Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сынып ЕМТИХАН МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ 2013.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
732.16 Кб
Скачать

9 Класс

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 9-сыныптарына арналған қазақ тілі пәні бойынша мемлекеттік емтиханының материалдары

1 – билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Әр адамның ана тілі ана сүтімен бойына сіңеді. Ана тілі – әр халықтың асыл қазынасы, рухани байлықтың негізі. Адам өз халқының тарихын, әдебиетін, мәдениетін ана тілінде оқып, таниды. Ана тілін құрметтеу – өзіңді, содан соң еліңді құрметтеу. Ана тілі ұрпақ қадірлесе, өседі, қадірлемесе, өшеді. Ана тіліңді құрметтеп өс!

  1. «Отбасы тәрбиесі» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жасаңыз:

жүрек жұтқан

2 – билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Тіл – халықтың байлығы. Тіл сол тілде сөйлейтін, ойлайтын адамдармен бірге дамып, бірге өмір сүреді.

Қазақ халқы өз тарихында басынан өткен өмірі, ерлік істері, аңыз, ертегілері, шығарған жырлары, табиғат пен қоғам құбылыстарының атаулары, ойы, сезімі, атақты тұлғалары туралы мәліметтерді ұрпақтан ұрпаққа қазақ тілінде жеткізді. Бүгінде қазақ тілі – тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі.

Тіл туралы бір өлеңді жатқа айтыңыз.

Берілген сөздегі кейінді ықпалды түсіндіріп, фонетикалық талдау жасаңыз:

халқымыз

3 – билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Ғалымдар қазақ графика тарихында төрт түрлі жазудың болғанын айтады. Руникалық жазуларды(Орхон-Енисей жазулары) Орта Азия халықтары біздің заманымыздың V- VІІ ғасырларында қолданған. Араб графикасын Х-ХІХ ғасырлар арасында пайдаланса, 1929 – 1939 жылдар аралығында латын графикасы қолданылды. 1939-1940 жылдардан бастап бүгінге дейін орыс жазуы (Кириллица) қолданылып келеді.

  1. Абайдың бір өлеңін жатқа айт.

  2. Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жасаңыз:

бетінен оты шығу

4 – билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

«Құдатғу білік» - байлық негізі білімде деген мағына береді. Бұл кітапты 1069 жылы ірі ғұлама Жүсіп Баласағұн жазып, Боғра ханға сыйлаған. Бұл кітаптың екі нұсқасы қазір Каир, Ташкент қалаларында сақтаулы.

«Диуани лұғат-ат-түрік» - 1072-1074 жылдары жазылған. Бұл сөздіктің авторы – Махмұд Қашқари.

Бұл кітаптар – араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар.

  1. «Қазақ отбасы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген сөздегі кейінді ықпалды түсіндіріп, фонетикалық талдау жасаңыз:

кітабыңыз

5 – билет

Латын алфавиті – көне және халықаралық алфавит. Бұл жазумен ағылшындар, итальяндықтар, француздар, немістер жазады. Латындар – римдік көне тайпалар. Латын алфавиті біздің заманымыздан бұрын VІІІ – VІІ ғасырларда пайда болған. Латын алфавитіне көшу туралы ұсынысты Н.Н.Нариманов жасады. 1928-1929 жылдары Қазақстанда, Әзірбайжанда, Өзбекстанда, Татарстанда осы алфавит қолданыла бастады. Бұл жазба мәдениетіміздің белгілі бір тарихи кезеңі болды.

  1. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері » тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген көмекші есімдерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыз:

іші, жаны, сырты, асты, үсті

6 – билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Орыс алфавиті негізінде қазақ әріптерін жасау 1939 жылы қолға алынды. Бұл графика қазақтардың үйренуіне, оқуы мен жазуына өте ыңғайлы болды. Жаңа алфавитке көшуге көптеген ғалымдар қатысты. Олар: С.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев және тағы басқалар.

1939 – 1940 жылдары үкімет орыс алфавитіне толық көшу туралы қаулы қабылдады.

  1. «Жеті қазына мен жеті ырыс» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз

  2. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз:

үйренуіне, қаулы

7 – билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұнда барлық ұлт өкілдері өз ана тілінде сөйлейді, оқиды, білім алады.

