда этномәдени синтездеу әрекеттері және орыстың рухтандырушылығының үздік үлгілері түрінде еуропалық өркениет жетістігінің жергілікті жағдайына үйрену және өз халқы үшін қолайлы мәдени перспективадағы қазақтың шығармашыл зияткерлерін іздеу әрекеттері жүзеге асырылады. Осы іздеулерді өз қызметімен іске асырған керемет оқымысты Шоқан Уәлиханов (1835-1865) – ол батыс оқымыстылары арасында бірінші болып өз кезегінде сыртқы әлемге беймәлім Қашқариға барған және ұлы ауызша шығармашылығындағы шығарма – «Манас» эпосын жазған тамаша оқымысты-шығыс зерттеушісі. Қазақ мәдениетінің тарихында ұлы ойшыл-ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) ролі ерекше. Қазақтың әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі, қазақтың жазба әдебиетінің классигі, ол тек дарынды ақын ғана емес, шығыс, орыс және еуропа әдебиеттері шығармаларының шебер аудармашысы.Қазақ елін отаршылдықтан босатуға тырысқан және Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігіне ұмтылған, қазақ елінің ұлттық-бостандық қозғалысын басқарған және 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын және «Алаш-Орда» үкіметін ұйымдастырған келесі қазақ зиякерінің тағдыры қайғылы. Бұл тек саяси қызметпен айналысып қана қоймай, ірі мәдени-ағартушылық жұмыстарды, әдеби-публицистикалық қызметті, ғылыми зерттеулерді жүзеге асырған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалары. Әсіресе өзінің ойларындағы тұрақты жалпы адами гуманистік құндылықтарды насихаттаған дүр ақын-ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының ролі айрықша. Бұлардың барлығы Кеңес билігі орнаған жылдары қудалауға ұшырап, атылды.

80.Ресей империясының 1867-1868 жж. Қазақстандағы реформалары және олардың нәтижелері. 1865 жы­лыүкіметҚазақда­ласынбасқаруту­ралы «Ере­женің» жо­басында­яр­лауүшінДа­лалықко­мис­сияқұрды.Оның құра­мына Ішкі істер ми­нистрліктің және жергілікті ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтар­дың өкілдері кірді. Ре­сей Қазақстан­ды басқару­дың бұрынғы жүйесін түбірімен қай­та құру міндетін алға қой­ды. Ре­фор­ма­ны да­яр­лау кезінде қалың бұқара­ның көңіл күйі на­зарға алын­ба­ды. Ш. Уали­ханов Қазақстан­да ха­лықтың өзін-өзі басқару­ына негіздел­ген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсын­ды. «Сот ре­фор­ма­сы жөніндегі жаз­ба­ларын­да» ол қазақ халқы үшін әле­уметтік-эко­номи­калық жаңашыл­дықтар­ды аса маңыз­ды деп есеп­теді.

