
- •1.Философия пәні.
- •2. Дүниетаным ұғымы, құрылымы және тарихи түрлері.
- •3.Антик дәуіріндегі философия.Космостан адамға дейін.
- •4. Философияның негізгі категориялары.
- •5.Материяның негізгі құрылымдық деңгейлері
- •7. Идеалдылық мәселесі. Санаға функционалды көзқарас
- •8. Философиядағы адам мәселесі
- •9. Орта ғасыр философиясы
- •10. Қайта өрлеу дәіріндегі гуманистік антропоцентризм. Понтеизм.
- •12.Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі.
- •13. Ф.Бэкон философиясы.
- •15. Гегель жүйесі және тәсілі.
- •16. Онтологияның негіздері. Болмыс категориясы.
- •17. И. Канттың философиясы. Импиративтік принцип.
- •18. Экзистенциялистік философия.
- •19. Материяның атрибутивтік концепциясы
- •20. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдері.
- •22. Ғылым және философия.
- •23. Антропосоциогенез мәселесі.
- •27. Эволюцияның синергетикалық парадигмасы.
- •29.Философияның негізгі мәселелері.Дүние және адам.
- •30. Критикалық рационализм.
- •31.Таным теориясының негізгі мәселелері
- •32. Философиядағы ақиқат мәселесі.
- •34. Ғылыми танымның ерекшеліктері
- •35.Ғылыми танымның әлеуметтік–мәдени негіздері
- •36. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінің құрылымы
- •39.Ғылыми танымның идеалдары мен нормалары
- •40. Дүниенің ғылыми суреті (нкм).
- •41. Ғылымның философиялық негіздірі.
- •42.Ғылымның динамикалық мәселелері
- •43. Ғылыми танымның логикасы, методологиясы және тәсілдері.
- •44. К.Поппердің фаллибалистік моделі
- •45. Т.Кунның “парадигма” моделі. Томас Кун философияға жаңа “парадигма” ұғымын кіргізді.
- •46. И.Лакатостың “Зерттеу бағдарлама” моделі.
- •47.Стёпин моделі.
- •48. Ғылыми танымның жалпылогикалық принциптері
- •49. Ғылыми танымның жалпығылымдық(регулятивтік) принциптері
- •50. Ғылыми революцияның тарихи түрлері
- •51.Табиғат пен қоғамдық болмыс
- •52. Қоғамның формациялық және цивилизациялық концепциялары.
- •53.Қоғамдық өмірдін негізгі сфералары
- •55. Мемлекет туралы ілімдер
- •56. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдері
- •57. Сана және бейсаналық сфера.
- •58.Өмірдің мәні мен мақсаты
- •59.Әлеуметтік идеалдар мен нормалар.
- •60.Қазіргі заманғы ғаламдық ауқымды мәселелер
12.Ежелгі Шығыс философиясындағы адам мен дүние мәселесі.
Философиялық антропологияның Шығыс философиясында дәстүрлі болып табылатын жан-жақты жетілген адам іліміне талдау жасалған.Кемелденген адам мәселесі Шығыс философиясы үшін әрі дәстүрлі,әрі барлық бағыттарға ортақ мәселе болғанымен ,Шығыс философиясындағы әр бағыттың , мектептің бұл мәселені қарастыруда өзіндік ерекшеліктері бар.
Араб тілдік мұсылман философиясында да осы мәселеге ерекше назар аударылып,бұл мәселеге екі қарама-қарсы ағым шеңберінде:рационализм мен иррационализм тұрғысынан қарастырылды.Рационализмде адам деп , тек қана әдептілік нормалары мен принциптеріне сәйкес келген адам ғана емес,сонымен қатар парасатты,білімді,бүкіл өмір болмысын ақыл-ойға негіздеген адам.Ал иррационалисттік философияда,адам деп дәстүрлі түрде әдептілік тұрғысынан жетілген адамды қарастырады.