Барлық қазақстандықтардың мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ол – ұланғайыр жерді алып жатқан қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі барлық отандастарды ортақ мүддеге біріктіреді. Мемлекеттік маңызды іс қағаздар мен құжаттар қазақ тілінде толтырылады.

  1. Тіл туралы 5 мақалды жатқа айтыңыз.

  2. Көмекші есімдерге мысал келтіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.

8 – билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

В.В.Радлов – әйгілі түрколог, шығысты зерттеген ғалым. Ол Берлинде туылып, сонда білім алды. Кейін Ресейге көшіп келді.

1884 жылы Орыс академиясына мүше болды. В.В.Радлов В.Томсенмен бірге Орхон-Енисей жазуларын оқыған. Осылайша ол қазақ графикасы тарихына үлкен үлес қосты. Ол Орта Азияны зерттейтін ғылыми комитетке басшы болды. Нәтижесінде 11 томдық «Түрік тайпалы халықтардың әдебиет үлгілері» еңбегін, төрт томдық «Түрік тілінің сөздігін» құрастырды.

  1. «Қолөнер» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген сөйлемнен қалау райды тауып, сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:

Біздің Ә.Қастеевтің өнер мұражайына барғымыз келді.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Н.Т.Сауранбаев – қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі. Ол – әйгілі түрколог, филология ғылымының докторы, профессор.

Ол 1932 жылдан бастап жоғары оқу орындарында сабақ берді, студенттер мен аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті.

Н.Сауранбаевтың білім беру, мәдениет, тарих пен әдебиетке байланысты жазған мақалалары мен ғылыми-зерттеу еңбектері өте көп. Ол орыс жазуы негізінде қазақ алфавитін құрастырушылардың бірі.

  1. Білім туралы бес мақалды жатқа айтыңыз..

  2. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз:

суретшілер, көрме

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақ тілін зерттеген әйгілі ғалымдардың бірі – Ғұбайдолла Айдаров. Ол – профессор, филология ғылымының докторы, 250-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектер мен 10 монография, жоғары оқу орындары студенттеріне арналғаноқулықтар жазған ғалым.

Ол түркі жазба ескерткіштерінің тілін, тарихын зерттеген. Руникалық жазулармен жазылған ескерткіштерді зерттеп, оның тілінің қазақ тіліне жақын екенін дәлелдеген.

  1. «Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Мәтіндегі (1-сұрақ) асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақстан – көпұлтты, тәуелсіз мемлекет. Халқының саны – 17 млн. . Тұңғыш Президент сайлауы 1991 жылы 1 желтоқсанда өтті. Осы жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бекітілді. 1993 жылы 15 қарашадан бастап ұлттық валюта енгізілді.

Мемлекетіміздің бас қаласы – Астана қаласы. Ол Сарыарқа төрінде орналасқан. Жері бай, табиғаты көркем бұл елде 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүреді.

  1. «Менің Қазақстаным» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Қалау райдың жасалуын түсіндіріңіз. Мысал келтіріп, сөйлем құрастырыңыз.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақ жері – кең өлке. Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Австрия, Голландия, Дания сияқты елдердің бәрі қазақ жеріне сыйып кетеді.

Қазақстан солтүстікте және солтүстік-шығысында Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, Монғол Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанмен, ал батысында Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанмен шектеседі.

  1. Отан туралы бір өлеңді жатқа айтыңыз.

  2. Мәтіндегі (1-сұрақ) асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші хан болды. Қолбасшылық та, сот билігі де, соғыс ашу немесе бітім жасау ханның қолында болды. Ханның кеңесшілері – ірі сұлтандар мен тайпа көсемдері.

Ханнан кейінгі билік сұлтандарда болған. Сұлтандар деп Шыңғысханнан тараған ер адамдарды атаған. Олардың мынадай құқықтары болды: олар хан тағына сайлана алатын болған, сондай-ақ билер оларды соттай алмайтын еді.

  1. Мемлекеттік рәміздер туралы бір өлеңді жатқа айтыңыз.

  2. Мәтіндегі (1-сұрақ) асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Төле би шамамен 1663 жылы Жамбыл облысы, шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгер ауданында 93 жасында қайтыс болған.

Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтқан, әділ болған адам екен. Төле би сауатты, қазақ халқының ақындық, шешендік өнерін жақсы білген. Ол 15 – 20 жасынан-ақ билікке араласып, әділдігімен көзге түскен.