1867 жы­лы на­урыз­да Қазақ жерін, Ор­та Азия өлкесін әкімшілікбасқару ре­фор­ма­сының жо­басын түпкілікті құрас­ты­ру үшін әске­ри ми­нистр Д. А. Ми­лютин бас­таған ерек­ше ко­митет құрыл­ды. Нәти­жесінде II Алек­сандр пат­ша 1867 жы­лы 11 шілде­де «Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені», 1868 жылғы 21 қазан­да «Орын­бор және Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықта­рының Да­ла об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені» бекітті.1867–1868 жыл­да­ры ре­фор­ма­ның негізгі мақса­ты «Қазақ да­ласы­ның XIX ғасыр­дағы Ре­сейдің басқа да бөліктерімен то­лық қосы­лу­ына қол жеткізу, Ре­сейдің қол ас­тындағы ха­лықтар­ды бір басқар­ма­ның ас­ты­на біріктіру, жергілікті ақсүйек­терді биліктен шет­те­ту, ру­лық бас­та­малар­ды әлсіре­ту» бол­ды.Ре­фор­ма­ның негізінде Қазақстан аумағы үш ге­нерал-гу­бер­на­тор­лыққа: Түркістан, Орын­бор және Ба­тыс Сібір, әрбір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лық об­лыстарға бөлінді. Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да 6 об­лыс құрыл­ды, олар­дың екеуі – Жетісу мен Сыр­да­рия об­лыста­ры Түркістан, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­ры Ба­тыс Сібір, ал Орын­бор мен Торғай об­лыста­ры Орын­бор ге­нерал– гу­бер­на­тор­лықта­рының құра­мына кірді. Әрбір об­лыс белгілі бір ша­мадағы уез­дерден тұрды.Әкімшілік басқар­ма әске­ри си­пат­та бол­ды. Об­лыстар­дың ба­сын­да бар­лық әске­ри және аза­мат­тық билікті то­лығымен өз қол­да­рын­да шоғыр­ландырған әске­ри гу­бер­на­тор­лар тұрды.1868 жылғы «Да­лалық об­лыстар­ды басқару» бойын­ша және 1867 жылғы Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару жөніндегі «Уақыт­ша Ере­же» бойын­ша бо­лыс­тық басқар­ма­ның қолы­на по­лици­ялық және нұсқау та­рату­шылық биліктер берілді. Ол «ты­ныш­тық пен тәртіпті» сақта­уды, са­лық төле­уді және ха­лықтың бар­лық міндет­керліктерін өтеуін бақыла­ды. Оның міндетіне би­лер со­тының шешімін орын­да­ту кірді. Ауыл стар­шында­ры өзінің құзы­рын­да бо­лыс­тық басқар­ма­лар­дың міндет­терін орын­да­ды.«Уақыт­ша Ере­женің» 210-тар­мағына сәй­кес Қазақ жері Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның меншігі бо­лып жа­ри­ялан­ды. Сұлтан­дардың бар­лық әле­уметтік-са­яси және мұра­герлік құқықта­ры жойыл­ды, ел билігі орыс ше­не­уніктерінің қолы­на шоғыр­ланды.Ескі эко­номи­калық және иде­оло­ги­ялық жағынан тұтас, ту­ыс­тыққа негізде­ле біріккен әкімшілік-ру­лық ұжым­дардың ор­ны­на «Уақыт­ша Ере­жені» енгізудің нәти­жесінде жа­сан­ды бірліктер пай­да бол­ды. Осы­ның бәрі қоғам­дық билік жүйесінің дәстүрлі ба­засы­на әсер етті. Сон­дықтан тоқырауға ұшы­рады, оның маңызы, бе­делі және қажеттілігі төмен­деді.

Реформа нәтижесі.  1) Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты.  2) Феодалдық – патриархалдық қатынасты әлсіреткен капиталистік құбылыстар ене бастады.  3) Таптық жіктелу салдарын жатақтар қалыптаса бастады (кедейленген қазақтардың өндіріске жұмысқа жалдануы).  4) Отарлық басқару күшейді.  5) Қазақ жері Россия үкіметінің меншігі болды.  6) Орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру басталды.