Конфуций ілімінің түп тамыры адам және қоғам мәселесіне тіреледі. Адам табиғаты Конфуций философиясында басты мәселелердің қатарына жатады. «Аспан адамға нені сыйласа, ол адамның табиғатын құрайды». Табиғат — адамның алғашқы қасиеті. Адам өмірге немен келсе, сол бастама оның табиғатын құрайды.
Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты..
13. Ф.Бэкон философиясы.
Философияда механикалық,метафизикалық көзқарастың қалыптасуына зор үлес қосқан ойшыл – ағылшын философиясының көрнекті өкілі, ғылыми зерттеудің индуктивтілік тәсілінің негізін қалаушы – Френсис Бэкон (1561-1626 ж) еді.Негізгі еңбектері: “Ғылымдар табысы” ,“Жаңа органон”, “Жаңа Атлантида” т.б. Бэконның ілімінше , адамның негізгі мақсаты – табиғат күштерін игеру.Табиғаттың сырын,заңдылықтарын білген адам оларды өз қажетіне жарата алады,ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болады.Материяның қасиеттері өте көп ,солардың ішіндегі негізгісі – қозғалыс.Қозғалыс – метерияның кеңістіктегі орын ауыстыру ғылымдары тәсілімен қабылдап білуге болатын денелер ғана , ал рух,жан т.б. ғылыми тұрғыдан танып білуге болмайтын болғандықтан – нақты шындыққа жатпайды.Табиғатты танып –білу негізінде мәдени өмірді мақсаттылықпен өзгерту адамзаттың негізгі мақсаттарының бірі.Бұл жолда адамдар әр нәрсеге сеніп – табынушылық,жалған эксперимент екендерін түсінулері керек.Ал танымның жалғыз ғана дұрыс тәсілі – индукция.Бэконның түсінігінше зерттелетін заттардың қасиеттері ешуақытта өзгермейді және бір-бірімен байланыста болмайды.
14. Р. Декарттың философиясы.
Декарт Рене (1596–1650). Ол философияның, физиканың, математиканың және дамуына үлкен әсер етті. Декарт дуализм мен рационализмнің өкілі. Дедуктивтік – рационалистік әдісінің негізін қалады. Геометриялық оптиканы, аналитикалық геометрияны, координаттар жүйесін жасады, идеясын ұсынды. Космологияда (дүниенің құрылымы), космогонияда (планеталардың пайда болуы және құрылымы), физика және физиологияда Декарт материалист. Ол дүниенің өздігінен жаралғанын, оның объективті даму құқықтарының бар екенін, бірақ олардың механикаға негізделгенін айтты. Психологияда, таным теориясында ол – «Мен ойлаймын, олай болса өмір сүремін»(Cogilo, ergo zum) –деген қағидаға сүйенеді.
1.Әлемде адамға түсініксіз көптеген заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Олар бар ма? Олардың қасиеті қандай? Мысалы: Құдай бар ма? Дүниенің шегі бар ма?
2. Қай затқа, қай құбылысқа күмән келтірмеуге болады? (Қоршаған орта өмір сүре ме? Күн жарқырай ма?
3.Олай болатын болса тек күмәндану анық факт және еш дәлелдің қажеті жоқ.
4.Күмәндану ойдың қасиеті, демек шын өмір сүретін адам күмәнденеді, ойлай алады, яғни адам ойлайды.
5.Сондықтан ойлау болмыстың да, танымның да негізі. Ол ақыл ойдың жұмысы, олай болса болмыс ақыл ойда бар.
Декарт болмыс проблемасын зерттеу барасында болмыстың мәнін сипаттайтын ұғымды шығаруға болады, оны субстанция деп атайды. Субстанция – ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективтік шындық, қозғалыс біртұтас, үздіксіз дамып отыратын материя. Субстанция– дүниеде бардың бәрі, өз өмірінде басқаға ешқандай тәуелді, тек өз өзіне ғана тәуелді.