  1. «Бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз

  2. Неологизмдерге мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрастырыңыз.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазыбек би (1667-1764) – орта жүздің биі. Төуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі. Ол – еліміздің тарихынан мәңгіге орын алған ірі тұлға.

Қазыбек би парасатты елші, дипломат болған. 1761 жылы Қытай империясының, 1762 жылы орыс мемлекетінің елшілері оған арнайы келген. Бұл оның шет елдерде де беделді адам болғанын көрсетеді.

Қазыбек би шамамен 1764 жылы 97 жасында қайтыс болған. Ол Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленген.

  1. «Менің сүйікті телебағдарламам» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз, өздік етістің жасалу жолын түсіндіріңіз:

Әсет жылдам жуынып, дастарқан басына келді.

  1. – билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Әйтеке Байбекұлы (1644 – 1700) – шешен билердің бірі. Ол – қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрған Тәуке ханның кеңесшісі. Ол – кіші жүздің биі. Әділ, шешен Әйтеке би – ел басқарған, «Жеті жарғы» заң жобасын жасауға қатысқан, феодалдық қазақ мемлекетін құруға атсалысқан қоғам қайраткері.

  1. «Киіз үй құрылысы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Лепті сөйлемдердің жасалуы мен жазылуы туралы айтыңыз. Мысалдар келтіріңіз.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қабанбайдың шын аты – Ерасыл. Оның Қабанбай аталуы да қызық.

Бірде жайлауға қарай көшіп бара жатқан көшке жабайы шошқалар жол бермейді. Көште жүрген Ерасыл жүйрік атына мініп, қолына шоқпарды алады. Жабайы шошқалардың екеуінің басынан шоқпармен ұрып, құлатады. Қалған шошқалар жан-жаққа тыпыр-тыпыр қаша жөнелді. Осыдан бастап оны адамдар Қабанбай деп атап кетіпті.

  1. Отан, ерлік туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтыңыз.

  2. Мәтіндегі (1-сұрақ) асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Қос сөздердің жасалу жолдары туралы айтыңыз.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақ жеріндегі ежелгі қалалардың бірі – Түркістан қаласы. Ол – қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы. Ол Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде.

Бұл қаланың орнында ІV-Х ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған. Осы қала ІХ – Х ғасырларда ерекше гүлденіп, дамыған. Сол кезден ол қала Йаса(Йасы) деп аталып кеткен.

Бұл қалада атақты Қожа Ахмет Йассауи кесенесі бар.

  1. «Шешендік өнер» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Зат есімдердің тұлғасына, құрамына, мағынасына қарай түрлерін ажыратып айтыңыз:

Ежелгі қалалар Қазақстан жерінде осыдан екі жарым мың жылдай бұрын пайда болған.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Ежелгі қалалардың бірі – Отырар. Ол VІ-VІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің бойындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. ХVІ-ХVІІ ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Оның алғашқы аты – Фараб. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.

Осы қалада әлемге аты әйгілі жерлесіміз Әбунасыр әл-Фараби дүниеге келген.

  1. «Сөз өнері,тіл мәдениеті» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар туралы айтыңыз. Мысалдар келтіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. Ол 1997 жылға дейін Ақмола, ал одан бұрын Целиноград деп аталған. Ол Еуропа мен Азияның кіндігінде орналасқан. 1998 жылдан бастап Астана деп аталады.

Астана – жастар қаласы. Мұнда заманауи ғимараттар, сәулетті үйлер көп. Астанада университеттер, институттар мен студенттер қалашықтары бар. Онда қазақстандық және шетелдік студенттер білім алады.