81.Әкімшілік-сот реформасын аяқтау, 1886 және 1891 жж. өлкені басқару жөніндегі ережелер. 1886 жыл­дың 2-ма­усы­мын­дағы Түркістан өлкесін басқару ту­ралы ере­же. III Алек­сандр пат­ша­ның Түркістан өлкесін басқару ту­ралы 1886 жылғы 2 ма­усым­да қол қойған Жар­лығы кең-бай­тақ өлкені басқару­дың бүкіл құры­лымы­на ре­фор­ма жа­са­уды бас­тап берді. Жаңа ере­жеге сәй­кес Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығына үш об­лыс: Сыр­да­рия, Ферғана, Са­марқанд кіргізілді. Кейінірек­те, 1897 жы­лы, Жетісу об­лы­сы да жаңа ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтың құра­мына берілді. Об­лыстар­дың билігі әске­ри гу­бер­на­тор­ларға берілді. Ха­лық са­ны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шар­шы шақырым бо­латын, көршілес Жетісу об­лы­сы 6 уез­ден: Вер­ный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Прже­валь­ский және Жар­кент уез­дерінен тұрды.1886 жылғы Ере­женің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мем­ле­кеттің меншігіне бе­ру бол­ды, ол қазақтар­дың эко­номи­калық әл-ауқаты­ның негізгі ны­саны – мал ша­ру­ашы­лығына ора­сан нұқсан келтірді. Жерді мем­ле­кеттік меншік деп жа­ри­ялап, жергілікті ха­лықты жерін бей­мерзім жалға бе­рушілер деп қараған үкімет, соңғыла­рына «мал жаюға, то­пырақ және тас, бал­шық жи­науға» құқық бе­ре оты­рып (253-бап), но­мад­тардан құнар­лы алап­тардың алып қойылу­ын тез­детті, ол XX ғасыр­дың ба­сын­да сто­лыпиндік аг­рарлық ре­фор­ма­лар­дың жүргізілуімен аяқтал­ды. 1886 жылғы Ере­женің отар­шылдық бағыты са­лық жүйесінен де өз көрінісін тап­ты. Ол 1867 жылғы Уақыт­ша ере­женің бап­та­рын қай­та­лады; әр түрлі міндет­керліктердің көлемін көбей­тті. Мы­салы, шаңырақ алы­мы 4 сомға дейін көбейтілді. Сот құры­лымын­дағы өзгерістер Ере­жеде көрсетілген жаңалықтар­дың іске асы­рылу­ын заң тәртібімен қам­та­масыз ету­ге тиіс бол­ды және ол ры­нок­тық қаты­нас­тарға тар­тылған әле­уметтік жіктердің мүдде­лерін қорғауды көздеді. Негізгі үш сот инс­тан­ци­ясы – бітістіруші судья, об­лыстық сот және үкіметтік Се­нат отар­шылдық тәртіптер енді ғана ор­ныға бас­таған жағдай­лар­да қоғам­ның тіршілігін құқықтық жағынан қам­та­масыз етуді рет­те­ген бұрынғы заң ере­желерін жоққа шығар­ды. 1891 жыл­дың 25 на­уры­зын­дағы Да­лалық об­лыстар­ды басқару ту­ралы ере­же. Өңде­уші өнеркәсіптің ұлғаюы, кен өндіретін өнеркәсіптің бірша­ма тез да­муы, жаңа темір жол желілерінің са­лынуы, ур­ба­низа­ция үрдісі, жұмыс­шы та­бының қалып­та­суы – осы­ның бәрі жи­нақтап алған­да әле­уметтік-эко­номи­калық фак­торлар­дың бүкіл жүйесінің өзге­руіне әкеп соғып, Қазақстан­ды отар­лық шет ай­маққа ай­нал­дырды, барған сайын нығайып ке­ле жатқан ры­нок­тық кәсіпкерлікті заң арқылы қам­та­масыз етті.Ерек­ше Ко­митеттің пікірі бойын­ша, «бірінші алғашқы ере­женің» бар­лық өзгерістері «оның уақыт­ша си­патын жоюға» және оны жүзе­ге асы­ру ба­рысын­да «іс жүзінде кез­дестірілген» ала­уыз­дық ата­улы­ны неғұрлым «дәл ре­дак­ци­ялау» арқылы жоюға, сон­дай-ақ «им­пе­ри­яның басқа бөлімдеріне неғұрлым қолай­лы ке­луі мүмкін негіздер­де» басқару және сот жүйесін да­мытуға, то­лықты­руға тиіс бол­ды. Ұсы­нылып отырған «Ере­же» ка­пита­лизмнің «кеңейе» да­му­ына бай­ла­ныс­ты өзгерістерді ес­ке­ру негізінде Қазақстан­дағы Ре­сей әске­ри-әкімшілік өкіметін ор­нықты­ру үрдісін аяқтауға тиіс бол­ды. Со­нымен, 1891 жыл­дың 25 на­уры­зын­дағы пат­ша жар­лығын Қазақстан­ның әр түрлі тілде сөй­лейтін халқының өмірін қай­та құруға ны­сана­лы түрде жа­салған әре­кет деп қарау ке­рек. Жаңа ре­фор­ма­ны қабыл­дау уақыты им­пе­рия халқының са­яси бел­сенділігінің жан­да­ну­ымен, азат­тық қозғалы­сының өрістеуімен ерек­ше­ленді. Об­лыстар­ды басқару жүйесі тәртіпке келтірілді: пат­ша­ның қала­уы бойын­ша ар­на­улы «пат­ша жар­лығымен» тағайын­да­латын және бо­саты­латын, да­лалық ге­нерал-гу­бер­на­торы­на бағына­тын Ақмо­ла, Се­мей және Жетісу об­лыста­рының Бас басқар­ма­лары құрыл­ды. 1891 жылғы ере­жеде да­лалық об­лыстар­дағы сот құры­лысы­на еле­улі то­лықты­рулар мен нақты­ла­улар жа­сал­ды. Ең ал­ды­мен он­да «Уақыт­ша ере­женің» көшпелілерді де, оты­рықшы­лар­ды да Ре­сейдің ішкі гу­бер­ни­яла­рының се­лолық тұрғын­да­рына теңестіру ту­ралы ба­бы нығай­тыл­ды.Үкіметтің бұрынғы сот жүйесін қат­ты өзгер­туіне се­беп болған негізгі міндет ис­лам ша­риғатын уағыз­да­ушы би­лерді және құқықтық жүйені ығыс­ты­рып шығару, олар он­даған ғасыр­лар бойы пай­да­ланып кел­ген жеңілдіктерді жою бол­ды. Жаңа ере­же би­лер со­тын жойып, ха­лық со­ты де­ген жал­пы ата­умен құқықтық құры­лыс­тың жаңа құры­лымын енгізді.Жал­пы алған­да 1886–1891 жыл­дардағы Ере­же XIX ғасыр­дың аяғын­дағы Қазақстан­ның әле­уметтік-эко­номи­калық да­му жағда­ят­та­рын көрсе­те оты­рып, XIX ғасыр­дың 20-жыл­да­рының өзінде-ақ бас­талған жаңалықтар­дың жалғасы және аяқта­ушы ке­зеңі бол­ды.Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.