  1. «Тұңғыш ғалымдар» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз:

Мен әкеммен жазғы демалыста Астанаға бармақпын.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақтарда «қара шаңырақ» деген киелі ұғым бар. Қара шаңырақ – ата-анасының үйі, үлкен үй. Қазақ отбасында кенже ұл – шаңырақ иесі. Кенже бала – отбасындағы ең кіші ұл. Ол үйленген соң да әке-шешесімен бірге тұрады. Қара шаңыраққа осы отбасының басқа ұл-қыздары мен туыстары қонақ болады. Ал кенже ұл ата-анасын бағып, шаңырақтың отын сөндірмейді. Осылайша қара шаңырақ ата-бабадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырады. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

  1. «Мәдениет және өнер» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген жұрнақтардың түрін, қолданысын, сөзге үстейтін мағынасын түсіндіріп, сөйлемдер құрастырыңыз:

-мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Ата – әкенің әкесі. Әже – әкенің шешесі. Нағашы ата – ананың әкесі. Нағашы апа – ананың шешесі. Жеңге – ағаның әйелі. Жезде – әпкенің күйеуі. Ағайынды жігіттер – бір әке-шешеден туылған ұлдар. Апалы-сіңлілі қыздар – бір әке-шешеден туылған қыздар. Немере – ұлдың баласы. Жиен – қыздың баласы.

Қазақ отбасындағы бұл туыстық атаулардың мәні зор, өзара туыстық қарым-қатынаста қатаң сақталатын ережелер бар. Ол туыстық қарм-қатынастардың сыйласымдылық, тәрбиелік мәніне үлкен әсер етеді.

  1. «Табиғатты қорғау» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:

Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, ол ұғымға ат, бүркіт, тазы, мылтық, қақпан, ау мен кездікті жатқызған.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақ халқы дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп есептеген. Ұсынылған асты тәңірдің берген несібі деп санаған.

Қазақтың ұлттық тағамдарын ет тағамдары, сүт тағамдары, нан тағамдары деп бөлуге болады. Негізгі асы – қазақша ет. Одан бөлек қуырдақ, кеспе, нарын, т.б. ет тағамдары бар. Сүт тағамдарына қымыз, шұбат, айран, шалап, қымыран, т.б. жатады. Қазақтың атақты бауырсағын білмейтін адам жоқ.

Қазақтың ұлттық дастарқаны құнарлылығымен, байлығымен, әр түрлілігімен, ең бастысы – табиғи тазалығымен белгілі.

  1. «Уақыт алтыннан қымбат» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз:

Біз бүгін үйде Астанадан келген қонақтарды күтпекпіз.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақтардың тұрмысында қолөнер ерекше орын алған. Әйелдер киіз басып, кілем, алаша, тоқып, киім тіккен. Ер адамдар киіз үйдің қаңқасын, жиһаздарын, қару-жарақтар мен ыдыстар жасаған.

Ағаш шеберлері түрлі ағаштардан кереге, уық, шаңырақ, бесік, ыдыстар мен жиһаздар жасаған. Зергерлер күмістен, алтыннан әшекей заттар жасаған. Ұсталар темірден түрлі құрал-саймандар жасаған. Қазақ халқы ұлттық қолөнер үлгілерін жасауда табиғи материалдарды кеңінен пайдаланған.

  1. «Белгілі күйші-композиторлар» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:

Ресейде ән өнерін зерттеу ХVІІ ғасырда басталып, ХVІІІ – ХІХ ғасырларда кең өріс алды.

  1. билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Ахмет Байтұрсынұлы – ғалым, зерттеуші, аудармашы, оқу құралдарының авторы, қазақ тіл білімінің негізін салушы. Біз білетін қазақ тілінің көптеген терминдерін ғылымғаА.Байтұрсынұлы енгізген.

Ол Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде 1873 жылы туылған. Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебін 1891 жылы бітірген соң Орынборда мұғалімдер семинариясын оқуға түседі. Ол – бірнеше оқу құралдарының, ғылыми мақалалар мен еңбектердің авторы.

  1. «Ұлттық киімдер» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз:

Туған жерім – қасиетті мекенім, сондықтан мен оған әрқашан зор сағынышпен қайтып ораламын.

Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 9-сыныптарына арналған қазақ тілі пәні бойынша мемлекеттік емтиханының материалдары

    1. – билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Әр адамның ана тілі ана сүтімен бойына сіңеді. Ана тілі – әр халықтың асыл қазынасы, рухани байлықтың негізі. Адам өз халқының тарихын, әдебиетін, мәдениетін ана тілінде оқып, таниды. Ана тілін құрметтеу – өзіңді, содан соң еліңді құрметтеу. Ана тілі ұрпақ қадірлесе, өседі, қадірлемесе, өшеді. Ана тіліңді құрметтеп өс!