82.1867-1868 жж. «Уақытша ереже» енгізілуіне қарсы Орал, Торғай және Маңғыстаудағы қазақтардыңкөтерілістерінің барысы және нәтижесі. Орал, Торғай об­лыста­рын­дағы көтеріліс (1868–1869 жж.)«Уақыт­ша ере­женің» енгізілуі Ор­та жүзде қар­сы­лыққа кез­деспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қам­ты­ды. Зерт­те­уші Н. А. Се­реда Орал об­лы­сын­дағы ашу-ыза­ның се­бебі «ха­лық пен ре­фор­ма­лар­да» емес, қазақтар­ды сұлтан­дар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі ха­лықтың ашу-ыза­сын туғызған фак­торлар­дың бірі үкіметтің фис­калдық са­яса­тының қатай­ты­луы еді. Оның үстіне қатар­дағы көшпелілер мен ауқат­ты от­ба­сылар бірдей міндет­керлік атқар­ды. Мұның өзі пат­ша өкіметінің қазақ қоғамы­ның ар­тықшы­лықта­ры, топ­та­ры жөніндегі қамқор­шы­лық са­яса­тының көрінісі бол­ды; са­лықтар мен басқа да міндет­керліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай об­лыста­рын­да ха­лықтық бой көрсе­тулердің бас­та­лу­ына түрткі бол­ды.Пат­ша «Уақыт­ша ере­жені» мақұлдаған­нан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзе­ге асы­рыла бас­таған са­лық са­яса­тына қазақтар­дың на­разы­лығы 1868 жылғы қара­шаның аяғына қарай қару­лы қар­сы­лыққа ұлас­ты. На­шар қару­ланған, бірақ жер жағдайын та­маша білген көтерілісшілер­ге қар­сы қимыл­даған шағын ка­зак шолғын­шы­лары олар­дың те­ге­урінін әлсіре­те ал­ма­ды.Жа­зала­ушы­лар­дың неғұрлым ұйым­дасқан қимыл­да­ры 1869 жыл­дың көктемінен бас­та­лады. На­урыз айының ба­сын­да Орын­бордан Жем ауда­нына екі жүздік ка­зак от­ря­ды жіберілді. Бірақ да­лада ке­ле жатқан кезінде от­ряд үкіметтің әлі де ре­фор­ма енгізу­ге ба­тылы бар­май отырған Қоб­да және Елек өзен­дерінің бойын­да қимыл жа­сап жүрген «қазақтар қарақшы­лары­ның» ша­бу­ылы­на ұшы­рады. Көтерілісшілердің бұл то­бы біріне Ханғали Арс­ла­нов сұлтан, екіншісіне Ықылас До­сов бас­шы­лық ет­кен екі жа­сақтың біріккен күші болғаны анықтал­ды.

Көтеріліс Орал об­лы­сының солтүстік-ба­тыс аудан­да­рын, атап айтқан­да, бұрынғы ха­лық көтерілістері бойын­ша да отар­шылдыққа қар­сы қозғалыс­тарға бел­се­не қатысқаны аңғарылған жа­уын­гер та­бын, шекті ру­лары­ның қоныс­та­рын кең қам­тыған. Бұл жо­лы да та­бын­дар ре­фор­ма­дан кейінгі ке­зеңдегі отар­шылдыққа қар­сы күрес­ке еле­улі үлес қос­ты.

Маңғыс­та­удағы көтеріліс (1870 ж.)

«Уақыт­ша ере­же» Маңғыс­та­уда 1870 жы­лы енгізілді. Пат­ша әкімшілігі Маңғыс­та­удың негізгі халқы – адай руы «Уақыт­ша ере­жені» күрессіз қабыл­да­май­ды деп қауіптенді және оны жүзе­ге асы­ру үшін неғұрлым қолай­лы жағдай­лар­ды күтті.