2. «Отбасы тәрбиесі» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жасаңыз:

жүрек жұтқан

2– билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Тіл – халықтың байлығы. Тіл сол тілде сөйлейтін, ойлайтын адамдармен бірге дамып, бірге өмір сүреді.

Қазақ халқы өз тарихында басынан өткен өмірі, ерлік істері, аңыз, ертегілері, шығарған жырлары, табиғат пен қоғам құбылыстарының атаулары, ойы, сезімі, атақты тұлғалары туралы мәліметтерді ұрпақтан ұрпаққа қазақ тілінде жеткізді. Бүгінде қазақ тілі – тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі.

2. Тіл туралы бір өлеңді жатқа айтыңыз.

3. Берілген сөздегі кейінді ықпалды түсіндіріп, фонетикалық талдау жасаңыз:

халқымыз

    1. – билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Ғалымдар қазақ графика тарихында төрт түрлі жазудың болғанын айтады. Руникалық жазуларды(Орхон-Енисей жазулары) Орта Азия халықтары біздің заманымыздың V- VІІ ғасырларында қолданған. Араб графикасын Х-ХІХ ғасырлар арасында пайдаланса, 1929 – 1939 жылдар аралығында латын графикасы қолданылды. 1939-1940 жылдардан бастап бүгінге дейін орыс жазуы (Кириллица) қолданылып келеді.

2.Берілген ұлағатты сөзді оқыңыз. Өз пікіріңізді айтыңыз:

«Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны ойлаудан басталады». (Г.Гегель)

3.Берілген тұрақты тіркестің мәнін ашып, фонетикалық талдау жасаңыз:

бетінен оты шығу

    1. – билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

«Құдатғу білік» - байлық негізі білімде деген мағына береді. Бұл кітапты 1069 жылы ірі ғұлама Жүсіп Баласағұн жазып, Боғра ханға сыйлаған. Бұл кітаптың екі нұсқасы қазір Каир, Ташкент қалаларында сақтаулы.

«Диуани лұғат-ат-түрік» - 1072-1074 жылдары жазылған. Бұл сөздіктің авторы – Махмұд Қашқари.

Бұл кітаптар – араб жазуымен жазылған тұңғыш кітаптар.

  1. «Қазақ отбасы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген сөздегі кейінді ықпалды түсіндіріп, фонетикалық талдау жасаңыз:

кітабыңыз

5 – билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Латын алфавиті – көне және халықаралық алфавит. Бұл жазумен ағылшындар, итальяндықтар, француздар, немістер жазады. Латындар – римдік көне тайпалар. Латын алфавиті біздің заманымыздан бұрын VІІІ – VІІ ғасырларда пайда болған. Латын алфавитіне көшу туралы ұсынысты Н.Н.Нариманов жасады. 1928-1929 жылдары Қазақстанда, Әзірбайжанда, Өзбекстанда, Татарстанда осы алфавит қолданыла бастады. Бұл жазба мәдениетіміздің белгілі бір тарихи кезеңі болды.

  1. «Қазақ отбасындағы өзара сыйласымдылық» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

  2. Берілген көмекші есімдерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырыңыз:

іші, жаны, сырты, асты, үсті

6 – билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Орыс алфавиті негізінде қазақ әріптерін жасау 1939 жылы қолға алынды. Бұл графика қазақтардың үйренуіне, оқуы мен жазуына өте ыңғайлы болды. Жаңа алфавитке көшуге көптеген ғалымдар қатысты. Олар: С.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев және тағы басқалар.

1939 – 1940 жылдары үкімет орыс алфавитіне толық көшу туралы қаулы қабылдады.

  1. Берілген мәтелді оқыңыз. Тақырыбын анықтаңыз. Өз пікіріңізді айтыңыз.

«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі».

  1. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз:

үйренуіне, қаулы

7 – билет

  1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұнда барлық ұлт өкілдері өз ана тілінде сөйлейді, оқиды, білім алады.

Барлық қазақстандықтардың мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ол – ұланғайыр жерді алып жатқан қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі барлық отандастарды ортақ мүддеге біріктіреді. Мемлекеттік маңызды іс қағаздар мен құжаттар қазақ тілінде толтырылады.

  1. «Менің қазақ достарым» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

2.Көмекші есімдерге мысал келтіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.

  1. – билет

1. Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

В.В.Радлов – әйгілі түрколог, шығысты зерттеген ғалым. Ол Берлинде туылып, сонда білім алды. Кейін Ресейге көшіп келді.

1884 жылы Орыс академиясына мүше болды. В.В.Радлов В.Томсенмен бірге Орхон-Енисей жазуларын оқыған. Осылайша ол қазақ графикасы тарихына үлкен үлес қосты. Ол Орта Азияны зерттейтін ғылыми комитетке басшы болды. Нәтижесінде 11 томдық «Түрік тайпалы халықтардың әдебиет үлгілері» еңбегін, төрт томдық «Түрік тілінің сөздігін» құрастырды.

2.«Сурет галереясы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.Берілген сөйлемнен қалау райды тауып, сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:

Біздің Ә.Қастеевтің өнер мұражайына барғымыз келді.

9– билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Н.Т.Сауранбаев – қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі. Ол – әйгілі түрколог, филология ғылымының докторы, профессор.

Ол 1932 жылдан бастап жоғары оқу орындарында сабақ берді, студенттер мен аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етті.

Н.Сауранбаевтың білім беру, мәдениет, тарих пен әдебиетке байланысты жазған мақалалары мен ғылыми-зерттеу еңбектері өте көп. Ол орыс жазуы негізінде қазақ алфавитін құрастырушылардың бірі.

2.«Қазақстан суретшілері» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз:

суретшілер, көрме

10– билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақ тілін зерттеген әйгілі ғалымдардың бірі – Ғұбайдолла Айдаров. Ол – профессор, филология ғылымының докторы, 250-ден астам ғылыми-зерттеу еңбектер мен 10 монография, жоғары оқу орындары студенттеріне арналғаноқулықтар жазған ғалым.

Ол түркі жазба ескерткіштерінің тілін, тарихын зерттеген. Руникалық жазулармен жазылған ескерткіштерді зерттеп, оның тілінің қазақ тіліне жақын екенін дәлелдеген.

2.«Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.Мәтіндегі (1-сұрақ) асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз. Құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақстан – көпұлтты, тәуелсіз мемлекет. Халқының саны – 17 млн. . Тұңғыш Президент сайлауы 1991 жылы 1 желтоқсанда өтті. Осы жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бекітілді. 1993 жылы 15 қарашадан бастап ұлттық валюта енгізілді.

Мемлекетіміздің бас қаласы – Астана қаласы. Ол Сарыарқа төрінде орналасқан. Жері бай, табиғаты көркем бұл елде 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүреді.

2.«Алматыдағы мұражайлар» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.Қалау райдың жасалуын түсіндіріңіз. Мысал келтіріп, сөйлем құрастырыңыз.

  1. билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақ жері – кең өлке. Ұлыбритания, Франция, Германия, Испания, Австрия, Голландия, Дания сияқты елдердің бәрі қазақ жеріне сыйып кетеді.

Қазақстан солтүстікте және солтүстік-шығысында Ресеймен, оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, Монғол Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанмен, ал батысында Каспий теңізі арқылы Әзірбайжанмен шектеседі.

2. Отан туралы бір өлеңді жатқа айтыңыз.

3.Мәтіндегі (1-сұрақ) асты сызылған сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақ хандығында ең жоғарғы билеуші хан болды. Қолбасшылық та, сот билігі де, соғыс ашу немесе бітім жасау ханның қолында болды. Ханның кеңесшілері – ірі сұлтандар мен тайпа көсемдері.

Ханнан кейінгі билік сұлтандарда болған. Сұлтандар деп Шыңғысханнан тараған ер адамдарды атаған. Олардың мынадай құқықтары болды: олар хан тағына сайлана алатын болған, сондай-ақ билер оларды соттай алмайтын еді.

2.Мемлекеттік рәміздер туралы бір өлеңді жатқа айтыңыз.

3.Мәтіндегі (1-сұрақ) асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Төле би шамамен 1663 жылы Жамбыл облысы, шу өзені, Жайсаң жайлауында дүниеге келіп, 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгер ауданында 93 жасында қайтыс болған.

Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтқан, әділ болған адам екен. Төле би сауатты, қазақ халқының ақындық, шешендік өнерін жақсы білген. Ол 15 – 20 жасынан-ақ билікке араласып, әділдігімен көзге түскен.