Маңғыс­тау прис­та­вы под­полков­ник Ру­кин да­ла тұрғын­да­рының қиын жағдайымен са­нас­пай, адай­лар­дан 1869–1870 жыл­дар үшін шаңырақ алы­мын жаңа та­риф­ке сәй­кес де­реу енгізуді та­лап етті; көпте­ген жергілікті тұрғын­дар, со­ның ішінде Бо­зашы түбегінің ба­лықшы жа­тақта­ры Ру­киннің та­лабын орын­да­удан бас тарт­ты. Адай­лар­дың жай­лауға көшуін күштеп тоқта­туға ты­рысқан Ру­киннің ой­лан­бай жа­саған әре­кет­тері жер-жер­де көтерілістің бас­та­лу­ына се­беп бол­ды. Көтерілісшілердің же­текшісі Иса Тілен­ба­ев қалың бұқараға бас­шы­лық ету­де ше­берлік және жа­зала­ушы­лар­мен келіссөздер­де дип­ло­мати­ялық әдептілік та­ныт­ты. Көтерілісшілер сәуір айының ба­сын­да Ни­кола­ев ста­ница­сына, Алек­санд­ровск фор­ты­на ша­бу­ыл жа­сады, алай­да олар сәтсіздікке ұшы­рады. Пат­ша­лық өкімет орын­да­рын көшпелілердің ба­тыл­дығы қорқыт­ты, мұның өзі олар­ды қосым­ша әске­ри көмек сұрауға мәжбүр етті; Кав­каздан тың күштердің ке­луі күштердің арақаты­насын өзгертті. Қозғалыс­ты ба­суға бас­шы­лық жа­сау қолы­на шоғыр­ланды­рылған граф Ку­та­исов «ең жа­байы, дөрекі және жа­уын­гер қазақтар­ды» ты­ныш­танды­рудың өз жос­па­рын ұсын­ды. Граф­тың жос­па­рын­да «елдің ішіне те­реңдей еніп, он­да жергілікті адай­лар өздерінің көшуі үшін қажет болған кез­де ай­на­лып өте ал­май­тын­дай бекіністерді ал­дын ала ба­сып алып», сол арқылы олар­дың шегінетін жо­лына ке­дергі жа­сау, «бағынуға мәжбүр ету» көзделді. Орыс от­рядта­рының алуы үшін қолай­лы бекіністер ретінде Ку­та­исов Маңғыс­та­удың Кин­дері шығанағынан және Үстірт қыра­тының солтүстік бөлігінде, Орын­бор да­ласы­мен «көршілес» жатқан Сағым алқабы­нан жүз шақырым жер­дегі Бе­сақты шатқалын таңдап ал­ды. Граф­тың жос­па­ры сәтсіздікке ұшы­раған жағдай­да Орын­бор өлкесінің ге­нерал-гу­бер­на­торы Н. А. Кры­жановс­кий жергілікті тұрғын­дардың Үстіртке, «бейбіт ауыл­дарға өздерінің шегіне кірер жо­лын жа­уып тас­та­уды ұсын­ды». Қозғалыс же­текшілерінің Хи­уа хан­дығына оның та­рапы­нан сырт­тай қол­да­уды қам­та­масыз ету­ге үміт ар­тып де­лега­ция жібе­руі жергілікті өкімет орын­да­рын тағы да ма­засыз­дандыр­ды. Оның үстіне пат­ша өкіметі оңтүстік ай­мақты ба­сып алған­нан кейін Хи­уаның Ре­сей сияқты құдіретті әске­ри дер­жа­вамен жан­жалға ба­руы екіта­лай бо­латын. 1870 жыл­дың жел­тоқса­нын­да қозғалыс­тың же­текшілері До­сан Тәжи­ев, Ер­жан, Ертімбет Құлов­тар, Иса Тілен­ба­ев және олар­дың көпте­ген серіктері 3 мың шаңырақпен Хи­уа хан­дығының шегіне өтті.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ ша­ру­ала­ры өз қатар­ла­рын берік біріктіру­ге қол жеткізе ал­ма­ды, мұның өзі са­ны жөнінен бол­ма­шы жа­зала­ушы от­рядтар­дың ха­лық қар­сы­лығының негізгі ошақта­рын тұншықты­ру­ына мүмкіндік берді; қазақ ша­ру­ала­рының ру­лық тар өрістері мүдде­лері отар­шыл им­пе­ри­яның әске­ри құра­мала­рының өзінің ұйым­да­суы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жа­сақта­рын­дағы тұрақта­ма­ушы­лықты туғыз­ды. Көтеріліс шағын си­пат­та болғаны­мен, оның ге­ог­ра­фи­ялық шеңбері тым ауқым­ды бол­ды – бүкіл дерлік Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан­ның бір бөлігі қазақ ша­ру­ала­рының бой көрсе­тулерімен қам­ты­лып, «Уақыт­ша ере­женің» жүзе­ге асы­рылу­ын қиын­датты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]