2.Қазақстандық телеарналар туралы әңгімелеңіз. Нұртөлеу Иманғалиұлы туралы айтыңыз.

3.Неологизмдерге мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрастырыңыз.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазыбек би (1667-1764) – орта жүздің биі. Төуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі. Ол – еліміздің тарихынан мәңгіге орын алған ірі тұлға.

Қазыбек би парасатты елші, дипломат болған. 1761 жылы Қытай империясының, 1762 жылы орыс мемлекетінің елшілері оған арнайы келген. Бұл оның шет елдерде де беделді адам болғанын көрсетеді.

Қазыбек би шамамен 1764 жылы 97 жасында қайтыс болған. Ол Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленген.

2.«Менің сүйікті телебағдарламам» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз, өздік етістің жасалу жолын түсіндіріңіз:

Әсет жылдам жуынып, дастарқан басына келді.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Әйтеке Байбекұлы (1644 – 1700) – шешен билердің бірі. Ол – қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрған Тәуке ханның кеңесшісі. Ол – кіші жүздің биі. Әділ, шешен Әйтеке би – ел басқарған, «Жеті жарғы» заң жобасын жасауға қатысқан, феодалдық қазақ мемлекетін құруға атсалысқан қоғам қайраткері.

2.«Белгілі радио арналары» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.Лепті сөйлемдердің жасалуы мен жазылуы туралы айтыңыз. Мысалдар келтіріңіз.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қабанбайдың шын аты – Ерасыл. Оның Қабанбай аталуы да қызық.

Бірде жайлауға қарай көшіп бара жатқан көшке жабайы шошқалар жол бермейді. Көште жүрген Ерасыл жүйрік атына мініп, қолына шоқпарды алады. Жабайы шошқалардың екеуінің басынан шоқпармен ұрып, құлатады. Қалған шошқалар жан-жаққа тыпыр-тыпыр қаша жөнелді. Осыдан бастап оны адамдар Қабанбай деп атап кетіпті.

2.Отан, ерлік туралы мақал-мәтелдерді жатқа айтыңыз.

3.Мәтіндегі (1-сұрақ) асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Қос сөздердің жасалу жолдары туралы айтыңыз.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақ жеріндегі ежелгі қалалардың бірі – Түркістан қаласы. Ол – қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы. Ол Шымкент қаласынан 225 шақырым жерде.

Бұл қаланың орнында ІV-Х ғасырларда Шабғар деген үлкен қала болған. Осы қала ІХ – Х ғасырларда ерекше гүлденіп, дамыған. Сол кезден ол қала Йаса(Йасы) деп аталып кеткен.

Бұл қалада атақты Қожа Ахмет Йассауи кесенесі бар.

2.«Орта мектепте оқимын» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз. Зат есімдердің тұлғасына, құрамына, мағынасына қарай түрлерін ажыратып айтыңыз:

Ежелгі қалалар Қазақстан жерінде осыдан екі жарым мың жылдай бұрын пайда болған.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Ежелгі қалалардың бірі – Отырар. Ол VІ-VІІІ ғасырларда Сырдария өзенінің бойындағы ірі мемлекеттің астанасы болған. ХVІ-ХVІІ ғасырларда Отырар саяси, шаруашылық және мәдени орталық болған. Оның алғашқы аты – Фараб. Отырарда медресе, мешіт, базар, монша, басқа да ғимараттар болған.

Осы қалада әлемге аты әйгілі жерлесіміз Әбунасыр әл-Фараби дүниеге келген.

2.«Менің сүйікті пәнім» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар туралы айтыңыз. Мысалдар келтіріп, олармен сөйлемдер құрастырыңыз.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. Ол 1997 жылға дейін Ақмола, ал одан бұрын Целиноград деп аталған. Ол Еуропа мен Азияның кіндігінде орналасқан. 1998 жылдан бастап Астана деп аталады.

Астана – жастар қаласы. Мұнда заманауи ғимараттар, сәулетті үйлер көп. Астанада университеттер, институттар мен студенттер қалашықтары бар. Онда қазақстандық және шетелдік студенттер білім алады.

2.«Мен тапсыратын мемлекеттік емтихандар» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз:

Мен әкеммен жазғы демалыста Астанаға бармақпын.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақтарда «қара шаңырақ» деген киелі ұғым бар. Қара шаңырақ – ата-анасының үйі, үлкен үй. Қазақ отбасында кенже ұл – шаңырақ иесі. Кенже бала – отбасындағы ең кіші ұл. Ол үйленген соң да әке-шешесімен бірге тұрады. Қара шаңыраққа осы отбасының басқа ұл-қыздары мен туыстары қонақ болады. Ал кенже ұл ата-анасын бағып, шаңырақтың отын сөндірмейді. Осылайша қара шаңырақ ата-бабадан балаға, ұрпақтан – ұрпаққа беріліп отырады. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді.

2.«Менің мектебім» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.ерілген жұрнақтардың түрін, қолданысын, сөзге үстейтін мағынасын түсіндіріп, сөйлемдер құрастырыңыз:

-мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Ата – әкенің әкесі. Әже – әкенің шешесі. Нағашы ата – ананың әкесі. Нағашы апа – ананың шешесі. Жеңге – ағаның әйелі. Жезде – әпкенің күйеуі. Ағайынды жігіттер – бір әке-шешеден туылған ұлдар. Апалы-сіңлілі қыздар – бір әке-шешеден туылған қыздар. Немере – ұлдың баласы. Жиен – қыздың баласы.

Қазақ отбасындағы бұл туыстық атаулардың мәні зор, өзара туыстық қарым-қатынаста қатаң сақталатын ережелер бар. Ол туыстық қарм-қатынастардың сыйласымдылық, тәрбиелік мәніне үлкен әсер етеді.

2.«Менің арман мектебім» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:

Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, ол ұғымға ат, бүркіт, тазы, мылтық, қақпан, ау мен кездікті жатқызған.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақ халқы дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп есептеген. Ұсынылған асты тәңірдің берген несібі деп санаған.

Қазақтың ұлттық тағамдарын ет тағамдары, сүт тағамдары, нан тағамдары деп бөлуге болады. Негізгі асы – қазақша ет. Одан бөлек қуырдақ, кеспе, нарын, т.б. ет тағамдары бар. Сүт тағамдарына қымыз, шұбат, айран, шалап, қымыран, т.б. жатады. Қазақтың атақты бауырсағын білмейтін адам жоқ.

Қазақтың ұлттық дастарқаны құнарлылығымен, байлығымен, әр түрлілігімен, ең бастысы – табиғи тазалығымен белгілі.

2.«Менің ұстазым» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

3.Берілген сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз:

Біз бүгін үйде Астанадан келген қонақтарды күтпекпіз.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Қазақтардың тұрмысында қолөнер ерекше орын алған. Әйелдер киіз басып, кілем, алаша, тоқып, киім тіккен. Ер адамдар киіз үйдің қаңқасын, жиһаздарын, қару-жарақтар мен ыдыстар жасаған.

Ағаш шеберлері түрлі ағаштардан кереге, уық, шаңырақ, бесік, ыдыстар мен жиһаздар жасаған. Зергерлер күмістен, алтыннан әшекей заттар жасаған. Ұсталар темірден түрлі құрал-саймандар жасаған. Қазақ халқы ұлттық қолөнер үлгілерін жасауда табиғи материалдарды кеңінен пайдаланған.

2.Берілген мақалдың мазмұны бойынша өз ойыңызды айтыңыз:

Күш – білімде, білім – кітапта.

3.Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыз:

Ресейде ән өнерін зерттеу ХVІІ ғасырда басталып, ХVІІІ – ХІХ ғасырларда кең өріс алды.

  1. – билет

1.Оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтін мазмұны бойынша үш сұрақ құрастырыңыз.

Ахмет Байтұрсынұлы – ғалым, зерттеуші, аудармашы, оқу құралдарының авторы, қазақ тіл білімінің негізін салушы. Біз білетін қазақ тілінің көптеген терминдерін ғылымға А.Байтұрсынұлы енгізген.

Ол Торғай облысындағы Сартүбек деген жерде 1873 жылы туылған. Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебін 1891 жылы бітірген соң Орынборда мұғалімдер семинариясын оқуға түседі. Ол – бірнеше оқу құралдарының, ғылыми мақалалар мен еңбектердің авторы.

2.Өзіңіз оқитын мектеп ғимаратын суреттеп айтыңыз.

Русский язык